Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 34

Автор: Рауль Керимбаев

34-01
Бізге жақсылап тұрып ойлану керек. Нам нужно хорошо подумать.
Жусан иісі. Запах полыни.
Оларды қатаң жазалау керек. Их надо строго наказать.
Біз қалай келісіп едік? Мы как с тобой договаривались?
Бірінші ретке мені кешіріңізші. Простите меня на первый раз.
Қателерімді қайталамасаңшы. Не повторяй моих ошибок.
Бәрі жақсы аяқталады. Всё хорошо закончилось.
Түсінбесең ол сенің проблемаң. Если ты не понял, это твои проблемы.
Сіз мені дұрыс түсінбедіңіз. Вы меня неправильно поняли.
Мүмкін түсіндіресің? Может объяснишь?
34-02
Тоқ етерін айтқанда. Выражая в двух словах.
Сәлем қырандар! Привет, орлы!
Таба алмайсыңдар. Вы не найдёте.
Оптимист болуы керек. Нужно быть оптимистом.
Мен оған саусағымды да тигізген жоқпын. Я его и пальцем не тронул.
Мен өз еркіммен келген жоқпын. Я пришёл не по своей воле.
Үндемегеніңді қой. Хватит тебе молчать.
Ол соны түсінбейді. Он этого не понимает.
Маған үлгісін бере аласыз ба? Вы можете мне привести пример?
Уақытты қайтара алмайсың. Время ты не вернёшь.
34-03
Мен екі күннен соң ораламын. Я вернусь через два дня.
Сіз мені естіп жатырсыз ба? Вы меня слышите?
Бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Мы живём в мирной стране.
Тұзды әпере салшы. Подай, пожалуйста, соль.
Сіз біздің орныңызға өзіңізді қойып көріңізші. Вы поставьте себя на наше место.
Осыны ойнап айтып тұрған жоқсың ба? Ты это всё сказал не шутя?
Демеуші іздеп жүрмін. Ищу спонсора.
Осы іспен айналысып жүрмін. Занимаюсь этим делом.
Сіз мені танымайсыз. Вы меня не знаете.
Мен сізді сыртыңыздан білемін. Я Вас знаю со стороны.
34-04
Мен өмірімде біреуге шағымданған жан емеспін. Я в жизни никому не жаловался.
Ол есін бүгін жинады. Он сегодня пришёл в себя.
Не дегің келіп тұр? Что ты хочешь сказать?
Тағы шай сораптап отырсыңдар ма? Опять чаи гоняете, да?
Мұнымен іс бітпейді. Этим дело не закончится.
Бара берсең болады. Можешь идти.
Бір нәрсе істесеңші. Сделай что-нибудь.
Сен де қатырады екенсің. Ну, ты даёшь.
Саған айтатын бір сырым бар. Мне надо кое в чём тебе признаться.
Рұқсат етілген. Разрешено.
34-05
Есепшотты әкеліңіз! Принесите счёт!
Көйлегімді үтіктеп берші. Погладь, пожалуйста, мою рубашку.
Салқындатқышты қосшы. Включи, пожалуйста, кондиционер.
Кеше кіржуғыш машина сатып алдық. Вчера купили стиральную машину.
Тұратын жерде тіркелдің бе? Ты прописался по месту жительства?
Тағы кездесеміз деп үміттенемін. Надеюсь, ещё встретимся.
Қолшатырды алуды ұмытпа. Не забудь взять зонтик.
Ол екі күнге кетті. Он уехал на два дня.
Мен күмәнданып тұрмын. Я сомневаюсь.
Сенсең де, сенбесең де. Хочешь верь, хочешь нет.
34-06
Біз бар күшімізді салдық. Мы приложили все силы.
Біз қолымыздан келгенін жасадық, ары қарай көреміз. Мы сделали всё, что могли, дальше посмотрим.
Ендігі жастар. Нынешняя молодежь.
Мені естисің бе? Ты меня слышишь?
Қалай білсем болады? Как я могу узнать?
Бұл мүмкіндікті міндетті түрде пайдаланып қалу керек. Нужно обязательно воспользоваться этой возможностью.
Бізді енді кім қорғайды? Кто нас теперь защитит?
Біз осы бағытта жұмыстарды жалғастыра береміз. Мы будем продолжать работы в этом направлении.
Сен ырымдарға сенесің бе? Ты веришь в приметы?
Ырымға сенуге бола ма? Можно ли верить в приметы?
34-07
Кеңес Одағы кезінде. Во времена Советского Союза.
Азаматтық соғыс кезінде. Во время гражданской войны.
Көрмесеңіз, көрмей-ақ қойыңыз. Не хотите смотреть, не смотрите.
Сараңдықты қойыңыз. Не будьте скупым.
Танысып қойыңыз. Познакомьтесь.
Ақырғы рет ескертемін. В последний раз предупреждаю.
Менің айтайын дегенім басқа еді. Я хотел сказать другое.
Тоңазытқышқа қойып қойыңыз. Положите в холодильник.
Сен мені қызықтырдың ғой. Ты меня заинтересовал.
Егер бір нәрсені қатты қаласаңыз, міндетті түрде орындалады. Если Вы что-то сильно захотите, оно обязательно исполнится.
34-08
Басқа тақырып жоқ па? Другой темы нет что ли?
Дұрыс айтып тұрмын ба? Я правильно говорю?
Халық бәрін де көріп тұр! Народ всё видит!
Халық бәрін де біледі! Народ всё знает!
Кімді алдағың келеді? Кого ты хочешь обмануть?
Сендер не деп сыбырласып тұрсыңдар? О чём вы шепчетесь?
Ұзақ уақыт бойы сізбен танысқым келіп еді. Давно хотел с Вами познакомиться.
Құзыретті органдар қайда қарап отыр? Куда смотрят компетентные органы?
Сендермен түсінікті болды. С вами всё понятно.
Анау иттің баласының істегенін қара! Ты посмотри, что натворил этот сукин сын!
34-09
Еркектің жұмысына араласпа! Не вмешивайся в мужские дела!
Біздің есігіміз әрдайым ашық. Наши двери всегда открыты.
Ол өз өзіне қол салды. Он наложил на себя руки.
Аяқ киіміңді шеш! Обувь снимай!
Аузыңа тамақ салып алып сөйлеме. Не разговаривай с едой во рту.
Қақтың суын ішпе. Не пей из лужи.
Мен бас тартып тұрмын ба? Я разве отказываюсь?
Мен не деппін? Что я сказал?
Есік көзінде неге тұрып қалдыңдар? Что вы встали в дверях?
Шешініп, төрлетпейсіздер ме? Раздевайтесь и проходите в зал.
34-10
Қыңырая берме. Не упрямься.
Біз жоқ жердің бәрінде жақсы. Там хорошо, где нас нет.
Не істеймін десеңдер де өздерің біліңдер. Делайте, что хотите.
Жынды дейін десең, жынды емессің. Сказать, что ты дурак, но ты не дурак.
Мен ешкімді үгіттемеймін. Я никого не агитирую.
Ақымақтар барлық жерде жеткілікті. Дураков везде хватает.
Бүкіл қала шулап жатыр. Весь город шумит.
Бақытты елде өмір сүріп жатырмыз. Мы живём в счастливой стране.
Әр адамның пікір айтуға құқығы бар. Каждый человек имеет право сказать своё мнение.
Біз бір қазанда қайнап жатырмыз. Мы в одном котле варимся.
34-11
Бетіме келіп айтқан адамдар болған жоқ. Бірақ бұндай пікірді мен естігем. Никто лично мне не говорил. Но такое мнение я слышал. (естігем=естігенмін)
Өкінішке орай, оған уақытым жетпей жүр. К сожалению, на это у меня не хватает времени.
Ауызша сөзде ешқандай ереже жоқ. В устной речи нет никаких правил.
Жұмаға дейін мүлдем боспын. До пятницы я совершенно свободен.
Осындай жағдай болды. Вот такая ситуация случилась.
Менің ойымша, ол былай болу керек. По-моему, это должно быть так.
Бұл сұрақ жалғыз сізді ғана мазалап жүрген жоқ. Этот вопрос не только Вас одного беспокоит.
Өмірде мендей ақымақ жоқ шығар. В жизни, наверное, нет такого дурака, как я.
Біз ақымақ емеспіз ғой, заңды білеміз. Мы не дураки, закон знаем.
Жағдай ауырлады. Положение осложнилось.
34-12
Кім іздесе, сол табады. Кто ищет, тот найдёт.
Сұрауға үлгермедім. Не успел спросить.
Әрбір адамның қателесуге құқығы бар. У каждого человека есть право на ошибку.
Ештеңе етпейді, келесіде байқап істе. Ничего страшного, в следующий раз делай с осторожностью.
Шыдамың бес минутке жетпеді. У тебя терпения не хватило на пять минут.
Мені кешір, сені жақсы болсын деп қана ұрыстым. Ты меня прости, ругала тебя, чтобы у тебя было всё хорошо.
Енді ештеңе істемеймін, өздері істесін. Больше ничего делать не буду, пусть сами делают.
Бейтаныс адамға есік ашпаңыздар. Не открывайте двери незнакомым людям.
Түстен кейін кел деп едіңіз. Міне келдім. Вы сказали прийти мне после обеда. Вот пришёл.
Сен маған бұйырма! Ты мне не приказывай!
34-13
Менің не дегенімді естімедің бе? Ты не слышал, что я говорил?
Біз сені жақсы болсын деп бәрін істеп жатырмыз. Мы всё делаем, чтобы у тебя всё было хорошо.
Мен ешкімді ұстап тұрған жоқпын. Я никого не держу.
Ақшаны қайтармаса, мен олармен басқаша сөйлесемін. Если не вернут деньги, я с ними буду говорить по-другому.
Мен сені өмір бақи алақанымда ұстап жүремін. Я тебя всю жизнь буду носить на руках.
Қазір сенің кім екеніңді көреміз. Сейчас мы посмотрим, кто ты такой.
Болмайтын дүниені айтпаңызшы. Не говорите, пожалуйста, о невозможных вещах.
Барлығы жалтырап тұрсын. Чтобы всё сверкало.
Ол сені есіне де алмайды. Көрерсің соны. Он тебя и не вспомнит. Увидишь.
Бес жүз теңгеге бәстесейік. Давай поспорим на 500 тенге.
34-14
Олар бізді үміттендірді. Они нас обнадежили.
Темекі шегетін орын. Место для курения.
Маған бұл мүлдем қызық емес. Мне это совсем не интересно.
Сенімен салғыласып тұратын уақыт жоқ. Нет времени с тобой стоять препираться.
Оны неге мазалайсың? Зачем ты его беспокоишь?
Сен килікпе. Ты не скандаль.
Тұрамысың, жоқ па? Ты встанешь, или нет?
Бұл бала-шағаның ермегі. Это детская забава.
Оны қалай дәлелдейсіңдер? Как вы это докажете?
Сен қайтадан құладың ба? Ты снова упал?
34-15
Аяғыңның астына қарап жүрсеңші. Когда идешь, смотри под ноги.
Киіміңді былғама. Не марай одежду.
Енді еш жерге бармайсың. Теперь ты никуда не пойдешь.
Қолыңнан ешнәрсе келмейді. Ничего не умеешь делать.
Баршы, қазір қолым бос емес. Иди, мне сейчас некогда.
Жарайды, кішкене жылап ал, жеңілденіп қаласың! Ладно, поплачь немного, тебе полегче будет!
Менің ойымша ондайды сен де жасай аласың! По-моему, такое и ты сможешь сделать.
Сізге не болған өзі? Бұрын мұндай емес едіңіз ғой! Что с Вами случилось, вообще! Вы же раньше такой не были!
Сенен шың көңіліммен кешірім сұраймын. Искренне прошу у тебя прощения.
Сізді де түсінуге болады. Вас тоже можно понять.
34-16
Бүгін кешкіге жоспарларың бар ма? Сегодня на вечер у тебя есть планы?
Мен сенімен достасқым келеді. Я хочу с тобой подружиться.
Ол оған бір көргеннен ғашық болды. Он влюбился в неё с первого взгляда.
Барлық белгілері бойынша. По всем признакам.
Бұл байқалып тұрды. Это было заметно.
Сенің қолыңнан у да қабылдаймын. С твоих рук я и яд приму.
Бұл жалғаса берсе бір амалын табармыз. Если это будет продолжаться, мы что-нибудь придумаем.
Ол сонша әбігер болды. Она так старалась.
Бас тартсаң, оның көңілі түсіп кетеді. Она расстроится, если ты откажешься.
Біздің өміріміз осындай. У нас такая жизнь.
34-17
Біз кешігіп келген жоқпыз ба? Мы не опоздали?
Саған келіп кетуге бел будық. Решили зайти к тебе.
Бұл - сенің жетістікке барар жолың! Это - твой путь к успеху!
Мен ешқандай айырмашылық көрмей тұрмын. Я не вижу никакой разницы.
Сіз маған бір кеңес бере аласыз ба? Вы можете дать мне совет?
Бірдеңе ойлап табыңдар. Придумайте что-нибудь.
Бармаймын. Емтиханға дайындалып жатырмын. Я не пойду. Я готовлюсь к экзамену.
Шынымды айтсам, мен сіздерге ренжулімін. Если говорить правду, я на вас обижена.
Карточка қабылдайсыздар ма? Вы принимаете карточки?
Осы жолы мен төлеймін! В этот раз я плачу!
34-18
Қыз сияқты майыспашы! Не ломайся, как девочка, пожалуйста!
Сендер бір-біріңді танисыңдар ма? Вы знакомы друг с другом?
Менің жүрегім қуаныштан жарылғалы тұр. От радости моё сердце готово разорваться.
Келген қонақты осылай қарсы алушы ма еді? Разве так встречают пришедших гостей?
Бізге не болғанын айтып бер. Расскажи нам, что было.
Шошыттың ғой! Жүрегім тоқтап қала жаздады ғой. Напугал же ты! У меня же сердце чуть не остановилось.
Көршілер тату-тәтті өмір сұру керек қой. Соседи должны жить дружно.
Осындай әнгіме естісем, жүрегім қанымен жылайды. Когда слышу такие разговоры, сердце кровью обливается.
Не айтқыңыз келген еді? Что Вы хотели сказать?
Саған осыны айтпауым керек еді. Мне не надо было тебе говорить это.
34-19
Өмірді қиындатпа. Не усложняй жизнь.
Маған жөн сілтеме. Не указывай мне.
Неге қобалжисың? Почему волнуешься?
Бәрі маған қарап отырғандай, сол үшін қобалжып тұрмын. Как будто на меня все смотрят, поэтому волнуюсь.
Біз үміттеріңізді ақтауға тырысамыз. Мы постараемся оправдать ваши надежды.
Осыдан кейін жаса адамға жақсылық... Делай после этого добро людям...
Бұл сұрақ ешкімді толғандырмайды. Этот вопрос никого не волнует.
Ешкім сенің артыңнан жүгіріп жүрмейді. Никто за тобой бегать не будет.
Кім оның ішіне кіріп шығыпты дейсің. Кто знает, что у него на уме.
Ешкімге ештеңе деме. Никому ничего не говори.
34-20
Туысындай қарсы алды. Встретил, как родственника.
Кешіріңіз, біз таныспыз ба? Сіз мені қайдан танисыз? Извините, мы разве знакомы? Вы откуда меня знаете?
Тырнағыңды алдың ба? Ты подстриг ногти?
Бұл кісі арамдық жасады. Этот человек поступил нечестно.
Мен мынау киімде өзім жақсы сезінем. Я хорошо себя чувствую в этой одежде.
Мен айнып қалмай тұрғанда бара ғой. Иди, пока я не передумал.
Мұнын бәрі тегін емес. Это всё неспроста.
Неге күліп тұрсың? Не күлкілі бірдеңе айттым ба? Что смеёшься? Я что-то смешное сказал?
Сіз оған кім болып келесіз? Вы ему кем приходитесь?
Аспан жұлдызға толы. Небо усеяно звёздами.

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 33 Вернуться к началу Полезные фразы 35  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга