Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын
 Қаз/Qaz 

Полезные фразы

Сборник 7

Автор: Рауль Керимбаев
Озвучил:     Исеке (ISSAI, KazakhTTS2)

7-1
Прослушать  Өзім де солай ойлап жүргенмін. Я и сам так думал. Прослушать  Özım de solai oilap jürgenmın.
Прослушать  Мен қазір қазақ тілін үйреніп жүрмін. Я сейчас учу казахский язык. Прослушать  Men qazır qazaq tılın üirenıp jürmın.
Прослушать  Қанша уақыт болды үйренгеніңізге? Сколько времени Вы учите? Прослушать  Qanşa uaqyt boldy üirengenıñızge?
Прослушать  Екі жыл болды. Два года уже. Прослушать  Ekı jyl boldy.
Прослушать  Менің қолым бос болмады. Я был занят. Прослушать  Menıñ qolym bos bolmady.
Прослушать  Үнемі осылай жасамақсың ба? Ты всегда хочешь так делать? Прослушать  Ünemı osylai jasamaqsyñ ba?
Прослушать  Бұл ақымақты неге қорғайсың? Ты зачем защищаешь этого дурака? Прослушать  Būl aqymaqty nege qorğaisyñ?
Прослушать  Ол менімен сөйлеспейді. Он со мной не разговаривает. Прослушать  Ol menımen söilespei.
Прослушать  Жүз пайыз ақпарат анық. Сто процентная точная информация. Прослушать  Jüz paiyz aqparat anyq.
Прослушать  Осындай жақсы істерімізді жалғастыра берейік. Давайте продолжать наши вот такие хорошие дела. Прослушать  Osyndai jaqsy ısterımız jalğastyra bereiık.
7-2
Прослушать  Маған қызықсыз. Мне не интересно. Прослушать  Mağan qyzyqsyz.
Прослушать  Мені ұқтың ба? Ты меня понял? Прослушать  Menı ūqtyñ ba?
Прослушать  Бұл ұзақ әңгіме. Это длинная история. Прослушать  Būl ūzaq äñgıme.
Прослушать  Жарайды, болар іс болды, көңілді түсірме. Ладно, что было то было, не расстраивайся. Прослушать  Jaraidy, bolar ıs boldy, köñıl tüsırme.
Прослушать  Болары болды, бояуы сіңді. Разбитую чашку не склеишь. Прослушать  Bolary boldy, boiauy sıñ.
Прослушать  Көп жәрдем еттіңіз. Вы очень помогли. Прослушать  Köp järdem etñız.
Прослушать  Осында қаламын, қайда барамын? Здесь останусь, куда я поеду? Прослушать  Osynda qalamyn, qaida baramyn?
Прослушать  Даусың бір түрлі ғой. Кім сені ренжітті? У тебя голос какой-то странный. Кто тебя обидел? Прослушать  Daus bır türlı ğoi. Kım senı renjıt?
Прослушать  Олай деп ойлама. Не думай так. Прослушать  Olai dep oilama.
Прослушать  Мен сиқыршы емеспін ғой. Я же не волшебник. Прослушать  Men siqyrşy emespın ğoi.
7-3
Прослушать  Кел, отыр қасыма. Идём, садись рядом. Прослушать  Kel, otyr qasyma.
Прослушать  Өзіміз ғой! Мы же свои! Прослушать  Özımız ğoi!
Прослушать  Не істедім мен? Что я сделал? Прослушать  Ne ıstem men?
Прослушать  Араларыңда не бар? Что между вами? Прослушать  Aralarda ne bar?
Прослушать  Ауылға барып қайтайын десем, арлы-берлі жүруге қаражат керек. Хотел поехать в аул, но на всё про всё нужны финансы. Прослушать  Auylğa baryp qaitaiyn desem, arly-berlı jüruge qarajat kerek.
Прослушать  Бұл менің мәселем. Это моя проблема. Прослушать  Būl menıñ mäselem.
Прослушать  Жалғастыра беріңіз. Продолжайте. Прослушать  Jalğastyra berıñız.
Прослушать  Ұмытып кетіппін. Я забыл. Прослушать  Ūmytyp ketıppın.
Прослушать  Мә, ал! На, возьми! Прослушать  Mä, al!
Прослушать  Мен достарға ренжімеймін. Я не обижаюсь на друзей. Прослушать  Men dostarğa renjımeimın.
7-4
Прослушать  Жамандық болғанын қалаған жоқпын. Я не хотел, чтобы вышло плохо. Прослушать  Jamandyq bolğanyn qalağan joqpyn.
Прослушать  Кешке жолығармыз. Встретимся вечером. Прослушать  Keşke jolyğarmyz.
Прослушать  Бұл ақпарат алтыннан да қымбат. Эта информация дороже золота. Прослушать  Būl aqparat altynnan da qymbat.
Прослушать  Қол аяғым байлаулы, дәрменсізбін. Я связан по рукам и ногам, я беспомощен. Прослушать  Qol aiağym bailauly, därmensızbın.
Прослушать  Бұл өмірімде маған ең қымбат – менің балаларым. Самое дорогое в моей жизни – это мои дети. Прослушать  Būl ömırımde mağan eñ qymbat – menıñ balalarym.
Прослушать  Ұйықтап жатқанмын, естімедім. Я спал и не слышал. Прослушать  Ūiyqtap jatqanmyn, estımem.
Прослушать  Үйдің іші не болып кеткен? Что произошло в доме? Прослушать  Üidıñ ışı ne bolyp ketken?
Прослушать  Босқа барыппын. Зря сходил. Прослушать  Bosqa baryppyn.
Прослушать  Сіздің айтқаныңыз – заң. Ваше слово- закон. Прослушать  Sızdıñ aitqanyñyz – zañ.
Прослушать  Артық қылам деп тыртық қылды. Он хотел сделать лучше‚ да сделал хуже. Прослушать  Artyq qylam dep tyrtyq qyldy.
7-5
Бұл туралы абыржымаңыз, ол түк те емес. Ерунда, не беспокойтесь об этом. Būl turaly abyrjymañyz, ol tük te emes.
Бұл – арсыз өтірік. Это бессовестная ложь. Būl – arsyz ötırık.
Сақтанғанды Құдай да сақтайды. Бережённого Бог бережёт. Saqtanğandy Qūdai da saqtaidy.
Мен үйде боламын. Я буду дома. Men üide bolamyn.
Біз сол үшін жанталастық па? Это мы для него старались что ли? Bız sol üşın jantalastyq pa?
Ерлік жасамай-ақ қойшы. Жарай ма? Давай без подвигов. Ладно? Erlık jasamai-aq qoişy. Jarai ma?
Біле білсең, ерлік деген біздің өмірдің маңызды бөлшегі. Если понимаешь, подвиг – это важная часть нашей жизни. Bıle bılseñ, erlık degen bızdıñ ömırdıñ mañyzdy bölşegı.
Мен мынаны күнде жасауға дайынмын. Я готов это делать каждый день. Men mynany künde jasauğa daiynmyn.
Ол жолымды кесіп жүр. Он ставит мне палки в колёса. Ol jolymdy kesıp jür. ***
Не шаруамен кеп қалдыңыз? С чем пожаловали? (кеп=келіп) Ne şaruamen kep qaldyñyz?
7-6
Шешесі, мына балаң не айтып отыр? Мать, что говорит этот твой сын? (муж обращается к жене) Şeşe, myna balañ ne aityp otyr?
Басынан білгенмін осындай болатынын. С самого начала знал, что так будет! Basynan bılgenmın osyndai bolatynyn.
Шай ішсеңші. Пей чай (почему не пьёшь). Şai ışseñşı.
Апарып береміз. Отвезём. Aparyp beremız.
Қайда жүрсеңіз де жолыңыз болсын! Где бы Вы ни были, удачи Вам! Qaida jürseñız de jolyñyz bolsyn!
Менімен бірге кездесуге уақыт бөлгеніңіз үшін көп-көп рақмет. Большое-пребольшое спасибо, что уделили время для встречи со мной. Menımen bırge kezdesuge uaqyt bölgenıñız üşın köp-köp raqmet.
Күмәніңіз болмасын. Не сомневайтесь. Kümänıñız bolmasyn.
Қайтар билет қай күнге алдың? На какое число ты взял обратный билет? Qaitar bilet qai künge aldyñ?
Бұл менің қолымнан келмейді. Это я сделать не смогу. Būl menıñ qolymnan kelmei.
Ол шығып кетті, қазір келеді. Он вышел, сейчас придёт. Ol şyğyp ket, qazır kele.
7-7
Ертең нешесі болады? Завтра какое число? Erteñ neşe bolady?
Бүгін алтысы, ертең жетісі болады. Сегодня шестое, завтра седьмое будет. Bügın altysy, erteñ jetı bolady.
Сізбен ақылдасқым келеді. Я хочу с Вами посоветоваться. Sızben aqyldasqym kele.
Ешқандай жеңілдік болмайды. Никаких скидок не будет. Eşqandai jeñıldık bolmaidy.
Ол бір орында тыныш отыра алмайды. Он спокойно не может сидеть ни на одном месте. Ol bır orynda tynyş otyra almaidy.
Ондай болады. Такое бывает. Ondai bolady.
Туған күн кімге де болса аса қымбат қуаныш күні. День рождения для всех является очень дорогим и радостным днём. Tuğan kün kımge de bolsa asa qymbat quanyş künı.
Бүгін бізде осындай қуанышты күн. Сегодня у нас такой вот радостный день. Bügın bızde osyndai quanyşty kün.
Жасыңды сүрт. Вытри слёзы. Jasdy sürt.
Қалай ұялмайды екен? Как ему не стыдно? Qalai ūialmaidy eken?
7-8
Оның ұят туралы түсінігі жоқ. Он понятия не имеет о совести. Onyñ ūiat turaly tüsınıgı joq.
Басы да жұмыс істемейді. У него с головой не всё порядке. Basy da jūmys ıstemei.
Қолыңнан түк келмейтін адам. Он никчёмный человек. Qolnan tük kelmeitın adam.
Саған қызмет көрсетуім керек пе? Я должен тебе прислуживать? Sağan qyzmet körsetuım kerek pe?
Менің саған деген сенімім шексіз. Я безгранично тебе доверяю. Menıñ sağan degen senımım şeksız.
Мұны қайтесіңдер? Зачем вам это? Mūny qaitesıñder?
Одан да алыстан амандасып жүре берейік. Лучше издалека будем здороваться. Odan da alystan amandasyp jüre bereiık.
Мен ана ретінде мұны айтуды жөн көрдім. Я как мать, посчитала нужным рассказать тебе об этом. Men ana retınde mūny aitudy jön körm.
Үйімізге келіп тұр. Приходи (захаживай) к нам домой. Üiımızge kelıp tūr. ***
Біздің жеткен жеріміз осы. Вот до чего мы докатились. Bızdıñ jetken jerımız osy.
7-9
Айтарлықтай жаңалық жоқ. Особых новостей нет. Aitarlyqtai jañalyq joq.
Жатып ұйықташы. Ложись спать. Jatyp ūiyqtaşy.
Ұйқыны басып жатыр. Спит, как сурок. Ūiqyny basyp jatyr.
Біз бұл мәселені шешеміз. Мы решим эту проблему. Bız būl mäsele şeşemız.
Біз келістік қой. Мы же договорились. Bız kelısk qoi.
Тағдыр жазса, тағы кездесерміз. Если суждено судьбой, мы ещё свидимся. Tağdyr jazsa, tağy kezdesermız.
Сен мүлдем өзгермегенсің. Ты совсем не изменился. Sen müldem özgermegensıñ.
Менің бала кезгі досым. Мой друг детства. Menıñ bala kezgı dosym.
Кез-келген жерде. В любом месте. Kez-kelgen jerde.
Қуанғаннан жүрек дүрсілдейді. От радости сердце стучит. Quanğannan jürek dürsıldei.
7-10
Көзілдірігімді қайда тастаған екенмін? Куда я очки подевал? Közıldırıgım qaida tastağan ekenmın?
Әкелші, көрейін. Дайка мне посмотреть. Äkelşı, köreiın.
Ойың басқа жақта ғой. Мыслями ты где-то далеко. Oi basqa jaqta ğoi.
Келіп кететін жағдай жоқ. Нет возможности приехать. Kelıp ketetın jağdai joq.
Бір күйі. Без изменений (в одно и том же положении). Bır küiı.
Кешікпе ертең. Не опаздывай завтра. Keşıkpe erteñ.
Сен ұзаққа келдің бе? Ты надолго приехал? Sen ūzaqqa kelñ be?
Біз жақтан бәрі дұрыс. С нашей стороны всё нормально. Bız jaqtan bärı dūrys.
Жеңілдеп қалдың ба? Тебе полегчало? Jeñıldep qaldyñ ba?
Осыны бұрыннан бері неге істемегенмін? Почему я раньше не делала этого? Osyny būrynnan berı nege ıstemegenmın?
7-11
Сен мынау түріңмен алысқа бармайсың. Ты таким образом далеко не уйдёшь. Sen mynau türıñmen alysqa barmaisyñ.
Мен өзім бөлмеге бара берсем бола ма? Можно я пойду в свою комнату? Men özım bölmege bara bersem bola ma?
Қандай жақсы! Как хорошо! Qandai jaqsy!
Бұл бәрі уақытша. Всё это временно. Būl bärı uaqytşa.
Бұдан әрі шыдай алмаймын. Я больше так не могу. Būdan ärı şydai almaimyn.
Сен қайда құрып кеттің. Ты куда пропал? Sen qaida qūryp ketñ.
Бәрі жақсы болғанға қуаныштымын. Я рад, что всё у вас хорошо стало. Bärı jaqsy bolğanğa quanyştymyn.
Ештеңе шықпай жатыр. Ничего не получается. Eşteñe şyqpai jatyr.
Ол туралы кейін сөйлесерміз. Об этом поговорим потом. Ol turaly keiın söilesermız.
Бірдеңе күтіп тұрмысың? Ты что-то ждёшь? Bırdeñe kütıp tūrmysyñ?
7-12
Мен барлығын түсініп жүрмін. Я всё понимаю. Men barlyğyn tüsınıp jürmın.
Мен оны қатты сағындым. Я так по нему скучаю. Men ony qatty sağyndym.
Қалжыңды түсінбейсіз бе? Вы шуток не понимаете что ли? Qaljyñdy tüsınbeisız be?
Бұл қалжыңдайтын нәрсе емес. Этим не шутят. Būl qaljyñdaityn närse emes.
Артық сұрақ қоймашы. Не задавай лишних вопросов, пожалуйста. Artyq sūraq qoimaşy.
Теңге тиыннан. Копейка рубль бережёт. Teñge tiynnan.
Өткен аптада. На прошлой неделе. Ötken aptada.
Е, міне әңгіме қайда жатыр! А вот в чём дело! E, mıne äñgıme qaida jatyr!
Ештеңе ойламаңыз. Ни о чём не думайте. Eşteñe oilamañyz.
Сен сонша уақыт қайда болдың? Где ты был столько времени? Sen sonşa uaqyt qaida boldyñ?
7-13
Оның сөзіне сенім жоқ. Его словам веры нет. Onyñ sözıne senım joq.
Олар бізді күлкі қылып жүр. Они над нами смеются. Olar bız külkı qylyp jür.
Тырнақ астынан кір іздемейікші! Давай не будем искать грязь под ногтями! Tyrnaq astynan kır ızdemeiıkşı!
Неге бірден айтпадыңыз? Почему Вы сразу не сказали? Nege bırden aitpadyñyz?
Не ойлап отырсың? О чём думаешь? Ne oilap otyrsyñ?
Сенің есің дұрыс па? Ты в своём уме? Senıñ esıñ dūrys pa?
Күлкілі ештеңе көріп тұрған жоқпын. Ничего смешного я не вижу. Külkılı eşteñe körıp tūrğan joqpyn.
Сен мені мазақ қылып тұрсың ба? Ты издеваешься надо мной? Sen menı mazaq qylyp tūrsyñ ba?
Мені уайымдатпа. Не заставляй меня волноваться. Menı uaiymdatpa.
Сізде автокөлік қоятын орын бар ма? У вас есть парковка для автомобилей? Sızde avtokölık qoiatyn oryn bar ma?
7-14
Уақыт зымырап өтіп барады. Время летит быстро. Uaqyt zymyrap ötıp barady.
Мұны әлі көре жатармыз. Это мы ещё посмотрим. Mūny älı köre jatarmyz.
Бұл есептелмейді. Это не считается. Būl eseptelmei.
Ал біздің өкіліміз қайда? А где наш представитель? Al bızdıñ ökılımız qaida?
Неге қабағыңды түйіп тұрсың? Ты чего хмурый такой? Nege qabağdy tüiıp tūrsyñ?
Шығуға бола ма? Можно выйти? Şyğuğa bola ma?
Барыңыз, бара беріңіз, мен қарай тұрармын. Идите, идите, я присмотрю. Baryñyz, bara berıñız, men qarai tūrarmyn.
Айтқаным айтқан. Сказано-сделано. Aitqanym aitqan.
Менің қазір қолым бос емес. Я сейчас занят. Menıñ qazır qolym bos emes.
Құдай үшін мені оңаша қалдыршы. Ради Бога, оставь меня одну. Qūdai üşın menı oñaşa qaldyrşy.
7-15
Менің жұмысым көп. У меня много работы. Menıñ jūmysym köp.
Енді дала суық, жылы киініп жүріңіз. Теперь на улице холодно, потеплее одевайтесь. Endı dala suyq, jyly kiınıp jürıñız.
Жұрт не айтпайды. Мало что люди говорят. Jūrt ne aitpaidy. ***
Сөйтіп айтпайсың ба. Так бы и сказал. Söitıp aitpaisyñ ba
Сен әлі осындасың ба? Ты ещё здесь? Sen älı osyndasyñ ba?
Ол мені түсінбейді. Он меня не понимает. Ol menı tüsınbei.
Бәрі өтті-кетті. Всё прошло. Bärı öt-ket.
Бірақ айтылған сөз – атылған оқ. Сказанное слово, что вылетевшая пуля. Bıraq aitylğan söz – atylğan oq.
Ықтияр өзіңде. Дело твоё. Yqtiar özıñde.
Бұл үлкен жетістік. Это большое достижение. Būl ülken jetıstık.
7-16
Сіздің табысыңызға шат-шадыманбыз. Мы в восторге от ваших успехов. Sızdıñ tabysyñyzğa şat-şadymanbyz.
Айтып жеткізуге болмайды. Нельзя передать словами. Aityp jetkızuge bolmaidy.
Қанатқа бұл ұнаушы еді. Канату это нравилось. Qanatqa būl ūnauşy edı.
Мен бір жаман іс жасадым. Я одно не хорошее дело сделал. Men bır jaman ıs jasadym.
Негізі, оның әкесі істеді. Ал мен оған көмектестім. В общем, это сделал его отец. А я помогла ему. Negızı, onyñ äke ıste. Al men oğan kömektesm.
Дәмханада отырмыз. В кафе сидим. Dämhanada otyrmyz.
Мынаны не мақсатпен жіберіп отырсың? С какой целью ты это отправила? Mynany ne maqsatpen jıberıp otyrsyñ?
Жақсы, қызым. Тек көп жүрме. Хороша, доченька. Только долго не задерживайся. Jaqsy, qyzym. Tek köp jürme.
Алаңдама. Көп ұзамай үйге келемін. Ты не переживай. Скоро приеду домой. Alañdama. Köp ūzamai üige kelemın.
Бұл дәріден дауа болмады. Это лекарство не дало эффекта. Būl därıden daua bolmady.
7-17
Сен оның кім екенін білесің бе? Ты знаешь кто он такой? Sen onyñ kım ekenın bılesıñ be?
Келгеніңді байқамадым. Я не заметил, как ты пришёл. Kelgenıñ baiqamadym.
Саудада достық жоқ. В бизнесе нет дружбы, только партнерство. Saudada dostyq joq.
Айқайлаған кім? Кто кричал? Aiqailağan kım?
Не боп жатыр мұнда? Что здесь происходит? Ne bop jatyr mūnda?
Бұл менің бала кезімдегі досым. Это мой друг детства. Būl menıñ bala kezımdegı dosym.
Мектепте бірге оқығанбыз. Вместе учились в школе. Mektepte bırge oqyğanbyz.
Өзің қайда жүрсің? Сам ты где? Özıñ qaida jürsıñ?
Міне, тосын сый! Вот, сюрприз! Mıne, tosyn syi!
Тіпті, ойда жоқ едің! Даже и в мыслях ты не был! Tıptı, oida joq edıñ!
7-18
Келмесеңіз, ренжимін. Если не приедете, я обижусь. Kelmeseñız, renjimın.
Сен оны шошытып жіберерсің. Ты его испугаешь. Sen ony şoşytyp jıberersıñ.
Ал сен байқа, ойдағыдай болсын бәрі. Ну, ты смотри, чтобы всё было хорошо (как задумано). Al sen baiqa, oidağydai bolsyn bärı.
Қазіргі заманның тәрбиесі осы-дағы. Вот нынешнее воспитание. Qazırgı zamannyñ tärbie osy-dağy.
Мен келіспеймін. Я не согласен. Men kelıspeimın.
Немен келіспейсің? С чем ты не согласен? Nemen kelıspeisıñ?
Әйеліміз екеуміз ақылдасып көрдік. Мы посоветовались с женой. Äielımız ekeumız aqyldasyp körk.
Екеуміз келісіп қойдық. Мы с ней согласовали. Ekeumız kelısıp qoidyq.
Саған айтуды мүлдем ұмытып кетіппін. Я совсем забыла тебе сказать. Sağan aitudy müldem ūmytyp ketıppın.
Иә, уайым бар. Да, есть волнение. İä, uaiym bar.
7-19
Неге олай дейсіз? Почему вы так говорите? Nege olai deisız?
Менің үшін кепілгер болдыңыз ғой. Вы же поручились за меня (Вы же стали моим гарантом). Menıñ üşın kepılger boldyñyz ğoi.
Сен бізді қатты қорқыттың. Ты нас сильно напугал. Sen bız qatty qorqyttyñ.
Жын қаққандаймын. Словно бес в меня вселился. Jyn qaqqandaimyn.
Сені ренжіткенімді білемін. Я знаю, что ты на меня обижен. Senı renjıtkenım bılemın.
Бәрі өткінші. Всё пройдёт. Bärı ötkınşı.
Ол былай болған еді. Это было так. Ol bylai bolğan edı.
Енеңнен сонша қорқасың ба? Ты так боишься своей свекрови? Eneñnen sonşa qorqasyñ ba?
Мүлдем қорықпаймын. Совсем не боюсь. Müldem qoryqpaimyn.
Сен ондай әйел емессің ғой. Ты же не такая женщина. Sen ondai äiel emessıñ ğoi.
7-20
Енді кездеспеуге келістік. Договорились больше не встречаться. Endı kezdespeuge kelısk.
Ол қызғаныштан тұншығып жүр. Она просто задыхается от зависти. Ol qyzğanyştan tūnşyğyp jür.
Бұл не деген қызғаныш? Что за зависть такая? Būl ne degen qyzğanyş?
Соншама қалай қызғануға болады? Разве так можно завидовать? Sonşama qalai qyzğanuğa bolady?
Біз араласпаймыз. Мы не общаемся. Bız aralaspaimyz
Сен батпаққа белшеден баттың. Ты по пояс завяз в грязи. Sen batpaqqa belşeden battyñ.
Мен оларды жай таныстырғанмын. Я их просто познакомила. Men olardy jai tanystyrğanmyn.
Мен оларды төсекке жатқызған жоқпын. Я их в постель не укладывала. Men olardy tösekke jatqyzğan joqpyn.
Мен сені ойлап уайымдап жүрмін. Я думаю и переживаю за тебя. Men senı oilap uaiymdap jürmın.
Байқаусыз кеткен қате. Случайно допущенная ошибка. Baiqausyz ketken qate.

Корректор: Анар Ануарбекқызы


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 06 Вернуться к началу Полезные фразы 08  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга