Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 40

Автор: Рауль Керимбаев

40-01
Бізге ешкім ештеңе айтқан жоқ. Нам никто ничего не сказал.
Сондай керемет шығыпсыңдар! Как хорошо вы получились (на фото)!
Бар қиындық артта қалса екен. Пусть всё обойдётся.
Енді көңілім орнына түсті. Теперь я спокоен.
Сен ойланбай әрекет етіп отырсың. Ты действуешь необдуманно.
Олай істеуің мүмкін емес. Ты не мог так сделать.
Бірақ мен солай істедім. Но я так сделал.
Жоқ, сен мені қынжылтқың келеді. Нет, ты меня просто хочешь расстроить.
Оған қарсылар да, оны жақтайтындар да бар. Этому есть противники, и есть сторонники.
Бәріне көнейін бе? Мне что смирится со всем этим?
40-02
Жоқ. Мен саған көн деп отырған жоқпын. Нет, я не говорю тебе, чтобы смирилась.
Мен саған көнген кейіп таныт дедім. Я говорю, что сделай вид, что смирилась.
Саған қыздың сөздері әсер еткен жоқ па? А на тебе не подействовали слова девушки?
Әсер етті. Подействовали.
Ол бізге жақсылап тойтарыс берді. Он дала нам хороший отпор.
Сен не істеп жатырсың? Что ты делаешь?
Сіздің киімдеріңіз көшіріп әкеліп жатырмын. Переношу Ваши вещи.
Сіздің киімдеріңізді шкафта жайғастырып қоямыз. Ваши вещи повесим в шкафу.
Менің заттарымды мұнда әкеліңдер деп кім айтты? Кто сказал перенести мои вещи сюда?
Үлкен ханым бұйырды. Старшая госпожа приказала.
40-03
Бәрін менің бөлмеме апарыңдар. Жылдам. Всё перенесите в мою комнату. Быстрее.
Бірақ, сен де мені түсінуге тиіссің. Но и ты должен меня понять.
Көршілерге не айтасың? Что скажешь соседям?
Енді сен менің оң қолым боласың. Теперь ты будешь моей правой рукой.
Тек менің бұйрықтарымды орындайсың. Будешь выполнять только мои приказы.
Түк байқамаппын. Я ничего не заметил.
Оның үстіне, біздікілер астыртын есеп-қисап жүргізген-ау деп күдіктенемін. Кроме того, я подозреваю, что наши ведут чёрную бухгалтерию.
Маған қараңыз, кезкелген фирмада астыртын есеп болады. Послушайте меня, в любой фирме есть чёрная бухгалтерия.
Бірақ бұл шектен шыққандық. Но это уже слишком.
Мұндай жағдаймен барлық жерде қақтығысасың. Ты повсюду столкнёшься с такой ситуацией.
40-04
Салық төлемеудің амалы. Способ сокрытия налогов.
Ал мен не істей аламын? А я что могу сделать?
Мен сенен көмектен үлкен нәрсе сұрап отырмын. Я прошу у тебя больше, чем помощь.
Менімен бірге жұмыс істегеніңді қалаймын. Я хочу, чтобы мы вместе работали.
Күшімізді біріктірейік. Объединим силы.
Біздің тәжірибеміз мен ақылымызды пайдаланайық. Используем наш опыт и ум.
Мен сені кешірдім деп ойлама. Ты не думай, что я простил тебя.
Солай болуы керек. Так должно быть.
Бірақ сен мені өлтірдің. Но ты меня убил.
Оның не айтқысы келгенін түсінген жоқпын. Я не понял, что он хотел сказать.
40-05
Бұл бізге де, сендерге де жақсы болған жоқ. Это ни нам, ни вам хорошего не принесло.
Сен үшін уайымдадым. Я переживал за тебя.
Бұл өте маңызды іс. Это очень важное дело.
Бұл ірі тапсырыс қой. Это крупный заказ.
Көруге бола ма? Можно посмотреть?
Аяғы не болды? Чем закончилось?
Қандай проблемаларың бар? Какие у тебя проблемы?
Өзіңе жаның ашымайды ма? Тебя самого себя не жалко?
Қалауыммен емес, қажеттіліктен. Не по-моему желанию, а по необходимости.
Бұл орын маған лайық емес. Это место не для меня.
40-06
Жарайсың. Бірден түсінді. Молодец. Сразу понял.
Таңертең ұшып келдім, шаршап тұрмын. Я прилетел утром, устал.
Қазір келіп қалады. Сейчас подойдёт.
Менің айтқандарымды ойладың ба? Ты подумала над моими словами?
Мені қолдайсың ба? Ты меня поддерживаешь?
Өтінемін, бірдеңе деші. Прошу, скажи что-нибудь.
Менімен бөліскің келмей ме? Ты не хочешь со мной поделиться?
Сонда ол нені қалайды? И что он хочет?
Сен бақытсыздық әкелесің. Ты приносишь несчастья.
Оның жұмысын кім атқарады? Кто будет выполнять его работу?
40-07
Қажет болса, мен істеймін. Если понадобится, я буду.
Полицейлер бірдеңе айтты ма? Полицейские что-то сказали?
Рөлге ие бола алмай қалған. Не справился с управлением руля.
«Жоқ» деп айту оңай дейсің бе? Думаешь легко ли сказать: «Нет».
Олар бейшараның түбіне жетеді. Они погубят беднягу.
Мен әбден шаршадым. Барып ұйықтайыншы Я окончательно устал. Пойду посплю.
Әлі біраз боласың ба? Ещё немного побудешь?
Дүйсенбі күні Стамбулға кетемін. В понедельник еду в Стамбул.
Жарайды, байбалам салма. Әлі уақыт бар. Ладно, не паникуй. Время ещё есть.
Мен сенің әкеңмен сөйлестім. Я поговорил с твоим отцом.
40-08
Неге осындаймыз? Почему мы такие?
Оны анасы тым еркелетіп жіберген. Его мать очень избаловала.
Әйелдің орны күйеуінің жанында. Место женщины рядом с мужем.
Өйткені мен әулеттің басшысымын. Потому что я глава семьи.
Бүкіл отбасы маған қарап тұр. Вся семья смотрит на меня.
Қазір көнуім керек. Сейчас я должен подчиниться.
Бастамашы тағы да. Не начинай снова, пожалуйста.
Сен мұнда не істеп отырсың? Что ты здесь делаешь?
Маған хабарыңды беріп тұр. Держи меня в курсе.
Үйде отыра берсіңдер ме? Дома будете сидеть что ли?
40-09
Сенің қолыңнан бәрі келеді! Ты можешь всё!
Ата-анамды ренжіткім келмейді. Я не хочу обижать родителей.
Оған да үйреніп қалдым. Я и к этому привык.
Мұның бәрі не үшін? Для чего всё это?
Мұны бәрі түсінеді. Это все поймут.
Сіз қателігіңізді түзетіңіз. Вы исправляйте свою ошибку.
Жауап бер. Ответь.
Ол қолымды былғамаймын деді. Он сказал, что не будет марать руки.
Оның кезегі келеді. Придёт его очередь.
Енді осыған көз жұма қарайсың ба? И ты закроешь глаза на всё это?
40-10
Егер бұл мәселені қазір шешпесең, кейін кеш болады. Если не решишь этот вопрос, потом будет поздно.
Мұны өзім де білемін. Я и сам это знаю.
Бәрін жақсылап ойластыру керек. Надо всё хорошо обдумать.
Мен оның не қалайтынын білемін. Білгенде қалай! Я знаю, что он хочет. Ещё как знаю!
Рақмет, мен білмеген екенмін. А я не знал, спасибо.
Сен əлі жылап отырмысың? Ты до сих пор плачешь?
Келе жатырмын, шай қоя бер. Я еду, можешь готовить чай.
Шайдан алып отырыңыз. Пейте чай.
Түкке тұрмайтын затқа ренжи берме. Не обижайся на пустяки.
Көмектесіңдер! Өлтіріп жатыр! Полиция! Помогите! Убивают! Полиция!
40-11
Ақша жоқ, дәмеленбе. Не надейся, денег нет.
Сіз қазақша үйреніп жатырсыз ба? Вы учите казахский язык?
Синоптиктердің болжауынша. По прогнозам синоптиков.
Менің некем бар. Я женат.
Ойласу ретінде. В порядке обсуждения.
Кезекшілігім жақсы өтті. Моё дежурство хорошо прошло.
Осыны істегенсіз ғой? Это вы же сделали?
Бұл жайлы қалай сабыр сақтап сөйлей аласың. Как ты можешь говорить об этом, сохраняя спокойствие.
Не болып жатқанын түсінер емеспін. Нечего не понимаю, что происходит.
Біртүрлі естіліп тұр. Странно слышится.
40-12
Сендер қай жерде таныстыңдар? Где вы познакомились?
Кімге мұнымыз шағамыз? Кому жаловаться на это?
Қазір ол маңызды емес. Сейчас это не важно.
Сізбен әлі жолығамыз. Мы еще с Вами встретимся.
Мен тек адал тапқан нанымды жеп отырмын. Я ем хлеб чисто заработанный.
Мүмкін біреуің мені мына сұлумен таныстырарсыңдар? Может кто-нибудь один меня познакомит с этой красотой?
Толқығаннан тіпті абыржып қалдым ғой. Я от волнения совсем растерялся.
Бақтан күтіп баптауда білетін көп адамдай көріндіңіз. Мне показалось, что вы разбираетесь в садовых делах.
Бірден белгілі өз ісіңіздің шеберісіз. Сразу видно мастера своего дела.
Бірдеңе сұрайыншы: «Мұнда жұмыс істегеніңізге көп болды ма?» Спрошу кое-что: «Вы давно здесь работаете»?
40-13
Он бес жылдан астам уақыт. Больше пятнадцати лет.
Ұзақ мерзім. Огромный срок.
Маған бүгін қысым жасамашы, өтінемін. Прошу, не дави на меня сегодня.
Мен де бір шешімге келермін. Я тоже приду к какому-либо решению.
Егер қаласаң табар едің. Если бы захотел, то нашел бы.
Қойсаңшы, мына түрімен өзіңді әбден діңкелетіп бітіретін болдың ғой. Прекращай, таким путём ты окончательно выбьешься из сил.
Бұның еш қажеті жоқ. Никакого толка от этого.
Ал сен болсаң, менің өмірімді құртың. А ты испортил мне жизнь.
Өңің қашып кетіпті ғой. Не болды? Ты неважно выглядишь. Что случилось?
Қанша айтқанмен туған әкең ғой. Как ни говори, а он всё-таки родной отец.
40-14
Ол енді менің кінәм бе? Это разве моя вина?
Бұл өте шұғыл. Это очень срочно.
Жақсылап нүкте-үтіріне дейін қарау керек. Нужно всё хорошо посмотреть, до точки с запятой.
Дегенмен, біз ғажап заманда өмір сүріп жатырмыз-ау! В интересное время живём, однако!
Қаражаттан қағажу көрмеңіздер! Пусть не будет у Вас денежных проблем!
Жалақы есебіне берілетін қолма-қол ақша. Наличные под зарплату.
Қауіп әрі ыңғайлы. Безопасно и удобно.
Басқаларға үлгі бол! Будь примером для других!
Қай командаға жанкүйерсіз? За какую команду Вы болеете?
Араларыңнан қандай ала мысық өтіп кеткенін білмеймін. Не знаю, какая кошка пробежала между вами.
40-15
Түрлі елдерде демалғаныңды қалаймын. Хочу, чтобы ты отдыхала в разных странах.
Сен ондай өмірге лайықсың. Ты достойна такой жизни.
Сен жақсы өмір сүрудің қолдан келгенше бәрін жасадым. Я всё делал, чтобы ты жила хорошо.
Мен үшін ең бастысы - сенің амандығың. Для меня самое главное - твоё благополучие.
Бірақ, сен анда-санда болсын маған қоңырау соқ. Но ты хоть иногда звони мне.
Ал мынау сен жақсы көретін шоколад қосылған печенье. А это твоё любимое печенье с шоколадом.
Мен арсыз әйел деп ойлап қалмаңыз! Не подумайте, что я бессовестная женщина!
Мекенжайыңызды жазып беруіңізді сұраймын. Напишите, пожалуйста, Ваш адрес.
Мені осы мекенжайға жеткізіп салыңызшы. Отвезите меня, пожалуйста, по этому адресу.
Сен неге оған тиісіп жатырсың? Ты почему к нему придираешься?
40-16
Менің қайтып келетін ойым жоқ. Возвращаться у меня нет мысли.
Ешқашан мұны біз өзгерте алмаймыз. Никогда нам это не изменить.
Біз бір шешімін табуға тырысып жатырмыз. Мы стараемся найти какое-нибудь решение.
Мен ешқайда бармаймын. Я никуда не пойду.
Жоқ, ештеңе деме. Нет, ничего не говори.
Жүрек жалғап алайық. Давай перекусим.
Енді күтуге шама жоқ. Ждать больше нет сил.
Сенен кешірім сұрайтындай сен кім едің? Кто ты такая, чтобы у тебя просить прощения?
Қызғаныштан қаның қайнайды. От зависти у тебя кровь кипит.
Сен сол жерде болдың, бәрін көрдің. Не болғаны айтып берші. Ты там был, всё видел. Расскажи, что было, пожалуйста.
40-17
Олар үйден бірге жүгіріп шықты. Они вместе выбежали из дому.
Екеуі де ашулы болды, айқаласып жатты. Обои рассерженные, кричали друг на друга.
Не өзгере қалды? Что изменилось?
Менің көңіл-күйімді бұзбасаң болмай ма? А можешь не портить мне настроение?
Мен әйел құмармын ба? Разве я бабник?
Танымал қорғаушы. Известный адвокат.
Ғашық болып қалғансың ба? Ты что влюбился?
Оны жақсылап тұрып аяғынан шалды. Его хорошо подставили.
Бағалы заттарын банкте сақтамайтындары қызық екен. Странно, что они не держат драгоценности в банке.
Мынаны не істейміз? С этим что будем делать?
40-18
Оның қажеті шамалы, ештеңеге жарамсыз деп ойлаймын. Думаю, что они незначительны и ни на что не годны.
Төлқұжаттарды сонымен бірге лақтырып таста. Выброси их вместе с документами.
Қара, қарашы! Көрушілердің қатары минут сайын өсуде. Посмотри, количество просмотров растёт с каждой минутой.
Бірақ бұны ғаламторға не үшін салдың? Но зачем ты выложил это в интернет.
Жүз пайыз сенімдімін соның ісі. Я уверен на сто процентов, что это её работа.
Маған да сол жұмбақ. И для меня это загадка.
Адамдар неге осындайға барады? Зачем люди идут на такое?
Бәрі ақша үшін. Всё ради денег.
Ұрыс-керіске жақсы ақша береді. За скандалы хорошо платят.
Әлгі бала не істеп жатыр екен? Что делает, интересно, тот парень?
40-19
Осыны қалай түсінбеуге болады. Как можно этого не понять.
Тағы бірдеңе бүлдіріп кетіп, сол үшін телефон шалып жатқан болар. Что-то снова натворил, и поэтому звонит, наверное.
Кейде махаббат бізді ақымақтыққа итермелейді. Порой любовь нас толкает на совершение глупости.
Адамның көзін шел басады, ештеңені көрмейді. Человек слепнет и ничего не видит.
Бірақ соған бола, махаббатқа деген сенімді жоғалтпа. Но несмотря на это, не теряй веру в любовь.
Бірақ соншалықты сенгіш болма. Но не будь чересчур доверчивым.
Сен менің жалғыз ұлымсың және мен сенімен әрқашан бірге болуға дайынмын. Ты мой единственный сын и я всегда готов быть рядом с тобой.
Қане, барып оны демеп жібер. Давай поддержи её.
Көңілім құлазып қатты ұялып тұрмын. Я разбит, мне сильно стыдно.
Полиция іздестіру шараларын бастап кетті. Полиция уже начала расследование.
40-20
Тек қырағы болыңдар. Только будьте бдительнее.
Не үшін деп ойлайсың? Из-за чего, ты думаешь?
Нағыз еркек ештеңеден қорықпайды. Настоящий мужчина ничего не боится.
Түсінуге тырысшы. Постарайся понять.
Ол мені жай алдап кетті. Она меня просто обманула.
Мен басқаға емес, саған қайран қалып отырмын. Я никому-то другому, а тебе поражаюсь.
Ол ұйымдасқан қылмыстық топ. Это организованная преступная группа.
Ол мені тұзаққа түсірді. Она меня загнала в ловушку.
Барлығы жоспарланғаны анық. Ясно, что всё спланировано.
Көмектескен кездерім де болды. Даже помогал ему как-то.

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 39 Вернуться к началу Полезные фразы 41  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга