Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 38

Автор: Рауль Керимбаев

38-01
Қарымта қайтаруым керек. Мне нужно дать ответный удар.
Біздің жақта қар жауып тұр. У нас идёт снег.
Қойсаңдаршы! Давайте прекращайте!
Жүзіңіз таныс сияқты, бірақ қай жерде көргенімді есіме түсіре алмай тұрмын. Лицо Ваше кажется знакомым, но где я видел не могу вспомнить.
Қарындарың ашып жүрген шығар. Наверное, вы проголодались.
Ол күйеуге тиіп кетті ме? Она замуж вышла что ли?
Қалжыңдап тұрған жоқсыз ба? Вы не шутите?
Балалықты қашан қоясың? Когда ты прекратишь ребячиться?
Жоқтан өзгеге күле береді. Смеётся по пустякам.
Сіз көктен түстіңіз бе? Вы с неба спустились что ли?
38-02
Не істеу керек екенін мен жақсы білемін. Что нужно делать, я прекрасно знаю.
Менен басқа саған кім шынын айтады? Кто тебе скажет правду, кроме меня?
Сен сондай жақсы айттың - қысқа әрі нұсқа. Ты так хорошо сказал, коротко и ясно.
Бүгін қандай баға алдың? Сегодня какую оценку получил?
Әкем науқастанып жатыр. Папа болеет.
Алдыңғы күні Абай ауданында болған едік. Позавчера были в Абайском районе.
Бұл былай болған еді. Это было так.
Жауабы дұрыс деп ойлаймын. Я думаю, что его ответ правильный.
Неге жағдайды қиындатасың? Ты почему усложняешь ситуацию?
Мен одан не болғанын сұрап едім. Я спросил у него, что случилось.
38-03
Саған үлкен өтінішім бар. У меня к тебе есть большая просьба.
Бұл жайында ойлаған емеспін. Я не думал об этом.
Түскі астан кейін кездесерміз. После обеда встретимся.
Бүгінге жетер. На сегодня хватит.
Қайтесің, қызмет сондай. Что поделаешь, служба такая.
Отырыңыз, бір өте маңызды әңгіме бар. Садитесь, есть один очень важный разговор.
Он бес минуттен келіңіз. Подходите через 15 минут.
Сонда не істеу керек? Что тогда нужно делать?
Не істейтініңді өзің ойлан. Сам подумай, что нужно делать.
Бұлар қашан танысып үлгірген? Когда они успели познакомиться?
38-04
Өзің айтпасаң сұрамаймын. Если сам не скажешь, я не спрошу.
Дастархан жайылды ма? Стол накрыт?
Басқару тетігі бар ма? Есть пульт управления?
Бұл тақырыпты қозғама. Не затрагивай эту тему.
Бүгін менің өмірдегі ең бақытты күнім. Сегодня у меня снова самый счастливый день.
Енді жыми. А теперь улыбнись.
Сен де білмеуші едің? Ты тоже не знал?
Құдай үшін, күлкімді келтірмеші! Не смеши меня, ради Бога!
Ол әкесіне ұқсай ма? Он похож на отца?
Біз таңертеңнен бері дағдарып отырмыз. Мы в отчаянии с самого утра.
38-05
Мен уайымдап қалдым. Я забеспокоилась.
Ол қайғыдан құса болды. Он убит горем.
Ол сондай армандап еді. Он так мечтал.
Мені ұятқа қалдырма. Не позорь меня.
Енді ештеңе айтпа. Больше не слова не говори.
Далада тұрып қатып қалдым. Я замёрз на улице.
Бұл не әзілің? Это что за шутки?
Бұл мені жоспарымды бұзады. Это рушит мои планы.
Аққайнар мұздатқышта. Шампанское в морозильнике.
Сендер дайынсыңдар ма? Вы готовы?
38-06
Ешқандай қиындық жоқ па? Проблем нет никаких?
Сендер бастайсыңдар. Біз кейінірек қосыламыз. Вы начнёте. Мы чуть позже присоединимся.
Мен саған хабарласқалы жатыр едім. Я собирался звонить тебе.
Бүгін тамаша жайт орын алды. Сегодня произошло нечто замечательное.
Бұл менің асыл арманым. Это моя заветная мечта.
Куәгерлер өз жауаптарынан бас тартты. Свидетели отказались от своих показаний.
Ол азғын әйел секілді екі еркекпен кездесіп жүреді деп ойладың ба? Неужели ты думал, что она, как падшая женщина, будет встречаться с двумя мужчинами?
Тұрғын үй бағасы төмендеді. Цены на жильё снизились.
Ол молшылықта өмір сүруге үйренген. Он привык жить в роскоши.
Бұл біздің міндетіміз! Это наша обязанность!
38-07
Біздің бұған қатысымыз қанша? Мы тут причём?
Олар өздері айнып қалды. Они сами отказались.
Үнемі ойына келгенін істейді. Постоянно поступает так, как хочет.
Олай деудің қажеті жоқ. Не нужно так говорить.
Шыдауға тура келеді. Придётся потерпеть.
Ол сезіктеніп қалады. Он заподозрит.
Бұл түзелмейтін салдарға апарып соғуы мүмкін. Это может привести к непоправимым последствиям.
Ол әлі маған ұсыныс жасаған жоқ. Он ещё не сделал мне предложения.
Ол мені жанұясымен таныстырмады. Он не познакомил меня семьёй.
Ол саған өліп-өшіп жүрді ғой. Он же души в тебе не чаял.
38-08
Мен жаназаға барамын. Я иду на панихиду.
Үйде зерігіп қалма. Не скучай дома.
Зерікпеймін. Не буду скучать.
Оның қарны ашса, тамақ әзірлеп бер. Если он проголодается, приготовь ему поесть.
Жасырын қоңыраулар бітті. Анонимные звонки закончились.
Бәрі тоқтады. Всё прекратилось.
Олар ауылда. Они в селе.
Жұрттың бәрінен сұрап шығыңыз: бәлкім, олар бірдеңе білетін шығар. Спросите у всех людей: возможно, они что-то знают.
Таңғы ас он-он бес минуттан кейін дайын болады. Завтрак будет готов минут через 10-15.
Қалай, енді ризамысыз? Как, теперь Вы довольны?
38-09
Ол менің жүйкеме тиіп отыр. Он действует мне на нервы.
Мен адамдардың бет жүзін жақсы есте сақтаймын. У меня хорошая память на лица.
Жүрегінің терең түкпірінде. В глубине души.
Бұл - кешеуілдеп жарылатын бомба. Это бомба замедленного действия.
Ашық есік күні. День открытых дверей.
Араласып тұрайық. Давайте общаться.
Жұмыс маңыздырақ. Работа важнее.
Менің клиенттерім көп. Соларды тастап кете алмаймын. У меня много клиентов. Я не могу их бросить.
Кеш болмайды. Үйлеріңе тараңдар. Вечер отменяется. Расходитесь по домам.
Мұны күтпеген жерден айттың. Ты это так неожиданно сказал.
38-10
Ол аздап мазасыз әйел. Она немного сварливая женщина.
Қандай әдемі есім. Какое красивое имя.
Бірақ ол өктемшіл әйел. Бірден ескертіп қояйын. Но она властная. Сразу предупреждаю.
Өзің уәде еттің ғой. Ты же обещал.
Жарайды, дедім ғой. Я же сказал ладно.
Сен тек ашуланба. Ты только не злись.
Бас аяғыңды. Шагай быстрее.
Өскенде батыр боласың. Когда вырастешь будешь богатырём.
Осы үйде жындыхана ашылатын қыламыз. В этом доме похоже мы откроем дурдом.
Туған күніңді атап өтейік. Давай отметим твой день рождения.
38-11
Ширек сағат күтейік. Подождём четверть часа.
Мен Сізден сұрап тұрмын ғой. Неге үндемейсіз? Я же у Вас спрашиваю. Почему молчите?
Мұның бәрі жалпы сөз ғой. Всё это общие слова же.
Бұл әңгіме осы жерде қалсын. Пусть этот разговор останется здесь.
Мен жалғыз болғым келеді. Я хочу быть один.
Маған осы жерде жайлы. Мне здесь удобно.
Сен артық ештеңе айтқан жоқсың ба? Ты не сказал ничего лишнего?
Бұлай деу күнәкарлық. Грех так говорить.
Баяғыда кетіп қалды. Давно ушёл.
Мені қадағалағанды қойшы. Хватит меня контролировать.
38-12
Маған еркіндік керек. Мне нужна свобода.
Бәрінен да сен сұлу. Ты красивее всех.
Мен оған барлығын айтып бердiм. Я ему всё рассказал.
Қылмыскер ұсталды. Преступник задержан.
Қатты жел соғып тұр. Дует сильный ветер.
Бәрі де сенің айтқандай болады. Всё будет так, как ты скажешь.
Алжығанша бірге болыңдар. Будьте вместе до глубокой старости (шутл.).
Ол уәдесінде тұрды. Он сдержал обещание.
Киіміңізді шешіңіз. Төрлетіңіз. Раздевайтесь. Проходите.
Өтіңіз, өтінемін, былай шығыңыз. Прошу Вас, проходите сюда.
38-13
Сен қазақ тілін жақсы білесің бе? Ты хорошо знаешь казахский язык?
Қазақ тілін жақсы үйреніп жатырмын. Я хорошо учу казахский язык.
Қазақша кітап, газет-журналдарды көп оқу керек. Нужно много читать книги, газеты и журналы на казахском языке.
Үстелдің үстінде бос орын жоқ. На столе места больше нет.
Әкесімен дауласу қай әдетке жатады? Что за мода - спорить с отцом?
Менің шабытым болыңыз! Будьте моей музой!
Сіз мені ойландырып тастадыңыз. Вы меня озадачили.
Осылай болып жатқанына сене алар емеспін. Я не могу поверить, что это происходит.
Біреуді сүю қандай қиын. Как трудно любить какого-то.
Палаусыз дастарқан бола ма? Какой стол без плова?
38-14
Сен менің құпиямды ашып қойдың. Ты меня раскусила.
Құпияңды ашу қандай оңай. Как легко тебя раскусить.
Құлық жасама. Не хитри.
Ол қазір ұйықтап жатыр. Он сейчас спит.
Дәрігер дәрі берді. Доктор дал лекарства.
Ояған бойда хабарласады. Как проснется она позвонит.
Уәде бер маған. Пообещай мне.
Жақсы. Уәде етемін. Хорошо. Обещаю.
Саған тағы бірдеңе айтайын деп едім. Я бы ещё что-то хотел тебе сказать.
Бәрін қиратып алып, маған жөнде дейсің бе? Всё натворил ты, а мне расхлебывать?
38-15
Таң қаларлық ештеңе жоқ. Ничего удивительного нет.
Мен олай істей алмаймын. Я так не смогу сделать.
Неге тиісіп жатырсың? Чего пристаёшь?
«Б» жоспары сенде бар ма? У тебя есть план «Б»?
Мен солай істер едім. Я бы так сделал.
Қайтадан басына оралдық. Опять вернулись к началу.
Мынау не деген шимай жазу? Что за каракули это?
Ұқыптырақ жазсаңшы. Поаккуратнее пиши.
Маған қарсы бірдеңе ұйымдастыра қояды деп ойламаймын. Я не думаю, что против меня что-нибудь организуют.
Не, саған жаман болып тұр ма? Что, тебе плохо?
38-16
Ойлап, ойлап шешімге келдім. Думал, думал и решил.
Бәрі өзіңе байланысты. Всё зависит от тебя.
Істеген қылығың бәрі балалардың ісі. Все твои дела - детские выходки.
Көмек қажет болса айтасың. Скажешь, если нужна будет помощь.
Үміттеріңізді ақтай алмағаным үшін кешіріңіздер. Простите меня, что не смог оправдать ваши надежды.
Олар немене, бізден артық па? Они что, лучше нас?
Білмесең, үндемей жайыңа жүр! Если не знаешь, то иди молча прочь.
Мен неге жайыма жүруім керек? Почему я должен идти прочь?
Е, сен кім едің әй, сонша?! Да, кто ты такой?
Мен - менмін! Ал, не қыласың? Я, это - я. И что ты сделаешь?
38-17
Мен де менмін! Сен маған не қыласың? Я тоже - я. И что ты мне сделаешь?
Мұны көргің келе ме? Хочешь на это взглянуть?
Сіздің өтінішіңіз мен үшін бұйрықпен бірдей. Ваша просьба равняется для меня приказу.
Маған онымен тең келу қайда! Куда мне с ним равняться!
Сен қайда бет алдың? Ты куда собрался?
Өмір - бір-ақ рет берілетін сый. Жизнь - подарок, дающийся один лишь раз.
Алда жоспар көп. Впереди много планов.
Бірақ бекер әуре болғансың. Но зря Вы беспокоились.
Бәрі солай болып шықты. Всё так и вышло.
Қашан сүйттім? Когда я так поступал?
38-18
Өткенге өкінбе. Не жалей о прошлом.
Біз соған да мәз боп қаламыз. Мы и этому остаёмся рады.
Содан кейін не болды? Что было потом?
Оның аты-жөнін айтпай-ақ қояйын. Как его зовут говорить не буду.
Мен не, саған жаумын ба? Я тебе враг что ли?
Менің бұлай жасамауым керек еді. Мне не надо было это делать.
Біз әлі аяқтаған жоқпыз. Мы ещё не закончили.
Ол екі рөмкеге масайып қалды. Он опьянел с двух рюмок.
Алланың алдында да, заңның алдында да жауап бересің! Ты ответишь и перед Богом, и перед законом!
Сенің затың әйел емес пе, ер адамның шаруасына араласпа! Ты же женщина, не вмешивайся в мужские дела!
38-19
Қайда тыққанымда не шаруаң бар? Твоё какое дело, куда я спрятал?
Әйтеуір жақсы жерге тық. Всё-таки спрячь в хорошее место.
Ұрлап кетіп жүрмесін. А то ещё украдут. (Пусть не украдут)
Өмірде бәрі сондай оңай емес. В жизни всё не так просто.
Кейде солай істеуге де тура келеді. Порой мы и обязаны так делать.
Сенің шыдауың керек. Ты должен терпеть.
Мен «барамын» дегенмін. Я сказал, что пойду.
Екеуіміз бірге айтсақ жақсы болады. Будет хорошо, если мы вдвоём с тобой скажем.
Мені ешқашан жақсы көрген жоқсыңдар. Вы меня никогда не любили.
Мәңгілікке ажыраспаймыз ғой. Мы же не навечно расстаёмся.
38-20
Бақыттысыңдар ма? Вы счастливы?
Кез келген уақытта келіп тұрасың. Будешь приходить в любое время.
Қуана беріңдер, армандарың орындалды. Радуйтесь, ваша мечта сбылась.
Осылай істеуге мәжбүрміз. Мы вынуждены так сделать.
Мен қолымнан келгенше тырыстым. Я старался, как мог.
Бұған қарсы ештеңе айта алмайсың. Против этого ничего не скажешь.
Көп сөйлемеймін, солдатша қысқаша айтайын. Много говорить не буду, по-солдатски скажу коротко.
Менің қолым май. У меня руки в масле.
Сүлік сияқты жабысып, айырылмайды. Как пиявка прилипла и не отстаёт.
Өзін ұстай алмайтын нақұрыс. Неконтролирующий себя идиот.

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 37 Вернуться к началу Полезные фразы 39  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга