Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Казахский по уровням

Уровень 3, страница 3
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      41. Мейрамханадағы түскі ас
      Ол мейрамханаға кiрдi. Түскі ас ішу уақыты едi. Оның тамақ ішкісi келдi. Ол үстел басына отырды. Даяшы оған мәзірдi бердi. Даяшы: «Сiздiң не iшкiңiз келедi?» - деп сұрады. Ол су сұрап алды. Оның шамалы көлемдегі ақшасы болды. Ол сусын сатып алуды тастады. Су әрқашан ақысыз едi. Ол балық жеудi ұнататын. Ол мәзiрге қарады. Балығы жоқ едi. Ол даяшыны шақырды. Ол: «Сiз балық ұсынасыз ба?» - деп сұрады. Даяшы: «Жоқ, кешiрiңiз», -деп айтты. Оның көңіл күйі бұзылып кетті. Ол мәзiрге қайтадан қарады. Оған ойлау үшiн уақыт керек едi. Даяшы кеттi. Ол тауық етін ұнататын. Ол сиыр етін ұнатпайтын. Ол тiптi шошқа етін де ұнатпайтын. Ол тамақты талғап ішетін. Ол шешім қабылдады. Даяшы қайтадан келдi. Ол қозы етiне тапсырыс бердi. Даяшы соны жазып алды. Ол күлімсіредi де, кеттi. Түскі асқа ол қозы етiн жедi.
Мәтінді жасыру
      42. Мысық Том
      Том қара мысық болатын. Ол - үй мысығы. Ол ешқашан далаға шығып көрген емес. Оның қарны әрқашан тоқ. Ол әрдайым тартымды. Өзі шолжаң мысық болатын. Том ұйықтап жатқанда бір шуды естіді. Ол терезе жақтан естілді. Ол төрт аяғына тұрып, мияулады да, терезеге жақындады. Сыртқа қарағанда басқа бір мысықты көрді. Ақ мысықты. Том терезеден секіріп шықты да, аяқтарына бірден тұрып кетті. Мысықтар әрдайым аяқтарына тұрып кетеді. Ақ мысық қыз болып шықты. Том оған қарай бағыттады. Ол қашып кетті. Том оның соңынан жүгірді. Олар үйді айналып жүгірді. Томның көңілі көтерілді. Ақ мысық із-түзсіз жоғалып кетті. Том оны ұстай алмады. Қараңғы бата бастады. Том терезе арқылы үйіне қайта кірді. Бұл Том үшін көңілді күн болды.
Мәтінді жасыру
      43. Сьюзанда тұмау
      Ол жөтелді. Ол ауырды. Оған тұмау тиген еді.Ол оны қалай жұқтырғанын білмеді. Ол дәрігер қабылдауына барды. Ол емхананы жақсы көрмейтін. Емхана кішкентай және ылғал болатын. Онда әрдайым дәрігер қабылдауында өз кезегін күткен адам көп болатын. Ол күту залында отырды. Маңайында балалар жүгіріп жүр. Оның қасында адамдар отыр. Олар жөтелді және түшкірді. Ол да жөтелді және түшкірді. Ол өзін нашар сезінді. Ол бірнеше сағат күтті. Әйтеуір оны шақырды. Ол жылдам мейірбикеге барды. "Қазір сізді дәрігер қабылдайды", - деді мейірбике. Ол кішкентай кабинетке кірді. Ол кушеткаға отырды. Оған дәрігер келді. "Сәлеметсіз бе, Сьюзан,"-деді дәрігер. Ол оған тұмау тигенін айтты. Дәрігер оның ауру белгілерін қарады. Ол оған дәрі жазып берді. "Сауығыңыз", - деді дәрігер. "Рахмет, дәрігер", - деді ол.
Мәтінді жасыру
      44. Джон мен Джим кантри әуенін тартады
      Джон верандада отырып, электр бас-гитарада ойнап отырды. Оның Джеймс атты ағасы бар еді. Джеймс гитарада ойнайды. Ол онда күн сайын ойнайды. Ол гитарада жақсы ойнайды. Кейде Джон мен Джим музыкамен бірге айналысады. Джон әуенді шырқайды. Екеуі бірге өз аспаптарында ойнайды. Олар тамаша әуен шығаратын. Оңай есте қалатын әуен болатын. Өтіп бара жатқандар Джим мен Джонның қалай музыка ойнап жатқанын байқады. Олар музыка тыңдау үшін верандаға жақындап келді. Джон кантри нақышында әндетті. Бұл осы өңірдегілердің бәріне қатты ұнайтын. Кантри әуені олардың сүйікті жанры болатын. Джим мен Джон Техаста тұратын. Техастықтар кантри әуенін ұнатады. Джон мен Джимнің бойында дарын бар еді. Олар есейген кезде де музыка шығаруларын тоқтатқан жоқ. Олар өз әндерін жазды. Әндер радиода шырқалды. Джим мен Джон кантри әуенінің жұлдыздарына айналды.
Мәтінді жасыру
      45. Ол поп-музыканы жақсы көреді
      Ол радионы қосты. Ол өзінің сүйікті радиостанциясына қойды. Радиода поп-музыканы ойнап жатты. Ол поп-музыканы ұнататын. Ол радиомен бірге өлең айтты. Ол әр таңда душта өлең айтатын. Ол себезгінің астында тұрып секірді. Ол шын жүрегімен шырқады. Ол душтан шықты. Ол радионы алды. Ол оны бөлмеге әкелді. Ол оны тағы да қосты. Ол радио тыңдап жүріп киінді. Оның ағасына оның өлең айтқаны ұнамайтын. "Тыныштал", - деп ұрысты ол. Ол оны естімеді, себебі радио қатты ойнап тұрды. Ол поп-әнші болғысы келетін. Бұл оның арманы болатын. Ол арманының орындалғанын қалайтын. Ол әншілер байқауына қатысты. Ол бірінші орын алды. Ол тамаша әнші болды.
Мәтінді жасыру
      46. Туристік жорық (1)
      Туристік жорыққа шығатын уақыт келді. Оған қорқынышты еді. Ол аюлардан қорқады. Ол оларға жем болғысы келмеді. Сонымен қатар ол жәндіктерден және елестер мен улы шырмауықтардан қорқатын. Оның ата-анасы сөмкеге жәндіктерден қорғайтын спрей мен дәрі-дәрмек қорапшасын салды. Оның ағасы оған елестердің жоқ екенін айтты. Бірақ та оны бұрынғыдай қорқыныш биледі. Ол туристік жорыққа бірінші рет шықпақшы, ол да қобалжуда. Ол өзімен бірге күнделігін алды. Күнделікке ол: "Қымбатты күнделік, аюларға жем болмайтын шығармын деп үміттенемін", - деп жазды. Бұл оның нағыз қорқынышы еді. Аюлар-үлкен. Ол біреуін теледидардан көрген. Олардың тістері қайратты. Олардың тырнақтары өткір. Олар қатты айқайлайды. Кетер түні ол ұйықтай алмады. Ол аюды ойлауын қоймады. Әйтеуір ұйықтады. Оның түсіне аюлар кірді. Бұл жағымсыз түс еді.
Мәтінді жасыру
      47. Туристік жорық (2)
      Ол оянды. Ол шаршаңқы еді. Ол кеше әзер ұйықтады. Ол түнімен ұйықтап кетуге тырысып, дөңбекшіп шықты. Ол қорықты. Оған қорқынышты түстер кірді. Оның түсіне аюлар кірді. Туристік жорықтың бірінші күні еді. Таң еді. Ол өзінің жылы көрпесіне оранды. Оның жақындары оны шақырды. "Генри, жиналатын уақыт болды", - деп айқалады оған. Ол көңіл аудармады. Оның ешқайда барғысы келмеді. Ол төсекте қала берді. Алғашында ол жорыққа шығам деп қуанған. Бірақ қазір оның бойын үрей биледі. "Енді жорыққа шыққым келмейді", -деді ол. Оның бөлмесіне әкесі кірді. Ол Генридің үстінен жылы көрпесін ашты. Ол оны қолына алды. Оны киіндірді. Оны көлікке отырғызды. "Қорықпа", - деді ол Генриге. Генриді сонда да үрей билеп тұрды. Жорық үш күнге созылды. Генри ешқандай қорқынышты сезбеді. Қорқатын ештеңе жоқ еді. Аюлар болмады. Бұл өте керемет жорық болды.
Мәтінді жасыру
      48. Ол оған ұнайды (1)
      Ол оған ұнайтын. Оның күлімсіреуi оған ұнайтын. Оның дауысы оған ұнайтын. Оның шашы оған ұнайтын. Оның мiнезi оған ұнайтын. Ол оны сүйетінін білген жоқ. Ол оны танымады. Ол үшiн ол бейтаныс кісі болды. Ол үшін бұның ешқандай маңызы болмады. Ол онымен сөйлескісі келді. Ол ыңғайлы кездi күтетiн. Ол әрқашан өзiнiң құрбыларымен бiрге болатын. Ол оның жалғыз болатынын күтті. Ол көше бойымен жүріп келе жатты. Ол үйіне бара жатты. Ол жалғыз болды. Ол өзiнiң көлігiмен дүкенге бара жатты. Ол оны көрдi. Ол көлігімен оған жақынырақ барды. Ол бұрылып қарады. Қыз оны көліктің ішінен көрді. Ол: «Сәлем! Сiздiң атыңыз кiм?» деп сұрады. Ол оны елемеді. Ол бейтаныс адаммен сөйлескiсi келмедi. Ол "Сізді үйге жеткізіп салайын ба?" - деп сұрады. Ол «Жоқ, рахмет», - деп жауап бердi. Ол көлігін тоқтатты. Ол көлігінен түсті. Ол оған жақындап келді.
Мәтінді жасыру
      49. Ол оған ұнайды (2)
      Ол тротуарда тұрды. Ол оның алдында тұрды. Ол «Маған үйге бару керек», - деп айтты. Ол оны айналып өттi. Ол оның артынан ердi. Ол онымен сөйлескiсi келдi. Ол оны танымады. Ол бейтаныс адаммен сөйлескiсi келмедi. Ол оған: «Мен сiздi бiлемiн», - деп айтты. Ол тоқтап қалды. Ол оған қарады. Ол абдыраған түрде болды. Ол: «Бiз мектепке бiрге баратынбыз», - деп айтты. Ол еске түсiруге тырысты. Ол оны еске түсiре алмады. Бұл сондай бұрынғы кезде болған еді. Оның оған айтары бар еді. Ол оның оған үнемі ұнайтынын айтты. Ол оны олар мектепте оқығанда жəне аяқтаған сəтте де ұнатты. Ол қайран қалды. Ол не айтарын білмеді. Ол: «Сiз бiр жерге барғыңыз келе ме?» - деп сұрады одан. Ол ойланып қалды. Ол жігітке өз телефон нөмірін бердi. Ол күлімсіреді де, кетіп қалды. Жігіт бақытты болды. Ол күлімсіреп тұрды.
Мәтінді жасыру
      50. Жұмысқа кешігу
      Ол кеш тұрды. Оның оятқышы шырылдаған, бірақ ол оны естіген жоқ. Ол жұмысқа кешігіп жатыр. Ол төсегінен атып тұрды. «Мен кешіктім», - деді ол. Ол дәретxанаға жүгірді. Ол тез тісін тазалады. Ол себезгіге кірді. Ол бес минуттай жуынды. Ол денесін сүртті. Ол тез қырынды. Ол бетін жаралады. Ол өте тез қырынды. Ол ебдейсіз болды. Ол жаралаған жерін жуды. Ол сол жерге санипласт жапсырды. Ол шкафка жүгірді. Өзінің костюмін алды. Ол оны тез үтіктеді. Ол өзінің костюмін киді. Костюмде бәрібір бұжыр қалды. Ол өзінің көлігіне отырып жүріп кетті. Жолдағы қозғалыс қызық болды. Ол тек дабыл қағумен болды. Ол өз компаниясына келді. Ол бір сағатқа кешікті.
Мәтінді жасыру
      51. Мектепке кешікті
      Қоңырау соғылды. Ол мектепте болмады. Ол әлі үйінде еді. Ол ұйықтап жатыр. Ол кеше достарымен түнге шейін отырды. Олар кино көрді. Мектептен оның ата-анасына xабарласты. "Қызыңыз мектепке келмеді". Анасы таң қалды. Ол қапаланды. Ол жұмыста еді. Ол үйіне қайтып келді. Ол үйге жүгіріп кірді. "Оян", - деп айқалады ол қызына. "Сен мектепке кешіктің", - деді анасы. Ол орнынан тұрды. Тез-тез киінді. Ол анасынан қорқатын. Ол анасының қатты ашуланғанын білді. Анасы қалжыңдамады. Анасы оны мектепке апарды. "Енді мектепке кешігуші болма", - деді анасы. "Жарайды, анашым", - деді ол. Ол әлі күнге дейін ұйқылы еді.
Мәтінді жасыру
      52. Мейрамхана "Тойғаныңша же"
      Бүгінгі күн айрықша өтті. Бес құрдас бір жерге барып келуді ұйғарды. Олар мейрамханаға баруды жоспарлады. Бұл жақсы мейрамхана болатын. Ол тойғаныңша жейтін асты ұсынды. Барлығының көңіл-күйі көтеріңкі болды. Олар бұдан бұрын да ол жерге барған. Бұл олардың сүйікті мейрамханалары болатын. Мейрамхана алыс орналасқан. Ол жерге бару үшін жеңіл көлікпен жол жүргенде бір сағат уақыт кететін. Ал автобуспен жүргенде - екі сағат. Жолдастардың бірінде жеңіл көлік бар тұғын. Ол оны жаңа ғана сатып алған болатын. Ол өз достарын мейрамханаға алып келе жатты. Олардан басқа жолда қозғалыс болған жоқ. Олар отыз минут аралығында жетіп үлгерді. Барлығының қарны қатты ашып тұрды. Олар тамаққа тапсырыс берді. Мейрамханада адам толы болды. Мейрамхана ерекше болатын. Ол піспеген тамақты ұсынды. Тамақты өзің пісіріп алуың керек тұғын. Үстелде қақтама тұрды. Қызық болды. Әркім көп тамақ жеді. Есебіне қарағанда, түскі ас олар үшін қымбатқа соқты.
Мәтінді жасыру
      53. Кинотетрдағы кеш
      Бұл олардың тойының бір жылдығы болатын. Олар киноға барды. Олар кинотеатрда танысқан болатын. Ол өз құрбыларымен болған. Ол өзінің достарымен. Олар бір фильм көрді. Олар фильмнен кейін кездесті. Ол оны кездесуге шақырды. Олар жақсы дос болып кетті. Кинотеатр бүгін бос. Олар ақпараттық бағанаға жақындады. Олар қандай фильм көрсетіліп жатқанын қарады. Күйеуі атыс-шабыс жанрындағы фильм көргісі келді. Әйелі болса комедия көргісі келді. Олар дауласты. Олар қандай фильм көретіндерін шешіп жатты. Олар комедияны таңдады. Олар билет сатып алды. Олар өз орындарына келді. Фильм басталды. Олар фильмнің соңына дейін күліп отырды. Фильм өте көңілді болды. Ол бір жарым сағатқа созылды. Ол аяқталды және жазулары шыға бастады. Олар өз орындарынан тұрды. Олар үйлеріне кетіп бара жатты және жол бойы күлді.
Мәтінді жасыру
      54. Жұманы күту барысында
      Дүйсенбі-аптаның бірінші күні. Ол дүйсенбі күндерін жақсы көрмейтін еді. Ол күні оған жұмысқа бару керек. Ол поштада жұмыс істейтін. Пошта оның үйінен алыс орналасқан. Жұмысқа ол көлікпен баратын. Жолда жүру отыз минутты алатын. Дүйсенбі күндері ең жаман күндер еді. Сейсенбілер де сол сияқты жаман еді. Ол сейсенбі күндерін де жақсы көрмейтін. Ол үнемі жұмысына шағымданатын. Бүгін əлі сейсенбі ме?-деп сұрайтын. Ол тағы да жұма күні болатынын асыға күтетін. Сəрсенбілер сейсенбі күндеріне қарағанда жақсы болатын. Сəрсенбілер дүйсенбілерге қарағанда анағұрлым керемет еді. Сəрсенбі "сынық күн" ретінде белгілі. Бұл оның аптаның ортасы екенін білдіреді. Сəрсенбі-сейсенбіден кейінгі күн. Бірақ сонда да ол сəрсенбі күндерін жақсы көрмейтін. Бейсенбі күндері күштірек еді. Бейсенбі-уикендтің ресми емес басталуы. Бейсенбі-сəрсенбіден кейінгі күн. Ең бастысы, ол жұма алдындағы күн. Жұма-оның сүйікті апта күні.
Мәтінді жасыру
      55. Лиза жаңа көлікке ие болды
      Лиза жаңа көлік сатып алды. Алғашқы көлігі болатын. Көлік алғанына қуанды. Туған күніне сыйлаған болатын. Оған ата-анасы алып берді. Лиза өте риза болды. Ол бұған лайықты еді. Ол жақсы қыз болатын. Жақсы студент. Ата-анасын тыңдайтын қыз еді. Ол ешқашан келеңсіз жағдайға түспеген. Әке-шешесінің үлгілі қызы болатын. Көліктің түсі қызғылт, бұл оның ұнататын түсі еді және қызғылт түс қыз балаларға жақын түс. Ол өзі көрікті бойжеткен еді, көлігі де арзан емес. Ата-анасы толығымен төлемеген еді, жартысын ғана, ал қалғанын Лизаның өзі төлеуі керек болды. Оған жұмыс табу керек болды. Көлік жүргізуді үйреніп алды. Жұмысқа тұрды, жұмысқа көлікпен қатынайтын. Қазір ол есейді, ол өзі жауапты қыз еді. Ата-анасы мақтан ететін. Енді ол баяғы кішкентай Лиза емес.
Мәтінді жасыру
      56. Сауық кеші
      Ол сауық кешіне жиналды. Сауық кеш кеше түнде болды. Сауық кеш керемет болатындай көрінді. Онда оның барлық достары болады. Ол ешқашан сауық кешіне барған емес. Ол жиналып жатқан оның бірінші сауық кеші. Ол қобалжуда. Ол қуанышты. Ол жасқаншақ жігіт. Ол аз сөйлейді. Оның бес-ақ досы бар. Оның достары да жасқаншақ. Оның енді жасқаншақ болғысы келмеді. Ол сауық кешіне жақсы дайындалды. Ол сәнді киінді. Ол шашын тарады. Ол тіпті тісін екі рет тазартты. Ол мұртын түзеп қойды. Ол айнаға қарап айналшықтап тұрды. Ол жақсы жарасымды киінген. Ол өз-өзіне: "Сен жақсы көрініп тұрсың", - деді айнаға қарап. Ол дайын. Сауық кеші отыз минуттан кейін басталады. Ол ертерек шықты. Ол сауық кешіне өз автокөлігімен барды. Ол жақсы көңіл көтерді. Ол жаңа достар тапты. Ол бойжеткенмен танысты. Ол онымен сүйісті. Бұл көңілді сауық кеш болды.
Мәтінді жасыру
      57. Автобуспен жол жүру
      Таң атып келеді, құлқын сәрі еді. Күн жана ғана көкжиектен шығып келеді. Ол автобусқа мінді. Автобустың ішінен жаман иіс шығып тұрды. Адам жиіркенетіндей мүңкіп тұрды. Жол ақысы бір жарым доллар еді. Жол ақысын төледі. Жүргізуші:" Қайырлы таң", - деді, ол да жауап берді. Автобус жүргізушісі жылы шырайлы кісі еді, бұл сондай бір түрлі болып көрінді. Оның кездестіретіні ылғи да нашар жүргізушілер еді. Ол таңданды. Автобуста бос орын болмады, тек артта жалғыз бір орын болды, ол артқа қарай өтті. Адамның көптігінен ол шынтағымен итеріп өтті, адамдар оны жіберді, кешірім сұрады. Ол артқа жетемін дегенше, орнына басқа біреу отырып қойыпты. Ол тұтқадан ұстап тұрды. Ол үшін жаңа өмір басталды, бұл оның оқудағы алғашқы күні еді, өзін бақытты сезінді. Автобус алға зулай берді.
Мәтінді жасыру
      58. Жардан суға сүңгу
      Ол терең тыныс алды. Төменге қарады. Су салқын болып көрінді. Ол абыржыды. "Кәне, секір!" деп айтты достары. Ол жардың шетінде тұрды. Ол биік жар болатын. Оның барлық достары секіріп кеткен еді. Олар суда жүзіп жүр еді. Оның достары оны күтті. Он бес минут уақыт өтті. Оның көз алдына жаман бір жағдай болатындай көрінді. Ол өзінің сүйектерін сындырып аламын деп ойлады. Ол суға батып кетемін деп ойлады. Ол өзін қандай да бір балық жеп қояды деп ойлады . "Мұны жақсы идея деп ойламаймын," – деп айтты достарына. Сонда оның достары оған олай жасамауын сұрады, өйткені олар алаңдаулы болды. Ол жардан түсті. Ол суға түсті. Оған ол жерде қауіпсіз болды. Ол өзін жеңіл сезінді.
Мәтінді жасыру
      59. Жүзі таныс қыз
      Олар пойызбен келе жатты. Жігіт оған қарама-қарсы отырды. Ол оған қарады. Қыз таныс боп көрінді. Қыз өзінің планшетінде бірдеңе жазып отырды. Жол бойы қыздың көңілі планшеттен шықпады. Пойыз теміржол рельстерімен зымырады. Ол қатты шу шығарды. Вагон ішінде адам көп болды. Ол оңға қарады. Ол шашы ұзын ер адамды көрді. Қолында ит ұстап отырған әйелді көрді. Беті тамақпен былғанған баланы көрді. Ол солға қарады. Таяқ ұстаған қарт ер адамды көрді. Аяқтарын айқастырып отырған жас қызды көрді. Жаңғақ жеп отырған толық еркекті көрді. Бағанағы қыздан басқа ешкім таныс боп көрінбеді. Қыз оған қарама-қарсы отырды. Ол бір минут ойланды. Ол есіне түсіре алмады. Пойыз тоқтады. Ол межеленген жеріне келді. жолаушылар пойыздан шыға бастады. Әлгі қыз көзден таса болды. Ол қыздың қай жаққа кеткенін көру үшін, жан-жағына қарады. Қыз еш жерде болмады.
Мәтінді жасыру
      60. Қайтадан үйде
      Бұл ұзақ сапар едi. Оның бөксесі ауырды. Ол өз аяғын және мойынын созып керiлдi. Ол жолжүгiн алды. Ол пойыздан түстi. Ол қалаға шығысқа қарай бет алды. Ол таксиді тоқтатты. Ол көлiкке отырды. Такси жүргізушісі: «Қош келдіңiз Сан-Францискоға!» - дедi. Ол күлімсіреп: «Рахмет!» - дедi. Ақыры ол ата-мекенiне де жетті-ау. Ол кеткеннен берi көп уакыт өттi. Такси оның үйiне келiп жеттi. Қыз жол ақысын төледi. Ол: «Көп рахмет!» - дедi. Ол жүріп кеттi. Ол үйiне кiрдi. Үйi көңіл сүйсіндірерлік көрiндi. Ештеңе өзгермептi. Ол қонақ бөлмеге кiрдi. Барлық отбасы мүшелері қонақ бөлмеде оны күтiп отырды. Олар оны көргенiне қуанды. «Қош келдің үйге, Бекки!» - деп қуанып, қарсы алды оны туғандары. Ол олардың әрқайсысымен құшақтасып амандасты. Туған үйге қайту өте қуанышты болды.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Aidana Bissekesh, Еркежан Каймоллаева, Рахат Уйсымбаев, Мади Толегенов, Аслан Бисенов, Алтынгуль Кептербаева, Акжайык Сабырбаева, Нарынбек Гилман, Assel Kanybekova, Елімай Шынатай, Олжас Токмагамбетов, Бахытжан Ертай, Гульнар Абдраимова, Дастан Ахметдин, Жанар Жанаева, Майра Фазыл, Максат Маликов, Aigera Erzhanova, Айжан Даукишева, Акнур Жунусова, Аяулым Орынгали, Маргулан Канат, Маржанай Ташимова, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Казахский по уровням. Ур.3, стр.2 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.3, стр.4  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга