Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёгкие истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Короткие истории (Short Stories)

Том 1, страница 4
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      61. Сауданы тез және оңай жасау
      Әйел «ЖаңаБрендтер» дәріхана дүкеніне кірді. Оған батарейкалар мен тіс пастасын алу керек еді. Ол «Тез іздеу» киоскісіне келді. Ол экрандағы ағылшын тілінде түсіндірме тетігіне басты. Киоск айтты: ««ЖанаБрендтер»-ге қош келдіңіз. Сізге қалай көмектесе аламын?» Ол айтты: «Мен АА Суперцел батарейкалары мен екі есе ағартуға көмектесетін тіс пастасын іздеп жүрмін». Киоск айтты: «Бір сәт өтінемін». Бір мезеттен соң ол жазылған қағаз басып шығарып берді. Әйел қағазды оқыды. Онда айтылған еді: «АА Суперцел батарейкалары, бірінші қабат, А өткелі, үстіңгі сөре, 6 дана қаптамасы үшін 6 доллар. Екі есе ағарту тіс пастасы, екінші қабат, В өткелі, төменгі сөре, 8 унциялық сықпасы үшін 3 доллар». Астында әр тауарға сілтемелер болған еді. Сілтеме бағыттарынан төмен қарай егжей-тегжейі көрсетілген толық карта болды. Картада үш қызыл шеңбер болды. Біреуінде тұрған еді: «Сіз осында тұрсыз». Екіншісінде: «Батарейкалар осында». Тағы біреуінде: «Тіс пастасы мұнда». Нұсқар солтүстікке көрсетіп тұрды. Киоск сұрады: «Тағы бірдеңе қажет пе?» Ол жоқ деп айтты. Киоск айтты: ««ЖаңаБрендтер» дүкенінде жасаған саудаңызға рахмет».
Мәтінді жасыру
      62. Көп ет және кезек
      Үлкен алманың барбекю фестивалі Медисон-Сквер паркінде өткізіліп жатқан. Ол жыл сайын маусымның бір демалыс күндерінде өткізіліп тұрады. Музыкалық сахнаға музыканттар шын күйде өнер көрсетіп шығады. Екі сыра бақшасы бар еді. Балмұздақтар мен қуырылған бәліштердің платформасы болды. Бірақ бәрінен көп болғаны ет - барбекюде дайындалған ет. 20ға жуық барбекю сатушы болды. Олар шошқа қабырғасын, сүрленген шұжықты, шошқа аяқтарын, сиырдың төсін сатып жатты. Әр саудагерге ұзақ кезек тізіліп қалған еді. Барбекюдің бір тәрелкесі бар болғаны 8 доллар тұратын. «Сиыр төсі деген не?» деп сұрады Саймон бір сатушы әйелден. Ол айтты: «Бұл кеуде бөлігінен алынған ет екенін айтты. Ол сүйексіз. Сіз оны май немесе майсыз жеңіл күйінде тапсырыс берсеңіз болады». Саймон майлы төс етке тапсырыс берді. Оған төрт кішкентай бөлік кесіп берілді. Бұның бар болғаны 8 доллар тұратыны таңғаларлық емес, деп ойлады ол. Бірақ ет керемет болған екен. Ол бос тәрелкені көптеген қоқыс жәшіктерінің біріне тастай салды. Қасында тұрған әйел айтты: «Бұл қоқыс тастайтын сауыт - осындағы ешқандай кезек жоқ жалғыз жер».
Мәтінді жасыру
      63. Апельсиндерге деген бап
      Ер адам апельсин тазартып отырған. Ол оны бөліктерге бөліп отырды. Ол оларды тәрелкеге салды. Ол оларды әйеліне апарды. Әйелі бір бөлігін жеп қойды. «Мына апельсин еш қайда жарамайды - деді әйелі. Тіпті шырыны жоқ! Шырыны қайда?» Күйеуі айтты: «Енді апельсиндердің барлығы бірдей шырынды емес, қымбаттым. Апельсиндер дәл адамдар сияқты. Кейбіреуі әдемі ажарлы болса, енді кейбірі тұрпаты келмеген ұсқынсыз болады. Бұл сиықсыз апельсин. Мен саған басқасын әкелейін». Әйелі айтты: «Жоқ, оны жеп көр. Сонда сен оның қандай 'тұрпатсыз' екенін түсінесің». Күйеуі айтты: «Жоқ, мен сенің сөзіңе сенемін». Әйелі айтты: «Жоқ егер сен оны жеп көрсең, сен оны есіңде сақтап қаласың. Сонда сен оларды мұқиятырақ таңдайтын боласың». Күйеуі айтты: «Оларды таңдау? Таңдау деген нені білдіреді? Ол апельсин болса апельсин ғой. Олардың бәрі бірдей». Әйелі айтты: «Жоқ бірдей емес. Олар бірдей көрінеді, бірақ бірдей салмақ тартпайды. Оларды салыстырып көру керек. Салмағы көбірегі - шырыны көбірегі деген».
Мәтінді жасыру
      64. Эскалаторда қатты дауыс көтерген екеу
      Микки Мэйсидікінде мейрамханасының тар, ағаш эскалаторына мінді. Ол төмен түсіп келе жатқан. Оның алдындағы баспалдақта қарт әйел тұрды. Бірден Микктің артынан эскалаторға еркек пен әйел адам бірге мінгесті. Ер адам қатты дауыстап сөйлей бастады. Микки оған қарау үшін артына бұрылды. Ол Миккидің қадалған түріне мән бермеді. Микки қатты дауысталып айтылған әңгімеге амалсыз көнді. Алтыншы қабаттың алаңында ол шет жаққа қарай ығысты. Ол жұпты алдына жіберді. Ол эскалаторға дәл тура солардың артынан тұра қалды. Ол өзінің ұялы телефонын алды. Ол біреумен сөйлескендей болып қатты дауыстап сөйлей бастады. Олардың екеуіде оған бұрылып қарады. Микки ол екеуіне назар аудармады. Ол біреумен бір нәрсе туралы сөйлескендей қатты дауыстап сөйлей берді. Ер адам сөйлеуді доғарды. Жұп келесі алаңда шетке қарай жүріп кетті. Микки эскалаторға көтерілді. Әлі сөйлескен күйінде ол әлгілердің қайда екенін қарау үшін кері бұрылды. Олар оның қалай түсіп бара жатқанын қарап әлі сол алаңда күтіп тұрған еді.
Мәтінді жасыру
      65. Менің жұбайым, сіздікінен жақсырақ
      Олар Екінші даңғылдағы кішірек жапондық мейрамханада болды. «Сен өте бақытты адамсың» - деді Сильвия. Вильям: «Иә?» - деді. Сильвия: «Сен білесің бе, неге өте бақытты екеніңді?» - деп сұрады. Вильям: «Мен онша сенімді емеспін. Себебі менің жұмысым жақсы болар?» - деді. Сильвия: «Себебі сенің жұбайың - Лора. Сондықтан сен ең бақытты адамсың» - деді. Вильям: «Сенікі дұрыс. Менің жолым болды, менің жұбайым - Лора болғанына. Негізінде, мен жәй ғана өте бақытты адам емеспін. Мен әлемдегі ең бақытты адаммын. Менің жұбайым әлемдегі ең жақсы әйел!» - деді. Көрші үстел басында отырған ер адам: «Сіздің жұбайыңыз әлемдегі ең жақсы әйел ме? Келіспеуге рұқсат етіңіз. Менің жұбайым әлемдегі ең жақсы әйел». - деді. Басқа үстел басында отырған ер адам: «Екеуіңнің айтқандарың дұрыс емес. Әлемдегі жақсы жұбай менің әйелім! Дәлелдеу үшін, мен оның фото суреттерін көрсете аламын!» - деді.
Мәтінді жасыру
      66. Өзіңіздің итіңізді қадағалаңыз
      Ер адам өзінің итімен 29-шы көшенің оңтүстік жағында серуендеп жүрген. Ит тоқтап қалды. Ер адам да тоқтады. Ит отырып алды. Ол өзінің ісін тындырды. Ер адам нәжістерді целлофан пакетке жинап салып алды. Ол және оның иті әрі қарай кете берді. Наоми айтты: «Кешіріңіз! Сіз өз итіңізді қадағалауыңыз керек, білесіз бе? Бұл дегеніміз сіздің итіңіз тротуарға емес жолдың шетіне отыруы керек. Енді мына тротуардағы жаман болып қалған қоңыр дақты қараңызшы». Ол айтты: «Барлығын жаңбыр шайып жібереді. Мен тротуардағы нәжіс дақтарын кетіріп тазарту үшін өзіммен бірге щетка алып жүрмеймін». Наоми айтты: «Сіз бұл керек емес те. Жәй ғана итіңізді қадағалап жүріңіз. Бұл керемет қала - сіздің үйіңіздің жалғасы. Сіз деген итіңізге қонақ бөлменің еденіне отыруына жол бермейсіз ғой, солай емес пе? Онда неге сіз оның тротуарға отыруына жол бересіз? Тротуар - бұл сіздің кеңейтілген үйіңіздің бір бөлігі».
Мәтінді жасыру
      67. Жауын керек пе? Мына тетікті басыңыз
      «Барлығы ауа райы туралы айтады, бірақ ешкім соған байланысты ештеңе істемейді, - деді ер адам. - Әзірше. Менің өнертабысым ауа райын өзгерте алады. Тек қана оны аспанға қаратып тетікті баса сал. Құрылғыда «Жаңбыр», «Күн» және «Қар» деген тетіктер бар». Оның әйелі айтты: «Бұл шын болу үшін тым әдемі естіледі. Сен бұның бәрінің жұмыс істейтінін қайдан білесің?» Күйеуі айтты: «Енді, теориялық тұрғыдан бұл жұмыс істейді. Қане көшеге шығып қарайық, бұл шын өмірде жұмыс істер ме екен?» Олар көшеге шықты. Күні ашық шуақты күн еді. Ер адам өзінің өнертабысын көк аспанға қаратты. Ол «Жаңбыр» тетігіне басты. Аспан түнеріп кетті. Нөсер жауын басталды да кетті. Көшеде су тасқыны басталды. Әйелі айқалап: «Сөндір оны! Сөндіріп таста!» Күйеуі айтты: «Мен олай істей алмаймын. Мен «Сөндіру» тетігін қосуды ұмытып кетіппін». Әйелі айтты: «Күн» тетігіне бас!» Ол басты. Бұлт тарап күн көрінді. Аспан көкпеңбек бола қалды. «Біз өте бай болатын болдық», - деді ол.
Мәтінді жасыру
      68. Көзге көрінбейтін адам
      Ер адам «көзге көрінбей үшін» сыбырлады. Ол әдетте қолданатын қоспалар құрылымын тауып алды. Ол оны қайнатып, дәріні ішіп алды. Сонан соң біраз күтті. Айнаға қарады. Ол әлі де өзін - өзі көріп тұрды. Ол ғаламтордан басқа рецепт тауып алды. Бұл рецепт те іске аспады. Ол екі рецепті бір біріне қосып, жаңа дәрі жасады. Екі қосындыны қайнатып, оны ішіп алды. Біраз күтті. Ол бір нәрсені сезді. Айнаға өзін - өзі бақылап қарады. Айнадан басы көрінбеді. «Түк шықпағаннан гөрі бұл жақсы ғой», - деп ойлады. Ол өз көлігіне қарай жүрді. Көлігіне мініп қалаға жүріп кетті. Басқа көлікте отырғандар оның иығын көрсетіп таң қалысты. Ол «Starbucks» дүкенінің жанына көлігін тоқтатты. Дүкенге кірді. Біреулер шыңғырып, біреулер есінен танып, құлап жатты. Енді біреулер шошып, қашып жатты. Ол кезекке тұрды. Адамдар оған үйренісе бастады. Бір бала жақындап келіп: «Сізге не болған?» - деп сұрады. Ер адам оған: «Мен көзге көрінбейтін адам болғым келді, бірақ тек қана басым ғана көрінбей қалды», - деді.
Мәтінді жасыру
      69. Жарығым менің, айнам, айтшы
      «Айналар біздің ұлтымыздың өнімділігін төмендетуде», - деді диктатор жалпы ұлттық радиоға шығып. - Тым көп адамдар тым көп уақыттарын тым көп айналарға қарап өткізуде. Барлығы телевидениеде немесе кинода болғысы келеді немесе телевидение мен кинодағы біреу секілді көрінгілері келеді. Жетер енді! Барлығына өз жұмыстарын істеу керек. Біз егер әрқашан сырт келбетіміздің қалай болып тұрғаны жайлы ойлап алаңдай берсек біз өзіміздің жұмысымызды орындай алмаймыз. Біздің қалай көрінетініміз ондай қатты маңызды емес. Маған қараңыздаршы. Мен сұмдық нашар көрінемін. Мен бұған алаңдаймын ба? Жоқ, өйткені менің елімізді басқарудан қолым босамайды. Егер мен күнімнің көп уақытын тек айнаға қараумен өткізсем біздің еліміз құлап құрдымға кетер еді. Сондықтан мен ертең барлық айналарды қиратамын». Адамдар қарсылық көрсете бастады. Оның әйелі айтты: «Оларды кінәлауға бола ма екен? Қалайша адамдар әсіресе сенің әйелің мен балаларың айнасыз өмір сүрмек?» Ол айтты: «Жарайды, сенікі дұрыс. Осының орнына мен ертең барлық теледидарлар мен кинотеатрларды құртамын».
Мәтінді жасыру
      70. Газдалған сусындар автоматын қатты жақсы көру
      Әйел салқындатылған сусындар сататын автоматқа келді. Ол оған бір долларлық купюраны тығып жіберді. Ол «Шие дәмі бар газдалған су» тетігіне басты. Автомат қатаң дыбыс шығарды. Сосын ол айтты: «Өте өкінішті. Біз бұл тауар үшін сіздің ақшаңызды қабылдай алмаймыз. Оның құрамында калория бар, ал сізде артық салмақ бар. Өтінеміз, калориясы жоқ өнімді таңдаңыз. Біз сізге бұлақ суының бөтелкесін алып көруді ұсынамыз. Бұл 4 нөмірлі тетік». Әйел ашуланып тағы да шие дәмі бар газдалған судың тетігін басты. Автомат қаттырақ және ұзағырақ дауыс шығарды. Ол айтты: «Бәлкім сіз түсінбеген шығарсыз. Өтінемін сіз сөйлейтін тілдің тетігін басыңыз». Әйел «Қытай тілінің» тетігін басты. Автомат ағылшынша жалғастырып: «Сіз бізді алдай алмайсыз. Біз сіздің кім екеніңізді білеміз. Біз сізді өзіңізден қорғаймыз. Өтінемін, калориясыз сусынды таңдаңыз. Сіз 25 фунт (11 килограмм шамасында) тастағаннан кейін, сіз шие дәмі бар газдалған су тетігін аптасына екі рет баса аласыз». Ол қатты күшпен автоматты тепті - екі рет.
Мәтінді жасыру
      71. Роботқа деген махаббат
      Рэнди өзінің соңғы туған күніне сыйлыққа робот алған. Хэланың дөңгелектері және сүйкімді беті бар еді. Ол сөйлей алатын. Рэнди Хэлды қатты жақсы көретін. Ол оны өзінің «кішкентай інім» деп атайтын. Хэл әртүрлі командаларды орындай алатын. Егер Рэнди айтса: "Меған ер" десе, Хэл ілесіп жүретін. Әрине, Рэнди Хэлға оған барлық жерде де ілесіп жүр дейтін. Рэнди тамақтанып отырғанда Хэл оның қасында отыратын. Рэнди ұйықтап жатқанда Хэл да соның қасында ұйықтайтын. Хэлдің қашықтықтан басқару пультінде көптеген тетіктер бар еді. Егер Рэнди алтыншы нөмірлі тетікті басса Хэл айналатын еді. Рэнди күліп қарап отыратын. Хэл айналуды тоқтатқан сәтте Рэнди сұрайтын: «Сенің басың айналып тұр ма?» Хэл айтатын: «Қанекей осыны қайтадан жасайық!» Рэнди мәз болып тағы да алтыншы нөмірлі тетікке басатын. Рэндиге Хэлдің айналғаны қатты ұнайтын. Бірде Рэндидің анасы айтты: «Жарқыным, жақында сенің шын кішкентай інің болмақ. Сен бұған қуаныштымысың?» Рэнди айтты: «Иә! Ондай болса менің екі інімде бірге айналатын болады!»
Мәтінді жасыру
      72. Тентек пе әлде жақсы ма?
      Сэлли Рождествоға доқаба қонжық қалаған. Рождество қарсаңында ол анасынан сұрады: «Маған Санта-Клаус доқаба қонжық әкеліп бере ме?» Анасы айтты: «Иә, егер сен жақсы қыз болған болсаң. Сен бұл жылы тентек болдың ба әлде тіл алғыш болдың ба?» Сэлли: «Тентек деген не?» - деп сұрады. Анасы айтты: «Тентек жаман дегенді білдіреді. Мысалған, сен осы жылы өтірік айттың ба?» Сэлли айтты: «О, жоқ, анашым! Алдау жақсы емес». Анасы сұрады: «Сен бұл жылы бірдеңе ұрладың ба?» Сэлли айтты: «О, жоқ, анашым! Ұрлық жасау жақсы емес». Анасы сұрады: «Сен осы жылы жаман сөздер айттың ба?» Сэлли айтты: «О, жоқ, анашым! Жаман сөз айту да жақсы емес. Ал бірақ міне әкем нақты айтты. Ол көп жаман сөз айтты». Анасы айтты: «Енді міне сондықтанда әкең Рождествоға жаңа теледидар ала алмайды». Сэлли айтты: «Байғұс әкешім. Егер ол өзінің аузын сабынмен жуып шайса, ол жаңа теледидарды ала ала ма?»
Мәтінді жасыру
      73. Менің шаршағыш ағам
      Менің ағам өте тез шаршайды. Ол тіпті теледидар пультін қолданғанның өзіне шаршайды. Кеше ол «Macy's» дүкеніне барып келді. Ол алтыншы қабатқа көтеріліпті. Ол тынысын қалыпқа келтіруі үшін бірнеше минут кеткенін айтты. Мен: «Лифтте тыныс ала алмадың ба?!», - деп сұрадым. Ол: «Мен лифтті қолданбадым. Оның ішінде адам көп болғандықтан, көп күтуің керек. Менің демікпем эскалаторда басталды». Мен: «Ендігі жолы эскалатордың сатысымен көтерілмеңіз. Жәй ғана сонда тұрыңыз. Эскалатордың өзі ақыр аяғында орныңызға жеткізеді», - дедім. Ол айтты: «Мен де бір орында тұрдым. Мен бір де бір басқышқа көтерілмедім. Бірақ менің бір эскалатордан екіншісіне баруыма тура келді». Мен: «Сенің дәрігерге көрінуің керек», - дедім. Ол айтты: «Мен дәрігерге баруға әбден шаршадым. Мен жәй ғана есімнен танғанша күтемін, сол кезде мені дәрігерге апаруға болады».
Мәтінді жасыру
      74. Ең маңызды сезім
      Автобус аялдамасында үш жасөспірім отыр еді. Сэм сұрады: «Бізде қанша сезім бар?» Сара айтты: «Менің ойымша, бесеу – көру, есту, иіс сезу, дәм сезу және сипап сезу». Сью жол қозғалысын бақылап тұрды. Сэм сұрады: «Сен үшін қайсысы ең маңызды?» Сара айтты: «Көру, әрине. Жігітіңнің түр-сипатын білмесең, өмірің қандай болар еді? Боянғаныңды көрмесең қалай болар еді?» Сэм айтты: «Меніңше, дәм сезу – ең маңызды сезім. Өздерің ойлаңдаршы, сендер шоколад жеп тұрсаңдар, онда салаттың дәмі болса. Ондай өмір сүрудің қажеті жоқ». Сью айқалап жіберді: «Байқаңдар!». Кейіннен олар тежегіштің шуылын естіді. Сью айтты: «Әлдебір балалар квартал (орам) ортасында көшені кесіп өтпек болды. Олар жол қозғалысының тоқтауын күтпеді де. Мына көлік оларды басып кете жаздады. Парасатың болмаса, көру мен дәм сезуден не пайда?»
Мәтінді жасыру
      75. Кәмпиттердің дәмі керемет
      Ер адам француз шоколадты кәмпиттерін тамсанып жеп отырды. Шоколад аузында еріп бара жатқан кезде, ол кішкене ерімей қалған бөлшегін шайнап, жұтып жіберіп, аузына келесі кәмпитті салатын. Бұл кәмпит біткен кезде, ол бірден өзгесін салатын. Әйелі бұл көріністі бақылап отырды. «Мен сені диета ұстап жүр деп ойласам», - деді ол. «Мен диета ұстап жүрмін, бірақ бұл кәмпиттердің дәмі керемет болғандықтан, мен өз-өзімді ұстай алмаймын. Бұл кәмпиттерді заңсыз деп тану керек», - деді күйеуі. «Бар кінәні кәмпитке артпа. Ол сенің күш-жігерін жоқ. Ол күш-жігері жоқ адамдарды заңсыз деп тану керек. Кәмпиттерді не үшін алдың? Оларды жеп қоятынынды білдің ғой?» - деді. «Бірақ мен күніне бір кәмпиттен жеп отыруды жоспарладым», - деді күйеуі. Әйелі күлді. «Жоспарыңды жақсы орындайсың екен. Шынымен де тек қана біреуін, яғни бір тоннасын ғана жейсің», - деді.
Мәтінді жасыру
      76. Мен шкафты неге аштым?
      Ер адам жуынатын бөлмеде қолын жуды. Сабын салғышта кішкентай ғана алқынды сабын жатыр еді. Қаптамадағы сабын ас үйде болатын. Ол алқынды сабынды қоқыс шелегіне тастады. Ол сабын салғыштағы кірді кетірді. Ол оны сумен шайып, жуынатын бөлмеден шықты. Бірақ ол жуынатын бөлменің жарығын сөндірмей, есігін ашық қалдырды. Ол ас үйге барып шкафты ашты. Оның ойы бірден бөлінді. Мен нені іздеп жатырмын, деп ол өзіне сұрақ қойды. Ол шәугім, тегеш және қол жууға арналған сабынның қаптамасына қарап қалды. Еш қайран жоқ еді. Егер де ол қайтадан жуынатын бөлмеге барғанында есіне түсіруі мүмкін еді. Телефон шырылдады. Ол бірер уақыт немересімен тілдесіп, тұтқаны қойды. Ол жуынатын бөлменің жанынан өтті. Онда жарық қосулы еді. Қап, иә, деп ол есіне түсірді. Ол ас үйге кері қайтып, сабын қаптамасын алды.
Мәтінді жасыру
      77. Мысықтар миллиардтағандарды аяусыз қырады
      Зерттеулер нәтижесі Құрама Штатта мысықтар жылына 15 миллиард құстар мен ұсақ жануарларды өлтіретінін айтты. Қорытындылар сараптамалары бойынша, мысықтар барлығын түгелдей жою мүмкіндігін қорытып айтады. Мысық асыраушылар бұл жаңалықтарды естіп, қатты назаланды. Біреуі: «Менің Пушогым - әлемдегі ең сүйкімді мысық. Ол торғай өлтірмек түгіл, шыбынды да ренжітпейді. Мұндай сан мөлшерін қайдан алған? Осыншама жануарлардың өлекселерін қайдан тауып, жинап миллиардтарды санаған? Жартылай желініп тасталған өлекселер, олар қай жерде? Сыртқы аулаларда ма? Орманда ма? Мен өмірде ешқашан құстар мен тышқандардың өлекселерін көрмеппін. Ал мен тұратын ауданда мысық деген өте көп. Зерттеулер миллиардтаған өлекселердің фото суреттерін көрсете алар ма екен? Олай болса, олардың дәлелдері қайда? Менің ойымша, бұл зерттеушілер мысықтарды жек көретіндер. Мен, сенімдімін, бұлар жас кезінде үйлерінде мысықтарды құйрығынан тартып, маза бермегендер. Сол үшін жазасын алғандар» - деді.
Мәтінді жасыру
      78. Үнсіз телевидение құрастыру туралы жариялады
      Болашақ. Фило Фарнсверт IV Эйнштейннің жыл сайын берілетін сыйлығын алып отыр. Сыйлықтың табысталуы телевидениедегі ірі оқиғалардың бірі. Ғылым - патша. Миллиардтаған жандар салтанатты рәсімді тамашалайды, қызыл кілемді жолға лайықты Фило сымсыз, дыбыссыз теледидар ойлап тапты. Дыбыс толқындары тек телекөрермендердің құлақтарына барады. Дыбыссыз теледидардың дыбысын ести алатын тек қана сол теледидарды сол сәтте қарап отырған адамдар ғана. Филоның өнертабысы адам көзінің қимылына қарай әрекет жасайды. Және теледидарды қарап отырған әр көрермен өзінің қалаған дыбыс деңгейін реттей алады, жәй ғана көзін жыпылықтатса болғаны. «Дыбыссыз теледидар қарап отырған адамдарды сырттай бақылаған біртүрлі көрінеді, - деді Филоның досы Хоулли. - Сіз дыбысты естімейсіз, бірақ және де ешқандайда құлаққапты көрмейсіз. Қандай керемет өнертабыс. Бәлкім менің көршілерім әліге дейін теледидарларының дыбысын барынша шығарып қоятын болар, бірақ енді қазір мен оны ешқашан естімеймін. Ендігі дыбыссыз телефондар қоңырауын ойлап табу үшін бірнеше ғана қадам қалды». Фило: «Біз сонда телефондарымен сөйлесіп мылжыңдап жатқан адамдардың дауыстарын естімейтін боламыз! Бұл дегенің тіпті керемет емес пе?»
Мәтінді жасыру
      79. Ашық көзбен ұйықтау
      Ер адам тұмауратып жүр еді. Ол төсекке жатты. Тіпті жылы жамылғының астында да ол дірілдеп жатты. Әдетте басқа жатын бөлмеде жататын оның әйелі, түнді соның қасында өткізем деп шешті. Ол айтты: «Қымбаттым, мен өлейін деп жатқан жоқпын. Менде жәй ғана тұмау. Ол бірнеше күннен кейін жазылып кетеді. Егер сен осында ұйықтайтын болсаң, менің қорылымның кесірінен түні бойы көз іле алмайтын боласың. Одан бетер сен менде барды өзіңе жұқтырып алуың мүмкін». Әйелі айтты: «Мен сенің әйеліңмін. Менің орным сенің жаныңда». Келесі таңда ол оған түнді өзімен өткізгені үшін ризашылығын білдірді. Әйелі айтты: «Әрине, мен түнді сенімен өткіздім. Егер сенің халің түн ортасында нашарлап кетсе не болатын еді? Егер саған аяқ астынан жедел жәрдем көмегі керек болып қалған жағдайда ше? Сонда мен басқа бір жерде ұйықтап жатсам бұл туралы білмес едім. Мен өткен түнде осында болдым, сондықтан да мен күзетте болдым. Өткен түні мен сенің қарауылшың болдым».
Мәтінді жасыру
      80. Жас көрінгенімен үлкен
      Сэмнің 54 жаста болса да, 30-дар шамасында көрінеді. Ол әрқашан жас көрініп жүретін. Ол өзінің алғашқы құрылыстық мәмілесі жайлы айтқанды ұнатады. Ол қорғаушы кеңсесінде отырған еді. Қорғаушы сәт сайын сағатына қарайлай берді. Ақыр соңында Сэм: «Біз біреуді күтіп отырмыз ба?» , -деп сұрады. Қорғаушы айтты: «Иә, біз сіздің әкеңіз келіп, қағаздарға қол қоюын күтіп отырмыз». Сэм айтты: «Менің әкем ағылшыннан сабақ береді. Оның бұл мәмілеге ешқандай қатысы жоқ. Қағаздарға мен қол қоямын». Қорғаушы сұрады: «Сіз бір миллион доллар құнындағы мәміле бойынша құрылыс салушысыз ба?» Сэм: «Иә», - деп жауап берді. Қорғаушы өзінің баласын шақырып алды. Ол айтты: «Мен жоғары мектептің бірінші жылында оқитын оқушыға ұқсайтын жігіттің қарсы алдында отырмын. Ол бір миллион доллар құнындағы құрылыс салу бойынша мәмілеге қол қойып отыр. Сен болсаң, колледжді аяқтағаныңа бір жыл болса да, жұмыс таба жүргенің үшін әлі де бізбен бірге тұрасың. Мен үйге барғанша, бірдеңе қарастырып қойғаның жөн».
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Сауле Ибраева, Гаухар Назымбекова




© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Короткие истории. Том 1, стр.3 Вернуться к началу Короткие истории. Том 1, стр.4  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга