Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Казахский по уровням

Уровень 5, страница 3
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      41. Шетелдiк акцент
      Инг АҚШ-қа 15 жасында көшіп келген еді. Оның туған елі Қытай еді. Ол сөйлегенде оның қытайлық акцентi байқалатын. Оған өз акценті ұнамайтын, өйткені ол сөйлегенде күлкілі естілетін және оған қоса кейде адамдар оның не деп айтқанын түсінбей қалатын. Инг басқалар оның акцентпен сөйлегенін күлкі қылатынын білетін.
      Тарих пәнінің мұғалімі әр балаға сынып алдына шығып Құрама Штаттардың конституциясынан бөлімдерді оқытып қоятын. Инг бүйтіп оқығысы келмейтін. Ол мұғалімнен өзінің даусын магнитофонға жазып жіберсе қайтеді деп сұрады. «Болмайды, себебі бұл басқа балалар үшін әділетсіз болады»,- деді мұғалім. Сонда Инг оған бәрінен бірдей американдық акцентпен сөйлеуді талап ету де әділетсіз екенін айтты. Мұғалім оған қосымша тіл сабақтарын алып, қытайлық акцентінен құтылуды айтты.
      Инг тарихтан беретін мұғалімінің кеңесіне құлақ асып, шетелдік акценттен құтылу үшін қосымша сабақтарға баратын болды. Курстарда Инг сияқты адамдар толып жатты. Оқытушы Инг пен басқа адамдарға сөздерді қалай дұрыс айту керектігін үйретті. Бір апта уақыт өтті, бірақ Инг әлі ешқандай да өзгерісті байқамады. Ол тіл сабақтарына баруды доғарып, өзінің акцентін жақсы көре бастауды дұрыс көрді. Оған өзін өзгертпей-ақ қойса да болатын еді. Адамдар өздері қалай қалыптасса, солай жақсы көруге тиісті.
Мәтінді жасыру
      42. Кәсіптік бағдар көрсету күні
      Оқушыларға алдағы мамандықтарын таңдауға жол сілтеп, өз жұмыстары жайлы айтып беруге кей балалардың ата-аналары келді. Джейн автобус жүргізушісі болып қызмет ететін өз әкесін алып келді. Бастапқыда Джейннің әкесіне өз жұмысы ұнай қоймады. Бес жылдай уақыт өткен соң, ол жұмысына бауыр басып қалды. Ол автобус жүргізушісінің адамдармен сөйлесуге мүмкіндігі бар болғандықтан, жұмысын жақсы көрді. Алайда кейде онымен ешкім әңгімелескісі келмейді. Бұл күндер ол үшін жай өткінші болды.
      Джейннiң әкесі баласының сыныптастарына автобус жүргізушісі болып жұмыс істегенде немен айналысатынын айтты. "Біреулеріңнің автобус жүргізушісі болуға қызығушылықтарың бар ма?" - деп сұрады Джейннің әкесі. Ешкім қолын көтермеді. Келесі болып оқушылар алдына сөйлеуге шығатын Джулияның әкесі еді. Джулияның әкесі өрт сөндіруші болып жұмыс істейтін. Ол өрт сөндірушінің арнайы киімін киіп келіпті. Ол өзінің жеке тәжірибесі мен кезінде өрт сөндіруге ат салысқан жан түршігерлік өрт апаттары жайлы айтты.
      Оқушыларға Джулияның әкесі өте ұнамды болды. Олар оған көптеген сұрақтар қойды, кейбіреулері тіпті оны құшақтап жатты. Джейнің әкесі өзін ыңғайсыз сезініп қалды. Ол сыныптан сабақ уақыты бітпей шығып кетті. Джейннің апайы да қоса шығып әкесімен сөйлеспек болды. "Лоувелл мырза, мен жай айтқым келген еді, мен сіздің не нәрсемен айналысатыныңызға өте үлкен құрметпен қараймын". Джейннің әкесі жай жымиып қойды.
Мәтінді жасыру
      43. Жігіт дұрыс жолға түсті
      Дональд бүгін бес жылын өткізген абақтыдан шығады. Ол түрмеге жақын жердегі дүкеннің кезекші сатушысын соққыға жыққаны үшін отырған еді. Дональд дүкеннен азық-түлік ұрлап кеткен ,оны көріп сатушы оның соңына түскен. Дональд сатушыны ұрып жығып, азық-түлікпен қоса қашып үлгерді. Ізін суытпай полиция сақшылары оны тұтқындады. Дональд түрмеде болғанда түрмеден шыққан жағдайда ол өзінің түбегейлі өзгеретініне уәде етті.
      Ол түрмеде отырып, көрмегенді көрді. Түрме бір тұтас басқа қатал да аяусыз әлем еді. Ол орта мектеп кезіндегідей секілді еді ,бірақ әлдеқайда нашарырақ .Онда неше түрлі топтастықтар бар еді , оның ішіндегі өркөкіректері басқаларды қорқытуға себеп іздейтін де жүретін. Дональд олардан барынша алшақ жүруге тырысты.
      Дональд түрмеден шыққанда, бостандықтың ауасын жұтудан тоймады. Бостандықта болу- бұл неткен керемет еді! Ол ұрлық жасаған дүкеніне барды. Сатушы оны көріп, лезде телефонға жармаса кетті. Дональд өзінің оған жамандық тілемейтінін айтып, оны сабасына түсірді. "Мен өзімнің істеген ісіме кешірім сұраймын. Мен азық-түлікті панам болмаған соң ұрлап кеттім. Бірақ мен сізді ұрып соқанным үшін ақталмақ ойым жоқ." Дональд сатушыға ішінде 1000 доллары бар конвертті ұсынды. "Білемін, бұл шығынды толық өтемейді, бұл ақшаны түрмеде жатып 5 жыл бойы жинадым", - деді Дональд. Сатушы оны құшақтай жөнелді.
Мәтінді жасыру
      44. Кек алу
      Ханна жақсы қыз еді. Ол мектепке уақытында келетін, сабақ үлгерімі жақсы болатын, ешкімге жамандық тілемейтін, әрі футбол ойнап, аптасына бір рет панасыздар үйіне тегін көмек беріп жүретін. Бірақ Ханна сәл қалғанда бұзылып кете жаздады. Кеше әлдекім оның үйін тонап кетіпті. Ол өзі ешқашан ешкімге жамандық тілемесе де, басында мұндай жайт орын алғанына күйінген еді.
      Ханна кек алуға бел буды. Көршісінен ол өзін кім тонағанын біліп алды. Бұл оның үйінен небәрі үш көшеден соң тұратын адам екен. Ол түнделетіп қара бетперде мен киім киіп шықты. Ол ұрыдан өзінің заттарын алуды және болса тағы бірдеңелерді жымқыра кетуді көздеді. Ол өзі мен отбасының сезінгенін оларға да сездіргісі келді.
      Ханна есікті қағаз қыстырғыштың көмегімен ашып, үй ішіне енді. Ол өзінің заттарын пеш қасынан тапты. Ол заттарды жинап үлкен қара дорбаға салып алды. Ол тағы сол үйде тапқан онсыз да көп емес ақшаларды ала салды. Ол басқа алуға тұрарлық заттың жоқтығын көріп, аэрозольдық бояумен үй ішіндегі қабырғаларды жазып бүлдіріп кетті.
Мәтінді жасыру
      45. "Ауызды қуыртар" қанатшалар
      Лилиан өткір тағамдарды жақсы көреді. Ол өткір тағамдарды жегенде ашырқамайды, оның ащылық әсерін сезбейді. Лилиан кейде өткір тағамдарға чили қосып жейді. Лилиан мен оның достары қаланың атақты дүкендерінен " ауыз қуырар" тауықтың қанатшаларынан ауыз тиюді ұйғарды. "Ауыз қуырар" қанатшалардың өткірлігі сонша, кішкене ауыз тисең, бір сағаттан соң асқазаныңызды күйдіргенін сезесіз.
      Дүкен иесі Лилиан мен оның достарына тауық қанатшаларын жеген соң, олардың денсаулықтарына зиян келсе, оған жауап бермейтіндерін айтып, талап шағымдарына қол қоюларын сұрады. Лилиан қобалжыды. Сонымен, қанатшалар тағамы әкелініп, барлығы чили иісін сезді. Достарының бірі түшкіріп салды, өйткені чили иісі өткір еді.
      Лилиан алғашқы үзігін жеді. Оның құрамында көп бұрыш бар еді! Лилиан аузымен ауаны жұтып, терең дем алды. Ол аздап су ішті, бірақ аузы күйіп тұрды. Достары оған сүтке тапсырыс берді. Сүтпен өткір тағамды басуға болатын. Лилиан екі стақан сүт ішті, бірақ сонда да қатты қыжыл басылмады. Оның достары "ауыз қуырар" қанатшаларды жемейік деп шешті, себебі Лилиан көтере алмаған ащылықты, біз қалай көтере аламыз!
Мәтінді жасыру
      46. Дос сатқындығы
      Бенджамин мен Кайл ең жақын достар еді. Олар 10 жастарында танысқан еді. Олар бірге жүзу жаттығуларына баратын. Олар өз сыныптарының ең мықты жүзгіштеріне айналды. Олар өз мектептерінің жүзу құрамасының сапында болды. Олар екеуі де бірдей жақсы жүзгіш болса да, олардың мінез сипаттары әртүрлі болды. Бенджамин жан-жақты болатын. Оның сабақтары тек бестік болатын, тіпті тереңдетілген тақырыптарда да. Кайл тәжірибелік түрде ойлайтын. Ол өз алдына қойған мақсатына қалай жетуді білетін.
      Бенджамин мен Кайлдың екеуі де жүзуден команда капитаны болғылары келді. Бірақ капитан тек біреу болуы тиіс. Капитандықты тек ең көп дауыс жинаған алатын. Кайл алаңды болды, өйткені ол Бенджаминнің өзіне қарағанда көбірек танымал екенін түсінетін. Команда мүшелерінің бірсыпырасы Кайлда аздап әділетсіздік бар деп санайтын. Алайда Кайлдың жоспары бар еді. Келесі күні ол Бенджаминді санамағанда команданың барлық мүшесін бассейннің маңына кездесуге жинады.
      "Тыңдаңдар, жігіттер, мен білемін сендердің ертең Бенджаминге дауыс беретіндеріңді, иә, мен де оның жақсы жігіт екенін білемін. Мәселе мынадай болып тұр ,ол жақсы капитан болып келістірмес. Негізі ол бәрінен бұрын сабағын ойлайды, ол брасспен жүзіп дайындалғанша алдымен қайдағы бір бақылау сынағына дайындалатын шығар. Мен жүзу десе ішкен асымды жерге қоямын, мен команда үшін күш жігеріммен барымды саламын". Кайл өзінің бұрыс тірлік қылып жатқанын түсінетін, әрине, бірақ ол тек қатты капитан болғысы келген, сондықтан ол бұндай ойларға аса мән бермеді.
Мәтінді жасыру
      47. Сайлау алдындағы сөз
      Бенджамин жүзу дайындығынан соң шешінетін бөлмеден шығып келе жатқан. Оның командасының бір мүшесі Аарон онымен сөйлескісі келді. "Бен, сенің білуің керек бір нәрсе бар", - деді Аарон. "Мен не білуім керек еді?" - деп сұрады Бенджамин. "Кайл барлық командаға сенің жақсы капитан болып жарытпайтыныңды айтты!" - деді Аарон.
      Бенджамин үйіне жабырқаулы күйде келе жатты. Ол Кайлды мұндайға барып, сатқындық жасайды деп ойламаған. Ертең жүзуден команда капитандығына тағайындау сайлауы болуы керек. Бенджаминнің Кайл туралы ойлап алаңдайтын жағдайы болмады. Оған өзінің сөйлейтін сөзін дайындау қажет еді. Ертеңіне Бенджамин мен Кайл бүкіл жүзу командасы алдында тұрды. Кайл бірінші шықты. "Аманбысыздар, құрметті командалас жолдастар! Мен сіздердің келесі капитандарыңыз болғым келеді, себебі мен үшін басқадан бұрын жүзу бірінші орында. Мен барлық 110 пайызға әр дайындық пен біз қатысатын әр жарыста барымды салатын боламын. Егер сіздер маған дауыс берсеңіздер, біз әрқашан жеңіске жететін боламыз".
      Келесі болып Бенджамин шықты. "Бәріңе сәлем. Келесі капитан мен болуым тиіс, өйткені мен біздің команданы мықты қыламын. Ең маңыздысы біз бәріміз тізе қоса жұмыс жасап, әрқашан өзара достығымыздан ауытқымауымыз қажет. Біз бір-бірімізді жеңілсек те, жеңсек те қолдап, тіреу бола білуіміз керек. Мен командадан бір отбасы шығарамын. Болашақ отбасы ретінде біз өзімізге байланысты нәрсені бағындыруға ынтамыз әрдайым биік болмақ".
Мәтінді жасыру
      48. Команда капитанын таңдау
      Бенджамин мен Кайл жүзу командасына капитандыққа таңдауға сөз сөйлеп болды. "Жақсы, болды, енді кім Кайлдың капитан болғанын қалайды, сол қолын көтерсін", - деді жүзу бапкері. Бес адам қолын көтерді. "Енді қайсың Бенджамин дейсіңдер, солар қолдарыңды көтеріңдер", - деді бапкер. Отыз адам қолын көтерді. Бәрі Бенджаминді құттықтап, оның атын дауыстап айтып жатты. Кайлдың іші күйіп мектептен ерте кетіп қалды.
      Бенджамин сабақтардан шығып, Кайлдың үйіне соқты. Ол Кайлдың есігін қақты. Кайл есікті ашты. "Сәлем , жағдай қалай?" - деді Кайл. "Сен тым болмағанда менің командаға жаман капитан болатыным туралы бүкіліне айтқаныңды өзіме айтпақ ойың бар ма еді?" - деп ренішпен сұрады Бенджамин. Кайл Бенджаминнің бұл сатқындық туралы біліп алғанын білмеген. "Кешір, мен өте қатты капитан болғым-ақ келген". "Мен екеуміз ажырамас дос болармыз деп ойлағам. Сен қалайша мұндайға бардың?" - деп сұрады Бенджамин. Кайл ұялғаннан кірерге тесік таппай, амалсыздан басын шайқады. "Жағдай былай ғой, мен сенің жақсы жүзгеніңді, біздің сыныптағы ең ақылды болғаныңды, бәрінің сені ұнатқанын көре алмадым".
      "Кайл, сен де жақсы жігітсің ғой. Қыздар да сені ұнатады, сенің жүзу мәнерің таңқаларлық және сен өзіңнің қалағаныңа қалай жетуді білесің", - деді Бенджамин. "Сен мені кешіре аласың ба? Мен шынымен қатты өкінемін", - деді Кайл. "Жарайды, бірақ бұл туралы кешкі ас үстінде сөйлесейік. Мен аштан қататын болдым! - деді Бенджамин. Кайл мен Бенджамин екеуі өздерінің 10 жастан бері барып жүрген мейрамханасына кетті.
Мәтінді жасыру
      49. Мэри мен Наташа
      Мэри де, Наташа да Кайлды жақсы көретін. Олар екеуі де мектепішілік кешті Кайлмен өткізгісі келген. Мэри бірінші болып оған жақындады. "Тыңдашы Кайл, сен мектеп кешінде менімен бірге болғың келе ме?" "Құдайым-ай. Жағдай былай болып тұр, мен бүгін кешірек басқа біреуді шақырғым келген", - деді Кайл. Мэри ашу үстінде еді. Ол қалайша оған жоқ деп айта алды? "Сен кімді шақырмақсың?"- деп сұрады Мэри. "Наташаны", - деді ол.
      Мэри бір шара қолдануы керек еді. Ол Наташаның Кайлды алып кетуіне мүмкіндік бере алмады. Мэри Кайлдың жан досы Бенджаминге барды. "Тыңдашы Бенджамин, сен не болса да Наташаны кешке өзіңмен баруға шақыруың керек". "Шын ба? Ол мені ұнатады деп ойламаймын", - деді ол. "Ол маған сені ұнататынын талай айтқан", - деді Мэри. "Жарайды, мен оны кешке шақырамын! Маған бұл туралы айтқаның үшін рахмет!" - деді Бенджамин.
      Түскі ас кезінде Бенджамин Наташаға раушан гүл шоғымен жақындап келді. "Наташа, сен менімен мектеп кешіне баруға қарсы емессің бе?" - деп сұрады Бенджамин. Наташаның кешке Бенджаминмен бірге барғысы келмеген, бірақ оларға бәрі тесіліп қарап отырған. Ол келісімін бермей, оны ыңғайсыз жағдайда қалдырғысы келмеді. "Иә, әрине, мен сенімен баруға қарсы емеспін", - деді Наташа.
Мәтінді жасыру
      50. Мектеппен қоштасу кеші
      Кайл мен Бен сабақтан соң серуендеп жүрген. "Сонымен мен би кешіне Наташамен баратын болдым", - деп толқып айтты Бенджамин. "Не?! Мен оған бүгін кешірек барып кешке шақырмақшы едім!" - деді Кайл. "Немене?! Енді не дейсің, сен кешігіп қалдың. Ол менімен барамын деп уәде беріп қойған", - деді Бенджамин. Кайлдың көңілі жабырқап қалды. Оның орнына Кайл кешке Мэриді шақыратын болды. Оның ойынша ешкімді шақырмағаннан гөрі біреумен барған дұрыс еді.
      Кеште диджей, дискотекалық шар, жеңіл тағамдар, мектептің бойтұмар кейіпкері және әдемі безендірулер болды. Бенджамин, Кайл, Наташа, Мэрилерді қоспағанда бәрі уақыттарын көңілді өткізіп жатты. Бенджамин мен Наташа бір-бірімен жөнді сөйлеспеді де. Наташаның ойы тек Кайлда болды, ал Бенджаминге Наташа бір түрлі тұйық көрінді. Кайлдың да ойы Наташада еді, ал Мэри Кайлдың өзіне көңіл бөлмей жатқанынан жынданып кете жаздады.
      "Сәл күте тұршы, мен барып Бенді көріп қайтайын", – деп айтты Кайл Мэриге. Кайл Бенджаминге жақындады. "Тыңдашы, ал Наташаның өзі қайда?" - сұрады Кайл. "Ол дәретханада", - деді Бенджамин. "Біздің ешқайсымыз қазір дұрыстап көңіл көтере алатын емеспіз. Біз келген қыздарымызбен ауыссақ қайтеді ?" - деп ұсыныс жасады Кайл. "Бұл Мэри мен маған қуаныш алып келмес", - деді Бен. Кайл күрсініп жіберді. Ол Беннің айтқаны дұрыс екенін білді. Мектептегі кеш сәтсіз өтетін болды.
Мәтінді жасыру
      51. Оқулықтар
      Оқулықтар шынында қымбат тұратын. Қызық, ешкімге олардың сондай қатты керегі де жоқ. Оқушылар оларды сатып алуға мәжбүр, өйткені олардың оқытушылары солай болғанын қалайды. Мистер Тан экономикалық бағытты жүргізетін және ол әрдайым оларға 200 долларға оқулықтар алдыртатын. Алайда өткен жылы бір оқушы кітапты ұрлап кетуге тырысты. Ол оқушы сабақтардан босатылатын болды. Мәселе ол оқушының ондай қымбат оқулықтарды алуға жағдайы жетпейтінiнде едi. Мистер Тан жағдайды өзгерту керек деп шешті.
      Оқушыларға кітаптарды сатып алдырғанша, Тан мырза оқулықтарды көшірмелеп, оларды оқушыларға таратты. Негізінен бұлай ету заңға қайшы едi. Басқа мұғалім Тан мырзаның ісін біліп қойып, білгенін мектеп директорына жайып салды. Директор Мистер Танға ескерту берді. Тан мырзаның ойына мәселені заңға қайшы болмайтындай етiп шешу жолы келді.
      Мистер Тан ғаламтордағы бәрінің қолы жететiн мақалаларды қолдануды жөн көрді. Оқушылар енді кітап сатып алмай-ақ қойса да болатын болған соң, бұл ой оларға жаға кетті. Мектеп директоры да бұл ойды құп көрді, өйткені бұның бәрі заң жүзінде еді. Тан мырзаға бұл ойдың ұнау себебі ол ғаламтордағы мақалалар көптеген қызықты ақпараттар бере алады деп есептеді. Мистер Тан "Жыл Мұғалімі" деген марапатты жеңіп алды. Ол өз оқушыларының қаржы мәселелеріне селқос қарамағаны үшін құрметке ие еді.
Мәтінді жасыру
      52. Ат өзгерту
      Диего өзінің атын ұнатпайтын. Бұл есім – испандық есім еді және ол испан тілінде сөйлей алмайтын. Алайда жұрт оны испан тілінде сөйлейді деп ойлайтын. Ол тіпті латынамерикандық емес. Диегоның атын ұнатпауының тағы бір себебі аты қатты естілмейтін. Ол есімін Брэндон, иә болмаса Брок деп өзгертуді ойлаған.
      Диего әке-шешесіне атын өзгертетінін айтты. Бұнысы оларға ұнамады. «Бұл есімді саған біз қойдық. Өзгертсең, сен бізге қарсы шыққаның, – деді шешесі. «Неге сен өзіңді басқаша атасын деп сұрамайсың адамдардан? – деді әкесі. - Заңды түрде өзгертудің қажеті жоқ». Диего өзінің есімін өзгертпесе, онда адамдар оны ескермей ,бұрынғыша атай береді деп санады.
      Диего ата-анасының айтқанын жөн деп шешті. Мектепте апайлары мен достарынан ол өзін Брок деп атауын сұрады. Достары күлкіге айналдырып, одан бұның себебін сұраған болатын. Апайлары қарсы болмады, бірақ олар байқаусызда оны Диего деп атай берді. Диего он үш жаста еді, оны бұрыннан танитын адамдар басқаша атауды қиын көрді.
Мәтінді жасыру
      53. Сахнаның алдындағы қорқыныш
      Сахнаның алдындағы қорқыныш – бұл көпшіліктің алдына шығарда пайда болатын күйгелектік. Бұл кеңінен тараған құбылыс. Тодд мырза өзінің сахна алдындағы қорқынышын сахна сөйлеу сабақтарында жояды. Дайындықта әрқайсысы сынып алдында бес рет шығып сөйлеу қажет. Алдымен студенттің өзі жайлы. Бұлардың айтатыны өздерінің нені жақсы көреді, нені жақсы көрмейді, отбасы, достары, қызығушылық және болашаққа деген жоспарлары туралы. Бұл бірінші сөйлеу болғандықтан, көбісі күйгелектейді. Барлығының көңілдерінен шығуын қалайды. Тодд мырза оларға тыңдаушыларды өздерінің достарыңдай көру керек екенін айтты.
      Екінші сөйлеумен шамаланған нәрсе аудиторияны бір нақты іспен көндіру қажет болды. Біреуі түсік жайлы. Екіншісі Дональд Трамп жайлы. Мына жерде Тодд мырза аудиториямен байланыс орнатуды кеңес етті. Адамдар сендердің істеріңді қолдауы әбден мүмкін, егер де сендер бұл істің оларға да тікелей қатысты екенін көрсетсеңдер.
      Үшінші сөйлеуде студенттер аудиторияны бір басқа елге барып қайтуға көндіреді. Үшінші сөйлеуге жете бергенде студенттердің өздеріне деген сенімділігі күшейе түсті. Өздерін жеңіл ұстайды. Студенттерге барлығы бір- бірімен дос сияқты көрінді, тіпті олар қателескенімен барлығы да ойдағыдай болды.
Мәтінді жасыру
      54. Лотерея жеңімпазы
      Джанет Гаваяға тегін сапар ұтысын жеңіп алуға болатын мемлекеттік емес лотереяға қатысты. Ол бұл туралы сұлы қауызының қаптамасынан оқыған еді. Ол әрқашан Гаваяға баруды армандайтын ,сондықтан ол бұл хабарландыруды көріп қатты қуанды. Ол лотореяға көп адам қатысатынын түсінетін, бірақ бір нәрсе оның ұтысты жеңетінін білдіртті. Оның өзіне деген сенімінің мықты болғаны соншалық , ол тіпті Гаваядағы баратын жақсы жерлерді белгілей бастады.
      Лотерея жеңімпаздарын әлгі қауыздар өндіретін компанияның ресми сайтында жариялаулары тиіс еді. Джанет сайтқа кіріп, өзінің атын бірінші беттен көрді. Ол ұтысты жеңді! Джанеттің қуанғаны сонша, Гаваялық өлеңді қосып, соған билей бастады. Ол сайттан толығырақ мәліметті оқып, оның тағы өзімен бірге бір адам алуына болатынын білді.
      Джаннет кімді шақырарын білмеді. Ол көп уақытты бірге өзімен өткізе алатын біреуді шақырғысы келді. Ол қызықты оқиғаларды сүйетін біреумен барғысы келді. Ол Гаваяға жақсы баға бере алатын біреуді алғысы келді. Джаннет бұл туралы ойланып, ақыры өз анасын алуды шешті.
Мәтінді жасыру
      55. Сүйретпемен жүру қауіпсіз емес
      Студенттерге нені киюге болады және болмайтыны туралы көптеген ережелер бар. Қыздарға өздерінің көкірекшелерінің бауын көрсетуіне ,тым қысқа шолақ шалбар, жабысып тұратын киім киюлеріне және зергерлік әшекейлер тағуларына болмайды. Ер балар өз ішкиімдерін көрсетулеріне немесе тым кең шалбар киюлеріне болмайтын. Қыздарға да, ер балаларға да сүйретпелерді қоса алғанда ұшы ашық аяқ киім киюлеріне болмайтын. Студенттерге бұл ұнамады, өйткені сүйретпемен жүру өте ыңғайлы әрі жеңіл еді. Оған қоса сүйретпені ыстық күндері кию керемет еді.
      Тамыздың бір шуақты күндерінің бірінде Себастьян ережені бұзып, оқу орталығына сүйретпемен келмекші болып шешті. Ол ережені бұзғанына өзінше болып жүрді. Оның досы Бретт оған алаңдаушылықпен қарады. "Достым ,сені жайсыздықтар күтіп тұр !" - деді Бретт. Себастьян күліп жіберді. "Жә, олар мұны тіпті көрмей де қалады! " -деді ол. Себастьянның айтқаны болды. Сабақ соңынан сабақ өтіп жатты ,ал мұғалімдер Себастьянның аяқ киімінің ұшы ашық екенін байқаған да жоқ.
      Соңғы сабақ біткен кезде қоңырау шырылдаған соң,Себастьян және оның сыныптастары мектептен шығып кетті. Көшеде келе жатып Себастьян тасқа сүрініп аяғын ұрып алды. Башпайынан қан сорғалап, көгеріп шыға келді. Ол тіпті тұра алмай да қалды! Бретт медбикені шақырып келді. Жағдайды жай медбике қарап бере салатыннан да қиын еді. Медбике ауруханаға қоңырау шалуға мәжбүр болды. Себастьян енді қайтып ашық басты сүйретпе кимейтіндей болды.
Мәтінді жасыру
      56. Өте сүйкімді бойжеткен
      Мейбл мектептегі ең сүйкімді бойжеткен. Мұғалімдер оны жақсы көретін, өйткені ол айтуға тұрарлық жақсы оқушы. Бозбалалар оны әдемілігі үшін жақсы көретін. Ал бойжеткендер оны қайырымдылығы мен жақсы қылықтары үшін жақсы көретін. Оның бауырлары мен сіңлілері оны қамқорлығы үшін жақсы көретін. Мейбл барлығына тек жақсы әсер қалдыратын.
      Бірде олардың үйіне ұры түсіп , барлық ақшасын ұрлап кетті, ал ол оны тоқтатам деп ұмтылғанда, оны ұрып кетті. Мейбл осы оқиғадан соң, біраз еңсесі түсіп жүрді. Ол өзін бөгде біреудің ренжіткеніне, қатты көңілі қалды. Мейбл мектепке келгенде, адамдармен сөйлесуге зауқы болмады. Ол өз ортасынан бойын аулақ ұстап, түскі ас кезінде бөлек отырып, күнде бір ғана киіммен мектепке келіп жүрді.
      Мейблдің достары ол үшін қатты алаңдады. Олар Мейблдің үйіне барып, ата- анасымен ол жайында сөйлеспекші болды. Оның достары Мейблдің мектепте мінез құлқының қатты өзгергенін түсіндірді. Ата- анасы ол жайында білмейтін. Ата-анасы бұл ұрлықтың оған еш қатысы жоқ екенін айтты. Ұрылар тонау үшін, үй таңдамайтынын, қай үйге оңай кіруге болса, соған кіретінін айтты. Ата-анасы оны құшақтап жұбатты.
Мәтінді жасыру
      57. Футбол командасына қосылуға іріктеу
      Говард ешқашан спорт жағынан көзге түспеген. Ол әрқашан толық еді. Адамдар оның көлеміне қарап, күлкі қылатын. Говард мұны өзгертпек болды. Ол жақсы денелі болғысы келді. Ол спортпен айналысқысы келді. Ол футбол командасына іріктеу өтеді деген жарнамасы бар парақшаны көрді. Говард ешқашан футбол ойнамаған, бірақ теледидардан қарап жүретін. Говардтың іріктеуге дайындалуына бір аптасы болды.
      Говард екі сағаттай отырып, теледидардан футбол матчтарын қарап шықты. Ол футбол добын сатып алып, үйінің қасындағы саябақта теуіп қуалады. Ол «Қалай футбол ойнау керек» деген кітапты сатып алды. Және ол әкесінен өзімен бірге ойнауын өтінді. Говард өзін ұлы футболшыдай сезінді! Ол тас түйін дайын! Ол іріктеу кезеңіне кетті. Іріктеуге аз дегенде елу шақты ұл бала қатысты. Говард қобалжып тұрды. Олар өздеріне өту үшін не істеу керектігін білетіндей көрінген. Олар допты бастарында ыршытты, оны тізесінен түсірмей ойнатып, қашыққа дәлдеп тебе алатын.
      Бапкер ұлдарға ойын ұйымдастырып жіберді. Говард "қызылдар" командасында болды. Әлдекім Говардқа допты берді. Говард алаңның қақ ортасында тұрып қалды. "Балақай, сен неғып тұрып қалдың?" - деп сұрады оның бір командаласы. Говард демін терең тартып алып, өзіне бұның колынан келетінін айтты. Говард лезде ойынға оралды. Ол допты аяғымен тоқтатып қақпаға гол соқты. Ол өз көзіне өзі сенбеді. Мұндай жайтқа ешкім де сене алмады. Говард команда қатарына қабылданды.
Мәтінді жасыру
      58. Капитанмен келіспеушілік
      Говард тым толық бала еді, ол кенеттен футбол командасының құрамына кіре қалды. Оның жанұясы тойлатып жатты. Олар Говардтың осындай талабына риза болды. Олар оның жаңа достар тапқанын қалады. Говард та олармен бірге бақытты болды.
      Оның бірінші жаттығу күнінде бапкері қысқа сөз сөйлеп жіберді. "Сізді команда сатына қосылуыңызбен құттықтаймын. Сіз дәстүрді сақтауыңыз қажет. Біздің мектептің футбол командасы Миссиссипидің солтүстік бөлігіндегі ең мықтысы. Дайындық жаттығулар ауыр да қиын болмақ, бірақ төзуге тұрарлық. Жаттығулар күніне екі сағатқа созылады, сенбі мен жексенбіні қосқанда, барлық күні болады". Говардтың тері бұрқ ете қалды. Ол күн сайын болатын мұндай қарқынды жаттығуларға дайын ба?
      Келесі болып сөзбен команда капитаны шақты. "Бапкер дұрыс айтады, сіздер, жігіттер, бәріне шыдауларың қажет. Шыдау немесе кету". Алдымен команда қыздырыну жаттығуына кіретін созылуды, жүгіруді, допты тіземен басқаруды жасады және солай әрі қарай. Говардта қиындықтар бар еді, әсіресе жүгіруде. Қыздырынып болып, балалар футбол ойнады. Говард шаршап қалған-ды. Капитан оны әрірек алып кетіп былай деді: "Мен сенің команда құрамына қалай іліккеніңді білмедім. Сенің жай жолың болып кеткен- ау шамасы". Говард оны не деп жатқанын дұрыс тыңдамады да, бірақ ол бар күшін салып талпынды.
Мәтінді жасыру
      59. Мықты және әлсіз жақтар
      Говардты осы жақында футбол командасына алды. Бірақ ол капитанға ұнамайтын және ол өз жолдастарына қарағанда әлі бірталай затты білмейтін. Әрі Говард басқалар секілді жақсылап ысылмаған еді. Тағы бір жағынан ол басқа балалардың жасап жатқанын дұрыс қайталай алмады. Говард өзінің командаға қабылдану себебі іріктеу матчындағы голға тікелей байланысты екенін білетін. Бірақ ,сол голды да ол кездейсоқ соққан еді. Бапкер мұны бір жеті жаттығудан соң тез ұқты.
      Бапкер Говардпен сөйлесу үшін кездесу белгіледі. "Сен бұл кездесудің не үшін екенін білесің бе?" - деп сұрады Бапкер. Говард басын изеді. "Сенің көрсеткіштерің басқалардікіндей онша жақсы емес. Оған қоса, байқаймын, сенің кемшіліктерің басымырақ", - деді бапкер. "Иә, мен футболшы болып туа қалмадым", - деді Говард. "Егер командада қалсаң, сенің басыңда көптеген артық қиындықтар болады. Егер сен сонда да ойнағың келсе, саған әлі де үйреніп жаттығып, келесі жылғы іріктеу матчына тағы қатысып көргенің дұрыс". Говард күрсініп алды. Ол бапкердің айтып отырғаны қате емес екенін түсінетін, бірақ ол сонда да мұңайыңқырап қалды.
      Говард жылап жіберді. Бапкер оны иығынан құшақтады. "Әрбір адамның мықты және әлсіз тұстары бар. Футбол - сенің мықты жағың емес, бірақ мүмкін сен өзіңді басқа бір жағыңнан жақсы көрсетерсің. Менің мықты жағым футбол ойнау, ал менің әлсіз жағым бұл музыкалық аспаптарда ойнау", - деді бапкер. Говард бұл сөздерді естіген соң, өзін жақсы сезініп қалды. Говард өзінің мықты тұстары бар екенін білген, оған тек олардың қандай екенін табу қалды.
Мәтінді жасыру
      60. Үйсіз адамның өткен өмірі
      Рики – үйсiз адам. Әр күн сайын ол саябақтағы үлкен көлеңкелі ағаштың астында ұйықтайды. Таңертең ол саябақты аралап жүреді, кейде ойын алаңын қарап қайтады. Оған әткеншекте көзін жұмып тербелген кездерді есіне түсірген ұнайды. Оның өткен өмірі керемет болған. Ол жағдайы жоғары жанұяда өскен. Оның ата-анасының екеуі де дәрігер болған. Рики жақсы мектепке баратын ,көптеген достары бар еді және ол дәрігер болуды армандап жүрген. Бәрі керемет еді. Сосын бір пациент оларды сотқа берді. Оның ата-анасы сотта жеңіліп, әлгі пациентке миллион доллар өтемақы қайтарулары қажет болды.
      Рики және оның жанұясы үйлерін сатып, одан әлдеқайда шағынырақ үйге көшулері керек болды. Рикиге де мектебін ауыстыру керек болды. Рикидің ата-анасына жаңа өмірге үйреніп кету қиынға соқты. Шағын үйде бір жыл өмір сүргеннен кейін, оның әкесінің жүрек талмасы ұстап қалды. Оның анасына күйеусіз қалу өте ауыр тиді, сөйтіп ол күйзелістен қайтыс болды. Рикиге енді өзін-өзі қамтамасыз ету қажет болды. Ол мектепті тастап, азық-түлік дүкенінде жұмыс істей бастады. Ақырында ол жұмыстан шығып кетті, өйткені ол өзін мұндай жұмысқа тым жақсымын деп санады. Рики ұнатпайтын жұмысты істегенше, дұрысы панасыз болып жүрген жақсы деп шешті.
      Рики үйсіз жүргенге үйреніп кетті. Ол қазір 23 жаста, оның үйсіз жүргеніне қазір бес жыл болды. Ол саябақта адамдармен сөйлесіп, жасқы әңгіме айтатын жандарды кездестірді. Ол тамағын қоқыс бактерінен табады. Ол ешнәрсеге мұңайып қайғырмайды. Рики – жұмыссыз, бірақ бақытты.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Жанара Қабина, Алтынгуль Кептербаева, Аслан Бисенов, Жанар Амангалиева, Гаухар Назымбекова, Акжайык Сабырбаева, Мади Толегенов, Назгуль Тынбаева, Рахат Уйсымбаев.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Казахский по уровням. Ур.5, стр.2 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.5, стр.4  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга