Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Лёгкое чтение (Easy Reading)

Том 2, страница 2
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      21. Өсімдіктерге су керек
      Ер адам өзінің өсімдіктерін жақсы көретін. Оның өсімдіктері құмырада өсіп тұрған. Үйдің артында 10 құмыра бар . Үйдің алдында сегіз құмыра бар. Әрбір құмырада әртүрлі өсімдік бар. Екі бірдей өсімдік жоқ. Олардың барлығы әртүрлі. Олардың барлығы әдемі. Жұма күні болатын. Өсімдіктерді суаратын кез еді. Ер адам өсімдіктерді аптасына бір рет суарады. Ол далаға шықты. Ол шлангті алды. Шланг жасыл және ұзын. Оның ұзындығы шамамен 40 фут (12 метр) Ол суды қосты. Шлангтен су аға бастады. Ол үйінің артындағы әрбір өсімдікті суарды. Ол әрбір өсімдікті топырақ қара және ылғал болғанға дейін суарды. Ол әрбір өсімдікті топырақ жұмсақ болғанға дейін суарды. Сосын ол үйдің алдындағы өсімдіктерге келді. Үйдің алдындағы шланг те жасыл болатын. Оның ұзындығы 30 фут (9 метр) еді. Ер адам үйдің алдындағы барлық өсімдіктерді суарды. Әрбір құмыраның жанында шалшық жиналды. Сегіз шалшық болды. Ылғал өсімдіктерге көбелектер мен аралар ұшып келді. Ер адам біраз уақыт оларды бақылап тұрды. Сосын ол үйге қайтып келді. Келесі аптада ол тағы да өсімдіктерді суарады.
Мәтінді жасыру
      22. Сүрленген ет пен жержаңғақ
      "Сізде тұздалған жержаңғақ бар ма? " - деп сұрады Джо. "Иә бар" - деді басқарушы. "Олар төртінші қатардағы картопты чипстермен бірге. Оларды байқау қиын". Джо басқарушыға алғыс білдірді. Ол заттар салынған арбасымен төртінші қатармен жүрді. Ол тұздалған қияр банкілерін көрді. Тұздалған қияр, сүрленген ет қосылған сэндвичпен жақсы үйлеседі. Ол бір банкіні арбасына салды. Ол сол қатармен ары қарай жүрді. Ол қораптағы нанды көрді. Оған сүрленген етпен сэндвич жасау үшін керек. Ол нанды да арбасына салды. Ол соңғы қатарға келді. Ол қуырылған жержаңғақты көрді. Жержаңғақ тазаланбаған. Тұздалмаған жержаңғақ көк белгісі бар пакетте болды. Тұздалған жержаңғақ қызыл белгісі бар пакетте болды. Барлық пакеттер бір бағамен. Джо тұздалған жержаңғақтың бір пакетін арбасына салды. Тұздалған жержаңғақ тұздалмаған жержаңғаққа қарағанда денсаулыққа аса пайдалы емес. Бірақ тұздалған жержаңғақ дәмдірек. Джо бесінші қатарға кірді. Бұл қатарда тұздалған ет болатын. Джо туралған сүрленген етті арбасына салды. Ол кассаға жақындады. Ол жиырма доллар беріп, қалған ақшасын алды. Ол үйіне жеткенше асықты. Оның жержаңғақты, тұздалған қияр мен сүрленген етті жегісі келді.
Мәтінді жасыру
      23. Менің қызым
      Менің қызымды сүйемін. Ол сүйкімді әрі мейірімді. Ол мені күлдіреді. Ол мені сүйеді. Бізге бірге көңілді. Біз бірге киноға, мейрамxанаға барамыз. Біз жағажайға шомылуға барамыз. Біз саябаққа пикникке барамыз. Біз шіркеуге барамыз. Біз бірге ұзақ серуен құрамыз. Біз кітаптар, журналдар, газеттер оқимыз. Біз түрлі тақырыптарда әңгімелесеміз. Біз көп нәрсемен келісеміз, кейде келіспейміз. Кейде сөз тартыстырамыз. Меніңше, оған сөз тартыстырған ұнайды. Ол маған сөз тартыстырған ұнайды деп ойлайды. Біз түкке тұрмайтын нәрселер үшін сөз тартыстырамыз. Кеше біз терезе үшін сөз тартыстық. Ол терезенің ашық тұрғанын қалады. Мен терезенің жабық болуын қаладым. Біз ауа райы туралы, үкімет туралы сөйлесеміз. Біз өз отбасыларымыз туралы сөйлесеміз. Ол теннисті жақсы ойнайды. Кейде ол мені жеңеді. Біз шахмат пен "Скрэббл" ойнаймыз. Скрэббл - сөздермен ойналатын қызықты ойын. Жеңу үшін сенің сөздік қорың көп болу керек. Мен әдетте оны шахматтан жеңемін, ал ол әдетте мені "скрэбблдан" жеңеді. Мен өзімнің сөздік қорымның жақсы еместігінен деп ойлаймын. Бірнеше жылдан кейін біз үйленеміз. Біз қалған өмірімізді бірге өткізгіміз келеді. Біз отбасын құрамыз. Біз екі бала болғанын қалаймыз-ұл және қыз. Біз өте бақытты боламыз.
Мәтінді жасыру
      24. Ол құстарды жақсы көреді
      Ер адам теледидарды қосты. Ол сағат 6 да болатын жаңалықтарды қарады. Жаңалықтар ұшақ туралы болып жатқан. Ұшақтың екі қозғалтқышы бар. Үлкен құс әрбір қозғалтқышқа ұшып кіріп кеткен екен. Қозғалтқыштар жұмыс істеуін тоқтатты. Ұшқыш ұшақты өзенге қондырды. Жолаушылар ұшақтың қанаттарына көтеріліп шығып алды. Қайықтар ұшақтың тұрған жеріне келіп жетті. Ұшақ өзеннің бетінде қалқып тұрған. Кеме қайықтардағы адамдар барлық жолаушылар мен экипажды құтқарып алды. Ұшақтарғы адамдар тірі қалды. Ешкім қаза болған жоқ. Ешкім жарақаттанған жоқ. Барлығы бұны ғажайып деп жатты. Ұшқыш халық батыры болды. Америкадағы әрбір адам оның атын біледі. Жолаушылар оны батыр деп айтып жатыр. Баспасөздер оның батыр екенін жазып айтып жатыр. Құрама Штаттар президенті де оның батырлығын айтты. Оның әйелі оның батыр екенін айтты. Олар ұшқыштың атына арнап оның туған қаласында шеру өткізді. Губернатор сөз сөйледі. Мэр де сөйледі. Оның үшінші сынып оқып жүргендегі оқытушысы оған арнап сөз сөйледі. Ұшқыштың өзі де халыққа шығып сөйледі. Бұл қысқа да нұсқа сөйлеу болды. Ол жануарларды жақсы көретінін айтты. Ол ет жемейтінін айтты. Ол балық жемейтінін айтты. Ол тауық жемейтінін айтты. Тек қана көкөніс пен жемістер жейтін, өйткені ол жануарларды жақсы көретін. Ұшқыш өліп қалған екі құсты аяйтынын айтты, сол үшін кешірім сұрады.
Мәтінді жасыру
      25. Толық актриса
      Бетт әйгілі әнші әрі белгілі актриса болатын. Барлығы оның қолтаңбасын алғысы келетін. Барлығы оны суретке түсіретін. Оның жасы 26 да. Оның дене бітімі керемет еді. Ол сымбатты да әсем еді. Ол ажырасқан. Оның бір баласы бар. Оның аты Чарли. Оның жасы алтыда. Бір киноактер Бетті жақсы көретін. Уильям толық әрі кәрі, бірақ бай әрі ақылды. Ол Бетті кешкі асқа шақырды. Бетт онымен кешкі асқа барды. Олар көп рет бірге тамақтанған. Сосын ол Бетті өзінің жеке аралына шақырды. Бетт өзімен бірге Чарлиді алып барды. Олар аралда бір жылдай тұрды. Уильям Беттке оған тұрмысқа шығуын өтінді. Ол сол аралда үйленді. Сосын ол жаңа фильм түсіруге Голливудқа қайтып оралды. Голливудта Бетті ешкім танымай қалды. "Мен сізді танимын ба?" деп сұрады барлығы. Олар Бетті танымай қалды, өйткені ол 80 фунттай қосып алған еді. Адамдар оның тым толып кеткенін айтты. Олар оның енді әдемі еместігін айтты. Бетт өзіне бәрібір екенін айтты. "Менің күйеуім толық, және ол менің де толық болғанымды ұнатады." деді ол. "Егер сіздер менің толық түрімді ұнатпасаңыздар, бұл оны уайымдатпайтынын айтты. Мен өзімнің аралыма қайтып барып, не қаласам соны жейтін боламын деді ол. Мен Голливудқа мұқтаж емеспін. Менің өзімді жақсы көретін балам мен күйеуім бар. Әйелдер тағы басқа нені қалайды?"
Мәтінді жасыру
      26. Ішіп алған ұшқыш
      Ұшақта 120 жолаушы бар. Олар ұшақтың ұшуын күтіп отыр. Бірақ ұшақ орнынан қозғалар емес. Ұшақ ұшқышсыз әуеге көтеріле алмайды. Екінші ұшқыш ұшақтың бортында болды. Бірақ тағы бір ұшқыш жоқ. Ұшқыш қайда екен? Ұшақтың даяшылары ол туралы білмеді. Екінші ұшқыш та ол туралы білмеді. Жолаушылар да ол туралы білмеді. Ақырында ұшқыш ұшаққа көтерілді. Ол ән айтып, мәз болып келе жатты. Жолаушыларға қол бұлғап, амандасты. Өз атын үш рет қайталап айтты. Оның көздері қанталап кетіпті. Одан ішімдіктің иісі аңқып тұрды. Ол: "Ұшуға бәрің дайынсыңдар ма, қазір біз ұшамыз. Біз жоғары аспанда ұшамыз" - деді. Оған жақын отырған жолаушы, ашулы еді. " Сіз неге кешіктіңіз?" Ұшқыш: "Мен кешіккен жоқпын - ол сендер ұшаққа ерте орналасып алыпсыңдар!" - деді. Ол өзінің сөзіне қарқылдап күлді. " Сіз ішіп алыпсыз" - деді жолаушылардың бірі. Жолаушы 9-11 нөмірін теріп қоңырау шалды. Полиция келіп, ұшқышпен сөйлесті. Олар оны ұшақтан жерге алып түсті. Ол сол баяғы қалпы әндетіп, мәз болды. "Анашым, егер полиция ұшқышты түрмеге алып кетсе, біздің ұшақты кім жүргізеді?" - деп сұрады кішкентай бала анасынан. Ұшақ даяшылары, жақын арада жаңа ұшқыш келетінін хабарлады. Барлық жолаушылар қол сағаттарына қарады.
Мәтінді жасыру
      27. Қар жауып тұр
      Жүзден астам жолаушылар ұшақ бортына көтерілді. Қыс мезгілі. Қаңтар айы. Ауа райы өте суық еді. Қар жауып тұр. Жолдар мұз болып қатып қалған. Бірақ әуежай ашық. Үлкен ұшақтар ұшып жүр. Аздаған қар ұшақтың ұшуына мүлдем кедергі емес. Үлкен ұшақтар әрдайым ұшады. Ол ауа райы нашар кезде де сирек құлайды. Олар жақсы ауа райы кезінде де сирек құлайды. Үлкен ұшақтар өте қауіпсіз. Жолаушылар ұшақ бортына көтерілді. Сағат таңғы жеті еді. Ұшақ сағат жеті отызда ұшуы керек еді. Ол жеті отызда ұшпады. Ол түске дейін де ұшпады. Ол түстен кейін де ұшпады. Ұшақ ұшу алаңында кешкі сағат алты жарымға дейін тұрды. Жолаушылар ұшақта күні бойы отырды. Ұшақ ұшпады. Ұшқыш ұшу алаңын көрмеді. Ол ештеңе көрмеді. Ол тек өзінің екі қолын ғана көрді. Аздаған қар проблема емес. Бірақ бұл жолы қар көп болатын. Көп қар еді. Бірақ қардың тоқтауы мүмкін еді. Сонда олар ұшатын еді. Сондықтан ұшқыш күтті. Жолаушылар күтті. Кешкі сағат алты жарымда ұшқыш ұшақтан түсулерін сұрады. Бәрі ұшақтан түскендеріне қуанды. Олар әуежай ғимаратына қайтты. Олар қардың тоқтағанын күтті. Бірақ ол тоқтамады. Қар екі күн қатарынан жауды.
Мәтінді жасыру
      28. Ішіп алған жүргізуші
      Полиция автокөлікті көрді. Автокөлік жылдамдығын арттырды. Көліктің тізгінінде Ричард отыр еді. Рұқсат етілген жылдамдық сағатына 56 км. болатын. Ал Ричард сағатына 80 км. жылдамдықпен келе жатты. Полиция сигнал гудогы мен жарқылдағышын қосты. Ол Ричардтың автокөлігін қуып жетті. Бірақ Ричард оған тоқтамады. Ричард ішіп алған болатын. Ричард суық сыра ішіп, әнді тыңдап келе жатты. Ол өмірдің рахатына бөленіп келе жатты. Ақырында ол артындағы сигнал гудогы мен жарқылдағышты сезді. Ричард тоқтады. Ол көлігін тоқтатып, тежегішін сөндірді. Сырадан босаған банкіні терезеден лақтырып жіберді. Көлікке полиция жақындап келді. Ол бос банкіні жерден көтерді. "Бұл сіздікі ме?" - деп сұрады. "Жоқ" - деді Ричард. "Ол суық" - деді полиция қызметкері. "Мұнда әлі сыра бар ғой. Мен сенімдімін мұнда сіздің саусақтарыңыздың ізі бар". Полиция қызметкері Ричардтың көліктен шығуын талап етті. Полиция қызметкері оған басын жоғары қаратып, көзін жұмуын бұйырды. Сосын саусағын мұрнына жеткізуін сұрады. Ричардтың басы айналып, тепе -теңдігін жоғалтып алды. Ол құлап қала жаздады. Полиция қызметкері оны ұстап қалды. Ол Ричардты көлігінің артқы орындығына отырғызды. Полиция қызметкері: "Көлік тізгініне мас күйінде отыруға болмайды" - деді. "Мен білемін" - деді Ричард. "Барлығы мұны біледі" - деді полиция қызметкері. "Бірақ біле тұра ішімдік ішіп, көлікке отырады".
Мәтінді жасыру
      29. Үйдегі мәселелер
      Эмили диванда отыр. Ол аяқ киімін шешті. Ол аяғын үстелдің үстіне қойды. Ол артқа қарай жатты. Пультті алып теледидарды қосты. Сағат алты болатын. Жаңалықтар үш каналда болып жатты. Оның жаңалық қарағысы келмеді. Жаңалықтар оны күйзеліске ұшырататын. Олар әдетте өлім және бақытсыз жағдай туралы болатын. Телевизияда жаман жаңалықтар көп болатын. Ол ток-шоу тауып алды. Ол Эллен болатын. Ол Элленді жақсы көретін. Эллен әзілшіл Ол жақсы әзілдер айтады. Ол жануарлардың күлкілі әрекеттерін көрсетті. Кейде оқырмандарына қымбат сыйлықтар сыйлайтын. Бұл бағдарламаны қайталап көрсетіп жатқан болатын, өйткені Элленнің бағдарламасы тікелей эфирде сағат төртте болатын. Бірақ Эмилиге бәрібір болатын. Оның тек раxаттанғысы келді. Оның өмірі мәселеге толы еді. Оның күйеуі жұмысынан айырылып қалды. Оның жалғыз ұлы мектепті тастап кетті. Ең жаманы ол үйден кетіп қалды. Ол анасына xабарласып тұратынын айтты. Бірақ ол екі аптадан бері xабарласпады. Ол қатты уайымдап жүр. Ол оның қайда екенін білмеді. Ол оның не өлі не тірі екенін де білмеді. Күйеуі оған уайымдаудың қажеті жоқ деді. Ол да 17 жасында тура осылай істеген. Бірақ ол қаңғырып жүргеннің оңай еместігін түсініп, үйіне оралып, мектеп бітіріп аттестат алған.
Мәтінді жасыру
      30. Бұл ненің иісі?
      Шуақты, жылы күн болатын. Күн сәулесі көзіне түспес үшін қалпақ киді. Оған банкке бару керек болды. Ол көшенің бұрышына қарай бет алды. Жол қиылысында төрт ғимарат болатын. Біреуі банк болатын. Банкке қарама-қарсы бетте жылдам тамақтануға арналған мейрамхана орналасқан. Қалғаны химиялық тазарту мен кеңсе ғимараты болатын. Ол бұрышқа жете бергенде қуырылған тауықтың иісін сезді. Мейрамхана аптасына жеті күн ашық болатын, сол себепті қуырылған тауықтың иісі күнде сезілетін. Ол вегетариан болатын. Ол қоқыс жәшігінен өлі мысықты тауып алмағанша, ет пен балықты жейтін. Ол өлі мысықтың иісін, қоқыс жәшігінің қақпағын ашпай тұрып сезіп қойды. Өліктің иісі қандай екенін бәрі біледі. Ол өліктің иісі екенін аңғарды, бірақ ненің иісі екенін білмеді. Адам емес пе екен деп ( кейбір адамдар жаңа туған сәбилерін қоқыс жәшігінде қалдырып кетеді) қақпақты ашты. Ол мысықты көрді. Оның денесінде шыбындар болды. Шыбындар тамағынан рахаттанып жүр. Ол мысықтарды жақсы көретін. Онда екі мысық болатын. Бір аптадан кейін ол мейрамханадан гамбургерге тапсырыс берді. Оның тістеп алған бөлігі тамағында тұрып қалды. Ол оны түкіріп тастады. Ол әлгі өлі мысықтың иісі туралы ғана ойлады. Дәл сол күні ол вегетариан болды.
Мәтінді жасыру
      31. Барлығы үшін тегін таңғы ас
      "Денни" бұл танымал мейрамханалар желісі. Олар Американың барлық ірі қалаларында бар. Олар таңғы ас, түскі ас және кешкі астарды ұсынады. Олар күніне 24 сағат, аптасына жеті күн істейді. Тұтынушыларды қуанту үшін "Денни" арнайы науқан жариялады. Дүйсенбіде Супербол ойынынан кейін олар Америкадағы барлық адам үшін тегін таңғы ас ұсынды. Бұл таңғы 6дан күндізгі 2ге дейін берілген толық таңғы ас болатын. Олар барлығына өздерімен бірге ақша емес тәбетін ашып келуді сұрайды. Тамаша асқа құймақ, жұмыртқа, бекон және шұжықшаларды қосады. Адамдар кептелісте қалмау үшін ерте тұрады. Бен және Мэри таңғы сағат 5те ұйқыдан тұрды. Дүйсенбі. Олар киініп алып "Денниге" кетті. Олар кезекке сағат 5:20да келіп тұрды. "Құдайым ай" - деді Мэри. "Біздің алдымызда жүздеген адамдар тұр. Қарашы, қандай ұзын кезек. Бізге мұнда сағат 4:20 келген дұрыс болар еді". Кезек өте баяу жылжыды. Бен артында тұрған кісімен әңгімелесіп кетті. Оның аты Брэд болатын. Брэд өзімен бірге әйелін, бес баласын және ағасының төрт баласын ертіп келіпті. "Қанша адам мұнда, а? Ах, егер мен тағы көп балаларды ертіп келгенімде ғой". деді Брэд. "Тегін түскі астан басқа ештеңе. Бірақ бүгін Америкада "Денни" мейрамханасы тегін таңғы ас деген заттың бар екенін көрсетуде".
Мәтінді жасыру
      32. Дүкенге баратын кез келді
      Дүкенге баратын уақыт болыпты. Оның бананы да, алмасы да, сүті де қалмапты. Ол көлігіне отырып дүкенге кетті. Дүкен бес минут жүріп баратын жерде болатын. Автотұрақ бос . Жақсы, мен кезекте көп тұра қоймаспын - деп, ойлады ол. Көлігін қойып, арбаны алуға бет алды. Ол бір арбаны алып дүкенге кірді. Дүкеннен ол салфетка алып, арбаның тұтқасын сүртті. Сосын ол тағы салфетка алып қолын сүртті. Сақтық ешқашан артық болмайды - деп, ойлады ол. Ол солға бұрылып, көкөністер мен жемістер бөлігіне кірді. Бүгін оның бақытты күні еді. Алмалар жаппай сатылымда – бір фут бір доллар. Әдетте олардың бір футы екі доллар немесе одан да қымбат болатын. Ол 10 алманы пакетке салып, салмағын өлшетті. Алмалар салмағы үш фут болды. Ол бананға келді, олар әдеттегі бағамен сатылып жатты, бір футы - 79 цент. Ол үш фут банан алды. Кенет сәбізді көріп ойына түсті. Сәбіздің бір футы- 1 доллар 29 цент ғана тұрды. Ол екі фут сәбізді алды. Ол сүт бөліміне барып, галлон сүті 4 доллар тұратынын көрді. Ол оның біреуін арбаға салып, шығуға бет алды. Алған азық- түлігіне төлем төлеп, чегін алып, көлігіне қарай кетті. Алған азық түлігін көлігінің жүк салғышына салып, үйіне кетті.
Мәтінді жасыру
      33. Тарақандар
      Ол үйдің иесіне хабарласты. Оның пәтерінде тарақандар толып кетті. Тарақандар барлық жерде болды. Олар ас үйдегі ыдыс жуатын жердің астында болды. Олар ас үйдегі шкафтардың ішінде жүрді. Олар ас әзірлейтін үстелдердің үстінде болды. Олар пештің ішінде жүрді. Олар плитаның үстінде де болды. Ол газды қосты. Тарақандар ыстық оттан қашып кетті. Ол пәтерін күн сайын сепкішпен сеуіп тұрды. Ол жәндіктерге қарсы себетін құралдың екі баллонын пайдаланды. Біріншіден ол барлық терезелерді ашып алды. Сосын ол барлық жерге сеуіп шықты. Пәтерде жәндіктерге қарсы құралдың иісі мүңкіп кетті. Ол иістен оның басы ауыратын. Ақыры үй иесі келді. Ол пәтерді қарап шықты. Ол барлық жерден тарақандарды көрді. Жетілген тарақандарды және жаңа туған тарақандарды көрді. Жетіліп келе жатқан тарақандарды көріп: "Ал керек болса! Сіз қалжыңдамапсыз. Шынында да тарақандар қаптап кетіпті", - деді. "Иә Мен білемін! Сіз бұлармен не істемекшісіз?" "Алаңдамаңыз. Мен тарақандармен күрес ісінің маманына қоңырау шаламын. Ол бүкіл ғимараттың үстінен үлкен тент тартады. Сосын ол бүкіл ғимаратқа тарақандарға қарсы дәріні сеуіп шығады. Ғимарат тентпен бір айға жуық қоршаулы болады. Барлық тарақандар жойылады. Сіздің мәселеңіз шешілетін болады". "Бұл керемет" - деді әйел. "Бірақ мен бір ай бойы қайда тұратын боламын?" Үй иесі: "Бұл үлкен мәселе. Мен сіздің қайда тұратыныңызды білмеймін. Сіздің достарыңыз бар ма? Бәлкім сіз соларда бола тұратын шығарсыз" - деді.
Мәтінді жасыру
      34. Көлік жөндеу
      Ол көлікке отырды. Ол көліктің от алатынына сенді. Алдыңғы айда ол кілтті бұрағанында, көлік екі рет от алмай қалған болатын. Екінші рет бұрағанында ғана от алған болатын, бұл оның жынын келтірді. Ерте ме, кеш пе, оған мүмкін үш рет, сосын төрт рет бұрауға тура келеді. Ол өзінің жөндеушісіне телефон соқты. Жөндеушісі оған, көлікті уақыты болған кезде әкелуін айтты. Ол екі жұмыста істейтін. Ол киім сататын дүкенде сатушы. Аптасына бес күн ол киімдерді жинап, не болмаса киімдерді ілгішке ілуге жұмсайды. Әдетте, адамдар киімді өлшеп қарап болған соң, киімді киім өлшейтін жерге қойып кететін. Олар киімді орнына сирек жинап кететін. Дүкен пәтерінен он бес минуттық жерде болатын және тұрақ тегін болатын. Тағы да, ол аптасына төрт кеш мейрамханада даяшы болып істейтін. Шайлықтан жақсы ақша табатын. Әдетте, келетін қонақтар – жылы шырайлы әрі қызықты болатын. Оған жұмысы ұнайтын, бірақ пәтерінен отыз минуттық жерде. Мейрамхана кешкі сағат онда жабылатын. Көлігі оталмай жатса, оны автотұраққа қалдырғысы келмеді. Демалыс күндері жөндеушісі жұмыс істемейтін. Ол киім дүкеніндегі бастығынан сұранатын болды. Кейін ол көлігін жөндегеннен соң, мейрамханаға сол күні кешкісін бара алатын болды. Ол тек бір күн жұмысынан қалады.
Мәтінді жасыру
      35. Жолдағы ұры
      Ол (әйел адам) жаяу жолмен, әдемі үйлердің қасымен келе жатқан ер адамға қарады. Ол бұл үйлерде тұрмайды. Ол әлгі адамды бұрын бірнеше рет көрген. Түрі қылмыскерге ұқсайды. Кітапты сыртқы бетіне қарап сынауға болмайтынын біледі, алайда бұл адамнан ешқандай жақсы нәрсе байқамадым. Ол әлгі адамның жанынан өтіп кетті. Әлгі адам жанынан өтіп бара жатқан әйел адамды байқайды. Ол жүре берді. Көлігінің артқа қарайтын айнасынан бақылады. Ол бір бұрышқа дейін барып тоқтады, бірақ бақылауды тоқтатпады. Әлгі адам оның артымен келе жатып, аяқ асты солға кірме жолға қарай бұрылды. Кірме жолда дәл жолдың қасында қызыл жол талғамайтын көлік тұрды. Әлгі адамның жүзгізуші жағынан келгенін көрді. Ол қайта жаяу жолға түсіп, әйел адамға қарай жүре берді. Бұның барлығы нені білдіреді – деп, өзіне сұрақ қоя берді. Сосын ол әлгі адамның көліктердің есігін тексергенін түсінеді. Ол қылмыскер. Мінеки, неғып жүргені анық болды – деді ол өзіне. Ол осы жерде жүріп көліктердің қайсысын айдап кетуге болатынын тексеріп жүр. Ол полицияға хабарласты. Әлгі адамды сипаттап берді. Полицей оны білетінін айтты. Тұрғындар аптасына екі-үш рет хабарласып, бұл адамның үйлерінің жанында жүретінін айтып тұрады. Бірақ полицей мұның жай жүргені үшін тұтқындай алмайтынын жеткізді. Оларға мұның бір затты ұрлап ұсталғаны керек екенін айтты. «Сол адам көліктерді қарап, джиптердің есіктерін тексеріп жүр» - деді әйел. «Кешіріңіз» - деді полицей. «Бұл заңды бұзғанға жатпайды. Егер оның бір нәрсе ұрлағанын көрсеңіз, бізге хабарласыңыз».
Мәтінді жасыру
      36. Қатты құйын
      Көктемнің жылы күні болатын. Күн шуақты болатын, бірақ қатты дауыл келе жатты. Аспан қара - қошқылдана бастады. Бір кезде аспаннан қара шұңқыр төмен түсіп келе жатты. Қара шұңқыр жерге келіп түсті. Бұл құйын болатын. Құйын - күшті. Құйын жеңіл көліктер мен жүк көліктерін жоғары көтеріп әкетті. Олар қағазша ауада қалықтап ұшып жүрді. Сиренаның дауыстары шығып, қатты дауылдың келе жатқанын ескертіп жатты. Олар қала тұрғындарына қауіпсіз жерге орналасуын ескертті. Барлық адамдар балалары мен асыранды үй жануарларын алып, жинала бастады. Олар жертөлелеріне түсе бастады. Қатты дауыл үйлерді бұзып кетуі мүмкін, ал жертөлелер қауіпсіз жерлерге орналасқан. Қатты дауыл қалаға ескертусіз кенеттен келді. Бұдан бір жыл бұрын бір ер адам өзінің ваннасында отырған болатын. Ол ваннада рахатқа бөленіп отырған. Кенет қатты шуды естіді. Оның үйіне құдды поезд кіріп кеткендей болды. Бірақ ол темір жолға жақын тұрмайтын. Бұл поезд емес қатты дауыл болатын. Қатты дауыл оның үйін ескертусіз келіп соқты. Қатты дауыл оның үйін түгелімен бұзып өтті. Кенет ол сол ваннада отырған қалпымен даладан бірақ шықты. Үйдің төбесі мен қабырғалары әп сәтте жоқ болды. Әйелі үйге оралды. Алғашқыда әйелі үйдің жоқ болғанына жылады. Сонан соң күлді. Оның ваннада отырған күйеуі соншалықты күлкілі еді. Ол ваннада шыға алмады, себебі жалаңаш еді. Ол көршілерінің жалаңаш отырғанын көргенін қаламады. Әйелінің көлігінде бет орамалы бар еді. Ол еріне орамалды берді, сонан соң ғана ол ваннадан шықты. Екеуі бақытты еді, себебі ері тірі қалды.
Мәтінді жасыру
      37. Кір жуу және кептіру (1)
      Ол киімге арналған себетке қарады. Ол себет әйелінің киімімен толы болатын. Әйелі жұмыста еді. Әйелі аптасына жеті күн жұмыс істейтін. Әйелі жылжымайтын мүлік бойынша агент еді. Әйелі күн сайын пәтер жалдаушыларға пәтерлерді көрсететін. Әйелі барлық жерге ауыр сөмке көтеріп жүреді. Сөмкесінде жылжымайтын мүлікке қатысты көптеген бланктер болды. Сөмкесінде көп кілттер болды. Әйелі үйге келгенде шаршап тұрады. Оның аяқтары ауырады. Оның белі ауырды. Ол әйеліне көмектеспек болды. Ол киімге арналған себетті төменгі қабаттағы кір жуу орнына апарды. Әйелі өзінің түрлі-түсті киімдерін ақ киімдерінен бөлек қоятын. Ол бұлай жасамады. Артық ақшаны шығындаудың керегі не? Ол түрлі-түсті киімдерін ақ киімдерінен бөлмеді. Ол барлық киімдерін кір жуу машинасына салды. Ол қосқышты «Ыстық жууға» қойды. Әйелім қуанып қалады деп ойлады. Ыстық су барлық микробтарды өлтіреді. Әйелі микробтарға төзбейді. Ол өзін мақтан тұтты.
Мәтінді жасыру
      38. Кір жуу және кептіру (2)
      Біраз уақыттан кейін ол киімдерін кептіргішке салды. Ол машинаны «Ыстық кептіруге» қойды. Бұл қалған микробтарды жояды деп ойлады. Кептіру аяқталды. Ол киімдерді жоғарыға апарды. Әйелі үйге келді. Таза киімдер кереуетте жатты. Ол оған қарап, күлімсіреді. Менің киімімді жуып қойғаныңа рақмет", – деді ."Бұл бір таза рақат болды" – деді күйеуі. Әйелі жейдесін алып, кенет айқайлап жіберді. Ол: "Не болды?" – деп сұрады. "Менің жейдеме қарашы! Менің ақ жейдеме не болған? Ол ақ және қара. Сен жейдеме не істеп қойдың?!" – деді әйелі. Әйелі кереуеттегі қара шалбарына қарады. Ол оны ұстады. "Оған не болған?" – деді әйелі. Күйеуі ештеңе демеді. Әйелі қоңыр шалбарын шешті. Ол қара шалбарын өлшей бастады. Ол оған сыймады. "Сен шалбарымды бүлдірдің!" – деп ұрысты әйелі. "Ол сенің жуғаныңнан қысқарып қалды!"
Мәтінді жасыру
      39. Көктемде алға, күзде артқа
      "Ертең жазғы уақытқа өтетін боламыз. Өтінемін, менің сағатымды бұрап қойшы." деді әйелі. Джон тырысып көретінін айтты. Джон жылына екі рет сағаттарды жылжытуды жек көретін. Ол ешқашан өзінің машинасындағы сағатты түземеген. Ол бұны қалай істеу керектігін түсінбеген. Оның машинасындағы сағат наурыздан қарашаға дейін қате уақытты көрсетіп тұратын. Әйелінің сағаты оның түнгі үстелінде жатқан. Бұл таймерлі сағат болатын. Олар бір батарейканың қуатымен жұмыс істейтін. Сағаттың көп тетіктері болған. Джон "Сағат" тетігін басты. Ештеңе болмады. Ол "Сағат" тетігін тағы басты. Ештеңе өзгермеді. Ол екі тетікті бір уақытта басты. Тағы да өзгеріс жоқ. Ол "Старт" тетігін басып көрді. Ол "Тоқтату" тетігін басты. Ол "Болдырмау" тетігін де басты. Ол "Түсіру " тетігін басты. Ол "Минут" тетігін басты. Ол "Секунд" тетігін басты. Ол "Т1" тетігін басты. Ол "Т2" тетігін басты. Ештеңе де болмады. Ол қолымен басын ұстады. Оның әйелі кіріп келді. "А, мен саған айтуды ұмытым кетіппін." деді ол. "Алдымен сағаттың артқы жағындағы батырманы басу керек".
Мәтінді жасыру
      40. 2010 жылғы халық санағы (1)
      Ол пошта жәшігін ашты. Ол конвертке қарады. Оның ішінде халық санағына арналған сауалнама болды. Ол басын шайқады. Бұл қанша уақыт алады екен, қызық ә. Ол қайта пәтеріне келді. Ол конвертті ашты. Оның ішінде тағы бір конверт болды. Ол анкетаны ашты. Ол нұсқаулықты оқып шықты. Қандай жағымды тосынсый деп ойлады . Бұл оңай сияқты. Оған бар болғаны 17 сұраққа жауап беру керек Олар бірінші екі бетте болатын. Ол қаламды алды. Ол аты-жөнін, туған күнін, телефон нөмірін толық жазды. Ол сұрақтарға жауап берді. Сіздің үйіңізде неше адам тұрады? Сіз үйдің иесіміз бе, әлде жалдайсыз ба? Сіздің жынысыңыз қандай? Сіздің жасыңыз нешеде? Сіз латынамерикандықсыз ба? Сіздің нәсіліңіз қандай? Сіз тағы бір жерде уақытша өмір сүресіз бе? Ол дұрыс клеткаларға Х деп белгі қойды.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Nurdaulet Aspenov, Гульнар Абдраимова, Еркежан Каймоллаева, Акжайык Сабырбаева, Алтынгуль Кептербаева, Жанара Қабина, Гаухар Назымбекова, Аслан Бисенов, Сауле Ибраева, Señor Chingón, Бахытжан Ертай, Гульзайнаб Сисенова
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Лёгкое чтение. Том 2, стр.1 Вернуться к началу Лёгкое чтение. Том 2, стр.3  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга