Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Лёгкое чтение (Easy Reading)

Том 1, страница 3
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      41. Қысқа мерзімді әуе саяхаты
      Ұшақ әуеге көтерілуге дайындалып тұр. Ұшақ ұшу сызығында кезекте тұр. Бір ұшақ оның алдында тұр. Ал артында көп ұшақ тұр. Барлығы да әуеге көтерілуге дайын. Барлығы жерде тұрып жалықты. Ұшақтар жерде тұру үшін емес, ұшу үшін жаралған. Олар құс секілді. Құстар жерде отыру үшін емес, ұшу үшін жаралған. Ер адам тұрды. Борт жолсерігі оған отыруын талап етті. Ер адам дәретханаға жүгіріп кетті. Дәретхананың есігін ішінен жауып алды. Борт жолсерігі дәретхананың есігін қақты. Ол есікті қайта - қайта қақты. Ер адам шықпады. Борт жолсерігі капитанға хабар берді. Капитан дәретханаға келіп, есікті қақты. Ер адам сонда да шықпады. Ер адам: «Мені мазаламаңдаршы. Мен жалғыз қалғым келеді», - деді. Капитан қайтадан әуежайға оралуға мәжбүр болды. Барлық жолаушылар дәретханадағы ер адамға қатты ашулы еді.
Мәтінді жасыру
      42. Азаматтық алу үшін сұхбат
      Эмма қала орталығына барды. Оған тестілеуден өту керек. Бұл маңызды тест. Бұл оның азаматтық алу тесті. Бұл АҚШ-тың азаматтығын алу үшін өтетін тест. Тест 100 сұрақтан тұрады. Эмма барлық 100 сұрақты жаттап алды. Ол барлық 100 сұраққа жауапты біледі. Ол мемлекеттік тудың түстерін біледі. Ту - қызыл-ақ-көк түсті. Эмма туда неше жолақ бар екенін біледі. Туда он үш жолақ бар. Эмма туда неше жұлдыз бар екенін біледі. Туда елу жұлдыз бар. Эмма Құрама Штаттардың астанасын біледі. Құрама Штаттардың астанасы - Вашингтон. Эмма барлық жауапты білді! Ол қала орталығындағы федералдық ғимаратқа кірді. Ол өзін қашан шақыратынын күтті. Оны шақырды. Эмма сұхбат өтетін бөлмеге кірді. Интервьюер: «Сіздің әлеуметтік сақтандыру нөміріңіз қандай?» - деп сұрады.
Мәтінді жасыру
      43. Әрқашан шаршап жүреді
      Әйел 40 жаста. Ол шаршап жүретін. Ол өзін әрдайым шаршап жүретінін сезінетін. Ол дәрігерге барды. Дәрігер: «Неге шағымданасыз? Мәселе неде?» - деп сұрады. Ол: «Мен шаршап жүремін. Мен өзімді әрдайым шаршап жүргенімді сезінемін», - деді. Дәрігер оны қарап шықты. Дәрігер оған көп сұрақ қойды. Дәрігер оған қанның сараптамасын жасауды ұсынды. Дәрігер оның қолынан қан алды. Дәрігер зәрдің сараптамасын жасауды ұсынды. Дәрігер оған бір құтыға зәрін алсын деді. Бір аптадан соң дәрігер оған қоңырау шалды. Дәрігер: «Сіздің сараптама нәтижелеріңіз жақсы. Сіздің деніңіз сау. Сіз жаттығу жасамағандықтан шаршап жүресіз. Сізге физикалық жаттығулар жасау қажет. Күнде жаяу жүріп, велосипед теуіп, үйіңізге баспалдақпен көтерілуіңіз керек. Егер сіз жаттығулар жасасаңыз, сіз өзіңізді шаршағанды сезінуді қоясыз». Ол дәрігерге сенбеді. Ол жаттығу жасамады. «Егер мен жаттығулар жасайтын болсам, одан сайын шаршаймын», - деп ойлады ол.
Мәтінді жасыру
      44. Тамақ жоқ, жұмыс жоқ
      Мен кәмелетке толған адаммын. Мен бала емеспін. Мен үлкенмін. Маған ақша керек. Менің тамағым жоқ. Мен ашпын. Мен шөлдемеймін, өйткені барлық жерде су бар. Бірақ су дәмсіз. Менің газды су ішкім келіп келеді. Менің сүт ішкім келеді. Менің кофе ішкім келеді. Менің жұмыс істегім келеді. Мені ешкім жұмысқа алмайды. Ешкім ешкімді жұмысқа алмайды. Компаниялар қызметкерлерді жұмыстан босатып жатыр. Компаниялар қызметкерлермен есептесіп жатыр. Бәрі жұмыс іздеп жүр. Мен пәтерақымды төлей алмай жүрмін. Мен өзімнің көлігімде тұруыма тура келді. Менің көлікте тұрғым келмейді. Менің көлігімде кереует жоқ. Адамдар үй мен пәтерде тұру керек. Көп адамдардың көлігі жоқ. Олар көшеде өмір сүріп жатыр. Көшеде төсеніш жоқ. Ешкімде көшеде тұрмау керек. Мен не істерімді білмеймін. Мен қайда барарымды білмеймін. Мүмкін, менің шіркеуге баруым керек шығар. Мүмкін, маған ол жақта көмектесер.
Мәтінді жасыру
      45. Басқа пойызға мініп кетті
      Кэрол оларға үйден ертерек шығу керек екенін айтты. Олар әуежайға бара жатыр. Олар Кеннеди әуежайына бара жатыр. «Біз екі сағат ерте шығуымыз керек, - деді ол. - Бірдеңенің дұрыс болмай қалуын ешқашан алдын ала білмейсің». «Не нәрсе дұрыс болмай қалуы мүмкін? - деп сұрады Клинт. - Біз пойызбен бара жатырмыз. Біз Кеннеди әуежайына дейін баратын поезбен бара жатырмыз. Не нәрсе дұрыс болмауы мүмкін?» «Сөзсіз, бірдеңе дұрыс болмауы мүмкін, - деді Кэрол. - Әрқашан бірдеңе дұрыс болмай қалуы мүмкін». Олар екі сағат ерте шықты. Олар басқа пойызға отырып алды. Олар басқа пойызға мініп кеткендерін білмеді. Пойыз көп аялдама жасай берді. Ақыры ол соңғы аялдамаға келді. Бәрі пойыздан шықты. «Бұл Кеннеди әуежайы емес. Біз қайда тұрмыз?» - деп сұрады Кэрол басқа жолаушыдан. Жолаушы оған олардың басқа пойызға отырғандарын айтты. «Біз басқа пойызға отырып алыппыз!» - деп айқайлады ол Клинтке. «Біздің екі сағатқа ерте шыққанымыз жақсы болған екен» - деді Клинт.
Мәтінді жасыру
      46. Шэрон сауда жасауға бара жатыр
      Шэрон Поламен «Таргет»-ке келді. «Таргет»-те жаппай сатылым болып жатыр. Бәрі сатылып жатыр. Бұл мейрамдар маусымы еді. Бұл Ризашылық күнінен кейінгі күн болатын. Бұл қара жұма еді. «Біреу қайтыс болды ма?» деп сұрады Пола анасынан. Анасы оған жоқ деп жауап берді. «Онда неге бұл күнді қара жұма деп атайды?» - деп сұрады Пола. «Бұрынғы конторлық кітаптарда пайда табыстар қара сиямен жазылған. Сауда кәсіпорындары «плюсте» болғылары келеді, қымбаттым», - деді Шэрон. «Егер олар плюсте болса, олар көп ақша тауып жатыр, олардың кірісі табысты болғаны. Ал, міне шығындар қызыл сиямен жазылған. Бұл олардың ақша жоғалтып жатқанын, оларда кірістің жоқтығын білдіреді. Сондықтан бүгін сауда үшін жақсы күн. Олар бүгін көп пайда көреді. Олардың кірісі көп болмақ. Олар шығынсыз болады». Пола ешкімнің қайтыс болмағанына бақытты еді. Ол келесі айда Рождество болатынына бақытты еді. Ол «Таргет»-тің пайда көретініне бақытты еді. «Қане, «Таргет»-те ең жоғары кіріс болуы үшін, өте көп зат сатып алайық» - деді Пола.
Мәтінді жасыру
      47. Қызанақ
      Жедел қоңырау нөмірі - 911. Жедел қоңырау нөмірі бойынша қиын жағдайда хабарласады. Өрт – қиын жағдай. Қылмыс – қиын жағдай. Автокөлік апаты – қиын жағдай. Стив 911 терді. «Сізде қандай жағдай болды?» - деп сұрады диспетчер. «Менің гамбургеріме қызанақ салыпты», - деді Стив. «Түсінбедім?» - деді диспетчер. «Менің гамбургеріме қызанақ салыпты. Мен қызанақты жек көремін. Мен қызанақ салмасын деп айтқанмын!» Диспетчер: «Сэр, қызанақ - бұл қиын жағдай емес», - деді. Диспетчер тұтқаны қойды. Стив қайтадан 911 терді. «Сізде қандай жағдай болды?» - деп сұрады сол диспетчер. «Менің гамбургеріме қызанақ салыпты. Мен қызанақты жек көремін!» - деді Стив. Диспетчер: «Сіз қай жердесіз? Мен полицияны жіберемін», - деді. Стив «Бургер кинг» мейрамханасында екенін айтты. Полиция «Бургер кинг»-ке келді. Олар Стивті полиция көлігінің артқы орындығына отырғызды. Олар оны түрмеге алып кетті.
Мәтінді жасыру
      48. Бәрін білгісі келетін әріптес
      «Қайырлы таң, Аманда! Сен бүгін өте әдемі көрінесің. Көйлегің жаңа ма? Туфлиің жаңа ма?» - деп сұрады Фей. «Қайырлы таң. Сен де тамаша көрінесің. Көйлегім жаңа емес. Иә, туфлиім жаңа, - деді Аманда. - Мен оларды «Мейсис» дүкенінен жеңілдікпен сатып алдым». Фей барлығын қаншаға сатып алғанын сұрады. «Мен туфли үшін 100 доллар төледім», - деді Аманда. «Әдеттегі бағасы қанша еді», - деп сұрады Фей. «Әдеттегі бағасы 200 доллар», - деді Арманда. «Бұл ұтымды сауда екен», - деді Фей. «Иә, бұл ұтымды сауда», - деді Аманда. Аманда үстеліне келіп отырды. Ол Фейді онша жақтырмайды. Фей бәрін білгісі келеді. Ол көп сұрақ қояды. Фей екіжүзді адам. Егер оған бірдеңе ұнаса, ұнамайды деп айтатын. Керісінше бірдеңе ұнамаса, ұнайды деп айтатын. Аманда Фейге ешқашан шындықты айтпайды. Аманда туфли үшін бар жоғы 25 доллар төледі. Ол барлық заттарын «Джей - Си Пенни» дүкенінен сатып алды.
Мәтінді жасыру
      49. Сиырдың қоңырауының арқасында құтқарылды
      Су барған сайын көтеріле берді. Жаңбыр шелектеп құйып жатыр. Жаңбыр қатты құйып жатыр. Лесли уайымдап отыр. «Мен уайымдап отырмын» - деді ағасына. Ол Муды ойлап уайымдап отыр. Му Лесидің сиыры. Му жайлауда еді. Му жаңбырдың астында қалды. Лесли Мудың суға батып кеткенін қаламады. Му онша жүзе алмайтын. Лесли өріске қарай шықты. Му өрісте тұр. Му су болған. «Маған ер, Му» - деді Лесли. Олар жүріп келе жатыр. Лесли тайып кетті. Ол құлап қалды. Оның басы тасқа тиді. Ол есінен танып қалды. Му Леслиге қарап тұр. Мудың мойнында қоңырау ілініп тұрған. Му басын шайқады. Му басын қайта-қайта шайқады. Қоңырау шырылдап жатыр. Леслидің ағасы сиырдың қоңырауын естіп қалды. Ол өріске қарай кетті. Ол Му мен Леслиді тауып алды. Ол Леслиді үйге алып келді. «Жарайсың, Му» - деді ол.
Мәтінді жасыру
      50. Жолы болмаған тұтқындар
      «Қыша қайда?» - деп сұрады бір тұтқындалушы. «Қыша жоқ, - деп жауап берді аспаз. - Бізде қыша таусылып қалды. Енді қыша жоқ. Ертең тағы қыша қабылдаймыз». Тұтқындалушы хот-догына қарады. Қышасы жоқ хот-дог - бұл хот-дог емес. «Мен хот-догты қышасыз жей алмаймын! - деп айқай салды ол. - Қышасы жоқ хот-дог - бұл хот-дог емес. Мен қышаны талап етемін!» Басқа тұтқындалушылар оның айқайын естіп отыр. Олар да айқайлай бастады: «Біз қышаны талап етеміз! Біз қышаны талап етеміз!» Аспаз: «Ауыздарыңды жабыңдар! Хот-догтарыңды жеңдер! Бізде майонез жетерлік. Хот-догтарыңа майонез жағыңдар», - деді. Тұтқындалушылар ашуға басты. «Бізге аузыңды жап деп айтушы болма!» - деп айқайлады олар. Олар хот-догтарын аспазға лақтыра бастады. Олар хот-догты күзетшілерге лақтырып жатты. Олар хот-догтарды бір-біріне лақтырып жатты. Олар қышасыз хот-догтарды барлық жерге шашып лақтырып тастады.
Мәтінді жасыру
      51. Қара президент
      Ер адам дәрігердің офисіне кірді. Хатшы қыз сәлеметсіз бе деді. Ер адам сәлеметсіз бе деді. Хатшы одан дәрігерге қаралуға жазылғанын сұрады. Ер адам: «Иә, мен сағат екіге жазылғанмын», - деді. Хатшы оған тіркелу керектігін айтты. Ер адам тіркелді. «Сіз қай дәрігерге қаралуға бара жатырсыз?» - деп сұрады хатшы. «Мен доктор Эвансқа қаралуға бара жатырмын», - деді ер адам. Хатшы оған отыра тұрыңыз деді. Доктор Эванс оны бірнеше минуттан соң қабылдайды. Ер адам отырды. Ол журналды ашты. Журналдың атауы «Тайм» екен. Ол журналдың шыққан күніне қарады. Шыққан күні 2008 жылдың 17 қарашасы екен. Журнал бір жыл бұрын шыққан еді. Ол бұған қарсы емес. Ескі жаңалықтар қызық болатын. Жаңа жаңалықтар қызық болатын. Ер адам ескі жаңалықтарды оқыды. Олар жаңа президент туралы болатын. Жаңа президент Барак Обама еді. Ол Құрама Штаттардың жаңа президенті болатын. Бәрі сондай қуанышты болатын. Әйтеуір қара адам президент болды.
Мәтінді жасыру
      52. Шындақты айтыңдар
      Әйел ашулы еді. Ол күйеуіне ызаланды. Күйеуі оны алдап кетті. Ол бірнеше рет алдады. Әйел оның өтірігінен шаршады. Ол осы жетер деді. Ол сақинасын шешіп тастады. Ол оны унитазға тастап жіберді. Ол суды ағызып жіберді. Ол машинаға отырды. Ол автомагистральға шықты. Ол машинаны қатты айдады. Ол жылап келе жатыр. Ол өте көңілсіз еді. Ол жылдамдықты арттыра түсті. Ол бірнеше машинаны басып озды. Рұқсат етілген жылдамдық сағатына 60 миль еді. Ол сағатына 80 мильмен келе жатты. Оны полиция қызметкері көрді. Полицей оның артына түсті. Полицей машинасының төбесіндегі қызыл түсті бағдар шамын қосты. Ол сиренасын қосты. Әйел полиция көлігінің дауысын естіді. Ол жыпылықтаған жарықшамдарды көрді. Ол жылдамырақ айдай түсті. Қазір ол сағатына 90 мильмен ұшып келе жатты. Полицей көлігі де жылдамырық айдай бастады. Жаңбыр жауып кетті. Әйел жылдамдықты түсірмеді. Ол машинаны басқара алмай қалды. Машина аударылып қалды. Ол бірнеше рет аударылып түсті. Әйел машина аударылып тоқтағанша өліп кетті.
Мәтінді жасыру
      53. Алма бәліші
      Алма ағашы қызыл алмаларға толып тұрған еді. Фермер торы атына мініп, жақын маңнан өтіп бара жатқан. Ол ағаштың астына келіп тоқтады. Ол қолын созып, алманы бұтақтан жұлып алды. Ол алманы тістеді. Алма оған ұнады. Фермердің аты басын бұрып оған қарады. Фермер ағаштан тағы бір алманы жұлды. Ол алманы атына берді. Аты алманы жеп қойды. Атына алма ұнап қалды. Фермер он шақты алманы жұлып алып, қапшыққа салды. Атына мініп ол үйіне қайтып келді. Ол атын қораға байлап үйге кірді. Мысық оның аяғына оратылды. Фермер мысыққа бір тегеш жылы сүт құйып берді. Ол диванға отырды. Ол кітапты ашып оқи бастады. Үйге әйелі келді. Ол алмаларды дайындады. Ол алма бәлішін пісірді. Кешкі асқа олар ыстық сорпа мен нан жеп алды. Олар сорпа мен нанды рахаттанып жеді. Тәттіге оларда ыстық алма бәліші бар еді. Олар алма бәлішін де рахаттана отырып жеді.
Мәтінді жасыру
      54. Дуалды сырлау
      Дэнниге дуалын сырлау керек болып тұрған. Ол оны ақ түске бояғысы келген. Ол телефон кітапшасын ашып С әрпін сырлаушыларды іздей бастады. Ол бір сырлаушыға хабарласты. «Менің дуалымды сырлауға қанша аласыз», - деп сұрады ол. «Сіздің дуалыңыз қаншалықты үлкен?» - деп сұрады сырлаушы. «Ол менің ауламды толық қоршап тұр»- деді Дэнни. «Сіздің аулаңыз қаншалықты үлкен?» - деп сұрады сырлаушы. «Менің аулам, бір футбол алаңының жартысы болып қалады» - деді Дэн. Сырлаушы 300 доллар болады деді. «Бұл 300 долларға тұратын жұмыс болады» деді ол. Бұл жақсы келісім болды. Дэнни: «Бұл жақсы келісім», - деді. Сырлаушы келесі күні келді. Ол Дэннидің дуалын ақ түске бояп берді. Бұл оның бар болғаны үш сағатын алды. Дэнни ақ дуалына қарады. Ол оның көңілінен шықты. «Жақсы жұмыс, - деді ол сырлаушыға. - Менің ақ дуалым керемет көрінеді. Бұл бояу қанша уақытқа дейін жетеді?» «Ол өмір бойына жетеді» - деді сырлаушы.
Мәтінді жасыру
      55. Пошталық жарнама
      Әйел поштасының келгенін естіді. Пошташы хаттарды алып келген кезінде шулайтын. Әйел төменге түсіп, пошташымен амандасты. Пошташы онымен амандасты. Пошташы бүгін күн керемет деді. Әйел келісті. Пошташы келесі үйге кетті. Әйел хатқа арналған жәшігін ашты. Онда сақтандыру компаниясынан келген шот болды. Ол чекті бірден компанияға жібереді. Тағы онда жарнамалық хаттар да болды. Оның телефон компаниясының жарнамасы да болды. Телефон компаниясы жарнамасын ай сайын жіберіп тұрады. Бірақ оны бұл қызықтырмады. Ол жарнамалық хаттарды ешқашан ашпайтын. Оларды бірден қоқысқа лақтыратын. Почталық жәшіктің ішінде оның тіс дәрігерінен келген ашықхат болатын. Ол тіс дәрігерінің қабылдауына жылына екі рет баратын. Тіс дәрігеріне баратын уақыт болыпты. Ол жоғарыға көтерілді. Тіс дәрігеріне қоңырау соқты. Дәрігердің қабылдауына жазылды.
Мәтінді жасыру
      56. Электрошамды ауыстыру
      Ер адам сөндіргішті басты. Кіреберіс бөлмедегі шам жанды. Осы кезде ол тарс еткен дыбысты естіді. Шам жанып кетті. Шамды ауыстыру керек еді. Ол ас үйге кіріп, шкафты ашты. Ол әр түрлі бес шамды қарап шықты. Олардың біреуі 100 ваттық. Оның іздегені осы болатын. Ол кіреберіс бөлмеге қайтып келді. Ол үш бұранданы алып тастады. Бұл бұрандалар плафонды орнында ұстап тұратын. Плафон электр шамын қорғап тұратын. Ер адам плафонды алып тастады. Ол плафонның түбіне қарады. Оның түбінде өлген қоңыз жатыр екен. Ер адам қоңызды қоқыс шелекке салды. Ол ескі электр шамын алып, жаңасын қойды. Ол плафонды ауыстырды. Ол үш бұранданы орнатты. Шам жанды. Ол ескі шамды лақтырып тастады.
Мәтінді жасыру
      57. Өмір қандай тамаша
      Мен бақыттымын. Менің достарым көп. Менің үлкен отбасым бар. Менің төрт інім және төрт қарындасым бар. Мен мектепте алтыншы сыныпта оқимын. Мен ұстаздарымды жақсы көремін. Олар да мені жақсы көреді. Менің сүйікті пәнім - тарих. Тарихты оқығанды ұнатамын, себебі онда өткен өмірді баяндайды. Келешекте біз де тарих болып қаламыз. Сонда мектепте біз туралы оқиды. Біз туралы әңгімелер оларға ұнайды деп ойлаймын. Сүйікті досым - Бобби. Бобби екеуіміз бәрін бірге істейміз. Біз бірге жүзуге барамыз. Біз бірге баскетбол ойнаймыз. Біз бірге велосипед тебеміз. Менің тағы басқа көп достарым бар. Біз демалыс күндері сауда орталығына барамыз. Біз киноға барамыз. Біз мейрамханаға барамыз. Біз әзіл - қалжыңдар айтамыз. Біз күлеміз. Бізге көңілді. Өмір керемет.
Мәтінді жасыру
      58. Жеңімпаз
      Виктор ешқашан ештеңеден жеңіп көрмеген. Ол «Монополия» ойнаған. Ол әрқашан жеңіліп қалатын. Ол «Скрэббл» ойнаған. Ол тағы жеңіске жете алмады. Ол дойбы да ойнаған. Ол бұданда жеңіле берді. Ол теннисті де ойнаған. Ол бұны ойнап та, ешқашан жеңбеді. Оның әкесі оған қамықпау керектігін айтты. «Біреу әйтеуір жеңуі қажет, енді біреу жеңілуі керек» - деді әкесі. «Бірақ мен әрқашан жеңіле беремін, - деді Виктор. - Мен ешқашан жеңген емеспін». Оның әкесі: «Қамықпа. Бұл ойын ғой. Сен жай ойын ойнайсың. Ойындар маңызды рөл болып саналмайды», - деді. Виктор: «Онда не маңызды? Мен ойындар маңызды екен деп ойладым». Маңыздысы жақсы адам болып қалу деді әкесі. Ең маңыздысы адам атына сай болып қалу деді. Ол Виктордың жақсы адам екенін айтты. Виктор - мейрімді. Виктор - сыпайы. Виктор - жылы шырайлы. «Рахмет, әке, - деді Виктор. - Мен жақсы адаммын, яғни мен жеңімпазбын!»
Мәтінді жасыру
      59. Қарулы адам
      Джерри гангстерлер туралы фильм қарап отырған. Ол гангстерлер туралы фильмдерді жақсы көретін. Фильмде гангстерлер мықты болатын. Олар бай болатын. Олардың әдемі қыздары бар болатын. Олар жылдам жүретін машиналар айдайтын. Олардың қарулары бар болатын. Олар өздерінің жауларына қаруларынан оқ ататын. Олар полицейлерді де ататын. Олар бір-бірін де ататын. Джерри бай емес еді. Оның әдемі қызы болмады. Оның жылдам жүретін машинасы да болмады. Бірақ оның қаруы бар еді. Бұл шағын пистолет болатын. Ол оның қалтасына сыйып кететін. Ол қалтасына пистолетті салып жүретін. Оған қалтасындағы пистолетпен жүру ұнайтын. Бұл сол гангстерлердің әрқашан істейтіндері еді. Бірде Джерри «Уол Мартта» сауда жасап жүрген. Ол қолын қалтасына салды. Ол байқамай шүріппені басып жіберді. Пистолетінен оқ атылды. Оқ Джерридің аяғына тиді. Жедел жәрдем келді. Полиция да келді. Жедел жәрдем Джерриді ауруханаға алып кетті, ал сосын полиция оны түрмеге жауып тастады.
Мәтінді жасыру
      60. «Баркер! Ұялсаң етті!»
      Әйел өзінің кішкентай күшігін серуендетуге алып шықты. Бұл жай күнделікті серуендеу еді. Баркер дәретханаға бармаса да болатын еді. Ол дәретханаға сол күні таңертең барып алған. Олар «Мунбакс» кафесінің қасында серуендеп жүрген. Адамдар сырттағы үстелдерде отырған. Адамдар кофе ішіп отырған. Адамдар маффиндер жеп отырған. Адамдар газет оқып отырған. Адамдар өздерінің компьютерлерін пайдаланып отырған. Жылы күншуақты күн болған. Баркер кенет тоқтап қалды. Ол отырды. Ол тротуарға шығып жеңілдеп алды. Ол бәрінің көзінше жеңілдеп алды. Ол жұрттың алдында жіберіп жеңілдеп алды. «Баркер! Ұят емес пе!» - деп айқайлады әйел. Ол кафеге жүгіріп кіріп кетті. Ол дәретханаға барды. Ол унитаздың отырғышындағы қағазды алды. Ол қайта көшеге шықты. Ол оның нәжісін жинап алып қайтадан кафеге апарып тастады. Ол оны унитазға тастап сумен ағызып жіберді. Ол кафе қызметкерлерінен қайнаған су сұрап алып оны тротурдағы қоңыр даққа төгіп жіберді.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Акжайык Сабырбаева, Гульнар Абдраимова, Гаухар Назымбекова, Жанара Қабина, Алтынгуль Кептербаева, Аслан Бисенов, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Султангазы Абдыкалыков
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Лёгкое чтение. Том 1, стр.2 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 1, стр.4  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга