Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын
 Қаз/Qaz 

Медицина

Медицина / Medisina
Краткий русско-казахский сборник

Автор: Рауль Керимбаев
Озвучил:     Исеке (ISSAI, KazakhTTS2)

М-1
Прослушать  Маған салқын тиді. Я простудился. Прослушать  Mağan salqyn ti.
Прослушать  Маған тұмау тиді.У меня грипп. Прослушать  Mağan tūmau ti.
Прослушать  Мен өзімді жайсыз сезініп тұрмын. Мне не здоровится. Прослушать  Men özım jaisyz sezınıp tūrmyn.
Прослушать  Маған қатты суық тиді.Я сильно простыл. Прослушать  Mağan qatty suyq ti.
Прослушать  Менің жөтелім бар.У меня кашель. Прослушать  Menıñ jötelım bar.
Прослушать  Менің қызуым бар.У меня температура. Прослушать  Menıñ qyzuym bar.
Прослушать  Жедел жәрдем шақыру үшін жүз үш нөмірін теріңіз.Чтобы вызвать скорую помощь наберите сто три. Прослушать  Jedel järdem şaqyru üşın jüz üş nömırın terıñız.
Прослушать  Қабылдау бөлімі қай жерде?Где находится приёмный покой? Прослушать  Qabyldau bölımı qai jerde?
Прослушать  Кезекші дәрігер қайда?Где дежурный врач? Прослушать  Kezekşı därıger qaida?
Прослушать  Сәлеметсіз бе! Келіңіз, отырыңыз.
Прослушать  Сізді не мазалап жүр, айта беріңіз.
Здравствуйте! Проходите, садитесь.
Что Вас беспокоит, говорите?
Прослушать  Sälemet sız be! Kelıñız, otyryñyz.
Прослушать  Sızdı ne mazalap jür, aita berıñız.
М-2
Прослушать  Қай жеріңіз мазалап жүр?Что Вас беспокоит? Прослушать  Qai jerıñız mazalap jür?
Прослушать  Мен ауырып жатырмын. Я болею. Прослушать  Men auyryp jatyrmyz.
Прослушать  Мен жөтеліп жүрмін. Я кашляю. Прослушать  Men jötelıp jürmın.
Прослушать  Менің ыстығым бар сияқты.Кажется, у меня температура. Прослушать  Menıñ ystyğym bar siaqty.
Прослушать  Бүгін өзімді жақсы сезініп тұрмын. Сегодня я чувствую себя лучше. Прослушать  Bügın özım jaqsy sezınıp tūrmyn.
Прослушать  Келіңіз, мен сіздің қан қысымыңызды өлшеп жіберейін. Подойдите, я измерю Вам давление. Прослушать  Kelıñız, men sızdıñ qan qysymyñyzdy ölşep jıbereiın.
Прослушать  Қолыңызды созыңыз. Протяните руку. Прослушать  Qolyñyzdy sozyñyz.
Прослушать  Қан қысымыңызды тексеріп жіберейін. Давайте я проверю Ваше давление. Прослушать  Qan qysymyñyzdy tekserıp jıbereiın.
Прослушать  Сіздің қан қысымыңызды өлшеуім керек.Мне нужно измерить Ваше давление? Прослушать  Sızdıñ qan qysymyñyzdy ölşeuım kerek.
Прослушать  Дем алыңыз. Вдохните. Прослушать  Dem alyñyz.
М-3
Прослушать  Деміңізді шығарыңыз. Выдохните. Прослушать  Demıñız şyğaryñyz.
Прослушать  Дем алмаңыз. Не дышите. Прослушать  Dem almañyz.
Прослушать  Терең дем алыңыз. Дышите глубже. Прослушать  Tereñ dem alyñyz.
Прослушать  Бірқалыпты дем алыңыз. Дышите спокойно. Прослушать  Bırqalypty dem alyñyz.
Прослушать  Ауызыңызды ашыңыз.Откройте рот. Прослушать  Auyzyñyzdyyñyz.
Прослушать  Тіліңізді көрсетіңіз. Покажите язык. Прослушать  Tılıñız körsetıñız.
Прослушать  Отырыңыз. Садитесь. Прослушать  Otyryñyz.
Прослушать  Тұрыңыз. Встаньте. Прослушать  Tūryñyz.
Прослушать  Қозғалмай тұрыңыз.Стойте спокойно. Прослушать  Qozğalmai tūryñyz.
Прослушать  Көзіңізді жұмыңыз. Закройте глаза. Прослушать  Közıñız jūmyñyz.
М-4
Көзіңізді ашыңыз. Откройте глаза. Közıñızyñyz.
Өтінемін, мына жерге жатыңыз.Прилягте здесь, пожалуйста. Ötınemın, myna jerge jatyñyz.
Тақтаға жатыңыз.Ложитесь на кушетку. Taqtağa jatyñyz.
Шалқаңыздан жатыңыз. Ложитесь на спину. Şalqañyzdan jatyñyz.
Оң жақ бүйіріңізбен жатыңыз. Ложитесь на правый бок. Oñ jaq büiırıñızben jatyñyz.
Сол жақ бүйіріңізбен жатыңыз. Ложитесь на левый бок. Sol jaq büiırıñızben jatyñyz.
Ал енді етбетіңізден жатыңыз.А теперь ложитесь на живот. Al endı etbetıñızden jatyñyz.
Денеңізді бос ұстаңыз.Расслабьтесь. Deneñız bos ūstañyz.
Ішіңізді бос ұстаңыз. Расслабьте живот.ıñız bos ūstañyz.
Екі қолыңызды жоғары көтеріңіз.Поднимите обе руки вверх. Ekı qolyñyzdy joğary köterıñız.
М-5
Қолыңызды түсіріңіз. Басыңызды бұрыңыз.Опустите руки. Поверните голову. Qolyñyzdy tüsırıñız. Basyñyzdy būryñyz.
Екі қолыңызды шынтағыңыздан бүгіңіз. Согните руки в локтевых суставах. Ekı qolyñyzdy şyntağyñyzdan bügıñız.
Еңкейіңіз, тізеңізді бүкпеңіз. Наклонитесь, ноги в коленях не сгибать. Eñkeiıñız, tızeñız bükpeñız.
Жоғары қараңыз.Посмотрите вверх. Joğary qarañyz.
Төмен қараңыз. Посмотрите вниз. Tömen qarañyz.
Менің саусағыма қараңыз. Следите за моим пальцем. Menıñ sausağyma qarañyz.
Менің тамағым ауырып жүр. У меня болит горло. Menıñ tamağyp auyryp jür.
Мен күйіп қалдым.Я обжёгся. Men küiіп qaldym.
Менің қан қысымым төмен. У меня пониженное давление. Menıñ qan qysymym tömen.
Мен түнде ұйықтай алмаймын.Я ночью не могу заснуть. Men tünde ūiyqtai almaimyn.
М-6
Маған суық тиіп қалған сияқты. Возможно, я простудилась. Mağan suyq tiıp qalğan siaqty.
Маған отоларингологтың кеңесі керек. Мне нужна консультация отоларинголога. Mağan otolaringologtyñ keñesı kerek.
Менің денсаулығым болмай тұр. Мне нездоровится. Menıñ densaulyğym bolmai tūr.
Асқазаным ауырып тұр.У меня болит желудок. Asqazanym auyryp tūr.
Жүрегім ауырып тұр.У меня болит сердце. Jüregım auyryp tūr.
Мені бүгінге жазыңызшы. Запишите меня на сегодня. Menı bügınге jazyñyzşy.
Мені ертеңге жазыңызшы.Запишите меня на завтра. Menı erteñge jazyñyzşy.
Мені арғы күнге жазыңызшы. Запишите меня на послезавтра. Menı arğy künge jazyñyzşy.
Мен осында тіркелгенмін.Я прикреплён здесь. Men osynda tırkegenmın.
Оның ыстығы жоғары.У неё высокая температура. Onyñ ystyğy joğary.
М-7
Ол қолын кесіп алды.Она порезала руку. Ol qolyn kesıp aldy.
Ол аяғын ауыртып алды. Он повредил ногу. Ol aiağ auyrtyp aldy.
Қай жеріңіз ауырып тұр, көрсетіңізші. Покажите, где болит? Qai jerıñız auyryp tūr, körsetıñızşı.
Қан қысымыңыз көтеріліп кетіпті. У Вас повысилось давление. Qan qysymyñyz köterılıp ketıp.
Қан қысымыңыз жоғары.У Вас высокое артериальное давление. Qan qysymyñyz joğary.
Дәрігер маған рецепт жазып берді.Врач мне выписал рецепт. Därıger mağan resept jazyp ber.
Мен дәріні дәріханадан сатып алдым.Я купил лекарства в аптеке. Men därı därıhanadan satyp aldym.
Дәріні күніне үш рет ішу керек. Лекарство нужно пить три раза в день. Därı künıne üş ret ışu kerek.
Бұл дәріні тамақ алдында ішіңіз. Принимайте это лекарство перед едой. Būl därı tamaq aldynda ışıñız.
Бұл дәріні тамақтан кейін ішіңіз.Принимайте это лекарство после еды. Būl därı tamaqtan keiın ışıñız.
М-8
Бұл дәріні тамаққа қосып ішіңіз. Принимайте это лекарство во время еды. Būl därı tamaqqa qosyp ışıñız.
Дәріні тек нұсқаулыққа сәйкес ішіңіз. Принимайте лекарство строго по инструкции. Därı tek nūsqaulyqqa säikes ışıñız.
Қан анализ тапсыру керек. Необходимо сделать анализ крови. Qan analiz tapsyru kerek.
Сізге нөмір бірінші қалалық ауруханаға жолдама жазамын. Я напишу Вам направление в первую городскую больницу. Sızge nömır bırınşı qalalyq auruhanağa joldama jazamyn.
Сізге рецепт жазып беремін.Я выпишу Вам рецепт. Sızge resept jazyp beremın.
Маған дәрігердің кеңесі керек. Мне нужна консультация врача.< Mağan därıgerdıñ keñesı kerek.
Тіс дәрігерінің қабылдауы қанша тұрады?Сколько стоит прием врача - стоматолога? Tıs därıgerınıñ qabyldauy qanşa tūrady?
Сіздерде окулист дәрігер қабылдай ма?У вас принимает врач - окулист? Sızderde okulist därıger qabyldai ma?
Уайымдамаңыз, тез сауығып кетесіз. Не переживайте, Вы скоро поправитесь. Uaiymdamañyz, tez sauyğyp kete sız.
Екі таблеткадан күніне үш рет ішіңіз. Принимайте по две таблетки в день три раза. Ekı tabletkadan künıne üş ret ışıñız.
М-9
Бүгінше осы айтқанды жасаңыз, жақсы ма?На сегодня сделайте всё, что я Вам сказал, хорошо? Bügınşe osy aitqandy jasañyz, jaqsy ma?
Айгүл, қазір былай істейсіз: мен сізге дәрі жазып берем, дәріханадан барып аласыз да, тек бір апта ғана ішесіз. Айгуль, сейчас поступите так: я Вам выпишу лекарство, купите его в аптеке, будете принимать только одну неделю. Aigül, qazır bylai ıstei sız: men sızge därı jazyp beren, därıhanadan baryp alasyz da, tek bır apta ğana ışe sız.
Сізге дәрі егемін. Я сделаю Вам укол. Sızge därı egemın.
Оған ота жасап жатыр. Его сейчас оперируют. Oğan ota jasap jatyr.
Қазір ол жан сақтау бөлімінде.Сейчас он в реанимации. Qazır ol jan saqtau bölımınde.
Көзіңді шаң-тозаңнан қорғау керек, теледидарды көп қарауға болмайды, компьютер көп ойнауға болмайды. Көзіңді күту керек. Глаза надо защищать от пыли, нельзя много смотреть телевизор, играть на компьютере. Глаза нужно беречь. Közıñ şañ-tozañnan qorğau kerek, teledidardy köp qarauğa bolmaidy, kompüter köp oinauğa bolmaidy. Közıñ kütu kerek.
Күш түскенде ентігесіз бе? Есть ли одышка при физической нагрузке? Küş tüskende entıge sız be?
Дене шынықтырғанда ентігесіз бе? Есть ли одышка при исполнении занятий по физкультуре? Dene şynyqtyrğanda entıge sız be?
Ауыр жұмыс істегенде ентігесіз бе?Есть ли одышка при исполнении тяжелой работы? Auyr jūmys ıstegende entıge sız be?
Жүрген кезде ентігесіз бе? Есть ли одышка при ходьбе? Jürgen kezde entıge sız be?
М-10
Сөйлеген кезде ентігесіз бе?Есть ли одышка, когда говорите? Söilegen kezde entıge sız be?
Сен ауырып қалдың ба?Ты заболел что ли? Sen auyryp qaldyñ ba?
Ол сырқаттанып қалды. Он заболел. Ol syrqattanyp qaldy.
Менің жүрегім айниды.Меня тошнит. Menıñ jüregım ainidy.
Мені ауруханаға жатқызды. Меня положили в больницу. Menı auruhanağa jatqyzdy.
Медбике, маған ауруды басатын дәрі беріңізші. Медсестра, дайте мне обезболивающее лекарство. Medbike, mağan aurudy basatyn därı berıñızşı.
Сіз төсекте жатуыңыз керек. Вам нужно лежать в постели. Sız tösekte jatuyñyz kerek.
Қандай шағымдарыңыз бар?Какие жалобы у Вас? Qandai şağymdaryñyz bar?
Қалай ауырып тұр?Как болит? Qalai auyryp tūr?
Қадалып ауыра ма?Колющая боль? Qadalyp auyra ma?
М-11
Қатты аурады ма?Сильно болит (Острая боль)? Qatty auyrady ma?
Оқтын-оқтын ауыра ма? Периодическая боль? Oqtyn-oqtyn auyra ma?
Мезгіл-мезгіл ауыра ма?Периодическая боль? Mezgıl-mezgıl auyra ma?
Тұрақты ауыра ма?Постоянная боль? Tūraqty auyra ma?
Тоқтаусыз ауыра ма?Постоянная боль? Toqtausyz auyra ma?
Үздіксіз ауыра ма?Постоянная боль? Üzdıksız auyra ma?
Бүріп ауыра ма? Схваткообразная боль? Bürіп auyra ma?
Қобалжыған кезде ауыра ма? Болит, когда волнуетесь? Qobaljyğan kezde auyra ma?
Ұйықтап жатқанда ауыра ма? Болит, когда спите? Ūiyqtap jatqanda auyra ma?
Себепсіз ауыра ма? Беспричинно болит? Sebepsız auyra ma?
М-12
Қай уақытта ауырады?В какое время болит? Qai uaqytta aurady ma?
Қалай жөтелесіз?Как кашляете? Qalai jötele sız?
Қай уақытта жөтелесіз? (таңертең, кешке, түнде) В какое время кашляете? (утром, вечером, в обед) Qai uaqytta jötele sız? (tañerteñ, keşke, tünde)
Кеудеңіз қалай ауырады?В груди как болит? Keudeñız qalai auyrady?
Кеудеңіз дем алған кезде ауыра ма?Грудь болит во время дыхания? Keudeñız dem alğan kezde auyra ma?
Арқаңыз ауыр күш түскенде ауыра ма?Спина болит при нагрузке? Arqañyz auyr küş tüskende auyra ma?
Үнемі жүрегім айнып тұрады. Меня постоянно тошнит. Ünemı jüregım ainyп tūrady.
Тамақ ішкенде жүрегіңіз айни ма? Вас тошнит, когда кушаете? Tamaq ışkende jüregıñız aini ma?
Қандай тағамнан жүрегіңіз айниды?На какую пищу Вас тошнит? Qandai tağamnan jüregıñız ainidy?
Тамақ ішкенде асқазаныңыз қыжылдай ма?У Вас изжога возникает во время еды? Tamaq ışkende asqazanyñyz qyjyldai ma?
М-13
Аш қарынға құсасыз ба? Рвота у Вас натощак? Aş qarynğa qūsasyz ba?
Тамақ ішкеннен кейін құсасыз ба?Рвота (у Вас) после приема пищи? Tamaq ışkennen keiın qūsasyz ba?
Тамақ ішкеннен кейін бірден құсасыз ба?Рвота (у Вас) сразу после приема пищи? Tamaq ışkennen keiın bırden qūsasyz ba?
Тамақ ішкен соң қанша уақыттан кейін құсасыз?Через сколько времени после приема пищи у Вас возникает рвота? Tamaq ışken soñ qanşa uaqyttan keiın qūsasyz ba?
Мен ұйықтай алмай жүрмін, маған ұйықтайтын дәрі беріңізші. У меня бессонница, дайте мне снотворное. Men ūiyqtai almai jürmın, mağan ūiyqtaityn därı berıñızşı.
Қандай ем қабылдау керек? Какое лечение надо принимать? Qandai em qabyldau kerek?
Хирург қашан қабылдайды? Когда принимает хирург? Hirurg qaşan qabyldaidy?
Маған бас ауруын басатын дәрі керек. Мне нужно лекарство от головной боли. Mağan bas auruyn basatyn därı kerek.
Маған аллергияға қарсы дәрі керек еді.Мне нужно лекарство от аллергии. Mağan alergiağa qarsy därı kerek edı.
Қазір саған дәрі алып келемін. Сейчас принесу тебе лекарство. Qazır sağan därı alyp kelemın.
М-14
Екі дәрісін ішсең болды, түк болмағандай жазылып кетесің. Выпьешь две таблетки и, как небывало, выздоровеешь. Ekı därın ışseñ boldy, tük bolmağandai jazylyp ketesıñ.
Сіз сырқаттанып отырсыз ба?Вам не здоровится? Sız syrqattanyp otyrsyz ba?
Сіздің арқаңызда дер кезінде ота жасалып бәрі жақсы болды. Благодаря Вам, ему сделали вовремя операцию, теперь все хорошо. Sızdıñ arqañyzda der kezınde ota jasalyp bärı jaqsy boldy.
Асқазаным қыжылдап ауырады. У меня изжога. Asqazanym qyjyldap auyrady.
Қандай тамақ ішкенде асқазаныңыз қыжылдайды?При приеме какой пищи возникает изжога? Qandai tamaq ışkende asqazanyñyz qyjyldaidy?
Мені кекірік мазалайды. Меня беспокоит отрыжка. Menı kekırık mazalaidy.
Өкінішке орай, бұл дәріні тек дәрігердің рецептімен сатып алуға болады. К сожалению, это лекарство можно купить только по рецепту врача. Ökınışke orai, būl därı tek därıgerdıñ reseptımen satyp aluğa bolady.
Маған тұмауға қарсы дәрі керек еді. Мне нужно средство от гриппа. Mağan tūmauğa qarsy därı kerek edı.
Суық тигенге қандай дәрі бересіз? Что Вы можете предложить от простуды? Suyq tigenge qandai därı bere sız?
Мына дәрі қашан дайын болады?Когда будет готово это лекарство? Myna därı qaşan daiyn bolady?
М-15
Мына рецепт бойынша дәрі беріңізші. Дайте мне лекарство по этому рецепту. Myna resept boiynşa därı berıñızşı.
Тамақ ішкеннен кейін ауыра ма?Болит после приёма пищи? Tamaq ışkennen keiın auyra ma?
Маған стерилді дәке және мақта беріңізші.Дайте мне стерильный бинт и вату. Mağan sterildı däke jäne maqta berıñızşı.
Ішіңіз қалай ауырады?Как болит живот?ıñız qalai auyrady?
Тамақ ішкенге дейін ауыра ма? Болит до еды? Tamaq ışkenge deiın auyra ma?
Тамақ ішкеннен кейін ауыра ма?Болит после приёма пищи? Tamaq ışkennen keiın auyra ma?
Жүрегіңізді тыңдап жіберейін. Я послушаю Ваше сердце. Jüregıñız tyñdap jıbereiın.
Жұтыныңыз!Сделайте глотательное движение! Jūtynyñyz!
Оған сұйықты көп беріңіз. Давайте ему много жидкости. Oğan sūiyqty köp berıñız.
Сары ауру, туберкулез, венерологиялық аурулармен ауырдыңыз ба?Вы не болели желтухой, туберкулёзом, венерологическими болезнями? Sary auru, tuberkulez, venerologialyq aurularmen auyrdyñyz ba?
М-16
Отбасыңызда тұқым қуалайтын аурулар бар ма?В Вашей семье есть наследственные заболевания? Otbasyñyzda tūqym qualaityn aurular bar ma?
Зиян әдеттеріңіз бар ма? У Вас есть вредные привычки? Zian ädetterıñız bar ma?
Темекі шекпеймін.Я не курю. Temekı şekpeimın.
Ішімдікті тек мерекелерде ғана ішемін. Спиртное принимаю только по праздникам. Işımdık tek merekelerde ğana ışemın.
Халіңіз қалай?Как вы себя чувствуете? Halıñız qalai?
Бал қосылған сүт ішу керек. Нужно пить мёд с молоком. Bal qosylğan süt ışu kerek.
Ауырма.Не болей. Auyrma.
Өткендегіден ажарыңыз жақсы екен! Выглядите гораздо лучше, чем в прошлый раз! Ötkendeden ajaryñyz jaqsy eken!
Енді аузыңды аша ғой, тамағынды қарап жіберейін. А теперь открой рот, я посмотрю твоё горло. Endı auzdya ğoi, tamağdy qarap jıbereiın.
Жазалып кетіңіз тезірек! Выздоравливайте быстрей! Jazalyp ketıñız tezırek!
М-17
Сен сырқаттанып қалған жоқсың ба? Ты не заболел? Sen syrqattanyp qalğan joqsyñ ba?
Өзіңізді қалай сезінесіз?Как себя чувствуете? Özıñız qalai sezıne sız?
Дәрігерді шақырыңызшы. Позовите, пожалуйста, врача. Därıger şaqyryñyzşy.
Сіз қандай диагноз қойдыңыз?Вы какой диагноз поставили? Sız qandai diagnoz qoidyñyz?
Терезені жабу керек, суық тиедi, ауырасың.Надо окно закрыть, простудишься, заболеешь. Tereze jabu kerek, suyq tie, auyrasyñ.
Сен міндетті түрде дәрігерге қаралуың керек. Тебе нужно обязательно показаться врачу. Sen mındettı türde därıgerge qaralukerek.
Оның тамағы ауырып тұр. Сөйлей алмайды. У него болит горло. Он не может говорить. Onyñ tamağy auyryp tūr. Söilei almaidy.
Тамақтан уланып қалдым.Я отравился едой. Tamaqtan ulanyp qaldym.
Бас аурудың дәрісін беріңізші. Дайте мне, пожалуйста, таблетку от головной боли. Bas aurudyñ därın berıñızşı.
Ыстығым көтерілді.У меня поднялась температура. Ystyğym köterıl.
М-18
Науқастың жағдайы тұрақты.Состояние больного стабильное. Nauqastyñ jağdaiy tūraqty.
Науқастың жағдайы нашарлауда.Состояние больного ухудшается. Nauqastyñ jağdaiy naşarlauda.
Науқастың жағдайы жақсаруда.Состояние больного улучшается. Nauqastyñ jağdaiy jaqsaruda.
Шыдай тұрыңыз. Мен сізді тыңдап көрейін (фонендоскоппен). Потерпите. Я Вас послушаю (фонендоскопом). Şydai tūryñyz. Men sız tyñdap köreiın (fonendoskoppen).
Деміңізді ішке алып, сыртқа шығарыңыз. Вдохните, выдохните. Demıñız ışke alyp, syrtqa şyğaryñyz.
Менің өкпем ауыра ма?У меня больные легкие? Menıñ ökpem auyra ma?
Иә... Сіз өкпеңізге суық тигізіп алыпсыз. Да... Вы застудили лёгкие. İä... Sız ökpeñızge suyq tigızıp alypsyz.
Мен сізге рентгенге жолдама берейін.Я дам Вам направление на рентген. Men sızge rentgenge joldama bereiın.
Жасыңызға сәйкес егулер жасалды ма?Прививки Вам делались в соответствии с возрастом? Jasyñyzğa säikes eguler jasaldy ma?
Есімде жоқ, анықтамам бар. Я не помню, но у меня есть справка. Esımde joq, anyqtamam bar.
М-19
Басқа амалымыз болмады. Кешіріңіз!У нас не было другого выхода. Извините! Basqa amalymyz bolmady. Keşırıñız!
Мен көзілдірігімді сындырып алдым. Я сломал очки. Men közıldırıgım syndyryp aldym.
Жаңа көзілдірікті қайдан алуға болады?Где можно взять новые очки? Jaña közıldırık qaidan aluğa bolady?
Денсаулығыма қауіпті ештеңе жоқ па?Опасного для моего здоровья ничего нет? Densaulyğyma qauıptı eşteñe joq pa?
Тұрмыс жағдайыңыз қандай? Какие у Вас условия жизни? Tūrmys jağdaiyñyz qandai?
Қанағаттанарлық.Удовлетворительные. Qanağattanarlyq.
Сіз соңғы рет жалпы қаныңызды талдауға қашан тапсырдыңыз?Вы когда сдавали в последний раз общий анализ крови? Sız soñğy ret jalpy qanyñyzdy талдауğa qaşan tapsyrdyñyz?
Үш ай бұрын, медициналық тексеруден өткенде, дәрігер анализ қорытындысы қалыпты деді.Три месяца назад, когда проходил медицинский осмотр. Врач сказал, что результаты анализа нормальные. Üş ai būryn, medisinalyq tekseruden ötkende, därıger analiz qorytyndysy qalypty de.
Соңғы уақытта қандай да бір дәрілік заттар іштіңіз бе әлде ішіп жүрсіз бе?Какое лекарственное вещество Вы принимали в последнее время или принимаете сейчас? Soñğy uaqytta qandai da bır därılık zattar ışñız bу älde ışıp jürsız be?
Қазір қан қысымын өлшейік. Сейчас давайте измерим давление. Qazır qan qysymyn ölşeiık.
М-20
Ол жазылып келе жатыр. Жақында шығарамыз. Он выздоравливает. Скоро мы его выпишем. Ol jazylyp kele jatyr. Jaqynda şyğaramyz.
Жасыңызға сай өсіп дамыдыңыз ба? Вы развивались в соответствии с возрастом? Jasyñyzğa sai ösıp damydyñyz ba?
Дәріні қалай ішемін? Как мне принимать лекарство? Därı qalai ışemın?
Мен сізге рецепт жазып беремін.Я напишу Вам рецепт. Men sızge resept jazyp beremın.
Он күннен соң қабылдауыма келіңіз.Ко мне на прием приходите через 10 дней. On künnen soñ qabyldauyma kelıñız.
Бұл дәрі қанша тұрады?Сколько стоит это лекарство? Būl därı qanşa tūrady?
Бұл дәрі жүрек ауыруына қарсы, таңертең 1 түйірден 10 күн ішесіз.Это лекарство от болезни сердца, будете принимать по одной таблетке десять дней. Būl därı jürek auyruyna qarsy, tañerteñ 1 tüiırden 10 kün ışesız.
Жүрегіңнің айнығаны қойды ма? Тошнота прекратилась? Jüregıñnıñ ainyğany qoidy ma?
Ішпес бұрын шайқап алыңыз.Перед употреблением взбалтывать.pes būryn şaiqap alyñyz.
Таңертең қан мен зәр тапсырыңыз.Утром сдайте кровь и мочу. Tañerteñ qan men zär tapsyryñyz.
М-21
Қызуыңыз жоғары екен, отыз сегіз. Температура у Вас высокая, 38. Qyzuyñyz joğary eken, otyz segız.
Басым ауырып барады. Бас жазатын бірдеме бар ма?Голова болит. Есть у тебя что–нибудь для лечения головы? Basym auyryp barady. Bas jazatyn bırdeme bar ma?
Мына дәріні көзіңе күніне үш рет тамызу керек. Вот это лекарство нужно капать в глаза три раза в день. Myna därı közıñe künıne üş ret tamyzu kerek.
Қазір сау адам жоқ.Сейчас нет здоровых людей. Qazır sau adam joq.
Оның дені сау емес. Он не здоров. Onyñ denı sau emes.
Ол ептеп жазылып келеді. Он потихоньку выздоравливает. Ol eptep jazylyp kele.
Жазылып кетсін. Пусть выздоравливает. Jazylyp ketsın.
Мен жөтелемін. Я кашляю. Men jötelemın.
Менің тәбетім жоқ. У меня нет аппетита. Menıñ täbetım joq.
Менің тісім ауырып тұр. У меня болит зуб. Menıñ tısım auyryp tūr.
М-22
Екі-үш күннен кейін бәрі қалпына келеді. Через 2 - 3 дня все нормализуется. Ekı-üş künnen keiın bärı qalpyna kele.
Тәбетіңіз қалай?Как у Вас аппетит? Täbetıñız qalai?
Ет, әсіресе майлы, май мен қуырылған тағамдарды жемей тұрыңыз. Пока не ешьте мясо, особенно жирное, и жаренное на масле пищу. Et, äsırese maily, mai men quyrylğan tağamdardy jemei tūryñyz.
Таңертең дене қызуыңыз қандай болды?Утром у Вас какая была температура? Tañerteñ dene qyzuyñyz qandai boldy?
Таңертең отыз тоғыз болған. Утром температура была 39. Tañerteñ otyz toğyz bolğan.
Ол сауығып кетеді. Она поправится. Ol sauyğyp kete.
Сізде созылмалы аурулар бар ма?У Вас есть хронические болезни? Sızde sozylmaly aurular bar ma?
Менің мазам болмай тұр. Я неважно себя чувствую. Menıñ mazam bolmai tūr.
Дәрігердің бірінші парызы: Зияныңды тигізбе! Гиппократ. Первая заповедь врача: Не навреди! Гиппократ. Därıgerdıñ bırınşı paryzy: Ziandy tigızbe! Gippokrat.
Медицина ғылымының атасы Гиппократ айтқан: «Жасаған емің науқасқа зиян келтірмесін». Отец медицинской науки Гиппократ говорил: «При лечении не навреди больному». Medisina ğylymynyñ atasy Gippokrat aitqan: «Jasağan emıñ nauqasqa zian keltırmesın».
М-23
Ота сәтті аяқталды. Операция удачно закончилась. Ota sättı aiaqtaldy.
Менің ем алып жатқаныма алты күн болды. Я лежу и лечусь уже 6 дней. Menıñ em alyp jatqanyma alty kün boldy.
Тамақ ауырып, мұрын бітіп, мазам болмай тұр.Неважно себя чувствую, горло болит, нос забит. Tamaq auyryp, mūryn bıtıp, mazam bolmai tūr.
Бұрын өкпеңіз қабынған жоқ па еді?Вы раньше болели воспалением легких? Būryn ökpeñız qabynğan joq pa edı?
Мына жеріңізді басқан кезде ауыра ма? Вам больно, когда я здесь нажимаю? Myna jerıñız basqan kezde auyra ma?
Мына жерім ауырады. У меня болит здесь. Myna jerım auyrady.
Дәрілерге аллергия жоқ па?У Вас нет аллергии на лекарства? Därılerge alergia joq pa?
Жүрегіңіз мазаламай ма?Сердце не беспокоит? Jüregıñız mazalamai ma?
Емдел. Лечись. Emdel.
Тамағыңызды емдеу керек. Вам нужно лечить горло. Tamağyñyzdy emdeu kerek.
М-24
Сіз ауруханаға жатуыңыз керек. Вам нужно лечь в больницу. Sız auruhanağa jatuyñyz kerek.
Сізге дәрі көмектесті ме?Вам помогло лекарство? Sızge därı kömektes me?
Оған ем қонбайды. От лечения ему прока нет. Oğan em qonbaidy.
Бүгін терапевт нешеге дейін қабылдайды? До скольких сегодня принимает терапевт? Bügın terapevt neşege deiın qabyldaidy?
Мен нөмірі бесінші емханада дәрігер болып жұмыс істеймін. Я работаю врачом в поликлинике №5. Men nömırı besınşı emhanada därıger bolyp jūmys ısteimın.
Дәрігерге қаралдыңыз ба?Вы обследовались у врача? Därıgerge qaraldyñyz ba?
Менің аяқ-қолымның буындары аурады. У меня болят суставы ног и рук. Menıñ aiaq-qolymnyñ buyndary aurady.
Сен дәрігерге барғаның жақсы болар еді. Хорошо бы тебе сходить к врачу. Sen därıgerge barğan jaqsy bolar edı.
Мен сізге ішімдікті қолданбауға кеңес беремін. Я советую Вам не употреблять спиртные напитки. Men sızge ışımdık qoldanbauğa keñes beremın.
Сіз шылым шегуді азайтқаныңыз жөн. Вам следовало бы курить поменьше. Sız şylym şegu azaitqanyñyz jön.
М-25
Сіз спортпен шұғылдануыңыз керек. Надо Вам заняться спортом. Sız sportpen şūğyldanuyñyz kerek.
Жаяу жүргенде буын ауыра ма? Во время ходьбы сустав болит? Jaiau jürgende buyn auyra ma?
Аурудың алғашқы белгілері қашан басталды?Когда начались первые признаки болезни? Aurudyñ alğaşqy belgılerı qaşan bastaldy?
Осы ауруға қарсы ем қабылдадыңыз ба?Вы получали лечение по этой болезни? Osy auruğa qarsy em qabyldadyñyz ba?
Ем нәтижелі болды ма?Лечение было эффективным? Em nätijelı boldy ma?
Стационарда ем қабылдадыңыз ба?Вы лечились в стационаре? Stasionarda em qabyldadyñyz ba?
Қандай шағымдармен келдіңіз?С какими жалобами Вы пришли? Qandai şağymdarmen kelñız?
Сіз қаншалықты арықтап кеттіңіз?Вы насколько похудели? Sız qanşalyqty aryqtap ketñız?
Қандай басқа созылмалы аурулармен сырқаттанасыз?Какими другими хроническими болезнями страдаете? Qandai basqa sozylmaly aurularmen syrqattanasyz?
Ем жүргізді ме? Лечение проводилось? Em jürgız me?
М-26
Жеті жыл бұрын аппендицит болған. 7 лет назад у меня был аппендицит. Jetı jyl būryn apendisit bolğan.
Қанша уақыт ауырады?Сколько времени болит? Qanşa uaqyt auyrady?
Қашан күшейеді? Когда усиливается? Qaşan küşeie?
Айналаңыздағыларды шошытып алмаңыз!Не распугайте всех вокруг! Ainalañyzdağylardy şoşytyp almañyz!
Науқастың жалпы жағдайы жаман емес. Состояние больного неплохое. Nauqastyñ jalpy jağdaiy jaman emes.
Менің ішім ауырып жүр. У меня болит живот. Menıñ ışım auyryp jür.
Қазір ол жұлдыз ауруымен ауырып жүр. Сейчас он страдает звездной болезнью. Qazır ol jūldyz auruymen auyryp jür.
Ана жерім ауырып жүр, мына жерім ауырып жүр. Здесь болит, и там болит. Ana jerım auyryp jür, myna jerım auyryp jür.
Менің баламның көзі ауырып жүр, қарап беріңізші. У моего ребёнка болит глаз, посмотрите, пожалуйста. Menıñ balamnyñ közı auyryp jür, qarap berıñızşı.
Қашаннан бері ауырды? С какого времени он заболел? Qaşannan berı auyrdy?

Корректор: Анар Ануарбекқызы


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Приятного аппетита Вернуться к началу Дорога  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга