Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 14

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

14-1
      – Ботқаңды же, әйтпесе мен жалмауыз кемпірді шақырамын.
      – Сонда сен ол келіп ботқаны жейді деп ойлайсың ба?
Мәтінді жасыру
14-2
      Кеш. Бар. Есік ашылады, одан жасыл шайтандар тобы кіреді. Қалжыраған бармен басын көтеріп:
      – Шығыңдар бұл жерден, сендердікі әлі келген жоқ...
Мәтінді жасыру
14-3
      Екі құрбы.
      – Мен алғаш рет күйеуге шыққанымда сондай жайсыз жайт болды - аяқты сындырып алдым.
      – Сонда не, сірә күйеуің бірден кетіп қалған шығар?
      – Өй, ол сынған аяғымен қайта кетеді дейсің?
Мәтінді жасыру
14-4
      – Вова, ал сен бүгін қандай жақсы іс жасадың?
      – Мен әкемді шығарып салуға барғанда, бір ағайдың пойзға кешігіп артынан жүгіріп бара жатқанын көрдім. Сосын мен өзімінің путбуль-итім Рэксті айтақтатып жібердім, сонда әлгі ағай пойызға жетіп, үлгеріп мініп кетті.
Мәтінді жасыру
14-5
      Есіктің қоңырауы шылдырлайды.
      – Бұл кім?
      – Айтыңызшы сіз осы уақытта үнемі үйде боласыз ба?
      – Жоқ, демалыс күндері ғана. Жай ма?
      – Жай, ештеңе емес... Әлеуметтік сауалнама...
Мәтінді жасыру
14-6
      Тоқылдақ тұмсығымен ағашты ұрғылап жатыр екен. Қуыстан үкі қарап тұр. Тоқылдаққа қаһарлы түрімен қарап айтыпты:
      – Сіз өзіңізді тыныш ұстай аласыз ба, маған түнгі ауысымға бару керек.
Мәтінді жасыру
14-7
      Казинода бір әйел әмиянынан мың долларды шығарады, бірақ қай санға қоятын шешім қабылдай алмайды. Бір келуші оған жақындап, кеңес береді:
      – Өзіңіздің жасыңызға сәйкес келетін нөмірге қойыңыз.
      Әйел жиырма бесінші нөмірге қояды. Шар көп айналып қырық екінші нөмірге тоқтайды.
      Кеңесші:
      – Міне көрдіңіз бе, бекер мені тыңдамадыңыз, тыңдасаңыз жеңіске жетер едіңіз...
Мәтінді жасыру
14-8
      Мемлекеттік думаның депутаты сұрайды:
      – Неге көңілсізсің? Үйде жағдай жаман ба?
      – Жоқ, үйде бәрі жақсы.
      – Сен саяжай салып жатыр дейді ғой. Мүмкін, ақша жетпейтін шығар?
      – Жетеді. Әлдеқашан үш қабатты жеке үй салып алғанмын.
      – Мүмкін, көлігің нашар болар?
      – Жақсы. «Мерседес». Тура сағаттай жұмыс істейді.
      – Онда неге көңілсізсің?
      – Халыққа ауыр...
Мәтінді жасыру
14-9
      Саяхатта. Бір турист екіншісінен сұрайды:
      – Неге өзіңмен бірге енеңнің фотосуретін тасып жүрсің?
      – Міне, көрмейсің бе, масалар, жаңбыр, суық... ал мен оған қараймын да: Құдайым ай! Мұнда неткен тамаша еді - деймін.
Мәтінді жасыру
14-10
      Сотта:
      – Сіз шомылып жатқанда жәбірленушінің киімін ұрлап алыпсыз. Өзіңізді ақтау үшін не айта аласыз?
      – Ол жерде шомылуға тыйым салынған.
Мәтінді жасыру
14-11
      – Вася, сен неге өз өлшеміңнен үш есе кіші бәтіңке киесің?
      – Білесің бе, менің әйелім – көріксіз, ұқыпсыз, оның үстіне асты да дәмсіз дайындайды. Ұлым - жалқау, нашар оқиды және ол мектепті бітіре ала ма білмеймін. Қайын енем – шұбар жылан, үнемі ұрысады. Өмірдегі жалғыз қуанышым – кешке бәтіңкемді шешу...
Мәтінді жасыру
14-12
      – Сіздің сәбиіңіз сондай сүйкімді! Неткен ақылды көздер, топ-томпақ беті, шапшаң аяқтары десеңші! Және өзіңізге қатты ұқсайды екен... Айтпақшы, маған ақша түскенше бір жүздік қарызға бере тұрмайсыз ба?
      – Жоқ бере алмаймын. Бұл менің бірінші некелескен әйелімнің бөпесі.
Мәтінді жасыру
14-13
      Ғалымдар ақыры мәңгі қозғалтқыш ойлап таба алды. Оның қарапайым түрінен айырмашылығы тек "Сөндіру" деген тектіктің жоқтығы.
Мәтінді жасыру
14-14
      – Кеше менің әйелім ауырып қалды, ал бүгін қайын енем келді, оны күту үшін...
      – Иә-ә-ә, бәле жалғыз келмейді...
Мәтінді жасыру
14-15
      Екі таныс кездеседі. Біреуі:
      – Кеше мен әйелімді «Отелло»-ны көруге апардым.
      – Не, мәдени бағдарлама ма?
      – Жоқ, ескерту.
Мәтінді жасыру
14-16
      Екеуі кездеседі:
      – Кеше мен автокөлігімді жоғалтып алдым.
      – Соғып алдың ба? Ұрлап кетті ме?
      – Жоқ. Әйелім жүргізушінің куәлігін алды.
Мәтінді жасыру
14-17
      – Сіз ауырып қалғансыз ба?
      – Неге олай деп шештіңіз?
      – Сіз дәріханадан шықтыңыз ғой.
      – Қызық, егер мен бейіттен шықсам, сіз не ойлар едіңіз?
Мәтінді жасыру
14-18
      Екі таныс отбасылары туралы әңгімелерімен бөлісіп отыр.
      – Коля, менің әйелім шалбарымды жамаса, ол мүлдем білінбейді...
      – Менікі де солай... Қалай жейдемді жуса, ол да білінбейді...
Мәтінді жасыру
14-19
      Құрылыс фирмасының жоғарғы басшылары құрылысқа келеді және бір жұмыскерден сұрайды:
      – Мұнда қанша адам жұмыс істейді?
      – Бригадирмен бірге - он.
      – Ал бригадирсіз?
      – Бригадирсіз ешкім жұмыс істемейді!
Мәтінді жасыру
14-20
      Дәрігер:
      – Неге шағымданасыз?
      Емделуші:
      – Өмірге.
      Дәрігер:
      – Алаңдамаңыз, ол да өтер.
Мәтінді жасыру
14-21   🌞
      Опералық шәлкес мінезді примадонна:
      – Бірінші акт кезінде мен тағатын меруерт шын болуы тиіс.
      – Барлығы шын болады, синьора. Бірінші акттегі меруертте, соңғы акттегі у да...
Мәтінді жасыру
14-22
      Кішкентай қыз үйіне балабақшадан қайтып келіп айтыпты:
      – Анашым, ал бүгін бізге екпе жасады!
      – Ал...қызым, сен жыламаған шығарсың деп үміттенемін?
      – Жоқ, анашым, олар маған жете алмады.
Мәтінді жасыру
14-23
      – Сіздің тәбетіңіз қалай?
      – Бірде бар, бірде жоқ.
      – Қашан жоқ болады сонда?
      – Әбден тамаққа тойған кезімде жоқ болады да.
Мәтінді жасыру
14-24   🌞
      Бойжеткен құрбысына шағымданады:
      – Білесің бе, мен өз жігітіммен кездескенде, ол маған әрқашан солған гүлдерді сыйлайды!
      – Ал сен кездесуге дер кезінде барып көрсеңші!
Мәтінді жасыру
14-25
      Бойжеткен дүкенде күйеу жігітіне сыйлық таңдап жүр. Не аларын білмегендіктен қиналады. Сатушы сұрақ қояды:
      – Ол мамандығы бойынша кім?
      – Жазушы.
      – Онда қоқысқа арналған кәрзеңке сыйлаңыз.
Мәтінді жасыру
14-26
      – Естіппең, Иванды жауып тастапты!
      – Ал маған оның әйелі ол ағасына кетті деп айтып еді. Алдағаны ма сонда?
      – Жоқ әә... Оның ағасының отырғанына үш жыл болды…
Мәтінді жасыру
14-27
      Темекі шегу әйелдің дауысына әсер етпейді деп кім айтты? Әйелің қасыңда болғанда диванда отырып алып темекінің күлін кілемге тастап көр!
Мәтінді жасыру
14-28
      Мұғалім апай - Вовочкаға:
      – Сенің шығармаңда бір де бір қате жоқ. Әкеңе біреу көмектесті ме?
Мәтінді жасыру
14-29
      Әйелі - күйеуіне:
      – Егер мен басқаға кетсем сен өкінер ме едің?
      – Неге мен басқа еркекті аяуым керек?
Мәтінді жасыру
14-30
      Әйелі күйеуінен сұрауда:
      – Қымбаттым, саған туған күніңе не сыйлайын?
      – Бір минут үнсіздікті.
Мәтінді жасыру
14-31
      Әйелі көлік айдап серуендегеннен кейін абыржулы күйде қайтіп келеді:
      – Білесің бе, - дейді ол өзінің күйеуіне, - мен бүгін өзімнің ең жақын құрбымды кездестірдім...
      – Бұл сенің шаруаң, - деп жауап қатты күйеуі.
      – Бұл мені қызықтырмайды.
      – Қызықтырмаса қызықтырмасын. Бірақ екі көлікті де темір-терсекке тапсыру керек.
Мәтінді жасыру
14-32
      Әйелі күйеуіне айтыпты:
      – Біздің қалай тұратынымызға қарашы, мен ұяламын. Шешем пәтер ақыны төлейді, апам киім алып береді, сіңілім азық-түлікке ақша жібереді. Біз бұдан да жақсы тұра алатын едік қой.
      – Дұрыс айтасың, - дейді күйеуі, - бірақ сенің сараң ағаларыңды қалай қимылдатамыз?
Мәтінді жасыру
14-33
      Әйелі - офицер-күйеуіне:
      – Коля, бірдеңе айтшы...
      – Түзел! Тік тұр!
      – Ондай емес, Коля. Сен жылы, жұмсақ айтылатын бірдеңе айтшы...
      – Еркін тұр!
Мәтінді жасыру
14-34
      Балгер жас әйелдің тағдырын айтып беріп жатыр:
      – Жақында, сен асылым әдемі қара шашты біреумен танысасың - және бұл сенің бірінші некең өте бақытты болады...
      – Шын ба? Ал сіз онда маған бұған менің қазіргі сары шашты күйеуім не дейтінін айтып бере алмас па екенсіз?
Мәтінді жасыру
14-35
      Есіктің қоңырауы шырылдайды. Үй иесі ашыпты.
      – Сізде ваннада құбыр жарылған жоқ па?
      – Жоқ.
      – Қалай сонда жоқ? Бұл Петровтардың пәтері ме?
      – Петровтар екі ай бұрын көшіп кеткен.
      – Қандай адамдар өзі! Жөндеуге адамды шақырады да өздері кетіп қалады!
Мәтінді жасыру
14-36
      Мерекелік дастарқан. Мереке иесі дастарқанның ортасына қара уылдырық салынған шағын сауытты әкеліп қойды. Қонақтардың бірі бірден сауытты алдына алып, ас қасықпен қара уылдырықты тапай бастады. Үй қожайыны оның қасына жақындап келіп сыбырлап айтыпты:
      – Достым, бұл сізге ботқа емес қой!
      – О не дегеніңіз, салыстыруға да болмайды!
Мәтінді жасыру
14-37   🌞
      Склерозды емдеу мүмкін емес, бірақ ол туралы ұмыта салуға болады!!!
Мәтінді жасыру
14-38
      Аспаздық рецепт «Ағылшын үлгіcіндегі ет»: қонаққа келу, сосын етті алып қоштаспай кетіп қалу.
Мәтінді жасыру
14-39
      Психиатриялық ауруханаға қоңырау түсіпті:
      – Қарап жіберіңізші, өтініш, 18 палатада біреу бар ма екен?
      – Ешкім жоқ, не болып қалды?
      – Ә-ә-ә, демек мен ақыры қашып кете алғанмын ғой!
Мәтінді жасыру
14-40
      – Коля, Коля деймін, қане жүз граммнан тартып жібермедік пе?
      – Жоқ, мен іше алмаймын... Менің ішпеуіме үш себеп бар: біріншіден, мен қойдым, екіншіден, мен көлікпен жүрмін, ал үшіншіден, мен жаңа ғана үш жүз грамм алып қойғам...
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульмира Ажмаганбетова, Nurdaulet Aspenov
Корректор: Азамат Биназаров


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 13 Вернуться к началу Выпуск 15  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга