Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 41

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

41-1
      – Айтыңызшы, сотталған Ивановпен көрісе аламын ба?
      – Сіз білесіз бе, ол кеше ғана босап шықты, Бір айдан соң келіңіз...
Мәтінді жасыру
41-2
      – Мен өлең жазамын.
      – Иә, қолыңнан келе ме екен?
      – Жартылай: жазу келеді, өлең - келмейді.
Мәтінді жасыру
41-3
      Екі дос:
      – Нақұрыстардың бәрін жинап, ғарыш кемесіне отырғызып, басқа галактикаға жібергенін қалар ма едің?
      – Жоқ.
      – Мен қалар едім!
      – Егер сен ұшып кетсең, мен кіммен дос боламын?
Мәтінді жасыру
41-4
      Саябақпен жұбайлар жұбы қыдырып жүр.
      Ері:
      – Иә, қымбаттым.
      Зайыбы:
      – Егер, қарғаның қарқылдағанына тағы да: «Иә, қымбаттым» десең, мен сенімен ажырасамын.
Мәтінді жасыру
41-5
      – Қайырлы күн, мен қабылдауға жазылайын деп едім.
      – Кешіріңіз, дәрігер сізді екі аптадан кейін ғана қабылдай алады.
      – Мен оған дейін өліп қалуым да мүмкін ғой!
      – Онда тұрған проблема жоқ. Егер әйеліңіз ол туралы хабарласа, жазылған кезегіңізді басқа біреуге береміз.
Мәтінді жасыру
41-6
      Кішкентай ұл бала анасымен қаладан қайтып келе жатыр. Төбесінде үлкен болып байланған әуе шарлары.
      – Мұның бәрін қайтесің? – деп сұрайды әкесі. – Анаң екеуіміз ақшаны үнемдеу қажет екенін үйреткен жоқпыз ба?
      – Мен оларды жұмсаған жоқпын! Анам бірдеңе сатып алған сайын сатушылар маған тегін шар беріп отырды....
Мәтінді жасыру
41-7
      – Мама, сен неге мен ән айтумен айналысып жатқанда үнемі терезенің алдында тұрасың?
      – Қызым, жұрт мен сені ұрып жатыр деп ойлап қалмасын деймін…
Мәтінді жасыру
41-8
      Таңертең бір еркек өзен жағасында балық аулап отыр. Қасына бір еркек жақындайды:
      – Бүгін су қандай?
      – Тамаша, балық мүлдем одан шыққысы келмейді.
Мәтінді жасыру
41-9
      Президент мырза, қадірлі кабинет министрлері, құрметті мемлекеттік думаның депутаттары, біздің нашар тұратынымызға сіздердің кінәлеріңіз жоқ - бұл толығымен және тұтас сіздердің еңбектеріңіз.
Мәтінді жасыру
41-10
      «Ағылшын тілі ұйқыда» атты курсты сатып алдым. Жыл бойы ұйықтар алдында кассетаны қоямын. Нәтижесі біршама күтпегендей: ағылшын тіліндегі дыбыстардан бірден ұйықтаймын.
Мәтінді жасыру
41-11
      – Қызық, неге дәрігер кабинетте скелет ұстайды?
      – Мүмкін, бұл бірінші емделуші болар...
Мәтінді жасыру
41-12
      Анасы:
      – Петя, мен сенің күнделігіңді көрмей тұрмын?
      – Оны Вася алды, ата-аналарың қорқыту үшін.
Мәтінді жасыру
41-13
      Кеше қызым екеуіміз марғаудың суретін салдық. Таңғысын тура сондай марғауды есіктің сыртынан көрдік. Бүгін Франция теңіз жағалауындағы үйді және «Теңбілшер»-дің суретін саламыз...
Мәтінді жасыру
41-14
      Күйеуі түнге қарай үйіне кешігіп келеді. Күте-күте шаршаған әйелі:
      – Сен қайда болдың? – деп бірден сұрайды.
      – Сен сондай ақылдысың ғой, өзің бірдеңе ойлап тап!
Мәтінді жасыру
41-15
      Күйеуі мен әйелі қонаққа баруға жиналуда.
      Әйелі:
      – Сен білсең ғой, қымбаттым, Ивановтарға менің сонша барғым келмей тұрғанын!
      – Егер біз бармай қалсақ, олар тек қана қуанады деп ойлаймын! – дейді күйеуі.
      – Сенікі дұрыс. Сондықтан бару қажет.
Мәтінді жасыру
41-16
      Жасынан ерте есейген кішкентай Освальд кітапханадан «Балаларды күту және оларды тәрбиелеу» атты кітапты алып келеді.
      – Құдайым-ай, бұл кітаппен не істемекшісің? – дейді таңғалған шешесі.
      – Не істегені несі? – деп жауап береді кішкентай данышпан. – Мені дұрыс тәрбиелеп жатырсыңдар ма, соны білгім келеді.
Мәтінді жасыру
41-17
      Анасы ұлына:
      – Балам, егер сен жақсы бала болсаң, пианинода ойнайсың – мен саған эскимо сатып әперемін.
      – Ал әкем, егер мен ойнамасам екі эскимо сатып әперемін деді.
Мәтінді жасыру
41-18
      – Мына жүргінші - өзін - өзі өлтіруші, - деді күйеуіне рольде отырған жұбайы. - Ол біздің көлігіміздің алдында жүгіріп келе жатқанына жарты сағат болды. Не істейміз?
      – Жаяужолдан шығып, асфальтқа шық!
Мәтінді жасыру
41-19
      Баланың жалқаулығы сондай, көбірек ештеңе істемес үшін, таңертең ерте тұрып жүрді.
Мәтінді жасыру
41-20
      Қақпадағы ең ұтымды жазу: «Абайла! Қабаған ит! Шынжыры - қытайдікі!»
Мәтінді жасыру
41-21
      Мен саған айттым ғой: «5 минуттан соң болам деп!!» Сен неге маған әрбір жарты сағат сайын қоңырау шала бересің???!!!
Мәтінді жасыру
41-22
      Екі жұмыс істеген жақсы! Ақша көп! Бірақ бұл ақша көптіктен емес, оны жұмсайтын уақыт болмағандықтан.
Мәтінді жасыру
41-23
      Әйелі күйеуіне ұлының мінез-құлқына шағымдануда:
      – Оның мінезі сондай қиындап барады. Тек қана ақымақтардың кеңесін тыңдайды. Онымен сөйлес, өтінемін.
Мәтінді жасыру
41-24
      – Алло! Мен тура түстім бе?
      – Жоқ, сіз онда түскен жоқсыз. Сізді керек жеріне сілтеу керек пе?
Мәтінді жасыру
41-25
      – Қымбаттым, мені құттықтауыңа болады. Мен алты рет бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеттім, ал маған мүлдем айыппұл салған жоқ! Сонымен, мен үнемдеген ақшама, біраз ақша қосып керемет көйлек сатып алдым!
Мәтінді жасыру
41-26
      – Асүйге барып мысықтың не істеп жатқанын қарашы.
      – Сен оны тамақтандырдың ба?
      – Жоқ.
      – Онда ол ас пісіріп жатыр.
Мәтінді жасыру
41-27
      Тіс протезінің кабинетіндегі тақтайшада:
      «Алла тісті өмірінде екі рет береді. Ал үшінші ретінде оған төлеуге тура келеді».
Мәтінді жасыру
41-28
      – Гена, сен неге есік алдын бізбен ойнауға шықпайсың?
      – Шыға алмаймын, менің әкем өте қатал. Ол менің үй тапсырмаларымды істегенде, мен оның қасында отыруға тиіспін!
Мәтінді жасыру
41-29
      Кеме түнгі қалың тұманда жүзіп келеді. Капитан өз мінбесінде. Кенет бағыт бойынша - оттар көрінді. Капитан мегафонға:
      – Мен адмирал Джонсонмын! Тез оңға бағыт алыңыз!
      Жауап:
      – Мен қатардағы Смитпін. Тез солға бағыт алыңыз!
      – Смит, сіз не есіңізден адастыңыз ба? Мен крейсер капитанымын!!!
      – Ал мен шамшырақ бақылаушысымын!
Мәтінді жасыру
41-30
      – Мама! – деді Маша 8 наурызда анасына . - Сен бұл күні ыдыс жууға және басқа ауыр жұмыстарды істеуге тиіс емессің!
      Анасы қуанып қалады да алжапқышын шеше бастайды. Маша осы кезде:
      – Меніңше, анашым, сен олардың түн ортасы ауғанда істеуіңе болады.
Мәтінді жасыру
41-31
      Әйелі:
      – Мен теңізге шығу үшін, не киетінімді ойлап отырмын, барлығы мені көргенде, естерінен танып қалатындай?
      Күйеуі:
      – Шаңғы ки...
Мәтінді жасыру
41-32
      Ұлымнан:
      – Сабақтан көп тапсырма берді ме?
      Ұлым күрсініп:
      – Анашым, саған бүгін айқайлауыңа тағы да айқайлауыңа тура келеді!
Мәтінді жасыру
41-33
      Әйелі демалысқа кетті. Ол екі жұма жоқ болған, кезде, қоқысты бір - ақ рет шығардым. Нәтижесінде - үйді қоқыс қылатын әйелім екен!
Мәтінді жасыру
41-34
      Егер сіз он бес шет тілін білсеңіз де, бәрі бір орыс тілін білу міндетті. Кім біледі: тайып кетсеңіз немесе аяғыңызға ауыр зат түсіріп алсаңыз.
Мәтінді жасыру
41-35
      – Мама, не істейін? Күйеуім маған баланы тек қана емізуге береді, өзі шомылдырады, серуендетеді, түнде тербетеді, ұлым әлі бір айға толған жоқ! Баламды көрмеймін десем де болады, күйеуімді не істеймін?
      – Шошытып алма!
Мәтінді жасыру
41-36
      Мал дәрігеріне қоңырау:
      – Қазір сізге менің енем кәрі итімен келеді. Сіз оған өте күшті уы бар инені салыңызшы, қиналмай тез өліп қалу үшін...
      Мал дәрігері:
      – Ал ит жалғыз өзі үйді тауып бара ала ма?
Мәтінді жасыру
41-37
      Вокзал. Егде еркек вагоннан шығып буфетке бет алады. Шығар алдында кейін тауып алу үшін өз вагонының нөміріне қарайды.
      – 1492... Өте жақсы! Бұл нөмірді ұмыту мүмкін емес... Американың ашылған жылы...
      Бірнеше минуттен кейін ол темір жол платформасына қайтып келеді де қызметкерден сыпайы сұрайды:
      – Кешіріңіз, есіңізде жоқ па, Америка қай жылы ашылды?
Мәтінді жасыру
41-38
      – Әйелдер неге тұрмысқа шығады?
      – Өмірлік тәжірибе аздықтан.
      – Олар неге ажырасады?
      – Төзімділіктің жетіспейтіндігінен.
      – Ал олар неге қайтадан тұрмысқа шығады?
      – Жадының аздығынан.
Мәтінді жасыру
41-39
      Құрметті радио тыңдаушылар, егер сіздерге ауа-райы ұнаса, бізге жазыңыздар. Біз келесі хабарда міндетті түрде қайталап отырамыз.
Мәтінді жасыру
41-40
      Құрметті теледидар жасаушылар! Теледидарға пульттің қайда екенін табу үшін басқанда шырылдайтын батырма жасаңыздаршы.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Laila Kabyldina, Гульмира Ажмаганбетова, Гульнар Абдраимова



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 40 Вернуться к началу Выпуск 42  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга