Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Суперлёг. чтение
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  1. 5  

Каталог тем
Лёг.истор.
  1. 1  
  1. 2  
  1. 3  
  1. 4  
  1. 5  
  1. 6  
  1. 7  
 Истории о детях
  1. 1  
  2. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  2. 6  
  2. 7  
 Занимательное чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
 Казахский по уровням
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  4. 1  
  5. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  4. 2  
  5. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  4. 3  
  5. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  3. 4  
  4. 4  
  5. 4  
  1. 5  
  2. 5  
  3. 5  
  4. 5  
  5. 5  
  2. 6  
  3. 6  
 Лёгкое чтение
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Короткие истории
  1. 1  
  2. 1  
  3. 1  
  1. 2  
  2. 2  
  3. 2  
  1. 3  
  2. 3  
  3. 3  
  1. 4  
  2. 4  
  1. 5  
  2. 5  
 Қаз/Qaz 

Занимательное чтение

Том 2, страница 4
Грамматика казахского языка. Просто о сложном

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с английского языка на русский: Андрей Краснов

      61. Ол оны сүйеді
      Ол бір қызды жақсы көреді. Ол оның сөйлегенін жақсы көреді. Ол онын жүрісін жақсы көреді. Ол оны әдемі деп есептейді. Ол оны ақылды деп есептейді. Ол керемет жан. Қыз оның жақсы көретінін білмейді. Ол қызды бір жаққа шақырады.Қыз бас тартады. Ол қапаланды. Ол бұрынғыдай оны жақсы көреді.Ол қызды тағы да бір жаққа шақырады.
Мәтінді жасыру
      62. Маған тұрмысқа шығасың ба?
      Тим бір аяғымен тізерлеп отырады. Ол Ширлидің көздеріне қарап тұр. Ол одан: "Маған тұрмысқа шығасың ба?" деп сұрады. Ширли жылап тұр. Ширли басын изеді. Тим мен Ширли құшақтасты. Олардың жанындағы адамдар қол соғып қошеметтеді. Тим мен Ширли достарын, туыстарын шақырды. Тиманың анасы Ширлиді ұнатпайды. Бірақ Тимге бәрібір.
Мәтінді жасыру
      63. Қарым-қатынастың соңы
      Ол жігітін сүймейді. Жігіті жалқау. Қызы үшін ешқашан ештеңе жасаған емес. Оның тұрақты жұмысы жоқ. Ол мектепке бармайды. Ол тек теледидар қарап, видео ойындарын ойнайды. Қыз онымен қарым-қатынасын үзгісі келеді. Қыз оның сезімін жаралағысы келмейді. Қыз жігітке не айтатынын ойластырады.
Мәтінді жасыру
      64. Қыз үнемі жалғыз
      Ол үнемі жалғыз. Ол бәрін жалғыз істейді. Ол жалғыз теледидар қарайды. Ол тіпті отбасымен телевизор қарағанды ұнатпайды. Ол тіпті мейрамxанада жалғыз тамақтанады. Ол мектебіндегі баскетбол командасында. Ол басқа ойыншылармен араласпайды. Ол тек ойын ғана ойнайды.
Мәтінді жасыру
      65. Бойтұмар
      Оның жаман жейдесі бар. Ол оның бойтұмары. Ол жейдесін кигенде , жақсы нәрселер болады. Маңызды күндерді сол жейдесін кигенді ұнатады. Ол оны бақылау жұмыстарына киіп барады. Оны біреуге жақсы әсер қалдыру үшін де киеді. Оны өзін жаман сезінгенде киеді.
Мәтінді жасыру
      66. Ол ыдыс жуады
      Ол ыдыс жууға арналған қолғабын киеді. Ол губканы алады. Ол ыдыс жууға арналған құралды аздап құяды. Сол қолымен тәрелкені ұстайды. Оған губканы тигізеді. Ол қолымен айналдырып жуады. Ол шүмекті ашады. Су сабын көбігін шаяды. Ыдыс таза.
Мәтінді жасыру
      67. Ол артық кілтті қолданады
      Ол есікке жақындады. Ол сөмкесінің ішін қарайды. Ол кілтін табуға тырысады. Ол оны таба алмайды. Оны үйде қалдырдым деп ойлайды. Бірақ ештеңе етпейді. Оның артық кілті бар. Ол есіктің алдындағы кілемшені көтереді. Кілтті алады. Онымен есікті ашуға тырысады. Есік ашылды! Ол үйіне кіреді.
Мәтінді жасыру
      68. Кезекте тұрған адам көп
      Олар көңіл көтеру паркіне барды. Онда аттракциондар көп. Кейбіреуі қорқынышты, ал кейбірі балаларға арналған. Тағам түрлері де көп. Тәтті мақта бар. Корндогтар бар (таяқ шаншылған жүгері ұнынан пісірілген нанға оралған сосиска). Адамдар өте көп. Сенбі. Мұндай күні адамдар жұмысқа , мектепке бармайды. Барлық жерде ұзын кезек.
Мәтінді жасыру
      69. Қоқыстың жағымсыз иісі
      Ол жағымсыз иісті сезіп тұр. Бұл қоқыс шелегі. Ол шетіне дейін толып кеткен. Жағымсыз иіс бұзылып кеткен тамақтан шығып тұр. Ішінде қарайған банандар мен төгілген сүт бар. Ол демалмай тұр. Ол шелектен қоқыс салынған пакетті алып шықты. Ол аузын байлайды. Ол қоқысқа арналған тағы бір пакетті салып қояды.
Мәтінді жасыру
      70. Соя тұздығы және күріш
      Ол тоңазытқышты ашады. Оның ішіне қарайды. Тек соя тұздығы ғана бар екен. Не істесе екен? Машинасы жоқ. Жақын жерде дүкен жоқ. Сол кезде ол бір пакет күрішті көреді. Ол күрішпісіргіште күріш пісіреді. Күріш пісіру үшін 15 минут қана жетеді. Ол күрішті табаққа салады. Үстіне соя тұздығын құяды.
Мәтінді жасыру
      71. Ол сөз сөйлейді
      Оған құстар туралы сөз сөйлеу керек. Ол қобалжып тұр. Ол көпшіліктің алдына шығуды ұнатпайды. Ол ұятқа қалғысы келмейді.Адамдардың оған күліп қарағанын қаламайды. Ол ұстазына қорқатынан айтты. Ұстазы оған біраз сабыр сақтауын сұрады. Барлық оқушылар қорқады.
Мәтінді жасыру
      72. Жаңа жейде
      Майкл жейдесіне кетчуп төгіп алды. Ол киімдері тұрған шкафқа бара жатыр. Ол таза жейдесін алды. Ол көк түсті. Ол кір жейдесін шешіп тастады. Ол жаңа жейдесін киді. Ол кір жейдесін кір жуатын машинаға салды. Онда басқа кір киімдер бар еді. Ол машинаға кір жуатын ұнтақ салды. Ол машинаны қосты.
Мәтінді жасыру
      73. Ақша үшін қойылым
      Оның үйі жоқ, бірақ әнді жақсы айтады. Ол кепкасын шешті.Оны жерге қойды. Ол ән айта бастады. Оның дауысы адамдарға ұнады. Бәрі тоқтап тыңдап тұр. Адамдар оның кепкасына ақша тастап жатыр. Адамдарға алғыс айтып жатыр. Ол екі сағат ән айтты. Оның кепкасында елу доллар.
Мәтінді жасыру
      74. Ақшаның орнына сэндвич
      Ол машинада отыр. Ол алдындағы машинаның қашан жүретінін күтіп отыр. Жол жүрісі қатты. Даладағы ер адам оның терезесін қағып тұр. Ол терезені ашты. Ер адам ақша сұрап тұр. Оның ақшасы жоқ. Оған сэндвич берді. Ол қуанып қалды. Ол басқа жүргізушіден ақша сұрады.
Мәтінді жасыру
      75. Ол сэндвич жасады
      Оның тамақ жегісі келді. Ол тоңазытқышты ашты. Ол нан, шұжық, салат-латук, ірімшік алып шықты. Майонезді де алып шықты. Ол екі тілім нанды тостерге салды. Ол нанның қуырылып шыққанын күтіп тұр. Оған шұжық, салат латук, ірімшік салды. Екінші тілімді үстіне қойды.
Мәтінді жасыру
      76. Ол үстелдің үстін жинайды
      Ол кафеде жұмыс істейді. Ол үстелдің үстін жинайды. Ол кір тəрелкелерді жинайды. Ол соус бөтелкелерін жинайды. Ол үстелді сүрту үшін шүберек қолданады. Осылай барлық үстелдерді жинап шығады. Ол еденді сыпырады. Ол орындықтарды тазалайды. Жұмыс күнінің соңында орындықтарды аударып, үстелге қояды.
Мәтінді жасыру
      77. Ол Диснейлендке билет сатып алады
      Ол Диснейлендтің вебсайтында. Ол "1 күнге" билет таңдайды. Ол 100 доллар тұрады. Бұл өте қымбат. Бірақ сонда да барғысы келеді. Ол несие картасының мəліметтерін енгізеді. Ол тапсырысын жібереді. Оның электронды поштасына билет түседі. Ол билетті басып шығарады. Оны сенімді жерге қояды.
Мәтінді жасыру
      78. Ол газет сатып алады
      Ол газет сататын киоскке барады. Оның газет сатып алғысы келеді. Ол не болып жатқанын білгісі келеді. Ол апталық газетті сатып алады. Алдымен ол бірінші беттегі мақаланы оқиды. Онда бостандықта жүрген кісі өлтіруші туралы айтылған. Бұл қорқынышты. Ол карикатураларды қарайды. Олар күлкілі.
Мәтінді жасыру
      79. Ол ет жемейді
      Ол вегатариан. Ол ет жемейді. Ол жануарларды өлтірмеу керек деп есептейді. Оған қоғамдағы басқа адамдармен болған ауыр түседі. Көп адамдар ет жегенді ұнатады. Ол ата-анасына вегатариан болу керектігін айтады. Олар оның сыртынан күледі. Олар еттен бас тарта алмайды.
Мәтінді жасыру
      80. Ол оған гүл сыйлайды
      Ол бағындағы раушан гүлдерін жұлып алады. Раушан гүлдерді гүлсауытқа салады. Ол гүлсауытқа су құяды. Ол құрбысының үйіне барады. Ол есіктің қоңырауын басады. Ол оны көргеніне бақытты. Ол оны құшақтайды. Ол раушан гүлдерді ұнатады. Олардың суын күнде ауыстырып отыруын айтады.
Мәтінді жасыру


В подготовке текстов на казахском языке участвовали пользователи сайта sozdik.kz:
Еркежан Каймоллаева, Алтынгуль Кептербаева, Аяулым Орынгали, Мади Толегенов, Мурат Аяганов, Раушан Муталипова, Алия Отеш, Роза Алиева, Гульзайнаб Сисенова, Салтанат Калдыбекова, Aigera Yerzhanova, Assel Kanybekova, Молдир Занкоева, Акжайык Сабырбаева, Маржанай Ташимова и другие.
Корректор текстов на казахском языке: Жанар Уалиева



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Занимательное чтение. Том 2, стр.3 Вернуться к началу Занимательное чтение. Том 2, стр.5  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга