Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 35

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

35-1
      Кандидаттан:
      – Сіз неге сайлануға дауысқа түстіңіз?
      – Сіз жан жаққа қараңызшы не болып жатқанын! Өкімет белшесінен молшылыққа, сыбайлас жемқорлыққа, қол бостыққа батты!
      – Сіз осылармен күреспекшісіз бе?
      – О не дегеніңіз! Мен осының барлығына қатыспақшымын!
Мәтінді жасыру
35-2
      Екі дос кездесті:
      – Қартайып барамын.
      – Бұл қайдан келген пессимистік?
      – Әйелдердің сұрақтарынан.
      – Мысалы қандайынан?
      – Бұрын менен сұрайтын: «Неге үйленбейсің?» Ал қазір: «Неге үйленбедің?»
Мәтінді жасыру
35-3
      – Борис, сен үйленгенбісің?
      – Уақытша.
      – Түсінбедім.
      – Үлкен ағам шипажайда, ал әйелі әзірше оның орнына маған ұрсып жүр...
Мәтінді жасыру
35-4
      – Мен бойдақ кезімде, отбасылық өмірден жаман қорқатынмын.
      – Ал қазір ше?
      – Қазір мен бекерден-бекер қорықпаппын, оған енді көзім жетті.
Мәтінді жасыру
35-5
      Екі сараң кездесіп қапты:
      – Қайда барасың?
      – Батып өлем...
      – Оның не, есің дұрыс па?! Жаңа костюммен бе?!
Мәтінді жасыру
35-6
      Біреу есіктің қоңырауын басады. Вовочка есікті ашады - онда бір букет гүлі бар жас жігіт тұр екен. Вовочка оған біраз уақыт ойланып қарап тұрып, былай дейді:
      – Сен апама жиі кеп кеттің... Өзіңде жоқ па еді?
Мәтінді жасыру
35-7
      – Сен білесің бе, - дейді таңертең күйеуі әйеліне, - түнде маған таңғажайып түс енді.
      – Түсінде сені не таңғалдырды?
      – Түсімде мен сенің туған күніне қарапайым сыйлық алыппын, сен оған риза болыпсың.
Мәтінді жасыру
35-8
      «Қайда жұмыс істейсің?» деген сұраққа «Қазір жұмыс істеп жүрген жоқпын» дегеннің орнына «Жұмыс істемей жүре беруге шамам жетеді» деп жауап беру керек, сонда жұмыссыз бейбақ емес, салиқалы адам боп шыға келесіз.
Мәтінді жасыру
35-9
      Егер сізге үйіңіз жайлы екен десе, олар кішкентай, тар, жиһазбен толтырылған бөлмені жиі ескере отырып айтады.
Мәтінді жасыру
35-10
      Рөлдегі әйел – аспандағы жұлдыз: сен оны көресің, ал ол сені – жоқ.
Мәтінді жасыру
35-11
      Тілші - байырғы тұрғынға:
      – Осы жерде бар өміріңіз өтті ме?
      – Біткен жоқ әлі!
Мәтінді жасыру
35-12
      Күйеуі - әйеліне ұрысып алған соң:
      – Егер кейде айтып жүргеніңдей мені шынымен сүйсең, маған емес, басқа біреуге тиер едің!
Мәтінді жасыру
35-13
      Әдебиетші:
      – Масқара! Кешкілік үйге кеп қарасам: үш жасар ұлым қолжазбамды быт-шыт қып жыртып отыр.
      – О құдай! Ол оқи біле ме?
Мәтінді жасыру
35-14
      – Люся, шай қайда? Мен мүлдем таба алмай тұрмын...
      – Құдайым-ай, сен қандай дәрменсізсің! Шай дәрі қобдишасында, «тұз» деген жапсырмасы бар какаоның құтысында.
Мәтінді жасыру
35-15
      Әйелі ренжіп тұрған күйеуінен:
      – Сен сонша неге абыржып тұрсың?
      – Түсінемісің, біздің жағдайымыз мүшкіл. Біз енді бәрін үнемдеп өмір сүруіміз керек.
      – Жақсы, - деп, әйелі келіседі, - мен не істеуім қажет: қарызға азырақ алайын ба, әлде қарызға азырақ берейін бе?
Мәтінді жасыру
35-16
      – Менің күйеуім біздің үйленген той күнімізді мүлдем есіне сақтамапты.
      – Иә, өкінішті...
      – Жоқ, мен әрқашан оның есіне көктемде, күзде салып отырамын.
      – Ал енді?
      – Жылына екі рет сыйлық алып отырамын!
Мәтінді жасыру
35-17
      Екі студент емтиханнан кейін сөйлесіп отыр:
      – Иә, нешеге тапсырдың?
      – Үшке. Басында беске тапсырайын деп ойлағам, кейін: құрысыншы, одан да үшке тапсырайын, қалған ақшаға сыра сатып алайын деп ойладым.
Мәтінді жасыру
35-18
      – Сіздің қызыңыздың музыкалық оқуы арзанға шыққан жоқ, сол себепті қазіргі алатын жалақысы да одан аз емес шығар деп ойлаймын, солай ма?
      – Тура солай! Біздің көршіміз оған күнделікті тыныштығы үшін үш жүз теңгеден төлейді.
Мәтінді жасыру
35-19
      – Неудобно об этом говорить, но ваша жена называет вас ослом.
      – И это абсолютная правда, коль я на ней женился.
Мәтінді жасыру
35-20
      – Сізге демалу үйінде ұнады ма?
      – Мен өте, өте ризамын! Онда асты сондай нашар дайындайды екен, мен ақыры толық жеті килограммға жүдедім!
Мәтінді жасыру
35-21
      Темекі тарту зиянды, ішу жиіркенішті, ал сау болып өлу өкінішті.
Мәтінді жасыру
35-22
      – Әндетуді қой! Сенің кесіріңнен ұйықтай алмай жатырмын.
      – Жарайды, сен ұйықтағанша қоя тұрайын.
Мәтінді жасыру
35-23
      Жүз жастағы қарттан алған интервьюден:
      – Осы жасқа қалай жеттіңіз?
      – Білесіз бе, мен жас кезімде шешкенмін: қандай жағдай болса да, мен өмір сүруді жалғастырамын!
Мәтінді жасыру
35-24
      Темзаның жағалауымен фотоаппараты бар еркек келе жатыр. Оған бір әйел жүгіріп келеді.
      – Жылдам жүріңіз! Менің құрбым суға батып барады!
      – Әттең, мисс, менің пленкам таусылып қалды.
Мәтінді жасыру
35-25
      Бірде бір данышпаннан сұрапты:
      – Құдайдың мейірімі мен жазасының мәні неде?
      Данышпан жауап береді:
      – Егер жас жігіт шашы ақылымен ағарған ақсақалға ұқсаса – бұл құдайдың мейірімі. Ал шашы ағарған ақсақал ақылымен жас жігітке ұқсаса – бұл құдайдың берген жазасы.
Мәтінді жасыру
35-26
      Екі құрбы сөйлесуде:
      – Кеше қонақтар келді, күйеуім әдепсіз күлкілі әңгімелер айта бастады. Мен оны үйден шығарып жібердім.
      – Жарайсың! Дұрыс істедің.
      – Барлық қонақтар әңгіменің аяғын есту үшін онымен бірге шығып кетті!
Мәтінді жасыру
35-27
      – Сен неге ойлы отырсың?
      – Қалайша ойланбасқа? Кеше туған күніме ашық хат алдым. «Саған денсаулық, бақыт, сәттілік және ақша тілейміз. Басқалары сенде бар», - деп жазыпты.
Мәтінді жасыру
35-28
      – Пит, сенде әзіл сезімі жоқ! Сен қожайынның оспағына күлесің, бірақ олар күлкілі емес.
      – Мүмкін, менде әзіл сезімі жоқ шығар, есесіне менде өз-өзін сақтау сезімі жақсы дамыған!
Мәтінді жасыру
35-29
      Ерлер ортасы әйелдерді сөз қылуды ұнатады. Қанша таңқаларлық болса да, әйелдер де соны істейді.
Мәтінді жасыру
35-30
      Әр азаматты бір жерде әйелі күтіп отырады. Бірақ қайда екені белгісіз. Сондықтан ешқайсысы кездесуден бас тарта алмайды.
Мәтінді жасыру
35-31
      Түн ортасында көршілерді терезе соққан дүбір оятады.
      – Не болып қалды?
      – Сізге отын керек пе?
      – Сіздің есіңіз дұрыс па өзі? Түн ортасында қайдағы отын? Бізге ештеңе де керек емес!
      – Жарайды, біздің ісіміз тек сұрап алу...
      Таң ертеңгісін көршілер түндегі болған жағдайды айтып, қалжыңдап, көшеге шықса, текшеленген отындарын ұрлап әкеткен екен.
Мәтінді жасыру
35-32
      Егер сіз қонақ күтіп отырып, кенет костюміңізден дақты байқап қалсаңыз, қапаланбаңыз. Бұл түзелетін іс. Мысалы, өсімдік майынан болған дақты бензинмен кетіруге болады. Бензиннен болған дақты, күйдіргіш сілті ерітіндісімен кетіруге болады. Күйдіргіш сілті ерітіндісінен болған дақты, сірке суы эссенциясымен жеңіл кетіруге болады. Сірке суы эссенциясынан болған іздерді күнбағыс майымен сүрту керек. Ал, күнбағыс майынан болған дақтарды кетіруді сіздер білесіздер.
Мәтінді жасыру
35-33
      – Айтпақшы Мендель, сен неліктен Абраммен карт ойнауды қойдың?
      – Сен болсаң әрдайым ойын барысында қулық жасайтын адаммен ойнар ма едің?
      – Әрине жоқ.
      – Міне, Абрам да солай дейді.
Мәтінді жасыру
35-34
      Балабақшада бала тәрбиешінің маникюріне зер салып қарады.
      – Ольга Александровна, сіздің тырнақтарыңыз не деген ұзын...
      – Иә. Ұнай ма?
      – Ұнайды. Мүмкін, ағаштарға өрмелеу үшін жақсы шығар...
Мәтінді жасыру
35-35
      Анасы Вовадан:
      – Неге сенің күнделігің бұрышта жатыр?
      – Мен оны екі алғаны үшін жазаладым.
Мәтінді жасыру
35-36
      – Тыңдашы, Джон, анда біреу айғайлауда, көмек сұрайды. Мүмкін, шығамыз, не болғанын анықтайық?
      – Қажеті қанша? Бәрін таңғы газеттерден білеміз.
Мәтінді жасыру
35-37
      Мейрамханада келушінің қасына даяшы келді. Ол даяшыға мына сөздерді айтып, доллар береді:
      – Сіз маған бір нәрсеге кеңес бере аласыз ба?
      Даяшы купюрді қалтасына салып, келушіге еңкейіп, айтады:
      – Осы орадан кетіңіз!
Мәтінді жасыру
35-38
      Балконнан айғай естілді:
      – Аркаша, үйге қайт!
      Бала басын көтеріп алып:
      – Мен не, тоңып қалыппын ба екен?
      – Жоқ, сенің қарының ашып қалыпты!
Мәтінді жасыру
35-39
      Ер азамат үй салып, ағаш отырғызып, ұлын өсіру керек.
      Ал содан соң оған мүлдем бәрі бір, кім үйді жинап жатыр, ағашты суарып және жарықтық ұлына қандай тәрбие беріп жатқанына!
Мәтінді жасыру
35-40
      – Естідің бе, Серіктен әйелі қашып кетіпті?
      – Ол қалай екен?
      – Қазір аздап та болса басылған сияқты, басында қуанышы қойнына сыймай жүрген.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульнар Абдраимова, Алтынгуль Кептербаева, Гульмира Ажмаганбетова, Сауле Ибраева



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 34 Вернуться к началу Выпуск 36  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга