Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Казахский по уровням

Уровень 5, страница 5
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      81. Cырт келбет мәселесі
      Жаз мезгілі еді. Бәрі қаланың ыстығынан қашып жағажайға барып жатқан. Элен мен Кэтрин де жағажайға барғысы келген, бірақ олардың құрбысы Мэйси онда барғысы келмеді. Мәселе оның самал жел мен майда құмды жақсы көрмеуінде емес еді. Негізінде ол жағажай десе, ішкен асын жерге қоятын. Оған жүзу киімін қайта кию керектігі ұнамады. Оған денесінің көп жерін ашып жүрген ыңғайсыз болды, өйткені ол артық салмақ қосып алған еді.
      Элен мен Кэтрин оның осылай да әдемі көрінетінін айтып көндіре алмай жатты. «Неге саған тұтас тігілген жүзу киім алмасқа?» - деді Элен. «Жоқ, өйткені ол бәрібір денемді тырыстырып қарнымды томпитып көрсетеді», - деді Мэйси. Мэйсидің өзінің денесінен қысылғаны Элен мен Кэтринге өздерін еркін сезінуіне кедергі болды. Олар Мэйсиге жағажайда болатын адамдардың да дене тұрпаты әдемі боп асып бара жатқан жоқтығын айтып, оның денесіне ешкім мән бере қоймайтынын айтты.
      Элен мен Кэтрин жағажайда айналысатын қызықты заттардың тізімін беріп, оны өздерімен бірге жүруге көндірмек болды. «Егер сен костюм кигің келмесе, онсыз-ақ та жүре берсең болады! Сен жай жағажай маңында серуендеп жүрерсің», - деді Кэтрин. Мэйси құрбыларының айтып отырғанын дұрыс деп шешіп, солармен бірге жағажайға қарай кетті.
Мәтінді жасыру
      82. Команда құрамына іріктеу
      Майлз спорттық ойын түрлерін жақсы көретін. Ол баскетбол мен теннис ойнап өскен. Ол спортпен колледжде оқып жүріп те айналысып, ақыры кәсіби дәрежеге жетуді көздеген. Және оған тағы жеңіске жету маңызды еді.
      Дене шынықтыру сабағында Майлз және тағы бір басқа оқушы Антониоға мұғалім баскетболдан ойын өткізу үшін екі команда құрып, төрт оқушыдан бөліп алуын қалады. Роланд та сол сыныпта дене шынықтыру сабағында болған. Майлз Роландты қымсындырмау үшін оны бірінші таңдап алуын қалап тұрғанын білген. Әрдайым оқушылар команда құрғанда Роландты ең соңынан таңдайтын. Ол толық денелі, ебедейсіз әрі тез шаршайтын. Майлзға ыңғайсыз болды, себебі ол да Роландты өз командасына қосқысы келмеді.
      Екі қалған адам Том мен Роланд. Олардың екеуі де спортқа жақсы емес еді, бірақ Том сәл икемділеу, өйткені оның бойы ұзынырақ болды. Майлздың басында екі ой күресіп жатты. Ол Роландты алмаса, оның ренжіп қалатынын білді. Қайсысы маңыздырақ - жеңіс пе әлде достық па? Майлз жеңіске жету маңызды деп шешіп, Томды таңдады. Роланд есеңгіреп қалды да, жылап алуға дәретханаға қарай жүгіріп кетті. Барлық балалар оның бұл қылығына күліп жатты. Майлз онымен сөйлесу үшін оның артына түсті. Роланд оған көзіне көрінбеуін айтты. Майлз баскетбол ойнауға қайта оралды, дегенмен оның командасы жеңіске жетті. Алайда бұл жеңіс Роландтың көз жасына тұрмайтын еді.
Мәтінді жасыру
      83. Достар арасындағы керіс
      Роланд пен Майлз тоғызыншы сыныптан бергі жақын достар еді. Олар бір-бірімен жақсы араласып кеткен, себебі олардың екеуі де видео ойындарына қызығатын еді. Олар бір-бірінің үйіне сабақтарын орындап болған соң видео ойындар ойнауға баратын. Олар бәрін бірге жасайтын, таңғы астан бастап кешкісін үйлерінде қонып қалумен аяқтағанда. Ал бірақ қазір олар бір-бірімен сөйлеспейді. Майлз Роналдты баскетбол командасына қоспады ,сосын ол ренжіп қалды. Бұл екі аптаға созылды.
      Майлз онымен әр күн сайын татуласуға әрекет қылды. Ол оған таңғы ас дайындады, мектепке дейін апарып тастауды ұсынды, оның оқулықтарын тасуға дайын болды. Тек Роналд оны әрдайым елемеді. Майлз тағы не істесе болатынын білмеді. Майлз бір жолы одан бұл туралы тікелей сұрады, сосын Роналд былай деді: "Сен не қылсаң да, ешнәрсе де сенің істегеніңді түзете алмайды." Майлз қамығып ақыры оны жайына қоя салды.
      Қазір Майлз бен Роналдтың мектеп бітірулеріне сәл ғана қалды. Олар бір-бірімен сөйлеспегелі бір жыл өтті. Оқу жылының соңғы күні Роналд Майлзға келді. "Тыңдашы ,мен сенімен бірге өткізген сәттерді сағындым. Қоштасу салтанатынан соң, бірге видео ойындар ойнауға қалайсың?" - деп сұрады Роналд. Майлз күлімсіреп, иә деп жауап берді. Кейде сен қателіктеріңді бірден түзей алмайсың. Ал достықты қалпына келтіруге тек уақыт керек.
Мәтінді жасыру
      84. Шопингке құмарлық
      Джанеттің шопингке құмарлығы бар. Ол киім-кешекті, мектепке қажетті заттарды және электр тауарларын сатып алғанды ұнатады. Егер ол тауарларды дүкеннен сатып алмаса, онда оларды онлайн алады. Ол шопингті өзінің сүйікті ісі деп ойлайды. Джанет көңіл күйі жабырқау болған сәттерде жиі шопингпен айналысады, себебі оның ойынша шопинг оған күш-қуат береді. Ол шамадан тыс көлемде сатып ала бергендіктен, оның үйі түрлі заттарға толы.
      Оның әке-шешесі оның дебеттік және кредиттік картасын жабу арқылы, оны ақша-қаражатынан шектеді. Сонымен қатар олар Джанетке күнделікті шығындарына ақша беруді доғарды. Бұл Джанеттің шопинг жасауына бөгет бола алмады. Жағдай одан әрі ушығып кетті. Джанет дүкендерден ұрлай бастады. Сонымен қатар ол бұл шаруаны ойдағыдай жүзеге асырды. Киімге келетін болсақ, ол өлшеу бөлмесіне кіріп, оны сөмкесіне салатын. Өлшеуге арналған бөлмеде бейнебақылау болған жоқ, сондықтан оның бұл әрекеті жүзеге асатын. Мектеп қажеттіліктерін ұрлау тіпті оңай болатын. Джанет айналасына қарап тұрғандай болып, қаламсаптарды өзінің қалтасына салатын. Электр тауарларын ұрлау қиын болатын, сондықтан ол тырыспайтын.
      Джанет өзіне ұнаған алқаны көрді. Әдеттегідей ол өлшеу бөлмесіне барып, оны өз сөмкесіне салды. Ол шығып келе жатқанда, күзет дабылы іске қосылды. Джанет таң қалды, себебі бұндай жағдай бұрын болып көрмеген. Қызметкер оның сөмкесін тексеріп, алқаны алып шықты. Алқаның арнайы таңбасы болған екен.
Мәтінді жасыру
      85. Ащы шындық
      Гарольд сурет салғанды жақсы көретін. Оның сүрет салуға құштарлығы бес жасында оянған еді. Ол бес жасында мұражайға барған, ол ондағы барлық суреттерді көріп, қатты сүйсінген еді. Оның анасы бір кездері оның да көркемөнер туындылары осы қабырғаларға ілінері мүмкін екенін айтқан. Сол кезден бері ол күн сайын бір нәрсені сурет қылып салып жүрді. Бірақ бір мәселе бар еді. Гарольдтың суреттері онша жақсы шықпайтын. Олар адам қарағысыз да емес еді, әйтеуір бір орташа деңгейлі болатын.
      Гарольд қазір 10 жаста, бес жыл бойы оның достары мен ата-анасы оған әдемі сурет салатынын айтып жүретін. Гарольд оларға сенетін. Мектепте ол бесінші сынып оқушылары арасындағы жарыс туралы парақты көріп қалды. Тақырыбы- экологиялық сауаттылық. Бірінші орын алғанға 100 доллар табысталатын еді. Гарольд қағазды көргеніне қатты қуанышты болды. Бұл өз қабілетін көрсетіп қалатын мүмкіндік болатын.
      Гарольд байқау туралы ата-анасына айтты. Оның әкесі мен анасы бір-біріне жалт қарап қалды. Олар өз ұлдарының негізінде ондай жақсы суретші емес екенін білгенін қаламады. Олар Гарольдқа оның суретшілік жұмыстары туралы негізінде не ойлайтыны туралы айтып берді. "Сонда сіздер мені жақсы сурет салады деп ойламайсыздар ғой?"-деп сұрады ол. Олар бастарын шайқады. Гарольдтың ренжігені соншалық, барлық салған суреттерін жыртып тастады. Ол бөлмесін жауып, отырып алды. Кешкісін оның ата-анасы оған кешкі ас беру үшін оның бөлмесіне кірді. «Балам, біз сенің алдыңда қатты ұялып тұрмыз. Біз сенің сурет салуды жалғастыруға деген ниетіңді жақсы деп ойлап , сені сурет салу үйірмесіне тіркеп қоюды жөн көрдік», - деді Гарольдтың әкесі. Гарольд ата-анасына қарай жүгіріп барып, оларды құшақтап алды.
Мәтінді жасыру
      86. Интернетпен байланыс жоқ
      Джэкобқа ертеңге Авраам Линкольн туралы он беттік реферат керек еді. Ал ол әлі бастаған да жоқ еді. Ол әрқашан бәрін сосынға ысырып қоятын ,бірақ ол әрдайым жақсы бағалар алатын. Джэкоб өзіне бір шыны-аяқ кофе құйып алды да бәрін ішіп алды. Ол ноутбукты ашты. Сосын ол мәліметке таза бір бет ашты. Сосын ол интернет шолғышын ашты. Оған Авраам Линкольн туралы мәліметтер табу керек еді.
      Ол ақпаратты табу үшін "Енгізу" батырмасын басқан сәтте интернетке қосылу тоқтатылды деген хабарландыру шықты. Ол өз роутерін тексерді. Бәрі өз орындарында тұрған еді. Ол "Авраам Линкольн" деп дұрыс жазған-жазбағанын тексерді. Ол өзінің Wi-Fi-ын сөндіріп қайта қосып көрді. Ол сонда да интернетке қосыла алмады. Джэкоб терлеп кетті. Ол мұғалімінің тапсырманы тапсыру күнін жылжытуға рұқсат етпейтінін білді. Джэкоб тұтынушыларға көмек көрсету орталығына қоңырау шалып, өз мәселесін түсіндірді.
      Желінің ар жағындағы адам оған ұсыныстарын беріп көрді ,бірақ ол да іске аспады. Джэкоб әлгі адаммен бір сағаттай сөйлесіп, ақыры беріле салды. Ол бір сағат уақытын жоғалтқанына өкініп отырды. Сағат кешкі тоғыз еді ,ал оған рефератты таңғы сегізде тапсыру керек еді. Джэкобқа жағдайды өзгерту үшін тез арада бірдеңе ойлап табу керек еді. Ол кітапханаға барып, Линкольн туралы он түрлі кітапты алып, кітапхананың компьютерін қолданды. Ол рефератты түнгі сағат екілер шамасында жазып бітірді. Сайып келгенде ол ізденген еңбегі үшін бестік алды!
Мәтінді жасыру
      87. Ұрланған велосипед
      Беатрис барлық жерге велосипедімен жүретін. Оның сыныптастарының көбісі аудан ішінде өз көліктерімен жүретін. Беатристің жанұясы оған жеке көлік алып беретін жағдайы болмады, сондықтан ол жүргізуші куәлігіне кейін тапсыратын болып шешті. Ол бұған қатты қарсы болмады. Велосипедпен жүру қызықты, әрі денеге жақсы жаттығу.
      Мектептен қайтып келе жатып, Беатрис супермаркетке соқты. Ол велосипедінің құлпын ұмытып кеткен екен. Ол қалай қыларын ойлап , ақыры велосипедін жай көшеде қалдыра салуды жөн көрді. Ол велосипедін ешкім ұрлап кетпес деп ойлады. Ол сүт салып алу үшін ішке кірді. Ол дүкеннен шыққан кезде, оның велосипеді еш жерден көрінбеді! Ол оны таба алмай есі шықты. Ұры әлі жақын маңда жүрген болар деп, дүкеннің айналасын қарап шықты. Уақыт зырғып жатты, ал ол әлі велосипедін таба алмай жатыр.
      Беатрис қолындағы сүт бөтелкесімен үйге қарай қайтып келе жатты. Ол басын көтеріп, қарап еді ,оны велосипеді үйінің алдында тұр екен! Ол аң-таң болды. Ол қалайша үйдің алдынан шықты? Ол үйдегілерден велосипедтің үйге қалай жеткізілгенін сұрады. Сөйтсе, оның інісі жай күлкі қып, велосипедті алып кеткен екен.
Мәтінді жасыру
      88. Әдемі және ақылсыз
      Ария әрқашан мектептегі әдемі қыз болып саналатын. Ол қалың, ақ сары және бұйра шашты болатын. Оның бойы ұзын және ол арық болатын. Оның әдемі болғанына байланысты сыныптастары оны ақылсыз деп ойлайтын. Ария ең ақылды қыз емес еді, алайда ең ақылсыз да емес еді. Ол басқаларға олардың қателесетінін дәлелдегісі келетін, ол ағылшын әдебиетін тереңдетіп оқытатын курсқа жазылды. Сабақтың бірінші күні адамдар оны көріп, таң қалған еді. Мұғалім тіпті оған сыныппен қателескенін айтты. Арияның мұғалімге сабақтар кестесін көрсетуіне тура келді.
      Мұғалім оқушыларға бір үзіндіні оқып, талдауға берді. Мұғалім оларды төрт адамнан топтарға бөлді. Арияның тобы оған назар салмай, үзіндіні талдады. Ария бірдеңе айтуға тырысты, бірақ топ мүшелері оған назар салмай, сөзін бөле берді. Тобының бұндай әрекетінен шаршаған Ария: «Мен бірдеңе айтуға тырысып жатырмын!» - деп айқайлады. «Сені ешкімнің тыңдағысы келмейді. Сенің айтқың келетін нәрсе бәрібір ақымақтық шығар», - деді оның тобының бір мүшесі.
      Сабақтың соңында Ария мұғаліміне курсты тастауды шешкенін айтты. Санчес ханым: «Тастамаңыз, әйтпесе олардың айтқанының рас екенін дәлелдейсіз. Оларға ақылды екеніңізді дәлелдеңіз. Сабақ кезінде өзіңіздің ойларыңызбен бөлісіп, эсселеріңіз бойынша бес алуға тырысыңыз». Санчес ханымның айтқаны дұрыс болды. Ария бұл курсты тастаса, ешқашан «ақылсыз» деген атақтан құтыла алмас еді.
Мәтінді жасыру
      89. Тым сүйкімді
      Мианың бойы 150 сантиметр, жақтары толық және даусы зор еді. Оның жасы 22-де болса да, жұрт оны әлі мектепте оқитын шығар деп ойлайтын. Адамдар оны бәрібір сүйкімді деп атайтын. Бұл оған жағымды болып естілетін, бірақ оның керісінше жағымсыз да жақтары болатын. Көпшілігінде Мианы жасына лайық шындап қабылдамайтын. Ол жақында инженерлік университетті аяқтап, көптеген сұхбаттасудын өтіп, жұмыс іздеуде болды.
      Әңгімелесу кезінде сұхбат алушы күліп отырды. «Қызым, сен жұмысқа тұру үшін өтініш беріпсің, сенің жасың 18-де болар, солай ма?» – деп сұрады сұхбат алушы. «Менің жасым 22- де», - деп жауап берді Миа. Сұхбат алушы кешірім сұрап, оның іс тәжірибесі жайында және қызметке деген қызығушылығын сұрауын жалғастырды. Миа сұхбат жеткілікті деңгейде өтті деп ойлады.
      Бір жұма өтті, бірақ сұхбат алушыдан ешбір жауап болмады. Ол телефон шалуды жөн көрді. Ол өзін жұмысқа қабылданған-қабылданбағаны туралы сұрады. Сұхбат алушы оған жоқ деп жауап берді. Миа неге екенін сұрады. Сұхбат алушы оған: «Сізді, әріптестеріңіз шындығында жасыңызға лайық қабылдай алмайды. Сол сияқты біздің компанияға адамдар қажет, бірақ бізге ересек көрінетін болу керек», - деді. Миа өзінің келбетінің кемшілігіне қатты қапаланып ренжіді.
Мәтінді жасыру
      90. Тышқан - үй жануары
      Бетти үй жануары ретінде ит пен мысықты асырайтын балалар сияқты емес. Беттидің тышқаны болатын. Ол тышқандарды жақсы көретін, себебі олардың күтімі оңай, әрі олар кішкентай және сүйкімді. Тышқандарды сүйкімді деп Бетти ғана ойлайтын сияқты. Оның үйіне қонаққа келген сайын, Беттидің достары тышқанды көрген сайын одан жиіркенетін. Ер тышқан болатын және есімі Август. Рим империясының негізін қалаушының есімі Август болатын.
      Бетти Августты тамақтандыруға келгенде, оны еш жерден таба алмады. Ол өзінің кішкентай күмбезінің астында болмады, сонымен қатар дөңгелегін де айналдырып жатқан жоқ. Қалай ол үйден шықты? Үйдің ішіндегі бірнеше сағаттық іздеуден кейін, Бетти аудандарда хабарландыру ілді. Оның көршісі оларды жұлып тастады. «Тыңдаңыз. Сіз неге олай істедіңіз?» - деп сұрады Бетти. «Менің итім жоғалды, сондықтан мұнда өз хабарламамды ілемін. Сонымен қатар, сенің тышқаның ешкімге керек емес. Мүмкін әлдекім оны көлікпен басып кеткен болар»,- деді оның көршісі.
      Көршісінің сөздері оның ойын өзгерткен жоқ. Ол «тышқан жоғалды» хабарландыруын жапсыруын жалғастырды. Осы кезде Бетти тышқан даусын естіді. «Оййй, тышқан!» - деп әлдебіреу қатты айғайлады. Бетти дауыс шыққан жаққа қарай бет алды. Ол Августты жанармай бекетінен тапты. Ол көтеріп алып, кеудесіне қатты басты.
Мәтінді жасыру
      91. Түнге айтылатын қорқынышты әңгіме
      Стив Лафтон лагерінде. Оның жұмысы түнде балаларға бас-көз болып, оларға жүзуді үйретіп, оқыс ешнәрсе болмауын қадағалау еді. Түнде балалар ұйықтамай, әңгіме айтуды қоймай жатыр еді. Олар бір сағат бұрын ұйқыға кетулері керек еді. Стив олардың әңгімесін үзіп тастауға ыңғайсызданды. Ол оларға ұйықтау керектігін айта-айта шаршаған еді.
      Стивке бір ой келді. «Тыңдаңдар, балалар, осы лашық туралы қорқынышты әңгіме тыңдағыларың келе ме?» - деді ол. Олар қуанып секіре бастады. «Жарайды, мен айтып беремін. Тек сендер мені жақсы есту үшін тыныштық сақтауларың керек», - деді Стив. Балалар бастарын изеді. Әңгіме лагердің баяғы аңызы туралы болатын. Ол дәл солар секілді бір лашықта өмір сүрген егіздер жайлы болған. Егіздердің біреуі есінен танып қалғанда, екіншісі едендегі тесікке құлап кеткен, содан бері оны ешкім көрмеген екен. Егіздердің есінен танып қалғаны- комаға түсіп қалған екен.
      Стив әңгімені айтып болғанда, балалар әбден қорқып қалған еді. Олар ұйықтай алмай жатты, тіпті кейбіреулері қорыққаннан жылап жіберді. Дегенмен, балалардың ақыры үндері өшкен еді. Ол балалар дәл осылай қорқып кетеді деп ойламаған еді.
Мәтінді жасыру
      92. Ән айту сайысы (1)
      Тереза 25 жаста еді және ол өз әндерін жазуға келісімшартқа тұруға талпынып жүрген. Ол өз атын әлемге танымал ету үшін танымал әндер айтқысы келетін. Оның вокалдық диапазоны үлкен еді. Негізі оның опера айтуға шамасы жететін. Музыка индустриясында бәріне бірдей үлгеру қиын шаруа болатын. Ән жазуға келісімшартқа отыру үшін жолың болғыш әрі танысың көп болуы тиіс еді. Бір рет Тереза ән жазуға келісімшартқа отыруына сәл қалған еді ,тек бәрі оның менеджерінің қайтыс болуымен бұзылып кетті.
      Тереза теледидардан ән айту сайысының хабарландыруын көріп қалды. Ол «Келесі Супержұлдыз» деп аталған. Шоу бір беделді телеарнада өтіп көрсетілетін ,сондықтан оны миллиондаған телекөрермендер көруі тиіс еді. Алдымен Тереза Лос-Анджелесте үш төрешінің алдында ән айтуы керек еді.Ол бірден ұшаққа билет сатып алды. Мейнде істейтін дым болмаған соң, ол әрқашанда Лос-Анджелеске барғысы келетін.
      Тереза Лос-Анджелеске келіп, үш төрешімен кездесті. Олар алшақта тікбұрышты үстелдің басында отырған. Үстелдің сол жағындағы төреші бір музыкалық топтың танымал рок әншісі еді. Ортадағы төреші дыбыс жазатын фирманың бас директоры болатын. Үстелдің оң жақ шетіндегі төреші беделді әншілермен жұмыс істеген вокал тәлімгері болатын. Тереза аздап толқып тұрды.
Мәтінді жасыру
      93. Ән айту сайысы (2)
      Тереза жап-жаңа «Келесі супержұлдыз» байқауына Лос-Анджелеске ұшып келді. Бұл оны танымал атануына соңғы мүмкіндігі еді. Қазылардың біреуі оның қайдан келгенін және қалай тұрып жатқанын сұрады. Тереза Мейннен келгенін айтты. Сосын ол өзінің бес жасынан бері өлең айтатынын және оған үй-жай шығындарын төлеу қиындау екенін айтты.
      Сосын Тереза өзіндік өлеңін шырқап берді. Қазылар алқасын оның өлеңді өзі шығарғаны таңдандырды. Оларға оның ашық дауысы ұнап, олар оны келесі кезеңге жіберді. Тереза екінші кезеңге өткендіктен, қонақ үйде қалып дәмді астарды татып көруіне мүмкіндіктері ашылды. Тереза басқа да әншілермен танысты және олар шынында да жақсы ән айтады екен. Олар байқауға қатысушылардың жүз мыңынан 100 адамды іріктеп алды. Ол жүзден жүйріктермен жарысатын болды.
      Тереза екінші кезеңде Мэрайя Кэридің әнін айтты. Қазылар алқасы оның айқын күшті емес, бірақ жақсы айтып шыққанын айтты. Олар оған опералық секілді бір нәрсе айтуды ұсынды, себебі оны даусы үлкен ноталарды бағындыра алатынын айтты. Тереза италияндық операның ариясын айтып берді, халықтың таңданысында шек болмады. Сол уақыттан бері Тереза ән репертуарын ауыстыратын болып шешті. Опералық әншілік оны басқалар арасынан ерекшеленіп көрсететін еді.
Мәтінді жасыру
      94. Қызғаншақ құрбы
      Оуэн мен Доннаның кездесіп жүргендеріне үш ай болып қалды. Бәрі жақсы болған, тек Донна Оуэннің өзінің жан досы Лиэнді құшақтап жатқанын көрмегенге дейін. Оуэн мен Лиэнн бір-бірін онша жақын білмейтін, ондаше олар неге құшақтасады? Сабақтар біткен соң Оуэн мен Донна өздерінің күнделікті кездесетін жерлеріне келді. Оуэн Доннаны сүйгісі келді, бірақ ол теріс айналды. «Не болып қалды?» - деп сұрады ол. Ол оған оның қалай Лиэннді құшақтағанын көргенін айтты.
      «Ол жылап тұрған! Ол биология тестінен нашар баға алып қалған, сондықтан мен жай сыпайы көрінуге тырыстым», - деді Оуэн. «Иә, бірақ сен оны құшақтамасаң да болатын еді», -деді Донна. Оуэн Донна осыншама қызғаншақ екеніне сене алмады. «Бұл шын мәнінде ондай қатты маңызды емес», - деді Оуэн. «Бұл мен үшін үлкен маңызы бар нәрсе! Маған басқа адамдар сендер ғашықтар секілді көрінгендеріңді айтты», - деді Донна. Оуэн енді не істеймін дегендей жоғарыға қарады.
      «Сонымен, менің орнымда сен болсаң, не істер едің?» - деп сұрады Оуэн. «Мен жай ғана онымен сөйлесіп, арқасынан қағар едім», - деді Донна. «Жарайды, мен енді келесі жолы не істейтінімді білемін. Біз қазір жай ғана тіл табысып кете аламыз ба?» - деп сұрады Оуэн. Донна басын изеді, ол айтысқаннан жалығып кетті. Олар бірге түскі ас ішіп, сабақтарын орындауға кетті.
Мәтінді жасыру
      95. Алғаш рет Диснейлендте
      Диснейленд - атақты мекен. Күллі әлемде мұндай жер санаулы ғана. Олар Калифорнияда, Флоридада, Жапонияда, Францияда және Гонконгте ғана бар. Флоридадағы Диснейленд ең үлкені болып табылады. Балалар да, жасөспірімдер де, ересектер де Диснейлендті жақсы көреді. Дәл басқа да ойын-сауық саябақтары секілді Диснейлендте де әр жанға ұнайтын бір зат табылады.
      Санни ешқашан Диснейлендте болып көрмеген. Ол екінші сынып оқып жүргенде, бәрі Диснейленд туралы айтып жүрген кездер есінде еді. Олар аттракциондар, отшашулар және сол жердің әсем табиғаты жайлы айтатын. Санни сол әңгімелерге ешқашан қосылмаған еді. Оның ата-анасы оны ешқашан Диснейлендке алып бармаған ,өйткені бұл өте қымбатқа шығатын еді. Бірде оның құрбысы сонда барып қайтуды ұсынған еді, бірақ Санни бірден сонша ақшаны жұмсап жібергісі келмеді. Қазір Санни 18 жаста, ол кассир болып жұмыс істейді. Ол көп ақша таппайтын, бірақ ол өзінің банктегі шотына 800 доллардан асатын қаражат жинаған еді.
      Санни өзінің ең жақын достарын Диснейлендке барып қайтуға шақырды. Олар кезектер қысқа болатын бейсенбі күні барды. Санни Диснейлендті бір көргеннен жақсы көріп қалды. Бұл сол бір орындалған арман болатын. Бәрі бұрын оның достары айтқандай болды. Санни аттракциондардың барлығына дерлік отырып шығып, Диснейдің барлық кейіпкерлерімен естелікке суретке түсті. Күннің соңына қарай ол достарымен бірге отшашуларды тамашалады.
Мәтінді жасыру
      96. Көздің көруімен қиындықтар
      Стелланы көзілдіріксіз соқыр десе де болатын еді. Оның жанұясында бәрі де нашар көретін еді, міне осы жағынан олардың жолы болмапты. Оны жанұясында бәрі көзілдірік не контактті линза киетін немесе көздің көруін түзететін операция жасаған еді. Стелла арнайы тапсырыспен жасалған 20/100 қалың әйнекті көзілдірік киюге мәжбүр еді. Ал бұл көзі сау адам 100 фут (1 фут – 30,48 см) шамасында көре алса , ол тек 20 фут аралығында дұрыс көреді дегенді білдіретін. Стеллаға көздері сау 20/20 болған адамдар өздерінің қаншалықты жолдары болғанын түсінбейтін секілді болып көрінетін.
      Әдетте Стелла мынадай мәселемен қақтығысатын: ол көзілдірігінің қайда екенін білмей жататын. Бірде ол көзілдірігін партаның үстінен қағып кетіп, артынан оны бір сағат бойы іздеген еді. Басқа мәселе көзілдірік оны мазасыз адам кейіпінде көрсететін еді. Стелла өзінің құрбысының үйінде түнеп қалған еді ,ал ертеңіне ол көлігімен үйіне қайтуы керек болатын. Ол көлігінің есігін ашқан мезетте ғана барып көзілдірігін кимегенін түсінді! Ол бұл туралы мүлдем ұмытып кетіпті.
      Стелла құрбысының үйінің есігін қақты. Үйде ешкім болмады! Оны құрбысы тап осы бойда шығып кетіпті. Стелла үйіне бара алмай қалды. Ол турасынан барып апатқа ұшырайтын еді. Стелла құрбысын үйдің баспалдағында отырып күтуді жөн көрді. Сөйтіп отырып, оның көзі ілініп кетті. Оның құрбысы қайтып оралғанда, Стелланың көлік жүргізуге шамасы келмеді, ол тағы да құрбысының үйінде қалатын болды.
Мәтінді жасыру
      97. Ұялы телефонға қосымшалар
      Ральф мексикандық асхана мейрамханасында даяшы болып жұмыс істейді. Оған өз жұмысы ұнайды, өйткені келетін адамдар жылы шырайлы, жұмыстастары көңілді, еңбекақысы жаман емес еді. Алайда ол бұл мейрамханада өмір бақи жұмыс істегісі келмейді. Ол өз қаражатымен жекеменшік компаниясын ашқысы келеді. Ол халықаралық деңгейде жұмыс істейтін достар арасында сөйлесуге мүмкіндік беретін ұялы телефонға арналған қосымша бағдарлама жасап шығарғысы келеді.
      Ральф қосымша бағдарлама туралы бірталай ойланды, бірақ оған оны іске асыруға ақша керек еді. Егер қосымша жақсы табысты болып кетсе, ол миллиондаған ақша пайда көретін еді. Бастарына Снэпчат және Групми секілді қосымшалар ойлап табу туралы ойлар келген адамдар өте табысты болып кетті. Мобильдік қосымша - бұл дегенің заманауи өнертабыс. Жай бір жақсы ойдың осындай табысқа кенелтетіні тіпті адам сенгісіз.
      Ральф мейрамханаға келген клиентті көрді. Ол оған қызмет көрсете бастады. Ральф сол кісінің қолындағы сағатты көріп таңданысын айтты. "Рахмет! Шынын айтсам, мен оны тағып жүргенді онша ұнатпаймын, менің жоспарлар кестем өте тығыз болған соң ғана мен оны тағып жүруім керек," -деді әлгі кісі. Ральф одан өмірде қандай табыс көзімен айналысатынын сұрады. Ол кісі оған байланыс саласындағы жас кәсіпкерлерден ұялы телефондарға қосымшаларды сатып алып табыс көремін деп түсіндірді. Ральф қуанғанынан төбесі көкке жетті. Ол әлгі адамға өзінің мобильдік қосымшасы туралы айтып берді. Әлгі кісіге Ральфтің бастамасы ұнап, ол онымен іскерлік кезесу күнін белгіледі.
Мәтінді жасыру
      98. Үй шаруасындағы әке
      Джастин үй шаруасындағы әке еді. Бұл бала шағаға қарау және үйдің шаруаларын тындыру дегенді білдіреді. Жұмысқа оның әйелі баратын. Бір-екі жыл Джастин мұғалім болып жұмыс жасаған. Ол сол жұмысты жақсы көретін. Сосын оның әйелі Терри құрсақ көтерді. Бастапқыда олар екеуі де жұмыс істеп күтуші жалдамақ болған. Ақырында Джастин өзі үйде отырып баланы қарайтын болса, жақсы болады деп шешті. Онсыз да мұғалім болып жұмыс істеп ол көп ақша таппайтын. Оған қоса ол енді баласының тәрбиесін өз қадағалауында ұстайтын болады.
      Джастинге үй шаруасындағы әке болу ұнайтын. Оған өз баласының өзі не үйретсе, соны игеріп жүргенін көру де ұнайтын. Ол баласының дұрыс тәрбие алғанын қадағалауды қалады. Джастин баласына кітап оқуды, таза ауаға шығарып жүруді және оны құнарлы тамақтандыруды да ұмытпады. Үй шаруасында әке болудың ең үлкен қиындығы- өз достарынан осыған байланысты сын есту болатын. Олар оның үй шаруасымен айналысатынын күлкі қып келемеждейтін. Бастапқыда мұндай пікірлер оны алаңдататын, ал қазір ол мұндай ойларға аса көп мән бере бермейді.
      Не болса да Джастин өз жұмысы туралы ойлап, сағынатын. Ол қайтадан мектепке барып, балаларды оқытатын күнді күтіп жүрген. Ол баласы 13 жасқа толғанда жұмысына оралуды жоспарлап жүрген. Ол дәл осы уақытта ұлының ақ пен қараны өз бетімен ажырататын кезі келеді деп санайтын.
Мәтінді жасыру
      99. Оқудан қалып қою
      Дарси колледжде алты жыл бойы оқыды. Адамдардың көбісі колледжде төрт жыл оқып, бітіріп кетіп жатады. Ал Дарсидің жағдайы басқаша болды. Ол бәрін дұрыс жоспарлап алмаған еді. Бірінші жылы ол ата-анасынан кеткеніне қатты қуанып жүрген. Күн сайын ол үйіне өте кеш келетін болды. Ол спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланды. Ол бұрыс жолдағы адамдармен араласатын болды. Ол сабақтарға бармай қалып жүрді. Ақырында оған көптеген курстарды қайта өту керек болды.
      Келесі жылы Дарси өзін дұрыстап қолға ала бастады. Ол түн ортасына дейін қаңғыруды қойды. Ол жақсы оқып жүрген адамдармен жақсы достасып кетті. Ол сабақтарынан қалмай оларға уақытылы дайындалып жүрді. Алайда Дарси өзінің таңдаған мамандығын саяси ғылымға ауыстырмақ болып шешті. Енді ол өтіп жатқан химия курстары оған пайдасыз болып қалды. Енді оған бірінші жылдан бастап өту керек болған ғылыми саясат курстарын өтіп шығу қажет болды.
      Үшінші жылы Дарси кәдімгі студентпен салыстырғанда көп курстар алған еді. Бұл өте көп мөлшерде күш талап ететін. Ол таңғы 7-ден кешкі 6-ға дейін сабақтарға дайындалды. Ол өзіне бірде-бір курс туралы ойланып жататын халде емес секілді көрінген. Ол өте аз ұйықтайтын. Ол колледждің психологімен сөйлескен, ол оған екі курстан шығуды ұсынған еді. Психолог оған жаман баға алып, колледжді уақытында бітіргеннен гөрі жақсы бағалар алып, колледжде ұзағырақ қалған дұрыс екенін айтты. Дарси екі басқа курстан шығып, колледжде тағы артық екі жылға қалуға мәжбүр болды.
Мәтінді жасыру
      100. Курстарға жазылу мерзімдері
      Колледжде бәрінің де не ана, не мына бір курсқа жазылуға әртүрлі мерзімдері бар еді. Кейбір адамдарда ерте жазылу мерзімі болса, енді біреулерінде кеш мерзімдер еді. Мерзімдер. Сіз көбірек курстарға барған сайын, соншалықты тіркелу мерзіміңіз ерте болады. Міне, сондықтан жоғары курста оқитындарда тіркелу мерзімі ерте болады. Барлық спортшы студенттер, шәкіртақы алатын студенттер және төмен табыс деңгейіндегі студенттер ерте тіркелу мерзіміне ілігеді.
      Көптеген студенттер өздерінің тіркелу мерзімдеріне наразы болады. Кешірек болатын тіркелу мерзімі дегеніңіз сіз қалаған курстарыңызға түсе алмай қаласыз дегенді білдіреді. Сізге керекті курсқа түспей қалған дегеніңіз сіз оқуыңызды уақытылы бітіре алмайсыз дегенге келеді. Бұл мемлекеттік оқу орталықтарындағы үлкен мәселе болып отыр. Әр семестр сайын көптеген студенттер өздерінің тіркелу мерзімдеріне шағымдану үшін кезекке тұрып жатады. Жоғары білім беру орындарында оқуға байланысты сұрақтар жөніндегі кеңесшілер студенттерге әрдайым бір нәрсені қайталап айтады: «Бұған ешнәрсе де жасап көмектесе алмайсыздар».
      Олардың ата-аналары да бұған шағымдарын білдіріп жатады. Кеңесшілер оларға да дәл соны қайталап айтады. Шағымданушы ата-ананың біреуі заңгер болатын. Ол Білім беру орталығын сотқа берді. Ештеңе өнбеді. Студенттер спортшылардың да ерте тіркелу мерзіміне ілігуіне қарсы болып, наразылықтарын білдіріп жатты. Оқу мәселесіне байланысты тәлімгерлер де: «Ереже орнатып жатқан біздер емес», - дейді.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Жанара Қабина, Алтынгуль Кептербаева, Аслан Бисенов, Жанар Амангалиева, Гаухар Назымбекова, Акжайык Сабырбаева, Мади Толегенов, Назгуль Тынбаева, Рахат Уйсымбаев.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Казахский по уровням. Ур.5, стр.4 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 1, стр.1  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга