Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Истории о детях

Том 1, страница 5
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      81. Ағашқа шығуды ұнатушы
      Бала ағашқа шығып барады. Ол бір бұтақтан екінші бұтаққа өрмелеп шығады. Ол жоғарылап өрмелеп келеді. Жер одан алыстай түсті. Ағаштың басы оған жақындай түсуде. Ол тиінді көріп тұр. Тиін оған "айбат шегіп тұр". Бала жердегі адамдарға қарап тұр. Оның анасы жоғарыға қарап тұр. "Тез төмен түс!"- дейді шешесі.
Мәтінді жасыру
      82. Ұйықтар алдындағы оқу
      Кітап түнгі үстел үстінде жатыр. Қыз төсекке жатады. Ол кітапты алады. Ол кітапты ашады. Ол он бет оқиды. Оған әңгіме ұнайды. Ол бетті ауыстырады. Ол кітаптың он бірінші бетін ашады. Оның әкесі кіреді. Ол: «Қайырлы түн», - дейді. Қызы әкесін сүйеді. Ол кітапты жабады. Ол шамды өшіреді. Ол ұйқыға кетеді.
Мәтінді жасыру
      83. Мұхитта балық көп
      Мұхит көгілдір. Мұхит үлкен. Мұхитта балық көп. Үлкен балықтар бар. Майда балықтар бар. Тез жүзетін және баяу жүзетін балықтар бар. Үлкен балықтар майда балықтарды жейді. Тез жүзетін балықтар баяу жүзетіндерді жейді. Балықшылар әртүрлі балықтарды аулайды. Адамдар әртүрлі балықтарды жейді.
Мәтінді жасыру
      84. Оның кішкентай інісі
      Қыздың кішкентай інісі бар. Ол оны жақсы көреді. Ол онымен күнде сөйлеседі. Ол оны жүргіншекпен жүргізеді. Ол оның жаялығын ауыстырады. Ол оны бөтелкеден тамақтандырады. Ол оны кекірткізеді. Ол оны балаларға арналған биік орындыққа отырғызады. Ол оны түскі аспен тамақтандырады. Ол оның бетінен тамақ қалдықтарын сүртеді. Ол - жақсы әпке.
Мәтінді жасыру
      85. Үш өлшемді фильм
      Кино көру уақыты! Бала өзiнiң стереоскопиялык көзiлдiрiгiн тағып жатыр. Фильм басталғалы жатыр. Машина тура оған қарай жүрiп келе жатыр. Бала айғайлады. Машина оған тақалып қалды. Стереокөзiлдiрiкте ол сондай нақты көрiнедi. Бала бүкiл фильмнен рақат алды. Үш өлшемді фильм тура шынайы өмiр сияқты. Ол тiптi шынайы өмiрден де артық. Ол әсерлi, қызықты.
Мәтінді жасыру
      86. Апельсинді аршып, жеп қою
      Қыз өткір пышақты алды. Ол қолына апельсин ұстап тұр. Ол апельсиннің қабығын кесіп жатыр. Ол қабықты бірдей төрт бөлікке бөлді. Ол саусақтарымен апельсиннің қабығын аршып жатыр. Ол қабықты қоқыс салатын шелекке тастады. Ол апельсинді тілімшелерге бөлді. Ол тілімшелерді бірінен соң бірін жеді. Олар тәтті және шырынды.
Мәтінді жасыру
      87. Түнде ол түс көредi
      Түнде қыз түс көредi. Ол ұйықтап жатқанда, оған түстер кіреді. Түсiнде ол көп нәрсені көредi. Оның түсіне көп нәрсе кіреді. Түсiнде ол ата-анасын көредi. Оған ата-анасы түсіне кіреді. Түсiнде ол мектебiн көредi. Оған мектебi түсіне кіреді. Түсiнде ол достарын көредi. Оған достары түсіне кіреді. Түсiнде ол өзiнiң итi мен мысығын көредi. Оған оның итi мен мысығы түсіне кіреді. Ол болашағын көредi. Оған болашағы түсіне кіреді. Ол өткен күндерiн көредi. Оған өткені түсіне кіреді. Түсiнде ол құбыжықтарды көредi. Оған құбыжықтар түсіне кіреді. Ондай түстерден ол оянады.
Мәтінді жасыру
      88. Мұғалім оған айғайлап жатыр
      Бала сұрақ қояды. Мұғалім көзін ақшитады. Мұғалім оған қатты айғайлайды. Мұғалім оның сезімін жаралайды. Мұғалім ызалы. Мұғалімнің әдеті жаман. Бала мұғалімді жек көреді. Ол енді сұрақ қоймайды. Ол бұл сыныптан кетеді. Ол ешқашан бұл мұғалімді ұмытпайды. Бұл мұғалім - онда болған мұғалімдердің ең жаманы.
Мәтінді жасыру
      89. Анасы науқастанып, төсекте жатыр
      Қызы анасына қоңырау шалады. Анасы тұмауратып жатыр. Ол төсекте жатыр. Ол кәрі. Ол жалғыз. Оның күйеуі қайтыс болған. Ешкім оған қамқорлық жасамайды. Ол өзі азық-түлікке дүкенге барады. Ол машинаны да өзі айдайды. Ол жағдайын дұрыс деп айтады. Ол өзін жақсы сезінетінін айтады. Ол қызына қоңырау шалғанына алғыс айтады.
Мәтінді жасыру
      90. Бұзық оқушы
      Бала бұзық бала. Ол басқа балаларды ренжiтедi. Өзінен кіші балаларды ренжітеді. Оларды итередi. Ол балаларды аяғынан шалып құлатады. Ол оларды ұрады. Оларды мазақтайды. Олардың ақшасын тартып алады. Түскі астарын тартып алады. Ол ызалы бала. Барлығы одан қорқады. Бес оқушы мектеп директорына барып, шағым айтты. Мектептің директроры сол бұзық баланы мектептен қуып жібереді.
Мәтінді жасыру
      91. Қош бол, мектебім, қыркүйекке дейін
      Бүгін түстен кейін жазғы демалыс басталады. Ол сағат 3-те басталады. Қыз өте бақытты. Ол сағатына қарап тұр. Қазір сағат үш болып қалды. Ол жазғы қызықтарға дайын. Ол жағажайдағы сауықтарға дайын. Ол қайтадан сағатына қарайды. Бас-аяғы бес минуттан кейін ол үйінде қыркүйекке шейін болады.
Мәтінді жасыру
      92. Балаларға арналған жақсы оқиға
      Балалар жақсы әңгімелерді жақсы көреді. Жақсы оқиға мәселемен байланысты. Жақсы оқиғаның кейіпкері бар. Кейіпкер - бұл ұл бала немесе қыз бала. Кейде кейіпкер - жануар. Кейіпкер ержүрек. Кейіпкер қауіп-қатерге тіке қарайды. Кейіпкер басқаларды қауіп-қатерден құтқарады. Кейіпкер мәселені шешеді. Жақсы оқиға бақытты аяқталады.
Мәтінді жасыру
      93. Ол велосипед теуіп келе жатыр
      Баланың сол аяғы тепкіште, оң аяғы жерде. Ол сол аяғымен сол жақ тепкішті басады да, оң аяғын жерден көтеріп, оң жақ тепкішті басады. Тепкіштер дөңгеленіп айнала бастайды. Оның тізелері жоғары-төмен қозғалып жатыр. Велосипед алға қарай жүріп барады.
Мәтінді жасыру
      94. Олар оны төрткөз дейді
      Бала көзілдірік тағады. Кейбір мектептегі балалар оны төрткөз деп атайды. Балаға ол ұнамайды. Ол өзінің көзілдірігін шешеді. Бірақ, онсыз оқуға қиын. Ол көзілдірікті қайта тағады. Қазір ол өзінің оқулықтарынан сөздерді көреді. Қазір ол тақтадағы сөздерді көреді. Ол көзілдірігін шешпейді. Ол ана балаларға назар аудармайды.
Мәтінді жасыру
      95. Ыстық күн, салқын хауыз
      Қыз өзінің шомылу киімін киеді. Ол жүзу хауызына барады. Күн ыстық. Аспан көгілдір. Аспанда бірнеше ақ бұлт бар. Қыз хауызға шығады. Ол суға қарайды. Су көгілдір. Ол салқын. Қыз суға секіреді. Су сондай жағымды.
Мәтінді жасыру
      96. Кітап пен телефон
      Ер адам өз көзілдірігін тағады. Оған көзілдірік оқу үшін қажет. Ол бірінші бетті оқиды. Оның телефоны шырылайды. Ер адам тұтқаны көтереді. Бұл әйелінің қоңырауы болатын. Ол өз әйелімен сөйлесуде. Сосын әйелі сау бол дейді. Ер адам да сау бол дейді. Ол тұтқаны қойып, кітапты алады.
Мәтінді жасыру
      97. Қай жеріңіз қышып тұр?
      Ер адам қышуды сезді. Қолы қышыды. Ол қолын қасыды. Қышығаны басылды. Қышу қайта басталды. Енді аяғы қышыды. Ол аяғын қасыды. Қышуы басылды. Ол қышуды қайта сезді. Табаны қышыды. Ол табанын қасыды. Қышу басылды.
Мәтінді жасыру
      98. Оның жаңа көгілдір көйлегі
      Әйел дүкенге кіреді. Ол көйлектерге қарайды. Көйлектер көп. Оған көгілдір көйлек керек. Ол көгілдір көйлекті көреді. Ол көйлекті алады және киім өлшейтін бөлмеге барады. Ол көйлекті киіп көреді. Оған көйлек дәл келеді. Оған ол ұнайды. Ол оны шешеді. Ол оны кассаға апарады. Ол оны сатып алады.
Мәтінді жасыру
      99. Ол суық тиюді емдейді
      Ер адамға суық тиген. Ол жөтеледі. Ол түшкіреді. Ол қағаз қол орамалын алады. Ол сіңбіреді. Ол басқа орамал алады. Ол тағы да сіңбіреді. Ол мұрнына тамшы тамызады. Ол жөтелге қарсы шәрбатты аузына салады. Ол жөтелге қарсы шәрбатты жұтады. Ол жөтелге қарсы дәрі қабылдайды. Ол өзін жақсырақ сезінеді.
Мәтінді жасыру
      100. Оны оятқыш оятады
      Таң. Ер адам ұйықтап жатыр. Оятқыш шырылдады. Ол оятқышты естиді. Ол оянады. Ол оятқышты өшіреді. Ол қайтадан ұйықтайды. Ол 15 минут ұйықтайды. Содан соң ол оянады. Ол көтеріліп төсекте отырады. Ол керіледі. Ол есінейді. Ол төсегінен тұрады. Ол жуынатын бөлмеге барады.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Akerke Amiralieva, Nazima Tokabayeva, Маргулан Канат, Мади Толегенов, Мира Абенова, Жандос Бакытбекулы, Гульзайнаб Сисенова,
Жузумгуль Кушкинбаева, Дана Пашан, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Бағлан Көке, Баян Сапарбек, Майра Фазыл и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Истории о детях. Том 1, стр.4 Вернуться к началу Истории о детях. Том 2, стр.1  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга