Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 42

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

42-1
      Ақымақ әйел күйеуін қайта тәрбиелеуге тырысады. Ақылды – оны үйретуге ұмтылады. Тек қана даналы – мүмкін емес жағдай жасап, ол оның мазасын алмайды.
Мәтінді жасыру
42-2
      – Әйеліңіздің қалай есінен алжасқаның айтып беріңізші?
      – Біз жаңғырығы керемет тауда серуендеп жүргенбіз. Бірақ әйелім соңғы сөзді өзі айтатынына үйреніп қалған.
Мәтінді жасыру
42-3
      Дәрігердің қабылдауында сары шашты әйел:
      – Дәрігер, сіз неге маған тілімді шығар дедіңіз? Мен тілімді шығарғаныма жарты сағат болды, ал сіз оған қарамайсыз да!
      – Сіз үндемей отырғанда, сырқатнамаңызды оқу ыңғайлы.
Мәтінді жасыру
42-4
      Студент ағылшын тілінен емтихан тапсырып жатыр. Оқытушы оған таңданып:
      – Жігітім, сіз қытай тілінде жауап беріп тұрсыз ба!
      – Қап, кеше қараңғыда басқа кітап алыппын.
Мәтінді жасыру
42-5
      Әйел диетологке қоңырау шалды:
      – Дәрігер, менде артық салмақ бар секілді.
      – Неге олай деп шештіңіз?
      – Бүгін сөйлейтін таразы сатып алғанмын, соған өлшенген болатынмын. – Иә, олар сізге не айтты?
      – Олар: «Мархабат, бір – бірден».
Мәтінді жасыру
42-6
      Сары шашты қыз құрбысына СМС жазып жатыр: «Күйеуім балық аулауға кетті, балам әжесінде, «Мартини» тоңазытқышта. Кел!» Және қателесіп сенсорда «Барлығына жіберуді» басып қояды.
      Кешке оның үйінде барлығы болды. Әжесі мен немересі де, балық аулаудан келген күйеуі де.
Мәтінді жасыру
42-7
      Күйеуіме айттым: «Барлық өркениетті адамдар секілді: тыныш – тату айырылысайық». Жоқ, қой, сырнайшымен және тобыр достарымен ішіп келіпті!
Мәтінді жасыру
42-8   🌞
      – Әке, біздің кірпі кәріліктен өлді ме?
      – Әрине, ұлым, егер ол жас болса, КАМАЗ – дан қашып құтылар еді.
Мәтінді жасыру
42-9
      – Әке, мен бойжеткенмін, ыдыс-аяқ жуатын жұмысшы емеспін!
      – Сен не деп тұрсың? Мен де ӘКЕМІН, банкомат емеспін!..
Мәтінді жасыру
42-10
      Бағаны көтерудің негізі жоқ, деп мәлімдеді үкімет, сондықтан баға негізсіздіктен көтеріледі.
Мәтінді жасыру
42-11
      Жол бойындағы шағын дәмхана. Алысқа қатынайтын жүргізуші кіріп, етке тапсырыс берді. Сол сәтте үш байкер кіріп келіп, оның тапсырысын тартып алады. Алысқа қатынайтын жүргізуші даяршы қызбен есептесіп кетіп қалады.
      Даяршы қыз байкерлердің қасына келеді, олардың бірі даяршы қызға:
      – Ол өзі үшін де қарсыласа алмайды!
      Даяршы қыз:
      – Иә, ол тіпті жүргізу де білмейді! Жаңа ғана тұрақтан шығып бара жатып, үш мотоциклді жапырып кетті...
Мәтінді жасыру
42-12
      Әйелі:
      – Біз күйеуіміз екеуіміз бір бірімізді жақсы түсінеміз, бізде барлығы өте жақсы: Ұрыспаймыз, керіспейміз. Сондай рақат өмір. Мұның себебі, мен бәрін бүгінгі жұлдызнамаға қарап жасаймын.
      Күйеуі:
      – Біз әйеліміз екеуіміз тәп-тәуір тұрамыз. Себебі ол жұлдызнама бойынша қатал өмір сүруді шешті. Ол жіберілімге жазылды. Оны білген мен, оның поштасын бұзып, оған жұлдызнаманы өзім құрып жіберіп отырдым.
Мәтінді жасыру
42-13
      Егер ара біреуді шағып алса, ол арам қатады. Адамдар да солай болса ғой. Арамдық жасады ма – бірден арам қатса ғой.
Мәтінді жасыру
42-14
      Үй шаруасындағы әйел! Есіңе сақта! Күйеуіңнің бордақыланған үлкен іші – бұл бақытты отбасының сенімді зәкірі.
Мәтінді жасыру
42-15
      – Сен қашан есейесің?!
      – Мен есейдім!
      – Сен осы уақытқа шейін жалақыңа қанша балмұздақ аламын деп санап жүресің!
Мәтінді жасыру
42-16
      Түрме басшысы электр орындығында отырған өлім жазасына кесілген адамға:
      – Сіздің соңғы тілегіңіз?
      – Мені қолымнан ұстаңызшы. Маған сол тыныштау болады.
Мәтінді жасыру
42-17
      Құс базарында:
      – Айтыңызшы, мына марғау ұрғашы ма, әлде еркек пе?
      – Немене құлақтарынан көрінбей ме?
      – Жоқ.
      – Бұл қоян!
Мәтінді жасыру
42-18
      – Сіз күнде қанша уақыт ұйықтайсыз?
      – Дәрігер, екіден, үш сағатқа дейін!
      – Бұл өте аз ғой!
      – Мен үшін жеткілікті. Ал түнгілікте мен он сағатқа жуық ұйықтай аламын!
Мәтінді жасыру
42-19
      – Біз Изечкамға жақсы бағалары үшін ақша бере бастағаннан бері, ол үйге тек бестіктер әкелетін болды!
      – Абрам, бұл туралы сен не ойлайсың?
      – Меніңше, қымбаттым, түскен пайданы ол ұстазымен бөлісетін секілді...
Мәтінді жасыру
42-20
      – Мен сені қалай танимын?
      – Мен көк джинсиде боламын, бойым шамасы 165, салмағым 54...
      – Жақсы, мен ашық түсті курткада және қолымда таразы мен өлшеуіш болады.
Мәтінді жасыру
42-21
      Жұмыста жаңа ереже қабылданды. Егер кімде кім жұмыста, балағат сөз айтса, жинақ сандықшаға 5 рубльден салады. Таңертеңгісін жұмысқа келдік. Бір қызметкер үндемеді, үндемеді, сонан соң сандықшаға 1 500 рубль салып, демалысты енесімен қалай өткізгендігі туралы айтты. Біз бірімізге қарап, естіген ақпаратымыз үшін әрқайсымыз 500 рубльден салдық.
Мәтінді жасыру
42-22
      Бір психотерапевт екіншісінен сұрайды:
      – Тыңдашы, достым, сен неге пациенттерден әрқашан олардың түскі асқа не жегендерін сұрайсың?
      – Олардың меню бойынша мен қабылдау үшін қанша алуды есептеймін.
Мәтінді жасыру
42-23
      Итті машинаны қорғау үшін қалдырып кетті. Таңертең келсе, доңғалақтар жоқ. Терезеде хат: «Итке ұрыспаңыздар, ол үрді».
Мәтінді жасыру
42-24
      – Мен әлемдегі бірінші сөйлейтін кір жуғыш машинамын. Сізде кір жуу туралы мәселе туындады ма? Қаласаңыз, ол туралы мен сізбен сөйлесейін бе?
Мәтінді жасыру
42-25
      Әйелі – күйеуіне:
      – Біз екеуміз еш жерге бармаймыз.
      – Жарайды, ертең қоқыс тастауға шыққанда, сені өзіммен бірге алып шығамын.
Мәтінді жасыру
42-26
      – Сіз маған қандай қиын екенін елестете де алмаймыз, – пациент психиатрына шағымдануда. – Менің әйелім маған сұрақ қойып, сосын оған өзі жауап береді. Ал жарты сағат маған неге дұрыс жауап бермедің деп бастайды!
Мәтінді жасыру
42-27
      – Үй шаруасында еркектерге ұнамайтыны біркелкілік: төсек жинау, шаң сүрту, шаңсорғышпен шаң сору... Жарты жылдан соң соны тағы қайтадан қайтала!
Мәтінді жасыру
42-28
      Таңғы троллейбуста:
      – Қарындас, сіз тұрмыстасыз ба?
      – Жоқ, мен жай боянып үлгермей қалдым!
Мәтінді жасыру
42-29
      – Сіздің банк несиені шын айтамын-ға бере ме?
      – Мәселе жоқ.
      – Ал егер мен қайтармасам ше?
      – Ертең Алла Тағаланың алдына барғанда сізге ұят болады ғой.
      – Е, ол қашан болады...
      – Егер бесіншіні қайтармасаңыз, алтыншыда алдыңнан шығады.
Мәтінді жасыру
42-30
      Консерватория студенті өзінің өмірдегі бірінші пәтерін жалдап, бір аптадан кейін анасына хабарласып, көршілеріне шағымданады:
      – Бір қыз күні бойы жылайды, екіншісі кереуетте жатып, ыңқылдайды, және басын қабырғасын ұратын бір жігіт бар.
      – Сен олардан алысырақ жүр, балам, – деп ақыл айтады анасы.
      – Мен солай жасап жүрмін. Күні бойы бөлмеде отырып, кернейде ойнаймын.
Мәтінді жасыру
42-31
      Қартайған психоаналитик өлер алдында өзінің үш баласын шақырып алады:
      – Саған, – үлкеніне айтады, – менің үйім қалады, сен онда отбасыңмен тұратын боласың.
      – Саған, – ортаншысына айтады, – мен барлық ақшамды қалдырамын.
      – Ал сен, – кішісімен әңгімені жалғастырады, – менің ұлдарымның ішінде менің ісімді жалғастырушысың. Саған сені өмір бойы асырайтын екі клиентімді қалдырамын.
Мәтінді жасыру
42-32
      Қоңырау. Күйеуі тұтқаны көтерді.
      – Алло?... Иә, анашым!... Иә, тағы да ұрсысып қалдық! Иә, анашым соның жаман екені , оған үйлену туралы ойма дегеніңіз есімде. Сен әдеттегідей дұрыс айттың! Әрине саған сенбегенім үшін өкінемін! Мен көрлім бірақ келмеді.... Оны да көрдім!!! Ол да болмады! Онымен сөйлескің келеме?! Бір минут... Сүйдім....
      Сосын әйеліне дауыстап.
      – Жаным, бері келші, анаң хабарласып жатыр!
Мәтінді жасыру
42-33
      Ер адам кітап дүкеніне келіп, сатушыдан сұрайды:
      – Маған «Ер адам – әйелдердің әміршісі» деген кітап керек.
      Сатушы (сабырлы):
      – Бұрыштағы фантастика бөлімі.
Мәтінді жасыру
42-34
      – Сіз үнемі жағымды нәрселер туралы ойлауыңыз керек, – дейді дәрігер, – әйтпеса сіз депрессияңыздан ешқашан құтылмайсыз. Есіңізге түсіріңізші, бір көңілді оқиға болды ма?
      – Көршім өзінің «Жигулиінде» бағанаға соғылды!
Мәтінді жасыру
42-35
      Әкесі дүкенде ұлына өте қымбат ойыншықты алып бере алмайды. Ұлы айқайлап, жерге құлап, өсіргі ұстап жатыр. Адамдар жиналып жатыр. Әкесінің зәресі ұшты – не істеу керек?! Кенеттен «Психолог» деген тақтайшаны көрді. Баласын жағасынан алып сонда апарады.
      Психолог сыпайы түрде әкесін бір минутқа шығуға сұрайды. Бір минуттан кейін ұлы жасын сүртіп шығады да, әкесінен кешірім сұрайды. Үйге барар жолда әкесі психолог баланы қалайша бұнша тез тыныштандырды екен деген сұрақ қатты қызықтырады. Ақырында оның шыдамы жетпей, ұлынан сұрайды.
      – Жәй... – дейді ұлы, – егер қоймасам, құлағыңды жұламын деп уәде берді...
Мәтінді жасыру
42-36
      Аналары жұмыстан үйге келеді:
      – Иәәә… менің сүйікті балаларым қандай пайдалы іс тындырыпты?
      Біріншісі:
      – Мен… ыдыс жудым!
      – Сен жарайсың!
      Анасы оған шоколад береді. Екіншісі:
      – Мен… ыдыс сүрттім!
      – Ақылдым!
      Оған печенье береді.
      Үшіншісі:
      – Ал мен сынықтарды сыпырдым және шелекті шығардым…
Мәтінді жасыру
42-37
      Ер адам үйіне үлкен кәмпит қорабымен келіп, өзінің төрт кішкентай баласына айтады:
      – Кім анасын әрқашан тыңдайды, кім онымен ешқашан сөз таластырмайды, кім оның айтқанын әрқашан орындайды, сол мына кәмпиттерді алады. Қалай ойлайсыңдар, сонда кім кәмпиттерді алады?
      Балалары бәрі бірге:
      – Сен, әке.
Мәтінді жасыру
42-38
      Күйеуі өзіне жаңа тарақ сатып алып, үйіне келеді. Әйелі оған бас салады:
      – Жаңасы саған неге керек? Сенің керемет тарағың бар ғой...
      Күйеуі жасқанып ақталады:
      – Оның тісі сынып қалды...
      – Не?! Қайдағы бір тіс үшін жаңа тарақ сатып алып жатырсың!!! Осыдан кейін сен мені ақшаны шашасың деп айтасың ба!!!
      – Хм... бірақ бұл соңғы тісі болатын...
Мәтінді жасыру
42-39
      Әйелім екеуміздің пікіріміз ауысып жүр: өз пікіріммен келіп, оның пікірімен кетемін.
Мәтінді жасыру
42-40
      Үйлену туралы шешім – ер адамның өз еркімен қабылдайтын соңғы шешімі.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульнар Абдраимова, Акжайык Сабырбаева, Еркежан Каймоллаева



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 41 Вернуться к началу Выпуск 43  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга