Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие
Знакомство
Время
Просьба
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Работа стр.1, стр.2
Дорога
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
 Цитаты и пр.
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
Разговорник
Жаңа толқын

 Кирил/Latyn 

В магазине

Дүкенде / Dúkende
Краткий русско-казахский сборник


Составитель: Рауль Керимбаев

МГ-1
Сауда базарлы болсын. Удачной торговли. Saýda bazarly bolsyn.
Саудаңыз сәтті болсын! Удачной торговли! Saýdańyz sátti bolssyn!
Сатып жібердім. Продал. Satyp jiberdim.
Сатып алдым. Купил. Satyp aldym.
Сатып алушы. Покупатель. Satyp alýshy.
Сатушы. Продавец. Satýshy.
Кезектің соңы кім? Кто последний? Kezektiń sońy kim?
Кезектің соңы кім екен? Кто же последний? Kezektiń sońy kim eken?
Кімнің кезегі? Чья очередь? Kimniń kezegi?
Бағасы қанша? Сколько стоит? (Какова цена?) Baǵasy qansha?
МГ-2
Бұл қымбат па? Это дорого стоит? Bul qymbat pa?
Бұл дүкенде бәрі бар. В этом магазине всё есть. Bul dúkende bári bar.
Дүкен қашан ашылады? Когда открывается магазин? Dúken qashan ashylady?
Дүкен қашан жабылады? Когда закрывается магазин? Dúken qashan jabylady?
Ол сағат сегізден жиырма екіге дейін ашық. Он открыт с восьми до двадцати двух часов. Ol saǵat segizden jıyrma ekige deıin ashyq.
Сіздерде түскі үзіліс бар ма? У вас есть обеденный перерыв? Sizderde túski úzilis bar ma?
Жоқ, біз үзіліссіз жұмыс істейміз. Нет, мы работаем без перерыва. Joq, biz úzilissiz jumys isteımiz.
Дүкен сағат сегізге дейін жұмыс істейді. Магазин работает до восьми вечера. Dúken saǵat segizge deıin jumys isteıdi.
Азық-түлік дүкеніне барасыз ба? Вы пойдёте в продуктовый магазин? Azyq-túlik dúkenine barasyz ba?
Айналайын, дүкенге барып келші. Дорогой, сходи в магазин. Aınalaıyn, dúkenge baryp kelshi.
Азық-түлік бағасы өсіп келеді. Цены на продукты растут. Azyq-túlik baǵasy ósip keledi.
МГ-3
Азық-түлікті қайдан аласыз? Где Вы покупаете продукты? Azyq-túlikti qaıdan alasyz?
Сіз маған қандай кеңес бере аласыз? Что вы можете мне посоветовать? Siz maǵan qandaı keńes bere alasyz?
Кеңесіңіз үшін рақмет! Спасибо за Ваш совет! Keńesińiz úshin raqmet!
Мен дүкенге барып, шайға бірдеңе алып келейін. Я схожу в магазин, куплю что-нибудь к чаю. Men dúkenge baryp, shaıǵa birdeńe alyp keleıin.
Даналап сатпайсыз ба? Поштучно не продаёте? Danalap satpaısyz ba?
Ақшаны қайда төлеуім керек? Где мне надо заплатить? Aqshany qaıda tóleýim kerek?
Сүт өнімдері қайда сатылады? Где продаются молочные продукты? Sút ónimderi qaıda satylady?
Бір литр сүт неше теңге тұрады? Сколько стоит литр молока? Bir lıtr sút neshe teńge turady?
Айранды қайда сатып алуға болады? Где можно купить кефир? Aırandy qaıda satyp alýǵa bolady?
Кілегей бар ма? Есть сливки? Kilegeı bar ma?
МГ-4
Бір литр сүт жүз жиырма теңге тұрады. Один литр молока стоит 120 тенге. Bir lıtr sút júz jıyrma teńge turady.
Маған екі шыны кілегей, бір пакет айран, бір килограмм сүзбе беріңізші. Дайте пожалуйста две бутылки сливок, пакет кефира и килограмм творога. Maǵan eki shyny kilegeı, bir paket aıran, bir kılogramm súzbe berińizshi.
Маған бір литр сүт, жарты келі май өлшеңізші. Мне литр молока, полкилограмма масла взвесьте. Maǵan bir lıtr sút, jarty keli maı ólsheńizshi.
Қаймақ алмайсыз ба? Сметану не возьмёте? Qaımaq almaısyz ba?
Жаңа піскен нан бар ма? Есть свежий хлеб? Jańa pisken nan bar ma?
Нан қанша тұрады? Сколько стоит хлеб? Nan qansha turady?
Маған нан, май, сүт беріңізші. Дайте мне, пожалуйста, хлеб, масло, молоко. Maǵan nan, maı, sút berińizshi.
Бір бөлке қара нан беріңізші. Дайте мне булку ржаного хлеба. Bir bólke qara nan berińizshi.
Қара нан берейін бе, әлде ақ нан берейін бе? Вам дать белого или чёрного хлеба? Qara nan bereıin be, álde aq nan bereıin be?
Маған бір нан беріңізші! Мне булку хлеба! Maǵan bir nan berińizshi!
МГ-5
Нан жаңа піскен бе? Хлеб свежий? Nan jańa pisken be?
Сізде ауыз суы бар ма? У вас есть питьевая вода? Sizde aýyz sýy bar ma?
Күріш алайын деп едім. Я хотел купить рис. Kúrish alaıyn dep edim.
Бұл қай жердің ұны? Это мука откуда? Bul qaı jerdiń uny?
Жеміс-көкөністер қай жерде сатылады? Где продаются фрукты и овощи? Jemis-kókónister qaı jerde satylady?
Қанша төлеуім керек? Сколько я должен заплатить? Qansha tóleýim kerek?
Сізде он мың теңгеге қайтарым бола ма? У вас будет сдача с десяти тысячи тенге? Sizde on myń teńgege qaıtarym bola ma?
Мынаны майдалап бересіз бе? Вы это не разменяете? Mynany maıdalap beresiz be?
Қане, тез төлеңіз, мен асығыспын. Давай поскорее платите, мне некогда. Qane, tez tóleńiz, men asyǵyspyn.
Ақша таусылды. Деньги закончились. Aqsha taýsyldy.
МГ-6
Арзандауы жоқ па? Нет ли дешевле? Arzandaýy joq pa?
Артық жатқан ақшамыз жоқ. Лишних денег у нас нет. Artyq jatqan aqshamyz joq.
Міне, ақшаны алыңыз. Рақмет. Вот, возьмите денежку. Спасибо. Mine, aqshany alyńyz. Raqmet.
Рақмет, қайтарымы керек емес. Спасибо, сдачи не надо. Raqmet, qaıtarymy kerek emes.
Менде қайтарым жоқ. У меня нет сдачи. Mende qaıtarym joq.
Майда ақшамен беріңізші. Дайте, пожалуйста, мелочью. Maıda aqshamen berińizshi.
Қарындас, айтып жіберіңізші. Девушка, подскажите, пожалуйста. Qaryndas, aıtyp jiberińizshi.
Ақшаны қайда ұсатуға болады? Где можно разменять деньги? Aqshany qaıda usatýǵa bolady?
Біз тек отандық өнімдерді сатып аламыз. Мы покупаем только отечественную продукцию. Biz tek otandyq ónimderdi satyp alamyz.
Он мың ұсатып беріңізші. Разменяйте 10 000, пожалуйста. On myń usatyp berińizshi.
МГ-7
Маған ақша ұсақтап бере аласыз ба? Вы могли бы мне разменять деньги? Maǵan aqsha usaqtap bere alasyz ba?
Айта беріңіз, не іздеп жүрсіз? Говорите, что ищите? Aıta berińiz, ne izdep júrsiz?
Тетрақаптағы алма шырыны бар ма? Есть ли яблочный сок в тетрапакетах? Tetraqaptaǵy alma shyryny bar ma?
Сіздерде алма шырыны бар ма? Есть ли у вас яблочный сок? Sizderde alma shyryny bar ma?
Жүз теңге жетпей тұр. Не хватает 100 тенге. Júz teńge jetpeı tur.
Ақшаны кассаға төлейсіз. Оплатите на кассе. Aqshany kasaǵa tóleısiz.
Сізден сұрауға бола ма? Можно у Вас спросить? Sizden suraýǵa bola ma?
Кешіріңіз, сіз осы дүкен қызметкерісіз бе? Извините, Вы здесь работаете? Keshirińiz, siz osy dúken qyzmetkerisiz be?
Сіз не алайын деп едіңіз? Что Вы хотели купить? Siz ne alaıyn dep edińiz?
Кепкен өрік дәнімен бе әлде дәнсіз бе? Курага с косточками или без косточек? Kepken órik dánimen be álde dánsiz be?
МГ-8
Қауынды қаншадан сатып жатырсыз? Почём продаёте дыни? Qaýyndy qanshadan satyp jatyrsyz?
Орташалау қарбыз қанша келі? Сколько килограммов будет весить средний арбуз? Ortashalaý qarbyz qansha keli?
Бағасын түсіре алмаймын. Я не могу снизить цену. Baǵasyn túsire almaımyn.
Алмасаң алма! Не хочешь, не бери! Almasań alma!
Жүз теңге сіздің мойныңызда. За Вами 100 тенге. Júz teńge sizdiń moınyńyzda.
Сізде өлшеп салынған жемісқақтар бар ма? У вас есть фасованные сухофрукты? Sizde ólshep salynǵan jemisqaqtar bar ma?
Бізде өлшеп салынған мейіз бар. У нас есть фасованный изюм. Bizde ólsheп salynǵan meıiz bar.
Ақжелкеннің бір бумасы елу теңге тұрады. Один пучок петрушки стоит пятьдесят тенге. Aqjelkenniń bir býmasy elý teńge turady.
Аскөктің бір бумасы қанша тұрады? Сколько стоит пучок укропа? Askóktiń bir býmasy qansha turady?
Маған үлкен қырыққабат беріңізші. Дайте мне большой качан капусты. Maǵan úlken qyryqqabat berińizshi.
МГ-9
Кәді беріңізші. Дайте кабачки. Kádi berińizshi.
Маған орташа көлемді баклажандар салыңызшы. Положите мне баклажаны средних размеров. Maǵan ortasha kólemdi baklajandar salyńyzshy.
Қызанақ жаңадан әкелінген бе? Помидоры свежие? Qyzanaq jańadan ákelingen be?
Сізге пиязды бөлек қалтаға салып берейін бе? Вам лук положить в отдельный пакет? Sizge pıazdy bólek qaltaǵa salyp bereıin be?
Сіз сарымсақты қалай сатасыз? Как вы продаёте чеснок? Siz sarymsaqty qalaı satasyz?
Бір басы елу теңге тұрады? Головка стоит пятьдесят тенге? Bir basy elý teńge turady?
Сізде шалғам бар ма? У вас есть редис? Sizde shalǵam bar ma?
Маған бір келі қызылша беріңізші. Дайте мне килограмм свеклы. Maǵan bir keli qyzylsha berińizshi.
Сізге тәтті бұрыш керек пе? Вам нужен сладкий перец? Sizge tátti burysh kerek pe?
Бағасын түсірмейсіз бе? Не уступите? (Цену не снизите?) Baǵasyn túsirmeısiz be?
МГ-10
Түсіремін, алыңыз. Арзанға беремін. Уступлю. Берите. Подешевле отдам. Túsiremin, alyńyz. Arzanǵa beremin.
Азамат! Менікін алыңыз. Мен арзандау берейін. Неше килограмм аласыз? Гражданин! Возьмите у меня. Я дам дешевле. Сколько Вам килограмм. Azamat! Menikin alyńyz. Men arzandaý bereıin. Neshe kılogramm alasyz?
Маған үш-төрт килограмм ет өлшеп жіберіңізші! Взвесьте мне 3-4 кг мяса! Maǵan úsh-tórt kılogramm et ólshep jiberińizshi!
Кітап дүкенінде. В книжном магазине. Kitap dúkeninde.
Кітап дүкеніне қалай баруға болады? Как пройти в книжный магазин? Kitap dúkenine qalaı barýǵa bolady?
Анау бір кітапты көрсетіңізші. Покажите мне вон ту книгу. Anaý bir kitapty kórsetińizshi.
Шетел әдебиеті бөлімі қайда? Где отдел иностранной литературы? Shetel ádebıeti bólimi qaıda?
Сіз маған қандай кеңес бересіз? Что вы можете мне порекомендовать? Siz maǵan qandaı keńes beresiz?
Мен қазақша-орысша сөздік сатып алайын деп едім. Я хочу купить казахско-русский словарь. Men qazaqsha-oryssha sózdik satyp alaıyn dep edim.
Сіздерде қазақ тілінде балаларға арналған қандай кітаптар бар? Какие книги для детей есть у вас на казахском языке? Sizderde qazaq tilinde balalarǵa arnalǵan qandaı kitaptar bar?
МГ-11
Дүкен араладым. Ходила по магазинам. Dúken araladym.
Сәлеметсіз бе! Маған гүл керек еді. Здравствуйте, мне нужны цветы. Sálemetsiz be! Maǵan gúl kerek edi.
Сәлеметсіз бе! Таңдаңыз қандай гүл керек? Здраствуйте! Выбирайте какие Вам нужны цветы? Sálemetsiz be! Tańdańyz qandaı gúl kerek?
Маған үш тал раушан гүлін беріңізші. Дайте мне три розы, пожалуйста! Maǵan úsh tal raýshan gúlin berińizshi.
Гүл сататын дүкен қайда? Где находится цветочный магазин? Gúl satatyn dúken qaıda?
Әдемі гүл алайық. Давай купим красивые цветы. Ádemi gúl alaıyq.
Қызғалдақ қанша тұрады? Сколько стоит тюльпан? Qyzǵaldaq qansha turady?
Маған көп нәрсе керек. Мне много чего нужно. Maǵan kóp nárse kerek.
Оны қайда сатып алуға болады. Где это можно купить? Ony qaıda satyp alýǵa bolady.
Сіз сөмкенің қай түсін қалайсыз? Какого цвета сумку вы предпочитаете приобрести? Siz sómkeniń qaı túsin qalaısyz?
МГ-12
Мына арқа сөмкесін көрсетіп жібермейсіз бе? Вы не могли бы показать этот ранец? Myna arqa sómkesin kórsetip jibermeısiz be?
Сізде сурет салатын альбом бар ма? У вас есть альбом для рисования? Sizde sýret salatyn álbom bar ma?
Тығыздығы жоғары жазу қағазын беріңізші. Дайте, пожалуйста, писчую бумагу высокой плотности. Tyǵyzdyǵy joǵary jazý qaǵazyn berińizshi.
Сізге бір бумасын берейін бе? Вам дать одну пачку? Sizge bir býmasyn bereıin be?
Бумада қанша қағаз бар? А сколько бумаги в пачке? Býmada qansha qaǵaz bar?
Мен бояу қарындаштарын сатып алайын деп едім. Я хочу купить цветные карандаши. Men boıaý qaryndashtaryn satyp alaıyn dep edim.
Мен қойын дәптер сатып алайын деп едім. Я хочу купить записную книжку. Men qoıyn dápter satyp alaıyn dep edim.
А-төрт қағазынан он бума беріп жіберіңізші. Будьте добры дайте десять пачек бумаги А-4. A-tórt qaǵazynan on býma berip jiberińizshi.
Кеңсе тауарлары. Канцелярские товары. Keńse taýarlary.
Сізде дәл осындай, бірақ түсі басқа бар ма? У Вас в точь такой же, но другого цвета есть? Sizde dál osyndaı, biraq túsi basqa bar ma?
МГ-13
Мен мына біреуін аламын. Я возьму это. Men myna bireýin alamyn.
Бұл маған керек емес. Это мне не нужно. Bul maǵan kerek emes.
Кешіріңіз, сіз не іздеп жүрсіз? Извините, что Вы ищите? Keshirińiz, siz ne izdep júrsiz?
Мынау жейдені киіп көруге бола ма? Можно примерить эту рубашку? Mynaý jeıdeniip kórýge bola ma?
Киіп көресіз бе? Вы примерите?ip kóresiz be?
Киіп көрейін. Я примерю.іп kóreıin.
Киім өлшейтін бөлме оң жағыңызда. Примерочная справа от Вас. Kıim ólsheıtin bólme oń jaǵyńyzda.
Киіп көруге бола ма? Можно примерить?іп kórýge bola ma?
Аяқ киіміңді шешіп, кілемшеге тұр. Киіп көр. Сними обувь, стань на коврик. Примерь. Aıaq kıimdi sheship, kilemshege tur. Kıip kór.
Көмектесе аласыз ба? Вы можете помочь? Kómektese alasyz ba?
МГ-14
Сатушы қазір келеді. Продавец сейчас подойдет. Satýshy qazir keledi.
Кешіріңіз, сұрасам бола ма? Извините, можно спросить? Keshirińiz, surasam bola ma?
Мына заттың ақауы бар. У этой вещи есть брак. Myna zattyń aqaýy bar.
Көруге бола ма? Можно посмотреть? Kórýge bola ma?
Мен мынаны алам. Я это беру. Men mynany alam.
Бұл өте қымбат. Это очень дорого. Bul óte qymbat.
Маған бетіңмен тұр. Енді артыңмен бұрыл. Повернись ко мне лицом. А теперь повернись спиной. Maǵan betmen tur. Endi artmen buryl.
Маған қарап тұр. Енді теріс бұрылып тұр. Повернись лицом. А теперь повернись спиной. Maǵan qarap tur. Endi teris burylyp tur.
Саған спорттық костюм ұнай ма? Сен киесің бе? Тебе нравится спортивный костюм? Ты будешь одевать? Saǵan sporttyq kostúm unaı ma? Sen kıesiń be?
Киім өлшеу бөлмесі қайда? Где примерочная? Kıim ólsheý bólmesi qaıda?
МГ-15
Бұл базар ғой, бағасын кемітіп беріңіз. Это же базар, уступите. Bul bazar ǵoı, baǵasyn kemitip berińiz.
Бағасын қаншаға түсіресіз? Сколько уступите? Baǵasyn qanshaǵa túsiresiz?
Бұл түпкілікті баға. Цена окончательная. Bul túpkilikti baǵa.
Егер Сіз солай қалап тұрсаңыз бес жүз түсіремін. Ну, если Вы так хотите, уступлю пятьсот. Eger Siz solaı qalap tursańyz bes júz túsiremin.
Бізде арзан бағалар және сапалы тауарлар. Аласыз ба? У нас низкие цены и качественный товар. Берёте? Bizde arzan baǵalar jáne sapaly taýarlar. Alasyz ba?
Бұл маған кіші. Это мне мало. Bul maǵan kishi.
Бұл маған үлкен. Это мне велико. Bul maǵan úlken.
Бұл маған тура келеді. Это мне подходит. Bul maǵan týra keledi.
Мен мынаны киіп көрсем бола ма? Могу ли я это примерить? Men mynany kıip kórsem bola ma?
Бұл менің өлшемім емес. Это не мой размер. Bul meniń ólshemim emes.
МГ-16
Менің бутикіме қарай салыңызшы, мен қазір қайта оралам. (оралам=ораламын)Посмотрите за моим бутиком, я сейчас вернусь. Meniń býtıkime qaraı salyńyzshy, men qazir qaıta oralam. (oralam=oralamyn)
Ұзын жеңді жейдені қайда сатып алуға болады? Где можно купить рубашку с длинным рукавом? Uzyn jeńdi jeıdeni qaıda satyp alýǵa bolady?
Сізге тар емес пе? Мүмкін үлкенірек өлшемді беру керек? Вам не тесно? Может дать побольше размер? Sizge tar emes pe? Múmkin úlkenirek ólshemdi berý kerek?
Өзіңізге айнаға қараңыз. Сізге өте жақсы. Посмотрите на себя в зеркало. Вам очень хорошо. Ózińizge aınaǵa qarańyz. Sizge óte jaqsy.
Қанша тұрады? Сколько стоит? Qansha turady?
Егер ұзын болса, біраз қысқартуға болады. Если длинное, можно чуть укоротить. Eger uzyn bolsa, biraz qysqartýǵa bolady.
Үлкенірек беріңізші (өлшем). Дайте побольше (размер). Úlkenirek berińizshi (ólshem).
Тағы барып көріп келейік. Пойдём ещё посмотрим. Taǵy baryp kórip keleıik.
Қысқа (көйлек туралы). Короткое (о платье). Qysqa (kóılek týraly).
Басқа түстер бар ма? Есть другие цвета? Basqa túster bar ma?

Корректор: Татьяна Валяева


©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Телефон Вернуться к началу Пожелания  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв