Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Казахский по уровням

Уровень 3, страница 6
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      101. Ол қарды жақсы көретін
      Қыс мезгілі болатын. Барлығы қарды күтті. Ол қуанышты толқуда жүр еді. Ол қар қашан жауады екен деп күтіп жүрді.Ол терезеден қар жауғанын күнде күтіп жүрді. Бірақ қар жаумай қойды. Ол ағасынан: "Неге қар жаумайды?" - деп сұрады. Оның ағасы енді біраз күт, жауады деп жауап берді. Оған біраз күту керек еді. Ол бірнеше апта күтті. Ол енді үмітін үзген еді. Ол ұйқыдан тұрды. Ол терезеге келіп қарады. Өз көзіне өзі сенбеді. Көп күткен қар жауды. Ол қуаныштан секіре бастады. Қар әдемі еді. Ол киім тұрған шкафына жүгіріп барды. Ол қыстық киімдерін киіп алды.Ол көшеге жүгіріп шықты. Ол қармен ойнай бастады. Өте көңілді болды. Ол күні бойы қармен ойнады. Ол қардан аққала және күрке жасады. Ертең ол тағы да қармен ойнайды. Ол қарды жақсы көреді.
Мәтінді жасыру
      102. Дәріске кешікті
      Ол дәлізде тұр. Ол жан-жағына қарады. Көп есіктер болды. Ол қателеспес үшін қай есікке кірерін білмеді. Ол колледж ғимаратында адасып қалды. Біраздан соң сағат он екі болады. Ол кешігетін шығар. Бұл оның дәріске келген алғышқы күні еді. Дәріс жүз тоқсаныншы дәрісxанада өтіп жатыр. Ол барлық есіктерге қарап шықты. Әр есікте нөмір жазылған,бірақ бұл ғимаратта жүз тоқсан нөмірлі есік болмады. Ол не істерін білмеді. Ол бейтаныс адамнан:"Жүз тоқсаныншы дәрісxана қайда?"-деп сұрады. Бейтаныс адам білмеді. Ол тағы бір адамнан сұрады. Ол да білмеді. Ешкім жүз тоқсаныншы дәрісxананың қайда екенін білмеді. Ол дәрісxаналар жазылған қойын дәптерін ашып қарады. Ол жүз тоқсаныншы дәрісxана емес екен. Ол жүз қырқыншы дәрісxана екен. Жүз тоқсаныншы деген дәрісxана жоқ. Ол жүз қырқыншы дәрісxанаға жүгірді. Ол бір минутқа кешігіп қалды.
Мәтінді жасыру
      103. Алғашқы оқу күні
      Бұл оның колледждегі алғашқы оқу күні еді. Аудиториясын іздеуге біраз уақыт кеткендіктен, ол бір минутқа кешігіп, жылдам бос орынға жайғасты. Жүгіріп жүріп, қатты терге түсті. Профессор студенттердің аттарын атап тексеріп жатты. "Дэвид" деген кезде ол қолын көтерді. Біраз уақыт демі тарылып қалды. Ол сөмкесінен ингаляторын алып, тамағына септі. Бұл оның демін қалпына келтірді. Сөмкесінен дәптерін және қаламын шығарды. Профессор сабақты бастады. Ол профессордың айтқандарын жазып отырады. Ол әрқашан сабақта жазып отыратын. Бұл жақсы әдет. Ол сабақтан кейін жазғандарын оқып отыратын. Ол жақсы оқушы болатын. Ол тек жақсы бағалар алғысы келді.
Мәтінді жасыру
      104. Мұғалімге сұрақ
      Сабақ сағат екіде аяқталды. Мұғалім оқушыларды қайтарып жіберді. Анна орнынан тұрды да, заттарын жинады. Оның арқа қоржыны мен свитері болды. Оның көкейінде бір сұрақ болды. Сондықтан ол мұғалімді күтті. Басқа оқушылар да мұғалімге сұрақ қоймақ болғандықтан, оған кезек пайда болды. Ол кезекке тұрды. Оның мұғалім берген тапсырмаға байланысты сұрағы болды. Оқытушы оқушылармен жеке-жеке сөйлескендіктен, оған күтуге тура келді. Ақырында оның да кезегі келді. Мұғалім одан: "Қандай көмек көрсете аламын?" - деп сұрады. Ол өзінің сұрағын қойды. Мұғалім оның сұрағына жауап берді.Ол мұнысына қуанышты болды. Ол мұғаліміне алғыс айтты, ал ол күлді де: "Оқасы жоқ" - деді. Ол риза болып, кетіп қалды.
Мәтінді жасыру
      105. Ыстық күн
      Күн ысыған кез еді. Күн шырағын шашып тұрғаны соншалық, тіпті аспанда бірде-бір бұлт көрінбейді. Ол көше бойымен үйіне кетіп бара жатқан. Қатты ыстықтан ол шаршап, үйіне айналада ешкім жоқ, бәрі үйінде отыр. Оның көлігі бұзылып тұрғандықтан, оған банкке жаяу баруға тура келді. Ол күннің соншалықты ыстық екенін білмеген. Банк тым алыс болмады, алайда күннің ыстығынан ұзақ қашықтықта болып көрінді. Оның тамағы кеуіп, су ішкісі келді. Жаяу жүргеннен арқасынан тер судай ақты. Ол үйіне келді. Кіре салысымен тура ас бөлмеге барып, бір үлкен тостаған суды сіміріп алды. Үстіндегі киімді шешіп, ваннаға салқын суға түсті. Ваннадағы судың сергіткені соншалық, ол онда ұзақ жатты.
Мәтінді жасыру
      106. Достасты
      "Сенің атың кім?" – деп сұрады ол қыздан. "Менің атым Линда", – деп жауап берді ол. "Сенің атың кім?" – деп сұрады Линда. "Менің атым Брайан", – деп жауап берді ол. Олар енді бір-бірінің атын біледі. Олар достасып кетті. Брайан ұзын бойлы және арықша келген жігіт. Линда Брайанға қарағанда бойы сәл-пәл кішірек. Ол да арықша келген еді. Брайан мен Линданың шаштары қара болатын. Брайан Линдадан қолы бос-бос еместігін сұрады. Ол Брайанға бос екендігін айтты. "Дәмханаға барғың келмей ме?" – деп сұрады сонда Брайан. Линда: "Әлбетте", - деді. Олар дәмханаға барды. Ол жақын жерде орналасқан еді. Брайан Линдаға есік ашты. Линда оған алғыс айтты. Олар кофе сатып алды. Олар оны ішу үшін отырды. Араларында әңгіме өрбіді. Брайан Линда туралы кейбір дүниелерді естіді. Линда Брайан туралы бірдеңелер білді. Олар бір-біріне лайық еді. Ортақ нәрселері көп еді. Брайан Линданы үйіне дейін шығарып салды. "Сенімен танысқаныма қуаныштымын", – деді Линда Брайанға. "Мен де", – деп жауап берді Брайан.
Мәтінді жасыру
      107. Бассейнде өткізген жазғы күн
      Жаздың ыстық күндерінің бірі болатын. Ол өз бөлмесінде болатын. Желдеткіш қосулы болса да, ыстық жел соғып тұрды. Оның үйде отырғысы келмеді. Үй өте ыстық болып кетті. Ол не істеу керектігі жайлы ойлады. Бір кезде телефоны шырылдады. Ол телефонды қолына алды. Оған хабарлама келіпті. Досы жіберіпті. Онда былай делінген: "Бассейнге барайық". "Жарайды", - деп жауап берді ол. Ол бірден дайын болды. Ол сүлгісін, күннен қорғайтын кремін, көзілдірігі мен сусабынын ала шықты. Онымен қоса, суға түсетін киімін де орап алды. Ол бассейнге кетті. Оның достары бассейнде болатын. Ол шкафтарға қарай жақындады. Шомылатын киімін киіп алды да, күннен қорғайтын кремін жағып, бассейнге секірді. Бассейннің салқын суы оны сергітті. Ол достарымен суды шалпылдатып ойнады. Ол енді ыстықтаған жоқ. Ол күні бойы бассейнде болды.
Мәтінді жасыру
      108. Коньки тебу
      Қыс уақыты еді. Көшелер қарға толы. Сыртта суық болды. Ол өзінің құрбысының үйінде болды. Олар не істерін білмеді. Ол қонақ бөлмеде отырды. Оның құрбысы жанына отырды. Олар фильмді қосты. Фильм қызықсыз болды. Олар фильмді өшірді. Ол үстел ойынын шығарды. Үстел ойынының кейбір бөлшектері жетіспеді. Олар ойнауды тоқтатты. "Енді не істейміз?" - деп ол құрбысынан сұрады."Коньки тебуге барайық", - деді оның құрбысы. Олар мұз айдынына барды. Олар бірге машинамен аттанды. Олар мұз айдынына жетті. Коньки теуіп жүрген адамдар көп болды. Олар кіру билетін сатып алды. Олар өздерінің конькилерін киді. Олар мұзда сырғанады. Ол бірнеше рет тайып кетті. Олар бірнеше сағат коньки тепті. Өте қызықты болды. Олар мұз айдынынан кешкі сағат сегізде кетті. Келесі күні олар қайтадан коньки тебуге барды.
Мәтінді жасыру
      109. Қорқынышты кино
      Түнгі уақыт болатын. Ол үйде компьютердің алдында отыр еді. Оған досы хабарлама жіберді. Хабарлама шақыру туралы еді. Досы оны кинотеатрға шақырды. Ол баруға келісті. Ол компьютерін жауып, кетуге ыңғайланды. Әмиянын алып, кинотеатрға кетті. Достары оны күтіп тұр екен. Ол достарынан: "Қандай фильм көреміз?" - деп сұрады. Олар қорқынышты кино көрмекші еді. Ал ол қорқынышты киноларды жақсы көрмейтін. Қорқынышты фильм көргенде ол қатты қорқатын. Бірақ ол бәрібір киноны көрді. Олар билет сатып алды да, ішке кірді. Өз орындарына жайғасты. Кино көрсетіле бастады. Бұл ол бұрын-соңды көрген кинолардың ішіндегі ең қорқыныштысы еді. Бәрі үйге қайтты. Үйге келген соң, ол ұйықтауға да қорықты. Ол үйдегі барлық жарықты жағып қойды. Ол сол киноны көргеніне өкінді.
Мәтінді жасыру
      110. Көгалды отау
      Тал түс болатын. Ол терезеден сыртқа қарап тұрған. Оның көзі көгалға түсті. Көгалдың шөбі өсіп кеткендей көрінді. Ол көгалды отайын деп шешіп, гаражға қарай беттеді. Шөп шабатын машинасы сонда болатын. Ол шөп шабатын машинаны алып қосып еді, ол қозғалды. Қозғалтқыш қатты гүрілдеп кетті. Кенет қозғалтқыш гүр етті де, өшіп қалды. Ол шөп шабатын машинадан қарғып түсті. Қозғалтқышын қарап шығып еді, ол сынып қалыпты. Оны көтеріп, гаражға апарып тастады. Ол құрал-саймандар жәшігін ашып, шөп шабатын машинаны жөндеуге кірісті. Ол оны қайтадан қосты. Ол істеп кетті. Ол көгалдың шөбін отады. Оның шөпті шабуға жарты сағаты кетті. Ол шөп шабатын машинасын қайтадан қолына алды. Ол қайтадан үйіне келді де, терезеден сыртқа қарады. Көгал әдемі болып көрінді. Ол өз көгалын жақсы көретін.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Aidana Bissekesh, Еркежан Каймоллаева, Рахат Уйсымбаев, Мади Толегенов, Аслан Бисенов, Алтынгуль Кептербаева, Акжайык Сабырбаева, Нарынбек Гилман, Assel Kanybekova, Елімай Шынатай, Олжас Токмагамбетов, Бахытжан Ертай, Гульнар Абдраимова, Дастан Ахметдин, Жанар Жанаева, Майра Фазыл, Максат Маликов, Aigera Erzhanova, Айжан Даукишева, Акнур Жунусова, Аяулым Орынгали, Маргулан Канат, Маржанай Ташимова, Раушан Муталипова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Казахский по уровням. Ур.3, стр.5 Вернуться к началу Казахский по уровням. Ур.4, стр.1  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга