Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Короткие истории (Short Stories)

Том 2, страница 2
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      21. Әлгі флешка қайда екен?
      Ерлан өзінің флешкасын пайдаланғысы келген. Ол оны әрқашан өзінің шалбарының сол қалтасында ұстайтын еді. Ол сол қалтасын ақтара бастады. Ерлан флешканың пішінін сезе алмады. Ештеңе оңайлықпен бола салмайды, деп ойлады ол. Ерлан қалтасындағы бар нәрсенің барлығын шығарып алды. Ол соның барлығын жазу үстеліне қойды, бірақ флешка жоқ болды. Ол шалбарының оң жақ қалтасын қарап көрді. Ерлан оны оң қалтадан да таба алмады. Ол қалтасынан барлығын шығарып тастады. Онда қалам, қарындаш және кілттер болды, бірақ флешка онда да жоқ шықты. Ерлан флешкасын іздеуді доғарды. Ерлан оны кейінірек тағы басқа бірдеме іздегенде табармын деп жобалады. Келесі күні ол өзінің шаппасын іздеп жатып өзінің флешкасын тауып алды. Флешка оның күртесінің қалтасында жатып екен. Жеке заттарымды іздеуге қаншалықты көп сағат кетірдім екен деп таңданды Ерлан. Оған әрдайым өмірінің жартысын сол өмірінің екінші жартысында басқа бір жерге қойып қойған заттарын іздеумен өтетіндей боп көрінетін.
Мәтінді жасыру
      22. Сұлу әйел дегеніміз сұлу әйел
      Говард: ««Үлкен Алмада» тұрамыз деп жолымыз болды. Мен қайда қарамасам да о, да бұ да сұлу қыз. Қарсы алдымыздан келе жатқан ана ақсары әйелге қарашы. Ол анық 10 ұпайға лайық». Алан: «Мүмкін 9. Оны көздері бір біріне жақын орналасқан. Бірақ ол қызық, солай емес пе? Сұлу әйел дегеніміз әлемнің бәрінде сұлу әйел болып табылады. Әлемнің қай бөлігінен екені маңызды емес. Сұлу дегеніміз сұлу. Неге олай? Әлемнің барлық еркектері сұлу әйел дегеніміз сұлу әйел деген келісімге қалай келді екен? Біреулердің ойынша ол 8 ұпайға, басқалардың ойынша 9 немесе 10 ұпайға лайық болуы мүмкін, бірақ ол сұлу екеніне біз бәріміз келісеміз». Говард: «Бәрі оңай. Ол біздің тұқымымызда бар. Сұлу әйелдер шамамен 200000 жылдай бар». Алан: «Шынымен бе? Ой, брокколи де шамамен 200000 жылдай бар. Неге онда біз брокколиды жақсы көрмейміз?»
Мәтінді жасыру
      23. Бұл не дақ тағы?
      Қайсар теледидар қарап отырған. Көзінің қиығымен ол бірдеңені көріп қалды. Бұл бір көлеңке еді. Ол еденге түсіп тұрғандай көрінген. Қайсар дұрыстап қарау үшін басын бұрды. Бұл көрінген не болса да, ол қараған сәтте ол ендігі сол орнынан жоғалып кетті. Келесі бірнеше ай ішінде Қайсар көлеңкені тағы бірнеше рет көрді. Бұл әрқашан көздің қиығымен қарағанда көрінетін. Қайсар көз дәрігеріне кіріп шықты. Дәрігер оны қарап шығып айтты: «Сіздің көздеріңізбен бәрі де жақсы. Мүмкін бұл жәй сіздің елестетіп көргеніңіз шығар». Қайсар дәрігердікі дұрыс деп санады. Ол үйіне қайтты. Ол теледидардағы арналарды ауыстырып жатқан. Ол тағыда көлеңкені көрді. Қайсар тез басын бұрды. Ол бірдеңенің керует астына қарай кіріп жоғалып кеткендей болғанын көрді. Қайсар керуеттің астын қарады. Ол бұның ешқандай да өзінің елестетуі емес екенін түсінді. Көлеңке шын болып шықты. Ол сонда тұрып қозғалмай қалды - оның қарағаны осы ма? - дәу тарақан екен.
Мәтінді жасыру
      24. Қызбен қалай танысу керек
      Джордан: «Әр кез мен сені көрген сайын сен әйтеуір бір жаңа әдемі әйелдің қолынан ұстасып келе жатасың. Сен мұны қалай істейсің? Сенің құпияң неде өзі?» Райан: «Енді, негізінде ешқандай да құпиясы жоқ бұның. Жәй ғана өзіңе сенімді болуың керек. Әйелдер өзіне сенімділерді жақсы көреді. Мен әйелдермен жәй ғана өзімді таныстырып таныса саламын. Мен күлімдеймін, олармен амандасамын сосын менің атым кім болатынын айтамын. Әдетте оларда күлімсіреп жауап қайырып амандасады да өздерінің атын айтады. Міне осылай, болды. Барлығы жымиюдан, амандасудан және есіміңнен басталады. Осы үш зат «добы домалауға итермелейді». Осылардан кейін барлығы майдан өткен ыстық пышақтай кетеді. Шындығын айтсам, сен егер тап қазір әйел іздесең сен босқа уақытыңды кетіресің деп ойлаймын. Саған қазір іздеу керек зат ол өзіңе деген сенімділігің». Джордан: «Жарайды, бірақ осы өзіңе деген сенімділікті маған қайда табу керек?» Райан Джорданның кеудесіне саусағымен нұқыды да айтты: «Ол дәл сонда. Саған қалғанынан бар болғаны сол, оны сол жерден іздеп табу».
Мәтінді жасыру
      25. Мына жаңа туфлилерді кері қайтып алыңыз
      Лиза Манхэттеннің орталық бөлігінде орналасқан «Blarks» аяқ киім дүкеніне кірді. «Blarks» фирмасының туфлилері оған қатты ұнайтын. Оған жұмысқа арналған жеңіл туфли керек еді. Лиза 100 доллар тұратын бір жұп туфлиді тауып алды. Лиза оларды сатып алды. Содан соң Лиза «Macy's» дүкеніне кіріп, осындай туфлилердің басқа түстері бар жоғын көруге кірді. «Macy's» дүкенінде дәл осындай туфлилердің үш түсті түрі бар екен. Және де олар жаппай сатылымда екен. Үш жұп туфли бар жоғы 200 доллар тұрады. Лиза үш жұп туфли сатып алды. Лиза «Blarks» дүкеніне кері қайтты. Ол сатушыдан ақшасын кері қайтаруын сұрады. Сатушы: «Кешіріңіз. Бізде тек айырбастауға және несие алуға рұқсат етіледі. Ақша қайтарылмайды. Қайтару ережесі сіздің чегіңізде толық жазылған» - деді. Лиза дүкен меңгерушісін шақыруды өтінді. Дүкен меңгерушісі де осыны Лизаға қайталап айтты. Лиза дүкен меңгерушісіне дауысын көтеріп, ақшасын қайтаруын айтты, ақшасын алмайынша дүкеннен шықпайтынын ескертті. Дүкен меңгерушісі көптеген сатып алушылардың Лизаға қарап тұрғанын көрді. Ол өзін байсалды ұстап оның ақшасын кері қайтарды.
Мәтінді жасыру
      26. Үлкен ағасы үшін кішкентай дәрішек (пилюля)
      Тайлер: «Үкімет суперпилюля жасап шығармақшы. Ол сіздің барлық не істеп не көргеніңізді жазып көрсетіп отырады. Егер сіз кілтіңізді қайда қойғаныңызды ұмытып қалған болсаңыз тек көзіңізді жұма салыңыз. Өзіңізге «кілттерді» елестетіңіз, сосын сіз кілтіңізді соңғы рет қашан көрген кезіңіздің дыбысты-бейнежазбасын көресіз. Егер сіз тап жаңа танысқан адамның атын ұмытып қалсаңыз, тек көзіңізді жұма салыңыз. Өзіңізге «қол алысып» жатқан сәтті елестетіңіз, сосын сіз соңғы рет танысқан адамыңызбен болған кездің дыбысты-бейнежазбасын қайталап көресіз. Джэкоб: «Бұл ғажайып қой!» Тайлер: «Маған аяқтауға мұрша беріңіз. Және тағы бұл супер пилюля сіздің миыңыздағы пилюляны қабылдағанға дейінгі не болғанын жазып және көрсете алатын болады. Мен сізді пилюляның тіпті миыңызда бар екенін білмейтін боласыз дегенді айтып тұрмын. Әрине, пилюляны барлығыда қабылдауды керек. Үкімет әр адамның пилюлясындағы барлық мәліметтерді қарап көруге тәуліктік күнделікті мүмкіндік алады». Джэкоб: «Ұмыт бұны. Бұл ешқашанда орын алмайды. Америкалық халық ешқашан бұндайға шыдамайды».
Мәтінді жасыру
      27. Жеңілдікпен сатылған таяқ
      «Барлығы долларға» дүкенінде Сержан жиналмалы таяқты көрді. Ол биіктігіне қарай ұзарып не қысқарып реттелетін еді, және ол бар болғаны 7 доллар 99 цент тұратын. Бұл күтпеген жағдайға деп алуға жақсы зат еді. Таяқ - бұл қолшам сияқты, деп ойлады Сержан. Ол саған керек болған кезде оны барып алуға мәжбүр болғанша, оны саған әлі керек емес кезде алып қойғаның дұрыс. Сержан үйіне келгенде ол Ғаламторға шықты. Жиналмалы таяқтар 25 доллардан тұрады екен. Бір апта өткен соң Сержан тізесін жарақаттап алды. Ол екі күн бойы төсектен тұра алмады. Сосын ол жүріп қозғалу үшін өзінің таяғын пайдалана бастады. Сержан таяқты кезінде алып қойғаны үшін өзін бақытты сезінді. Және ол бұны дәл уақытында істеген екен. Сержанның әйелі оның таяқпен жүргенін көргенде, әйелі сұрады: «Сен бұны қашан алып жүрсің?» Сержан таяқты бір апта бұрын алғанын айтты. Әйелі айтты: «Міне сондықтан сен тізеңді жарақаттап алдың. Сен өзіңе бәлені шақырып алдың. Сол дүкенде мүгедектер арбасының сатылмағанына Құдайға шүкір».
Мәтінді жасыру
      28. Бүкіл өмірі ақымақтықтыққа толы
      Аарон: «Осы өмірімде көптеген ақымақтық жасағаныма сене алмаймын. Кішкентай кезімде металл мұз салғыш қалыпты жалағаным бар. Әрине, менің тілім қалыпқа жабысып қалды. Мен үрейлендім. Қалыпты тілімнен жұлып алдым. Тілім қан жоса болды. Қазіргі күні тәуір сөйлей алатыныма шүкір. Келесі жолы пілдікіндей құлағымды жөндемек болдым. Әр күні екі құлағымды басыма қысып ұстадым. Ақыр соңында, шеміршегімді сындырып тындым. Осыдан кейін олар одан бетер шығып тұратын болды. Сатып алған алғашқы көлігімнің шығысқа шығарылғанын растайтын куәлігі болды. Бұл барып тұрған ақымақтық қой? Оны қайтарудан бұрын 10000 доллар жұмсадым». Ааронның бөле қарындасы: «Сен тағы да ақымақтыққа сай бір іс жасап тұрсың». Аарон: «Шын ба? Ол не?» Бөле қарындасы: «Сен жасаған ақымақтықтарың туралы әңгімелеп тұрсың. Мұның өзі ақымақтық емес пе?»
Мәтінді жасыру
      29. Шынайылылықтан артық нәрсе жоқ
      Жұбайы: «Сен мені қашан бір жерге алып барасың? Біз қай уақытта Лос-Анджелесте болдық, сен мені ешқашан «Юниверсал» студиясы мен Диснейлендке апарған емессің. Біз қазір Манхэттендеміз. Сен осы уақытқа шейін мені Бейбітшілік ескерткішіне және Эмпайр-стейт-билдингке апарған емессің» - деді. Ері: «Мен сені қанша рет «Starbucks»-ке апардым. Бұл не саналмай ма? Бұл жерлерге бармаған себебіміз, біріншіден олар алыста орналасқан, екіншіден бару жолы қымбат және оған баратын халық өте көп. Егер олар туралы мағлұмат алғың келсе, YouTube сайтына кір. YouTube саған сонда болғандай мүмкіндік береді және өзіңді сонда болғандай сезінесің. Бұл нағыз шындық, тек кезекке тұрмайсың және кіру билетін алмайсың», - деді. Жұбайы: «Жақсы, егер кешкі ас ішкің келсе, жай ғана YouTube - ті аш. «Кешкі асқа стейк» басып шығар да, бейне таспамен рахатқа бөлен. Шынайылығында дәл солай болады, тек иіссіз және дәмсіз», - деді.
Мәтінді жасыру
      30. Машина айдауға қатты мас
      Күмістүстес «Мерседес» төрт жолақты жолды жағалай тербеліп келеді. Екі қалың жағылған жолақ және жол төсеміне біріктіріле салынған жарыққайтарғыштар қозғалыс жолағын бөліп тұрды. «Мерседес»-тің жүргізушісі өте жақсы киінген еді. Және ол тағы өте қатты мас еді. Ол машинаның барлық терезесін ашып және де музыканың бар дауыс шығарып қойып келе жатқан еді. Ол бірқалыпты жылдамдықты ұстай алмады. Ол жылдамдық біресе үдетіп, сосын қайта кемітіп отырды. Ол тіке жүре алмады. Ол машинаны жолдың оң жақ шетіне бағыттап жүргіншілер жолының бөлігінде жатқан «кіржуғыш тақта» түріндегі қауіпсіздік қосалқы жолының бойына шығып кетті. Діріл оны сол жаққа бұруға мәжбүр етті. Ол орнатылған жарыққайтарғышқа соқпайынша солға қарай бұрып келе жатқан. Діріл мен темірдің үйкелген дыбысы оны сол жаққа қарай бұруға итермеледі. Ол машинаны қаншалықты жаман айдап келе жатқаны туралы түсініп те отырған емес еді. Бірақ оның соңынан келе жатқан полицей бұны жақсы түсініп отырған. Полицей оны тоқтатты. Ол оның машинадан шығуын өтінді. Полицей оған алкотестерді - алкогольден мастанудың дәрежесін анықтайтын құрылғыны ұсынды. Жүргізуші міңгірлеп рахметін айтты. Ол қолындағы алкотестерді телефон секілді ұстап тұрды. Ол айтты: «Алло».
Мәтінді жасыру
      31. Метро жолаушылары үшін оңай ақша
      М пойызындағы ер адам былай деді: «Барлықтарыңызға қайырлы таң! Қысқа қайырайын. Менің атым – Робин. Мен мұнда ақша сұрау үшін келмедім. Мен жұмыс іздеп жүрген жоқпын. Мен Евангелиені уағыздамаймын. Десе де сіздерге айтар жақсы жаңалығым бар. Менің баршаңызға арналған сыйлығым бар. Сыйлық – жиырма долларлық қағаз. 20 доллар көп ақша емес екенін білемін, бірақ сіздер оған осы қалада лайықты түстене аласыздар. Қазір мен осы жермен жүріп өтемін. Егер жиырмалықтан алғыларыңыз келсе жәй ғана қолдарыңызды созыңыздар. Рақмет!» Робин жиырмалықтан көп қолдарға үлестіріп шықты. Кейін ол метроның басқа вагонына кіріп кетті. Ол сол күні таңертең метроның шамамен 30 вагонында жиырмалықтан таратып шықты. Соңынан сол күні полиция оны қамауға алды. Бір күн бұрын ол банк тонапты. Полиция жиналған жұрттан ақшаларды қайтаруларын сұрады.
Мәтінді жасыру
      32. Ол өзін жазушымын деп есептейді
      «Moonbucks» кафесінде аяқ шаншыр жер болмады. Ер адам бұрышта кішкене үстелде журнал оқып отырды. Әдемі жас әйел сұрады: «Сізге қосылуға болама? Басқа отыратын жер жоқ». Ер адам басын изеді. Әйел алғыс айтты да отырды. Әйел: «Сіз, мына журналды оқып отырғаныңызға қарағанда, әжептәуір ақылды адам боларсыз». Ер адам: «Мен жартысын ғана түсінемін, сондықтан сіз атаған «Әжептәуір ақылдының» тек жартысы ғана болармын». Әйел: «Мен тек қана жартысын түсінетін нәрселерді оқымас едім». Әйел одан немен айналысатынын сұрады. Ер адам өзінің жазушы екенін айтты. Әйел: «Сіз не жазасыз?» Ер адам: «Әңгімелер». Әйел: «Сіздің әңгімелеріңіз кітапта жарияланған ба? Ер адам: «Жоқ». Әйел: «Сіздің әңгімелеріңіз бір кездері журналдарда жарияланған ба?» Ер адам: «Жоқ». Әйел: «Сіздің әңгімелеріңіз не кітапта, не журналдарда жарияланбаған. Сонда сіздің әңгімелеріңіз қайда?» Ер адам: «Интернет желісінде». Әйел: «О, онда сіз ешқандайда жазушы емес екенсіз».
Мәтінді жасыру
      33. 30 жыл бойы қағаз сұрыптады
      Крейгтің ағасы жақында ғана мемлекеттік қызметтен зейнетке шықты. Ол мұхит теңіздерге көптеген саяхат жасамақ болып жоспарлаған. Крейг: «Ағамның жұмысы сияқты жұмысты тек армандау ғана қалды. 30 жыл бойы жәй ғана қағаздарды орын-орындарына қойып, артынан теңіз бен мұхит аралап саяхаттау. Сіз бұдан рақатын таппайтын боларсыз». Мэри: «Әрине табасыз. Сенің ағаң осында туылды. Ол ағылшынша еркін сөйлейтін. Ол америкалық мәдениетті көріп біліп өсті. Ол басқа мемлекеттерден көшіп келгендерге қарағанда көп артықшылыққа ие еді. Дегенмен, ол 30 жыл бойы қағаз реттеумен жүрді. Менің бастығым бұл жаққа Вьетнамнан ақшасыз және ағылшынша бір ауыз сөз білмей көшіп келген. Онда жалғыз ащы тұздықтың рецептінен басқа дым болмады. Өткен жылы оның компаниясы сол ащы тұздықтың рецептін 60 миллион долларға сатып жіберді. Егер сенің ағаң жұлдыздарға ұмтылғанда ол қазір өзінің жеке саяхат компаниясын басқаратын еді. Бірақ ол үй өйтіп ынта қылмады. Ол жеңілдің астымен жүрді. Мен сенің ағаңа қарағанда менің бастығым көбірек америкалық деп санаймын».
Мәтінді жасыру
      34. Ту сыртынан амандасу
      Мұғалім мектептің жанынан өтіп бара жатты. Ол артынан аяқ қадамдарының дыбысын естіді. Содан соң ол әйел адамның: «Сәлеметсіз бе.? Хал жағдайыңыз қалай?» - дегенін естіді. Оның кіммен сөйлесіп жатқанына таң қалды. Мүмкін ол менімен сөйлесіп жатқан болар? Бірақ кім адамның ту сыртынан амандасады? Ол телефон арқылы басқа адаммен сөйлесіп жатқан болар, деп жорамалдады. Бірнеше секундтан кейін әлгі дауыс, сәлемдесуін қайтадан қайталады. Мұғалім тағы да таң қалды. Жаңағы адам телефонынан нөмірді теріп, үзілген әңгімесін әрі қарай жалғастырды ма? Әйел адам басқа біреудің нөмірін терді ме? Әлде ол бағанадан бері маған арнап сөйлеп тұр ма? Мұғалім оны көру үшін, басын бұрып қарады. Әлде қандай бір әйел, солға бұрылып көрші жаяу жолға түсіп кетіп бара жатты. Ол өзі оқытатын екінші тіл ретінде ағылшын курсында оқитын студенттердің біріне ұқсас болып көрінді. Бірақ мұғалім оны дауыстап шақырып жатпады. Мұғалім оны қайтадан көру үшін, келесі сабақтың болуын күтті. Мұғалім оған оның сөзін неге елемегенін түсіндірді. Әйел түсінді. Ол: «Келесі жолы мен сізбен бетпе-бет кездескенде амандасатын болам!» - деді.
Мәтінді жасыру
      35. Салқын сынып
      Мұғалімдер жиналысында Реймонд айтты: «Қазір жаз, бірақ менің студенттерім тоңуда. Менің сыныбымда сиыр етінің тілімдерін тоңазытып іліп қоюға болады. Студенттерім ыстық та дымқыл жаздың ауасынан келіп менің мұздай сыныбыма келеді. Температураның тез ауысқандығынан олардың көбісі ауырып қалуда. Олар математикаға дұрыстап зейін қоя алмауда. Олардың бар ойлары өздерінің сонша тоңып қалғаны туралы ғана болады. Олардың біршамасы күртешелер кейін келеді. Олар қайтадан жылыну үшін қысты күтеді. Бізге бірдеме жасау керек. Бізге бұл ғимаратты үш температуралық аймаққа бөлу қажет. Былай етіп көрейік, бірінші қабаттағы температураны 19 градус, ал екінші қабатта 22, ал үшінші қабатта 24 градус қылайық. Олардың міндеттері әртүрлі болады. Салқын қанды мұғалімдер бірінші қабатқа барады. Қандары ыстық мұғалімдер үшінші қабатқа барады. Мен секілді орта температуралы мұғалімдер екінші қабатқа барады. Тіркеу кезінде біз студенттерді олардың қандай температураны қалайтынына сәйкес жазатын боламыз».
Мәтінді жасыру
      36. Граффити қайда жіберсе болады?
      Әйел жағажайда бөтелке тауып алды. Әйел оның бұрын көргендерінің ешқайсысына ұқсамайтын. Әйел оны онда-мұнда бұрғанда бөтелке түсін өзгертетін еді. Түстер жарқырап тұрды. Әйел бұл бөтелкенің ішінде кемпірқосақ бар ма деп ойлап қалды. Егер ол тығында суырып алса, аспанды кемпірқосақ толтырып жібереді. Алыс-жақында тұрғандардың барлығы да кемпірқосаққа қарап сүйсінетін еді. Көп әурелеп күш жұмсағаннан кейін оған тығынды суырып алудың сәті түсті. Басынан аяғына дейін жасыл киінген алып түсі жасыл жын пайда болды. Әйел қорқып қалған еді. Жын айтты: «Қорықпа! Мен мұнда сенің бір қалауыңда орындау үшін келдім. Бірақ ол қоршаған ортаға байланысты болуы шарт. Мен қоршаған ортаның жынымын». Әйел жаңа ғана Манхэттеннен Брайтон-Бичке дейінгі пойыздан түскен еді. Ол көпірлерде, ғимараттарда, қабырғаларда соншалықты көп граффити көргеніне сене алмаған еді. Әйел айтты: «Мен әлемдегі барлық граффитидің жоқ болып кеткенін қалаймын». Жын айтты: «Орындалды».
Мәтінді жасыру
      37. Велосипедтер тебуге арналған
      Бен мен Рэнди Орталық паркте болды. Бен: «Мен жаңа ғана велосипед сатып алдым. Осы жазда Манхэттенде теуіп жүретін болам». Рэнди: «Мен өзім бір жыл бұрын 18-жылдамдықты велосипед сатып алғам. Былтыр жазда жұмыстан соң күн сайын дерлік тебетін едім. Қалада жүргенде ләззат аласың. Бұл қызықты әрі танымдық». Бен: «Онда неге бірге теппейміз?» Рэнди: «Мен қуана келісер едім, бірақ тебе алмаймын. Әйелім бұдан былай велосипед теппеуімді өтінді. Ол пәтерімізге жақын жерде велосипедшіні қағып кеткенін көріпті. Содан шошып қалған. Менің медициналық сақтандыруым жоқ. Егер жарақат алсам, үйде мені күту үшін жұмысынан демалыс ала алмайды. Сондықтан да велосипедімді қазір шаң басып тұр». Бен: «Оған велосипедіңсіз жаттыға алмайтыныңды айтсаңшы». Рэнди: «О, мен бұрынғыша велосипедіммен жаттығамын – әрбір екі ай сайын оның доңғалақтарына ауа толтырып отырамын».
Мәтінді жасыру
      38. Ағасын асыраудан бас тартты
      Дина өзінің компаниясын ашқысы келді. Ол әкесінен қарызға ақша беруін сұрады. Әкесі ақша беруден бас тартты. Әкесі оның бизнесвумен болғанын қаламады. Бұл отбасы үшін ұят болады. Дина өзінің өмір бойы жинаған 50 долларына жергілікті жеткізушіден тәттілер сатып алды. Сосын ол тәттілерді пайдамен сатты. Түскен ақшығы ол тағы тәттілер сатып алды. Бірнеше жылдан кейін оның он жұмысшысы болды. Оның жеке жүргізушісі болды. Динаның әкесі оның ағасын жұмысқа алуын сұрады. Динаның ағасын жұмысқа алғысы келмеді. Оның ағасы жалқау адам болатын. Бірақ Динаның әкесі дегенінде тұрды. Сондықтан Дина ағасын жұмысқа алды. Оның ағасы жұмысқа кеш келіп, ерте кетіп жүрді. Дина ағасына ұрысатын еді. Ол ағасын ескертті. Бір жылдан кейін Дина ағасын жұмыстан шығарып жіберді. Динаның әкесі оған ауланып, айтты: «Сен оған жеткілікті уақыт бермедің». Дина айтты: «Жоқ, әке. Ол маған жеткілікті уақыт бермеді. Мен қазір оған әлемдегі бар уақытты беріп жатырмын».
Мәтінді жасыру
      39. «Сен дұрыс бағытқа жүріп бара жатқан жоқсыз»
      Олар Грили-сквер-саябағында еді. 6-шы даңғыл бойындағы бір жақты қозғалыс солтүстік бағытқа қарай еді. Бір жігіт ештеңе болмағандай өзінің велосипедінде оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатты. Лора: «Анау ауруды қара. Ол дұрыс бағытта бара жатқан жоқ. Ол деген апаттың себепшісі болуы мүмкін емес пе. Полициялықтар қайда?» Роджер: «Жақында біз бәрімізде полицейлік боламыз. Мен бірдеңе ойлап таптым. Міне көр». Роджер шағын құрылғыны велосипедшіге бағыттады да айтты: «Қазір оған хабарлама жетеді. Дыбыс деңгейін күшейтемін». Лора естіді: «Сен дұрыс емес бағытта кетіп барасың, ақымақ. Бұрыл». Велосипедші тоқтады. Хабарлама үздіксіз қайталана берді. Ақыры ол бұрылды. Хабарлама тоқтатылды. Лора күліп айтты: «Ғажап!» Роджер айтты: «Мен қандай да болсын хабарлама жібере аламын». Лора айтты: «Сен бұл нәрсе үшін миллиондап табыс көрсең болады». Роджер айтты: «Мен білемін. Бірақ алдымен адамдар бұл құрылғыны маған қарсы қолдана алмайтын қылудың жолын табу керек».
Мәтінді жасыру
      40. Аллаға шүкір, бүгін жұма
      Жұма, кешкі 10 сағат 5 минут. Ақыры жұмыс аптасы аяқталды. Әйтеуір әйелдің В пойызындағы 40 - минуттық жол жүрісі аяқталды. Жол бойы отырып келсе де, әйел өзінің қатты шаршағанын сезінді. Метро станциясындағы эскалатор жұмыс істемеді. Эскалатордың 49 басқышынан тұратын жолды қиындықпен жүріп өтті. Өзінің көп қабатты үйіне дейін 4 көше қиылысын жүріп өтті. Өз пәтеріне дейін екі баспалдақтың арасымен көтеріле беріп, осымен нешінші рет, өзіне бірінші қабаттағы пәтерлердің біріне көшуге уәде берді. Ол керуетіне сылқ ете түсіп, бірден ұйқыға кетті. Ертеңіне таңғы астан соң, кір киімдерді екі нәрсеге салып, кір жуатын орынға жүріп кетті. Жуылған заттарын үйге әкелген соң, азық - түлік сатып алуға шықты. Сонан соң ол бірнеше әмбебап дүкендеріне кіріп шықты. Оған жылы тоқыма киім мен қыстық күртеше сатып алу қажет еді. Ол не жылы тоқыма киімді, не қыстық күртешені таба алмады. Үйге қайтып келген соң, пәтерін жиыстыра бастады. Ол кешкі асты дайындауға кірісті. Оған ағасы қоңырау шалды. Ағасы: «Сен, ертең біздің кішкентай баламызбен отыра аласың ба?» - деп сұрады.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Сауле Ибраева, Жанара Қабина, Акжайык Сабырбаева




© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Короткие истории. Том 1, стр.5 Вернуться к началу С казахским не шутят?  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга