Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 31

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

31-1
      Екі әже үшіншісіне қонаққа келді. Ол оларға шай берді. Біраз уақыт өткен соң, басына: «Шай бердім бе? Жоқ па?» деген ой келіп, қиналады. Қысқасы ұмытып қалды. Тағы да шай жасап берді. Осылай он рет қайталанды. Кейін әлгі екі әже үйлеріне кетті. Құрбысының үйінен шығып, біреуі екіншісіне:
      – Өзі қонақжай емес екен. Тіпті шай де бермеді.
      Екіншісі:
      – Үйде болса, берер ме еді.
Мәтінді жасыру
31-2
      Жігіт өрт сөндіру бөліміне жұмысқа тұрды. Бір айдан соң досын кезіктірді, досы одан:
      – Иә, өрт сөндіруде жұмыс істеу қалай екен?
      – Сен білемісің, жаман емес. Жалақысы тәп-тәуір, уақытында беріп тұрады, азық, нысанды киім... Тағы да жақсы жігіттер жиылған, шашки, домино ойнаймыз... Бірақ өрт басталғанда, не болса да жұмыстан шыққың келеді!!!
Мәтінді жасыру
31-3
      Екі ер азамат кафеде сөйлесіп отыр.
      – Білесің бе, ата-анамның мойнында отырғаннан жалығып кеттім.
      – Жұмысқа орналасасың ба?
      – Жоға, біраз әжемнің үйінде тұра тұрам.
Мәтінді жасыру
31-4
      Кішкентай Вася анасының үстелінде тұрған опаға қолы жетті. Мұны көрген жеті жастағы Катя одан опаны тартып алды.
      – Бер!, - айқайлады Вася.
      – Бермеймін! - кішкентай қарындасы нық айтты. - Бұл әйелдерге арналған! Ал ер азаматтар беттерін жуу керек!
Мәтінді жасыру
31-5
      Науқас дәрігердің кабинетіне кірді. Табалдырықта шалынып, құлап, қолын, аяғын сындырып, басын жарып, бірақ үстелге қарай еңбектеп келіп, басын үстелге қойып, сөйлейді:
      – Дәрігер, мен тек сұрағым...
Мәтінді жасыру
31-6
      МЖҚИ инспекторы қонақта есіне алып отыр:
      – Менің бала кезімдегі арманым – сенбейсіз! – қарақшы болу!
      – Бірақ сіздің жолыңыз болыпты! – дейді отырғандардың бірі. – Балалық армандар өте сирек орындалады!
Мәтінді жасыру
31-7
      Бір қыз бала құрбысынан:
      – Сенің әпкең тұрмысқа шығайын деп жатқан жігіт ауқатты ма? – деп сұрайды.
      – Жоқ, ол өте кедей.
      – Сен қайдан білесің?
      – Әкем үнемі: «Бейшара жігіт! Бейшара жігіт!» деп қайталай береді.
Мәтінді жасыру
31-8   🌞
      Бір толық емделуші профессордан:
      – Дәрігер, айтыңызшы, арықтау үшін қандай жаттығулар тиімді?
      – Мен сізге басыңызды оңнан солға, солдан оңға бұру жаттығуларын жасауға кеңес беремін.
      – Қанша жиі жасау керек?
      – Әрдайым сізге тамақ ұсынған кезде.
Мәтінді жасыру
31-9   🌞
      Күйеуі мен әйелі аулаға кіріп келді. Әйелі:
      – Тауықтың көңіл күйі жоқ, одан сорпа жасайық.
      – Содан оның көңіл күйі көтеріле ме?
Мәтінді жасыру
31-10
      – Менің әйелімнің есте сақтау қабілеті жаман.
      – Не есіңде мүлдем ештеңе қалмай ма?
      – Жоқ, оның есінде бәрі қалады.
Мәтінді жасыру
31-11
      Қарызға алғаннан кейін ғана, адамдарға қаншалықты қажет екенінді түсінесің.
Мәтінді жасыру
31-12   🌞
      – Мен сізді бір жерден көрген сияқтымын.
      – Иә, мен сол жерде жиі боламын...
Мәтінді жасыру
31-13
      Балгер келушіге:
      – Жақында сізді үлкен айырылу күтіп тұр. Мүмкін, ол сіздің күйеуіңіз болар.
      – Мен екі жылдай жесірмін.
      – Онда - қолшатыр.
Мәтінді жасыру
31-14
      – Жұбайыңыз өзін қалай сезінуде?
      – Рахмет, өте жақсы, бірақ ол ауруханадан жақында маңда шықпайды деп ойлаймын.
      – Сіз емдеуші дәрігермен сөйлестіңіз бе?
      – Жоқ, бірақ мен оған күтім жасап жатқан медбикені көрдім.
Мәтінді жасыру
31-15
      Арықтауға бел шештім, ата-анамнан қолдау көрсетуді өтіндім... Үйге келсем, мұздатқышта жазба жапсырулы тұр: «Семіз қыз – отбасын масқара етеді!»
Мәтінді жасыру
31-16
      – Дәріханаға бардым, бағаларды көрдім, өліп қалған арзан екенін түсіндім.
      – Онда бар да жерлеу қызметінің бағаларын көр.
Мәтінді жасыру
31-17
      Бала әкесі туралы шығарма жазуда: «Менің әкем – ең күшті және ержүрек! Ол ең жалпақ өзенді жүзіп өте алады, кез-келген жыртқышпен, қарақшылармен айқаста жеңіске жете алады! Менің әкемнің қолынан бәрі келеді! Өкініштісі оған жиі ыдыс, кір жууға және қоқыс төгуге тура келеді».
Мәтінді жасыру
31-18
      Травматологиялық бөлімде екі науқас әңгімелесіп отыр:
      – Қай жерде осынша жараланғансың?
      – Гаражға барып соғылдым.
      – Көлігің күл талқан болған шығар?
      – Жоқ, мен жаяу қайтып келе жатқанмын...
Мәтінді жасыру
31-19
      Бір еркек психиатрдың қабылдауына келеді:
      – Қағаз бойынша мен сіздің кім екеніңізді білемін, дейді дәрігер. – Бірақ, мен сізден өз өміріңіз туралы бастан аяқ ашық айтып беруіңізді өтінемін.
      Ерке бір қақырынып алып:
      – Былай, мен әуелі Аспан мен Жерді жараттым...
Мәтінді жасыру
31-20
      – Менің естуімше, сен ажырасуға жиналып жүрсің. Мүмкін, ойланарсың? Әйеліңмен сонша жыл бірге тұрдыңдар ғой.
      – Түсінемісің, мен ажырасу туралы ойлаған да жоқпын, бірақ әйелім басқаны сүйетінін айтты, ал оған - көрнектірек.
      – Сонымен, сенің қалаулың кім?
      – Білмеймін, әйелім әлі шешкен жоқ.
Мәтінді жасыру
31-21
      Жұбайлар айырылысуға арыз береді. Сот сұрайды:
      – Сіз бен сіздің әйеліңіздің арасында қашан кикілжің басталды? Көп болды ма?
      – 1974 жылдың 13 сәуірінен.
      – Көп болыпты... Бірақ бір факт таңғалдырады, ол сол күнді есте жақсы сақтағандығыңыз! Ол туралы не айта аласыз?
      – Қалайша есте сақтамасқа! Ол біздің үйленген күніміз болатын!
Мәтінді жасыру
31-22
      Аялдау кезінде аңшылар әйелдері туралы әңгіме қозғайды.
      – Менікі – бұғы сияқты, - дейді біреуі, - сымбатты, нәзік, оның көздері үлкен.
      – Ал менікі - айлакер, жәдігөй, бірақ шапшаң және сыпылдақ. Аумаған түлкі.
      – Не айтсам екен, - дейді үшіншісі, - менікінің сырт пішіні адамға ұқсас...
Мәтінді жасыру
31-23
      Күйеуі асүйге кіреді:
      – Абайла! Қатты қуырып жіберме! Тұздауға ұмытпа! Ащы болмасын! Бұрыш сал! Бұрышы көп болмасын! Май қос! Аудар! Күйдіріп жіберме!
      Әйелі таңғалып оған қарайды:
      – Саған не болған?
      – Енді сен түсінесің бе, сен машинада қасымда отырғанда мен өзімді қалай сезін етімді!
Мәтінді жасыру
31-24
      Бір еркек барменнен сұрайды:
      – Коктейльге не кіреді?
      – Қант, сүт және ром.
      – Дәмі қандай болады?
      – Өте жақсы! Қант – бұл орасан күш, сүт – қуат ұшқыны!
      – Ал ром ше?
      – Ал ром? Ром – ол сол орасан күш пен қуат ұшқынын қолданатын ойлар!
Мәтінді жасыру
31-25
      – Мама, бүгін мектеп директоры менен аға қарындастарың бар ма деп сұрады, мен жоқ – отбасында жалғыз баламын, - дедім.
      – Ол не деп жауап берді?
      – Ол: «Құдайға шүкір!» - деді.
Мәтінді жасыру
31-26
      Альбина, үш жарым жаста, атасынан сұрапты:
      – Ата, сені кім туды?
      – Гм... Мама.
      Альбина (таңданып):
      – Осындай үлкен және мұртты қып па?
Мәтінді жасыру
31-27
      Үйленгендер ұзақ өмір сүреді деген өтірік. Бұл оларға солай көрінеді...
Мәтінді жасыру
31-28
      – Әке, мен ержеткенде, не болса, соны жасауыма бола ма?
      – Жоқ, ұлым. Ол кезде сен үйленесің...
Мәтінді жасыру
31-29
      – Папа, қарашы, мен құстың ұясын қалай істедім!
      – Жарайсың, ұлым! Құсы кіретін тесік қайда?
      – Қажеті қанша? Құс ішінде...
Мәтінді жасыру
31-30
      – Анашым, маған Глеб сен қандай керемет бойжеткенсің деді. Оны қонаққа шақырайын ба?
      – Не үшін?! Әрі қарай солай ойлай берсін.
Мәтінді жасыру
31-31
      Ұлы әкесінен сұрайды:
      – Папа, тас дәуірінде бәрі тастан жасалғаны рас па?
      – Рас, ұлым, рас.
      – Тіпті компьютерлер де ме?
Мәтінді жасыру
31-32
      – Саған танысың хабарласуда, - дейді әйеліне күйеуі.
      – Ол не деді?
      – Бар есеп-қисап жасауға жабылғандықтан балық аулауға бара алмаймыз.
Мәтінді жасыру
31-33
      – Өкіл шеше, бақшаға неге қолдан жасалған қарауыл қоймайсыз?
      – Не үшін? Мен онсыз да күнімен бақшадамын!
Мәтінді жасыру
31-34
      Ханым суретшіден:
      – Менің портретім шынымен ғажап бола ма?
      – Әрине. Сіз тіпті өзіңізді танымай да қаласыз.
Мәтінді жасыру
31-35
      «Қайда жұмыс істейсің?» сұрағына «Қазір мен жұмыста жоқпын» дегенше «Мен жұмыссыз жүре тұруыма болатын шығар» деп жауап берсеңіз, сіз жұмыссыз емес бейбақсыз, салауатты адамсыз болып көрінесіз.
Мәтінді жасыру
31-36
      Енесі велосипедтің қасында жүр, күйеу баласы терезеден айғайлады:
      – Мама, сіз қайда барайын деп жатырсыз?
      – Зиратқа.
      – Жақсы, ал велосипедті кім қайта алып келеді?
Мәтінді жасыру
31-37
      Ер адам бос шөлмектерді ұстап келеді. Ол өз досын кездестіреді. Досы:
      – Сен не, шыныларды тапсыруға бара жатсың ба?
      – Жоқ, әйеліммен ренжісіп қалдым. Әйелім: «Заттарыңды жина да кет!» - деді.
Мәтінді жасыру
31-38
      Сотта:
      – Сіз неге сағатты ұрлап кеттіңіз?
      – Мен оны ұрлаған жоқ. Мен оны жәй уақытты білейін деп алғам, бірақ ол жерде қараңғы болған соң қолшамға бардым, сосын қайтып келсем иесі кетіп қалыпты.
Мәтінді жасыру
31-39
      Миша төрт жыл қатарынан өте ерте тұрып жүрді. Анасы одан:
      – Ұлым, неге сонша ерте тұрдың?
      – Қой, түс көруді қойдым...
Мәтінді жасыру
31-40
      – Миссис Франклин, сіз шаңсорғышыңызды бере тұрасыз ба?
      – Кешірерсіз, күйеуім үйден заттарды шығаруға үзілді - кесілді тыйым салды. Егер қаласаңыз, оны осы үйде қолдануыңызға болады.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гаухар Назымбекова, Гульмира Ажмаганбетова, Гульнар Абдраимова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 30 Вернуться к началу Выпуск 32  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга