Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Лёгкие истории (Easy Stories)

Страница 7
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      121. Жаңа жыл бақыт әкеле ме?
      Жаңа жыл еді. Ол Лас Вегаста тұрып жатыр. Ол казиноға барды. Ол рулетка үстелінің қасына жақындады. Ол бір 100 долларлық фишка алды. Ол тиынды тастап жіберді. Тиынды ұстап алды. Бүк шықты. Ол 100 долларлық фишканы қызылға қойды. Крупье рулетканың дөңгелегін айналдырды. Дөңгелек шыр айналды. Крупье күміс шарды тастады. Шар шыр айналды. Дөңгелек баяулай бастады. Шар да баяулай бастады. Шар қызыл тесікке түсті. Ол ұтып алды! Крупье оған 100 долларлық фишка берді. Ол крупьеге 100 доллар шай-пұл берді. Ол фишкалардың екеуін де ақшаға айырбастады.. Ол үйге қайтты. Оның көңіл-күйі көтеріңкі болды. Келген жыл табысты болмақ.
Мәтінді жасыру
      122. Оның жүзіп үйренгісі келеді
      Жаз мезгілі еді. Жүзіп үйренү сабақтары басталды. Ол жүзе алмайтын. Оның жүзіп үйренгісі келді. Ол бассейнге телефон соқты. «Сіз ересек адамдарға жүзуді үйретесіз бе?» деп сұрады. Нұсқаушы: «Иә, біз ересектерге де, балаларға да жүзуді үйретеміз. Біз бәріне жүзуді үйретеміз», - деді. Ол сабақтың қанша болатынын сұрады. «Ересектер үшін 25 доллар ғана тұрады» деді нұсқаушы. Ол нұсқаушыға есімін айтты. Нұсқаушы есімін жүзіп үйренушілердің тізіміне енгізді. «Сіз жүзіп үйренушілердің тізіміндесіз» деді . «Сіздің бірінші сабағыңыз сенбіде түсте болады. 25 доллар және орамал әкеліңіз». «Осы заттарды ғана әкелуім керек қой?» деп сұрады. «Кешірім өтінемін. Шомылу киімін де әкеліңіз» деді нұсқаушы.
Мәтінді жасыру
      123. Оған бұл ой ұнады
      Ол қарттар үйінде тұрып жатыр. «Менің істейтін ісім жоқ» деді ол мейірбикеге. «Неге теледидар қарамайсыз?» деп сұрады мейірбике. «Теледидар қарағанды жек көремін. Бір көрсеткенді қайталай береді» деді. «Неге шахмат ойнамайсыз?» деп сұрады мейірбике. «Шахмат ойнауды жек көремін» деді. «Үнемі ұтыламын». «Неге карта ойнамайсыз?» деп сұрады мейірбике. «Карта ойнағанды жек көремін. Адамдар әрдайым алдайды» деді. «Неге кітап оқымайсыз?» деп сұрады мейірбике. «Кітап оқығанды жек көремін» деді . «Кітап оқығаннан басым ауырады». «Неге қыдырып келмейсіз?» деп сұрады . «Қыдырғанды жек көремін» деді. «Далада үнемі ыстық». «Неге ұйықтап алмайсыз?» деп сұрады. «Бұл жақсы ой» деді. «Мен ұйықтағанды жақсы көремін».
Мәтінді жасыру
      124. Жұмысқа орналастыру мүмкіндігінсiз оқыту
      Үйі жоқ адамдар жол бойында отыр. Әр адамның жанына жігіт келіп, қолдарына жарнамалық парақшаны ұстатты. Бұл кәсіби-техникалық мектептің жарнамасы болатын. Парақшада мектепте шаштараз курсы ашылатыны туралы жазылған. Курс тегін және үйі жоқ адамдарға арналған. Мэтт жарнаманы оқып шықты. Ол әлгі жігітпен сөйлесті. Мэтт осы курсты оқығысы келетінін айтты. Жігіт Мэттің аты-жөнін жазып алды. Жігіт Мэттке дүйсенбі күні мектепке келу керектігін айтты. "Оқу қанша уақытқа созылады?" деп сұрады. "Оқу 8 апта болады", - деді жігіт." Мектеп маған жұмыс тауып бере ме?" - деп сұрады Мэтт. "Жоқ, жұмысты өзіңіз табуға тура келеді. Біздің қолымыздан келетінін осы", - деді жігіт.
Мәтінді жасыру
      125. Брэд ашулы болды
      Брэд ашулы.Ол тұрғын үй басқарушысына ашулы болатын. Тұрғын үй басқарушысы оны пәтерінен қуып шықты. «Жалдау ақысын төлей алмасаң, сені шығаруға мәжбүрмін», - деді үй басқарушысы. «Пәтер ақысын уақытында төлеп тұрдым ғой», - деді Брэд. «Сіз жалдау ақысын әрдайым уақытында төлеуіңіз керек», - деді үй басқарушысы. Бір күні кешке Брэд жанармай станциясына келді. Ол бірнеше литр бензин сатып алды. Бензинді канистрге құйды. Ол кешкі 11-ге дейін күтті. Үй басқарушы бұрыштағы бірінші пәтерде тұратын. Брэд үй басқарушының шамы сөнгенше күтті. Ол бензинді оның есігінің алдына төкті. Ол сіріңкені жақты.
Мәтінді жасыру
      126. Кездесуге келді
      Ол қонақ үйдің алдына тоқтады. Түн ортасы болатын. Ол қонақ үй қызметкерінен «Сізде бос бөлме бар ма?» деп сұрады. Қызметші бос бөлме бар екенін айтты. Ол қанша екенін сұрады. Қызметші бір түнге 100 доллар болатынын айтты. «Бірақ түннің жартысы өтіп кетті», - деді. «Ақының жартысын төлесем бола ма?» Қызметші келісті. «Бірақ бір шарт бар», - деді . «Біз төлемнің жартысын ғана алсақ, сіз де жартысын ғана аласыз. Сіз төсектің жартысында ғана ұйықтауға тиіссіз. Екі жастықтың біреуін ғана пайдалана аласыз. Ваннада ыстық және суық су бар. Сіз біреуін ғана қолдана аласыз. Кабельді теледидарда 100 арна бар. Сіз тек 50 арнаны көре аласыз».
Мәтінді жасыру
      127. Қолданылған инелер
      Жыл сайын донорлар күні өтеді. Ол қызына: "Мен ертең қан тапсыруға барамын", - деді. Қызы: "Жоқ, қан тапсырмашы. Сенің бір ауру жұқтырып алуың мүмкін", - деді. Жігіт: "Ауру жұқтырып аламын ба? Қалай жұқтырып алады екенмін?" - деп сұрады. Ол :"Кім біледі. Егер мейірбике шалынып қалып, қолданылған инесі тиіп кетсе ше?" Жігіт бұл әңгіменің күлкілі екенін, мейірбикелер шалынып қалмайтынын және мейірбикелер донорларға қолданылған ине екпейтінін айтты. Ол келесі күні қан тапсыруға барды. Ол мейірбикелерді мұқият бақылап отырды. Олардың ешқайсысы да құлаған жоқ және донорларға қолданылған ине еккен жоқ. Жігіт қан тапсырды. Ол қызына ешкімнің шалынып қалмағанын, пайдаланылған ине екпегенін айтты. Ал қыз жігітіне жолының болғанын айтты.
Мәтінді жасыру
      128. Жағдайы нашар суретшілер
      "Мен ешқашан бұл көркемөнер жәрмеңкесіне қатыспаймын", - деді Молли." Бұл көркемөнер жәрмеңкесіне неге қатыспайсың", - деп сұрады Тери. "Келушілер өте аз", - деді Молли. "Рас, келушілер аз екен", - деді Тери. "Ақша жұмсап жүрген келушілер өте аз". "Рас", - деді Молли. Келушілер тоқтап, Моллидің суретіне қарады. Келушілер тоқтап, Теридің суретін тамашалады. Келушілер Моллидің суреті керемет екенін айтты. Келушілер Теридің де суретін керемет екенін айтты. Бiрақ ешкім ештене сатып алмады. "Ешкім ештеңе сатып алмайды", - деді Молли. "Олар тоқтап тамашалайды. "О, қандай керемет", - деп, ары қарай кете береді". Молли мен Тери бiр де бiр сурет сатпады. Олар өз бағаларын төмендетті. Олар "Жаппай сатылым" тақтайшаларын ілді. Барлық суреттеріне 50% жеңілдік жасады. Бірақ бір сурет те сатылмады.
Мәтінді жасыру
      129. Басшыға сеніңіз
      Полиция басшысы қылмыстың азайғанын айтты. "Қылмыс азайды", - деді полиция басшысы Брэддон. Ол теледидар репортерларының алдында сөйледі. Ол газет репортерларының алдында сөйледі. Ол радио репортерларының алдында сөйледі. Ол мақтанып тұрды. Ол "Мен мақтан тұтамын", - деді. "Біздің полиция жақсы жұмыс істейді. Мен біздің полициямен мақтанамын". Ол қылмыстың 50 пайызға азайғанын айтты. "Қылмыстың қай түрлері?" - деп бір репортер сұрады. "Қылмыстың барлық түрі", - деді Брэддон. "Велосипедтерді ұрлау 60 пайызға төмендеді. Ұялы телефондарды ұрлау 55 пайызға азайды. Компьютерлерді ұрлау 50 пайызға төмендеді". Ол қылмыстың басқа түрлері туралы ештеңе айтқан жоқ. "Ал қылмыстың басқа түрлері туралы не айтасыз?" - деп сұрады репортер. "Қылмыстың басқа қай түрлері?" - деп сұрады Брэддон. "Сіздер осы жаңалыққа риза болуларыңыз керек. Осы туралы xалыққа xабарлаңыз. Халық та риза болады.
Мәтінді жасыру
      130. Капюшон мен қолғап киген адам
      Банкке бір ер адам кірді. Үстінде балахон киімі бар. Қолында қолғап. Бұл жаз мезгілі еді. Далада ыстық . Басқа балахон , қолғап киген адам жоқ. Банк күзетшісі ол адамға қарап: « Сіз неге балахон киіп, қолғап киіп алғансыз?» - деп сұрады. Ер адам ауыратынын айтты. Ол жұқпалы ауру. Ол жөтелді. Тағы да жөтелді. Күзетші артқа шегінді. Оның ауру жұқтырып алғысы келмеді. Ол ер адамды бақылауын тоқтатты. Ол банкке кірген басқа адамдарды бақылады. Жұқпалы ауруы бар адамды ұмытып кетті. Бірнеше минуттан кейін ер адам банктен жүгіріп шықты. Оның қолында ақша салынған дорба болды.
Мәтінді жасыру
      131. Ағылшынша se habla
      Алекс Америка Құрама Штатының азаматтығын алғысы келді. Ол азаматтық алғысы келетін курсқа жазылды. Бірінші сабаққа барды. Оқытушы тек испанша сөйледі. Оқушылардың барлығы тек испанша сөйледі. Алекс те испанша сөйледі. Ол оқытушыдан: «Сіз неге испанша сөйлейсіз? Бізге ағылшынша сөйлеу қажет. Ағылшын тілін түсінуіміз қажет. Ағылшын тілін оқуымыз қажет. Ағылшын тілінде жазуымыз қажет», - деді. Оқытушы: «Сабыр сақтаңыз. Ағылшын тілі енді маңызды емес. Менің оқушыларым тілдесуден сүрінбей өтеді. Сіз ағылшынша иә, жоқ деп айта аласыз ба? Ендеше сіздің ағылшын тіліңіз жаман емес. Сіз АҚШ елінің азаматы болғыңыз келеді. Ол сіздің ағылшын тілінен маңыздырақ. Алекс курсқа баруын тоқтатты. Ол басқа курсқа жазылды. Оқытушы тек ағылшын тілінде сөйледі.
Мәтінді жасыру
      132. Ноутбукті салқындату жүйесі
      Оның ноутбугы жазу үстелінде тұр. Ноутбук үнемі қызып кетеді. Ол тез қызып кетеді. Оны қалай суыта алады? Ол қонақ үйдегі желдеткішті қосты. Ол ноутбукты суытты. Бірақ желдеткіш айналадағы шаңды көтеріп жіберді. Ол айналадағы қағазды көтеріп жіберді. Ол ноутбугын қалай суыта алады? Оған бір ой келді. Ол кішкентай пластмасса текшелерін сатып алды. Əр текше бір квадрат дюйм (2,54 см). Ол ноутбукты сол текшелерге қойды. Ноутбуктың əр бұрышында бір текше болды. Енді ноутбук үстелден сəл биіктеді. Ноутбук астында кеңістік болды. Салқын ауа өту үшін кеңістік керек болды. Салқын ауа ноутбукты қызып кетуден сақтайды.
Мәтінді жасыру
      133. Күтпеген аптап ыстық
      Күн ыстық болып тұр. Түн де ыстық. Ол қонақ бөлмедегі желдеткішті қосты. Ол ас бөлмесіндегі желдеткішті де қосып қойды. Екі желдеткіш те толық қуатында желдетіп тұр. Олардан қатты шу естіліп тұр. Бірақ салқын ауа соқпады. Олардан ыстық ауа соғып тұр. Барлық жерінен ыстық ауа соғып тұр. Ол желдеткіштерді сөндіріп қойды. Ол салқындатқышты қосты. Барлық терезелерді жапты. Ол кіреберіс есігін жапты. Пәтер салқындай бастады. Ол біртіндеп салқындай берді. Осы кезде бірдеңе тарс етті. Қатты тар етті. Ол үйдің төбесіне ұшақ соғылған шығар деп ойлады. Бірақ бұл ұшақ емес еді. Бұл салқындатқыштың ауа нығыздағышы еді. Ол істен шықты. Ол есік, терезелерді қайта ашып тастады.
Мәтінді жасыру
      134. Іздестіру бюросы
      Ол қаламын таба алмады. Менің қаламым қайда екен , білгім келіп тұр. Ол қаламын іздей бастады. Ол қысқатолқынды пештің үстінде жатқан болатын. Ол ұялы телефонын таба алмады. Менің ұялы телефоным қайда екен, білгім келіп тұр. Ол ұялы телефонын іздей бастады. Ол теледидардың үстінде жатқан. Ол көзілдірігін таба алмады. Көзілдірігі шекесінде тұрған. Мен бәрін іздеп шаршадым, деп ойлады. Ол кішкентай бейнежазғыш ойлап тапты. Ол өзінің не істегенін, қайда барғанын бәрін бейнеге жазып жүрді. Ол тіс щёткасын таба алмады. Менің тіс щёткам қайда кеткен, білгім келіп тұр. Ол кішкентай бейнежазғышын қосты. Ол тіс щеткасын тауып алды. Енді ол нәрселерді көп іздемейтін болды.
Мәтінді жасыру
      135. Олар посылканы қашан жеткізіп береді?
      Ол поштаға қоңырау шалды. "Менің посылкам қайда?" - деп сұрады. "Тіркеу нөміріңіз қандай?" - деп сұрады пошта қызметкері. Ол тіркеу нөмірін айтты. "Сіздің посылкаңыз бас поштада. Сіз оны кез келген уақытта алып кете аласыз", - деді. Ол: "Мен сол үшін барғым келмейді. Сіз оны үйіме жеткізіп беріңіздер". Пошта қызметкері жеткізіп беретіндерін айтты. "Біз дүйсенбі күні жеткіземіз", - деді. "Сіз үйде боласыз ба?" Ол: "Дүйсенбі күні қай уақытта?" "Таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін кез келген уақытта". Ол: "Менің жұмыс істеуім керек. Мен үйде күні бойы отыра алмаймын". "Жарайды. Біз оны сейсенбі күні жеткіземіз". "Сейсенбі күні де менің жұмыс істеуім керек". Өтінемін, оны сенбі күні жеткізіп беріңіздерші".
Мәтінді жасыру
      136. Матрастағы не?
      Ол тіс щеткасын еденге түсіріп алды. Ол тіс щеткасын көтерді. Оны суға шайып алды. Ол тісін тазалап, аузын шайды. Ол ваннадан шықты. Ол өзінің кереуетіне отырды. Ол төсек жаймасының астынан бірдеңені сезді. Ол төсек жаймасын ашып көрді. Оның матрасында бірдеңе болды. Бұл жаңа матрас қой. Ол оны кеше ғана сатып алды. "Матрастағы не?" - деп ойлады. Ол асүйге келді. Асүйдегі жылжымалы жәшіктен пышақты алды. Ол матрасты кесті. "Бұл не болуы мүмкін?" - деп ойлады. Бұл кішкентай, қара нәрсе екен. Бұл кітап екен. Бұл Жаңа өсиет кітабы. "Құдай маған бірдеңе айтқысы келе ме?" - деп ойлады.
Мәтінді жасыру
      137. Айлақ қашып кете алмады
      Бірнеше адам шағын айлақ үстінде тұрды. Олар кішкене кеменің жақындап келе жатқанын көрді. Кішкене кеме жылдам жақындады. Кішкене кеме шағын айлаққа жақындап келе жатты. Кішкене кеме тоқтай ма? Адамдар қаша жөнеледі. Олар шағын айлақтан қашты. Олар алаңдаулы. Олар кішкене кеме үшін алаңдады. Кішкене кеме жақындай берді. Оның жылдамдығы азаймады. Айлақта бір жігіт тұр. Ол қашпады. Ол кішкене кеме жаққа қарап айқайлады. Ол қолымен бұлғады. "Тоқта! Тоқта! Сендер соғыласыңдар!" деп айқайлады. Алайда кішкене кеме тоқтамады. Ол одан әрі жақындай берді. Жігіт тағы айқайлады. Кішкене кеме жақындай түсті. Жігіт тұтқаны мас біреу басқарып отыр ма деп ойлады. Ол тез қаша жөнелді. Ол айлақтан кетіп үлгерді, ал кішкене кеме айлаққа соғылды.
Мәтінді жасыру
      138. Таза машина
      Оның көк машинасы бар еді. Ол машинасын қатты жақсы көретін. Оның түсі қара-көк болатын. Оның төрт есігі бар. Бұл жаңа машина емес еді. Бұл ескі машина. Бірақ оның дөңгелектері жаңа, қара болатын. Барлық төрт дөңгелектері де жаңа болатын. Машинаның дөңгелектері жаңа болған соң, өзін қауіпсіз сезінетін. Олардың желі шықпайды. Ол жаңа дөңгелектермен барлық жерде жүре алады. Оның машинасы кір болды. Машинаны жуу керек болды. Терезелері, есіктері, капоты кір болды. Жүк салғышы да, бампері кір болды. Дөңгелектері кірлемеді, өйткені дөңгелектері жаңа. Олар қара түсті, әрі жарқырап тұр. Олар керемет көрінді. Дөңгелектерін жумаса да болады. Бірақ машинаны жуу керек болды. Ол шелекке су құйды. Ол шелекке губканы салып, машинасын жуды. Ол машинасын орамалмен құрғатып сүртті. Қазір оның машинасы жылтырап тұр. Машинасы су жаңа болып көрінді. Қазір оның ескі машинасы жаңа дөңгелектердей жылтырап тұр.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гаухар Назымбекова, Señor Chingón, Акжайык Сабырбаева, Жанар Амангалиева, Аслан Бисенов, Еркежан Каймоллаева, Мади Толегенов, Арайлым Тлеуова, Assel Kanybekova, Рахат Уйсымбаев, Маргулан Канат, Олжас Токмагамбетов, Роза Алиева, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Гульзайнаб Сисенова, Максат Маликов, Мира Сембайкызы, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Лёгкие истории. Том 1, стр.6 Вернуться к началу Истории о детях. Том 1, стр.1  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга