Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 37

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

37-1
      Ұлы, әкесін әбден қартайды деп, өзіне жүк болмасын деп оны қарттар үйіне тапсырды. Оның бес жастағы ұлы:
      – Сен, атамды апарған жердің мекен - жайын жазып алдың ба?
      – Сен оған барып тұрмақшымысың?
      – Ертең сен қартайғанда сені қайда апаратынымды білейін деп едім.
Мәтінді жасыру
37-2
      – Мен сені ренжітуге мәжбүрмін, қымбаттым. Менің аспаздық қабілетім әзірше шамалы. Жақсылап жаңажылдық торт пен балықты ғана дайындай аламын, - деп мойындайды жас әйел күйеуіне.
      – Түсінемін, жаным. Ештеңе етпейді, уақыт өткен соң үйренесің. Бірақ айтшы, өтінемін: тәрелкедегі торт па, балық па?
Мәтінді жасыру
37-3
      – Иә, қымбаттым, дәмді ме? - деп сұрады жас әйел өзінің күйеуінен алғашқы түскі ас дайындаған соң.
      – Жаман емес! Қымбаттым, келесі жолы ас тұзына кішкене сорпа қосуды ұмытпа.
Мәтінді жасыру
37-4
      – Менің ойымша, біздің жүргізушіні жұмыстан босату керек, - деді әйелі күйеуіне. - Ол міне осымен мені төрт рет өлтіре жаздады.
      – Неге сонша асығамыз. Оған тағы бір мүмкіндік берейік.
Мәтінді жасыру
37-5
      Ерлі-зайыптылар серуенге шығады.
      – Руди, - дейді әйелі, - саған күн өткен сайын суып бара жатқан сияқты көрінбей ме?
      – Тағы да саған тон керектігіне мезгеп тұрсың ғой.
Мәтінді жасыру
37-6
      Өмір бір нәрсесімен швед үстеліне ұқсайды. Біреулер одан қанша алғысы келсе, сонша алады, басқалары - қанша ала алатындай. Кейбіреулері - ұятына қарай, басқалары - қаншалықты бетсіздікпен. Бірақ барлығына ереже біреу - өзіңмен бірге ештеңе әкетпе!
Мәтінді жасыру
37-7
      – Айтқандай қымбаттым, сенде жаңа көлік пе? - деп сұрады мультимиллионер әйелінен.
      – Иә. Кеше маған тез арада шаштаразға қоңырау шалу керек болды. Қоңырау шалу үшін, алғаш кездескен дүкенге кірдім. Ол "Мерседес" фирмасының автосалоны болып шықты... Өзің түсінесің, дүкеннен ештеңе сатып алмай шығу қолайсыз болып көрінді.
Мәтінді жасыру
37-8
      Küieuı men äielı tıs därıgerıne kelıptı.
      – Sızge narkozben be, älde narkozsyz be? – dep sūraidy därıger.
      – Narkozsyz! – dep küieuı berık şeşım qabyldaidy.
      – Jaraisyz! – deidı tıs därıgerı. – Äiteuır bır erjürek erkek tabyldy-au!
      – Kresloğa otyr, qymbattym, - deidı küieu.
Мәтінді жасыру
37-9
      Басында ата-аналар баланы жүруге және сөйлеуге мәжбүрлейді, ал басқа уақытта, ол есейгенге дейін, оны отыруға және үндемеуге мәжбүрлеуге тырысады.
Мәтінді жасыру
37-10
      – Сен өз әйеліңе темекі шегуге рұқсат етесің бе?!
      – Оның да бір ауызы жабылатын кезі болу керек қой!
Мәтінді жасыру
37-11
      Үйде әйелі күйеуінен сұрайды:
      – Сен бастығыңнан жалақыңды көтеруге сұрағанда, оның көңіл-күйі жақсы болды дейсің. Неге олай шештің?
      – Ол күлкіден өліп қала жаздады!..
Мәтінді жасыру
37-12
      – Әйеліңмен неге сөйлеспейсің?
      – Ренжісіп қалдық.
      – Бұл жаман.
      – Керісінше, жақсы! Бір апта бойы тату өмір сүріп жатырмыз.
Мәтінді жасыру
37-13
      Отбасылық рақат өмір: күйеуі газет оқуда, әйелі тоқыма тоқуда, ал оның аяқ жағында үлкен арлан ит жатыр, алау ошақта от маздап жанып жатыр. Әйелі күйеуіне:
      – Мен сенен жалынып сұраймын, сен ылғи ит түсінде ырылдап жатса, «иә, қымбаттым» демеші.
Мәтінді жасыру
37-14
      – Бөлмеде қандай температура? – деп сұрайды күйеуі әйелінен.
      – Он бес градус.
      – Далада ше?
      – Жиырма.
      – Онда терезені аш. Тағы бес градус кірсің.
Мәтінді жасыру
37-15
      – Мен барлық жақсы күндерім үшін Қарпатқа міндеттімін...
      – Мұны қалай түсінуге болады? Сен онда ешқашан болған жоқсың ғой.
      – Мен - жоқ, бірақ менің әйелім онда жыл сайын демалуға барады.
Мәтінді жасыру
37-16
      Әйелі бағдарламашы-күйеуін дүкенге жібереді:
      – Бір батон нан ал, егер жұмыртқа болса – онын ал.
      Күйеуі дүкеннен он батон алып келеді.
      – Сонша көп нан сатып алдың?
      – Жұмыртқа болғаннан кейін...
Мәтінді жасыру
37-17
      Әйелі мен күйеуі шіркеуден шықты.
      – Мен, менің қымбаттым, қайырымдылық саптыаяғына бес мың теңге салғаныңды кездейсоқ байқап қалдым.
      – Олай болса ше?
      – Қандай күнә үшін сен ондай соманы бердің?..
Мәтінді жасыру
37-18
      – Иә саяжай шынымен де жақсы, - дейді сатып алушы. - Бұл аудан тыныш па?
      – Иә! Биыл мында бес үйді тонап, үш адамды өлтіріп кетті. Ешкім ештеңе естіген жоқ.
Мәтінді жасыру
37-19
      Күйеуі әйеліне ұрысуда:
      – Үй кір, ас үй де, төбелер ағартылмаған.
      – Ал сен алда өзің істе!
      – Оның не! Менің қолым тимейді – бірде шоқындыру, бірде үйлену тойы, бірде ас. Адамдарды сыйлау керек.
      – Ал сен барма, - деп кеңес береді әйелі.
      – Иә! Бір бармасам, екі... ар жағында шақыруды қояды!
Мәтінді жасыру
37-20
      Сүйкімді әйелі күйеуіне:
      – Мен, қымбаттым, курортқа барамын, күнге қыздырынамын, шомыламын және армандаймын, армандаймын – тек қана сен туралы...,- дейді.
      – Жоқ, - деп жауап береді күйеуі. – Менің ұсынысым артығырақ: сен, менің айым, одан да үйде отыр және теңіз қанша қажет болса сонша арманда.
Мәтінді жасыру
37-21
      – Неке – аса жаман іс емес!
      – Әрине! Алғашқы жиырма-отыз жыл ғана, кейін үйренесің...
Мәтінді жасыру
37-22
      Жақындардан алысырақ болған жақсы. Сенбейсің бе? Онда есіңізге түсіріңіз, кіммен жиі жанжалдасасыз?
Мәтінді жасыру
37-23
      Өсіп келе жатқан ұлы әкесінен сұрайды:
      – Әйел еркектің қай жағымен жүруге тиіс?
      – Еркек сөрелер жағымен жүруге тиіс.
Мәтінді жасыру
37-24
      – Әйеліңмен ажырасқалы жатырсың, не үшін жаңа көйлек алып бермекшісің?
      – Ескі көйлегімен ол өлсе де сотқа келмейді.
Мәтінді жасыру
37-25
      – Тыңдашы, Джон, бұлбұл қалай тамаша сайрауда, - деп сыбырлайды әйелі.
      – Неге таңғаласың? Ол әлі үйленбеген, қарыздары жоқ, оның тістері ауырмайды, неге сайрамасқа?!
Мәтінді жасыру
37-26
      – Неге Құдай алдымен еркекті, содан кейін ғана әйелді жаратқан? – деп сұрайды бір әйел.
      – Себебі ол еркекті жаратуда әйелдің кеңестермен кедергі жасағанын қаламаған.
Мәтінді жасыру
37-27
      – Мен жаңа жылдық мерекені барынша тыныш отбасылық жағдайда өткізуді сұраймын. Бұрын кейде солай болушы еді ғой... – дейді күйеуі әйеліне.
      Әйелі байқаса, тіпті жұбайының көзіне жас үйіріліпті. Ол оны емірене құшақтайды.
      – Мен келістім, қымбаттым. Егжей-тегжейлі сөйлесейік.
      – Жақсы ой. Былай болсын: мен шұжық, ірімшік, бес шөлмек «портвейн» сатып аламын, ал сен өз ата-анаңа қонаққа барасың.
Мәтінді жасыру
37-28
      – Менің естуімше, сенің тойың өте романтикалық болып көрініпті ғой. Саған қалыңдығыңды ұрлап әкетуге тура келген жоқ па?
      – Иә. Дәл солай болды.
      – Оның ата-анасы сендерді қуды ма?
      – Қуғанда қандай!
      – Қуып жете алмаған шығар, солай ма?
      – Қуып жетті...
      – Соңы немен аяқталды?
      – Олар менің пәтерімде бізбен бірге тұрып жатыр.
Мәтінді жасыру
37-29
      Күйеуі әйеліне екілене сөйлейді:
      – Есіңде ме, мен өткен жылы қалта сағатымды жоғалтып алып едім ғой?
      – Әрине, есімде, ол тамаша сағат болатын.
      – Міне, бүгін шкафтан ескі пенжегімді алдым, оны бір жылдай кимеген болатынмын, қалтасынан мен не тапты деп ойлайсың?
      – Шынымен сағатты ма?
      – Жоқ! Мен одан, мүмкін, сағат түсіп қалған тесікті таптым...
Мәтінді жасыру
37-30
      Күйеуі, жұмыстан үйне келіп, ашуланып әйеліне айғайлайды:
      – Түскі ас тағы да дайын емес! Мен аш қасқырдаймын... Болды, мейрамханаға барамын! Қашанғы шыдауға болады?!
      – Бес минут күт! – деп өтінеді әйелі.
      – Немене, күні бойы дайындамаған асың бес минутте дайын бола ма.
      – Уайымдама! Мен жылдам киім ауыстырамын да сенімен бірге барамын!
Мәтінді жасыру
37-31
      – Бұрын менің әйелім әрбір сыбдырдан оянып, мені оятатын. Оған пәтерге ұрылар кіргендей көрінетін.
      – Сен оған ұрылар дыбыссыз жұмыс істейтінін түсіндірмедің бе.
      – Мен дәл солай істедім. Ол енді мені, тіпті пәтерде тыныш болса да оятады.
Мәтінді жасыру
37-32
      Күйеуі мен әйелі жанжалдасуда.
      – Айтшы, сен неге маған тұрмысқа шықтың? Әр күн сайын жанжал шығару үшін бе?
      – Сенің мұндай ақымақ екеніңді білген жоқпын!
      – Өтірік айтасың! Сен ол туралы тамаша білдің!
Мәтінді жасыру
37-33
      – Қорғаушы мырза, айтыңызшы, күйеудің ақымақтығы айырылысуға себеп бола ала ма?
      – Неге болмасқа! Бәріміз күнәсіз емеспіз... Қайта ақымақтық болып, керісінше, үйлену себебі болып табылады.
Мәтінді жасыру
37-34
      Әйелі:
      – Сен тағы да түсіңде сөйледің!
      Күйеуі:
      – Құдайым-ай, маған түсімде де бір сөз айтуға болмай ма!
Мәтінді жасыру
37-35
      Жас әйел күйеуіне:
      – Маған, қымбаттым, өзімнің қыз кезімдегі әдеттерімнен арылу оңай болмайды...., - дейді.
      – Қажет емес, қымбаттым! Керісінше, әкеңнен ақша алуды жалғастыра бер, ештеңе болмағандай! Сонда жеңіл болады...
Мәтінді жасыру
37-36
      Шотландтықтан сұрайды:
      – Туған күніне сенің әйелің қандай сыйлық алғысы келер еді?
      – Ол мойн не қолына бірдеңе алуды армандайды...
      – О, сен, сірә, оған моншақ пен білезік сыйлаған шығарсың?
      – Таппадыңыз! Мен оған әдемі бір кесек иіс сабын!
Мәтінді жасыру
37-37
      Жас әйел жылап тұрып күйеуіне:
      – Менің әкем банкротқа ұшырады!
      – Ой, Алла-ай! Мен білгем – ол сараң бізді ажыратуға тәсіл табатындығын...
Мәтінді жасыру
37-38
      – Менің әйелім күн сайын кабакқа барады.
      – Сен оған рұқсат етесің бе?
      – Әрине, рұқсат етемін. Әйтпесе кім мені үйге апарады? Өзіме қиындау...
Мәтінді жасыру
37-39
      Күйеуі әйеліне:
      – Бір күні алам да сенен кетіп қаламын! Сонда не істейсің?
      Күйеуі, армандап:
      – Не, не... Не қаласам, соны жасаймын!
Мәтінді жасыру
37-40
      – Үйлену тойы алдында сен менің кез-келген уақ тілегімді орындаймын дегенсің, - деп әйелі күйеуін кінәлайды.
      – Мен не өтірік айтыппын ба? Ең шағын тілегіңді айт, мен оны сол сәтте орындаймын.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульнар Абдраимова, Гульмира Ажмаганбетова, Гаухар Назымбекова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 36 Вернуться к началу Выпуск 38  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга