Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 37

Автор: Рауль Керимбаев

37-01
Сенің бірінші тәжірибең сәтсіз болды. Твой первый опыт был неудачным.
Бірақ сен де өз бақытыңды табасың Но ты своё счастье найдёшь.
Бақытты боламын деп ойламаймын. Я не думаю, что буду счастливым.
Біз оған бірге қол жеткіземіз. Мы вместе приложим усилия.
Сен іздестіре бер. Ты продолжай поиск.
Сен тым қызу қандысың. Ты очень агрессивный.
Ол бір түрлі болып жүр. Он очень странно себя ведёт.
Иә, мен қатты ашулы едім және салдарын ойламадым. Да, я был сильно зол и не думал о последствиях.
Біз жаңа өмір бастайық деп едік қой. Мы же хотели начать новую жизнь.
Бірақ сен маған иланбайсың және сенбейсің. Но ты мне не веришь и не доверяешь.
37-02
Жарайды, сіздің уақытыңызды алмай-ақ қояйық. Ладно, мы не будем отнимать у Вас время.
Енді біз қалай оны табамыз? Как мы её теперь найдём?
Қалыпты өмірге қайтып оралсын. Пусть он вернётся к нормальной жизни.
Олай істеуді ойына да алушы болма. Даже не думай так поступить.
Менімен байланысқанын қандай көрсетемін оған. Я покажу ему, как связываться со мной.
Не істейсің сонда? И что ты сделаешь?
Қашан дүниеге келдің? Когда ты родился?
Әкеңнің аты-жөні кім? Как зовут твоего отца?
Әкең кім болып, қайда жұмыс істейді? Твой отец кем и где работает?
Мектепті қашан бітірдің? Когда ты закончил школу?
37-03
Аға-інілерің бар ма? У тебя есть братья?
Қарындас-апаларың бар ма? У тебя есть сестры?
Баланы қараусыз қалдырып кетіпсіңдер ғой. Вы же оставили ребёнка без присмотра.
Егер біреу көріп қойса не болмақ? Что будет, если кто увидит?
Мына ақымаққа қарашы! Ты посмотри на этого дурака!
Соны сұрауды ұмытып кетіппін. Про это я забыл спросить.
Ескере отырып. Учитывая.
Ілеспе аударма. Синхронный перевод.
Бұл жерде екі қожайын болмақ емес. Здесь не могут быть два хозяина.
Еңбегіңді жемеймін. Ақысын сосын айта жатарсың. За труд заплачу. Цену потом скажешь.
37-04
Заңның алдында бәріміз бірдейміз. Перед законом мы все равны.
Қашан босанады? Когда она будет рожать?
Немене, менен құтыла алмай жүрсің бе? Что, не можешь от меня избавится?
Сізбен ақылдасайын деп келдім. Я пришёл посоветоваться с Вами.
Мұндайда не ақыл айтарсың? Что можешь здесь посоветовать?
Келші, ойласайық. Зайди, обдумаем.
Ендігәрі көзіме көрінбе! Больше мне на глаза не попадайся!
Оңаша айтар әңгімем бар, кездесейік. Давай встретимся, у меня есть разговор сглазу на глаз.
Ол бәрібір көнбейді ғой. Он всё равно не послушается.
О жағын маған қалдыр. Это оставь мне.
37-05
Артық ақша қалтаңды тесе ме? Разве лишние деньги продырявят твой карман?
Бүгін түскі ас ішпеп едім, ішегім шұрылдап барады. Я сегодня не обедал, в животе у меня урчит.
Шай ішесің бе? Маған серік бол. Будешь пить чай? Будь мне сотоварищем.
Біз не істей аламыз? Что мы можем сделать?
Қоңырау шалсам - көтермейді. Если ему звоню, не берёт трубку.
Маған ешкімнің кеңесі керек емес. Мне не нужны ничьи советы.
Өзімнің де миым жетеді. И своих мозгов хватит.
Уақыт емші. Время лечит.
Миллионер болайын деп жүрсің бе? Собираешься стать миллионером?
Оқиға болмашыдан басталды. Дело началось с пустяков.
37-06
Неге өйтеді? Почему он так поступает?
Оған тиме. Не трогай его.
Өмірімізге разымыз. Мы жизнью довольны.
Алтыннан ардақты. Дороже золота.
Баспалдақтан құлап, басын соғып алыпты. Она упала с лестницы и ударилась головой.
Миына қан құйылды мүмкін. Возможно кровоизлияние в мозг.
Ота залы дайындаңдар. Готовьте операционный зал.
Жылдам, жылдам! Быстрее, быстрее!
Бәрі жақсы болса екен. Было бы всё хорошо.
Қатты құламағанда сияқты. Кажется, она не сильно упала.
37-07
Науқастың жақындары бар ма? Есть близкие пациентки?
Оны жағдайы қалай? Как её дела?
Өкінішке қарай, ауыр. К сожаленью, тяжёлое.
Жарақатына байланысты шұғыл ота керек. В связи с такой травмой ей нужна операция.
Уақыт өте бәрін де анықтаймыз. Со временем всё выясним.
Асықпасақ науқастан айырылып қалуымыз мүмкін. Если не поторопимся, можем потерять пациентку.
Сіздер тезірек шешулеріңіз керек. Вы должны срочно решить.
Дәл қазір қолымыздан келетін осы ғана. На этот момент это всё, что мы сможем сделать.
Ертерек ойлануың керек еді Тебе раньше нужно было думать.
Жағдайы жақсарады деп үміттенейік. Будем надеяться на улучшение.
37-08
Ол кеше келіп кетті. Он вчера приходил.
Білмегендіктен, күлкілі жағдайға ұшырадық. От незнания, мы попали в смешную ситуацию.
Салқын тигізіп алдыңыз ба? Вы простыли?
Жоқ, аллергиядан азап шегіп жүрмін. Нет, мучаюсь аллергией.
Айыппұлды төледім. Я заплатил штраф.
Өзіме де керегі сол. Так мне и надо.
Статистика мәліметтері бойынша. По статистическим сведениям.
Тапсырманы орындап қойдым. Я выполнил задание.
Бұдан басқа не керек? Кроме этого, что нужно?
Осыған ұқсас жағдай үш жыл бұрын болған. Подобная ситуация была три года назад.
37-09
Мен жоғарыда айтып өткендей... Как я сказал выше...
Түптеп келгенде... Подводя итоги.
Сізге не болды, бір жеріңіз ауырып жүр ме? Что с Вами, у Вас где-то болит что ли?
Жұрттың көбі полицияны жақтырмайды. Большинство людей недолюбливает полицию.
Жататын жер таптың ба? Нашёл где переночевать?
Мен саған бір нәрсе айтқым кеп тұр Я хочу тебе что-то сказать.
Білмеймін айтылмайтын сияқтымын. Не знаю, я, наверное, не смогу сказать.
Тек мені жайыма қалдырса болды. Только бы оставил меня в покое.
Ол сенің бақытты болғаныңды қаламайды. Он не хочет, чтобы ты была счастлива.
Келесі аптадан бастап. Начиная со следующей недели.
37-10
Дегеніне жеттің бе? Ты добился своего?
Жеттім. Добился.
Бетіңізден сүйсем ренжімейсіз бе? Вы не обидитесь, если я поцелую вас в щёку?
Бәрібір басыма қонбайды. Я всё равно не пойму.
Ол өз ісін жетік білетін адам. Он человек, досконально знающий своё дело.
Мерекеге орай. В связи с праздником.
Жұрт не десе о десін. Пусть люди говорят, что хотят.
Біз де жәй жүрген жоқпыз. Мы тоже просто так не ходили.
Түріңе қарашы. Не болып кеткенсің? Ты посмотри на себя. Что с тобой стало?
Біз ішегіміз қатқанша күлдік. Мы чуть животы не надорвали от смеха.
37-11
Сендерге күлкі керек. Вам лишь бы смеяться.
Солай бола береді. Так бывает.
Менде ешқандай дарын жоқ. У меня нет никакого таланта.
Мен сені баяғыда кешіргем. Я тебя давно простил.
Сөйтіп, мен жалғыз қалдым. Таким образом, я остался один.
Ең басты, сену керек. Главное, надо верить.
Олай болса тамаша болар еді. Если так, то было бы прекрасно.
Менің саған беретін кеңесім... Мой тебе совет...
Ол сыбырлап сөйлейді. Он говорит шёпотом.
Аман-сау қалғаныма қуанып жүрмiн. Радуюсь, что остался живым.
37-12
Бізді кімге тастап кеткің келеді? На какого ты хочешь нас оставить?
Радиодан жақсы концерт тыңдап отырмыз. Мы слушаем хороший концерт по радио.
Басқа талабым жоқ. Других претензий не имею.
Төлемді алдын-ала жасауға кепілдік береміз. Предоплату гарантируем.
Бағдарламаның орындалу барысында. В ходе выполнения программы.
Балақай, үлкендердің сөзіне араласпа. Детка, не вмешивайся в разговоры старших.
Мен де Сізге соны тілеймін! Я тоже Вам это желаю!
Мен қуанғаннан секіре бастауым керек пе? Я что должен прыгать от счастья?
Менің болжауымша. По моему предположению.
Біреуге жамандық тілеме. Не желай никому зла.
37-13
Бұлай істеуге қалай дәтің барды? Как ты мог так поступить?
Сенің дәтің барды ғой. Ты же смог.
Барлығы менің кесірімнен болып жатыр! Все происходит по моей вине!
Мен сені әлі де күтіп жүрмін. Я тебя до сих пор жду.
Кештің басталуы сағат он тоғызда. Начало вечера в 19 часов.
Жұмыс жоспары орындаған жоқ. План работы не выполнен.
Қалыптасқан жағдайға байланысты. В связи со сложившейся ситуацией.
Осылай болады деп кім ойлаған? Кто думал, что вот так будет?
Өзіміз жас болмасақ та көңіліміз жас қой. Мы хоть не молоды, но душа же у нас молодая.
Сені таба алмадық. Мы тебя не смогли найти.
37-14
Сен ондайыңды қой. Ты это прекращай.
Ретіне қарай көрерміз... По возможности, посмотрим...
Әңгіме бар еді. Разговор есть.
Сенің тәртібіңе қарай көрерміз. Посмотрим на твоё поведение.
Мен не үшін кешірім сұрауым керек? Я за что должен просить прощение?
Сүйген қызыңыз бар ма? У Вас есть любимая девушка?
Сіз оған ренжіп қалмаңыз. Вы на неё не обижайтесь.
Мені дұрыс түсінулеріңізді сұраймын. Я вас прошу понять меня правильно.
О, ағай, жоғарылатыңыз, төрлетіңіз. О, агай, проходите в комнату, проходите на почётное место.
Бауырым, ана жерде "Жаяу жүргін" деген белгінің қасынан тоқташы. Братишка, вон там, возле знака «Пешеход» останови, пожалуйста.
37-15
Ол менің қол астымда жұмыс істеген болатын. Он работал в моём подчинении.
Кек алуды доғар. Прекращай мстить.
Өміріңді бұзба. Не разрушай свою жизнь.
Мен саған ғашықпын. Я в тебя влюблён.
Жалғыздыққа үйреніп қалдым. Я привык к одиночеству.
Сұрағыңды қоя бер. Задавай свой вопрос.
Сіздерді көргенімізге әрдайым қуаныштымыз. Мы всегда рады видеть вас.
Сен осы машина айдай аласың ба? Ты умеешь водить машину?
Иә, айдай аламын. Да, умею водить.
Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Какая работа проводится на этом направлении?
37-16
Ата-анаммен бірге тұрамын. Я живу вместе с родителями.
Біздің қоғам тұрақсыз. Болашағымыздың қалай болатыны белгісіз. Наше общество не стабильное. Неизвестно, что будет в будущем.
Мен оны өзгертіп аламын. Я его исправлю.
Бірақ адам өзі өзгергісі келмейінше, оны біреудің өзгертуі мүмкін емес. Но если человек не хочет изменится, то невозможно, чтобы кто-то мог его изменить.
Олар бір-бірін түсінбейді, естімейді мүлдем. Они друг друга не понимают, не слышат совсем.
Мұндай жағдайды қалай шешуге болады? Как можно разрешить такую ситуацию?
Ер адам үйге демалуға келеді. Мужчина приходит домой отдыхать.
Ер адамдар үшін жұмысқа бару - соғысқа аттанғанмен тең. Для мужчин пойти на работу, это всё равно, что пойти на войну.
Ол бізді бауыздайды. Он нас зарежет.
Мен негізі орысша ойлаймын. Я, в основном, думаю по-русски.
37-17
Мен ешкімге жамандық тілемеймін. Я никому не желаю зла.
Бізге әрбір адам маңызды. Для нас каждый человек важен.
Сіз ұйқыдан нешеде тұрасыз? Во сколько Вы встаёте?
Мен кезекті еңбек демалысына шықтым. Я вышёл в очередной трудовой отпуск.
Мен осы банктен несие алсам деп едім. Я хотел бы оформить кредит в вашем банке.
Несие алу үшін қандай құжаттар қажет? Какие документы нужны для получения кредита?
«Естімей қалдым», «қуатты таусылды» дегенді естімейтін болайын. Чтобы я не слышал от тебя: «Я не слышала или зарядка кончилась».
Сен дүниедегі ең сұлу қызсың. Ты самая красивая девочка в мире.
Ол қиын сәттерді бастан өткезіп жатыр. Она переживает трудные времена.
Мен аңқау адамға ұқсаймын ба? Я похож на наивного человека?
37-18
Жақсы, солай-ақ болсын. Хорошо, пусть будет так.
Осы сәттен бастап. Начиная с этого момента.
Жеңіспен қайтыңдар! Возвращайтесь с победой!
Қайда бет алдыңдар? Куда вы направились?
Мені қатарларыңызға алыңызшы. Возьмите меня к себе.
Оларсыз қиын болар еді. Без них было бы трудно.
Келесіде міндетті түрде келемін. В следующий раз обязательно приеду.
Жарайды, онда қинамайын. Ладно, тогда не буду мучить.
Әкеміздің рухына арналады... Светлой памяти нашего отца...
Маған ешкім ештеңе деген жоқ. Мне никто ничего не говорил.
37-19
Ол маған ешкім емес. Он мне никто.
Оларды жайына қалдыршы. Оставь их в покое, пожалуйста.
Сен есіңнен адастың ба? Ты что с ума сошёл?
Ана, өмір бақи ізімді аңдисың. Мама, ты всю жизнь следишь за мной.
Маған тәрбие беруге тым кеш. Поздно воспитывать меня.
Бір бірімізді сүйіп қалдық. Мы полюбили друг друга.
Сендер жарасымды жұпсыңдар. Вы подходящая пара.
Сонымен, бәрін басынан қайталайық. Итак, повторим всё сначала.
Таң атқалы жүз рет қайталадық қой. С раннего утра 100 раз повторяли.
Біз бәрін қайта қайталауымыз керек. Нам нужно снова всё повторить.
37-20
Біз барлығына дайын болуымыз қажет. Нам нужно быть готовым ко всему.
Жаман түс көрдім. Видел плохой сон.
Қонақтар оянса шайға шақыр. Если гости проснулись, зови их пить чай.
Бұл үйде тыныштық бола ма? В этом доме когда-нибудь будет покой?
Біз – тас түлекпіз. Мы сильные, энергичные, смелые (Мы молодые беркуты).
Гүлден, Қазақстаным! Цвети, мой Казахстан!
Апайым - сөзге сараң кісі. Моя старшая сестра скупа на слова.
Заң алдында жауап бересің! Ты ответишь перед законом!
Біз ертең жолға аттанамыз. Завтра мы отправляемся в путь.
Барлығына сәлем айтыңыз! Передайте всем привет!

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 36 Вернуться к началу Полезные фразы 38  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга