Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Истории о детях

Том 2, страница 3
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      41. Сабынды қолдан
      Айман сэндвич жеді. Оның түскі асы тауық еті қосылған сэндвич болды. Ол орындықтан тұрды. Ол тәрелкені асүйге апарды. Ол тәрелкені ыдыс-аяқ жуатын жерге қойды. Ол суық су шүмегін бұрап босатты. Ол тәрелкені шайды. Ол қағаз сүлгі алды. Ол тәрелкені әбден құрғатып сүртті. Ол тәрелкені азық-түлікті туратын үстелдің үстіне қойды. Анасы бөлмеге кірді. Ол Айманнан: «Сен мына тәрелкені сабынмен жудың ба?» - деп сұрады. Айман жоқ деп айтты. «Мен сабынды таба алмадым,» - деп айтты ол. Анасы: - «Ал тап суық су шүмегінің жанындағы не нәрсе?» - деп сұрады. Айман: «Сабын» - деді. Анасы оған тәрелкені қайта жу деді.
Мәтінді жасыру
      42. Бұл не есік?
      Дотти есікке қарады. Бұл қабырға шкафының есігі еді. Есіктің күміс түсті тұтқасы болды. Күміс түсті тұтқа домалақ пішінде болды. Бірде ол шкафтың есігін ашпақ болды. Бірақ есік тұтқасы бұрылмады. Ол есікті аша алмады. Шкафтың есігі ашылмады. Есік бекітулі болды. "Неге есік бекітулі?" - деп сұрады Дотти анасынан. Анасы есік оның қауіпсіздігі үшін бекітулі екенін айтты. "Есіктің артында не бар?" - деп сұрады анасынан. Анасы бекітілген есіктің артында мылтық бар екенін айтты. Әкесі қабырға ішінен салынған шкафта мылтығын сақтайды.
Мәтінді жасыру
      43. Өз бөлмеңе бар
      Ажар ұлы Ерманға өз бөлмеңе бар деді. Ол өз бөлмесіне барғысы келмеді. "Неге бөлмеме баруым керек"? деді ол. "Сен бұзақылық жасадың,-"деді ол. "Сен өзіңнің қарындасыңды ұрдың,-" деді ол." Жоқ мен олай жасамадым. Ол мені өзі бірінші ұрды". Ажар: "Сен қарындасыңа қол көтермеуің керек, тіпті ол бірінші қол көтерсе де. Ол сенен кішкентай. Және ол әлі кішкентай қыз. Ұлдар кішкентай қыз балаларға қол көтермеуі керек." Ерман: "Жарайды мен енді кішкентай қыздарды ұрмайтын боламын. Енді мен өз бөлмеме баруым керек пе?" Ажар иә деді. Ол әлі де өз бөлмесіне бару керек болды. "Ол үлкен қыз болғанда, мен оны қайтадан ұрамын" деді ол.
Мәтінді жасыру
      44. Туған күнге арналған торт
      Бұл Жазираның төртінші туған күні. Оның жасы төртте. Оның анасы оған арнап торт пісірді. Оның анасы оған арнап шоколадты торт пісірді. Торт екі қабаттан тұрды. Оның анасы ванилді глазурь дәмі бар қабатты астынғы қабатқа қойды. Оның анасы ванильді глазурьді үстіңгі қабатқа қойды. Оның анасы ванильді глазурьді торттың бәр жеріне жақты. Қазір шоколадтты торт аппақ еді. Оның анасы торттың үстіне төрт қызғылт балауыз қойды. Әкесі барлық төрт балауызды да жақты. Барлық төрт балауыз жанып тұр. Жазираның ата-анасы Жазираның қасына отырды. Олар "Туған күніңмен "- деп ән салды. Жазира ата-анасымен бірге шырқады. "Туған күніммен"- деп ән салды Жазира. Оның анасы:" Қазір тілек тіле де шамды үрле,-" деді. Жазира тілек тіледі. Сосын ол төрт балауызды да үрледі.
Мәтінді жасыру
      45. Оныншы туған күн
      Гүлсара келесi айда он жасқа толады. Ол қатты қуанып жүр. Он жаста болу - өте кәрi болу. Ендi ол кiшкентай бала болғасы келмейдi. Тоғыз жасар бала - жай ғана кiшкентай бала. Он жасар бала ол – ересек болу. Тоғыз – тек бiр сан, ал 10 – екi сан. Тоғыз – кiшкентай баланың жасы, ал 10 – ересектiң адамның жасы. Жасы онға толғаннан кейiн, ол ересек адам болады. Ол жас бойжеткен қыз болады. Ол ернiн далаппен бояйды. Ол тырнағына лак жағады. Оның жiгiтi болады. Оның жігіті ажарлы әрі сыпайы болады. Ол Гүлсара үшін есiктердi ашатын болады. Ол туған күнге арнап сыйлықтар сатып алатын болады. Гүлсара келесi айды тағатсыздана күтуде.
Мәтінді жасыру
      46. Жоғалған қарындаш
      Шыңғыс өзінің сары қарындашын жоғалтып алды. Ол оны таба алмады."Менің сары қарындашым қайда?"-деп өзінің әпкесінен сұрады. Оның әпкесі білмеді. "Мен сенің қарындашыңның қайда екенін білмеймін"- деді. Шыңғыс ол жайлы ойланды. Ол ойланды және ойланды. Ол өзінің сары қарындашын түске дейін қолданды. Ол өзінің қарындашын ұстазына xат жазу үшін қолданды. Хатта:"Құрметті Сергей Николаевич! Маған көмектесіп тұрғаныңыз үшін раxмет. Шыңғыс". Ол xатты конвертке салды. Конверт қайда? Ол асүйді қарады. Ол асүйдегі үстелді қарады. Ол конвертті тапты. Ол тостердің жанында еді. Ол қарындашты тапты. Ол тостердің астында жатты.
Мәтінді жасыру
      47. Кептерлерді тамақтандыру
      Оған кептерлерді попкорнмен тамақтандыру ұнайтын. Кептерлерге оның попкорнын жеу ұнайтын. Ол өз қолына попкорнды салды. Кептер оны оның қолынан жеді. Ол попкорнды өзінің иығына салды. Кептер попкорнды оның иығынан жеді. Ол попкорнды өзінің шашына салды. Кептер попкорнды оның шашынан жеді. Ол отырғышқа отырды. Бұл саябақтағы отырғыш болатын. Ол бүкіл отырғыш бойына попкорнды септі. Ол өзінің бүкіл киіміне попкорнды септі. Ол попкорнды өзінің басына қойды. Ол попкорнды өзінің тізесіне салды. Көптеген кептерлер отырғышқа қонды. Көптеген кептерлер оның үстіне қонды. Кептерлерден оны ешкім көрмеді. Отырғышты ешкім көре алмады.
Мәтінді жасыру
      48. Өсіп келе жатқан сәби
      Сәбидің қолы мен аяғы бар. Оның көзі және ауызы бар. Ол барлығына қарайды. Ол бәрін жейді. Ол көп жымияды. Ол көп жылайды. Ол көп жейді. Оның сілекейі көп ағады. Ол көп сиеді. Ол көп үлкен дәретке барады. Ол көп ұйықтайды. Ол сөйлегісі келеді. Ол қолдарын қозғалтады. Ол "уілдейді". Ол қолдарын бұлғайды және аяқтарын қозғалтады. Ол басқа көп ештеңе істемейді. Ол отырмайды. Ол тұрмайды. Ол шалқасынан жатады. Ол екпетінен жатады. Бір жылдан кейін ол көп нәрселер істейтін болады. Ол еңбектейтін болады. Ол аяғымен тұра бастайды. Ол жүретін болады. Ол сөйлейтін болады. Бірақ ең алдымен ол жай ғана өседі. Ол үлкейе бастайды.
Мәтінді жасыру
      49. Олар сондай жақсы ұшады
      Ол құсқа қарады. Бұл қара сайрақ еді. Ол шөптің үстінде жүрді. Ол тамақ іздеп жүрді. Құстардың жүрісі қызық. Олар неге олай қызық жүреді екен? Себебі олардың қолы жоқ. Қол адамдардың жүруіне көмектеседі. Адамдар жақсы жүреді. Құстардың қолы жоқ. Олар жақсы жүрмейді. Олар жүргенде қызық көрінеді. Құстардың қанаты бар. Қанат құстың ұшуына көмектеседі. Олар қанаттарын ұшу үшін пайдаланады. Олар өте жақсы ұшады. Олар ұшып жүргенде қарасаңыздар әдемі көрінеді. Аспан - олардың ортасы. Жер олар үшін емес. Қара сайрақ жейтін бірдеңе тауып алды. Ол ағашқа қонды. Тамағын ағашта отырып жеді. Ал содан кейін әрі қарай ұшып кетті.
Мәтінді жасыру
      50. Көшірмемен жасалған мысық
      Люсидің мысығы болды. Оның есімі Пират еді. Пират он төрт жаста болды. Он төрт жаста мысық кәрі болып есептеледі. "Мен не жасай аламын?" - деп сұрады Люси әкесінен. "Пират қартайды. Ол жақында өледі. Мен оны өте сағынамын." Әкесі айтты: "Мүмкін, сен оны клондарсың? Саған жаңа Пират жасап береді. Оның түрі Пират сияқты болады. Ол Пират сияқты жүреді. Ол Пират сияқты мияулайды. Ол сені Пират сияқты жақсы көреді. Бірақ ол марғау болады. Ол қартайған мысық болмайды. Ол жаңа марғау болады. Сенде жаңа Пират тағы 14 жыл бойы болады." "Папа, - деді Люси, - бұл керемет идея. Кейін менің жаңа Пиратым 14 жасқа келгенде менде басқа жаңа Пират болады!"
Мәтінді жасыру
      51. Цирк клоундары
      Ол әке-шешесімен циркке барды. Ол қуанды. Ол циркке бұрын ешқашан бармаған еді. Циркте клоундар көп. Оған клоундар ұнайтын. Олардың түрлері күлкілі. Олардың мұрындары үлкен, қызыл. Қалпақтары да күлкілі. Аяқтарына үлкен аяқ киім киіп алған. Олардың аяқ киімдері оның әкесінің аяқ киімінен де үлкен. Тіпті әкесінің аяқ киімінен екі есе үлкен. Клоундардың кернейі бар. Олар өздерінің кернейлерімен бір-біріне гуілдейді. Олар сөйлеспейді. Олар сөйлесу үшін, кернейді пайдаланды. Ол клоундарға күлді. Олар сондай қызықты. Олар оны күлдірді. Ол әкесіне:" Әке, менің саған не айтқым келетінін тапшы. Мен өскенде клоундар боламын!"
Мәтінді жасыру
      52. Тапанша
      Донның тапаншасы болды. Бұл кішкене тапанша болатын. Ол оны өзінің бауыры Тониге сыйлады. Тони тапаншаға қарады. Бұл әдемі тапанша болатын. Ол қара болатын. Оның шүріппесі күміс түсті болды. Тони күміс шүріппесіне өзінің саусағын қойды. Ол тапаншаны қалтасына салды. Ол оны қалтасынан шығарды. Ол далаға шықты. Ол сымда отырған құсты көрді. Ол тапаншамен құсты көздеді. Ол шүріппені басты. "Егер де тапанша оқтаулы болғанда, мен құсты өлтірер едім", - деп айтты ол." Мен ол оқтаулы болмағанына қуаныштымын. Құстарды өлтіруге болмайды ", - деді Дон. Тони Донға тапанша үшін ризашылығын білдірді. "Маған осы тапанша ұнайды. Рахмет", - деді Тони. Ол тапаншаны өзімен бірге үйіне алып кетті.
Мәтінді жасыру
      53. Жалқау ит
      Түлкі қоңыр болатын. Түлкі жүйрік болатын. Ит қоңыр болатын. Ит жалқау болатын. "Сен жалқау итсің", - деді түлкі. "Иә, мен жалқау итпін", - деді ит. "Неге сен жалқау итсің?" - деді түлкі. "Маған неге жалқау болмасқа?" - деді ит. "Мені қожайыным тамақтандырады. Мені қожайыным серуендетеді. Мені қожайыным жақсы көреді. Мен тамақ ішемін. Мен серуендеймін. Мен ұйықтаймын. Мен жалқау, бақытты итпін". "Бірақ сенде ешқандай талпыныс жоқ па?" - деді түлкі. "Талпыныс? Не істеуге талпынуым керек? Мен жәй ғана итпін', - деді ит. "Лэсси ит болатын. Ол адамдардың өмірін құтқаратын", - деді түлкі. "Мен адамдардың өмірін құтқару үшін өте жалқаумын", - деді ит. "Лэсси адамдардың өмірін құтқара берсін".
Мәтінді жасыру
      54. Күйсандықта ойнаушы
      Ол күйсандықта ойнайды. Ол өте жақсы ойнайды. Ол күйсандықта ойнауды алты жасынан бастаған. Бұл жеті жыл бұрын еді. Қазір ол он үште. Ол өте жақсы күйсандықшы. Ол сайыстарды бірінен соң бірін жеңіп алатын. Бір атақты фортепианодан сабақ беруші оның күйсандықта ойнағанын естіді. "Мен сені Нью-Йоркке алып кеткім келеді. Мен саған бұдан да жақсырақ ойнауды үйреткім келеді. Мен саған әлемдегі ең атақты күйсандықшы болуды үйреткім келеді," - деді. Оған бұл ой ұнамады. Оның үйінде қалғысы келді. Ол өзінің ата-анасымен, достарымен қалғысы келді. Оның ата-анасы оның барғанын қалады. Олар оған әр демалыста Нью-Йоркке барып тұратындарын айтты.
Мәтінді жасыру
      55. Айдағы адам
      Ол айға қарады. Ол үлкен болды. Ол домалақ еді. Ол аппак еді. Ол үлкен, домалақ және аппақ еді . Ол басқа жұлдыздарға қарағанда өте үлкен. Жұлдыздар кішкентай оттардай көрінді. Ай үлкен жарық шам болды. Ол айналасына қарады. Ол басқа үйлерді көре алды. Ол жаяу жүргіншілер жолын көре алды . Ол көшені көре алады. Ай жарық еді . Бірақ күн сияқты жарық емес еді. Бірақ жұлдыздардан жарығырақ болды. Оған әкесі айда адам бар екендігін айтты. Ол айдағы адамды іздей бастады. Ол оның көзін іздеді. Ол оның мұрнын іздеді. Оның аузын іздеді. Бірақ ол айдағы адамды көре алмады.
Мәтінді жасыру
      56. Нашар бала күтуші
      Ол өз үйінде бала күтуші болды. Ол кішкенай 10 балаға қарады. Олар мұның балалары емес еді. Бұл балалар басқа адамдардың ұл - қыздары. Оның ұлы да, қызы да болмады. Ол ана емес, бала күтуші болды. Бұл 1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар еді. Ол барлығын қарады. Ол балаларды күні бойы үйінде бақты. Балалар қонақ бөлмеде орналасты. Оларға ойнау үшін ойыншықтарды беретін. Көру үшін кітаптарды беретін. Жастық пен жамылғы да беретін. Кейбірі ойыншықпен ойнайды, кейбірі кітаптарды қарайды, ал кейбірі ұйықтайтын. Ол әдетте балаларға қарамайтын. Ол әдетте теледидар қарайтын.
Мәтінді жасыру
      57. Жаңа зоодүкен
      Бұл жаңа зоодүкен болатын. Брайан жаңадан ашылған дүкенге кірді. Ол дүкен иесі Полмен амандасты. Пол Брайанмен амандасты. Брайан: "Бұл зоодүкенде таза, тыныш және жағымсыз иіс жоқ,-" деді. Брайан дүкен ішін түгел қарап шықты, бірақ оның көзіне ешқандай жануар түспеді. "Жануарлар қайда?" - деп сұрады ол. Пол: "Жануарлар мұнда,"- деп каталогты ашты. Каталог толған жануарлардың суреті болды. Пол: "Ұнатқан кез-келген жануарды таңдаңыз, біз сізге почта арқылы жібереміз" - деді. Брайан: "Ол маған ұнамаса ше?" - деп сұрады. "Онда қайтадан почтамен кері салып жібересіз" - деді Пол.
Мәтінді жасыру
      58. Мен олардың барлығын да қалаймын
      Бетти толқып отырды. 1-інші желтоқсан болатын. Рождествоға дейін 24 күн қалған. Ол журнал қарап отырды. Бұл кішкентай қыздарға арналған журнал болатын. Онда өте көп суреттер болды. Әр елден шығарылған қуыршақтардың суреттері басылған. Мексиканың қуыршақтары болды. Қытайдың қуыршақтары болды. Францияның қуыршақтары болды. Қуыршақтар барлық жақтан болды. Қуыршақтар сонша көп болды. Қуыршақтардың әдемі суреттерін ол анасына көрсетті. "Анашым, Санта, маған мына қуыршақтардың барлығын да әкеле ме?", - деп сұрады Бетти. "Жоқ жаным", - деді анасы оған, - "Санта саған тек бір ғана қуыршақ әкеледі. Сондықтан да өзіңе ең ұнағанын таңда". "Бірақ, анашым", - деді ол, - "Олардың БАРЛЫҒЫ да маған ұнайды!".
Мәтінді жасыру
      59. Атақты суретші
      Оның әкесі газеттің бір бөлігін, анасы екінші бөлігін оқыды. Үлкен әпкесі газеттің басқа бөлігін оқыды. Ал өзінде газеттің әзілкештері бар бөлігі болды. Бұл газеттің ең керемет бөлігі еді. Ол сөздерді түсінбейді. Ол оқу білмейді. Бірақ ол әзілкештерді жақсы көреді. Оған суреттер ұнайды. Олар әртүрлі еді. Барлық аңдар да әртүрлі. Барлық адамдар да әртүрлі. Барлық суреттер ақ-қара түсті. Ол өзінің түрлі түсті қарандаштарымен суреттерді бояды. Ол анасына түрлі түсті суреттерді көрсетті. Олар анасына ұнады. "Әдемі түс," - деді анасы. "Бір күні атақты суретші боласың".
Мәтінді жасыру
      60. Бейсбол
      Әкесі бейсболға баласы Кристі өзімен бірге алды. «Лос-Анджелес ептілері» «Сан-Франциско алыптарымен» ойнады. «Ептілер» алаң иелері болды. «Алыптар» қонақтар командасы болды. Әкесі Крис екеуі «Ептілер» стадионына келді. Адам деген көп екен. Жиналғандардың көбісі «Ептілердің» жеңісін, ал «Алыптардың» жеңілісін көргісі келді. Әкесі мен Крис өз орындарын тауып, отырды. Ойын басталып кетті. Кристің әкесіне тамақ ішкісі келетінін айтты. Әкесі екі пакет жержаңғақ сатып алды. Ол Крисқа екі хот-дог пен үлкен бөтелкедегі газдалған суды сатып алды. Олар отырған жаққа қарай фал-бол (алаңның алдыңғы сызығынан өткен және ойыннан тыс деп саналатын доп) ұшқан екен. Көрермендер доп құлаған жаққа қарай ұмтылды. Олар Кристің газдалған суын төгіп жіберді. Әкесі оған тағы бір бөтелке газдалған су сатып алды.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Роза Алиева, Айгерим Турсынбекова, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Бахытжан Ертай, Дастан Ахметдин,
Асель Серикбаева, Аслан Бисенов, Майра Фазыл, Маргулан Канат, Раушан Муталипова, Рахат Уйсымбаев, Акжайык Сабырбаева, Диас Жунистаев, Елімай Шынатай, Максат Маликов, Anar Bekmyrza, Nazima Tokabayeva, Айжан Даукишева, Арайлан Атканова, Гульзайнаб Сисенова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Истории о детях. Том 2, стр.2 Вернуться к началу Истории о детях. Том 2, стр.4  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга