Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 32

Автор: Рауль Керимбаев

32-01
Біреуге тиіспесе, жүре алмайды. Оның мінезі сондай. Он не может, если к кому-то не придерётся. Такой у него характер.
Саған ұсынса, келісім берер ме едің? Ты согласился бы, если предложили?
Келісер едім. Я согласился бы.
Бүгін жаман жұмыс істеген жоқпыз. Сегодня мы не плохо поработали.
Сіз болмасаңыз облысымыз қараң қалады. Без вас наша область останется без присмотра.
Сіз халыққа керек адамсыз. Вы нужны людям.
Суық тиіп қалды дейсіз бе? Емделсеңізші. Ауырмаңыз. Говорите, что простыли? Давайте, лечитесь, пожалуйста. Не болейте.
Байқамай айтып қалыппын. Я нечаянно сказал.
Сіз менің жағдайымды түсініңіз. Вы поймите моё состояние.
Маған жақындамаңыздар. Не приближайтесь ко мне.
32-02
Әзірше нақты айта алмаймын. Я пока точно сказать не могу.
Нақты оны ешкім айта алмайды. Это никто не сможет сказать точно.
Бұл оқиға сіздерге сабақ болсын! Пусть этот случай послужит вам уроком!
Байғұс, уайымдап бітеді ғой. Бедняжка, изведёт себя переживаниями.
Шайды өзім құярмын. Чай я сама налью.
Не, сен ерекшесің бе? Ты что, особенный?
Ақырын жүріңізші. Неге сонша қатты жүргізесіз? Езжайте помедленнее. Почему так быстро едите?
Сізде қымбат екен. У вас дорого.
Бізде эксклюзивті тауарлар. У нас эксклюзивный товар.
Біз сізге еліктейміз. Мы Вам подражаем.
32-03
Мен өте қатты толқып тұрмын. Я очень сильно волнуюсь.
Сен маған ертегі айтуды қой. Перестань рассказывать мне сказки.
Әңгімеңізді жалғай беріңіз. Продолжайте свой рассказ.
Не деп едім? Что я говорил?
Тағы не айтасыз? Что ещё скажете?
Жоғалған нәрсе қайтып келмейді. Потерянное не вернётся.
Біздің бір өтінішімізді жерге тастама. Не откажи нам в одной просьбе.
Ол қандай өтініш? Что это за просьба?
Мынау гүл емес, сыпыртқы ғой. Это не цветы, а веник.
Сенің қолыңнан одан басқа не келеді? Что ты, кроме этого, ещё можешь сделать?
32-04
Білгіңіз келсе, айтайын. Если хотите знать, скажу.
Менің бір ауыз сөз айтқым келіп тұр. Я хочу сказать пару слов.
Тартып жіберіңіз. Выпейте «залпом».
Сіз мейірімді адам сияқтысыз. Вы вроде добрый человек.
Мен одан кек алдым. Я ему отомстил.
Ол өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Он не использовал свой шанс.
Қанша дегенмен ол сізден үлкен ғой. Как ни говори, он Вас старше.
Сіздің кәсібіңіз қандай? Ваша профессия?
Сіз кіммен сөйлесіп тұрғаныңызды білесіз бе? Вы знаете с кем говорите?
Мен шын айтып тұрмын. Я правду говорю.
32-05
Не айта қояр екен. Что он, интересно, скажет.
Жұрттың бәрі біледі. Все люди знают.
Қалаған уақытыңызда. В какое пожелаете время.
Байқа, бәріне басыңмен жауап бересің. Смотри, за всё ответишь головой.
Бұл үшін маған не болады? Что мне будет за это?
Бәрі елдің қамы үшін! Всё для людей!
Емделіңіз. Лечитесь.
Сіздерге хабар беріп үлгере алмадық. Мы не успели вам сообщить.
Бұл басқаларға да сабақ. Это и для других урок.
Неге екені белгісіз. Неизвестно почему.
32-06
Оның мінезін білесің ғой. Ты же знаешь его характер.
Өң бе, түс пе? Бұл не ғаламат? Это явь? Или сон? Что за чудо?
Болар іс болды, енді пешенемізден көрейік. Что сделано, то сделано, теперь посмотрим, что нам судьбой написано.
Мен асығыс шаруамен қалаға қайтып бара жатырмын. Я в связи со срочным делом возвращаюсь в город.
Оған медициналық жәрдем көрсетілді ме? Ему была оказана медицинская помощь?
Қарындасымнан аулақ жүр. Держись подальше от моей сестрёнки.
Рульге отыруға рұқсат етіңіз. Разрешите сесть за руль.
Шара қолданып жатырмыз. Мы принимаем меры.
Әй, маскүнем адамда ұят болушы ма еді? Да у пьяного человека разве есть совесть?
Бұл жайында кейін әңгімелесейік. Про это мы давай потом поговорим.
32-07
Отырыңыз. Апарып тастайын сізді. Садитесь. Довезу вас.
Балпылдап сөйлеп, кісіге тамақ ішкізбедің ғой. Ты же не даёшь поесть человеку своей болтовней.
Рақмет. Мен ішпейтін едім. Дәрігерлер рұқсат бермейді. Спасибо. Я не пью. Врачи не разрешают.
Сен бір жаққа баруға асығып отырсың ба? Ты куда-то торопишься идти?
Жұмысың болса, бөгемеймін. Если у тебя есть дело, не буду мешать.
Мен фактіге сенемін. Я верю фактам.
Қарсы болмасаңыз, мен барайын. Если Вы не против, я пошёл.
Сіз менің сұрағыма жауап бермедіңіз. Вы не ответили на мой вопрос.
Біз жаңа ғана тамақ ішіп шықтық. Мы только что покушали.
Құрғақ сөз ас болмас. Разговорами сыт не будешь.
32-08
Сіз қолымның бос емес екенін көріп тұрсыз ғой. Вы же видите, что я занят.
Неге айтпадыңыз? Почему не сказали?
Сіз бара беріңіз. Қажет болса, шақырармын. Вы можете идти. Если будет нужно, я вызову.
Сіздің көмегіңіз керек боп тұр. Нужна Ваша помощь.
Ересек адам себепсіз үйінен безбейді. Взрослый человек беспричинно не сбегает из дома.
Даяр болған кезде маған айтарсыз. Скажите мне, когда будет готово.
Қарашы, уақыт қалай тез өтеді. Өстіп жүріп өмірдің өткенін де білмей қаламыз. Ты посмотри, как время быстро проходит. Так и не узнаем, как жизнь прошла.
Мазалағаным үшін кешірім сұраймын. Кетуіңізге болады. Простите за беспокойство. Можете идти.
Неменеге шақыртыпты? Зачем вызывали?
Мені бекер жазғырасыз. Вы зря меня обвиняете.
32-09
Осыдан өзің қорытынды жасай бер. Делай сам вывод из этого.
Ыстық тамақ әкелгенше жүрек жалғай тұрайық! Пока не принесли горячего, перекусим.
Бұл жерден шапшаң кетіңіз! Быстро уходите отсюда!
Мен көргенімді айттым. Я сказал, что видел.
Келіп кетіңіз! Зайдите!
Қиын болмаса, айтыңызшы. Если Вам не трудно, расскажите, пожалуйста.
Онымен байланысқым келмейді. Не хочу с ним связываться.
Сен бүйтіп әзілдеме. Ты так не шути.
Отпен ойнамайды. С огнём не играют.
Сіріңкеңіз бар ма? У Вас есть спички?
32-10
Оны сот шешеді. Это решит суд.
Қарыздар болмаймын. Я в долгу не останусь.
Маған таңбаңыз. Не навязывайте мне.
Ол қуана келісті. Он с радостью согласился.
Кім арқылы байланыс жасадыңыз? Через кого связь держали?
Әй, сүмірейіп неге тұрсың? Ты что стоишь, такой жалкий?
Осы жерде қозғалмай тұр. Стой здесь, никуда не двигайся.
Мен сізге келіп едім. Я к вам пришёл.
Бәрін рет-ретімен баянда. Доложи всё по порядку.
Бірінші-бірінші, сізді тыңдап тұрмын. Первый-первый, я Вас слушаю.
32-11
Әбігерленбе. Не суетись.
Енді кімге керекпін мен? Теперь кому я нужен?
Шет қақпаңыз. Не оставьте без внимания.
Сіз маған қарағанда жассыз. Вы, сравнении со мной, моложе.
Өзіңіз ойлаңызшы, ол маған не үшін керек? Сами подумайте, зачем мне это нужно?
Мен олай дегенім жоқ. Я так не говорил.
Ол жаққа өзім барып қайтам. Я сам туда съезжу.
Жоқ, айтайын дегенім ол емес. Нет, я не это хотел сказать.
Сіз оның айтқан сөзіне сенесіз бе? Ты веришь его словам?
Ешқандай дәлелім жоқ. Никаких доказательств у меня нет.
32-12
Қамықпа. Не огорчайся.
Бәрібір өтірік әшкереленеді. Всё равно обман выявится.
Түйіндей айтқанда... Резюмируя...
Бұл біз үшін аса маңызды мәлімет. Это для нас важные сведения.
Кейде маған мынадай ой келеді... Иногда мне приходит вот такая мысль...
Ала бер, кейін байығанда қайтарасың. Бери, потом, как разбогатеешь отдашь.
Әлгі жұмыс не болды? Что с тем делом?
Сен анықтадың ба? Ты выяснил?
Таң атпай қайда кетіп барасың? Ты куда идешь с утра пораньше?
Сіз мені шақыртып па едіңіз? Вы меня вызывали?
32-13
Бізге сіздің көмегіңіз керек. Нам нужна Ваша помощь.
Сізге қалай көмектесе аламын? Как я могу вам помочь?
Соншама неге бәлсінесің! Зачем так важничаешь?
Кіріңіз, жоғары шығыңыз, мына жерге отырыңыз. Входите, проходите, садитесь вот сюда.
Сау барып, аман қайтыңыз! Езжайте и возвращайтесь живым-здоровым!
Бізді сыйлағанды Құдай сыйласын! Пусть Бог уважит тех, кто уважает нас!
Сіз мына адамды танисыз ба? Вы знаете этого человека?
Ол үңіліп қарады. Он пристально посмотрел.
Жоқ, бірінші рет көріп отырмын. Нет, первый раз вижу.
Үшінші тәулікке кетті. Пошли третьи сутки.
32-14
Кете беруіңізге болады. Можете идти.
Адамда не билік, не байлық болу керек екен. У человека должны быть - либо власть, либо богатство.
Жаныңызға алып, үйретсеңізші. Возьмите к себе, научите.
Өзіңді қорлай бермеші. Не унижай себя.
Сізді жерге қаратпаймын. Я Вас не подведу.
Мен білгенімді айтып жатырмын ғой, ренжімеңіз! Не обижайтесь, я же говорю то, что знаю.
Келіспесеңдер, есік ашық. Если не согласны, двери открыты.
Барып, бағымды сынап көрейін. Пойду, попытаю счастья.
Ондай іспен айналыспаймын. Я такими делами не занимаюсь.
Тәуекелсіз табыс жоқ. Без риска нет дохода.
32-15
Анығына жетпей, байбалам салма. До конца не разобравшись, не поднимай шумихи.
Мәссаған, кімді көріп тұрмын, өңім бе, түсім бе? Вот это да, кого я вижу, это во сне или наяву?
Не істейміз? Кегімізді қайтармаймыз ба? Что будем делать? Будем мстить?
Кінәлі еместігіңді білеміз. Мы знаем, что ты не виноват.
Арақ тілдің тиегін ағытар. Водка развязывает язык.
Мен сыпайылап айттым. Я вежливо сказал.
Ештеңе сұрамай-ақ қойыңызшы. Ничего не спрашивайте, пожалуйста.
Болмайтын нәрсені айтпашы. Не говори ерунды, пожалуйста.
Неге олай дейсің? Почему ты так говоришь?
Ондай жағдайда не істеу керек? Что нужно делать в таких случаях?
32-16
Бұрмалауға батылым жетпейді. Фальсифицировать у меня смелости не хватает.
Дәлелді ережелеріңіз жоқ па? Нет ли у вас подтверждающих правил?
Бір амалын табуға болатын еді ғой. Можно же было бы найти какой-нибудь выход.
Кімнің қандай ұсынысы, ойы, жорамалы бар? У кого какие есть предложения, мысли, предположения?
Бізде нақты жоспар жоқ. У нас нет конкретного плана.
Не деген жүйкеңіз көндей қалың еді. Какие у Вас крепкие нервы.
Бақылауды жалғастырыңдар. Продолжайте наблюдение.
Мен саған не жамандық жасадым? Что я тебе сделал плохого?
Ал сен не деп ойлап едің? А ты что думал?
Әзірше нақты ештеңе айта алмаймын. Конкретно пока ничего не могу сказать.
32-17
Айтқан сөзімнен бас тартпаймын. От своих слов я не отказываюсь.
Қандай көмек көрсете аламыз? Чем мы можем Вам помочь?
Қазақ ділі. Казахский менталитет.
Құр сөздің қажеті қаншама? Какой толк от пустых слов?
Кездесуіміз кездейсоқтық еместей көрінеді. Наша встреча кажется не случайной.
Айнып қалған жоқсың ба? Ты не передумал?
Бәрі жағдайға байланысты. Всё зависит от ситуации.
Мезгілсіз уақытта келгендеймін. Я вроде не вовремя пришёл.
Өзіңді кінәлі санама. Не считай себя виноватым.
Кетеріңде маған кіріп шық. Зайди ко мне перед уходом.
32-18
Сен ағылшынша білесең бе? Ты знаешь по-английски?
Күнтізбеге қара. Біз өзі қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз? Посмотри на календарь. В каком веке мы живём?
Неге араласа бересің? Что ты вмешиваешься?
Менің кетуім керек. Мне нужно идти.
Мен ондай ештеңе айтқан жоқпын. Я ничего такого не говорил.
Саған айтпағанда кімге айтамын енді. Ну, кому я еще скажу, как не тебе.
Ал сен оңай болады деп ойладың ба? А ты думала, что будет легко?
Біз өзіміз ешкімге ұсыныс жасамаймыз. Мы сами никому предлагать не будем.
Жұмысқа жиналып жатырмын. Собираюсь на работу.
Қайдағы жұмыс? Бүгін сенбі ғой. Какая работа? Сегодня же суббота.
32-19
Қарапайым тілмен айтқанда. Говоря простым языком.
Неге мені мазақ етіп тұрсыңдар? Зачем вы надо мной издеваетесь?
Мен не істедім сендерге? Что я вам сделал?
Басқа мүмкіндік болмайды. Другого шанса не будет.
Мен жұмысымның бәрін кеше бітіріп қойдым. Я все свои дела закончил ещё вчера.
Неге состиып тұрып қалдың? Кел, отырсаңшы. Что ты растерянный стоишь? Иди, садись давай.
Қандай шешім қабылдадың? Какое ты принял решение?
Ол қайда кеткен? Ертеңгіліктен таппай жүрмін. Он куда ушёл? Я с утра его не могу найти.
Бос әурешілік. Пустые хлопоты.
Семейде менің ағайын-туыстарым өте көп. В Семее у меня много родственников.
32-20
Мен қазақша жаза бастадым. Я начала писать по-казахски.
Қазір бәрімізге де қиын. Сейчас каждому из нас нелегко.
Бар, өз жұмысымен айналыс. Иди, занимайся своей работой.
Ойпырмай, енді не болар екен! Ох, что теперь будет!
Біз кейбір мәселелерін талқылағымыз келеді. Мы хотели бы обсудить некоторые вопросы.
Мұндай ойындар маған арналмаған. Такие игры не для меня.
Менің қателіктерімнен сабақ ал. Учись на моих ошибках.
Бұл мүмкіндік, соны пайдалануың керек. Это шанс, ты должна им воспользоваться.
Маған қасарысасың ба? Ты будешь мне перечить?
Ол қай жерден екен? Он откуда?

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 31 Вернуться к началу Полезные фразы 33  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга