Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие
Знакомство
Время
Просьба
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
 Цитаты и пр.
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
Разговорник
Жаңа толқын

 Кирил/Latyn 

Приятного аппетита

Ас болсын / As bolsyn
Краткий русско-казахский сборник


Составитель: Рауль Керимбаев

ПА-1
Ас дәмді болсын! Приятного аппетита! As dámdi bolsyn!
Тамақ ішкің келе ме? Ты хочешь кушать? Tamaq ishkiń kele me?
Мен таңғы ас дайындап жіберейін. Я приготовлю завтрак. Men tańǵy as daıyndap jibereıin.
Тамақ алдында қолыңды жу. Перед едой помой руки. Tamaq aldynda qoldy jý.
Жүр, тамақ ішеміз. Идём, покушаем. Júr, tamaq ishemiz.
Қарным ашып кетті. Я проголодался. Qarnym ashyp ketti.
Дастархан дайын. Жүріңіздер! Стол накрыт. Пойдёмте! Dastarhan daıyn. Júrińizder!
Қадірлі қонақтар, дәм тартып отырыңыздар. Дорогие гости, угощайтесь. Qadirli qonaqtar, dám tartyp otyryńyzdar.
Қазыдан ауыз тиіңіздер. Казы попробуйте. Qazydan aýyz tıińizder.
Тамақ алыңыздар, түс кезі ғой. Ешьте, время обеда же. Tamaq alyńyzdar, тtús kezi ǵoı.
ПА-2
Не жегің келеді? Что хочешь покушать? Ne jegiń keledi?
Сіз не берсеңіз соны жеймін. Что Вы дадите, то буду есть. Siz ne berseńiz sony jeımin.
Палау жегім келеді. Я хочу поесть плова. Palaý jegim keledi.
Жегім келмейді. Я не хочу есть. Jegim kelmeıdi.
Ең болмаса нан ауыз тиіңіз. Хотя бы отведайте хлеб. Eń bolmasa nan aýyz tıińiz.
Кішкене болса да жеп алшы, өтінемін. Я прошу, хоть немного, но поешь. Kishkene bolsa da jep alshy, ótinemin.
Нан ауыз тиіп кетейін. Давайте, я попробую еду и пойду. Nan aýyz tıip keteıin.
Маған қант қосылмаған шай. Мне чай без сахара. Maǵan qant qosylmaǵan shaı.
Шай сүтпен ба? Сүтсіз болсын ба? Чай с молоком? Или пусть будет без молока? Shaı sútpen ба? Sútsiz bolsyn ba?
Кел, шайыңды іш. Иди пить чай. Kel, shaıdy ish.
ПА-3
Нан кесіп жіберші. Нарежь, пожалуйста хлеба. Nan kesip jibershi.
Таңғы асқа жүр. Пойдём завтракать. Tańǵy asqa júr.
Бір үзім нан әперіп жіберші. Передай, пожалуйста, кусочек хлеба. Bir úzim nan áperip jibershi.
Біздің ас беруші. Наша кормилица. Bizdiń as berýshi.
Тамағыңды салшы, қарным ашты. Положи еды, я проголодался. Tamaǵdy salshy, qarnym ashty.
Мен ас үйге барып шай дайындаймын. Я иду на кухню и буду готовить чай. Men as úıge baryp shaı daıyndaımyn.
Мен асханадан тамақтандым. Я покушал в столовой. Men ashanadan tamaqtandym.
Түстеніп жатырсыңдар ма? Вы обедаете? Tústenip jatyrsyńdar ma?
Дастарханға өтіңдер. Проходите к столу. Dastarhanǵa ótińder.
Егер аш болсаң бір нәрсе әзірлеп берейін. Если ты голодный, я могу что-нибудь приготовить. Eger ash bolsań bir nárse ázirlep bereıin.
ПА-4
Жоқ, мен аш емеспін. Нет, я не голодный. Joq, men ash emespin.
Қиярдан жасаған салатты қалар едім. Я хотел бы салат из огурцов. Qıardan jasaǵan salatty qalar edim.
Тамақтан ал ыстық кезінде. Покушай, пока горячее. Tamaqtan al ystyq kezinde.
Жеңдер, тамақ алыңдар. Кушайте, ешьте. Jeńder, tamaq alyńdar.
Рақмет, апа, жеп отырмыз. Спасибо, апа, мы кушаем. Raqmet, apa, jep otyrmyz.
Ыстықтай тамақ алып отырыңдар. Ешьте, пока еда горячая. Ystyqtaı tamaq alyp otyryńdar.
Балам, салып жесеңші, жолдан келдің ғой. Сынок, накладывай и ешь, ты же с дороги. Balam, salyp jeseńshi, joldan keldiń ǵoı.
Ал қазір шай ішеміз. А сейчас будем пить чай. Al qazir shaı ishemiz.
Қонақтар кетті, ал енді өзіміз отырып адам сияқты дұрыстап шай ішейік. Гости разошлись, а теперь давайте сядем и по-человечески, как следует, сами попьём чаю. Qonaqtar ketti, al endi ózimiz otyryp adam sıaqty durystap shaı isheıik.
Кез-келген түсініксіз жағдайда отыр да шай іш. В любой непонятной ситуации садись и пей чай. Kez-kelgen túsiniksiz jaǵdaıda otyr da shaı ish.
ПА-5
Сен таңертең кофе ішесің бе, әлде шай ішесің бе? Ты по утрам кофе или чай пьёшь? Sen tańerteń kofe ishesiń be, álde shaı ishesiń be?
Сорпаның дәмін татып көрші. Попробуй-ка бульон. Sorpanyń dámin tatyp kórshi.
Жей ғой, құлыным. Тауыспай ешқайда кетпейсің. Кушай, мой жеребёночек. Пока не съешь, никуда не пойдёшь. Jeı ǵoı, qulynym. Taýyspaı eshqaıda ketpeısiń.
Рақмет, бірақ мен ары қарай тамақ іше алмаймын. Спасибо, но я не могу больше есть. Raqmet, biraq men ary qaraı tamaq ishe almaımyn.
Жақсылап тамақтан, сен бой жетіп келесің. Хорошо ешь, ты сейчас растёшь. Jaqsylap tamaqtan, sen boı jetip kelesiń.
Сүтпен шай құйып беріңізші. Налейте мне чай с молоком. Sútpen shaı quıyp berińizshi.
Лимон қосылған шай беріңізші. Дайте чай с лимоном. Lımon qosylǵan shaı berińizshi.
Қане, асың дайын ба? Ну, как, готова, твоя еда? Qane, as daıyn ba?
Дәл қазір жағдайда астың тоқсан бес пайызы дайын деуге болады. На данный момент, можно сказать, готовность 95 процентов. Dál qazir jaǵdaıda astyń toqsan bes paıyzy daıyn deýge bolady.
Таңертеңнен бері дәм татқаным жоқ. Я с утра ничего не ел. Tańerteńnen beri dám tatqanym joq.
ПА-6
Қай жерде тез тамақтануға болады? Где можно быстро перекусить? Qaı jerde tez tamaqtanýǵa bolady?
Асхана алыс па? До столовой далеко? Ashana alys pa?
Бірге тамақтанайық. Давай поедим вместе. Birge tamaqtanaıyq.
Таңертең мен ашыққанымды сезбеймін. Утром я не чувствую голода. Tańerteń men ashyqqanymdy sezbeımin.
Таңертең мен жеңіл тамақтанамын. Утром у меня лёгкий завтрак. Tańerteń men jeńil tamaqtanamyn.
Ал мен жақсы тамақтанғанды ұнатамын. А я люблю хорошо поесть. Al men jaqsy tamaqtanǵandy unatamyn.
Мен әдетте төрт рет тамақтанамын. Бірінші тамақтану кезім ол - таңертеңгі ас. Я обычно ем 4 раза в день. Время приёма первой пищи - завтрак. Men ádette tórt ret tamaqtanamyn. Birinshi tamaqtaný kezim ol - tańerteńgi as.
Мен кофені ұнатамын және күнде ішемін. Мне нравится кофе, и я пью его каждый день. Men kofeni unatamyn jáne kúnde ishemin.
Қант мол салынған қою кофе ішемін. Я пью крепко заваренный кофе с большим количеством сахара. Qant mol salynǵan qoıý kofe ishemin.
Таңертеңгі асқа сен не дайындап қойдың? Ты что приготовила на завтрак? Tańerteńgi asqa sen ne daıyndap qoıdyń?
ПА-7
Бүгін шұжық, жұмыртқа, ірімшік, нан мен май. На сегодня колбаса, яйцо, сыр, хлеб с маслом. Búgin shujyq, jumyrtqa, irimshik, nan men maı.
Лимон қосылған шай бар ма? А есть чай с лимоном? Lımon qosylǵan shaı bar ma?
Мен шайды лимонмен ішкенді жақсы көремін. Я люблю пить чай с лимоном. Men shaıdy lımonmen ishkendi jaqsy kóremin.
Тәбет тамақтану уақытында келеді. Аппетит приходит во время еды. Tábet tamaqtaný ýaqytynda keledi.
Жұмыртқа қуырып бересіз бе? Вы можете для меня приготовить яичницу? Jumyrtqa qýyryp beresiz be?
Жарайды, қуырып берейін. Ладно, пожарю. Jaraıdy, qýyryp bereıin.
Жұмыртқа қуырып жатырмын. Я готовлю яичницу. Jumyrtqa qýyryp jatyrmyn.
Төкпей, шашпай дұрыстап салсаңшы. Ложи правильно, не разливая, не рассыпая. Tókpeı, shashpaı durystap salsańshy.
Жұмыртқа қуыра салу керек еді. Надо было пожарить яичницу. Jumyrtqa qýyra salý kerek edi.
Қолдарыңды жудыңдар ма? Вы руки помыли? Qoldardydyńdar ma?
ПА-8
Таңғы ас өзім дайындаймын, ал сен баламен айналыс. Завтрак я приготовлю сама, а ты занимайся ребёнком. Tańǵy as ózim daıyndaımyn, al sen balamen aınalys.
Келіңіздер тамақ дайын, суытпай ішіп алыңдар! Идите кушать, еда готова, пока не остыла поешьте! Kelińizder tamaq daıyn, sýytpaı iship alyńdar!
Келіңдер, тамақ ішіп алыңдар. Идите покушать. Kelińder, tamaq iship alyńdar.
Тамақ алыңдар, қарындарың ашқан шығар. Давайте кушайте, проголодались, наверно. Tamaq alyńdar, qaryndar ashqan shyǵar.
Тамақ алыңдар, шай ішіңдер. Пейте чай, давайте кушайте. Tamaq alyńdar, shaı ishińder.
Қане дастарханға келіңдер, тамақтанайық. Давайте все к столу, будем кушать. Qane dastarhanǵa kelińder, tamaqtanaıyq.
Ал енді тамақтанайық. Кел, отырыңдар. Ну, теперь, давайте покушаем, подходите, усаживайтесь. Al endi tamaqtanaıyq. Kel, otyryńdar.
Тамақты салып алыңдар. Ложите себе еду и кушайте. Tamaqty salyp alyńdar.
Маған дастарқан жаюға көмектесші. Помоги мне накрыть стол. Maǵan dastarqan jaıýǵa kómektesshi.
Төрлетіңіздер! Қазір шай ішеміз. Проходите в зал! Сейчас будем пить чай. Tórletińizder! Qazir shaı ishemiz.
ПА-9
Төрге шық, мен қазір шай әзірле п жіберейін. Сосын отырып шай ішеміз. Проходи в зал, я сейчас приготовлю чай. Потом сядем и попьем чаю. Tórge shyq, men qazir shaı ázirlep jibereıin. Sosyn otyryp shaı ishemiz.
Төрлетіңіздер, отырыңыздар. Дәм татпай кетуге болмайды. Проходите, садитесь. Не отведав еды, уходить нельзя. Tórletińizder, otyryńyzdar. Dám tatpaı ketýge bolmaıdy.
Кішкене болса да ауыз тиші. Хоть немного, но отведай нашей еды. Kishkene bolsa da aýyz tıshi.
Астан ауыз ти. Отведай нашу пищу. Astan aýyz tı.
Нан ауыз ти. Отведай нашего хлеба (еды). Nan aýyz tı.
Ауыз ти, өкінбейсің. Отведай еды, не пожалеешь. Aýyz tı, ókinbeısiń.
Ас ішкен уақытында. Во время еды. As ishken ýaqytynda.
Тамақ алдында. Перед едой. Tamaq aldynda.
Астан кейін. После еды. Astan keıin.
Қатты ыстық тамақ ішпеңіз. Не ешьте слишком горячую пищу. Qatty ystyq tamaq ishpeńiz.
ПА-10
Суды көбірек ішіңіз. Пейте больше воды.dy kóbirek ishińiz.
Суды бірнеше рет қайнатпаңыз. Не кипятите воду несколько раз.dy birneshe ret qaınatpańyz.
Әже, сіз ас пісірудің шеберісіз. Аже, вы мастер приготовления пищи. Áje, siz as pisirýdiń sheberisiz.
Бар тамағын іш. Иди, поешь. Bar tamaǵyn ish.
Тамақты жейсің бе? Тамақты жылытайын. Ты будешь кушать? Я разогрею еду. Tamaqty jeısiń be? Tamaqty jylytaıyn.
Сен жұмыртқа қуырып үйреніп алшы. Ты научись готовить яичницу. Sen jumyrtqa qýyryp úırenip alshy.
Бүгін түстіккe нe әзірлeйін сізгe? Вам сегодня на обед, что приготовить? Búgin tústikke ne ázirleıin sizge?
Үйде бір асым ет бар. Дома есть мясо на одну варку. Úıde bir asym et bar.
Қызым, шай қой, құдағимен рахаттанып шай ішейік. Дочка, поставь чай, мы со сватьей попьем чаю с удовольствием. Qyzym, shaı qoı, qudaǵımen rahattanyp shaı isheıik.
Ай, келін, не, шай ішіне тас түсті ме? Екі сағат күткенімізге болды, әкелсеңші. Эй, невестка, в твой чайник камень попал что ли? Два часа, как ждём, давай, неси. Aı, kelin, ne, shaı ishine tas tústi me? Eki saǵat kútkenimizge boldy, ákelseńshi.
ПА-11
Мен салат дайындап қойдым. Я приготовила салат. Men salat daıyndap qoıdym.
Маған тәтті және майлы тамақты жеуге болмайды. Мне сладкую и жирную пищу есть нельзя. Maǵan tátti jáne maıly tamaqty jeýge bolmaıdy.
Дастарханға әртүрлі тағамдар қойылды. Стол был уставлен разными яствами. Dastarhanǵa ártúrli taǵamdar qoıyldy.
Апельсин шырынынан құйып берші. Налей мне апельсиновый сок. Apelsın shyrynynan quıyp bershi.
Менің бал жегім келіп тұр. Я хочу поесть меда. Meniń bal jegim kelip tur.
Тамақ жасап жатырмын. Я готовлю кушать. Tamaq jasap jatyrmyn.
Түскі асқа не дайын? Что готово на обед? Túski asqa ne daıyn?
Түскі ас әзір ме? Обед готов? Túski as ázir me?
Маған тұз беріп жібересің бе? Ты можешь мне передать соль? Maǵan tuz berip jiberesiń be?
Мен қуырылған ет пен картопты жақсы көремін. Я люблю жаренное мясо с картошкой. Men qýyrylǵan et pen kartopty jaqsy kóremin.
ПА-12
Өте дәмді болды. Было очень вкусно. Óte dámdi boldy.
Қарақат қосылған шай иммунитет күшін көтереді. Чай со смородиной повышает иммунитет. Qaraqat qosylǵan shaı ımýnıtet kúshin kóteredi.
Қандай қышқыл лимон! Какой кислый лимон! Qandaı qyshqyl lımon!
Біріншіге, екіншіге қандай тамақ бар? Что у вас есть на первое, второе? Birinshige, ekinshige qandaı tamaq bar?
Сіздердің арнайы тағамдарыңыз қандай? Какие ваши фирменные блюда? Sizderdiń arnaıy taǵamdaryńyz qandaı?
Мен бір жеңілірек тамақ аламын. Я возьму что-нибудь лёгкое. Men bir jeńilirek tamaq alamyn.
Айтпақшы, шайға бірдеңе-сірдеңе ала салшы! Кстати, возьми что-нибудь к чаю. Aıtpaqshy, shaıǵa birdeńe-sirdeńe ala salshy!
Бауырсақ жегім келеді. Хочу кушать баурсаки. Baýyrsaq jegim keledi.
Бүгін мәнті жасаймыз. Сегодня будем делать манты. Búgin mánti jasaımyz.
Тәбеті ашылды. Аппетит проснулся. Tábeti ashyldy.
ПА-13
Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Хлеб нельзя разбрасывать (крошки), кидать на землю, давать пропадать ему. Nandy shashýǵa, jerge tastaýǵa, basýǵa, rásýa etýge bolmaıdy.
Нан - дәм басы, онсыз өмір жоқ. Хлеб - главная пища, без него нет жизни. Nan - dám basy, onsyz ómir joq.
Түскі ас кезінде. Во время обеда. Túski as kezinde.
Тамақтану режимін бұзуға болмайды. Нельзя нарушать режим питания. Tamaqtaný rejımin buzýǵa bolmaıdy.
Балаға тамақ беретін уақыт болды. Время кормить ребёнка. Balaǵa tamaq beretin ýaqyt boldy.
Сәбіз бой өсіру үшін пайдалы. Морковь полезна для роста. Sábiz boı ósirý úshin paıdaly.
Мына салаттың құрамында қызанақ пен қияр бар ма? В составе этого салата есть помидор и огурец? Myna salattyń quramynda qyzanaq pen qıar bar ma?
Торт тым тәтті. Торт слишком сладкий. Tort tym tátti.
Тамақты менсіз іше беріңдер. Кушайте без меня. Tamaqty mensiz ishe berińder.
Тамақ ішкім келіп тұрған жоқ. Я не хочу кушать. Tamaq ishkim kelip turǵan joq.
ПА-14
Тамақтанған кезде сөйлеуге, есінеуге болмайды. Во время еды нельзя говорить, зевать. Tamaqtanǵan kezde sóıleýge, esineýge bolmaıdy.
Тосап алыңыз. Ешьте варенье. Tosap alyńyz.
Мынаны өзіңіз пісірдіңіз бе? Вы это сами сварили? Mynany ózińiz pisirdińiz be?
Тағы шай ішіңіз. Пейте ещё чаю. Taǵy shaı ishińiz.
Сен нені сүйсініп жейсің? Что ты любишь поесть? Sen neni súısinip jeısiń?
Сен қашан тамақ жейсің? Ты когда будешь кушать? Sen qashan tamaq jeısiń?
Марат, ыстық бауырсақ қашан жейміз? Марат, когда у тебя будет свадьба? (спрашивают у холостяков) Marat, ystyq baýyrsaq qashan jeımiz?
Қашан тамақ ішеміз? Когда будем кушать? Qashan tamaq ishemiz?
Сен шай қайната аласың ба? Ты можешь вскипятить чай? Sen shaı qaınata alasyń ba?
Сен таңертең ботқа жегенді ұнатасың ба? Тебе нравится кушать кашу по утрам? Sen tańerteń botqa jegendi unatasyń ba?
ПА-15
Компот ішесіз бе? Компот Вы будете? Kompot ishesiz be?
Ол қандай тамақты жақсы көреді? Какую еду он любит? Ol qandaı tamaqty jaqsy kóredi?
Жапондықтар қуырылған тамақты көп жемейді. Японцы жаренную пищу много не едят. Japondyqtar qýyrylǵan tamaqty kóp jemeıdi.
Арықтауға арналған тамақ. Еда для похудения. Aryqtaýǵa arnalǵan tamaq.
Кей кезде біз ірімшік және қаймақ жейміз. Иногда мы едим творог и сметану. Keı kezde biz irimshik jáne qaımaq jeımiz.
Десертке не болады? Что на десерт? Desertke ne bolady?
Қуырылған балық кімге ұнайды? Кому нравится жаренная рыба? Qýyrylǵan balyq kimge unaıdy?
Ай, шай ішпейміз бе өзі? Эй, мы не будем пить чай что ли? Aı, shaı ishpeımiz be ózi?
Ал ыстық тамақ, ас тамақтанайық. Так, давайте покушаем, отведаем горячей пищи. Al ystyq tamaq, as tamaqtanaıyq.
Біз тамаққа кешігеміз. Мы опоздаем к обеду. Biz tamaqqa keshigemiz.
ПА-16
Бикеш, тамақ әзір. Барышня, кушать подано. Bıkesh, tamaq ázir.
Палауды ұнатасың ба? Тебе нравится плов? Palaýdy unatasyń ba?
Жейтін нәрсе ала келейін бе? Принести что-нибудь поесть? Jeıtin nárse ala keleıin be?
Тамағым кеуіп қалды. У меня в горле пересохло. Tamaǵym keýip qaldy.
Не ішкің келеді? Что ты хочешь пить? Ne ishkiń keledi?
Білмеймін. Нені алуға кеңес бересің? Не знаю. Что ты посоветуешь взять? Bilmeımin. Neni alýǵa keńes beresiń?
Мен кофе қалаймын. Я кофе хочу. Men kofe qalaımyn.
Әже, не пісіріп жатырсың?! Бабушка, что за еду ты готовишь? Áje, ne pisirip jatyrsyń?!
Шай ішпесек басымыз ауырады. Будет болеть голова, если не попьём чаю. Shaı ishpesek basymyz aýyrady.
Түскі асқа қуырылған бауыр дайындайын ба? Ты на обед приготовила жаренную печень? Túski asqa qýyrylǵan baýyr daıyndaıyn ba?
ПА-17
Мен сені кешкі асқа шақырамын. Я приглашаю тебя на ужин. Men seni keshki asqa shaqyramyn.
Кәне, түстік асқа бізде не бар екен? Так, что у нас есть на обед? Káne, tústik asqa bizde ne bar eken?
Қазір шай әзірлеймін. Сейчас чай приготовлю. Qazir shaı ázirleımin.
Мені кешке асқа шақырғанына рақмет. Спасибо за приглашение на ужин. Meni keshke asqa shaqyrǵanyna raqmet.
Қолыңды жу. Мен дастархан жасаймын. Мой руки. Я накрою стол. Qoldy jý. Men dastarhan jasaımyn.
Сорпа ішесің бе? Будешь бульон? Sorpa ishesiń be?
Жейтін нәрсе бар ма? Есть что-нибудь покушать? Jeıtin nárse bar ma?
Жейтін бір нәрсе ала келіңіз. Принесите что-нибудь поесть. Jeıtin bir nárse ala kelińiz.
Менің қарным ашты, жейтін нәрсе беріңдерші! Я проголодался, дайте мне что-нибудь поесть! Meniń qarnym ashty, jeıtin nárse berińdershi!
Жүріңіз, шай ішейік. Пойдёмте пить чай. Júrińiz, shaı isheıik.
ПА-18
Бұл - жеуге жарамайтын тамақ. Это несъедобная пища. Bul - jeýge jaramaıtyn tamaq.
Әже тәтті тоқаштар пісірді. Бабушка испекла сладкие булочки. Áje tátti toqashtar pisirdi.
Жүр, тамақ ішіп алайық. Пойдём, покушаем. Júr, tamaq iship alaıyq.
Тамағыңыз дәмді екен. А еда у Вас вкусная. Tamaǵyńyz dámdi eken.
Кешке көп тамақ ішкен зиян. Вечером есть много вредно. Keshke kóp tamaq ishken zıan.
Ботқа өте пайдалы тағам. Каша - очень полезная еда. Botqa óte paıdaly taǵam.
Бізде саңырауқұлақ сорпасы қалды ма? У нас остался грибной бульон. Bizde sańyraýqulaq sorpasy qaldy ma?
Иә, қазір ысытайын. Да, сейчас подогрею. Iá, qazir ysytaıyn.
Тамақтануға қалай қарайсың? Как насчёт того, чтобы перекусить? Tamaqtanýǵa qalaı qaraısyń?
Не ішесіздер? Что вы будете пить? Ne ishesizder?
ПА-19
Маған қуырылған ет пен картоп, екі тілім нан. Мне жаренное мясо с картошкой, два кусочка хлеба. Maǵan qýyrylǵan et pen kartop, eki tilim nan.
Тағы бір кесе шай ішесіз бе? Ещё чашечку чая? Taǵy bir kese shaı ishesiz be?
Алтыдан кейін жемеймін. Я после шести не кушаю. Altydan keıin jemeımin.
Диетадамын. Я на диете. Dıetadamyn.
Жегім келіп тұрған жоқ. Я не хочу кушать. Jegim kelip turǵan joq.
Осылар не жеп семіреді. Они что едят, что так толстеют. Osylar ne jep semiredi.
Апамнан дәмді тамақ күнде жейміз деп семіріп кететін болдық. Каждый день, кушая вкусную еду бабушки, мы потолстели. Apamnan dámdi tamaq kúnde jeımiz dep semirip ketetin boldyq.
Ол аштан өліп жатқан жоқ. Он не умирает от голода. Ol ashtan ólip jatqan joq.
Ыстық бауырсақ алыңыз. Бал қосылған чак-чак жеп көріңіздер. Берите горячие баурсаки. Попробуйте чак-чак с мёдом. Ystyq baýyrsaq alyńyz. Bal qosylǵan chak-chak jep kórińizder.
Бауырсақ қандай дәмді! Какие вкусные баурсаки! Baýyrsaq qandaı dámdi!
ПА-20
Бауырсақты сондай жақсы көрем, бірақ пісіре алмаймын. (көрем=көремін) Я так люблю баурсаки, но не умею их готовить. Baýyrsaqty sondaı jaqsy kórem, biraq pisire almaımyn. (kórem=kóremin)
Қаласаң, мен саған бауырсақтың рецептін жазып берейін. Если хочешь, я напишу тебе рецепт как готовить баурсаки. Qalasań, men saǵan baýyrsaqtyń reseptin jazyp bereıin.
Ет жегім келеді. Я хочу есть мясо. Et jegim keledi.
Балмұздақ жейік. Давай поедим мороженое. Balmuzdaq jeıik.
Ас дайын, беті-қолыңды жуып кел. Еда готова, мой лицо, руки и подходи. As daıyn, beti-qoldyyp kel.
Тұзы өткір боп кетпесін. (боп=болып) Не пересоли. (Пусть не будет пересолёно) Tuzy ótkir bop ketpesiń. (bop=bolyp)
Нан турайын ба? Нарезать хлеба? Nan týraıyn ba?
Туу, иісі мұрын жарады! Не пісіріп жатырсың? Туу, так вкусно пахнет! Что ты готовишь? Týý, ıisi muryn jarady! Ne pisirip jatyrsyń?
Кешкі асқа лағман жасап жатырмын. К ужину готовлю лагман. Keshki asqa laǵman jasap jatyrmyn.
Шай ішкім келіп тұр. Я хочу пить чай. Shaı ishkim kelip tur.
ПА-21
Орамжапырақты қалай тұздайды? Как солят капусту? Oramjapyraqty qalaı tuzdaıdy?
Қарның ашса, қазір тойғызамыз. Если проголодался, сейчас накормим. Qarn ashsa, qazir toıǵyzamyz.
Кез келген ер адам етті тамақты ұнатады. Любому мужчине нравится мясная еда. Kez kelgen er adam etti tamaqty unatady.
Ол тамақты дәмді пісіреді. Он вкусно готовит. Ol tamaqty dámdi pisiredi.
Дәмді ме? Вкусно? Dámdi me?
Тіл үйірерлік. Просто объедение. Til úıirerlik.
Шайға тәтті бір нәрсе бар ма? К чаю есть что-нибудь сладкое. Shaıǵa tátti bir nárse bar ma?
Қандай тағамды ұнатасың? Что тебе нравится из еды? Qandaı taǵamdy unatasyń?
Кешкі сағат алтыдан кейін тамақ жемеуге тырысамын. После шести часов вечера стараюсь не кушать. Keshki saǵat altydan keıin tamaq jemeýge tyrysamyn.
Саған таңғы ас әзірледім. Я приготовил тебе завтрак. Saǵan tańǵy as ázirledim.
ПА-22
Нанға май жағып же. Намазывай масло на хлеб. Nanға maı jaǵyp je.
Шайды сүтпен құяйын ба, жоқ, сүтсіз бе? Чай тебе налить с молоком или нет, без молока? Shaıdy sútpen quıaıyn ba, joq, sútsiz be?
Маған бәрі бір, сүтпен құйсаңыз бола береді. Мне все равно, пусть будет с молоком. Maǵan bári bir, sútpen quısańyz bola beredi.
Ұялмай астан алып отыр. Кушай, не стесняясь. Uıalmaı astan alyp otyr.
Сен теледидар көріп отыра тұр, мен шай дайындап жіберейін. Ты посиди посмотри телевизор, я приготовлю чай. Sen teledıdar kórip otyra tur, men shaı daıyndap jibereıin.
Тамақ әзірлейін бе? Приготовить еду? Tamaq ázirleıin be?
Қажеті жоқ, тоқпын. Не нужно, я сыт. Qajeti joq, toqpyn.
Демек, сен кешкі асқа келмейсің ғой. Значит, ты не придёшь на ужин. Demek, sen keshki asqa kelмеısiń ғой.
Қане, тамақ алыңдар. Жеп ішіңдер. Давайте, угощайтесь. Ешьте. Qane, tamaq alyńdar. Jep ishińder.
Бұйырған тамақты дұрыстап жеп ал. Поешь хорошенько, что Бог послал. Buıyrǵan tamaqty durystap jep al.
ПА-23
Тез барып тамағыңды іш! Быстро иди, поешь! Tez baryp tamaǵdy ish!
Жеші енді. Ну, ешь, пожалуйста. Jeshi endi.
Өзің жей салшы, өтінем. Прошу, сама съешь, пожалуйста. Óz jeı salshy, ótinem.
Саған қандай ботқа ұнайды? Тебе какая каша нравится? Saǵan qandaı botqa unaıdy?
Балам, дастарханға отыр, сорпаңды құйып қойдым, суытпай ішіп ал! Сынок, садись за стол, я налила тебе бульон, выпей, пока он не остыл. Balam, dastarhanǵa otyr, sorpańdy quıyp qoıdym, sýytpaı iship al!
Отыр үстелдің басына. Садись за стол. Otyr ústeldiń basyna.
Неге тамақтарыңды ішпей тарқап кеттіңдер? Почему разбежались, не покушав? Nege tamaqtardy ishpeı tarqap kettińder?
Мен тамақтанбаймын. Я не буду есть. Men tamaqtanbaımyn.
Мен таңғы асымды ішейін деп жатырмын. Я собираюсь завтракать. Men tańǵy asymdy isheıin dep jatyrmyn.
Орамжапырақты жіңішкелеп тура. Режь капусту мелко. Oramjapyraqty jińishkelep týra.
ПА-24
Тамақ ішкенде сөйлемеңдер деп сендерге мың рет айттым ғой! Я же вам тысячу раз говорила, что, когда едите, не разговаривайте! Tamaq ishkende sóılemeńder dep senderge myń ret aıttym ǵoı!
Сен кешкі асқа келесің бе? Ты придёшь на ужин? Sen keshki asqa келesiń be?
Ұйықтар алдында қандай тағамдар жеуге болады? Какую еду можно съесть перед сном? Uıyqtar aldynda qandaı taǵamdar jeýge bolady?
Жатарда тамақ жеуге болмайды. Перед сном кушать нельзя. Jatarda tamaq jeýge bolmaıdy.
Сенің сүйікті тамағың не? Какая твоя любимая еда? Seniń súıikti tamaǵ ne?
Ол кешеден бері нәр татпады. Он со вчерашнего дня ничего не ел. Ol kesheden beri nár tatpady.
Жоқ, жоқ, шай ішпеймін, жаңа ғана қарнымды тойғызып алғанмын! Нет, нет, я чай пить не буду, только что досыта наелся. Joq, joq, shaı ishpeımin, jańa ǵana qarnymdy toıǵyzyp alǵanmyn!
Шіркін, бүгін бешбармақ жейміз! О, сегодня будем есть бешбармак! Shirkin, búgin beshbarmaq jeımiz!
Бүгін тамақтандыңыз ба? Вы ели сегодня? Búgin tamaqtandyńyz ba?
Қарныңыз тоқ па? Вы сыты? Qarnyńyz toq pa?
ПА-25
Жеп тойып ал, ол жақта бұндай тамақ кім береді саған? Поешь досыта, кто тебя там такой едой накормит? Jep toıyp al, ol jaqta bundaı tamaq kim beredi saǵan?
Сен тамақтанып қойдың ба? Ты уже поел? Sen tamaqtanyp qoıdyń ba?
Үстелдің бетін сүртші. Вытри, пожалуйста, стол. Ústeldiń betin súrtshi.
Алманы жуып жедің бе? Ты съел яблоко, а помыл его? Almanyyp jediń be?
Балам, іше ғой, жей ғой. Өзің жүдеп кеткенсің бе? Сынок ешь, пей, пожалуйста. Ты похудел что ли? Balam, ishe ǵoı, jeı ǵoı. Óz júdep ketkensiń be?
Тәбетім болмай тұр. У меня аппетита нет. Tábetim bolmaı tur.
Шай ішіп отырып менің сұрақтарыма жауап бере берерсің. За чаем ты ответишь на мои вопросы. Shaı iship otyryp meniń suraqtaryma jaýap bere berersiń.
Сағат бесте үйде тамақ дайын тұратын болсын. Чтобы в пять часов еда в доме была готова. Saǵat beste úıde tamaq daıyn turatyn bolsyń.
Көп қыртпай, тамақ пісіріп қой. Приготовь еду, много не болтай. Kóp qyrtpaı, tamaq pisirip qoı.
Сенің тамағың дәмсіз, ішпеймін. Еда твоя невкусная, не буду есть. Seniń tamaǵ dámsiz, ishpeımin.
ПА-26
Мен айран ішіп, май мен нан жедім. Я выпил кефир, поел хлеба с маслом. Men aıran iship, maı men nan jedim.
Көп сөйлей берсең, тамағың суып қалады. Будешь много говорить, твоя еда остынет. Kóp sóıleı berseń, tamaǵyp qalady.
Тоңазытқышта тамағың тұр, ысытып жеп ал. В холодильнике стоит твоя еда, подогрей и поешь. Tońazytqyshta tamaǵ tur, ysytyp jep al.
Түсті тамақ дайын болды. Обед готов. Tústi tamaq daıyn boldy.
Бүгінгі тамағың ерекше дәмді екен. Сегодня ты приготовила по-особенному вкусно. Búgingi tamaǵ erekshe dámdi eken.
Маған қуырылған тамақты көп жеуге болмайды. Мне нельзя есть много жаренной пищи. Maǵan qýyrylǵan tamaqty kóp jeýge bolmaıdy.
Менің сүйікті тамағым бесбармақ. Мое любимая еда - бешбармак. Meniń súıikti tamaǵym besbarmaq.
Сәбіз өте пайдалы. Морковь очень полезна. Sábiz óte paıdaly.
Жұмысқа барарда міндетті түрде тойып тамак ішіп алыңыз. Перед тем, как пойти на работу, сытно поешьте. Jumysqa bararda mindetti túrde toıyp tamak iship alyńyz.
Тамағың дайын тұр. Еда для тебя готова. Tamaǵ daıyn tur.
ПА-27
Әбден тойып алыңыз, бұдан кейін кешке бірақ тамақтанамыз. Хорошо поешьте, потом будем есть только вечером. Ábden toıyp alyńyz, budan keıin keshke biraq tamaqtanamyz.
Мейрамханадан тамақтанайық. Давайте покушаем в ресторане. Meıramhanadan tamaqtanaıyq.
Кешкілік тамақты азырақ іш. Вечернюю еду ешь меньше. Keshkilik tamaqty azyraq ish.
Тамақты алып, ішіп жеңіздер. Давайте берите, ешьте. Tamaqty alyp, iship jeńizder.
Мен ботқа жемеймін. Кашу я не ем. Men botqa jemeımin.
Сізге тамақ салайын ба? Вам (еды) положить? Sizge tamaq salaıyn ba?
Тамағың суып қалды ғой. Твоя еда остыла уже. Tamaǵып qaldy ǵoı.
Сізде картоп қосылған самса бар ма? У Вас есть пирожки с картошкой? Sizde kartop qosylǵan samsa bar ma?
Маған қою шай құйып беріңізші. Налейте мне крепкий чай, пожалуйста. Maǵan qoıý shaı quıyp berińizshi.
Етсіз тамақты тамақ санамайтын ер адамдар өте көп. Очень много мужчин, которые считают, что еда без мяса - не еда. Etsiz tamaqty tamaq sanamaıtyn er adamdar óte kóp.
ПА-28
Жарайды, үйге жүріңдер, шай ішеміз. Ладно, пошли в дом, попьём чая. Jaraıdy, úıge júrińder, shaı ishemiz.
Жемесең жеме. Не хочешь есть, не ешь. Jemeseń jeme.
Аз тамақ ішу үшін суды көп ішем. Пью много воды для того, чтобы меньше есть. Az tamaq ishý úshin sýdy кóp ishem.
Менімен бірге үйге жүр, ыстық бауырсаққа тоямыз. Идем со мной к нам домой, горячих баурсаков наедимся. Menimen birge úıge júr, ystyq baýyrsaqqa toıamyz.
Анам ет асып, бауырсақ пісіріп, мені тосып отыр екен. Мама, оказывается, приготовила бешбармак, нажарила баурсаки и ждёт меня. Anam et asyp, baýyrsaq pisirip, meni tosyp otyr eken.
Ай бәйбіше, тамағың дайын ба? Эй, жена, еда готова? Aı báıbishe, tamaǵ daıyn ba?
Ыстық самсаға шақырамын! Зову вас на горячие пирожки! Ystyq samsaǵa shaqyramyn!
Қайда жүрсің дастарқан жинамай. Ты где ходишь, стол не убираешь. Qaıda júrsiń dastarqan jınamaı.

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Благодарность Вернуться к началу Медицина  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв