Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 36

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

36-1
      Чукча жолмен келе жатыр, қараса – қараса айна жатыр. Көтерді де оған қарады: «О, менікі!»
Мәтінді жасыру
36-2
      – Қызық, сіздің қызыңыз анасына ұқсай ма?
      – Мен қайдан білейін? Ол әлі сөйлеуді бастаған жоқ.
Мәтінді жасыру
36-3
      – Сіздерді биыл Сочиге бармайды дейді ме?
      – Жоқ, бұл жылы біз Ялтаға бармаймыз. Сочиге өткен жылы (былтыр) бармадық.
Мәтінді жасыру
36-4
      Бүгін ата - аналар жиналысына бардым, ұлымның тілегі ұнады: «Әке, ең бастысы онда ешкімнің сөзіне сенбе!»
Мәтінді жасыру
36-5
      Білесіз бе, адам ықылық атып тұрса, оны қорқыту керек. Ол ықылық атуды қояды. Ол кекештенетін болады.
Мәтінді жасыру
36-6
      Бүкіл партиялар үкімет басына тұруға тырысады, халықты осындай жолмен тонау әдістері әділетті деп санайды.
Мәтінді жасыру
36-7
      Ер адам мейрамханада даяшыға:
      – Естимісің, тұз әкел!
      – Сізге қандайы?
      – Не, тұз да әртүрлі бола ма?
      – Иә, бар «бұл не пәле» , «қарай гөр, ә».
      – Жақсы. Екеуін де әкел, айырып көрерміз.
      Даяшы екі тұз салғышты әкелді. Ер адам бірін алып төңкеріп сілкіді... одан бірде бір тұз қиыршығы түспейді. Ер адам:
      – Бұл не пәле!
      Екіншісін алады, төңкереді, сол кезде қақпағы ашылып кетіп барлық тұз тәрелкеге түседі. Ер адам:
      – Өй қарай гөр өзін...
Мәтінді жасыру
36-8
      Сұрақ жауап түрінде тест емтиханы жүріп жатыр, оған «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек. Студенттердің бірі тиынды лақтырып және нәтижелерін жазып жатыр. Оқытушы: «Енді, бұл бірінші болып бітірер» - деп, ойлады.
      Емтихан аяқталды, қалған студенттер жазып болып қайтты, ал ол болса, тиынды лақтырып әлі отыр. Оқытушы әбден жалығып, қасына келіп:
      – Не, барлық сұрақтарға жауап бердің бе? - деп, сұрайды.
      – Иә.
      – Онда несіне отырсың?
      – Тексеріп отырмын.
Мәтінді жасыру
36-9
      – Ольга, пәтерің неге таза емес?
      – Мені күйем қорғайды, ештеңе істеуге мұрсат бермейді.
      – Онда өзі неге істемейді?
      – Себебі мен оны қорғаймын.
Мәтінді жасыру
36-10
      Сот жүріп жатыр. Прокурор - сотталушыға:
      – Сіздің арыңыз соншалық қара, сақалыңыз секілді.
      Сотталушы:
      – Егер сақалға қарап төрешілік етсеңіз - сізде ол да жоқ қой!
Мәтінді жасыру
36-11
      Жас әйел күйеуіне:
      – Біз енді үйленгендіктен, сен гольф ойнауды қойғаның жақсы болар. Өзің ойлап қарашы - егер сен сырғытпа таяқтарыңды сатсаң, біз жаңа жиһаз алуымызға мүмкіндік туады.
      – Сен менің бұрынғы әйелім секілді айтасың ғой.
      – Бұрынғы?! Сен маған дейін басқаға үйленгеніңді айтпадың ғой!
      – Бұған дейін болған емес.
Мәтінді жасыру
36-12
      Әже мен ата жастық кездерін еске түсірмекші. Ата әжені кездесуге шақырады. Ата шығындалып, гүл сатып алады да, уағдаласқан орынға келеді. Тосып тұр. Екі сағат өтті, әжей келген жоқ. Үш сағат. Төрт... Ата ашуға булығып үйге оралса, әжей шай ішіп отыр.
      – Кемпірім-ау, неге келмедің?
      – Мені анам жіберген жоқ.
Мәтінді жасыру
36-13
      – Маринка, мен ешқашанда тұрмысқа шықпайтын шығармын...
      – Иә, жооооқ, біреу-міреу кездесіп қалар!
Мәтінді жасыру
36-14
      Реалист - ол дегеніміз, стақан жартылай толы ма немесе жартылай бос па оған бәрі бір. Оған маңыздысы, стақанда не бары.
Мәтінді жасыру
36-15
      – Аға, сіздің үйленгеніңізге көп болды ма?
      – Әйелім он бес жыл дейді, өзіме елу жыл сияқты!
Мәтінді жасыру
36-16
      – Өмір қандай бір қалыпты болып кетті!
      – Неге?
      – Қалтамда кеше де ақша болмап еді, бүгін де.
Мәтінді жасыру
36-17
      Менің тілек армандарымның орындалуын қалайтын адамдарға, мен әрқашанда сенімсіздікпен қарайтынмын. Олар оны кешірмейді ғой!
Мәтінді жасыру
36-18
      – Түні бойы көз ілмедім: сен қорылдадың, ал ит болса үріп, аузын жаппады...
      – Сенің қалағанын не? Сонда мен үріп, ит қорылдауы керек пе?!
Мәтінді жасыру
36-19
      – Сіздің үлкен әйнегіңізді кім сындырды?
      – Ол менің күйеуім, бақытсыз қорқақ!
      – Ол неге сонша жуас?
      – Мен оған вазаны лақтырған кезде, ол бүгіле қалды.
Мәтінді жасыру
36-20
      Әйел сауалнама толтырып отыр. Кезекті графада: «Сіз қандай физикалық жаттығулармен айналысасыз?» «Ешқандай» - деп толтырды әйел. Келесі сұрақ: «Қаншалықты жиі?» Әйел ойланбастан: «Күнде».
Мәтінді жасыру
36-21
      Әйелі күйеуіне:
      – Менің білгім келетіні, ертең менің шашым ағарғанда, сен мені жақсы көресің бе?
      – Мм... Мен сенің шаштарың қара, ақ, күлгін түсті болғанда, тастап кеттім бе?..
Мәтінді жасыру
36-22
      Жігіт үйленуге бел байлады. Ол өзінің үйленген досынан, қалай өмір сүріп жатқандарын сұрады.
      – Біз танысқан кезімізде, мен көп сөйлейтінмін, ал ол тек тыңдап отыратын. Ал енді екеуіміздің сөйлесетініміз соншалық, тіпті көршілеріміз есік сыртынан тың тыңдауға жүгіреді...
Мәтінді жасыру
36-23
      – Сіз отбасылық өміріңізде бақыттысыз ба?
      – Иә! Біз бір-бірімізді сүйетініміз соншалық, үшінші рет айырылысуды кейінге қалдырдық.
Мәтінді жасыру
36-24
      – Менің күйеуім ақшаның қайда кетіп жатқанын білмесе, ылғи да ренжиді.
      – Онда сен оған айт...
      – Егер мен оған айтсам, ол мүлде бұлқан-талқан болады!
Мәтінді жасыру
36-25
      Сот төрағасы сотталушыдан:
      – Мас күйіңізде театрға кірмекші болғаныңызды мойындайсыз ба?
      – Мойындаймын, сау кезімде ондай ой басыма келмеуші еді...
Мәтінді жасыру
36-26
      Күйеуі кроссворд шешіп отыр.
      – Тыңдашы, - деп ол әйеліне, - алты әріптен тұратын, әрі жойылып кеткен, құсты білесің бе?
      – Ол біздің шымшық қой, оны мысық өткен аптада жеп қойды.
Мәтінді жасыру
36-27
      Гольдберг ұстамадан кафеде қайтыс болды. Оның танысы оның әйеліне бұл хабарды жайлап жеткізбекші болады. Гольдберг ханымға келіп:
      – Қайырлы күн! Мен кафеден келдім.
      – Күйеуім сонда шығар?
      – Сонда.
      – Карта ойнап отырған шығар?
      – Дұрыс айтасыз.
      – Жеңіліп жатыр ма?
      – Иә.
      – Ұстамасы ұстап қалса екен!
      – Ұстады.
Мәтінді жасыру
36-28
      Үйде жаңа бала күтуші. Кешкісін театрға жиналып жатып, үй есі бала күтушісіне тапсырмалар беріп жатыр:
      – Ит тамағын жеп болған соң, суын бер. Егер буфеттің есігін тырмаласа, кептірілген нан бер, ал егер тоңазытқыштың жанына отырса, онда ол салқын сүт ішкісі келетінін білдіреді, ал өз төсемшесіне жатқан кезде, абайлап көрпесін жауып қою керек.
      – Балалар туралы не айтасыз? Нешеде ұйқыға жатқызу керек?
      – Балалар? - деп таңырқайды анасы. - Оларды ұйықтатудың қажеті қанша? Телевизиялық бағдарлама біткен кезде, олар өздері-ақ ұйқыға жатады.
Мәтінді жасыру
36-29
      Әйелі күйеуіне ашу үстінде:
      – Оданда сайтанға күйеуге шығуым керек еді!
      – О не дегенің қымбаттым! Қандас туыстар арасындағы некеге тиым салынған!
Мәтінді жасыру
36-30
      – 10 жыл отбасылық өмірімізде, біз күйеуім екеуіміз бір-ақ рет бірге бір жерге бардық.
      – Театрға бардыңыздар ма?
      – Жоқ, өрт болды.
Мәтінді жасыру
36-31
      Ажырасу бойынша іс жүріп жатыр. Сот күйеуден:
      – Неліктен ажырасуға шешім қабылдадыңыз?
      – Білесіз бе, ол адамды мезі етіп жібереді...
      – Ол қалай? Толығырақ айтсаңыз.
      – Онда елестетіп көріңіз. Сіз оянып терезе алдына жақындайсыз: ойпырмай, не деген тамаша күн! Далада - бірінші мамырға арналған қойылым. сіздің көңіл-күйіңіз тамаша. А ол болса арттан келіп: «Шыршаны лақтыр, шыршаны лақтыр».
Мәтінді жасыру
36-32
      Отбасылық қарым-қатынастар бойынша маманға, күйеуі шағымданып отыр:
      – Ол барлық істері мен қимылдарын қойын дәптеріне жазып қояды.
      – Онда тұрған не бар? Барлық әйелдер солай істейді. бұның ешқандай ерекшелігі жоқ.
      – Иә, бірақ менің әйелім оны бір апта алдын ала жазады.
Мәтінді жасыру
36-33
      Демалыстан келген еңбекқор жұмысшы мақтанып:
      – Керемет демалдым!
      – Теңізге барған шығарсын?- деп қызметтестері сұрап жатыр. - Күннің астында рақаттанып жатқан шығарсын.
      – Жоқ теңізге әйелім мен енем барды, ал мен үйде демалдым.
Мәтінді жасыру
36-34
      – Сара, кеше мені ұрып тастамақшы болды!
      – Оны қайдан білесің?
      – Өйткені ұрды.
      – Онда неге ұрғылары келді деп айтасың?
      – Егер қаламаса, ұрушы ме еді?
Мәтінді жасыру
36-35
      Баланы қалай ұйықтатса да, ол ұйықтамады. Әйелі күйеуіне:
      – Мүмкін, мен оған ән салып беремін?
      – Неге бірден ән айту! Алдымен жақсы амалдарыңды қолданып көрсеңші.
Мәтінді жасыру
36-36
      – Қазіргі жастар біртүрлі киінеді. Мысалы, мына жігіт.
      – Ол менің қызым.
      – Кешіріңіз, мен сіздің оның әкесі екеніңізді білмедім.
      – Мен әкесі емеспін, анасымын.
Мәтінді жасыру
36-37
      Ұзақ уақыт көріспеген екі егде жастағы әйелдер кездесті. Біреуі:
      – Кезінде қандай сұлу болып едік, әсіресе мен...
      Екіншісі:
      – Ендігі түрімізден сол ажарымыз кетіп, ұсқынсыз болып қалдық, әсіресе сен.
Мәтінді жасыру
36-38
      Жесір әйел тұрмысқа шықты. Күйеуі оған ескерту жасады:
      – Сен алғашқы күйеуіңді тым көп мақтай беретініңді аңғармайсың ба?
      – Қымбаттым, егер сен өмірден бірінші қайтсаң, мен сен туралы да осыны айтар едім.
Мәтінді жасыру
36-39   🌞
      – Менің естуімше, сіздің көршілеріңіздің махаббаты көгершіндердікіндей.
      – Иә, бірде әйелі терезеден ұшып шығады, бірде күйеуі...
Мәтінді жасыру
36-40
      – Сіздің қызыңыз менің жұбайым болуға келісті.
      – Өздеріңіз кінәлісіздер. Әрбір кешкілік сайын бізге келмеулеріңіз керек еді!
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульнар Абдраимова, Алтынгуль Кептербаева, Гульмира Ажмаганбетова, Сауле Ибраева



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 35 Вернуться к началу Выпуск 37  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга