Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Истории о детях

Том 1, страница 2
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      21. Оның қуыршағы өзіне ұқсайды
      Шэрон төрт жаста. Ол жап-жақсы қыз. Оның қуыршағы бар. Ол жап-жақсы қуыршақ. Шэронның шашы ақ сары. Қуыршақтың шашы ақ сары. Шэронның шашы қысқа. Қуыршақтың шашы ұзын. Шэрон қайшыны қолына алды. Ол қуыршақтың ұзын шаштарын қиюда. Ол қиюды аяқтауда. Қазір қуыршақтың да шашы қысқа.
Мәтінді жасыру
      22. Шанышқы, қасық, тәрелке және сәбіз
      Бала өз шанышқысын алды. Ол өз қасығын алды. Ол өзінің шанышқысымен тәрелкені тықылдатты. Мамасы оған: "Тоқтат!", - деді. Ол тоқтатты. Оның мамасы тәрелкеге сәбізді салды. Баласы сәбізге қарап отыр. Ол қасықты алды. Ол қасықпен сәбізді түртіп отыр.
Мәтінді жасыру
      23. Ол құртты көріп тұр
      Жерде құрт жорғалап келеді. Ол баяу жорғалайды. Қыз бала құртты бақылап тұр. Ол оны қолына ұстады. Құрт оның қолында жыбырлап жатыр. Ол құртты аузына салды. Құрт оның аузында жыбырлап жатыр. Ол құртты аузынан шығарып алды. Ол құртты қайтадан жерге жіберді. Құрт тесікке жер бауырлап кірді.
Мәтінді жасыру
      24. Ол мамасымен сөйлесуде
      Телефон шырылдауда. Бала қоңырауды естіді. Ол тұтқаны көтерді Ол: "Алло!" деді. Екінші адам - оның анасы. Анасы баласымен сөйлесуде. Баласы анасымен сөйлесуде. Анасы сөйлесуді аяқтады. Анасы "Сау бол!" деді. Баласы "Сау бол!" деді. Олар тұтқаны қойды. Баласы күтуде. Телефон қайтадан шырылдады.
Мәтінді жасыру
      25. Машина авто жуатын орында
      Қыз бала машинаның ішінде отыр. Машинаны әкесі жүргізіп келеді. Ол автожуу орнына бара жатыр. Машина автожуу арқылы өтіп барады. Су машинаға шашырауда. Сұйық сабын машинаға шашырап жатыр, жұмсақ щеткалар машинаны жуып жатыр. Машинаға тағы да су себілді. Машина тазарды. Ер адамдар машинаны таза шүберекпен сүртіп жатыр. Машина құрғақ.
Мәтінді жасыру
      26. Хайуанаттар бағындағы маймылдар
      Қыз хайуанаттар бағына барады. Онда жануарлар өте көп. Оған әсіресе маймылдар ұнайды. Олардың тұмсықтары қызық. Олардың құйрықтары ұзын. Және көп секіріп қозғалады. Қыз маймылдардың торына жақындап барады. Торда алты маймыл бар екен. Ол маймылдарға қарап шығып, оларға қол бұлғады. Яғни олармен амандасты.
Мәтінді жасыру
      27. Ол – шоколад әуесқойы
      Бала шоколадты жақсы көредi. Ол сүт шоколадын жақсы көредi. Ол қоңыр шоколадты жақсы көредi. Ол шоколад батончиктердi жейдi. Ол шоколад помадкасын жейдi. Ол шоколад ұнтағы себілген печенье жейді. Ол шоколадты тортты жейдi. Ол шоколадты кекстердi жейдi. Ол шоколадты балмұздақты жейдi. Ол шоколадты пудингтi жейдi. Ол шоколадты сүттi iшедi. Ол шоколадты күнде жейдi. Шоколад –ол дүниедегі ең керемет нәрсе.
Мәтінді жасыру
      28. Қаладағы цирк
      Қыз бала циркті жақсы көреді. Циркте пілдер бар. Пілдер сондай үлкен. Циркте жолбарыстар бар. Олар сондай әдемі. Циркте сайқымазақтар бар. Олар күлкілі. Олар күлкілі көлікпен жүреді. Олар күлкілі костюмдер киеді. Олардын түрлері де күлкілі. Олар қызды күлдіртеді. Олар оны күлуге мәжбүрлейді. Қыз цирк туралы әкесі мен анасына хабарлайды.
Мәтінді жасыру
      29. Айда тіршілік бар ма?
      Аспанда ай. Бала айға қарап тұр. Ай дөңгелек әрі аппақ. Ол жап-жарық. Оның таулары бар. Оның алаптары бар. Оның тастары бар. Оның топырағы бар. Бала ай туралы ойлап отыр. Оған бұл қызық. Мүмкін, айда су бар шығар? Мүмкін, айда кішкентай аңдар бар шығар?
Мәтінді жасыру
      30. Бірцентті тиындарды жинаушы қыз
      Қыз бірцентті тиындарды жинайды. Оған бірцентті тиындар ұнайды. Және олардың түстері де ұнайды. Олар қоңыр түсті. Жылтырақ болып келеді. Кейде күңгірт. Бірцентті тиындар барлық жерде бар. Тиындарды қыз адамдар жүретін жерден табады. Ол тиындарды көтеріп алады. Үйіне алып кетеді. Тиындарды шыны ыдысқа салады. Оның шыны ыдысы үлкен. Және бірцентті тиындарға толы.
Мәтінді жасыру
      31. Қызыл ағаштар мен қызыл мысықтар
      Бала бояғанды ұнатады. Ол өзінің түрлі-түсті қарындаштарымен бояйды. Оның түрлі-түсті қарындаштар қорабында қарындаштар көп. Әр қаламның түсі әртүрлі. Бала өзінің бояу кітабын ашады. Оның сүйікті түсі - қызыл. Ол ағаштарды күрең қызылмен бояйды. Мысықтарды ашық қызылмен бояйды. Ол тротуарларды жай қызыл түспен бояйды. Оның анасы ұлы үшін қосымша қызыл түсті қарындаштар сатып алады.
Мәтінді жасыру
      32. Газеттегі комикстер
      Қыз газетті ашады. Бетін аударады. Кейін тағы бір бетін аударады. Ол комикстерді табады. Ол комикстерді жақсы көреді. Оларды оқыған көңілді көтереді. Және оқу да оңай. Комикстер - бұл суретті әңгімелер. Суреттері әдемі. Кейде олар түрлі-түсті де болады. Қыз суреттерге қарап, жазуларын оқиды.
Мәтінді жасыру
      33. Түнгі аспандағы жарық жұлдыздар
      Түн. Аспан қара. Аспанда кіп-кішкентай оттар жанып тұр. Бұл жұлдыздар. Жұлдыздар көп. Қыз аспанды түгел қарауда. Әр жерде жұлдыздарды көріп тұр. Кейбір жұлдыздар үлкен. Жұлдыздардың көбісі кішкентай. Қыз жұлдыздарды санайды. Ол 86 жұлдызды санап шықты. Ол бұл туралы анасына айтып берді.
Мәтінді жасыру
      34. Бақтағы фонтан
      Жаз. Бақта тал көп. Бақтың ішінде бейсбол алаңы бар. Онда фонтан бар. Фонтанның суы салқын. Балалар фонтанның суымен ойнап жүр. Олардың аяқтары су болған. Киімдері де су. Олар фонтанның ішіне отырады. Фонтанды жағалап жүгіреді. Олар фонтанда шомылып, су кешуде. Олар өте көңілді.
Мәтінді жасыру
      35. Ол мысықтарына тамақ берді
      Қыздың екі мысығы бар. Бір мысығы қара. Екінші мысығы ақ. Қара мысықтың аты - Блэкки. Ақ мысықтың аты - Уайти. Қыз өз мысықтарына тамақ берді. Олардың тамағын ыдысқа салады. Ыдыстарды еденге қояды. Мысықтарын шақырады. Мысықтар асүйге келеді. Тамақтарын жейді.
Мәтінді жасыру
      36. Ол аққала жасады
      Қыстың күні. Далада күн суық. Қар жауып тұр. Ол жерді басып жатыр. Қар алты сағат жауды. Әйтеуір бір уақытта басылды. Бала өзінің жылы күртешесін киді. Далаға шықты. Аққала жасады. Оның аққаласы толық, биік болып шықты. Бала үйіне қайтты.
Мәтінді жасыру
      37. Ол күнде жүзеді
      Қыз - жаксы жүзуші. Мектебінде жүзушілер командасы бар. Қыз осы команданың мүшесі. Ол күн сайын жаттығады. Ол күнде бассейнде жүзеді. Ол күніне екі сағат жүзеді. Ол - күшті жүзуші. Ол жүзу жарыстарында жеңеді. Ол Олимпиада ойындарына қатысқысы келеді. Ол өзінің елі үшін жүзуді қалайды.
Мәтінді жасыру
      38. Ол скейтборд тебеді
      Қыз өзінің скейтбордына қарайды. Оның ұзындығы бір метрдей. Оның төрт пластмассалық доңғалақшасы бар. Оның ені шамамен 15 сантиметрді құрайды. Қыз өзінің скейтбордын жақсы көреді. Ол оны барлық жерде тебеді. Ол мектепке оны теуіп барады. Ол би сабағына теуіп барады. Ол өзінің достарына теуіп барады. Ол үйіне оны теуіп барады.
Мәтінді жасыру
      39. Ол қалта шығыстарына әр жұма сайын ақша алып отырады
      Бала ұсақ-түйек шығыстарға ақша алады. Ол жұмасына 5 доллар алады. Оған ақшасын оның әкесі береді. Ол өзінің ақшасын демалыс күндері жұмсайды. Баласы оларды әдетте жұманың кешінде жұмсайды. Ол оларды сауда орталығында жұмсайды. Ол оларды балмұздаққа жұмсайды. Ол ванильді балмұздақтың үш порциясын сатып алады.
Мәтінді жасыру
      40. Ол баскетбол ойнайды
      Қыз баскетбол ойнайды. Ол баскетболды күн сайын ойнайды. Саябақта баскетболға арналған орын бар. Саябақ өзінің үйінің жанында орналасқан. Қыз мектептен келгеннен кейін сол саябаққа барады. Ол ер балалармен ойнайды. Қыз жақсы ойыншы. Ол себетке көп доп сала алады. Ол көп ұпай жинай алады.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Akerke Amiralieva, Nazima Tokabayeva, Маргулан Канат, Мади Толегенов, Мира Абенова, Жандос Бакытбекулы, Гульзайнаб Сисенова,
Жузумгуль Кушкинбаева, Дана Пашан, Еркежан Каймоллаева, Максат Маликов, Бағлан Көке, Баян Сапарбек, Майра Фазыл и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Атлас Кудайбергенова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Истории о детях. Том 1, стр.1 Вернуться к началу Истории о детях. Том 1, стр.3  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга