Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Цитаты, афоризмы, пословицы, общеизвестные фразы и прочее

Сборник 03

Автор: Рауль Керимбаев

Ц03-01
Есіңде болсын! Егер Құдай сені бақытты еткісі келсе, сені қиын жолдармен жүргізіп сынайды, себебі бақыт оңай жолмен келмейді. Помни! Если Бог захочет сделать тебя счастливым, он испытает тебя трудными дорогами, потому что счастье не приходит лёгким путём.
Қалыққа қызмет ету – біздін парымыз. Служить народу – наш долг.
Артқа қайтар жол жоқ. Назад дороги нет.
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады». Друг тебе скажет горькую правду, а враг говорит сладкую ложь.
Өскенде түсінесің. Когда подрастёшь – поймёшь.
Біріміз бәрі үшін, бәріміз біріміз үшін. Один за всех и все за одного.
Жеңімпазда мін болмайды. У победителя не бывает недостатков (Победителя не судят).
Шабан ат, өтпес пышақ, жаман қатын – жігітті қартайтады осы үшеуі. Ленивая лошадь, тупой нож, плохая жена – старят мужчин эти три вещи.
Күлкісіз өмір қызық емес, махаббатсыз өмір мәнді емес, достарсыз өмір мүмкін емес. Без смеха жизнь не интересна, без любви – бессмысленна, без друзей – невозможна.
Адамнан жасырғанды Алладан жасыра алмайсың. От людей утаишь, а от Бога нет.
Ц03-02
Адамды адам түземейді, адамды өз санасы түзейді. Человек человека не изменит, человека меняет его сознание.
Даналар даңқын қалдырады, пенделер өзінен аумайтын ақымақ тудырады. Бессмертные творят, смертные производят себе подобных.
Екі оттың ортасында. Между двух огней.
Қырық жаста өмір енді басталады. В сорок лет жизнь только начинается.
Жабық ауызға шыбын кірмес. В закрытый рот муха не залетит.
Қазақтар айтады: Қатынының қабағына қараған еркек оңбайды. Народная поговорка гласит: Мужчина, подстраивающийся под настроение жены, пропадёт.
Жаман әдет жұққыш келер. Дурной пример заразителен.
Көзінің жасын көл қылу. Лить слёзы в три ручья.
Ананың сүті аузынан кетпеген.. Молоко на губах не обсохло.
Қонақты құр сөзбен тойдыра алмайсың.. Соловья баснями не кормят.
Ц03-03
Алтынды тот баспайды. Золото и в грязи блестит.
Өмірдің алда қалай боларын ешқашан білмейсің. Никогда не знаешь, что тебе преподнесёт жизнь.
Қайда-қайда? Қарағандыда! Где-где? В Караганде!
Тіліңмен Киевке жеткізуге болады. Язык до Киева доведёт.
Барлық жол Римге алып барады. Все дороги ведут Рим.
Мәскеу көз жасына сенбейді. Москва слезам не верит.
Екі адам жанжалдасса – үшіншісі қуанады. Когда двое дерутся, третий радуется.
Құлша жұмыс істеп, бише өмір сүру. Работай как раб, а живи как граф.
Әкені көріп ұл өсер, шешені көріп қыз өсер. Cын берёт пример с отца, дочь - с матери.
Ағайын бірде араз, бірде тату. Родичи и ссорятся, и мирятся, но никогда не расходятся.
Ц03-04
Өмір мен өлім мәселесі. Вопрос жизни и смерти.
Ұйқы арыстанды да жығады. Сон и льва валит с ног.
Жақсылық жерде қалмайды. Сделанное добро зря не пропадёт.
Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың. Гостя словами не накормить.
Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесапат. От хорошего человека всегда идёт добро, от плохого — зло.
Жақсылығың да, жамандығың да алдыңнан шығады. Сделанное тобой и добро, и зло обернутся точно также; что посеешь, то и пожнёшь.
Өтпейтiн өмiр жоқ, сынбайтын темiр жоқ. Нет не умирающей жизни, нет не ломающегося железа.
Достың достығы басына іс түскенде білінер. Друзья познаются в беде.
Әрбір адам өз шешімін қабылдауға ерікті. Каждый человек волен принимать собственное решение.
Ырым. Қара мысық жолыңды кесіп өтсе – бір сәтсіздікті күт! Примета. Если черная кошка перейдет дорогу - жди неприятность!
Ц03-05
«Қамшы бар жерде шәйтан жүрмейді» деген ырым бар қазақта. «Там, где есть камча, дьявол не ходит», - есть такое поверье у казахов.
Қорыққанға қос көрінеді. У страха глаза велики (досл. От страху в глазах двоится).
Құлдықта болғаннан да өлген жақсырақ. Лучше смерть, чем рабство.
Еш болмағаннан кеш болғаны жақсы; ештен кеш жақсы. Лучше поздно, чем никогда.
Қашар көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді. Если тёлка не посмотрит, то бык привязь не порвёт. (Қашар – двухгодовалая, нерожавшая тёлка).
Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар. Друг хвалит за глаза, враг – в глаза.
Қасымда болсын анам! Пусть всегда будет мама!
Тойға дейін жазылып кетер. До свадьбы заживёт.
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады. Слово может камень порушить, если не камень, то голову.
Өзіңе жақсылық тілесең, біреуге жамандық қылма. Если желаешь себе добра не делай зла другим.
Ц03-06
Әйелі жоқ үй – жетім. Без женщины дом – сирота.
Жұмақ ананың аяғының астында. Рай находится у ног матери.
Жоқтық не жегізбейді, тоқтық не дегізбейді. С голодухи чего не съешь – зажравшись чего не брякнешь (Нищета заставляет есть что угодно, а сытость делает человека болтливым).
Саудада достық жоқ. Торг дружбы не знает.
Жақсы сөзге жан семіреді. От хороших слов душа полнится (Хорошему слову душа радуется).
Ұсынған сыйды қомсынбайды. Преподнесённым подарком не пренебрегают (Дарёному коню в зубы не смотрят).
Тек жүрсең, тоқ жүресің. Будешь жить спокойно, сытым будешь.
Жау жоқта батыр көп. Героев много, когда нет перед ними противника.
Қой да аман, қасқыр да тоқ. И волки сыты, и овцы целы.
Көтере алмайтын сойылды беліңе ілме. Непосильную ношу не бери (дубину, которую невозможно поднять, не вешай на пояс).
Ц03-07
Сүттен ақ, судан таза. Ангел во плоти. Буквально: Белее молока, чище воды.
Құдай сақтансаң сақтайды. Если будешь беречься, Бог тебя сбережёт (Бережённого Бог бережёт).
Өмір – ең үлкен мектеп. Жизнь – самая большая школа.
Арыңды жасыңнан сақта. Береги честь смолоду.
Аз білсең жақсы ұйықтайсың. Меньше знаешь, крепче спишь.
Жатқан тастың астына су бармайды. Под лежащий камень вода не течёт.
Көп сөз – бос сөз. Многословие – пустословие.
Ең көп өтірік соғыс кезінде, саяттан кейін және сайлау алдында айтылады. Бисмарк. Никогда столько не лгут, как во время войны, после охоты и до выборов. Бисмарк.
Қазақ тілі – әлемдегі ең терең, ең күрделі тіл... Қиындығы сонша, кейбір қазақтардың өзі қазақша сөйлей алмай жүр. Турсынбек Кабатов. Казахский язык – самый глубокий, самый сложный... Сложностей столько, что некоторые казахи сами не могут говорить. Турсынбек Кабатов.
Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды. Ветер не подует, трава не шелохнется (Нет дыма без огня).
Ц03-08
Тоқ адам аш адамды түсінбейді. Сытый голодного не разумеет.
Ит жүрсе, сүйек табады. Букв.: Если собака побежит, то она найдёт косточку. Под лежачий камень вода не течёт.
Жақсы әйел жаман еркекті адам етеді. Хорошая жена помогает плохому мужчине стать уважаемым человеком.
Ел аузына қақпақ бола алмайсың. На всякий роток не накинешь платок.
Жаман үйдің қонағы билейді. В плохом доме гости хозяйничают.
Өмір дегеніміз күрес. Түске дейін ашпен күрес. Түске кейін ұйқымен күрес. Жизнь – это борьба. До обеда с голодом. После обеда – со сном.
Адам жоспарлайды, Алла шешеді. Человек предполагает, а Бог располагает.
Не жоқ болса, сол қат. Ценится дороже то, чего нет.
Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе. Если сам себя не уважаешь, не жди уважения от других.
Қу өмір мәңгі жолдас болмас. Обманчивая жизнь вечно не продлится (букв. не вечный спутник).
Ц03-09
Аз болса да мәз болсын. Лучше меньше да лучше.
Тоқ адамды ұйқы басады, аш адамнан ұйқы қашады. Сытого сон одолевает, а от голодного сон бежит.
Махаббат құрбандықсыз болмайды. Любовь не бывает без жертв.
Аюды өлтірмей жатып терісін бөліске салып жатырсың. Делишь шкуру не убитого медведя.
Жұмыстың жұмыс аты. Работа есть работа.
Уақыт бәріне емші. Время всё лечит.
Кемшіліксіз пенде болмайды. Идеального человека нет (без недостатков человека не бывает).
Өмірдің ащы шындығы. Горькая правда жизни.
Сіз тамақ жеу үшін өмір сүресіз бе, немесе өмір сүру үшін тамақ жейсіз бе? Вы едите, чтобы жить, или живёте, чтобы есть?
Бел көтермегенді ел көтереді. Чего нельзя поднять на спине одному, может поднять народ.
Ц03-10
Жек көрумен жақсы көрудың арасы таяқ тастап жер. От ненависти до любви один шаг.
Сұлулықты суға езіп ішпейсің. С лица не воду пить.
Жақсы ат пен тату жолдас. — бір ғанибет. Иметь хорошего коня и верного друга — большое удовольствие.
Ə десең мə дейді. Ему пальца в рот не клади.
Сенбе, қорықпа, сұрама. Не верь, не бойся, не проси.
Армансыз адам алысқа бармас. Человек без мечты далеко не пойдёт.
Адамда ниет болса бәрін де жасайды. Если у человека есть намерение, он все сделает.
Қазіргі заманда ешкімге сенуге болмайды. В наше время никому верить нельзя.
Көп білсең, ерте қартаясың. Много будешь знать рано состаришься.
Бір нәтижеге жету үшін дұрыстап істеуі керек. Нужно хорошо поработать, чтобы добиться какого-то результата.
Ц03-11
Қазақ тек ауызашарға кешікпей келеді. Казахи только на «аузашар» приходят вовремя.
Бір қумалақ бір қарын майды шірітеді. Один катышек портит кутырь масла.
Бала – көңiлдiң гүлi, көздiң нұры. Дети – цветы души и свет для глаз.
Бұл бүкіл жұртқа белгілі. Это всему свету известно.
Қыз жоқ жерде қызық жоқ. Где нет девушек, нет веселья.
Сабырыңызды ешқашан жоғалтпаңыз. Себебі, барлық есікті ашатын ең соңғы кілт – сабыр. Никогда не теряйте терпения, потому что самый последний ключ, который открывает все двери – терпение.
Көп жетістікке жету үшін көп нәрседен бас тарту қажет. Чтобы многого достичь, нужно от многого отказаться.
Мен үшін әр күн – ұлы күн. Для меня каждый день – это великий день.
Дәулет келсе, бейнет кетеді. Когда придёт счастье, исчезнет мучение.
Өз армандарыңызға қатты ұстасыңыздар. Армандар өлсе - өмір тоқталады. Держитесь крепко за свои мечты. Умрут мечты – остановится жизнь.
Ц03-12
Ашу келсе, ақыл қашар. Гнев если придёт, разум убежит.
Досыңды жақын, ал дұшпандарыңды одан да жақын ұста. Друга держи рядом, а врага ещё ближе.
Бұл өмір сіріңке сияқты - жарқырайсың, баяулайсың, өшесің. Это жизнь, как спички: воспламеняшься, медленно горишь и тухнешь.
Күйеуіңіз үшін "ханшайым" болғыңыз келсе, оны "хан" деп қабылдаңыз... Если хочешь быть королевой для мужа, относись к нему, как королю.
Жаман айтпай, жақсы жоқ. Нет худа без добра.
Қалам қарудан да күшті. Перо сильнее меча.
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады. Сильный побеждает одного, образованный тысячи.
Адамның айтқаны болмайды, Алланың дегені болады. Человек предполагает, Бог располагает.
Достықтың жолы бір басқа, қызметтің жөні бір басқа. Дружба дружбой, а служба службой.
Уақыт біздің пайдамызға қызмет етеді. Гладстон. Время работает на нас. Гладстон.
Ц03-13
Сонда мен мейірімді боламын деп шештім, себебі барлықтарды атуға оқ жетпегенің ұқтым. И тогда я решил стать добрым, потому что понял - патронов на всех не хватить.
Ет те емес, балық та емес. Ни рыба, ни мясо.
Цезарь айтқандай: "Келдім. Көрдім. Жеңдім". Как сказал Цезарь: "Пришел. Увидел. Победил".
Байлар да жылайды. Богатые тоже плачут.
Қосағыңмен қоса ағар. Жениху да невесте жить сто лет вместе. досл. Состарься вместе со своей супругой.
Кез келген қиыншылықтар – бұл тек қана сені жақсырақ істейтің сабақтар. Любые трудности — лишь уроки, которые сделают тебя лучше.
Ешкім төсекте жатқанда сүрініп кетпейді. Никто не спотыкается лежа в постели.
Ортақ өгізден, оңаша бұзау жақсы. Лучше свой телёнок, чем общий вол.
Ағылшын философы Френсис Бэкон «Кітап оқу адамды — білімді, әңгімелеу — тапқыр, ал жазып отыру әдеті — дәлшіл етеді» дейді. Английский философ Френсис Бэкон говорит: «Чтение делает человека образованным, разговор — находчивым, а письмо — точным.
Кеңеспен пішкен тон келте болмас. Шуба, скроенная по совету, короткой не бывает.
Ц03-14
Сараңның үш салғанда тұзы татымас. Скупой хоть трижды посолит – и то недосолит.
Ақымақтың сөзі үлкен, қорқақтың көзі үлкен. У страха глаза велики.
Әуел баста Сөз болатын, Сөз Құдайда болатын, Сөз Құдай еді. В начале было Слово, и Слово было у Бога, и Слово было Бог.
Шатырда тұратын Карлсон. Карлсон, который живёт на крыше.
Жүрегім қан жылап тұр. Сердце кровью обливается.
Тез келген бақ тез кетеді. Легко пришло, легко ушло.
Жаным, зергерлік дүкен жабық болғандықтан саған йогурт алдым. Дорогая, ювелирный был закрыт, поэтому я купил тебе йогурт.
Отбасы деген - кішкене мемлекет. Семья - это маленькое государство.
Сары түбі – сары алтын. Терпение - золото.
Еркек - бас, әйел-мойын! Мойын қайда бұрылса бас сонда қарайды. Мужчина – голова, женщина – шея! Куда шея повернет, туда голова и смотрит.
Ц03-15
Бас қалай қараса, мойын солай бұрылады емес пе? Голова куда смотрит, туда и шея поворачивается, не так ли?).
Бірінші түймесін дұрыс тақпаған басқаларын да енді дұрыс таға алмайды. Гёте. Кто неправильно застегнул одну пуговицу, уже не застегнется правильно. Гёте.
Білу ғана аз, сол білгеніңді істе қолдана білу керек. Гёте. Мало знать, надо и применять. Мало хотеть, надо и делать. Гёте.
Бәрі өтеді де кетеді... Бұл өмір бір сәттік. Всё проходит... Эта жизнь – одно мгновенье.
Итке ит өлімі. Собаке собачья смерть.
Талтаңдасаң, талтаңда, ақшаң болса қалтаңда. Можешь вышагивать важно, если в кармане полно денег.
Саңырауға сәлем берсең, «атаңның басы» дейді. Если поздороваешься с глухим, то он скажет «иди к черту».
Аз сөйлесең де саз сөйле. Говори редко, но метко.
Сабыр мен еңбек бәрін жеңбек. Терпение и труд всё перетрут.
Бір күн жолға шықсаң, үш күндік азық сайла. Отправляясь в путь на один день, бери запасов еды на три дня.
Ц03-16
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Птенец, оперившись, повторяет то, чему научился в гнезде.
Судың қадірің оразада білесің. Ценность воды узнаешь во время оразы.
Дүниеде ешбір пенде қалынбайды. Никто не вечен в этом мире.
Көп ішіп-жейтін және көп ұйықтайтын адамды Алла Тағала жек көреді. Газали. Всевышний не любит тех, кто много ест и пьёт. Газали.
«Армансыз адам, қанатсыз кұспен тең» дейді қалық. Народ говорит: "Человек без мечты, словно птица без крыльев". Дословно: Человек без мечты равен птице без крыльев.
Ұзақтар ұшып келді. Грачи прилетели.
Сұлулық - әлемі сақтайды! Красота спасёт мир!
Ақиқат - Құран, қалғаны – ұран. Коран – Истина, остальное - лозунги.
Қазақ халқы қыз балаға ешқашан қатты сөйлемеген. Казахский народ никогда не говорил грубых слов девочкам.
Ит үреді, керуен көшеді. Собака лает, караван идёт.
Ц03-17
Шын жүрек қайта толқымас. Верное сердце не изменит.
Үлкенге дау айтпа. Со старшим по возрасту не спорь.
Көп сөзден пайда жоқ, іске көшетін кез келді. В многословии нет пользы, пришло время переходить к делу.
Ешқашан ешкімнен кек алма, жәй ғана кешіре сал. Өмір оған өзі-ақ жазасын береді. Никогда никому не мсти, просто прости. Жизнь сама накажет его.
Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын! Не имей 100 рублей, а имей 100 друзей.
Әйелдің сырын әйел білер. Женские секреты знают только женщины.
Ескі әзіл. Қасқыр жылына сегіз жүз елу келі ет жемесе тiсi қышиды. Қасқырдан кейiнгi екiншi орынды қазақтар алады. Старая шутка. Если волк в год не съест 850 килограмм мяса, то у него будут чесаться зубы. Второе место, после волков, занимают казахи.
Қазақ халқын ет жеу жағынан әлемде қасқырдан кейінгі екінші орынды алады деп әзілдеп жатады. «Казахи по поеданию мяса занимают второе место в мире после волков» - шутят люди.
Бірақ, өкінішке қарай, бұған дейін тісімізге кіріп келген сол ет жақын болашақта тек түсімізге кіреді. Но, к сожаленью, в ближайшем будущем нам будет только сниться, как мясо застревает в зубах.
Қазақта: «Мысықпен жолға шықпайды» - деген ырым бар. У казахов есть поверье: "В дорогу вместе с кошкой не выезжают".
Ц03-18
Баламен ойнасаң – күлесің, итпен ойнасаң – үресің. С кем поведешься, от того наберёшься.
Басы қатты болса, аяғы тәтті болады. Всё хорошо, что хорошо кончается.
Қарны ашқанға қара нан да май татыр, шөлдегенге қара су да бал татыр. Голодному чёрный хлеб покажется маслом, жаждущему сырая вода покажется мёдом.
Ақымақ бас екі аяқтың соры. Дурная голова ногам покоя не даёт.
Әлсіз әр уақытта айыпты. У сильного всегда бессильный виноват.
Алма алма ағашынан алысқа құламайды. Яблоко от яблони недалеко падает.
Жұрттан ұят болмасын. Чтобы не было стыдно перед людьми.
Зорлап сүйгізе алмайсың. Насильно мил не будешь.
Көз қорқақ, қолың - батыр. Глаза боятся, руки делают.
Станиславский дегендей "Сенбеймін!" Как говорил Станиславский: "Не верю!"
Ц03-19
Базар алдаусыз болмайды. Без обмана нет базара.
Олар Отан үшін шайқасты. Они сражались за Родину.
Лай судан балық аулау. Ловить рыбу в мутной воде.
Жоқ болғанша, жаман жоспардың болғаны жақсы. Лучше плохой план, чем никакого.
Жақын көрші алыстағы туыстан қымбат. Близкий сосед дороже родственника, живущего вдали.
Неліктен дәл мен? Почему именно я?
Қуанышты оқиға. Счастливый случай.
Тату үйдің тамағы тәтті. В дружном доме еда всегда вкусная.
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. Все мысли матери о детях, все мысли детей об играх.
Мысықпен жолға шығуға болмайды. С кошкой в дорогу выезжать нельзя.
Ц03-20
Бұл әлемдегі аты шыққан нәрселердің барлығы салауатты өмір салтынан шығады. Дэвид Старр Джордан. Всё, что есть в этом мире выдающегося, непременно проистекает от правильного образа жизни. Дэвид Старр Джордан.
Ешқашан берілме! Никогда не сдавайся!
Жыланның уы тісінде, адамның уы тілінде. Яд змеи - в зубах, яд людей – в словах.
Уақыт өзгереді, біз де уақытпен бірге өзгереміз. Времена меняются, и мы меняемся вместе с ними.
Жаңа өмір. Жаңа бағыт. Жаңа жұмыс. Жаңа белес. Аллаға сансыз шүкіршілік! Новая жизнь. Новое направление. Новая работа. Новый этап. Бесчисленные благодарности Богу.
Менің ханымым, менің жебеушім. Моя госпожа, моя богиня.
Еңбек түбі - қуаныш. Конец - делу венец.
Дос боп қалайық! Давай останемся друзьями!
Біз немене, тоқалдан туыппыз ба? А что, мы лысые что ли?
Берсе - ал, ұрса - қаш. Дают - бери, бьют - беги.



© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Цитаты, афоризмы и пр. 02 Вернуться к началу Цитаты, афоризмы и пр. 04  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга