Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 34

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

34-1
      – Айыпталушы, ұрлық жасағаңызды мойындайсыз ба?
      – Мойындамаймын.
      – Ұрлық жасамағаңызды дәлелдейтін айғақтарыңыз бар ма?
      – Бұл не?
      – Ұрлық жасалған кезде сізді көрген біреу бар ма?
      – Құдайға шүкір, ешкім!
Мәтінді жасыру
34-2
      – Смиттің жолы болғыш! Осыдан екі жыл бұрын, ол өмірін жазатайым оқиғалардан сақтандыру қауіпсіздігін жасады, дәл сол мезетте аяғын сындырып алды. Бұдан бір жыл бұрын ол үйін өрттен сақтандыру қауіпсіздігін жасады, сол мезетте үйі жұрнағы қалмай өртеніп кетті. Алдыңғы күні ол өз өмірін сақтандыру қауіпсіздігін жасады, қараңыз - кеше өмірден озды!
Мәтінді жасыру
34-3
      Полиция қызметкері жаңа ғана апаны қағып кеткен жүргізушіні тоқтады.
      – Сіздің жолыңызда тұрғанын көріп, неге дауыс белгісін баспадыңыз?
      – Шошытып алам ба деп қорықтым.
Мәтінді жасыру
34-4
      Қонақ үйдің алдына көлік тоқтайды. Жүргізуші есік алдына келіп, есік алдында тұрған мейманнан:
      – Қалай ойлайсыз, мұнда ұйқыны қандыруға бола ма?
      – Менің ойымша, иә. Есікті қағып тұрғаныма жарты сағат болды. Ешкім оянар емес.
Мәтінді жасыру
34-5
      Екі кедей отыр. Біреуінде «Соғыс мүгедегіне садақа беріңіздерші». Екіншісінде «Бейшара еврейге садақа беріңіздерші». Барлығы тиындарын мүгедекке береді, ал еврейге - ешкім. Өтіп бара жатқандардың біреуі еврейге:
      – Жазуыңызды өзгертіңіз, сонда ісіңіз алға басады!
      Еврей мүгедекке бұрылып:
      – Хаим, естідің бе? Бізді ақша табуға үйретіп жатыр?
Мәтінді жасыру
34-6
      Ауруханада өрт. Өрт сөндірушілер, өрт сөндірген соң бас дәрігерге баяндады:
      – Өрт сөндірілді. Жер төледен үш зардап шеккендерді таптық. Екеуіне жәрдем көрсетілді, ал үшіншісін - сақтап қала алмадық.
      Дәрігер қатты есінен танып қалды. Нашатырдың көмегімен оның есін жиғызды.
      – Жiгiттер! Біздің жер төледе мәйітхана болған!
Мәтінді жасыру
34-7
      – Айтыңызшы, сіз шылым шегесіз бе?
      – Жоқ.
      – Өкінішті. Мен сізге тастаңыз деп айтушы едім, сонда сіз жеңілдеп қалар едіңіз.
Мәтінді жасыру
34-8
      Отыз бірінші желтоқсан. Бала қоңырау шалып:
      – Алло, «жедел жәрдем»? Тезірек келіңіздер! Біздің әкеміз есінен ауысты. Қызыл халат пен пима киіп алып, елдің бәріне аяз атамын деп айтып жүр.
Мәтінді жасыру
34-9
      Енесі қонаққа келді. Қиналған күйеу баласы баласына:
      – Есіңде ме, өткен жылы барабан, ал оның алдында керней қалап едің? Ертең біз екеуіңде аламыз!
Мәтінді жасыру
34-10
      – Мен не көріп тұрмын? Сен үйленсең де, пальтоңның түймесің өзің тігіп жатырсың ба?
      – Қателесесің, бұл әйелімнің пальтосы.
Мәтінді жасыру
34-11
      Сағат түнгі үш. Телефон қоңырауы:
      – Алло! Сіз ұйықтап жатқан боларсыз?
      – Әрине, ұйықтап жатқам!
      – Онда кешіріңіз, таңертең қоңырау шалам.
Мәтінді жасыру
34-12
      – Кешкі асқа не жейміз?
      – Қабықтағы картоп.
      – Бірақ бүгін мейрам ғой.
      – Онда салтанатты қабығы.
Мәтінді жасыру
34-13
      – Бұл қойылымның соңы жақсы ма?
      – Иә, қойылымның біткеніне бәрі қуанышты болды.
Мәтінді жасыру
34-14
      – Сен тромбонда ойнауды неге қойдың?
      – Мен кездейсоқ көршімнің мылтық сатып алғанын білдім...
Мәтінді жасыру
34-15
      Чукча Мәскеуде әйелің жоғалтып алды. Милицияға келіп, әйелің табуға көмектесуің сұрады.
      – Қандай ол? - деп кезекші сұрайды,- ерекше белгілерін сипаттап бер.
      – Қандай белгілер?
      – Міне қара, - деп кезекші түсіндіре бастайды,- менің әйелім- сымбатты, ұзын, көк көзді.
      – Менікі- кәрі, қисық аяқты,- дейді чукча,- оданда сенікін іздейік.
Мәтінді жасыру
34-16
      Ұлы ата - анасымен ұрысып:
      – Үнемі сендермен бірге болу, уақытында келу мені әбден жалықтырды! Мен қиялдауды, еркіндікті, сыраны, қыздарды ұнатамын! Мен кетемін, мені тоқтатуға тырыспаңдар!
      Ұлы батылданып есікке қарай бет алды. Есік алдында оны әкесі қуып жетті.
      – Әке, мен айттым ғой: мені тоқтатуға тырыспаңдар!
      – Мен сені тоқтатпаймын, ұлым. Мен сенімен біргемін!
Мәтінді жасыру
34-17
      Кәсіпкер әйеліне:
      – Қымбаттым, егер мен бүліншілікке ұшырасам, сен мені бұрынғыдай сүйесің бе?
      – Әрине, бірақ екеуіміз анағұрлым сирек кездесетін боламыз.
Мәтінді жасыру
34-18
      Теңізбен саяхат жасау кезінде, бір зиялы әйел кеме капитанының жеңін ашулана тартып:
      – Капитан, айтыңызшы, сіздердің кемелеріңіз жиі бата ма?
      – Жоқ, тек бір рет қана.
Мәтінді жасыру
34-19
      – Соңғы рет сұраймын: қарызымды қашан қайтарасыз?
      – О! Қандай қуаныштымын, ендігәрі бұл ақылсыз сұрақты қоймайтыныңызға!
Мәтінді жасыру
34-20
      Жындыханадан бір топ аурулар қашуға бел буды. Ертеңіне емделушілердің бірі:
      – Ештеңе шықпайды, шарбақтардың бәрін алып тастапты!
Мәтінді жасыру
34-21
      Воважан:
      – Апа, мектепте бәрі мені өтірікші дей ме!
      – Воважан, сен тіпті мектепке де бармайсың ғой!
Мәтінді жасыру
34-22
      Егер сіздің шалбарыңыз сөгіліп кетсе, ал оны әйеліңіз оны тігіп беруден бас тартса, оны лақтырып тастауға асықпаңыз. Бірнеше уақыттан соң сізде жаңадан басқа әйел пайда болуы мүмкін.
Мәтінді жасыру
34-23
      Наркоз – хирургтің ота жасау кезінде аурудың беретін кеңесінен қорғану құралы.
Мәтінді жасыру
34-24
      – Неге сіз менімен ойнағанда үнемі жеңіске жетесіз?
      – Себебі сіз үнемі жеңіліп қаласыз.
Мәтінді жасыру
34-25
      – Сіз тек тыңдаңызшы, Абрам өзіне парсы кілемін сатып алды!
      – Иә сосын?
      – Енді ол кіре берісте барлығына аяқ киімдерін шешуді талап етуде.
      – Ол енді түсінікті ғой. Кілем парсылық қой.
      – Иә, бірақ ол қабырғада ілулі тұр ғой.
Мәтінді жасыру
34-26
      Бойжеткен саябақта орындықта отыр. Оның жанына жас жігіт келіп отырды. Ол әңгімені неден бастарын білмей, әрең дегенде тіл қатты.
      – Кешіріңіз, сіз пианинода ойнайсыз ба?
      Таңырқаған бойжеткен:
      – Сіз не, әуен естіп тұрсыз ба?
Мәтінді жасыру
34-27
      Темір жол апаты. Мамандарға арналған поезд саясаткерлерімен рельстен шығып кетіпті. Апаттан құтқаруға келгендер, жергілікті тұрғындар олардың барлығын жерлеп үлгергенін білді.
      – Не, олардың барлығы қаза тапты ма?
      – Иә. Рас, кейбірі өздерінің тірі екенін дәлелдегісі келді, бірақ сіздер білесіздер ғой саясаткерлер әрқашан жалған сөйлейтіндерін.
Мәтінді жасыру
34-28
      Ер адам өзіне жаңа пәтердің ұнамайтыны туралы муниципалитетке шағым жазды: оның терезесіне қарама - қарсы әйелдер моншасы орналасқан, оған бәрі көрініп тұрады, сондықтан оның жұмыс жасауына кедергі жасайды. Комиссия келіп, терезеге қарады:
      – Не дейсіз, ештеңе көрінбейді ғой.
      Ер адам:
      – Ал сіз шкафқа шығып көріңіз! - деп жауап береді.
Мәтінді жасыру
34-29   🌞
      – Мен өскенде аула сыпырушы боламын!
      – Неге?
      – Онда мен күнімен көшеде қыдырамын!
Мәтінді жасыру
34-30
      – Ақырында әйтеуір оятқышқа мені оятудың сәті түсті.
      – Қалайша?
      – Әйелім онымен басымнан ұрды.
Мәтінді жасыру
34-31
      – Жақында бір жерден оқыдым, коньякпен ғана емдеп жазылатын ауру бар екен.
      – Ал онда сондай ауруды қалай жұқтыруға болатындығы туралы ештеңе жазылмап па?
Мәтінді жасыру
34-32
      Қайыршы бір толық әйелге жақындап келеді.
      – Ханым, бес күн болды нәр сызған жоқпын.
      – Қызығамын сізге! – деп күрсінеді әйел. – Егерде менің сондай қайрат-жігерім болса ғой.
Мәтінді жасыру
34-33
      – Айыпталушы, жәбірленуші сізді танып тұр. Оның пәтерің сіз тоңапсыз!
      – Ол жалған айтады! Ол қатты ұйықтап жатқандығынан мені көруі мүмкін емес.
Мәтінді жасыру
34-34
      – Меніңше, сенің атаң есінен адасқан!
      – Тіпті де олай емес. Ол сексенге келсе де, оның есте сақтау қабылеті өте жақсы. Ол әрқашан нені, қайда, қашан ұмытқанын есінде сақтайды.
Мәтінді жасыру
34-35
      – Неге сізден күйеуіңіз кереңдіктен емделу үшін шаралар қабылдамайды?
      – Ол, балалар музыка мектебін тамамдағанын күтуде.
Мәтінді жасыру
34-36
      – Білесің бе, - дейді бір құрбысы екіншісіне, - менің күйеуім, есінеп отырып, тағы да жағын шығарып алды.
      – Сен оған бұл жолы не айтып отыр едің?
Мәтінді жасыру
34-37
      – Сіздің ауруыңыздың себебі - ішімдік!
      – Сіз – барлық кінәні маған жаппаған бірінші дәрігерсіз!
Мәтінді жасыру
34-38
      Жылдың ең қысқа күні - 1 қаңтар: оянсаң, терезенің ар жағында қараңғы түсіп келе жатады...
Мәтінді жасыру
34-39
      Балабақшадағы тәрбиеші:
      – Балалар, айтыңдаршы кім ақылды, адамдар ма, әлде жануарлар ма? Әлден уақытта бір қыз бала:
      – Жануарлар ақылды!
      Тәрбиеші жауапқа таңырқап:
      – Сен неге олай деп ойлайсың?
      – Себебі, мен итіммен әңгімелескенде, ол мені жақсы түсінеді, ал ол менімен сөйлескенде мен оны түсінбеймін.
Мәтінді жасыру
34-40
      Сурет өнеріне әуесқой, өз суреттерін сататын суретшімен әңгімелесіп, ең соңында оның бір суретін сатып алмақшы болды. Суретші:
      – Өте жақсы таңдау, мен бұл суретіме 10 жыл уақытымды жұмсадым.
      – Сіз бұл суретті 10 жыл салдыңыз ба? Міне, қызық!
      – Жоқ, мен оны бір күнде салып біттім, ал қалған уақытта оны сатуға тырыстым.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гаухар Назымбекова, Гульнар Абдраимова, Гульмира Ажмаганбетова, Игнатий Гордеев



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 33 Вернуться к началу Выпуск 35  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга