Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Истории о детях

Том 2, страница 7
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      115. Раушангүлдер – қызыл
      Раушангүлдер – қызыл, ал шегіргүлдер – көгілдір. Мен үйдемін, ал жолбарыс-хайуанаттар бағында. Раушангүлдер – қызыл, ал мұхит көгілдір. Маған салқын тиген, ал саған тұмау тиген. Раушангүлдер – қызыл, ал қарындаштар көк. Мен қалпағымды жоғалттым, ал сен бәтеңкеңді жоғалттың. Раушангүлдер – қызыл, ал аспан – көк. Шошқалар қорсылдайды, ал сиырлар мөңірейді. Раушангүлдер – қызыл, ал киттер- көгілдір. Маған кіші дәретке отыру керек емес, ал саған үлкен дәретке отыру керек емес. Раушангүлдер – қызыл, құстар – көк. Сен мені сүйесің, ал мен сені сүйемін. Раушангүлдер – қызыл, ал сия – көк. Адамдар түшкірген кезде : «Ап-чхи!» дейді. Раушангүлдер – қызыл, ауыз қуысын шаятын сұйықтық – көгілдір. Мен сорпаны жақсы көремін, ал сен қуырдақты жақсы көресің. Раушангүлдер – қызыл, ал бояу – көгілдір. Иттер қапқанды жақсы көреді, иттер кеміргенді жақсы көреді. Раушангүлдер – қызыл, ал пошта маркалары – көгілдір. Сен шегені қағасың, бұрандалы шегені бұрайсың. Раушангүлдер - қызыл, свитерлер – көк. Мен өзімнің әкемді, анамды да жақсы көремін. Раушангүлдер – қызыл, ал борлар – көгілдір. Раушангүлдер – қызыл, ал қағаз – көгілдір. Менің көлігім ескі, ал сенің көлігің – жаңа.
Мәтінді жасыру
      116. Жаңа туған марғаулар
      Мысық-ана алты марғау туды. Үш марғау қара, ал екеуі ақ болды. Бір марғау қара, аяғы ақ және тұмсығы ақ болды. Нэнси сұрады: "Анашым, барлық марғауларды қалдыруға болады ма?" Анасы жоқ деп айтты. "Біз өзімізге алты марғауды қалдыра алмаймыз", - деп айтты. "Марғауларға үш ай болған соң, біз оларды беріп жібереміз". Нэнси бір марғауды қалдыруға болатыны жайлы сұрады. Анасы оған айтты: "Жақсы". Нэнси аяғы ақ марғауды қалдыруды ұйғарды. Ол оны Етікше деп атады. Басқа бес марғауға үш ай болғанда, Нэнсидың анасы оларды фотоға түсіріп алды. Нэнси фотографияларды өзімен мектепке алды. Ол фотографияларды достарына көрсетті. Оның барлық достары марғауларды алғысы келді. Келесі күні олар Нэнсидің үйіне келді. Олар етікшеден басқа барлық марғауларды алып кетті. Нэнси өз достарына айтты: " Етікше - менің марғауым". Сосын анасы айтты: "Бізге мысық-ананы мысық дәрігеріне апару керек". Нэнси неге деп сұрады. "Бізге оны зарарсыздандыру керек", - деді анасы. "Біз оның тағы марғаулары болғанын қаламаймыз. Дәрігер оны зарарсыздандырады".
Мәтінді жасыру
      117. Ол аттың үстінде жүргісі келеді
      Қыз атқа отырды. Бұл ақ-торы ат болатын. Бұл үлкен ат еді. Ол аттың үстінде отырған еді. Ол әкесіне қарағанда биік еді. Ол өзінің әкесіне төбеден қарады. "Әке, сен менен кішісің", - деді ол. Әкесі оған "Ия, сен менен биіксің. Сен анаңнан биіксің. Сен аттан биіксің", - деді. Ат айнала бастады. Қыз жүгенді ұстанды. Оның әкесі атты ұстады. Қыз шаттанып тұрды. Оған атпен айналып жүру ұнады. Уақыты келгенде ол атпен тез шабатын болады. Уақыты келгенде ол атпен тура, алыс және тез шабатын болады. Әкесі оған сабырлы бол деді. "Сен жүруден бұрын еңбектеп жүруді үйрену керексің. Сен жүгіруден бұрын жүруді үйрену керексің. Әуелі атпен ақырын жүруді үйрену керексің. Кейін атпен тез жүруді үйрену керексің". Ол өзінің әкесінің әңгімесімен келісті. "Дұрыс айтасың, әке", - деді ол. " Мен шыдамды боламын. Бүгін мен атта ақырын жүріп келемін. Бірақ уақыты келгенде мен атпен тез жүретін боламын. Мен атпен күні бойы және әр күні тез шабатын боламын".
Мәтінді жасыру
      118. Жаман бала
      Ол жаман бала болатын. Ол анасын тыңдамайтын. Бір ретте ол анасын салып кеп жіберді. Тағы бір ретінде ол анасының қолын қайырып жіберді. Тағы да бір ретінде ол анасын итеріп жіберді. Анасы еденге құлап түсті. Ол жаман бала болатын. Ол мектепке баруды қойды. Ол компьютерде ойындар ойнайтын. Ол күні-түні ойындар ойнайтын. Ол ойынды ұтқан кезде айқайлап қуанатын. Ұтылған кезде дауыстап боқтайтын. Анасының ұйықтай алмай жатқанында оның шаруасы болмайтын. Анасы одан тынышырақ болуды өтінетін. Ол анасына кетші ары деп айтатын. Бірақ оған анасының тағамдары ұнайтын. Ол өте дәмді пісіретін. "Ана, менің қарным ашты", - дей беретін ол күнде. Анасы апта сайын оған тамақ істеуге көп уақытын жұмсайтын. Ол анасына ешқашан раxмет айтпайтын. Ол ешқашан тамақ дәмді болды деп айтпайтын. Тамақ жеп болып, қайтадан компьютеріне баратын. Оның анасы ыдысты қолмен жуатын. Қоқысты шығаратын. Барлық сатып алымдарды жасайтын. Ол ойнап отырған кезде, анасы жұмыс істеп жататын. Бір күні анасы осымен жетер енді деп шешті. Жақсы нәрседен аздап болуы керек. Баласы 19 жасқа толғанда, ол оны тастап кетті. Ол машинасына отырды да, аулақ кетіп қалды.
Мәтінді жасыру
      119. Менің жан құрбым
      Лора - менің жан құрбым. Біз үшінші сыныпта оқимыз. Барлығын бірге жасаймыз. Біз мектепке бірге барамыз. Мектепте түскі асты бірге ішеміз. Лораның анасы оған түске тунец салынған сэндвич салып береді. Менің анам жержаңғақтан жасалған паста жағылған сэндвич береді.Біз бір-бірімізбен тамағымызбен бөлісеміз. Кейде Лора түске алма әкеледі. Мен шабдалы әкелемін. жемістерді де бөлісіп жейміз. Біз бір-бірімізге үй тапсырмасын жасауға көмектесеміз. Ол маған тарихтан, мен оған арифметикадан көмектесемін. Біз демалыс күндерін де бірге өткіземіз. Оның ата-анасы мені үйлеріне шақырады, ал менің ата-анам оны шақырады. Кейде түнге де қаламыз. Біздің айтпайтын нәрселеріміз жоқ. Біз ағаларымызды әңгіме етеміз. Олар сондай ақымақ. Біз мұғалімдеріміз бен ата-анамыз жайлы сөйлесеміз. Біз оларды жақсы көреміз. Сондай-ақ сыныбымыздағы ұлдар жайлы сөйлесеміз. Біз оларды ұнатпаймыз. Олар сондай ақымақ. Неге кейбір қыздарға ұлдар үнайды? Ұлдар ешқашан бізге тең келмейді. Біз ешқашан ұлдарды жақсы көрмейміз.
Мәтінді жасыру
      120. Әртүрлі көз
      Ол үлкен қой көзді. Оның сіңлісiнiң көздері үлкен және көк. Оның ағасының көзі үлкен және жасыл. Оның мамасының бір көзі сұр, екінші көзі жасыл. Оның папасының көзі қара. Ол мамасынан «Олардың көздері неге әртүрлі?» -деп сұрады. «Кім біледі?» - деді мамасы. «Өмір – қызық. Ол құпияларға толы. Бұл бәріміз үшін жұмбақ». Ол мұны өзінің мұғалімінен сұрады. Ол дәрігерден сұрады. Ол мейірбикеден сұрады. Ол почтальоннан сұрады. Ешкім оның жанұясындағы адамдардың көздерінің түстері неліктен әртүрлі екенін білмеді. Ең соңында ол кітапханашыдан сұрады. Кітапханашылар көп оқиды. Кітапханашылар кітапханада жұмыс істейді. Кітапханашылар кітаптардың арасында жүреді. Кітаптарда ақпараттар қамтылады. Көп ақпарат. Кітапханашы өзіндегі кітаптардың барлығынан қарады. Ол өзге кітапханашыларға қоңырау шалды. Олар өздеріндегі кітаптардың барлығынан қарады. Алайда ешкім бұл сұрақтың жауабын білмеді. «Балақай, кешір», - деді кітапханашы. «Бір күні біреу компьютер ойлап табатын шығар. Сол кезде мен саған жауабын айтамын. Бірақ қазір сенің үлкен қой көзің мен сенің әпкеңнің үлкен көк көзі – үлкен жұмбақ».
Мәтінді жасыру
      121. Менің әкем
      Мен өз әкемді жақсы көремін. Ол жақсы адам болатын. Ол маған аянбай жұмыс істеуді үйретті. Ол маған алға қойған мақсатқа жету үшін қайта-қайта тырысуды үйретті. Ол маған барлығын қажетінше жасауды немесе ештеңе жасамауды үйретті. Ол Нью-йорк көшелерінде өсті. Оның ата-анасы ағылшын тілінде сөйлемеді. Оның үш ағасы және бір әпкесі болды. Оның ағасы түрмеге түсіп тынды. Оның әпкесі көлік апатында қайтыс болды. Менің әкем мен анама екеуі де 19 жаста болған кезінде үйленді. Менің әкем әскерге қызмет етуге кетті. Ол парашютпен ұшақтардан секірді. Сосын ол әскери полиция қызметкері болды. Ол бұл іспен 20 жыл шұғылданды. Ол өз жұмысын жақсы көрді. Ол күшін аямай жұмыс істеді. Ол әскерде болған кезінде колледжге түсті. Ол колледждің екі дипломын алды. Бір колледж дипломы - жақсы. Екі колледж дипломы - өте жақсы. Ол отставкаға кеткен соң ұстаз болды. Ол орта мектепте балаларды оқытты. Ол орта мектепте балаларды жиырма жылға жуық оқытты. Ол үлкен шыдамдылығымен ерекшеленді. Ұстаздарға үлкен шыдамдылық қажет. Сосын менің әкем зейнетке шықты. Ол менің анаммен бірге әлем аралап саяхатқа шықты. Олар екеуі де авиациялық апаттан қайтыс болды. Бұл мұңды болды. Бірақ, олар бірге көз жұмды. Бұл жақсы болды.
Мәтінді жасыру
      122. Ол хат жазады
      Ол әжесіне хат жазады. Ол оның мектептегі күні туралы жазады. Ол сыныптастары туралы жазады. Ол мұғалімі туралы жазады. Ол сынып туралы жазады. Ол мектеп автобусының жүргізушісі туралы жазады. Ол өзінің үй жануарлары туралы жазбайды. Ол семіз қара мысығы туралы жазбайды. Ол кішкентай қызыл иті туралы жазбайды. Ол үлпілдек ақ қояны туралы жазбайды. Ол өзінің күрең жылқысы туралы жазбайды. Өйткені, оның күрең жылқысы жоқ. Әзірге. Ол туған күніне күрең жылқы алғысы келеді. Ол өзінің әкесіне жылқы туралы хат жазады. Ол әкесінен күрең жылқы сұрап хат жазады. Күрең жылқы оның туған күніне тамаша сыйлық болады. Ол туған күніне басқа сыйлық алғысы келмейді. Жылқы оны мәңгілікке бақытты етеді. Ол өзінің әкесіне жазған хатында әкесінен жылқы сұрайды. Мүмкін әкесі оған жылқы сыйлайтын шығар. Содан кейін ол өзінің әжесіне жаңадан хат жазады. Ол әжесіне жаңа күрең жылқысы туралы айтып береді.
Мәтінді жасыру
      123. Қатты бас
      Тоқылдақ - бұл құс. Ол қызыл-ақ-қара түсті. Ол ұзын үшкір тұмсықты болып келеді. Бұл ерекше тұмсық. Ол ағаштың діңінен де қатты болып келеді. Ол ағаштың діңдерінде тесік жасайды. Ол өзінің үшкір тұмсығымен ағашты қайта-қайта ұрады.Тук-тук-тук. Ол ағашта қуыс жасайды. Кейін ол қуысты үлкейтеді. Кейін ол қуысты отыратындай етіп үлкейтеді. Сосын ол қуысты екі құс сиятындай ғып үлкейтеді. Ол қуыста ұя жасайды. Ол екі балапанға арнап ұя жасайды. Тоқылдақтың анасы- ұяға екі жұмыртқа туады. Ол жұмырқаның үстінде отырады. Ал әке тоқылдақ оларға тамақ тасиды. Жұмыртқалар тесіледі. Сол кезде анасы мен әкесі балапандарын тамақтандырады. Балапандар өскен соң, ұясынан ұшып кетеді. Содан соң олар өздері басқа ағаш тауып алады. Кейін одан қуыс жасап, өз балапандары үшін ұя жасайды. Олар қуысты әртүрлі ағаштарға жасайды. тук-тук-тук. Неге тоқылдақтардың басы ауырмайды. Олар күні бойы бір ағашты тұмсығымен ұрумен болады. Бірақ сендер аспирин ішкен тоқылдақты көрдіңдер ме? Олардың тұмсықтары қатты болуы керек. Олардың бастары да қатты болуы керек.
Мәтінді жасыру
      124. Ұлдың аты ұл
      Екі ағасы мен інісі бірін-бірі жақсы көреді. Кей кезде олар байланысып қалатын. Кейде олар біріне-бірі айқайлайтын. Кейде олар бірін- бірі итеретін. Кейде олар бірін-бірі ұратын. Кейде олар төбелесіп те қалатын. Бобби үлкені болатын. Билли кішісі болатын. Бобби Биллиге қарағанда үлкен болатын. Билли Боббиге қарағанда кішкентай болатын. Боби талға шығып кетті. Талда оның батпырауығы ілініп қалды. Ол талдан өзінің батпырауығын ала алмай тұрды. Ол талдан құлап қалды. Билли күліп жіберді. Ол Боббидің құлап бара жатқанын көріп тұрып күлді. Боббиға ештеңе болған жоқ. Бірақ ол ашулы еді. "Неге күлесің?" - деді ол Биллиге. «Күлкілі», - дедіБилли. Бобби "Күлетін дәнемесі жоқ", - деді. Бобби Биллиді итеріп жіберді. Билли де Боббиді итеріп жіберді. Бобби Биллиді іштен итеріп жіберді. Билли жұдырықпен Боббидің ішінен ұрып жіберді. Олар бір-бірін қаусырып ұстап алды. Олар жерде жатып төбелесті. Олар жерде аунай берді. Олардың анасы үйден шықты. «Сендер не істеп жатырсыңдар?» - деп сұрады. Оларды анасы ажыратып алды. «Сендер біріңді-бірің ұрмауларың керек», - деді анасы. «Бұл жақсы емес. Әкелерің келсін, тұра тұрыңдар». Анасы оларды өз бөлмелеріне жіберді.
Мәтінді жасыру
      125. Шегіргүл көгілдір болады
      Шегіргүл көгілдір, ал раушан гүлі қызыл. Мен диванда ұйықтаймын, ал сен кереуетте ұйықтайсың. Шегіргүл көгілдір, ал алмалар қызыл. Егіздердің біреуінің есімі Тед, ал екіншісінікі Фред. Шегіргүл көгілдір, ал тасбақалар жасыл. Менің әжем жақсы, ал ағам жаман. Шегіргүл көгілдір, ал бейсбол доптары ақ. Кейбір адамдар дөрекі, бірақ көбісі сыпайы. Шегіргүл көгілдір, ал унитаздар ақ. Сәбилердің тістері жоқ, бірақ олар бәрібір де тістеуге тырысады. Шегіргүл көгілдір, ал күн сары. Қыздар бай, сұлу жігіттерге күйеуге шыққылары келеді. Шегіргүл көгілдір, ал гүлдер қызғылт. Машина сынады, ал қайық батады. Шегіргүл көгілдір, ал шнна қара. Сенің үлкен үйің бар, ал менде лашық үй. Шегіргүл көгілдір, ал шөп жасыл. Менің бөлмем лас, ал сенің бөлмең таза. Шегіргүл көгілдір, ал жұмыртқалар ақ. Мен «Қайырлы таң» деймін, ал сен «Қайырлы түн» дейсің. Шегіргүл көгілдір, ал тоқтау белгілері қызыл. Аяқ киім аяқтарымда, ал кепке басымда. Шегіргүл көгілдір, ал шаш ақ. Маған жұмыс істеген ұнайды, ал саған ойнаған ұнайды. Шегіргүл көгілдір, ал пижама қызғылт. Мен не білемін? Сен не ойлайсың? Шегіргүл көгілдір, гүлдер сары. Мен «Сау бол» деймін, ал сен «Сәлеметсің бе?» дейсің.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Роза Алиева, Айгерим Турсынбекова, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Бахытжан Ертай, Дастан Ахметдин,
Асель Серикбаева, Аслан Бисенов, Майра Фазыл, Маргулан Канат, Раушан Муталипова, Рахат Уйсымбаев, Акжайык Сабырбаева, Диас Жунистаев, Елімай Шынатай, Максат Маликов, Anar Bekmyrza, Nazima Tokabayeva, Айжан Даукишева, Арайлан Атканова, Гульзайнаб Сисенова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Истории о детях. Том 2, стр.6 Вернуться к началу Занимательное чтение. Том 1, стр.1  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга