Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Лёгкое чтение (Easy Reading)

Том 1, страница 4
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      61. Ол өзінің елін жақсы көреді
      «Маған Джон ұнамайды», - деді әйел күйеуіне. «Неге саған Джон ұнамайды?» - деп сұрады ол әйелінен. Әйелі Джон америкалықтар туралы жаман нәрселер айтады деді. Ол американдықтарды жалқау деді. Ол американдықтарды үнемшіл деді. Ол американдықтарды өзімшіл деді. Ол американдықтарды қонақжай емес деді. Джон өзінің елінде адамдар жалқау емес деді. Өзінің елінде адамдар үнемшіл емес деді. Өзінің елінде адамдар өзімшіл емес деді. Өзінің елінде адамдар қонақжай деді. «Бірақ Джон мына жаққа жаңадан келген, - деді күйеуі. - Ол әлі ешкімді танымайды. Оның достары жоқ. Достары болған кезде ол ойын өзгертеді. Ол басқаша айтатын болады. Ол американдықтар туралы жақсы нәрселер айтатын болады». Ол әйеліне сабырлы болғаның дұрыс деді. Әйелдің сабырлы болғысы келмеді. «Жаңадан келген адам жаман нәрселер айтпау керек, - деді ол. - Ол өзінің еліне қайтып кеткені дұрыс».
Мәтінді жасыру
      62. Мені «Жаным» деп айтпашы
      «Мені енді Жаным деп айтпашы», - деді Фэнни. «Жақсы, Жаным», - деді Рич. «Мен әзілдеп тұрған жоқпын! - деді Фэнни. - Мені Жаным деп айтпашы. Мені Сүйіктім деп айтпашы. Мені Сүйкімдім деп айтпашы». Рич сасқалақтап қалды. «Мен сасқалақтап қалдым, Қымбаттым, - деді ол. - Неге сені Жаным деп айтуыма болмайды? Неге сені Сүйіктім деп айтуыма болмайды? Неге сені Сүйкімдім деп айтуыма болмайды?» Фэнни: «Себебі сен бұрын әйеліңді осылай айтушы едің, - деді. Сен мені осылай айтқанда, мен сенің бұрынғы әйеліңді елестетемін. Сенің бұрынғы әйеліңді елестеткенде, мен ашуланамын. Сондықтан мені ашуландырма». Рич әлі сасқалақтап тұрды: «Онда сені қалай айтайын, Ғашығым?» Фэнни: «Ғашығым деп те айтпа мені, - деді. - Мені Фэнни деп айт». «Ия, Қымбаттым», - деді Рич. Фэнни: «Қымбаттым? Қымбаттым деп те айтпа мені, - деді. - Мені Фэнни деп айт. Менің атым Фэнни». Рич: «Менің сені Фэнни деп айтқым келмейді - мен сені ерекше айтқым келеді», - деді.
Мәтінді жасыру
      63. Пәтер үшін төлем чегі
      Джефф почташыны көрді. Почташы Джеффтің үйіне қарай келе жатты. Ол көп қабатты үйге күнде келетін. Мұнда ол сағат 3 – терде келетін. Джефф қолына конверт ұстап тұр. Конверт үй иесіне арналған еді. Конверттің ішінде чек бар болатын. Пәтерге төленген чек төлемдері. Почташы Джеффтің үйіне жақындады. Ол газеттерді почта жәшіктеріне бөліп салды. Джефф пен почташы амандасты. Джефф конвертті почташыға берді. Почташы келесі үйге қарай кетті. Джефф почташының артынан қарап тұр. Ол тротуарға бір нәрсенің түскенін көрінді. Бұл ақшылт түсті нәрсе еді. Ол ақ конверт еді. Джефф оны жерден көтерді. Бұл Джеффтің конверті болатын. Джефф почташыны айқайлап шақырды. Бірақ почташы оны естімеді. Джефф ойланып, айқайлауын қойды. Джефф хатын почтаға апарды.
Мәтінді жасыру
      64. Ол темекі шегуді тастайды
      Мен ертең темекі шегуді тастаймын. Серт беремін. Уәде беремін. Мен әзілдеп тұрған жоқпын. Бұл жолы мен шын айтып тұрмын. Мен жаңа ғана соңғы темекінің бір қорабын сатып алдым. Барлық 20 темекіні түннің ортасына дейін шегіп тастай саламын. Сосын тоқтатамын. Мен темекі шегуді тоқтатамын. Болды жетеді. Сосын темекі шекпеймін. Басқа бір де темекі шекпеймін. Бір жалғыз темекі де шекпеймін. Мен еркін боламын. Мен күніне 4 доллар, жылына 1000 доллар үнемдейтін боламын. Бұл өте жақсы болады. Менің тынысым таза болады. Менің қызым мені рахаттанып сүйетін болады. Менен жағымды иіс шығады. Менің киіммнен де жағымды иіс шығады. Менің өкпем сау болады. Менің тістерім аппақ болады. Менде өкпенің қатерлі ісігі болмайды. Менде ауыз қуысының қатерлі ісігі болмайды. Менде тамағымның қатерлі ісігі болмайды. Менің жөтелім тоқтайды. Менің тамақ ауруым тоқтайды. Мен үнемі темекі туралы ойлай беретін болмаймын. Мен жаңа өмір бастаймын. Менің жаңа өмірім темекісіз сау өмір болады.
Мәтінді жасыру
      65. Менің достарым жоқ
      Мен жалғызбын. Мен әрқашан өз бетіммен жүремін .Күнде адамдармен кездесемін. Оларға күлімдеп қараймын. Мен олармен амандасамын. Өзімнің құрбым болғанын қалаймын. Бірақ құрбым жоқ. Неге бұлай? Мен кішіпейілмін, жылы шырайлымын, жақсымын, мейірімдімін. Адамдар мені неге жақсы көрмейді? Менің бір құрбым болса ғой. Әркімнің өз достары бар. Мен үнемі адамдардың достарымен келе жатқанын көремін. Олар бір - бірімен көңілді жүреді. Олар бірге жұмыстарымен айналысады. Өзім туралы не айтайын? Мен өз бетіммен жүремін. Теледидарды жалғыз көремін. Кинода, мейрамханада, саябақта жалғызбын. Мен анама өзімнің жалғыз екенімді айттым. Ол: «Жалғыз болғаныңа өзің кінәлісің» - деді. Неге? Ол: «Сен ешқашан өзіңді қолдағанын қаламайсың». Анамдікі дұрыс. Мен ешқашан адамдардың мені қолдағанын қаламаймын Олар мені қабылдамай ма деп қорқамын.
Мәтінді жасыру
      66. Киса қайда?
      «Киса, Киса мұнда кел!» - деді Кэти. Киса бірақ келмеді. Киса қайда екен? Киса әрқашан кешкі асқа келетін. Кэти қайтадан: «Киса, Киса мұнда кел!» - деді. Бірақ Киса көрінбеді. Кэти түнге дейін көз ілмеді, Кисаның келуін күтіп жатты. Киса үнемі үй жануарлары кіретін есіктен кіретін. Кэти ұйықтап кетті. Таңертең оянды. «Киса, Киса!» - деп қайта шақырды. Бірақ Киса үйде жоқ. Киса қайда болуы мүмкін деп ойлады Кэти. Шыдамы таусылған Кэти полицияға телефон шалды. Полиция оның қоңырауына жауап берді. «Менің мысығым кеше кешке үйге келген жоқ» - деді Кэти. «Өкінішті екен, - деді полиция. - Мысығыңыздың аты қалай?». «Киса», - деді Кэти. «Әдемі екен аты, - деді полиция. - Кисаның түрі қандай?» «Қара», - деді Кэти. «Жақсы, алаңдамаңыз, біз оны табамыз. Мүмкін, оны біреу басып кеткен шығар», - деді.
Мәтінді жасыру
      67. Жоспарланған жұмыстар
      Ер адам орындайтын жұмыстарының тізімін жасады. Бүгін ол жинақ банкісіне бару керек, себебі оған біраз ақша қажет. Банкомат арқылы ақша алу керек. Оның әмиянында 10 доллар қалды. Сонан соң поштаға бару керек. Оған пошта маркалары бар кітапша сатып алу керек. Әр кітапшада 20 марка бар. Кітапша 8 доллар 40 цент тұрады. Содан кейін автокөліктерді тіркейтін департаментке бару керек. Ол жаңа жүргізуші куәлігін алу керек. Оның ескі куәлігінің мерзімінің бітуіне бір ай қалды. Сонан соң суретке түсуі керек. Ең соңында оған «Жақсыларды сатып алыңдар» дүкеніне баруы керек. Оның сүйіктісі DVD - ден «Тірі қалу» мелодрамасының 4-ші маусымын көргісі келеді. Сүйіктісі осы телесериалды жақсы көреді. Сериал аралда қалған адамдар жайында. Ұшақтары аралға құлап, апатқа ұшыраған. Бұл біртүрлі арал. Аралда біртүрлі адамдар мен аңдар өмір сүреді. Қара түтін адамдарды аңдып, оларды өлтіреді. Онда барлығы тосын оқиғалар. Бұл сериал өте қорқынышты.
Мәтінді жасыру
      68. Пайызын төле
      Джейк және Лари ағайынды. Бұрын олар дос болатын. Бұрын олар бір-бірімен сөйлесетін. Бірақ қазір олар дос емес. Қазір олар бір-бірімен сөйлеспейді. Оларда бір мәселе бар. Бұл ақша мәселесі. Джейк Лариден 500 доллар қарызға алды. Лари Джейкке 500 доллар қарызға берді. Джейк Лариге қарызды қайтарды. Джейк Лариге 500 доллар қайтарды. Лари қуанбады. Лари пайызын алғысы келді. Оның пайыз ретінде 50 доллар алғысы келді. Джейк Ларидің ақшаны қарызға бергенде пайызды сұрамағанын айтты. Джейк: «Сен пайызды сұраған жоқсың. Мен саған пайызын төлемеймін», - деді. Лари өзінің 10 пайыз алғысы келетінін айтты. Ол 10 пайыз көп емес деді. Джейк 10 пайыз өте көп деді. Ол: «Сен менің ағамсың. Сен банк емессің. Банк пайызды есептейді. Аға пайызды алмайды», - деді. Лари бәрі пайызды алады деді. Достар пайызды алады. Ата-аналар пайызды алады. Апалы-сіңлілер пайызды алады. Ағайындылар пайызды алады.
Мәтінді жасыру
      69. Пәтер жалдаушыларды табыңыз немесе жұмыс орныңызды босатыңыз
      Карен жаңа жұмысқа тұрды. Ол жылжымайтын мүлік агенті болып орналасты. Оған тұтынушылар қоңырау шалады немесе электронды пошта арқылы хат жазады. Адамдарға пәтер қажет. Карен оларға пәтерлерді көрсетті. Адамдарға пәтерлер ұнамады. Карен оларға басқа пәтерлерді көрсетті. Адамдарға тағы пәтерлер ұнамады. Карен адамдарға көп пәтерлерді көрсетті. Бірақ олардың ешқайсысы пәтер жалдамады. Таня Кареннің бастығы. Таня Каренге айқайлады: «Сіз мұнда төрт ай жұмыс істейсіз. Сізден ешқандай пайда жоқ. Сіз жұмыс орнын босатыңыз. Басқа жұмыс іздеңіз. Сіз жылжымайтын мүліктің жаман агентісіз». Карен: «Мен жылжымайтын мүліктің жақсы агентімін. Бірақ адамдардың үлкен мәселесі бар. Олардың барлығы шатырда (пентхауста) тұрғысы келеді, ақшалары тек жертөлеге ғана жетеді». Таня: «Бұл менің мәселем емес, оны өзіңіз шешіңіз. Мәселені шешуге екі апта уақыт берем», – деді.
Мәтінді жасыру
      70. Таза көлік
      Ер адамның көк түсті көлігі болатын. Ол көк түсті көлігін ұнататын. Ол қою көк болатын. Оның төрт есігі бар. Бұл жаңа көлік емес. Ол ескі көлік болатын. Бірақ дөңгелектерінің резинасы жаңа болатын. Оның жаңа, төрт қара түсті резинасы бар. Барлық төрт резина жаңа. Ер адам жаңа резинасымен, өзін қауіпсіз сезінетін. Олар жарылмайды. Ол жаңа резинасымен қалаған жаққа бара алатын. Оның көлігі кір болатын. Оған оны жуу керек болды. Терезелері, есіктері, капоты, жүк салғышы мен бампері кір , бірақ резиналары кір емес. Олар жаңа резиналар болатын. Олар қара және жылтыр болатын. Әрі керемет көрінетін. Оған резиналарды жуудың қажеті жоқ, бірақ көлікті жуу керек. Ол шелекке су құйды. Ол шелектің ішіне губканы салып, көлігін жуды. Ол машинасын орамалмен сүртті. Оның көлігі тап-таза болып, жарқырап тұрды. Ол жаңа сияқты болып көрінеді. Қазір оның ескі көлігі резиналары сияқты жылтырап тұрды.
Мәтінді жасыру
      71. Бейсбол туралы армандар
      Пол бейсболды жақсы көретін. Ол бейсболды футболдан да артық жақсы көретін. Ол бейсболды баскетболдан да артық жақсы көретін. Оның ең жақсы көретін командасы «Янки» болатын. Ол «Янки» үшін бейсбол ойнағысы келетін. Ол бейсбол ойнап, күнде жаттығатын. Ол бейсбол добын лақтыруды, қағып алуды, беруді және соғуды жаттығатын. Ол өзінің бейсбол қолғабымен ұйықтайтын. Оның бейсбол қолғабы жастығының астында жататын. Түнде ол бейсбол туралы армандайтын. Ол «Янки» үшін бейсбол ойнауды армандайтын. Ол мектебіндегі, сосын колледжіндегі бейсбол командасында ойнаған болатын. Оның жаттықтырушылары Полды жақсы көретін. Олар Пол кәсіби бейсболист болады дейтін. Бірақ Пол автокөлік апатына ұшырады. Бұл өте қатты апат болды. Пол жүре алмай қалды. Дәрігерлер оны ешқашан жүре алмайды деді. Пол: «Мен қайтадан жүретін боламын. Мен қайтадан жүгіретін боламын. Мен қайтадан «Янки» үшін бейсбол ойнайтын боламын», - деді.
Мәтінді жасыру
      72. Машины қуалау
      Полиция машинаның ізіне түсті. Машина тоқтамады. Жүргізуші тез жүргізіп келе жатыр. Жүргізуші машинасымен қаланың ортасында жүргізіп келе жатыр. Ол тротуарлар мен автотұрақтар арқылы жүргізіп келе жатыр. Ол бағдаршамның қызыл шамына қарамай жүргізіп келе жатыр. Ол есі ауысқан сияқты жүргізіп келе жатыр. «Мына жүргізуші есі ауысқан сияқты жүргізіп жатыр», - деді бір полиция қызметкері. Полиция жүргізушіні қуалауға кірісті. Олар тротуарлар мен автотұрақтар арқылы жүргізіп келе жатыр. Олар бағдаршамның қызыл шамына қарамай жүргізіп келе жатыр. Жүргізуші газет киоскісіне соғылды. Машина тоқтады. Киосктің иесі машинаға қарады. Жүргізуші машинадан шықты. Киосктің иесі оған айқайлады. «Сен барлығын төлеп бересің, – деп айқайлады ол. – Сен маған 10 мың доллар төлейсің. Сен менің киоскімді қақтың. Сен менің киоскімді бұздың». Жүргізуші оған уайымдама деді. Ол киоскінің иесіне 10 мың доллар қолма-қол ақшамен берді. Әрине, бұл жүргізушінің ақшасы емес еді. Бұл ұрланған ақша болатын. Бұл ұрланған машина болатын. Осы кезде полиция келіп жетті.
Мәтінді жасыру
      73. Өз мұрыныңды жу
      Ер адам қолын жуғысы келді. Оның қолдары кір еді. Олар газеттен кір болған еді. Барлық газеттерде қара бояу бар. Қара бояу оның қолына жұғып қалды. Ол мұрнын қасығанда оны қара бояумен былғап алды. Әйелі оның бетіне қарады. Ол күліп жіберді. «Сен неге күліп жатырсың?» - деді ер адам. Әйелі оның мұрны қара болып қалғанын айтты. Ол күйеуіне айнаны берді. Ер адам айнаға қарады. Ол: «Иә сенікі жөн. Менің мұрным қара бояумен былғанып қалыпты. Мен аздап күлкілі көрінемін», - деді. «Жоқ, сен өте күлкілі көрінесің», - деді оған әйелі. Ол тағы да күліп жіберді. Ер адам жуынатын бөлмеге барды. Ол суды қосты. Ол сабынды алды. Ол қолын сабындады. Ол бетін жуды. Ол бетін сумен жуды. Ол жуынатын бөлмедегі айнаға қарады. Оның мұрны таза болды. Оның мұрнында қара бояудың ізі қалмады. Ол жуынатын бөлмеден шықты. Ол мұрнын әйеліне көрсеткісі келді.
Мәтінді жасыру
      74. Сырлаушы
      Сырлаушы баспалдақта тұрған. Баспалдақ тротуарда тұрған. Баспалдақ қабырғаға сүйеліп қойылған. Сырлаушы тротуардан шамамен 10 футта (үш метр) тұр. Ол бояу шашқыш пистолетті ұстап тұрған. Ол сол пистолетпен қабырғаны сырлап жатқан. Ол қабырғаны ақ түске сырлап жатқан Қабырға "99 цент"тің бір бөлігі еді. Дүкен үлкен әйнек тереземен қаланған. Сырлаушы терезелерді полиэтиленді қабықпен жапсырып тастады. Полиэтиленді қабықша терезені жауып тұрды. Сырлаушының көзінде қорғаныш көзілдірігі бар. Көзілдіріктер оның көзін жауып тұрған. Тұтынушылар дүкенге кіріп шығып жатты. Олар баспалдақтың астымен өтіп жатқан. Олар сырлаушының астынан өтіп жатқан. Ұсақ тамшылар адамдарға тамып жатты. Ұсақ тамшылар машиналарға тамып жатқан. Ұсақ тамшылар тротуарға тамып жатқан Сырлаушы бұған мән бермеді. Ұсақ тамшылар оның мәселесі емес еді.
Мәтінді жасыру
      75. Пәтерақының чегі
      Ер адам күнтізбеге қарады. Бүгін қаңтардың 30 екен. Жұма. Ертең сенбі. Ертең айдың соңғы күні. Жексенбіде келесі айдың бірінші күні басталады. Жексенбі ақпанның бірінші күні болады. Ол пәтердің ақшасын айдың бірінші күні төлеуі тиіс. Ол чекті бүгін кешке жазады. Ол чекті пәтер иесіне жексенбі күні апарып береді. Үйдің иесі чекті уақытында алғанына риза болады. Үйдің иесі пәтерақының төлемі кешіктірілсе ашуланады. Егер пәтер төлемі кешіктірілсе, үй иесі оны пәтерден шығарып жібереді. Оған пәтерақының чегі неліктен кешіктіріліп берілгені бәрібір. Кешіксең кешіктің деген сөз. Үй иесі кешірімді қабылдамайды. Ешқандай да кешірім үй иесін қанағаттандыра алмайды. Барлық кешірім сұраулар жай сылтаулар сияқты. Төлемді кешіктіру - нашар жаңалық. Ешкім де жаман жаңалықты ұнатпайды. Үй иесі оған былай дейді: «Сау бол. Бар, басқа пәтер ізде. Жаңа пәтердегі өмірің жақсы өтсін. Мұнда сіз енді тұра алмайсыз. Сіз төлемді кешіктірдіңіз».
Мәтінді жасыру
      76. Кір жуу
      Ер адам матрастан жайманы алып тастады. Ол жастықтың қабын алып тастады. Ол ілгіштен сүлгіні де алды. Ол жайманы, жастыққапты және сүлгіні пластикті киім салғышқа салды. Сол себетке ол шұлығын, шалбарын және көйлегін, өзінің іш киімін және пижамасын салды. Ол себетке тағы кір жууға арналған сұйық сабынды салды. Ол пәтерінің есігін ашып баспалдақпен төмен қарай түсті. Ол кір жуатын жерге келді. Ол машинаға өзінің кірлерін салды. Ол кір жуғыш машинаның қақпағын жапты. Ол кір жуғыш машинаның бір бұрамасын «Жүктеу»-ге қойды. Басқа бұраманы ол «Ыстық су»-ға қаратып қойды. Ол тиынқабылдағышқа 25 цент қылып алты тиын салды. Ол тиынқабылдағышты машинаға салып жіберді. Машина ыстық суға тола бастады. Ол қайта пәтеріне көтеріліп кетті. Ол 35 минут бойы теледидар қарап отырды.
Мәтінді жасыру
      77. Хэллоуин
      Хэллоуин кезі еді, қазан айының соңғы күні болатын. Қазанның 31 еді. Хэллоуин Фреддидің жақсы көретін мейрамы еді. Ол Хэллоуинді Рождестводан да артық жақсы көретін. Ол Хэллоуинді тіпті туған күнінен де артық жақсы көреді. Хэллоуин басқаша киіну күні еді. Хэллоуин костюмдер күні еді. Хэллоуин Суперменнің күні еді. Хэллоуинде Фредди Супермен болып киінетін. Әрдайым Хэллоуинде Фредди Суперменнің костюмін киетін. Ол қызыл етігін киетін. Ол көк шалбарын киетін. Ол сары белбеуін тағатын. Ол қызыл жамылғысын киетін. Ол көк көйлегін киетін. Оның көк көйлегінде Супермен дегенді білдіретін үлкен «С» әрпі жазылған болатын. Супермен Фреддидің қаһарман кейіпкері болатын. Супермен қайратты . Супермен пойызды көтеріп алатын. Супермен үйді көтере алатын. Супермен кемені де көтеріп алатын. Фредди костюмін жақсы көретін. Ол Суперменді жылдағы Хэллоуинге киіп жүретін. Бәрі оған: «Сәлем, Супермен!» дейтін. Ол барлығымен амандасатын. Адамдар оған тәттілердің көп түрлерін беретін.
Мәтінді жасыру
      78. Автобус аялдамасында
      Ер адам сағатына қарады, автобустың келетін уақыты болып қалды. Автобус неге кешікті екен? Ол аялдамада автобус күтіп тұр. Орнынан тұрып, көшенің төменгі жағына, көшенің жоғарғы жағына қарады. Ешқандай автобус көрінбеді. Автобус қайда екен, оның келетін уақыты болып қалды ғой. Қайтадан орындыққа келіп отырды. Күн суыта бастады. Жел соқты. Оның үстінде күртешесі жоқ, тек шолақ шалбары мен үйде киетін шәркей ғана бар. Басы тоңа бастады. Қолдары тоңды. Аяқтары, табаны, аяғының саусақтары мұздап қалды. Аяқтарының саусақтары көгерді. Автобус қайда екен? Ол қайтадан тұрды. Көшенің төмен жағына қарады. Ол автобусты көрді! Автобус аялдамаға жақындады. Бір минуттан соң, ол жылы автобустың ішіне кіреді. Сонан соң оның мұрны, қолдары, денесі жылынады. Қандай тамаша! Бірақ автобус тоқтамады. Автобус әрі қарай жүріп кетті. Бұл ол отыратын автобус емес еді. Ол қайта сағатына қарады. Автобус қайда екен?
Мәтінді жасыру
      79. Көбірек жақсы жаңалықтар болса
      Мен өз газетімді жақсы көремін, ол күнде маған жаңалықтарды хабарлап тұрады. Оның толық бір беті жаңалықтарға арналған. Тағы жаңалықтарды теледидар мен радиодан естимін. Жаңалықтарды достарымнан да естимін, бірақ мен жаңалықтарды газеттен оқығанды ұнатамын. Өйткені мен жаңалықтарды қай уақытта оқығым келсе, сол уақытта оқимын. Мен кез келген мақаланы, кез келген уақытта оқи аламын. Менің газетімнің көп тараулары бар. Бірінші тарауда - ұлттық жаңалықтар. Екінші тарауда - қалалар мен құрамалардың жаңалықтары. Келесі тарауда - бизнес жаңалықтары. Содан кейінгі тарауда - спорт жаңалықтары. Соңғы тарауда - көңіл көтеру. Жалпы айтқанда күнде неше түрлі жаңалықтар оқуға болады. Менің газетімнің бір мәселесі, онда көбіне қайғылы, жаман жаңалықтар жазылады. Неге? Жақсы да жаңалықтар бар. Адамдар жақсы жаңалықтарды ұнатады. Олар жақсы жаңалықтарды оқығанды, естігенді ұнатады. Менің газетіме жақсы жаңалықтар тарауын енгізу қажет деп ойлаймын. Менің газетімнің бірінші тарауына жақсы жаңалықтарды орналастыру керек деп ойлаймын.
Мәтінді жасыру
      80. Кемпірқосақтың барлық түстеріндегі өмір
      Біз ақ пен қара әлемде өмір сүрмейміз. Біз түрлі түсті әлемде өмір сүреміз. Түстер барлық жерде болады. Түстер - әдемі. Унитаз - ақ. Панда - ақ пен қара. Қарға - қара. Аспан мен теңіз - көк. Алма - қызыл немесе жасыл. Апельсин - үнемі қызғылт сары, ал күн - кейде қызғылт сары. Машинаның тоқтау шамы - қызыл, сары және жасыл. Лимон - сары. Адамдар - ақ, қоңыр немесе қара. Балықтар мен құстар - әр түрлі түсте. Шаш - ақ, бурыл, қоңыр, қара немесе қызғылт сары. Гольф добы мен бейсбол добы - ақ. Баскетбол добы - сары. Теннис добы - жасыл. Өрт сөндіру машинасы - қызыл. Полиция машинасы - қара мен ақ. Ай мен жұлдыздар - ақ. Шөптер - жасыл, бірақ жер - қоңыр. Қуырылған жұмыртқа - сары мен ақ. Сенің қаның – қызыл. Сенің тістерің - ақ. «Стоп» белгісі - қызыл мен ақ. Біз көзі көрмейтін адамдарға түстер туралы айта алмаймыз. Олар ешқашан түстерді көрмеген. Бұл мұңды.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Акжайык Сабырбаева, Гульнар Абдраимова, Гаухар Назымбекова, Жанара Қабина, Алтынгуль Кептербаева, Аслан Бисенов, Аяулым Орынгали, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Султангазы Абдыкалыков
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Лёгкое чтение. Том 1, стр.3 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 1, стр.5  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга