Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 35

Автор: Рауль Керимбаев

35-01
Оның сөзі мен ісі бір-біріне қайшы. Его слова и дела противоречат друг другу.
Құдай оны сабырсыз етіп жаратқан. Бог его создал беспокойным.
Өзіміз жақында ғана білдік. Мы сами недавно только узнали.
Сен мені жекпе-жекке шақырып тұрсың ба? Ты что вызываешь меня один на один?
Сендерді алып кетеміз, дайын отырыңдар. Мы вас заберем, будьте готовы.
Ертең сағат тоғызға он минут қалғанда осы жерде кездесеміз. Встретимся здесь без десяти девять.
Ұсақшыл адамдар. Мелкие люди.
Бұл сылтау емес. Это не оправдание.
Бұл - жақсылықтың белгісі. Это добрая примета.
Біз жұмыстағы серіктеспіз. Мы партнеры по бизнесу.
35-02
Жоқ, хабарласпай-ақ қой, мен оған тосын сый жасайын. Нет, не звони, я сделаю ему сюрприз.
Алыстан келдіңіз ғой. Вы же издалека приехали.
Келесі жолы келемін. В следующий раз приду.
Бұған басқа қырынан да қарап көр. Посмотри на это и с другой стороны.
Шама-шарқы келгенше. По мере возможности.
Керектің бәрін жасаймыз. Мы сделаем всё необходимое.
Қарызда қалмаймыз. Мы в долгу не останемся.
Алтын жұмыртқа беретін тауықты бұзуға бола ма? Курицу, несущую золотые яйца, надо ли уничтожать?
Сен бақыла. Ты наблюдай.
Сараңдық оның негізгі кемшілігі болды. Его главным недостатком была его скупость.
35-03
Бәрін ақшаға өлшегенге үйреніп қалыпсың. Ты привык мерить всё деньгами.
Сабаңа түс. Образумься.
Қазір ол мүлде өзгерді. Сейчас он совершенно изменился.
Мейрам, Ботагөзді назаландырма! Мейрам, не огорчай Ботагоз!
Ол мұнда бір келмеді. Он сюда ни разу не пришёл.
Бұрын сотталғансыз ба? Вы были судимы?
Алдымен артыңызға қарамайсыз ба? Прежде Вам нужно было посмотреть, что есть за Вами, не так ли?
Кешіріңіз, сіз қай рудансыз? Извините, Вы из какого рода?
Басқаша болуы мүмкін емес. По-другому не может быть.
Мен Найманмын, Найман ішінде Қаратаймын, Қаратай ішінде Даулетпын. Я из рода Найман, подрода Қаратай, далее - из подрода Даулет.
35-04
Менің әйелім Уақ руынан. Моя жена из рода Уақ.
Мен де сол руынанмын ғой. Я же тоже из этого рода.
Жолда сергек болыңыздар! Будьте бдительны на дорогах!
Азап жолында. Хождение по мукам.
Ерекше пікір. Особое мнение.
Ерекше тапсырма. Особое задание.
Маған ешнәрсе керек емес. Мне ничего не нужно.
Маған тиісті ақша қайда? Где причитающие мне деньги?
Қуаныштан оның тілі байланып қалды. Он онемел от радости.
Бұйырса болар. Как сложится, так и будет.
35-05
Сен оны көндір. Ты его убеди.
Көнетін адам емес қой. Он не тот, кого можно убедить.
Өзі пысық, өзі аспаз, әрі шебер, ай, осыдан артық келін таппайсыз ғой. Она сама шустрая, кулинар, и мастерица, ай, лучше, чем она, невесты вам не найти.
Бүгін Алматыда жер сілкінді болды. Сегодня в Алматы было землетрясение.
Ол кемшілік көрмеді. Он не испытывал нужду.
Ешқашанда күмәнданба. Никогда не сомневайся.
Ал, менің орнымда болсаң, сен қалай шешер едің? А если ты был на моём месте, как бы ты решил?
Мен бәс тігем, бес жүз теңгеге бәс тігем. Я держу пари, я держу пари на 500 тенге. (тігем=тігемін)
Ақшаға бәс тікпеймін. Я не буду спорить на деньги.
Астананың оң жағалауында жаңа мешіт ашылды. На правом берегу Астаны открылась новая мечеть.
35-06
Бәрін сатып алуға болады! Всё можно купить!
Енді бәрі басқаша. Теперь все по-другому.
Заң бәріне ортақ. Закон для всех един.
Мeн сіздeрді татуластырам. Я вас помирю (татуластырам = татуластырамын).
Жағдайды қиындатпашы. Не усложняй ситуацию, пожалуйста.
Еш нәрсеге қарамастан. Несмотря ни на что.
Ұлы Жібек жолы. Великий шёлковый путь.
Іше алмадым. Я не мог выпить.
Үстелдің астын сыпыр. Подмети под столом.
Шкаф артын сүрт. Протри заднюю часть шкафа.
35-07
Сен маған не деп бас қатырып тұрсың? Что ты мне голову морочишь?
Ұлыма мақтанамын. Я горжусь своим сыном.
Ол бәлеге ұшырады. Он попал в беду.
Сіз маған келдіңіз бе? Вы ко мне пришли?
Ештеңе деме. Ничего не говори.
Өз үйіндегідей болыңыз. Будьте, как дома.
Мен жаман ниетпен айтқан жоқпын. Я говорила из добрых побуждений.
Бір сағат күтуге тура келді. Пришлось ждать час.
Ертең дене шынықтыру болмайды. Завтра физкультуры не будет.
Ол қазір үй шаруасымен айналысып жатыр. Она сейчас занята домашними делами.
35-08
Тамақ ішіп жатырсың ба? Ты кушаешь что ли?
Анау жақта... Вон там...
...әйтпесе елден ұят болады. ...а то, перед людьми будет стыдно.
Меніңше, оған мамандардың көмегі керек. По-моему, ему нужна помощь специалистов.
Көкжал бөрі. Лютый волк.
Жөгі түлкі. Хитрая лисица.
Дүниеге жаңа көзқарас. Новый взгляд на вещи.
Бәрі заң бойынша. Всё по закону.
Мен бір сәтке. Я на секундочку.
Үйде ешкімнің жоқ екенін анық білесіз бе? Вы уверены, что никого нет дома?
35-09
Жүз долларға бәстесесің бе? На сто долларов будешь спорить?
Оны босатып қоя берді. Его освободили.
Мен сізді жүз пайызға қолдаймын. Я Вас поддерживаю на 100 процентов.
Көршілерді таңдамайды. Соседей не выбирают.
Әне, өзі де келе жатыр. А вот и она сама идёт.
Жүрісін қарашы, бөксесін бұлтаңдатып. Посмотри, как она идёт, виляя бёдрами.
Сіздің қандай құқығыңыз бар? Какое Вы имеете право?
Мынандай әңгімені қойыңдар. Прекращайте такие разговоры.
Тоңсаң, мына көрпені жамыларсың. Если замёрзнешь, укроешься этим одеялом.
Е, бұйырса ол күнге де жетерміз. Да, даст Бог, и до этого дня доживём.
35-10
Қуанам ба, өкінем бе? Мне радоваться или сожалеть?
Құпия сөзді ұмыттыңыз ба? Вы забыли пароль?
Бәрі Құдайдың қолында. Всё в руках Бога.
Мен қолымды алып үлгере алмадым. Я не успел убрать руку.
Сен бәрібір мені түсінбес едің. Ты всё равно меня не понял бы.
Мені неге алдадың? Ты почему меня обманул?
Сіз сұраған құжаттарды әкеліп қойдым. Я принёс документы, которые Вы спрашивали.
Енді мені мазалаушы болма. Больше не беспокой меня.
Бірақ не таңдайтынымды білмеймін. Но затрудняюсь что выбрать.
Ол сенің достығыңа лайықты емес. Он не достоин твоей дружбы.
35-11
Маған соншалықты көңілің толмай ма? Онда ажырасуға арыз бер. Ты так недовольна мной? Тогда подавай заявление на развод.
Мұны ертерек ойлау керек еді. Об этом нужно было думать раньше.
Сен бірдеңе бүлдірдің бе? Ты что-то натворил?
Мен тым көнгішпін. Я очень покладистый.
Ешкімге зияны тимейтіндей бірдеңе ойлап табу керек. Нужно что-то придумать, не причиняя никому вреда.
Неге олар мені қинай береді? Почему они меня мучают?
Олар араздасып жүр. Они в ссоре.
Сіздің құқығыңызды ешкім бұзбайды. Ваше право никто не нарушит.
Бәрі келді ме? Все пришли?
Ол кетіп қалды ма? Он уехал?
35-12
Уақытым жоқ, сондықтан келе алмаймын. У меня нет времени, поэтому не смогу прийти.
Солай болды. Так получилось.
Қалаға бір-екі күнге барып келсем қалай көресіз? Если я съезжу на два-три дня в город, как Вы на то смотрите?
Қалай жақсы айтылған. Как хорошо сказано.
Бірақ оны қайдан білесіз? Но откуда вы это знаете?
Сондай да пікірлер бар. И такие мнения есть.
Шығармашылық кеш. Творческий вечер.
Иә, сондай күдік болды. Да, было такое подозрение.
Ондай ақымақтарға адам ренжи ме екен? Разве можно обижаться на таких дураков?
Бұл - біздің ортақ жеңісіміз. Это наша общая победа.
35-13
Газ тәрізді заттар. Газообразные вещества.
Бәрібір сенің айтқаның болмайды. Всё равно не будет по-твоему.
Сіздің айтқаныңызға толықтай келісемін. Я полностью согласен с тем, что Вы сказали.
Екеуміздің жолымыз екі айырылды. Наши с ним дороги разошлись.
Бір-біріңе бас-көз болыңдар. Берегите друг друга.
Ақшаға қызықпа. Пара алма. Өтірік айтпа. Осылардан аулақ болсаң, мен сені қорғаймын. Не ведись на деньги. Не бери взятку. Не ври. Если будешь прочь от этого, я буду защищать тебя.
Әйеліңді сыйла, оны қадірле. Уважай жену, цени её.
Қара шаңырақты қадірлеңдер. Цените отчий дом.
Сендер бәрі бірдейсіңдер. Все вы одинаковые.
Құпияны сақтаңдар. Храните тайну.
35-14
Жігіт адам ынжық болмау керек. Парень не должен быть мямлей.
Бастан асып секіре алмайсың. Выше головы не прыгнешь.
Басқа ештеңе айта алмайсың ба? Ты ничего другого сказать не можешь что ли?
Қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. Свою радость я не могу выразить словами.
Ол ұсталмас үшін бөліседі. Он, чтобы не попасться, делится.
Бөліспесең болмайды. Не делиться нельзя.
Бізден ұзап кете алмайсың! От нас далеко не сбежишь!
Мына жігіттен үлгі алыңдар! Берите пример с этого парня!
Не жаңалық бар? Соны айтсаңшы зарықтырмай. Какие новости? Это скажи, не томи ожиданием.
Сіздер мені түсінбейсіздер. Түсінгілеріңіз де келмейді. Вы меня не понимаете. И понять не хотите.
35-15
Келе жатырмын, келе жатырмын. Иду, иду.
Маған жақындаушы болма. Не приближайся ко мне, пожалуйста.
Дауласуға уақыт жоқ. Нет времени спорить.
Сіз өйтіп жалтармаңыз! Вы не увиливайте таким образом!
Айтып отырғаныңыз жай сылтау, дәлел емес. То, что Вы говорите - отговорки, а не доказательства.
Мәселе барлығыңызға түсінікті шығар. Олай болса жарыссөзді созбай, дауысқа салайық. Вопрос, наверное, всем ясен. Если так, то не растягивая прения, проголосуем.
Келесі кездесуге дейін! До следующей встречи!
Сау болыңдар. Дүйсенбіде жүздескенше. До свидания. До встречи в понедельник.
Ешкімге ештеңе айтпаймын. Ничего никому не скажу.
Түпнұсқасын ба, көшірмесін бе берейін? Дать оригинал или копию?
35-16
Маған не дегенің есіңде ме? Ты помнишь, что мне говорил?
Онсыз да мазам болмай тұр. И без этого мне не спокойно.
Мен де тірі пендемін ғой. Я ведь тоже живой человек.
Осы жайт сізді қымсындырмай ма? Это обстоятельство Вас не смущает?
Әлде маған солай көрінеді. Или мне так кажется.
Әлі жүздесерміз. Ещё увидимся.
Сосын көре жатармыз. Посмотрим потом.
Қандай ақымақтық! Какие глупости!
Біз сенің келісіміңді күтіп отырмыз. Мы ждём твоего согласия.
Балам, келші қасыма. Сынок, подойти ко мне.
35-17
Ол Сізге қарыз ба еді? Он Вам должен?
Осы сұрақтарға сіз жауап бере аласыз ба? Вы можете ответить на этот вопрос?
Сіз мені қорғай аласыз ба? Вы меня можете защитить?
Сіз әскери қызметке міндеттісіз бе? Вы военнообязанный?
Бір-бірімізді құрметтейік! Давайте уважать друг друга!
Неге сен өз-өзіңе сенбейсің? Ты почему сам в себя не веришь?
Сен өзіңді тым жоғары бағалайсың. Ты очень высоко себя ценишь.
Жастарды өмір сүруге үйрету керек. Молодёжь нужно учить жизни.
Ол ештеңе білмейді. Он ничего не знает.
Сендер не іздеп жүрсіңдер? Что вы ищите?
35-18
Сен әбден басынып біттің ғой! Ты окончательно обнаглел!
Сені күткеніме жарты сағат болды. Я тебя уже полчаса жду.
Күлкіні қоя тұрыңдар. Қазір күлетін уақыт емес. Оставьте смех. Сейчас не время для смеха.
Мен тұрғанда қорықпа. Когда я есть, не бойся.
Олармен өзім сөйлесемін. Я с ними сам поговорю.
Қуануға әлі ерте. Радоваться ещё рано.
Мен амандасайын деп келдім. Я зашёл поздороваться.
Кешке бос болсаң кел. Приходи, если вечером свободна.
Саған мүлдем қызық емес пе? Тебе совсем не интересно?
Нүкте қойылды, іс жабылды. Точка поставлена, дело закрыто.
35-19
Мен бұл жерде артықпын. Я здесь лишний.
Мені қайда апарғалы тұрсың? Куда ты собираешься меня отвезти?
Бүгін кешке ұшып келеді. Он сегодня вечером прилетит.
Менің сізге бұйрық беруге хақым жоқ. У меня нет права приказывать Вам.
Жүр сыртқа, еркекше сөйлесейік. Давай выйдем, поговорим по-мужски.
Сізбен танысуға бола ма? С Вами можно познакомиться?
Адалдық пен әдептілік - бұл менің өмірлік ұстанымым. Честность и тактичность - мои жизненные принципы.
Ә дегенше күн бұзылды. Погода мгновенно испортилась.
Бәрі жақсы. Мал жем шөп сұрап тұрған жоқ. Всё хорошо. Скотина есть не просит.
Бізге бөлген уақыт аяқталды. Наше время истекло.
35-20
Ата-анам мені түсінбейді. Родители меня не понимают.
Ол шаршауды білмейді. Он не знает усталости.
Менің болашақ жарым. Моя будущая половинка.
Екеуде де есі жоқ. У обоих нет разума.
Іші күйсін. Пусть он завидует.
Бар болғаны он екі адам болып жиналамыз. Всего 12 человек соберёмся.
Солар бәрін ұйымдастырып береді. Они всё организуют.
Өмір деген осы ғой! Вот так всегда и бывает в жизни!
Тимеңдер оған! Не трогайте его!
Сенсіз өмір сүре алмай ма? Он что, без тебя жить не может?

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 34 Вернуться к началу Полезные фразы 36  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга