Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 43

Автор: Рауль Керимбаев

43-01
Оларды сазға отырғызуымызға тура келеді. Придётся их поводить за нос.
Бірақ, қашанға дейін? Но до каких пор?
Біздің басқа амалымыз бар ма? У нас есть другой выход?
Өткенді қазбаламай-ақ қоюымыз керек еді. Не нужно было ворошить прошлое.
Ол қыңыр жігіт. Ешкімді тыңдамайды. Он упрямый парень. Никого не слушается.
Бірақ, амал қанша? Но что поделаешь?
Ол солай тәрбиеленген. Он так воспитан.
Уақыт өте келе тынышталады деп ойлаймын. Думаю со временем успокоится.
Өзіңді алдай бер. Обманывай себя.
Қонақтарға бөлме дайында. Подготовь комнату для гостей.
43-02
Әр адамның өз басы бар. У каждого человека своя голова на плечах.
Ол өз ісімен, сен өз ісіңмен айналыс. Он пусть занимается своим делом, а ты своим.
Бұл істі тағы бір рет тындыр да, тыныш өмір сүр. Проверни это дело ещё раз, и живи спокойно.
Ол күдіктене қоймайды. Он не заподозрит.
Сенімен өзара келісіп, бұрынғы ісімізді жалғастырайық. Давай договоримся с тобой и продолжим наши прежние дела.
Ол бұл туралы білуге міндетті емес. Ему не обязательно знать об этом.
Бәрі өзі қалағандай жүріп жатыр деп ойласын. Пусть он думает, что всё идёт, как он хочет.
Қандай адамсың сен? Что ты за человек?
Мені мүлде білмейді екенсің! Оказывается, ты меня совсем не знаешь!
Мен опасыздық жасайтын адамға ұқсаймын ба? Я похож на того, кто пойдёт на предательство?
43-03
Сүйегіңді де жинай алмай қаласың! И не успеешь собрать свои кости!
Қойшы, саған айтқаным үшін өкіндірмеші мені. Прекрати, не заставляй меня сожалеть о сказанном.
Қандай бақытты екенімді білсең ғой, сөзбен айтып жеткізе алмаймын. У меня не хватает слов, чтобы сказать, как я счастлива.
Сенің алдында қаншалықты қарыздар екенімді айтуға да тіл жетпейді. У меня недостаточно слов, чтобы сказать, как я тебе обязана.
Оларды не үшін шақырасың? Зачем ты зовёшь их?
Кеттік пе? Мен әлі шабадандарымды жинауым керек. Пойдём? Мне ещё чемоданы собирать.
Мен ерте сені алып кетуге келемін. Я за тобой рано приеду.
Қалай сенімді бола аламын? Как я могу быть уверенным?
Иә, жағымсыз жағдай. Да, неприятно.
Қанша уақытқа кетіп барасың? Надолго уезжаешь?
43-04
Білмеймін, көрерміз. Не знаю, посмотрим.
Жарайды, мен кеттім. Ладно, я пошёл.
Хабарласып тұруды ұмытпа, жарай ма? Не забывай звонить, ладно?
Қайыққа мінеміз бе? Покатаемся на лодке?
Мен ондай дүниелерді ұнатпаймын. Я не люблю такие вещи.
Мен ескішіл адаммын. Я старой закалки.
Тыныштық адамды қалай жұбатады десеңші. Тишина успокаивает.
Біз бәрін дұрыс бастамадық. Мы неправильно всё начали.
Бұл туралы ертерек ойласаң еді. Подумал бы об этом пораньше.
Мені ашуландырма! Киімді ауыстырып кел! Не зли меня! Ступай переодеваться!
43-05
Оны жерлеген келе ме? Хочешь похоронить её?
Мұның соңы жақсылыққа апармас! Это до добра не доведёт!
Бүгін сонымен хабарласып, сөйлес. Позвони ей сегодня, поговори.
Сен оған да қарсы боласың ба? Ты насчёт этого тоже будешь возражать?
Мен тіпті араласпаймын да! Білгендеріңді істеңдер! Я уже не вмешиваюсь! Делайте, что хотите!
Сен әліге дейін өткен ғасырмен өмір сүресің. Ты до сих пор живёшь прошлым веком.
Мен уәде бердім ғой. Я же обещал.
Бір жерге барып тамақтанайық, сөйлесейік. Посидим где-нибудь, покушаем, поговорим.
Жарайды, қуанышты болар едім. Ладно, буду очень рада.
Бәрі де көңілімен шығып жатыр. Всё налаживается.
43-06
Мен күте алмаймын. Я не могу ждать.
Маған тез арада жұмыс табу керек. Мне нужно срочно найти работу.
Өтемақыңды алдың ба? Ты получил компенсацию?
Алдым. Бірақ, онымен қашанғы күн көресің? Получил. Но сколько на неё протянешь?
Бар болғаны осы ма? Только и всего?
Жоқ, мұныңыз жарамас. Нет, так не годится.
Мен сенің көзіңді құртамын! Я тебя уничтожу!
Күл-талқаныңды шығарамын! Я превращу тебя в прах!
Өйткені осы күнге дейін сол жағдай үшін ұялады. Потому что, она до сих пор стыдится этого случая.
Ол өте тұйық қыз. Она очень скрытная девушка.
43-07
Мен не істесем екен, қалай сендірсем екен? Но что мне делать, как мне убедить её?
Шыда, бауырым. Потерпи, брат.
Сонда ғана жеңіп шығасың. Только так ты победишь.
Онікі жөн, заман өзгерді. Он прав, времена поменялись.
Жұмысқа тиісінше барып, қайт. Достойно ходи на работу.
Сен қалай шештің? Ты как решил?
Ол оңай болады деймісің? Ты думаешь, это просто?
Мені ауыр кезеңдер күтіп тұр. Меня ждут трудные времена.
Бірақ, ненің қиын екенін білесің бе? И знаешь, что самое трудное?
Сен байқадың ба, ол соңғы кездері біртүрлі болып жүр. Ты заметила, что с ней что-то странное творится в последнее время.
43-08
Жүйкесі жұқарған ба, бірден ашуға мінеді. С нервами не в порядке что ли, быстро заводится.
Неге? Сен не білесің? Почему? Что ты знаешь?
Демек, маған солай көрінген ғой. Значит, мне так показалось.
Өтінемін, оған бас-көз бола жүр, жарай ма? Прошу, пригляди за ней, ладно?
Егер оғаш бірдеңе байқасаң, маған келіп айт. Если что-то странное заметишь, приди и скажи мне.
Оған көз қырын сал. Удели ей внимание.
Үстіңдегі не киім? Что на тебе одето?
Бұрын саған сол туралы айтушы едім ғой. Раньше я тебе об этом говорил же.
Саған айтыпты ғой. Она тебе сказала же.
Сол да жетеді. И этого достаточно.
43-09
Ол маған жұмыс бабымен айтты. Она мне по работе сказала.
Мен хабарласып, қашан келетінін сұрадым. Я позвонил спросить, когда она вернётся.
Мен де қоңырау шалғанмын. Я тоже звонил.
Мен де қашан ораласың деп сұрағанмын. Я тоже звонил спрашивал, когда она приедет.
Бірақ, ол айтпады. Но она не сказала.
Араларыңда қандай қиындық бар? В чём у вас проблема?
Сендерге не болып жүр? Что с вами происходит?
Оның қандай қиындық екенін білемін. Я знаю какая проблема?
Ол мені сүймейді. Она меня не любит.
Ол менімен өзіне тәуір еркек тапқанша уақытша кездесіп жүр. Она встречается со мной пока не найдёт кого-нибудь получше.
43-10
Олай деуге болмайды. Так нельзя говорить.
Мен онымен сөйлесемін. Я поговорю с ней.
Бәрі де бітті деймін. Скажу, что всё кончено.
Еркек адам жылай ма екен? Разве мужчины плачут?
Мен сияқты үмітсіз сүйетін болса жылайды. Плачут, когда безнадежно любят, как я.
Ол маған бұл туралы неге айтпады? Почему она мне не рассказала об этом?
Бәз баяғы жыры. Прежняя песня.
Жетпегені сол еді. Только этого не хватало.
Қорықпа, ол маған жақындай алмайды. Не бойся, он не приблизится ко мне.
Бірақ, сен сонда да, сақ бол. Но всё же будь осторожна.
43-11
Оның қандай опасыздыққа барарын кім білсін. Неизвестно что у него на уме.
Саған баруы мүмкін. К тебе может прийти.
Бәле болды ғой! Какая беда!
Сені кеш келетін шығар деп, күтпей кешкі асты бастап жібердік. Мы думали, что ты поздно приедешь, поэтому начали ужинать.
Біз бұл мәселені талқыламаймыз. Мы не будем обсуждать этот вопрос.
Жарайды, жұмыс істеңдер. Ладно, работайте.
Сендердің уақыттарыңды алмаймын. Не буду вас задерживать.
Саған кім кедергі болып жүр? Кто тебе мешает?
Сендер де бір жерге қыдырып қайтыңдар. Вы тоже поезжайте куда-нибудь.
Ол дүйсенбі күні келеді. Она приедет в понедельник.
43-12
Дүйсенбіде ме? В понедельник?
Сен білмеуші ме едің? А ты не знал?
Адам сенгісіз! Невероятно!
Оның қашан келетінін сенен біліп тұрмын ба? Получается, я узнаю от тебя, когда она приезжает?
Біраз сонда боламыз деген едіңіздер ғой. Вы же говорили, что побудете там немного.
Кештетіп қайда жүрсің? Откуда ты так поздно?
Сен ішімдік ішкенсің бе? Ты пила спиртное?
Дәмханада отырып, бірер бокал шарап іштім. Я посидела в кафе и выпила бокал вина.
Не? Соныңды ұялмай айтып тұрсың ба? Что? Ещё без стеснения говоришь?
Мына қызды тәртіпке салу керек. Надо обуздать эту девчонку.
43-13
Тым шектен шықпай тұрғанда, оны тұрмысқа беруіміз керек. Надо её выдать замуж, пока она не перешла все границы.
Балама не алмадым десеңші!? Что я только не купила моему сыну!?
Қандай әдемі киімдер! Какие замечательные вещи!
Қалай? Саған ұнай ма? Ну как? Тебе нравится?
Сорпаңнан құй. Разливай суп.
Оны ала келмедіңіз бе? Вы его не привезли?
Неге абыржып тұрсың? Почему такая растерянная?
Ол қайдан шықты өзі? Откуда он взялся?
Ол мекенжайыңды қайдан біледі? Откуда он знает твой адрес?
Оны қайдан тауыпты? Откуда он его нашёл?
43-14
Әріптестерімнен білді. От моих коллег.
Басқа қайдан болсын? Откуда ещё?
Өзіңе не керек? Что ему нужно?
Жалынамын, тіс жарушы болма. Умоляю, ничего не говори.
Егер айтып қоятын болсаң, бетіңді көрмейтін боламын. Если расскажешь, я больше не посмотрю в твою сторону.
Еш уақытта кешірмеймін. Никогда не прощу.
Мен өлдім, біткен жерім осы. Я погибла, погибла.
Алла-ай, жанымды Өзіңе ала гөр, менің енді шамам жоқ. О Аллах, забери мою душу, у меня больше нет сил.
Мен ештеңе айтпайын. Я ничего не скажу.
Оны қорғаштап тұра алмаймыз. Нам его не спасти.
43-15
Бірақ сен де оны әлпештегеніңді доғар. Но и ты прекрати нянчиться с ним.
Мүмкін оған ұнайтын шығар. Может ей нравится.
Мені аңдып жүрсің бе? Ты следишь за мной?
Маған келуге қалай ғана ұялмайсың? Как тебе не стыдно приходить ко мне?
Оны ертерек ойлауың керек еді. Об этом тебе нужно было раньше думать.
Көзіңді құрт мына жерден! Убирайся отсюда!
Сен неге мені кешіре алмайсың? Почему ты не прощаешь меня?
Кешіруім керек пе? Я должна простить?
Енді маған келуші болма! Не приходи ко мне больше!
Егер осы манды айналшықтап жүргеніңді көрсем, ант етейін, қатты өкінетін боласың. Если увижу, что ты околачиваешься здесь, клянусь, ты сильно пожалеешь.
43-16
Полицияға хабарламай тұрғанымда, кет! Уходи, пока я не вызвала полицию!
Есіңнен шығар оны. Забудь его.
Оның сөзі есіме келді. Я вспомнил его слова.
Студент болып жүрген кездерімде. Во времена, когда я был студентом.
Өзім жайлы. О себе.
Менің балалық шағым Алматыда өткен еді. Моё детство прошло в Алматы.
Менің айтар ақылым осы, өзің шеш. Вот такой мой совет, а решай сам.
Аяз ата: Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық. Дед Мороз: Давайте зажжём елочку, откроем Новогодний праздник.
Ескерілмей қалмасын. Не должно быть оставлено без внимания.
Аз дегенде бір жыл өтті. Без мала год прошёл.
43-17
Мен саған мүмкіндігіме қарай көмектесемін. Я буду тебе помогать, по мере своих возможностей.
Дегенмен, менікі дұрыс. А всё-таки, я прав.
Статистикаға жүгінсек. Если мы обратимся к статистике.
Мен жаңа туғандаймын. Я как будто заново родился.
Қашанғы жасырамыз? Сколько мы будем скрывать?
Оның не болғанын білуі керек. Он должен знать, что произошло.
Егер ол біліп қойса не болатынын білесің бе? Ты знаешь, что будет, если он узнает?
Бәрін реттедік. Мы всё уладили.
Ол жайттың бәрі арта қалды. Всё это осталось в прошлом.
Менің дәрменім қалмады. У меня не осталось сил.
43-18
Менің жаным жай табар емес. Не спокойно у меня на душе.
Сен неге тығылып жатырсың? Ты почему прячешься?
Қанша тығыла бересің? Сколько будешь прятаться?
Алғашқы медициналық көмек. Первая медицинская помощь.
Оны аспандатып мақтады. Его осыпали похвалами (букв.: Хвалили до небес).
Енді бұл тақырыпты қозғамайық. Давайте не будем больше затрагивать эту тему.
Бірдеңе айтып келіп тұр ма? Ты что-то хочешь сказать?
Қарапайым тілмен түсіндіріп беріңізші. Объясните, пожалуйста, простым языком.
Өтінемін, көмек беріңізші, не істеуім керек! Прошу, помогите, что мне делать?
Ол қиыстырып сөйледі. Он складно говорит.
43-19
Еркектерге осындай әңгіме айтқан жараспайды. Такие разговоры вести мужчинам не идёт.
Сіздің жұлдыздарыңыз не дейді? Что говорят Ваши звёзды?
Сізді не қызықтырады? Что Вас интересует?
Себебі неде деп ойлайсыздар? В чём причина, как вы думаете?
Ол сен туралы көп айтқан. Он многое про тебя говорил.
Осыны менің бетіме айтсын. Пусть это он скажет при мне.
Егер жиіркенбесеңіз алыңыз. Если не брезгуете, берите.
Біз дымсыз қаламыз. Мы останемся без ничего.
Біз уақытында келеміз. Мы придём вовремя.
Сіздің алтын уақытыңызды алмаймын. Не буду отнимать вашего золотого времени.
43-20
Саған қиындықтар керек пе? Тебе нужны неприятности?
Сен оны періште деп едің. Ты говорил, что она ангел.
Ондайды естіген жоқпын. Я такое не слышал.
Қажетінше ала бер. Бери сколько тебе нужно.
Оның саған қажеті қанша? Зачем тебе это нужно?
Сен болмасаң, есімнен адасар едім. Если бы не ты, я сошёл бы с ума.
Сені кездестіргенім жақсы болды. Хорошо, что я тебя встретил.
Қайшы пікірлер. Противоречивые мнения.
Бірінші өзім жайлы айта кетейін. Сначала расскажу о себе.
Сіз біледі екенсіз ғой, бағанадан неге айтпайсыз? Вы, оказывается, знаете. Почему сначала не сказали?

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 42 Вернуться к началу Полезные фразы 44  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга