Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 Қаз/Qaz 

С казахским не шутят?

Выпуск 40

Автор идеи, составитель и переводчик текстов
с русского языка на английский: Андрей Краснов

40-1
      – Бұл өзі не деген мейрамхана?! Трюфелей, балық, устрица жоқ. Менің пальтомды алып келіңіздер.
      – Өкінішке орай, сіздің пальтоңыз да жоқ.
Мәтінді жасыру
40-2   🌞
      Өзге өлкеден келген адам одессидтен сұрапты:
      – Айтыңызшы, осы көшемен жүрсем, cол жерде жағажай болады ма?
      – Сіз осы көшемен жүрмесеңіз де, жағажай сол жерде болады!
Мәтінді жасыру
40-3
      Екі құрбы әңгімесінен:
      – Үстіңдегі көйлегің қандай әдемі!.. Сенің өлшемің болмап па еді?
Мәтінді жасыру
40-4
      – Дәрігер, мен отаның нәтижесі сәтті болатынына сенімдімін.
      – Уайымдамаңыз, нәтижесі сәтсіз болса, ол туралы сіз білмей қаласыз.
Мәтінді жасыру
40-5
      Атақты саяхатшыны қонаққа шақырды.
      – Соңғы үш жылда мен жалмауыздардың арасында өмір сүрдім - деді ол өз өзіне келіп.
      – Құдайым - ау! - деді үй иесі қолын соғып, айқайлап жіберді.
      – Ал мен қара өрік қосылған қой етін дайындадым!
Мәтінді жасыру
40-6
      Есік алдында бір зейнеткер апай , екіншімен ой бөлісіп отыр.
      – Білемісің, мен дегенмен де арбағышпын ғой деймін! Кеше оған менің көзім нық жетті! Мен трамвайға не троллейбусқа кіріп, отырған жасөспірімге көз тіксем, ол сол мезетте ұйықтап қалады!
Мәтінді жасыру
40-7
      – Сіз бірден ішуді доғарасыз, немесе соқыр болып қаласыз - деп, дәрігер өз емделушісіне қатаң ескерту жасады.
      – Дәрігер, түсінесіз бе, мен кәрі адаммын, мен өмірден бәрін көріп біткен секілдімін...
Мәтінді жасыру
40-8
      Оны бас директорлық лауазымынан алып тастағаннан бері, өзінің жарты достарынан айырылып қалды.
      – Ал, екінші жартысы ше..?
      – Олар әлі оның қызметтен кеткенін білмейді.
Мәтінді жасыру
40-9
      – Сіздің ақша жинауға мүмкіндігіңіз бар ма?
      – Мүмкіндігім бар, бірақ ақшам жоқ.
Мәтінді жасыру
40-10
      – Кеденде тексергенде, атам қатты ренжіген жоқ па?
      – Керісінше! Тексеру кезінде, оның бір жұма бұрын жоғалған көзілдірігін тауып алды!
Мәтінді жасыру
40-11
      Театрға келген Майкл, партердегі орындардың бірін шотландтық овчарканың алып отырғанын көреді. Артынан бақылап, иттің көріністі рақаттана көріп отырғанын байқайды: көңілді немесе қайғылы оқиғаға байланысты ит қуанады не мұңаяды. Үзілісте Майкл иттің қожайынына жақындайды:
      – Сіздің итіңіз көріністі тамсана көріп отырғаны мені таң қалдырды.
      – Мен сізден де артық таң қалып тұрмын. Осы пьесаны оқығанда оған мүлдем ұнамап еді.
Мәтінді жасыру
40-12
      Бір күні күйеуі әйеліне айтады:
      – Кішкене ірімшік алып келші, өйткені ол асқазанды жақсартады, тәбетті ашады және жүйке жұмысын түзетеді.
      – Бірақ біздің үйде ірімшік жоқ қой, – дейді әйелі.
      – Өте жақсы, өйткені ірімшік асқазанды бұзады және тіс тамырларын жұқартады, – деп жауап береді күйеуі.
      – Сенің қай сөзіңе сенуге болады, бірінші айтқаныңа ма әлде соңғысына ма? – деп сұрайды әйелі.
      – Егер ірімшік болса – біріншісіне сен, ал болмаса – екіншісіне.
Мәтінді жасыру
40-13
      Екі данышпан бас қосып, ақымақ деген қандай адам екеніне дауласады:
      – Ақымақ деген, өз ойын өзгелері ұқпайтын жолмен жеткізетін адам болып келеді. Не айтқым келгенімді түсіндің бе? – дегенге екіншісі:
      – Жоқ, - деп жауап береді.
Мәтінді жасыру
40-14
      Президентке үндеу.
      «Президент мырза!
      Егер сіз зейнет ақыны көтере алмасаңыз, барлығын лайықты жұмыспен қамтамасыз ете алмасаңыз, онда - мархабат! - қоқыс жәшіктерін тым биік қылмаңыз, әйтпесе, оны ақтару ыңғайсыз. Рахмет!»
Мәтінді жасыру
40-15
      Банк тоналғаннан кейін есептеме жасалғанда, басты сейфте екі миллион қаржы жетпейтіндігі анықталады. Директор репортерлерге былай дейді:
      – Хабарларға үш миллион ұрланды деп жазыңыз! Мейлі, ең болмағанда сол оңбағанның үйінде жанжал болсын.
Мәтінді жасыру
40-16
      Екі кедейдің әңгімесінен:
      – Сен Джорджға не болғанын білесің бе?
      – Жоқ, не болыпты?
      – Ол жұмысқа орналасыпты.
      – Әй соның ақша үшін бәріне дайын екенін сезгенмін.

Мәтінді жасыру
40-17
      – Сенде егіздеріңдің фотосуреті бар ма?
      – Міне, қара.
      – Бірақ мында тек біреу ғана ғой.
      – Жетеді. Екіншісі де тура осындай ғой.
Мәтінді жасыру
40-18
      – Жақсы әнді жаман әннен ажырату еш қиын емес.
      – Қалайша?
      – Қателіксіз белгі. Жақсы ән – біздің жастық шағымызда ұнатқанымыз, ал жаманы – қазіргі жастарға ұнайтыны.
Мәтінді жасыру
40-19
      – Әкеңіз сізге мұра етінде не қалдырды?
      – Тек қана ақыл.
      – Сіз оны қайда жібердіңіз?...
Мәтінді жасыру
40-20
      – Әже! Көрші ауылға дейін неше километр?
      – Бес болатын. Сонан соң мамандар келіп, қайта өлшеп, жеті деп қойды. Енді екі километрді артық жүреміз.
Мәтінді жасыру
40-21
      Бір әйел адам психотерапевтке келіп:
      – Дәрігер, менің жолдасым үнемі саусақтарын сыртылдатады, ал менің «Не үшін олай істейсің?» деген сұрағыма, қолтырауындарды қуамын деп жауап береді.
      – Иәә… бір түрлі жағдай. Жарайды, ертеңгісін маған келсін, көрейік.
      Келесі күні жолдасы дәрігерге келеді де үнемі саусақтарын сыртылдатып отырады. Дәрігер оған қарап сұрайды:
      – Неліктен олай жасап отырсыз?
      – Мен қолтырауындарды қуып отырмын.
      – Бірақ бұл жерде қолтырауындар жоқ қой.
      – Иә, өйткені мен оларды қуып жібердім!
Мәтінді жасыру
40-22
      Анасы түрмедегі ұлына хат жазып отыр:
      «Сені отырғызғаннан бері, не істерімді білмей жүрмін. Шаруашылық жұмыстарына шамам келмей жатыр, бақша қазылған жоқ, картоп егілген жоқ!»
      Ұлының жауабы:
      «Анашым, бақшаны қазба, соншалықты қазсаң сені де отырғызып қояды, маған да жыл қосуы мүмкін».
      Бір ай өткен соң анасы қайтадан хат жазады:
      «Ұлым, сенен хат келген соң, милиция келіп, бақшаның барлығын қазып шықты, ештеңе таба алмады, ұрысып, ашуланып кетті!»
      Ұлының жауабы:
      «Шамам келгенше көмектестім, картобыңды өзің ек!»
Мәтінді жасыру
40-23
      – Қандай ыстық еді, - деді сотталушы дарға асуға келе жатқан жендетке.
      – Иә, саған жақсы, ал маған ше? Мұндай ыстықта қайтадан кері қайтуға тура келеді.
Мәтінді жасыру
40-24
      Егде тартқан әйел поштаға хат әкелді:
      – Синьора, сіздің хатыңыз салмақты - деді оған,- тағы да марка жабыстыруыңыз керек...
      – Онда ол одан да салмақты болады ғой!
Мәтінді жасыру
40-25
      Балықшы қыстың күні өзенде отыр, бас киімі мұздың үстінде, құлағы аяздан ағарып кеткен. Жанынан өтіп бара жатқан басқа балықшы:
      – Сен не есіңнен адастың ба, ки бас киіміңді, суықтап қаласың!
      – Иә, о не дегенің! Кеше арақ ұсыныпты, ал мен оны естімеппін.
Мәтінді жасыру
40-26
      Кәрі еврей өлгелі жатыр. Әлсіз үнімен:
      – Менің әйелім жанымда ма?
      – Қымбаттым, жаныңдамын.
      – Ал балаларым ше?
      – Иә, әкешім.
      – Менің немерелерім осында ма?
      – Иә, аташым!
      – Онда ас үйде неге шам жанып тұр?
Мәтінді жасыру
40-27
      Турист тұрғылықты тұрғыннан:
      – Сіз, анау тұрған тауға, қалай тез жетуге болатынын айтып бере алмайсыз ба?
      – Бір минут, қазір мына итімді ағытып жіберейін...
Мәтінді жасыру
40-28
      – Біздің қызымыз ақылдылық пен пайымдылықты менен мұра етті! - деп күйеуі мақтана айтты.
      – Әрине, қымбаттым, - деп жауап берді әйелі, - менің ақылдылығым мен пайымдылығым әзірше өз бойымда.
Мәтінді жасыру
40-29
      Бір шайтан басқа шайтанды кездестіріп, неге сонша қуанып жүрсің депті. Ол:
      – Жаңа ғана бір әйелді бөлмеге қамап қойдым. Онда сөреде жүзден артық қалпақ бар, бірақ онда бірде бір айна жоқ...
Мәтінді жасыру
40-30
      Жаңа келген маманға көмектескің келсе – онымен бірге қосылып жаса. Қарияға көмектескің келсе – оның орынына жаса. Ұстаға көмектескің келсе – әрі тұрып, кедергі келтірме. Ақымаққа көмектескің келсе – өзің ақымақсың!
Мәтінді жасыру
40-31
      – Сіз өлімнен кейін өмір бар екеніне сенесіз бе? – деп сұрайды бастық қызметшісінен.
      – Иә!
      – Жақсы болыпты. Әйтпесе, кеше сіз айтқандай әжейіңіздің жерлеу рәсімінде болған кезде, ол осында сізді іздеп келген.
Мәтінді жасыру
40-32
      – Вовочка, сен көбінесе кімнің айтқанын тыңдайсың – анаңның ба әлде әкеңнің бе?
      – Анамның!
      – Неліктен?
      – Өйткені анам көбірек сөйлейді.
Мәтінді жасыру
40-33
      – Мен кеше кеш бойы жаңа жылдық демалыста тынығатын орын таңдаумен болдым!
      – Дивандар қарадың ба сонда?
Мәтінді жасыру
40-34
      – Мына итіңізді тынышталтыңызшы! Кеше ұлығаны соншалық, қызым ән сабағын тоқтатуына тура келді!
      – Кешіріңіз, бірақ сіздің қызыңыз бірінші бастады ғой!
Мәтінді жасыру
40-35
      Екі дос кездеседі:
      – Мен жуырда үйленемін.
      – Ал сен шынайы махаббатпен үйленгелі жатырсың ба әлде материалдық жағдайына қарай ма?
      – Білмеймін. Қалыңдығымның әкесі қалай да болса үйленесің деген.
Мәтінді жасыру
40-36
      – Сёма, тағы да менің дене пішінім туралы бірдеңе деп айтатын болсаң қақ маңдайыңа табамен ұрып жіберемін! Ұқтың ба?
      – Иә, Роза, ұқтым.
      – Нені ұқтың?
      – Сенің артық салмағыңның маған расымен де қауіпті екенін ұқтым!
Мәтінді жасыру
40-37
      – Жаным менің саған деген әлемдегі ең жоғары, үлкен әрі шексіз сезімім бар!
      – Ол сезімнің аты махаббат па?
      – Ол сезімнің аты сабырлық…
Мәтінді жасыру
40-38
      – Даяшы, айтыңызшы осы сіздің аспазшыларыңыз өзі дайындаған тағамның дәмін татып көреді ме?
      – Аспазшы – кез келген тағамды жеп, ауруханаларда жатпай, тамағын пісіріп жұмысын атқару керек.
Мәтінді жасыру
40-39
      – Кеше қалай тойладыңдар?
      – Бір қалыпты. Еш бір оқиғасыз. Сіздердің ерте қайтып кеткендеріңіз өкінішті болды.
      – Құпиямды ашайын - біз тіптен келмеген де едік…
Мәтінді жасыру
40-40
      – Айыпталушы, зергерлік дүкенді тонауға сонымен не себеп болды?
      – Сырт жарнамасында «Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз» деп жазулы тұрды.
Мәтінді жасыру

'🌞' – ссылка на грамматический разбор анекдота

Перевод шуток на казахский:
Гульнар Абдраимова, Aidana Bissekesh



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Выпуск 39 Вернуться к началу Выпуск 41  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга