Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 13

Автор: Рауль Керимбаев

13-01
Тақырыптан ауытқымаңыз. Не отходите от темы.
Дәлелсіз пікір. Неаргументированное мнение.
Сен пікірімді қолдайсың ба? Ты разделяешь моё мнение?
Басынан аяғына дейін естідім. Я слышал от начала и до конца.
Бір Құдайдың өзі куә, мен сіз үшін отқа түсуге де әзірмін. Видит Бог, я готов броситься за Вас в огонь.
Кәне, айтыңыз, бұйырыңыз! Не істеуім керек? Ну, говорите же, приказывайте! Что я должен сделать?
Құдай-ай, сондай құпияны сізге сеніп тапсыра алар ма екенмін? Сіз әлі баласыз ғой! Боже мой, могу ли я доверить вам такую тайну! Ведь вы ещё почти дитя!
Ендеше мені сынап көріңіз! Тогда испытайте меня!
Сіз неден қысылып тұрсыз? Что же вас смущает?
Бәлкім, сіздің ақшаңыз жоқ шығар? У вас, может быть, нет денег?
13-02
«Бәлкім» деген сөзіңіз артық. «Может быть» тут излишне.
Сіз өте сүйкімді, аяулы жігітсіз! Вы очень милый и любезный юноша!
Сіз не істейін деп тұрсыз? Что Вы собираетесь делать?
Екеуміздің де түбімізге жетесіз ғой! Вы погубите нас!
Ілгерірек отырыңыз. Сядьте ближе.
Соңғы кім екен? Кто последний?
Соңғы менмін, менің алдымда мынау қыз. Я последний, передо мной вот эта девочка.
Кезектен тыс кірсем бола ма? Могу я зайти без очереди?
Күн кеш болған жоқ па? Тамақты қашан асасың, шайды қашан қоясың? Разве уже не вечер? Когда будешь готовить еду, когда чай будешь ставить?
Сізге сөз берілген жоқ. Вам слово не давали.
13-03
Әй, осы сен үнемі маған неге осылайша қарсы шығасың, а-а? Эй, ты почему постоянно вот так выступаешь против. А-а?
Фирмалық палау дайындап жатырмыз. Мы готовим фирменный плов.
Толып кетем деп қорқасыз ба? Боитесь располнеть?
Бүгін тыңқиып тойып алам. Сегодня наемся до отвала.
Ер адамға кәрілік жарасады. Мужчинам старость идёт.
Түзетуге болмайды. Он неисправим.
Түрі десе түрі бар, бойы десе бойы бар. У него и вид, есть и рост.
Бүгін кездесе алмаймыз. Сегодня мы встретиться не сможем.
Бастық мені кешігіп келгенімді біліп қойды ма? То, что я опоздал, начальник знает?
Иә, өкінішке орай, біліп қойды. Да, к сожаленью, узнал.
13-04
Қайдан білді екен? Откуда он узнал?
Ол сені терезеден көріп қойыпты. Он тебя увидел в окно.
Маған қарызға ақша бересің бе? Можете дать деньги взаймы?
Адамдар есінен адасты. Мир сошёл с ума.
Сөзім жоқ. У меня нет слов.
Біздің үйге бала боласың ба? Будешь нашим ребёнком?
Ауылға қол бұлға. Помаши своему аулу рукой.
Мен ешқайда бармайтын болдым. Я решила никуда не ехать.
Мен оларға үнемі айтып отырамын... Я им постоянно говорю...
Мен күлмедім, жай ғана жымидым. Я не смеялся, просто улыбался.
13-05
Ол сізді күнде тексеріп жатқан жоқ қой. Он вас каждый день не проверяет же.
Сенің қолың бос па? Ты свободна?
Мен не деп едім? Что я сказал?
Қандай жақсы болды! Как здорово!
Ол ресми мәлімдеме жасады. Он сделал официальное заявление.
Ауызыңды жап та тамағыңды іш. Закрой рот и ешь.
Шабыт жоқ. Нет вдохновения.
Сіз нешінші қабатта тұрасыз? На каком этаже Вы живёте?
Үшінші қабатта. На третьем этаже.
Айтар ақылым, одан аулақ жүр! Мой тебе совет, держись от него подальше!
13-06
Уақыт бізбен санаспайды. Тез өтіп кетеді. Время с нами не считается. Проходит быстро.
Сендер екеуің ажырамас дос едіңдер ғой. Вы же с ней были не разлей вода друзья.
Ол айтқан да жоқ, мен сұраған да жоқпын. Он и не сказал, а я и не спрашивала.
Осы мәселені талқылайық. Давайте обсудим этот вопрос.
Бұл жөнінде әлі сөйлесеміз. Об этом ещё поговорим.
Мен бұған қатыса алмайды екем. Я не смогу участвовать в этом.
Оның бала-шағасы бар ғой. У неё же дети.
Бәрін де бар. У всех всё есть.
Мен бұл жерде түнге дейінгі отырғым келмейді. Я не хочу сидеть здесь до ночи.
Мүмкін тағы ойланып көреміз. Может ещё подумаем.
13-07
Тыныштал, күйгелектенбе. Успокойся, не нервничай.
Бұлай істеуге болмайды. Так делать нельзя.
Болды. Жетеді енді. Всё. Ну, хватит.
Мен жұмыссыз қалдым. Я осталась без работы.
Мен өз еркіммен кеттім. Я ушла по собственному желанию.
Солай істеуге тура келді. Мне пришлось так поступить.
Сен неге тамақ жемей отырсың? Ғашық болып қалдың ба? Ты почему не ешь? Влюбился что ли?
Сізден сұрайын деп едім. Я хотел бы у Вас спросить.
Жұмыс бойынша. По работе.
Осы әдетіңді қашан қояр екенсің сен? Когда прекратишь эту свою привычку?
13-08
Ағама көмектесейін деп едім. Я хотел бы помочь старшему брату.
Сенен қөңілім қалды. Я разочарован в тебе.
Мен бастықтан сұранып көрейін. Я попробую отпроситься у начальника.
Мен адасып кеттім. Я заблудился.
Мүмкіндігім жоқ. У меня нет возможности.
Сізбен қалжыңдасып тұрғаным жоқ. Я с Вами не шучу.
Ереже бәріне заң! Правила – закон для всех.
Менде барлығы жақсы. У меня все хорошо.
Менде бәрі бар. У меня все есть.
Мен екі оттың ортасында қалдым. Я оказался между двух огней.
13-09
Түсінуге тырыссаңда бəрібір түсіне алмайсың. Все равно не поймёшь, даже если будешь стараться.
Сені еш жерден таба алмадым. Нигде не мог найти тебя.
Ол оңды жігіт. Он нормальный парень.
Өте дұрыс айтасыз. Абсолютно правильно говорите.
Анау қайда кетіп барады. Куда это он едет?
Үйге бара салып сөйлесейікші. Давай дома поговорим.
Қызық хикая екен. Забавная история.
Жақсы дәстүр екен. Хороший обычай.
Содан не болды? Что было потом?
Осы жолы бәрі басқаша болады. В этот раз всё будет по-другому.
13-10
Осы жолда да ештеңе болмайды. И на этот раз ничего не будет.
Сен өзің түріне қарап алшы бірінші. Ты на себя сначала посмотри.
Қалай жеттің? Как доехал?
Бұл менің қол жетпес арманым. Это моя недосягаемая мечта.
Жүз пайыз кепілдік берем. Даю сто процентов гарантии.
Онда мен бара берейін. Тогда я пошёл.
Сен неғып ұйықтамай жүрсің? Ты почему не ложишься спать?
Жақсы, көндірдің. Хорошо ты меня уговорил.
Бұл мемлекеттік құпия. Это государственная тайна.
Мен қайдамын? Где я?
13-11
Енді не істейміз? Что теперь будем делать?
Рұқсат берген жоқпыз. Мы разрешения не давали.
Оның бойы аласа. Он ниже ростом.
Салқын су ішкім келіп отыр. Хочу попить прохладной воды.
Бұл апта мен үшін ауыр болды. Эта неделя была для меня тяжёлой.
Оны нақты білмеймін. Я точно не знаю.
Қалай болса, солай жазылған. Как попало написано.
Кеш болды, үйге кіріңдер. Уже поздно, заходите домой.
Мені біреумен шатастырдың. Ты меня с кем-то перепутал.
Сіз көк шайды ұнатасыз ба? Вам нравится зелёный чай?
13-12
Көре жатармыз. Посмотрим.
Тексеріп отырсыз ба мені? Проверяете меня что ли?
Бір жағынан қуанып тұрмын, бір жағынан қорқып тұрмын. Не болар екен...? С одной стороны я радуюсь, с другой – боюсь. Что же будет...?
Уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады. Не переживайте, всё будет хорошо.
Менің сөзіме сеніңіз. Ол жеңіске жете алады. Верьте мне. Он сможет победить.
Жүрегім зу ете қалды. Сердце внезапно застучало.
Неге қуанбайсыз? Почему не радуетесь?
Өкінішке орай, ештеңе өзімен өзі болмайды. К сожалению, ничего само собой не происходит.
Егер солай болу керек болса ол міндетті түрде солай болады. Если должно было так произойти, обязательно так будет.
Енді сіздің сөзіңіз жерге тастамаймыз. Орындауға тырысамыз. Вам не откажешь. Постараемся выполнить.
13-13
Мен оны жай қалдырмаймын. Я это так просто не оставлю.
Бақ қоныпты бастарыңа. – Счастье вам привалило.
Тағы сайрандап келдің ба? Опять пришёл навеселе?
Өзіңе қарап алсаңшы. Ты на себя посмотри.
Менің жеке өміріме шаруаң болмасын. Не лезь в мою личную жизнь.
Кейбір адам сияқты емеспін. Я не такой, как некоторые.
Өзің өмірің дұрыстап ал, білгіш. Сам свою жизнь поправь, умник.
Мен өз өміріме жауап бере алам. Я отвечу за свою жизнь.
Сен менен бірдеңе жасырып отырсың. Ты что-то от меня скрываешь.
Балам, сен мені алдай алмайсың. Сынок, ты не сможешь меня обмануть.
13-14
Сәл шаршап жүрмін. Немного устал.
Менен басқа сені ешкім түсіне алмайды. Кроме меня тебя никто не поймёт.
Сізді осылай көңілді жүргеніңіз қанша көрмегелі. Давно я не видела Вас такой весёлой.
Мен сені сондай қатты сағындым. Я по тебе так сильно соскучился.
Тізерле! На колени!
Тізерлеп отыр, мойында. Встань на колени и признайся.
Мен сенің аузынан естігім келеді. Хочу услышать от тебя.
Бірден солай айтпайсыз ба? Так бы сразу и сказали.
Оны тыңдауға ынтам жоқ. У меня нет желания его слушать.
Сіздің әйеліңіз кім болып жұмыс істейді? Кем работает Ваша жена?
13-15
Сабақтан сұранып қойдым. Я отпросился от занятий.
Бастай берейік па? Ну, что начинаем?
Жаппай сатылым. Распродажа.
Сен алдымен жұмыс істе. Ты сначала поработай.
Жан жаққа қарап көрші. Ты посмотри вокруг.
Қайда асығып барасың? Ты куда спешишь?
Сен оны танушы едің ба? Ты с ним знаком?
Күнде осы. Каждый день одно и тоже.
Қарсы алаңыздар! Встречайте!
Не жетпейді сол Шолпанға? Что не хватает этой Шолпан?
13-16
Қайтып келдің ба? Вернулась?
Бұл туралы сұрамай-ақ қойшы. Не спрашивай про это, пожалуйста.
Бәрін қатырып береміз. Всё сделаем в лучшем виде.
Мен түсіне бастадым. Я начал понимать.
Есікті жап арт жағынан. Закрой дверь с той стороны.
Әр нәрсені өз атымен атау керек. Нужно называть вещи своими именами.
Бұл ескісінен қарағанда жақсы. Это лучше, чем старое.
Асығып-аптыққанша ертерек шығайық. Чем торопиться, выйдем лучше раньше.
Ең бастысы – берілмеу. Главное – не сдаваться.
Ұстамашы, маникюрді құртасың. Не трогай, маникюр сломаешь.
13-17
Сіздің айтқаныңыз ешкімге қызық емес. То, что Вы сказали никому не интересно.
Беталды сөйлей берме. Не говори что попало.
Мені осылай айтуға мәжбүрледі. Меня заставили так говорить.
Дидарыңды көргім келеді. Хочу увидеть твоё лицо.
Біз қашан қайтамыз? Когда мы возвращаемся?
Дауды қалай басуға болады? Как можно прекратить спор?
Сендерге түсінуді жазбаған. Вам не дано понять.
Көп күлгенді ұнатады. Любит много смеяться.
Осы маңайда. Здесь поблизости.
Кейін біле жатарсыз. Позже узнаете.
13-18
Екеуіміз бір жерде кездескен сияқтымыз. Мне кажется, мы с Вами где-то встречались.
Ғаламат ештеңе жоқ. Ничего удивительного нет.
Байқаңыз, жығылып қала жаздадыңыз ғой. Осторожно, Вы чуть не упали.
Көптен бері сізбен танысқым келіп жүр еді. Я давно хотел с Вами познакомиться.
Мен мұнда қонақ ретінде келдім. Я здесь в качестве гостя.
Ондай нәрсемен айналыспа, керек емес дүние. Ты не занимайся такими вещами, это не нужное дело.
Қалай бағалайсыз? Вы как оцениваете?
Мынау екіге бағалайды. Это оценивается на два.
Сені мәпелеп жүрміз. Тебя носим на руках.
Қалауларыңыз бар ма? Есть пожелания?
13-19
Барлығына көңілдеріңіз толы ма? Вас всё устраивает?
Осындай болғанын өзің қаладың. Ты сам этого захотел.
Уәде беремін, өкінбейсің. Обещаю, не пожалеешь.
Жұмысты еске салмашы. Не вспоминай, пожалуйста о работе.
Жақсы, ешқандай жұмыс жайлы айтпаймын. Хорошо, я не буду говорить о никакой работе.
Мен сені мұқият тыңдадым. Я тебя внимательно слушал.
Ол мені мына түрімен күнәға батырады. Он так меня доведёт до греха.
Не болды сенiң қалжың сезiмнен? Что случилось с твоим чувством юмора?
Сонша неге лас? – Почему так грязно?
Маңызды шаруам бар. У меня есть очень важное дело.
13-20
Ол қашанда болса сабырлы және байсалды. Он всегда спокоен и выдержан.
Жанын шығаратын едім. Душу бы его вытряс.
Ол ойлануда. Он думает.
Еш нәтиже жок! Никакого эффекта!
Сізге шай ма әлде кофе ме? Вам чаю или кофе?
Алған оңай, беру қиын. Брать легко, отдавать трудно.
Қандай жаңалықтарыңыз бар? Какие у Вас есть новости?
Сен домбыра тарта аласың ба? Ты играешь на домбре?
Өте дұрыс айтылған сөз. Очень правильно сказано.
Солай болып қалды. Так получилось.

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 12 Вернуться к началу Полезные фразы 14  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга