Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Диалоги


Автор: Анар Ануарбекқызы

1
– Сәлеметсіз бе! Маған бір келі картоп, бір келі қызанақ, бір келі қияр өлшеп беріңізші. – Здравствуйте. Пожалуйста, взвесьте одно кило картофеля, одно кило помидоров, одно кило огурцов.
– Амансыз ба! Әрине, күте тұрыңыз. Тағы не аласыз? – Здравствуйте. Конечно, подождите. Что ещё?
– Жетер, рақмет. Басқа ештеңе қажет емес. – Хватит, спасибо. Больше ничего не нужно.
– Мінекей. Ас болсын. – Вот, пожалуйста. Приятного аппетита.
– Рақмет. Саудаңыз жүрсін. – Спасибо. Хорошей торговли вам.
2
– Қайырлы күн. Менің нан алуым қажет. – Добрый день. Мне нужно купить хлеб.
– Қара нан ба, ақ нан ба? – Чёрный хлеб или белый?
– Қайсы пайдалырақ? – А какой из них полезнее?
– Қарасы дейді ғой. – Говорят чёрный.
– Онда соны беріңіз. – Тогда дайте его.
– Ала қойыңыз. Бағасы 120 теңге. – Возьмите, пожалуйста. Цена 120 тенге.
– Рақмет. Сау болыңыз. – Спасибо. До свидания.
3
– Қайырлы таң. – Доброе утро.
– Амансыз ба. – Здравствуйте.
– Саумал алдыртайын деп едім. – Я бы хотел заказать саумал.
– Ертең таңертең жеткізіп бере аламыз. – С доставкой будет завтра утром.
– Рақмет. Бағасы қанша? – Спасибо. Цена какая?
– Литрі 800 теңге. Қанша литр керек? – 800 тенге за литр. Сколько литров нужно?
– 2 литр жарайды. – 2-х литров хватит.
– Мекенжайыңызды айтсаңыз. – Продиктуйте, пожалуйста, ваш адрес.
– Абай көшесі, 48-үй. Көп рақмет, күтемін. – ул. Абая, дом 48. Большое спасибо, буду ждать.
– Тапсырысыңыз үшін сізге рақмет. Курьер ертең хабарласады. – Спасибо вам за заказ. Курьер свяжется с вами завтра.
4
– Қайырлы күн. – Добрый день.
– Есенсіз бе. – Здравствуйте.
– Маған жақсы бір шайдан беріңізші. – Дайте мне хорошего чаю, пожалуйста.
– Қандай шай керек? – Какой чай вам нужен?
– Көк шай ішетін едім. – Я пью зелёный чай.
– Көк шайдың түрі бар. Ташкеннен, Қытайдан, Үндістаннан. – Есть много видов зелёного чая. Ташкентский, китайский, индийский.
– Ташкендікін беріңіз. – Давайте ташкентский.
– Қанша өлшеп берейін? – Сколько вам взвесить?
– Екі жүз грамм болады. – Двухсот грамм хватит.
– Ала қойыңыз. Бағасы бес жүз теңге. – Возьмите, пожалуйста.
– Рақмет. Ақшаңыз мінекей. – Спасибо. Вот деньги.
– Саудаңызға рақмет. – Спасибо за покупку.
5
– Сәлеметсіз бе. – Здравствуйте.
– Маған сүзбе, сүт, қаймақ қажет. – Мне нужен творог, молоко и сметана.
– Өзіміздікі ме, әлде қай елдікі? – Местного производства или из определённой страны?
– Өзіміздікі керек. Ақтөбенікі болса. – Местного. Лучше, если актюбинское.
– Мінеки, мына сөреден қарай беріңіз. – Вот, можете посмотреть на этой полке.
– О, таптым. Мынаны санай қойыңыз. – О, нашёл. Посчитайте вот это, пожалуйста.
– 3490 теңгеге шықты. – Вышло на 3490 тенге.
– Төлемді картамен қабылдайсыз ба? – Платеж картой принимаете?
– Әрине. – Конечно.
– Ала қойыңыз. – Возьмите, пожалуйста.
– Саудаңыз үшін рақмет. Келіп тұрыңыз. – Спасибо за покупку. Приходите ещё.
6
– Қайырлы күн. – Добрый день.
– Сәлеметсіз бе. – Здравствуйте.
– Қолдың майы бар ма сізде? – У вас есть домашнее масло?
– Бар, әрине. Келісі үш мың. Қолдың сүті, айраны бар. – Конечно есть. Килограмм стоит три тысячи. Есть домашнее молоко, айран.
– Сүт қанша? – Сколько стоит молоко?
– Литрі бес жүз теңге, қосып айран алатын болсаңыз, бағасын түсіремін. – Литр стоит пятьсот тенге, но, если купите в придачу айран, сделаю скидку.
– О, жақсы екен. Онда бір келі май, бір литр сүт және айраннан беріңіз. – О, здорово. Тогда килограмм масла, литр молока и айрана.
– Үш мың сегіз жүз теңге барлығы. – Всего три тысячи восемьсот тенге.
– Мінеки, санап алыңыз. – Вот, посчитайте, пожалуйста.
– Саудаңызға рақмет. – Спасибо за покупку.
– Сізге рақмет. Ұнаса, сізден алып тұрамын. – Спасибо вам. Если понравится, буду покупать у вас.
7
– Сәлеметсіз бе. – Здравствуйте.
– Сәлеметсіз бе. Қандай көмегім қажет? – Здравствуйте. Чем могу помочь?
– Суық күні киетін жылы күрте іздеп едім. – Я ищу теплую куртку для прохладной погоды.
– Жақында ғана жаңа тауар түсті. Күртенің түрі бар. Мында өтіп, қарауыңызға болады. – Недавно у нас было поступление товара. Есть много видов курток. Можете пройти и посмотреть здесь.
– Рақмет. Менің өлшемім M. Осы екі түрінен тауып бересіз бе менің өлшемімді? – Спасибо. Мой размер М. Не могли бы вы найти мой размер из этих двух?
– Әрине. Күте түріңіз, қоймада болуы тиіс. – Конечно. Подождите. На складе должны быть.
– Күтемін. – Подожду.
– Мінекиіңіз. Екеуінен де бар екен сіздің өлшеміңіз. – Вот, пожалуйста. Обе есть вашего размера.
– Киім өлшейтін бөлме қайда екен? – А где примерочная?
– Әрі қарай жүре берсеңіз, алдыңыздан шығады. – Пойдете дальше в ту сторону, увидите перед собой.
– Жарайды. – Хорошо.
– Үйлесті ме? Қайсысын аламын деп шештіңіз? – Подошло? Какую решили брать?
– Қоңырын аламын, қарасы тарлау сияқты. – Я возьму коричневый, черный, кажется, маловат.
– Талғамыңыз жақсы екен. Кассаға жүріңіз. Картамен төлейсіз бе, әлде қолма-қол ақшамен бе? – У вас хороший вкус. Пройдемте в кассу. Картой будете оплачивать или наличными?
– Картамен. – Картой.
– Мінеки чегіңіз. – Вот ваш чек.
– Көп рақмет. – Большое спасибо.
– Саудаңызға рақмет. Келіп тұрыңыз, келесі саудаңызға жеңілдік жасаймыз. – Спасибо за покупку. Приходите ещё, на следующую покупку сделаем скидочку.
8
– Сәлеметсіз бе. – Здравствуйте.
– Сәлеметсіз бе. Қош келдіңіз. Не көмек қажет? – Здравствуйте. Добро пожаловать. Чем могу помочь?
– Рақмет. Жұбайымның туған күніне сыйлық іздеп едім. – Спасибо. Я ищу подарок на день рождения моей супруги.
– Әрине, сізге міндетті түрде жақсы сыйлық таңдауға көмектесеміз. – Конечно, мы обязательно поможем выбрать хороший подарок.
– Жұбайым отыз бес жасқа толады. Оған күміс бұйымдар ұнайды. – Моей супруге исполняется тридцать пять лет. Ей нравятся серебряные изделия.
– Жақында түскен білезіктерді көрсетейін. Мінеки, қараңыз. Ұлттық әшекейлер бар, заманауи білезіктер бар. – Позвольте показать вам новое поступление браслетов. Есть национальные украшения, есть современные браслеты.
– Мына қызыл тасы бар әдемі екен. Ұнаса, сол ұнар оған. – Вот этот с красным камнем красивый. Если и понравится, то этот скорее понравится.
– Білегі жіңішке ме еді? – Запястье у неё тонкое?
– Иә, жасөспірімнің білегіндей. – Да, как у подростка запястье.
– Онда дәл осы білезік оған үйлеседі. – Тогда ей подойдёт именно этот браслет.
– Жеңілдік жасайсыз ба? – Скидку сделаете?
– Егер жұбайыңыздың куәлігі болса, туған күніне орай жасаймыз. – Если есть удостоверение супруги, то ко дню рождения сделаем.
– Бәрекелді, міне, білгендей сөмкеме салып алып едім. – Здорово, вот, как будто знал, положил в сумку.
– Жиырма пайыз жеңілдік жасаймыз. Бағасы отыз екі мыңға шықты. – Сделаем двадцатипроцентную скидку. Вышло на тридцать две тысячи.
– Көп рақмет. Мына картадан ала қойыңыз ақысын. – Большое спасибо. Спишите с этой карты стоимость, пожалуйста.
– Жарайды. Чегіңіз мінеки. Саудаңызға рақмет. Ендігі туған күнінде күтеміз. – Хорошо. Вот ваш чек. Спасибо за покупку. Ждём на следующий день рождения.
– Бұйырса, келемін. Рақмет сізге. – Бог даст, приду. Спасибо вам.
9
– Қайырлы күн. – Добрый день.
– Сәлеметсіз бе. Қош келдіңіз. Жәрмеңкеміз кеше ғана басталды. Қалағаныңызды қарай беріңіз. – Здравствуйте. Добро пожаловать. Наша ярмарка началась только вчера. Смотрите, что пожелаете.
– Рақмет. Қалың тоқылған шұлық іздеп едім үйде киетін. – Спасибо. Я ищу тёплые вязаные носки для дома.
– Өзіңізге ме? – Для себя?
– Жоқ, анама. – Нет, маме.
– Таңдау көп: ешкінің түбітінен, қойдың жүнінен, шуда жіптен тоқылғаны бар, киіз шұлық та бар. – Выбор большой: есть вязаные из козьего пуха, из овечьей шерсти, из верблюжьей шерсти, есть и войлочные носки.
– Мәссаған, неткен көп. Көздің жауын алады екен. – Ничего себе, так много. Прямо глаз не оторвать.
– Иә, үлкен кісілер әсіресе шуда жіптен тоқылғанын мақтайды. Суық өткізбейді. – Да, пожилые особенно хвалят те, что из верблюжьей шерсти. Держат тепло.
– Маған да сол ұнап тұр еді. – Мне тоже они понравились.
– Ал шәлінің қайсысы жақсы? – А какая лучше среди шалей?
– Шәлінің ешкі түбітінен тоқылғаны әсіресе әдемі және жылы. – Шали, связанные из козьего пуха особенно красивые и тёплые.
– Онда сол екеуін салып беріңіз. – Тогда упакуйте их.
– Жарайды. Қалауыңыз білсін. – Хорошо. Как прикажете.
– Ақысы қанша? – Стоимость какая?
– Он екі мың болады, сіз екі тауар алғаныңыз үшін екі мың теңге жеңілдік жасаймыз. – Вышло на двенадцать тысяч, за то что вы приобрели два товара сделаем скидку – две тысячи тенге.
– Ой рақмет, анам мәз-мейрам болатын болды. – Ой, спасибо, мама так обрадуется.
– Сізге рақмет, келіп тұрыңыз. – Вам спасибо, приходите ещё.
10
– Сәлеметсіз бе. – Здравствуйте.
– Қайырлы күн. Не көмегім қажет? – Добрый день. Чем могу помочь?
– Дене қызуын басатын дәрі бар ма? – Есть жаропонижающие лекарства?
– Балаға ма, үлкен кісіге ме? – Для ребёнка или для взрослого?
– Сегіз жасар балаға. – Для восьмилетнего ребёнка.
– Қызудан басқа ауру белгілері бар ма? – Какие-либо симптомы болезни есть, кроме температуры?
– Жоқ, ыстығы көтеріледі тек кешке таман. – Нет, только температура поднимается ближе к вечеру.
– Жақсы, онда «Нурофен» шәрбатын берейін, дәріден көрі ішуге ыңғайлы. Бірақ дәрігерге тезірек қаратқаныңыз жөн. – Хорошо, тогда дам сироп «Нурофен», удобнее принимать, чем таблетки. Но вам лучше скорее показать его врачу.
– Рақмет. Қанша теңге төлеуім керек? – Спасибо. Сколько я должен оплатить?
– Мың екі жүз теңге. – Тысяча двести тенге.
– Қалғанын қайтармай-ақ қойыңыз. – Сдачи не надо.
– Тезірек жазылсын балаңыз. – Скорейшего выздоровления вашему ребёнку.
– Рақмет, әмин. – Спасибо, амин.
11
– Сәлеметсіз бе. – Здравствуйте.
– Сәлеметсіз бе. Не қалайсыз? – Здравствуйте. Что желаете?
– Тауық қосылған дөнер бар ма? – У вас есть донер с курицей?
– Бар. Нешеу? – Есть. Сколько вам?
– Екеуін беріңізші. – Дайте мне два.
– Алып кетесіз бе? Осында ма? – Вам с собой? Или здесь?
– Орап беріңіз, алып кетемін. – Заверните с собой.
– Жарайды. Он минуттай күте тұрыңыз. Дайын болғанда белгі беремін. – Хорошо. Подождите около десяти минут. Я дам сигнал, когда будет готово.
– Жарайды. А, ұмытып барады екенмін. Екі кола қоса салыңызшы. – Хорошо. О, чуть не забыл. Добавьте две колы, пожалуйста.
– Айтсаңыз болды, қосамын. – Как скажете, добавлю.
– Рақмет. Қанша? – Спасибо. Сколько?
– Екі мың болды барлығы. – Итого вышло на две тысячи.
– Ала қойыңыз. – Возьмите, пожалуйста.
– Рақмет. – Спасибо.
12
– Сәлеметсіз бе. – Здравствуйте.
– Сәлеметсіз бе. Не көмегім қажет? – Здравствуйте. Чем могу помочь?
– Мен ноутбук іздеп едім. – Я ищу ноутбук.
– Тамаша. Не мақсатпен: жұмыс, оқу үшін бе? – Прекрасно. Вам для каких целей: для работы, учебы?
– Иә, балам қашықтан оқып жатқандықтан қажет. – Да, сын учится дистанционно, поэтому нужен.
– Онда сізге ең қарапайым түрі жарайды. Мысалы, CORE i3, 4 гигабайт жады бар ASUS ноутбугы. – Тогда вам подойдет самый простой. Напимер, ноутбук ASUS CORE i3, с памятью 4 гб.
– Көрсетіңізші. – Покажите, пожалуйста.
– Мінеки, сөреде тұр. Қоймада жаңасы бар. Бірақ, қаласаңыз күштірегін таңдап бере аламын. Балаңыз компьютер ойындарын ойнайтын болса, бұл жарамайды. – Вот, на полке. На складе есть новый. Но если желаете, я могу вам выбрать помощнее. Если сын будет играть в компьютерные игры, этот не пойдёт.
– Жоқ, тек оқу үшін. Басқа қай өндірушілердің ноутбуктары бар сізде? – Нет, только для учебы. А каких еще производителей есть ноутбуки у вас?
– Бәрі бар, қаласаңыз көрсетейін, бірақ мен сізге бағасы ең тиімдісін көрсетіп тұрмын. Бөліп төлеп алуға да болады. – Все есть, если желаете, я покажу. Но я вам показала с самой выгодной ценой. Можно и в рассрочку купить.
– О, рақмет. Соны да ойлап қойып едім. Рақмет. – О, спасибо. Я об этом тоже задумывался. Спасибо.
– Ұнаса, онда кассаға бара беріңіз. Қағаздың бәрін рәсемдеген соң, әкеліп беремін. – Если понравился, то можете проходить на кассу. Принесу, как оформят все бумаги.
– Көп рақмет көмегіңіз үшін. – Большое спасибо за помощь.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
Вернуться к началу

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга