Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Короткие истории (Short Stories)

Том 1, страница 2
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      21. Ерінді қозғалтпай
      Автобуста Боб қарт ер адамның жанына отырды. Қарт адам: «Сәлем. Мен ернімді қозғалтпай немесе ауызымды ашпай сөйлей аламын. Қалай істейтінімді көргің келе ме?» - деді. «Әрине», - деді Боб. Ер адам сөйлей бастады. Және өте анық сөйледі. Ауа райы туралы айтты. «Янки» тобы туралы айтты. Соңында орталық саябақ туралы айтты. Боб оны мұқият бақылап отырды. Тіпті көз алмай бақылап отырды. Оның еріндері бірде-бір рет қозғалған жоқ. Ол мүлдем, сәл-сәл болса да, аузын ашқан жоқ. Бірақ әрбір сөзін анық айтты. Боб өз көргеніне өзі сене алмады. «Сіз оны қалай жасайсыз?» - деп сұрады Боб. «Жаттығу», - деді қарт адам, - жылдар бойы жаттығу». Боб: «Бірақ бұл не үшін?» - деп сұрады. Қарт адам: «Тек жай ғана, осылай істей алатын-алмайтынымды көру үшін. Қазір мен басқа бірдеңемен айналысып жүрмін», - деді. Боб: «Немен?» - деп сұрады. Қарт болса: «Аузымды ашпай жеуді және ішуді үйренемін!» - деп жауап берді.
Мәтінді жасыру
      22. Аяғыңды сүрт!
      Күйеуі үйге келді. «Аяғыңды сүрт!» - деп қонақ бөлмеден әйелі айқай салды. Күйеуі аяғын сүртті. «Туфлиіңді шеш! Тәпішкеңді ки!» - деді әйелі. Күйеуі аяғын шешіп, тәпішкесін киді. «Қолыңды жу!» - деді әйелі. Күйеуі жуынатын бөлмеге барып қолын жуды. «Қолыңның сабынын дұрыстап кетіріп жу» - деді әйелі. Күйеуі қолын шайды. Ол қолын шалбарына сүртті. «Қолыңды шалбарыңа сүртпе! - деді әйелі. - Сүлгіні пайдалан!». Күйеуі жуынатын бөлмеден шықты. «Жуынатын бөлменің есігін жап!» - деді әйелі. Күйеуі есікті жапты. Ол ас бөлмеге бір стакан су ішуге барды. «Міндетті түрде, ішерден бұрын суды бір ағызып ал!» - деді әйелі. Күйеуі суды он секундтай ағызып алды. Ол стақанды толтырып алды. Су сергітетіндей салқын болды. «Стаканды жу!» - деп айғайлады әйелі.
Мәтінді жасыру
      23. Төрттен үші – күйеуіне, біреуі – әйеліне
      Әйелі үйге келді. Ол қолына пластикалық пакет ұстап тұрды. Пакет толы болатын. Күйеуі айтты: «Жаным, ауыр пакеттерді көтерме. Бұл сенің арқаңа зиян». «Супермаркет менің жұмысымнан бар болғаны бір квартал жерде. Ол метро стансасынан бар-жоғы бір квартал жерде. Сондықтан мен бұл пакеттерді өте алысқа көтеріп жүрмеймін». Күйеуі пакеттерді ашты. Онда алма, шабдалы мен банандар болды. «Құдайым-ай!, - деді күйеуі, - мұндағы жемістер он екі маймылға жетеді». «Бұл маймылдарға арналмаған. Бұлар біз үшін. Бұлар біздің денсаулығымыз үшін», - деді әйелі. «Бірақ олар өте көп қой. Олардың жартысы жарамсыз болып қалады», - деп жауап берді күйеуі. «Сен өз үлесіңді жеп тұрсаң, олар бүлінбейді». «Менің үлесім? Менің үлесім қандай?» - деп сұрады күйеуі. Әйелі одан үш есе көп жеуі керектігін айтты. «Үш есе! Неге 50 де 50-ге бөлмеске?» - деп сұрады күйеуі. Әйелі: «Мен мұнша көп қантты жей алмаймын. Ол менің денсаулығым үшін зиян!» - деп жауап берді.
Мәтінді жасыру
      24. Такси керек пе? Ол сізге көмектесе алады
      Ер адамның бойы ұзын, арық келген адам. Сақалы ақ. Басында бейсболкасы, үстінде жеңіл күртесі бар. Екеуінің де түсі қара көк. Киімі әбден тозған. Ол жаяу жолда тұрды. Нью-Йорк қаласында аса танымал мұражайдың алдында тұрды. Ол такси аялдамасының қасында болды. Қасынан өтіп бара жатқан адамдарға: «Такси? Такси? Такси керек пе?» - деп сұрайтын. Адамдарды таксиге дейін шығарып, есігін ашатын. Олар сары таксиге отырған кезде, ер адам: «Шайға беріңіздер! Шайға беріңіздер!» - деп айтатын. Әдетте оған екі-үш доллар беретін, бірақ кейде 5 доллар да алатын. Шетте тұрған жас әйел оған қарап тұрды. Қасына жақындап: «Керемет жұмыс сияқты», - деді. Ер адам: «Иә, күніне шамамен 100 доллар табамын», - деді. Сонда әлгі әйел: «Сегіз сағат жұмыс істеп, осыншама ақша тапқан жаман емес екен», - деді. Такси жүргізушісі: «Қайдағы сегіз сағат? Төрт-ақ сағат жұмыс істеймін», - деді.
Мәтінді жасыру
      25. «К-Март» дүкеніндегі велосипед сорабы
      Ол өзінің велосипедімен Саут-Ферриге бармақшы болды. Ол шиналарын қысып көрді. Олар жұмсақ еді. Оларға жел үру керек еді. Маған жуырда велосипедіме сорап алу керек деп ойлады. Ол өзінің велосипедімен 34-ші көшедегі «Кей-Март» дүкеніне қарай кетті. Ол велосипедін дүкенге алып кірді. Ол үлкен жедел сатыға барып, төменге түсті. Ол велосипедтердің бөліміне барды. Ол сөреден велосипедтің сорабын алды. Ол қос доңғалағын үріп алды. Қазір олар қатты болып тұрды. Ол жедел сатымен кері қарай бірінші қабатқа көтерілді. Ол велосипедін шыға беріске алып келе жатқан. Оны күзетші әйел тоқтатты. «Сіздің чегіңізді көруге бола ма?» - деп сұрады ол. Ол күліп жіберді. «Мен бұл велосипедті үш ай бұрын алғанмын. Міне, қараңыз, доңғалақтарында балшық тұр, - деді ол. - Мен мұнда тек шиналарға жел үрлеп алуға келдім». Әйел айтты: «Шын ба!? Бұған рұқсат етілмеген. Ендігіде бұлай істемеңіз, өтінемін».
Мәтінді жасыру
      26. Сенің ұтысыңның жартысын қалар едім
      Олар жай ғана құрбылар еді. Бұдан бірнеше уақыт бұрын құрбылар түскі астарын мейрамханадан ішті. Олар түскі астары үшін төлемақы жасады. Сонан соң мейрамханадан шықты. Олар газет сататын дүңгіршіктің жанынан өтті. Хабарландыруда: Джекпот 100 миллион доллар деп жазылған. Дженни Джейнге: «Сен маған қарызға 5 доллар бере алмайсың ба? Мен ақшамның барлығын түскі асқа жұмсап қойдым. Мен саған келесі кездескенде қайтарам». Джейн келісті. Құрбылар бірнеше уақыттан кейін кездесті. «Халің қалай?» - деп сұрады Джейн. Дженни: «Өте жақсы! Осы жазғы демалысқа жоспар жасап жатырмын. Үш айға Европаға жүргелі жатырмын». Джейн: «Жақсы естіледі екен! Бұл сен үшін тиынға түседі ғой?» Дженни: «Иә, менде ақша деген жетерлік қой. Есіңде ме, менің сенен 5 доллар қарыз алғаным? Мен 100 000 доллар ұтып алдым! Сен бұған сенесің бе? Мен сені бүгін түскі асқа шақыра аламын. Сен не қаласаң, соған тапсырыс бере аласың!» Джейн: «О, қандай жақсы!» - деді.
Мәтінді жасыру
      27. Мен ешқашан мына пәтерді сатып алмас едім!
      Бір бөлмелі пәтер сатылып жатқан. Ол Уолл-стриттен алыс емес жердегі қала орталығында орналасқан еді. Бағасы 300000 доллар болатын. Пәтердің ашық көрсетілімі жексенбі күні өткізілетін еді. Ол пәтерді қарап шығуға барды. Пәтерде тек бір ғана терезе бар еді. Ол өте үлкен еді, бірақ кеңселік ғимаратқа қарай салынған еді. Кеңселік ғимарат дәл сол қарама- қарсы жақта орналасқан еді. Бесінші қабаттағы әр адам оның пәтерін көре алатын. Оған перделерді жабық күйінде ұстауға тура келетін еді. Перделер күннің сәулелеріне кіруге мұрша бермес еді. Ваннада душ болды, бірақ ваннаның өзі жоқ екен. Мұздатқыш тым кішкентай болатын. Тоңазытқышқа кішкентай мұздатылған күркетауықтың өзі әрең сиятын. Плита атымен жоқ еді. Еден берік ағаштан емес, тас тақталардан төселген еді. Енгізіліп орнатылған шкаф тек біреу еді. Мұнда тұру жайында ешқандай да әңгіме бола алмайды деп ойлады ол. Бұл пәтерде проблемалар тым көп. Агент пәтердің бағасы төмендетілді деп айтқан. Пәтердің иесі бар болғаны 250000 доллар сұрап тұр. «Мен оны аламын!» - деді ол агентке.
Мәтінді жасыру
      28. Сіз басқалармен жақсы жұмыс жасай аласыз ба?
      Ер адамға жаңа жұмыс керек еді. Ол Мундолларс компаниясының сайтына кірді. Онда жұмыс іздеушілер үшін арнайы агент бар еді. Ол сұрақтарға жауап бермек болды. Сауалнамада бір-біріне ұқсайтын сұрақтар көп еді. Сіз адамдарды жақсы көресіз бе? Сіз адамдардың ортасында болғанды жақсы көремісіз? Сіз тез дос таба алатын адамсыз ба? Сіз басқа адамдардың проблемаларын тыңдай аласыз ба? Сіз адамдарға бар күшіңізді салып көмектесуге тырысасыз ба? Жоқ, жоқ, жоқ және жоқ деп жауап берді ол. Мен бұл сауалнамадан өтпей, құлайтын шығармын деп ойлады ол. Бірақ мен әділ болуым керек. Ол салаунаманы толтырып бітірді. Ол барлық өзінің жеке мәліметтерін толтырды. Екі апта өткен соң Мундолларстан электронды хат келді: «Біз сізбен жақын арада сөйлескіміз келіп еді». Бұл енді әйтеуір бір нәрсе ғой. Ол бұл туралы өзінің әйеліне айтты. Ол таңғалып қалды. «Олар неге сені сұхбатқа шақырғылары келді екен? Сенің жауаптарыңа қарасаң, сен басқа адамдар туралы ойлап, әуре болатын адам емессің ғой», - деді әйелі. «Иә, мен ондай емеспін. Бірақ олар менен жақсы менеджер шығады деп санайды!»
Мәтінді жасыру
      29. Супермен осында тұрады
      Ер адам Супермендi жақсы көреді. Супермен оның қаһарманы. Ер адам дәл Супермен сияқты болғысы келеді. Оның жасы отызда. Ол Супермендi алты жасынан бастап жақсы көреді. Ол Супермен туралы әңгімелерді екі реттен оқып шыққан. Ол Супермен туралы бәрін біледі. Оған Супермен туралы кез келген сұрақты қойсаңдар болады. Супермен нешеде? Ол сізге айтып береді. Суперменнiң бауырлары бар ма? Ол сізге айтып береді. Супермен көкөністерді жақсы көре ме? Ол сізге айтады. Ол жұмысқа барғанда джинсы киеді. Ал жұмыстан тыс уақытта өзінің Супермен киімін киеді. Суперменнiң киімінде ол көше аралайды. Оның көршілері: «Сәлем, Супермен», - дейді. Әр сенбі күні ол қалалық түрмеге барады. Ол қамаудағыларға барып тұрады. Ол оларға: «Түрмеден шыққан соң сізді сырттай бақылап жүремін. Егер өздеріңді дұрыс ұстамайтын болсаңдар, сендерді қайтадан түрмеге отырғызып қоямын!» Қамаудағылар өздерін дұрыс ұстауға уәде береді.
Мәтінді жасыру
      30. Бетон мен ішімдік үйлеспейді
      Бардың иесі ренжулі еді. Оның ең жақсы клиенті ауруханада еді. Ол басына жарақат алған. «Не болып қалды?» - деп сұрады бар иесінің әйелі. «Ол тым көп ішіп жіберді. Ол көшеге шыққанда құлап қалды. Ол тротуарға басымен құлады. Қазір ол ауруханада. Бұл бірінші жарақат емес. Көптеген клиенттер көшеге шығып алып құлайтын. Көбісі ауруханаға апарылатын. Мен тым көп клиенттерімді жоғалтудамын. Мен тіпті не істерімді білмеймін». Оның әйелі: «Бір ой бар. Тек олар кетіп бара жатқанда, оларға шлем бер. Шлем олардың бастарын қорғайтын болады. Сосын келесі келгенде, олар шлемді қайтара салады», - деп айтты. «Ешкім бардан шығып бара жатып басына шлем кимейді. Олар ақымақ секілді көрінетін болады. Оған қоса, ешкім де шлемді қайтармайды», - деді күйеуі. «Онда тағы бір басқа ой бар. Қазіргі кезде беткі жағы резеңкемен жабылған тротуарлар жасап жатқан жоқ па осы? Сенің тротуарың бетоннан құйылған. Оның бетіне резеңке жапқышты төсет. Сенің клиенттерің құлаған кезде, доп секілді серпіліп кететін болады».
Мәтінді жасыру
      31. Ондай жас емес енді
      «Рахмет, жас жігіт», - деді сатушы Аарон оған ақшаны ұсынғанда. Аарон өзінің құлағына сене алмады. Ол Нью-Йорктегі Бірінші даңғылдағы стоматологиялық университетте жұмыс істейтін еді. Ол өзінің шотын төлеп жатқан. «Жас жігіт?» - деп таңғалды ол. Мен көптеген жылдар бұрын жас жігіт болғанмын. Қазір мен, әрине, ондай емеспін. Бұл жігіт кім? Ол 25 жас шамасында көрінеді екен. Егер біреу оған «жас жігіт» десе, ол мен емес , солай айтқан адамның өзі болар. «Мархабат, жас жігіт», - деді сатушы Ааронға қайтарым ақшасын беріп жатып. «Кешіріңіз! - деді бірден Аарон. Жақын маңдағы кейбір адамдар оған қарап қалды. - Сіз мені екі рет «жас жігіт» деп атадыңыз. Көзіңізді ашыңыз. Мен жас жігітке ұқсаймын ба? Жоқ, ұқсамаймын. Онда неге сіз мені «жас жігіт» деп атадыңыз? Сіз жасөспірімді «қария» деп айтасыз ба? Бәлкім, сіз осылай қызық деп ойлайтын шығарсыз, бірақ әсте олай емес. Мені «сэр» деп атаңыз немесе тіпті ешқалай атамаңыз, өтінемін». Сатушы айтты: «Иә, сэр».
Мәтінді жасыру
      32. Шыдамсыз емделуші
      Анна дәрігердің қабылдау бөлмесінде отырды. Бұл бөлмеде өз кезегін тағы бірнеше адам күтіп отырды. Анна сағатқа қарады. Оны қабылдау уақыты 9:00, ал сағат 09:10 еді. «Дәрігер қайда?» - деп Анна хатшыдан сұрады. «Оны жедел шақыртып алды. Таяу арада келуі керек,»-деді хатшы. «Мен сағат 9:00 қабылдауға жазылғам, сағат 11:00 басқа дәрігердің қабылдауына баруым керек», - деді Анна. «Ол таяу арада келеді», - деді хатшы. Анна басын шайқады. Ол қайтадан өз орнына отырды. «Жедел шақыру», - деп ойлады ол. Бәлкім, ол ұйықтап қалған болар. Осы жөнінде не ойлайтыным туралы оған бәрін айтамын. Дәрігерлер әрқашанда бізді күттіріп қояды. Біздің уақытымыздың біз үшін қымбат екені оларға бәрібір. Дәрігер 09:20 келді. Қабылдау бөлмесінде отырғандардың барлығына дәрігер: «Кешіккенім үшін кешірім сұраймын. Менің үйімнің жанында апат болды. Жедел жәрдем келгенше, жарақат алғанға көмек көрсеттім», - деді.
Мәтінді жасыру
      33. Мен атақты және бай болғым келеді
      Лора үшінші сыныпта оқиды. Мұғалім сыныпта: «Өскенде, кім болғыларың келеді?» - деп сұрады. Джони қолын көтерді. Ол: «Мен ер жеткенде дәрігер болғым келеді. Мен адамдарды кесіп, олардың ішінде не бар екенін көргім келеді» - деді. Билли қолын көтерді. Ол: «Мен полицей болғым келеді. Мен өз қаруыммен жаман жігіттерді атқым келеді» - деді. Бобби қолын көтерді. Ол: «Мен ұшқыш болғым келеді. Мен аспанда құс секілді ұшқым келеді», - деді. Нэнси қолын көтерді. Ол: «Мен медбике болғым келеді. Мен науқас адамдарды күткім келеді», - деді. Мэри қолын көтерді. Ол: «Мен кино әлемінің жұлдызы болғым келеді. Мен атақты және бай болғым келеді», - деді. Лора қолын көтерді. Ол: «Мен мұғалім болғым келеді. Мен олардың өздері кім болғылары келеді, соған үйретуді қалаймын», - деді.
Мәтінді жасыру
      34. Сіздің шуыңыз өзіңізге қайтып келеді
      Барттың үстіндегі көршісі оның мазасын алатын. Ең қолайсыз сәтте олардан біртүрлі ыңғайсыз шу естілетін. Егер мен көршіме оның қатты шулайтынын айтсам, ол маған сенбейтін шығар деп ойлады Барт. Ол маған тек менімен бірге өзінің пәтерінің астында тұрса ғана сенеді. Әрине, бұл мүмкін емес. Менің көршім екі жерде бір уақытта бола алмайды ғой. Бартқа бірдеңе ойлап табу керек болды. Көптеген уақыт және соған байланысты жұмыстан кейін ол Дауысқайтарғыш ойлап тапты. Ол зат шыққан дауыс пен шуды өзінің бастау алған жеріне сілтеп жіберетін. Дауысқайтарғышта дыбысын реттейтін тетік болды. Ол бастапқы шу мен дауысты екі не үш есеге дейін күшейте алатын еді. Барт көршісінің қайтадан шулайтын кезіне дейін күтті. Ол Дыбысқайтарғышты қосты. Көршісінің тынышталуы үшін бір минутқа да жетпейтін уақыт кетті. Барт Гербке өзінің Дыбысқайтарғышы туралы айтты. Герб айтты: «Жақсы ой екен. Сен маған да сондай жасап бере аласың ба? Мен оны әйелім маған әдеттегідей ұрыса бастаған кезде, қосып қоярмын».
Мәтінді жасыру
      35. Оның жаңа қызы үшін газдалған сусын
      Ол әдемі еді. Оның жымиысы кең және оның тістері ғажап. Менің оның жігіті болғым келеді деп ойлады Марк. Бірде ол оның ресторанда жалғыз отырғанын көріп қалды. Ол фри картобы мен бургер жеп отырған. Марк оған қосылғысы келді. Бірақ ол жай ғана барып отыра сала алмады. Бұл тым ашық болып кетер еді. Ол екі газдалған сусын сатып алды. Ол оның үстеліне жақындады. «Сәлем! - деді ол. - Маған тап осы жаңа бір тегін сусын бере салды. Мен бірден екі бөтелкені ішіп тастай алмаймын. Мен сізге біреуін ұсынсам бола ма?» Қыз күлімсіреп ризашылығын білдірді. «Отырмадыңыз ба?» - деді қыз. Ол қызға рахмет айтып отыра қалды. «Мен - Маркпын. Сіз өте әдемісіз», - деді ол. Қыз айтты: «Рахмет. Мен - Дженнимін. Сіз де сондай жаман емессіз. Сіздің қызыңыз бар ма?» Ол: «Жоқ», - деді. Оның жүрегі дүрсілдеп кетті. О, Құдайым, ол менің қызым болғысы келеді деп ойлады Марк. «Менің ең жақын құрбымның жігіті жоқ еді», - деді Дженни.
Мәтінді жасыру
      36. Бір жағалаудан басқасына дейін
      Киса ақ құйрықты, қара түсті мысық болатын. Оның иесі Кэти еді. Кэти Кисаны қатты жақсы көретін. Ол Кисаға тамақтың ең жақсысынан беретін. Ол Кисаның дәрет орнын күн сайын тазалайтын. Ол Кисаны ветеринарға әр алты ай сайын апарып тұратын. Киса Кэтидің төсегінде бірге ұйықтайтын. Кисаның өзінің жеке көпшігі бар еді. Кисаның өмірі керемет еді. Сосын бірде Киса жоғалып кетті. Кэти өзінің ауданында іздеу туралы хабарландыруларды іліп шықты. Әр парақта Кисаның суреті бар еді. Әр хабарландыруда тапқан жанға 500 доллар берілетіні туралы айтылған еді. Бірнеше айлар өткен соң, Кэтиге біреу қоңырау шалды. Қоңырау шалған Нью-Йорктегі ветеринар дәрігер болатын. Әлдекім Кисаны тауып алып ветеринарға әкеліп берген екен. Ветеринар Кисаны тексеріп, сканерлеуден өткізген екен. Сканерлеу Кисаның үстінен микрочипті тауып көрсетті. «Сіздің мысығыңыз менде» - деді дәрігер. Кэти бақыттан айқайлап жіберді. «Оны өзіңіз баға тұрыңызшы. Мен Нью-Йоркке бірінші рейспен ұшып шығамын», - деді Кэти. «Бәлкім маған мысықтың атын «Жағадан жағаға» деп өзгерткенім дұрыс болар» деп ойлады Кэти.
Мәтінді жасыру
      37. Пердешенің шаңын сүрт
      Әйелі төр бөлмедегі терезенің қасында отырған еді. «Мынаған қарашы», - деді ол. «Қайсыған қара дейсің?» - деп сұрады күйеуі. Әйелі айтты: «Мына пердешенің шаңын қара. Бұл шаңнан мен ауырып қалуым мүмкін. Бұл пердешелерді қашан тазартасың? Қанша рет сұрауым керек сенен?» Ол айтты: «Онша шаң емес қой бұлар. Бірақ мен бәрібір оларды сүртіп шығамын». Келесі күні ол барлық терезелердің пердешесін сүртіп шықты. Ол дымқыл сүлгілердің жартысын жаратып тастады. Әрбір пердешеде 38 жұқа тақтайша болды. Ол әйеліне пердешелерді көрсетіп, айтты: «Пердешелерге қарашы. Олар жап-жаңа сияқты. Бірде бір шаң жоқ. Жақсы жұмыс емес пе, иә?» «Мақтанатын ешнәрсесі жоқ. Оларды мен бірінші рет сұраған кезде, сүртіп тастауың керек еді», - деп жауап берді әйелі.
Мәтінді жасыру
      38. Екі құйрықты сиыр
      Бесси сауылымдағы сиыр еді. Оның ақ терісінде төрт қара дағы бар еді. Әлде оның қара терісінде ақ дақтар болып па еді? «Бұл менің ең жақсы сиырым», - деді фермер Браун өзінің көршісіне. Оның көршісі айтты: «Сенің ең жақсы сиырың ба? Ал бірақ Бессиде екі құйрық бар ғой! Кім тіпті осындай болатыны туралы естіген екен? Ол біртүрлі ыңғайсыз көрінеді! Қалайша осындай екі құйрықты біртүрлі сиыр сенің ең жақсы сиырың болмақ?» Фермер Браун айтты: «Бесси табыннан ешқашан қалып қоймаған. Ол ешқашан ауырмаған. Ол бүкіл басқа сиырларға қарағанда сүтті көп береді. Ол басқа сиырлардікінен ерекше дәмді сүт береді. Әрине, ол басқа сиырларға қарағанда шыбынды көбірек өлтіреді. Және де ол танымал! Екі құйрықты сиырға қарау үшін адамдар әр жерден ағылып келіп жатады. Олар оның екі құйрығынан ұстап көреді. Олар оның екі құйрығынан өздеріне мұрт істеп, суретке түседі. Олардың достары олардың екі құйрықты ұстап тұрған сәттерін суретке түсіреді. Олар үйлеріне бақытты болып қайтады. Мен өзімде Бесси секілді 100 сиырым болғанын қалар едім!»
Мәтінді жасыру
      39. Ырылдаған тышқан
      Чэд көлігіне қайтып келе жатты. Ол ормандағы серуеннен қайтып келе жатты. Ол арыстанның ақырғанын естіді. Есімнен адасқан шығармын деп ойлады ол. Бұл орманда ешқандай арыстан жүрмейді. Ол арыстанның қайтадан ақырғанын естіді. Ол қорқа бастады. Ырылдау машина жақтан естілді. Қараңғы түсіп келе жатты. Ол өте баяу әрі ақырындап жүре берді. Күтпеген жерден арыстанның даусы тура жанынан шықты! Оның жаны мұрнының ұшына келді. Біткен жерім осы шығар деп ойлады ол. Ол жан-жағына қарады. Еш жерден арыстан көрінбеді. Бірақ жердегі тышқанды көрді. Тышқан аузын керіп, ырылдай жөнелді. Чэд күліп жіберді. Арыстан дегені кіп-кішкене тышқан екен! Ол тышқаннан: «Неліктен арыстан сияқты ырылдайсың?» - деп сұрады. Тышқан: «Өте ерте заманда мен арыстан болғанмын. Бір күні сиқыршыны жеп қоймақшы болдым. Ол мені жалғыз жортқан тышқанға айналдырды».
Мәтінді жасыру
      40. Шөлмектен шыққан Жын
      Ер адам жағажаймен жүріп келе жатты. Судың жағасында жатқан бір қара қошқыл затты көрді. Жақын келіп көрді. Бұл шыны шөлмек еді. Ол өте ескі болып көрінді. Ер адам оны жерден көтерді. Ол оған бос секілді боп сезілді. Бірақ шөлмек тығынмен тығындалған екен. Ер адам тығынынан босатты. Шөлмектен ақшыл түтін жоғары көтерілді. Түтін өзінің бейнесі мен түсін өзгертіп тұрды. Түтін әдемі әйелдің бейнесіне айналды. Әйел: «Мені босатқаның үшін рахмет. Қаласаң, мен сенің үш тілегіңнің біреуін орындаймын. Сен бай болуыңа болады. Сен бақытты болуыңа болады. Сенің денсаулығың мықты болуына болады. Сен қайсысын таңдайсың?» - деді. Ер адам: «Бұл қиын таңдау екен. Мен үш тілектің бәрін таңдауыма бола ма?» - деді. Әйел: «Әрине, егер сен үш шөлмек тапсаң, болады. Қазіргі жағдайда тек бір ғана тілек тілейсің», - деді. Ер адам ойланып қалды. Ақшаға бақыт сатып алуға болады. Ақшаға медициналық сақтандыруды сатып алуға болады. «Мені бай қыл», - деді ол.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Сауле Ибраева, Алтынгуль Кептербаева, Гаухар Назымбекова, Аяулым Орынгали, Акжайык Сабырбаева, Максат Маликов, Janerke Kurmanalinova, Аслан Бисенов, Бахытжан Ертай, Гульзайнаб Сисенова, Еркежан Каймоллаева, Жанара Қабина, Рахат Уйсымбаев, Султангазы Абдыкалыков
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Короткие истории. Том 1, стр.1 Вернуться к началу Короткие истории. Том 1, стр.3  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга