Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Истории о детях

Том 1, страница 3
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      41. Барлығы сәбилерді жақсы көреді
      Сәбилер жылайды. Сәбилер жымияды. Сәбилердің сілекейлері ағады. Олар бәрін қарайды. Олар барлығына қарайды. Олар ауада аяқтарын тыпырлатады. Олар саусақтарын жұдырықтап қысады. Сәбилер қызыққұмар. Олар аузына бәрін салады. Олар ходунокпен қозғалады. Оларға көп көңіл бөлінеді. Олардың өмірлері жеңіл.
Мәтінді жасыру
      42. Велосипед тебу
      Бала өзінің велосипедіне қарайды. Велосипеді ескі. Оған үш жыл болған. Кейбір жерінің бояуы түсіп қалған. Подкрылкасы мыжылған. Орындығы жыртылған. Шынжырын тот басқан. Бірақ бұл жақсы велосипед. Бала өзінің велосипедімен уақытын жақсы өткізеді. Велосипед тепкен көңілді. Бала оны күн сайын дерлік тебеді.
Мәтінді жасыру
      43. Құмырсқалар ас үйде
      Қыз құмырсқаларды қадағалайды. Құмырсқалар өте кішкентай. Олар өте көп. Олар ас үйдің раковинасында. Олардың су ішкісі келеді. Олар судың тамшыларын ішеді. Тамшылар раковинаның түбінде. Қыз кранды ашады. Раковинаға су ағады. Құмырсқалар канализацияға ағып кетеді.
Мәтінді жасыру
      44. Таяқшалардан салынған үй
      Бала үй салып жатыр. Ол балмұздақтан қалған таяқшаларды қолдануда. Ол желімді пайдаланады. Ол бір таяқшаны басқасына жабыстырып жатыр. Ол ас үйін салып жатыр. Ол қонақ бөлмені салып жатыр. Ол жатын бөлмені салып жатыр. Ол жуынатын бөлмені салып жатыр. Ол гаражды салып жатыр. Ол төбесін қосып жатыр. Ол үйді ақ түске бояйды. Ол өзінің әкесіне үйін көрсетуде.
Мәтінді жасыру
      45. Герцог атты боксер ит
      Қыздың иті бар. Оның иті боксер. Итінің аты Герцог. Оның жасы бесте. Оның түсі қоңыр. Оның құйрығы қысқа. Ол шамамен жиырма келі тартады. Ол ұйықтағанда қорылдайды. Қыз оны күніне екі рет тамақтандырады. Ол оны таңертең тамақтандырады. Ол оны кешке тамақтандырады.
Мәтінді жасыру
      46. Екі бала және бейсбол добы
      Билли бейсбол добымен және бейсбол қолғабымен ойнайды. Ол өзінің досымен ойнайды. Оның досында да қолғап бар. Билли досына допты лақтырады. Оның досы қолғабымен допты қағып алады. Оның досы допты Биллиге қайта лақтырады. Билли допты өз қолғабына ұстайды. Доп әрі- бері ұшады.
Мәтінді жасыру
      47. Жерде қар ериді
      Күндізгі уақыт. Қыз терезеге қарайды. Ол қарды көріп тұр. Қар аспаннан жауып жатыр. Көп қар ұшқындары жауып жатыр. Олар тез жауып жатыр. Олар жерде еріп жатыр. Қыз көңілсіз. Ол аққала жасағысы келеді. Бірақ жерде қар жоқ.
Мәтінді жасыру
      48. Сарғылт-қара көбелек
      Бала көбелекті көріп тұр. Көбелек гүлдің жанында. Ол гүлден ұшып кетеді. Ол басқа гүлге ұшады. Бала көбелекті бақылауда. Көбелек әдемі. Оның қанаттары сарғылт-қара түсті. Оның қанаттарында кішкентай ақ дақтар бар. Оның қанаттары жұқа. Бала көбелекті ұстап алғысы келеді. Бірақ көбелек алысқа ұшып кетеді.
Мәтінді жасыру
      49. Орманға жорық
      Қыз жорыққа шығады. Ол орманға жорыққа шығады. Ол орманға жорыққа отбасымен бірге шығады. Олар шатыр құрады. Шатыр үлкен. Онда үш адам ұйықтай алады. Қыз шатырда анасы және әксімен ұйықтай алады. Түнде олар оттың жанында отырады. Оларға оттың жанында жылы. Олар отта тамақ пісіреді.
Мәтінді жасыру
      50. Әткеншектегі атпен қыдыру
      Әткеншекте үлкен пластик аттар бар. Барлық аттар әртүрлі. Қызға ақ ат ұнайды. Қыз ақ атқа отырады. Аттың құйрығы қара түсті. Қыз ерде отырады. Ол таяқшадан ұстайды. Ән естілі бастайды. Әткеншек айнала бастайды. Ол айнала береді, айнала береді. Қыздың аты жоғары төмен шаба береді.
Мәтінді жасыру
      51. Бiр шақырымға жүгіру
      Бүгiн жүгіру өткізіледі. Бала шолақ шалбарды киедi. Ол кроссовка киедi. Ол жарыс жолына шығады. Бұл бiр шақырымға жүгіру. Старт жолағында басқа балалар шыға келдi. Жүгіру басталды. Барлық балалар тез жүгірдi. Олар жарыс жолағымен төрт шеңбер жасады. Жүгіру аяқталады. Бала үшiншi болып келдi. Ол үшiншi орын алды.
Мәтінді жасыру
      52. Жақсы сарбаз, жаман сарбаз
      Бала өзiнiң пластик сарбаздарымен соғыс ойнайды. Жақсы сарбаздар жаман сарбаздарға шабуылдайды. Жақсы сарбаздардың үлкен танктері бар. Оларда жылдам джиптер бар. Оларда күшты қару бар. Олар жаман сарбаздарға оқ атады. Жақсы сарбаздар алға жүредi. Жаман сарбаздар шегiнедi. Жақсы сарбаздар соғысты ұтады. Олар соғыста жеңедi. Жаман сарбаздар соғыста жеңiледi. Олар соғыста жеңiлiске ұшырайды.
Мәтінді жасыру
      53. Би мектебіндегі айна
      Қыз би мектебiне барады. Ол арнаулы аяқ киiм киедi. Ол айна алдында тұр. Айна үлкен. Ол бір қабырғадан екінші қабырғаға дейін созылып жатыр. Қыз станоктан ұстайды. Ол бiр аяғын созады. Ол екінші аяғын созады. Ол аяғының ұшын созады. Ол еңкейедi. Ол қолын аяғының ұшына тигізедi.
Мәтінді жасыру
      54. Фермадағы шаруа
      Эндинің ағайы - фермер. Энди фермаға бара жатыр. Ол сиыр сауады. Торайға жем салады. Торай әрдайым аш. Энди жұмыртқаларды жинайды. Тауықтар көп жұмыртқа береді. Олар көп жұмыртқалайды. Энди өзінің үш шаруасын бітіріп жатыр. Ол өз ағасына "Қош бол" деп жатыр. Оның ағасы оған алғысын білдіруде. Ол Эндиге жиырма төрт жұмыртқа береді.
Мәтінді жасыру
      55. Анасы сияқты әшекейленеді
      Қыз сәнденіп жатыр. Ол анасы сияқты киінеді. Ол еріндерін ерін далабымен бояйды. Ол мойнына алқа тағады. Ол басына әдемі қалпақты киеді. Ол аяғына биік өкше аяқ киімді киеді. Ол мойына әтір себеді. Ол айнаға қарайды. Ол кішкентай әйелді көреді.
Мәтінді жасыру
      56. Өрт сөндіру машинасы үйді құтқарады
      Балада кішкене өрт сөндіру машинасы бар. Бұл қызыл өрт сөндіру машинасы пластмассадан. Бала өртті көреді. Ол 911 телефоны бойынша қоңырау соғады. Үй жанып жатыр. Өтінемін, асығыңыздар! Бала өрт сөндіру машинасын итереді. Өрт сөндіру машинасы үйге қарай барады. Өрт сөндіру машинасы үйге су құйып жатыр. Өрт сөндірілді. Барлығы қауіпсіздікте.
Мәтінді жасыру
      57. Ақ аюлар көмекті қажет етеді
      Қыз қатты алаңдауда. Ол ақ аюлар үшін алаңдайды. Ақ аюлар үлкен. Олар солтүстікте тұрады. Оларға қар керек. Оларға мұз керек. Оларға суық ауа райы керек. Қоршаған орта қатты ластанған. Қоршаған ортаны ластанғандықтан, Жер бетінде жылылық орын алуда. Жылылықтың нәтижесінде мұз ериді. Мұз - бұл ақ аюлардың мекені. Мұз болмаса, мекені де болмағаны.
Мәтінді жасыру
      58. Әкемен бірге балық аулау
      Балада қармақ бар. Ол әкесімен балық аулауға барады. Олар өзенге машинамен барады. Өзенде көп балық бар. Әкесі оған құрт берді. Бала қармаққа құртты ілді. Құрт бұлаңдайды. Бала құртты өзенге түсіріп алды. Балық құртты көрді. Балық құртты тістеді.
Мәтінді жасыру
      59. Футбол қақпашысы
      Қыз футбол ойнайды. Оның киетін формасы бар. Ол өз формасын әр сенбі сайын киеді. Анда-санда оның командасы жеңіске жетіп отырады. Анда-санда командасы жеңіліске ұшырайды. Қыз қақпашы. Ол қақпа алдында тұрады. Ол қақпаға қарай бағытталған соққыларға қарсы тұрады. Кей кезде ол оның қолынан келмей де қалады. Сол кезде басқа команда гол салады. Ол қызды қатты қамықтырады.
Мәтінді жасыру
      60. Жұмсақ, сулы бақа
      Бақалар оның үйінің табалдырығына жайланып алыпты. Күндіз олардың дауысы естілмейді. Күндіз олар тыныш. Түнде олар шулайды. Түнде олар шулы. Қазір түн. Бақалар ән салады. Бала шамды алады. Ол сыртқа шығады. Ол бір бақаға жарығын түсіреді. Бақа секіреді. Бала бақаны қолына алады. Бақа жұмсақ және сулы екен. Бақа аяқтарын дірілдетіп қояды. Бала бақаны жерге жібереді.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Akerke Amiralieva, Nazima Tokabayeva, Маргулан Канат, Мади Толегенов, Мира Абенова, Жандос Бакытбекулы, Гульзайнаб Сисенова,
Жузумгуль Кушкинбаева, Дана Пашан, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Бағлан Көке, Баян Сапарбек, Майра Фазыл и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Истории о детях. Том 1, стр.2 Вернуться к началу Истории о детях. Том 1, стр.4  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга