Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Лёгкое чтение (Easy Reading)

Том 3, страница 2
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      21. Жаңа сайлаушы
      Оскардың Нью-Йоркке көшіп келгеніне көп болған жоқ. Ол дауыс беру үшін тіркеуге тұрды. Бір аптадан соң ол сайлаушы карточкасын алды. Ол енді тіркелген сайлаушы. Ол сайлау комиссиясынан сайлаушы жадынамасын оқып шықты. Онда егер сайлаушы тарапынан қандай да бір сұрақ туындағанда, байланыса алатын телефон нөмірі көрсетілген. Оның бір сұрағы болды. Ол дауыс беруге қатысу үшін шығару талонын пайдаланғысы келді. Бірақ жадынамада шығару талонын тек сырқаттар мен физикалық мүгедектігі бар жандарға берілетіндігі айтылған. Бірақ ол ешқандай ауру емес еді. Ол көрсетілген нөмірге телефон шалып: «Мен сырқат емеспін. Мүгедек емеспін. Бірақ мен дауыс беру үшін шығару талонын пайдаланғым келеді», - деді. «Сіздің мекен-жайыңыз қандай? Бүгін мен сіздің поштаңызға өтініш үлгісін жолдаймын. Сіз әр сайлауда дауыс беру үшін шығару талонын алатын боласыз», - деді Люис. «Бірақ қиындықтар туындамай ма? - деп сұрады Оскар. - Сайлаушы жадынамасында менің сырқат немесе мүгедек болуым керектігі жазылған ғой». «Уайымдамаңыз. Біз мұны қайта жазып түзейміз», - деп жауап берді Люис.
Мәтінді жасыру
      22. Оның әйелі қайда? (1)
      Кеш қарайып келеді. Оның әйелі әлі үйде емес еді. Ол уайымдады. Оның әйелі жылжымайтын мүлік бойынша агент еді. Ол клиенттерге пәтерлерді көрсететін. Ол пәтерлерді күн сайын көрсетіп жүретін. Ол пәтерлерді бүкіл қала ішінен аралайтын. Ол пәтерлерді Манхеттеннің үстіңгі бөлігінде көрсетіп жүрген. Ол пәтерлерді Манхеттеннің орталығынан да көрсететін. Және төменгі жартысында да көрсететін. Оны жұмысының мәні мынада еді: Клиенттермен үйдің маңында кездесу. Сол үйден бір не екі пәтерді аралап қарау. Басқа үйге бару. Сол үйден тағы бір-екі үйді қарап шығу. Үйлерді бірінен соң бірін аралау. Бір пәтерден соң келесісін қарау. Жеделсатыда жүру. Баспалдақтармен мініп-түсу. Кейде метроны да қолдану. Кейде автобуспен жүру. Егер ол кешігіп жатса, күйеуіне қоңырау соғып жіберетін. Ол әйелінің ұялы телефонына қоңырау шалды. Әйелі сәлем деді. Ол да оған сәлем деді. Әйелі жауап қайырмады. Ол ештеңе естіген жоқ. Ол тағы да сәлем деп айтты. Жауап болмады. Телефон жым-жырт тыныш тұрды.
Мәтінді жасыру
      23. Оның әйелі қайда? (2)
      Кім қоңырауға жауап берді? Бұл оның әйелінің дәл өзі болды ма екен? Әлде бұл басқа бір әйел ме? Әлдекім оның әйелінің ұялы телефонын ұрлап кеткені ме? Оның әйелінің халі жақсы болды ма екен? Ол қайтадан қоңырау шалды. Оның бар естігені әйелінің жазып қойған хабарламасы болды. Ол оған дыбыс хабарламасын қалдырды. «Қазір тоғыздан отыз кетті. Сен қайдасың? Маған бірден қоңырау шал», - деді ол хабарламада. Ол күте тұрды. Бірақ әйелі байланысқа шықпады. Ол оған тағы қоңырау шалды. Ол тағы да хабарлама қалдырды. «Маған дереу хабарласшы, өтінемін. Мен уайымдап отырмын. Маған тап қазір қоңырау шал, болмаса мен полицияға қоңырау шаламын». Ол күте тұрды. Ол әлі де хабарласпады. Полицияға хабарлау керек пе? Ол оларға не дейді? Сіздер менің әйелімді таба аласыздар ма? Ол Манхеттеннің бер жерінде жүр. Ол пәтер есігінің ашылып жатқанын естіді. «Мен үйдемін», - деген оның әйелінің дауысы шықты. Ол иығынан ауыр жүк түскендей сезімде болды. «Неге мен қоңырау шалғанда тұтқаны қоя салдың?» - деп сұрады күйеуі. «Мен сәлем деп айттым ғой, - деді әйелі. - Мен дәл метроға кіріп бара жатқанмын. Мен баспалдақпен төмен түсіп бара жатқанмын. Сен маған жауап бермедің. Сосын мен тұтқаны тастап жібердім».
Мәтінді жасыру
      24. Құлыптаулы есік
      Нью-Йоркте жексенбі күні еді. Ер адамға шамалы ақша керек болған еді. Ол бұрыштағы банкке барды. Банктің маңында бір жабық жерде алты банкомат бар еді. Банкоматтың біреуінен бір әйел адам керегін алып жатты. Ер адам есікті өзіне қарай тартты. Есік құлыптаулы екен. Ол есікті өзіне қарай тағы тартып көрді. Ана әйел ішке қалай кірді екен деп ойлады ол. Әлгі әйел банкоматтағы жұмысын бітірді. Әйел ол тұрған жаққа қарай келе жатты. Ол әйел есікті ашып көшеге шықты. Ер адам есікті ұстап қалып, ішке кіріп кетті. Жаңағы әйел де біреудің шыққанын күткен болар деп ойлады ол. Ол карточканы банкоматка енгізді. Ол керек ақшасын алды. Ол есікке қарай барды. Дәл сол кезде ішке жас қыз кіріп келді. Ол көргеніне сене алмады. «Кешіріңіз, сіз ішке қалай кіріп кеттіңіз? Бұл есік сырттан жабық тұр еді ғой». «Сырттағы есіктің жанында бір кетік бар, - деді жас қыз. - Жай ғана сол арнайы кесілген жерге банкоматыңыздың карточкасын салыңыз. Сосын есік ашылады».
Мәтінді жасыру
      25. Сөз іздеу бас қатырғышы
      Сөз іздеу - қызықты ауызша бас қатырғыш. Бұл ойынды ағылшын тілін үйретіп және үйреніп жүрген адамдар ойнай алады. Әр ойжұмбақ бір адамға арналған. Ойнап отырған адам жасырулы сөзді іздейді. Жасырулы сөздер торда орналасқан. Торда 100 немесе одан да көп шаршылар бар. Әр шаршыда бір әріп бар. Әріптер топтамасы сөзді шығарады. Сөздер тізімі тордан тыс тұрады. Ойыншы тізімге қарайды. Ол торға қарайды. Ол тізімдегі сөздер мен тордағы сөздер арасында сәйкестік табуға тырысады. Жасырын сөздерді табу қиын болады. Сөздер тігінен және көлденеңінен оқылады. Олар қиғашынан да және оған қарама қарсы да оқылады. Оларды табу қиын. Оларды тапқан қызықты. Әр бас қатырғыштағы сөз басқа бір санатқа жатқызылады. Санаттарға автомобильдер, жан-жануарлар және азық-түліктер кіргізіледі. Санаттардың көптеген түрі бар. Сөз іздеу жайлы бас қатырғыштар көп таралған танымал ойын. Ойыншыларға сөз іздеу үшін арнайы кітаптар сатып алуларына болады. Ойыншылар сөз іздейтін бас қатырғыштарды онлайнда іздеу арқылы тапса болады.
Мәтінді жасыру
      26. Жағалаулардың суреттері
      Бұл суретте теңіз жағалауы бейнеленген. Негізгі түстері: көк, ақ және қоңыр. Аспан ақшыл көк. Ақшыл бұлттар, ақшыл көк аспанның жартысын жауып тұр. Әуеде екі ақ құс ұшып жүр. Суреттің төменгі жартысында - ақ құм мен қоңыр бұталар. Суреттің төменгі оң жағында мұхиттың бір бөлігін көруге болады. Мұхит қара көк, кішігірім ақшыл толқындарымен. Толқындар арқылы кеме жүзіп барады. Кеменің төрт үлкен ақ желкені бар. Кеме ағаштан жасалған. Ақ құмның бетінде ескі ағаш үй бейнеленген. Кірпіш мұржадан түтін білінбейді. Оның төбесі ортасынан төмен иіліп түсіп кеткен. Үйдің алдыңғы бөлігінде верандасы бар. Веранданы бес үлкен баған тіреп тұр. Үй сыртында кір жаятын жіп тарып қойған. Жіпте кір жаюлы тұр. Бірақ еш жерде адам көрінбейді. Олар, мүмкін, үйдің ішінде болар. Мүмкін, жағалауда қыдырып жүрген шығар.
Мәтінді жасыру
      27. Арзан медициналық сақтандыру
      Ол конвертті ашты. Оның ішінде жарнама. Ол медициналық сақтандырудың жарнамасы болатын. Оған қосымша медициналық сақтандыру қажет пе? Тіпті оның медициналық сақтандыруы болған да жоқ. Аурухананың есептерін төлеу үшін оған қосымша ақша қажет пе? Қосымша ақша қаражаттың болғаны жаман емес деп ойлады ол. Оқуды әрі қарай жалғастырды. Жарнамада Нью-Йорк қаласында ауруханада адамдар орта есеппен 7 күн болады делінген. Нью-Йорк қаласында бір күннің орташа құны 3000 доллар. Арзанырақ штатқа көшу керек деп ойлады. Алайда көшумен байланысты шығындарды оның қалтасы көтермеді. Әрі қарай оқыды. Сақтандыру төлемі айына 15 долларды құрайтыны жазылған. Арзан деп ол ойлады. Әрі қарай сақтандыру компаниясы күніне 50 доллар төлейтіні айтылған. Ол күлді. Менің ауруханалық есебім күніне 3000 долларды құрайды. Менің қосымша медициналық сақтандыруым күніне 50 доллар береді. Оның пайдасы қанша? Күніне 50 доллардан қандай пайда?
Мәтінді жасыру
      28. Жыртық шалбар
      Ер адам дәріханаға кірді. Эскалатормен төмен түсті. Өзіне қажет затты таба алмады. Эскалатормен жоғары көтерілді. Бірнеше секундтан соң оның шалбарының қалтасы бір нәрсеге ілініп қалды. Шалбарының қалтасын босату үшін шалбарын тартып көрді. Бұған не болды екен деп өз - өзінен іштей сұрады ол. Не болғанын білу үшін артына бұрылып қарады. Ол кішкентай бұранданы көрді. Босап кеткен бұранда эскалатордың іргесінде салбырап тұр екен. Эскалатормен жоғары көтерілді. Өзінің шалбарына қарады. Шалбарының қалтасы жыртылып қалыпты. Шалбарында кішкентай тесік пайда болыпты. Бұл бұранда біреуді жаралауы мүмкін еді ғой. Мен бұл жағдайды біреуге барып ескертейін деп ойлады ол. Эскалатор жөндейтін жұмыскерді тауып алды. Ер адам болған жағдайды баяндап берді. Босап қалған бұранданы көрсетті. Эскалатор жөндеуші кешірім сұрады. «Қобалжымаңыз. Біз сіздің шалбарыңыздың жөндеу құнын өтейміз, тек бізге соған жұмсалатын ақшаның есеп шотын әкелсеңіз болды. Сонан соң тез арада бұранданы жөндеумен айналысамыз». Ер адам жөндеушіге ризалығын білдірді. Бір аптадан соң ол қайта осында келді. Босаған бұранда сол қалпында эскалатордың қабырғасында салбырап тұрды.
Мәтінді жасыру
      29. Оның терезесінен көрініс (1)
      Ер адамның жатын бөлмесінің терезесі үлкен еді. Оның жазу үстелі де сол бөлмеде тұратын. Ол үстел үлкен терезенің қасында орналасқан еді. Ер адам өзінің жазу үстелінің басында отыр еді. Ол шығысқа қарай қарап отырған. Ол шығыстағы Ист-Ривер өзені жағына қарап отырған. Ист-Ривер бұғазы алты кварталдан кейінгі жерде еді. Бірақ ол Ист-Риверді көріп отырған жоқ. Ғимараттар оны көруге бөгет болып тұр. Нью-Йорктағы ғимараттар ормандағы ағаштар секілді. Олар айналаның барлығында. Және олар әдемі көрінеді. Олардың бәрі әртүрлі салынған. Ол 13 түрлі ғимаратты көре алады. Ең қашықтағы ғимарат шамамен үш кварталдан соң орналасқан. Ғимараттардың көбісінің биіктігі 12 қабаттай болып қалады. Олардың біршамсы ашық-қоңыр түсті немесе күңгірт-ақ түсті болып келген. Бірақ ең биігі толығымен қызыл түсті болатын. Олардың үстінен ақ түтін көтерілген. Оның батыс жартысында терезелері жоқ еді. Батыс қабырғасы қызыл кірпіштен қаланған. Мүмкін, қызыл кірпіш әйнек терезелерден арзан тұратын шығар. Бұл ғимараттың түрме болуы да мүмкін.
Мәтінді жасыру
      30. Оның терезесінен көрініс
      Ер адамның пәтері жетінші қабатта еді. Жатын бөлмесінің терезесінен ол қызу тірлік жүріп жатқан көшені бақылай алатын. Тротуарда адамдар ылғи толып жүретін. Тротуар кең еді. Жалпақтығы 20 футтай болып қалатын. Нью-Йоркта кең тротуарлар көп. Ол тағы бірнеше дүкенді көре алатын. Солардың бірі киім-кешек дүкені болатын. Тағы екеуі аяқ-киім дүкені болатын. Жақын орналасқан ғимараттың күміс түстес жылтырақ түтін жүретін мұржасы бар еді. Ол биік әрі жіңішке болатын. Оның биіктігі 15 қабат. Көше үстінде көгершіндер ұшып жүретін. Олар ғимараттардың шығыңқы салынған жерлеріне қонатын. Шығыңқы жерлер терезелердің астында орналасқан еді. Бір терезенің алдына екі немесе үш көгершін отыра алатын. Олар оның үстінде біраз уақыт отырады да ұшып кетеді. Кеше ер адам қызыл әуе шарын көрді. Ол футбол добының шамасындай көлемді еді. Ол оның көзінің шамасындағы биіктікке дейін көтерілген. Ол лезде биікке көтеріліп кетті. Біраз секундтан соң ол жоғалып кетті. Ол бүгін қай жерде екен? Мүмкін, ол қазір көк әрі мұздай Антлантиканың үстінен ұшып бара жатқан шығар.
Мәтінді жасыру
      31. Енді іздемей-ақ қойса болады
      Ер адам дәріхана дүкеніне кірді. Бұнда көзге арналған тамшылар қайда тұр екен деп сұрады ол өз-өзінен іштей. Ол сілтемелерге қарады. Сілтемелер әр өтетін жерде ілулі тұр екен. Ол сілтемелерді бірінен соң бірін оқып шықты. Ақыры ол көз тамшыларының сілтемесін көрді. Ол көз тамшылары бөліміне қарай беттеді. Ол үстіңгі сөреге қарады. Ортаңғы сөрені де қарады. Төменгісін де қарады. Көз тамшылары қайда енді? Ол өзіне керек бөлімде тұр ма еді? Ол сілтемеге қайта қарады. Иә, ол дәл сол бөлімде екен. Ақыры ол көз тамшыларын тапты. Ол дәрілер дүкенінің бас жағына қарай кетті. Ол ақысын төлеу үшін кезекке тұрды. Бір кездері зат сатып алу тезірек болар деп ойлады ол. Бір кездері мен осы дүкенге кірермін, сонда мен қатты дауыстап: «Тіс пастасы қайда сатылады?» -деп сұрармын. Сол кезде жарық бағдар менің басымның үстінде жанады. Мен соның ізімен жүріп отырып, дәл тіс пасталарының бөліміне келермін. Жарық жоғалып кетеді. Сөйтіп менің іздеумен өткен күндерім мәңгі өткен шақта қалады.
Мәтінді жасыру
      32. Бір шыны-аяқ кофе
      Ер адам шәйнекті суға толтырды. Шәйнекті оттыққа қойды. Шәйнектің қақпағын жапты. Оттықты тұтатты. Шкафтан кофе дәндері салынған пакетті алды. Пакетті ашты. Кофе үккіштің ішіне бірнеше дән салды. Кофе үккіштің ішінде кофе дәндерін 10 секундтай тартты. Ас үйдің шкафынан № 6 қағаз сүзгішті алды. Қағаз сүзгішті пластикалық су өткізгіштің үстіне қойды. Үлкен шыны құмыра ет кесетін үстелдің үстінде тұрды. Пластикалық су өткізгішті үлкен шыны құмыраның аузына қойды. Тартылған кофені қағаз сүзгіштің үстіне төкті. Ол судың қайнауын күтті. Қайнаған суды тартылған кофеге құйды. Кофенің хош иісі ас үйді алып кетті. Ммм! Соншалықты ұнамды иіс шықты. Ол жаңа дайындалған ыстық кофені ішкенше асықты.
Мәтінді жасыру
      33. Гаитидаға жер сілкінісі
      Гаитиде жер сілкінісі болды. Бұл күші 7 баллдық жер сілкінісі еді. Мыңдаған адамдар қаза тапты. Көптеген адамдар баспаналарынан айырылды. Мыңдаған адамдар тамақ пен судан қиылды. Көптеген мемлекеттер Гаитиға азық-түлік пен су жіберді. Кейбір мемлекеттер іздеуші және құтқарушы топтар командасын жіберді. Бұл командалардың кейбіреулерінде өздерімен бірге иттері болды. Иттер үйінділер астында құрбан болған адамдарды иісінен іздеп таба алатын еді. Кей мемлекеттер дәрігерлерін жіберіп жатты. Құтқарушылар тез таусылып жатқан су мен тамақтарды таратып беріп жатты. Көршілес мемлекеттер тағы да көбірек тамақ пен су жіберткізіп жатты. Құтқарушылар үйінділердің астынан тірі қалғандарды тауып жатты. Кейбір аман қалған адамдар жер сілкінісі болғаннан кейін алты күн өтсе де тірі қалған екен. Дәрігерлер жапа шеккендерді қарады. Олар жарақаттанғандарды емдеп жазып жатты. Олар көптеген өмірлерді аман алып қалып жатты. Гаити - өте кедей ел. Көптеген азаматтар елден кеткілері келеді, бірақ олардың барар жерлері жоқ. Құрама Штаттар көмек қолын созып жаттыр. Жетімдерге АҚШ-қа келуге рұқсат етілген. Жетім қалғандар білім ала алады. Олардың өмірлері жақсырақ болмақ.
Мәтінді жасыру
      34. Гудзондағы ұшақ
      Жолаушылар ұшағының қонғанына бір жыл болды. Бұл ұшақтың қонуы әйгілі болып кеткен. Ол туралы теледидар және радиодан хабарлаған. Бұл туралы газеттер де жазған. Ұшақ қаңтар айында Гудзон өзеніне қонған еді. Ұшқыштың амалы қалмаған еді. Екі қозғалтқыш та зақымданған болатын. Ол әуежайға қайта алмаған. Ол Нью-Йоркқа келіп қона алмайтын. Ол өзенге қонуға мәжбүр болды. Ұшақ өзенге бірқалыпты қонды. Бұл суға жұмсақ қону болған. Ұшақ төңкеріліп кеткен жоқ. Ол астыңғы жағымен қонған еді. Ешкім де қаза болған жоқ. Бәрі аман сау қалды. Барлығы ұшақтан шықты. Олар ұшақтың қанаттарында тұрған еді. Барлығы да малмандай су болып тоңып қалған еді. Олардың бәрін қайықтармен келіп құтқарып алды. Бұл "Гудзондағы ғажайып" еді. Бүгін сол кездегі жолаушылар екі қайыққа отырды. Екі қайық бірге ұшақтың қонған жеріне жүзіп барды. Олар Гудзонның сол жеріне келіп тоқтады. Барлығы бір-бірін құшақтап жатты. Өмір керемет қой.
Мәтінді жасыру
      35. Сәбіз қосылған торт
      Бүгін Эдидің туған күні болды. «Маған туған күніме ештеңе қажет емес», - деді ол. Ник оны жақсы білетін, мысалы «ештеңе» сөзінің астарында «бір нәрсе» деген мағына болатын. Таңертең ол кондитер дүкеніне барды. Торттарды қарады. Эди қант шәрбаты қосылмаған торттарды жақсы көретін. Ник қант шәрбаты қосылмаған тортты қарастыра бастады. Оның көзіне ондай торттар түспеді. Бірақ ол сәбіз қосылған тортты көрді. Ол ванильді шәрбатпен жасалған болатын. Ол ванильді шәрбатты ұнататын. Эди сәбіз қосылған тортты ұнататын. Ол тортты сатып алды, сонымен қатар кондитерге торттың бетіне «Туған күніңмен, Эди» жазуын жаздырып алды. Ол тортты ұнатады деп ойлады Ник. Ол тортты үйге алып келді. Тортты Эдиге көрсетті. «Дәмді көрінеді, - деді Эди, - бірақ барлық шәрбатты бір өзіңе тауысуыңа тұра келеді. Сен бұл тортты маған алдың ба әлде өзіңе алдың ба? Сенің шәрбатты жақсы көретініңді білемін. Менің шәрбатты ұнатпайтынымды білесің. Келесі жылы маған шәрбатсыз торт сатып ал. Сондай тортты табуың үшін бір жылың бар».
Мәтінді жасыру
      36. Мынау жарық па?
      Бірдеңе дұрыс емес секілді. Ер адамның кіндік асты жарығы бұрынғы орнына тағы да шықты ма? Отыз жыл бұрын онда кіндік асты жарығы болған. Дәрігер оны алып тастаған. Қазір ол аздап ауырсынуды сезді. Ол кіндіктен төменірек болған. Ол кіндіктің сол жағынан ауырып тұрған. Ауыртуы ондай қатты болмаған. Бұл жай әншейін ауру еді. Ол екі ай бұрын басталған. Қазір ол қаттырақ ауыратын болды. Енді қазір ол әрдайым ауыртып тұратын болды. Ер адам бірнеше дәрігерге қоңырау шалды. «Кеңес алу қанша тұрады?» - деп сұрады ол. Бір дәрігер 300 доллар деді. Басқа дәрігер 350 доллар деді. Бұл қомақты ақша ғой, мүмкін, бұлай ауыртуын қоятын шығар деп ойлады ол. Мүмкін, ол өзі жазылып кетер. Ол тағы бір апта күте тұруды жөн көрді. Сосын дәрігердің қабылдауына жазылармын деп ойлады ол. Мен ақша шығындаймын. Ал бұл аз ақша емес. Бірақ артынан үлкен мәселемен арпалысып жүргеннен гөрі кішкене мәселені туындаған жерінде бірден шешіп тастау арзанға шығады.
Мәтінді жасыру
      37. Дәмді алма, сәтсіз сапар
      Элли турагентпен сөйлесті. Үш түнге автобус турының құны көңілінен шықты. Оған немере әпкесі Вики қоңырау шалды. Элли Викиге тур жайлы айтып берді. Викиге баға ұнады. Ол күйеуімен бірге олармен баратындарын айтты. Сенбі күні Элли және оның кішкене ұлы Вики және оның күйеуі турагенттікте кездесті. Элли төртеуінің жеңіл тамағын ала шыққан еді. Вики ешқандай тамақ алмады. Элли Викиге аздап тамақ алып шық деп айтқан еді. Вики печеньені ұнатпайтын. Ол энергетикалық батончиктерді ұнатпайтын. Ол алманы жақсы көретін. Ол үйде тұрған 12 алманың бәрін сөмкесіне салып алды. Ол тіпті Эллидің кішкене ұлына бірде-бір алма қалдырмады. «Бұл маған ұнайтын алма емес, – деді Вики Эллиге,- бірақ бұл басқа тамақтан жақсырақ екен. Барлық адамдар күн сайын жаңа піскен жеміс жеп жүру керек». Элли сапар кезінде Викимен сыпайы болды. Сапардан кейін ол Викимен мүлдем араласпай кетті.
Мәтінді жасыру
      38. Консерві банкілерінің қаптары
      Ер адам бір бөлмелі пәтерде ұзақ уақыт тұрды. Үйден тек демалыс күндері ғана шығатын. Шіркеуге, супермаркетке автобуспен баратын. Ол тек консервідегі тамақтарды алатын. Консервіленген етті, тауықты, көкөністерді сатып алатын. Дүкеннен үйге автобуспен қайтатын. Әрдайым күнімен теледидар көретін. Қоқыстарды пластикалық қапшықтарға салатын. Оның бөлмесі пластикалық қаптарға толы болатын. Пластикалық қаптар бос консерві банкілеріне толы еді. Анда - санда оған ұлы келіп тұратын. «Әке, мына қаптарды шығарып тастау керек, олар адам денсаулығына өте зиян. Сен қандай да бір ауруды жабыстырып алуың мүмкін. Тарақан да қаптап кетеді. Олар саған қауып төндіреді. Сен сүрініп, құлауың мүмкін», - деді ұлы. Баласы алаңдамас үшін әкесі оған: «Мен бұл қаптарды иістене бастағанда лақтырамын», - деді.
Мәтінді жасыру
      39. Маған жіберген сәлемдеме қайда?
      Пол жедел телефон желісіне қоңырау шалды. Ол оларға өзіне жіберілген сәлемдеме туралы айтты. Оған жіберген сәлемдеме жоғалып кетті. «Маған жіберген сәлемдеме қайда?» - деп сұрады ол. Олар оған сәлемдеменің қоймада тұрғанын айтты. Олар сәлемдемені ертең апарып беретіндерін айтты. Келесі күні олар сәлемдемені алып келмеді. Пол қайтадан олардың жедел желісіне шықты. Олар сәлемдеме әлі сол қоймада екенін айтты. Олар сәлемдемені ертесіне жеткізіп беретіндерін айтты. Келесі күні Пол өзіне жіберілген сәлемдемені алды, бірақ бұл оның сәлемдемесі емес болып шықты. Пол жедел байланыс телефонына хабарласты. «Маған жіберілген сәлемдемем қайда?» - деп сұрады ол. Олар оның сәлемдемесінің жоғалып кеткенін айтты. Олар оны таба алмай жатыр екен. Олар оның сәлемдемесін іздейтіндерін айтты. Олар одан бір аптадан соң қоңырау шалуын сұрады. Пол олардың бастықтарының телефонын сұрап алды. Пол сол басшымен сөйлесті. Басшы оған өзі баянат жасайтынын айтты. «Баянат менің сәлемдемемді тауып бере ме не?» - деп сұрады Пол. «Жоқ, - деді басшы. Бірақ соның арқасында сіздің келесі жіберетін сәлемдемеңіз жоғалып кетпейтін шығар».
Мәтінді жасыру
      40. Көлік қауіпсіздігі әкімшілігі оны іздеп табады
      Кевин Джеймс - адвокат. Бұл есім өте жиі қойылады. Көп ер адамдардың аты осылай. Бір атақты қылмыскер де Кевин Джеймс деген аттың иесі. КҚӘ осы қауіпті қылмыскердің ізіне түскен. ҚКӘ оны түрмеге жаппақшы. Кевин Джеймс кездесулерге ұшып келген кезде, КҚӘ қызметкерлері оны таса жерге алып кетеді. Олар оған тергеу жасайды. КҚӘ қызметшілері одан өздері іздеп жүрген қылмыскер оның өзі емес пе деп сұрады. Ол әдетте өз рейсін өткізіп алады. «Мен әрқашан белгіленген уақыттан бір күн бұрын шығамын, - деді Кевин. - Осылайша бірінші рейсті өткізіп жіберсем де, мен келесі күнгі кездесуге дәл уақытында жетемін». Кевин КҚӘ қызметкерлеріне былай деді: «Менің суретімді және қылмыскер Кевин Джеймстің суретін салыстырып көріңіздер. Сосын көрерсіздер менің ол емес екенімді». КҚӘ қызметкері: «Бізде оның суреті жоқ»,- деді. Кевин: «Сіздер оның түрін білмесеңіздер, оны қалай ұстамақсыздар?» «Сіз бұған алаңдамасаңыз болады. Біздің өзіміздің әдіс-тәсілдеріміз бар», - деп жауап берді КҚӘ қызметкері.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Акжайык Сабырбаева, Гульнар Абдраимова, Гаухар Назымбекова, Жанара Қабина, Алтынгуль Кептербаева, Аслан Бисенов, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Султангазы Абдыкалыков
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Лёгкое чтение. Том 3, стр.1 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 3, стр.3  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга