Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын
 Қаз/Qaz 

Благодарность

Алғыс / Alğys
Краткий русско-казахский сборник


Автор: Рауль Керимбаев

1
Алғыс айтамын. Благодарю. Alğys aitamyn.
Алғыс айтқым келеді. Хочу поблагодарить. Alğys aitqym kele.
Мен алғысымды білдіргім келеді. Я хочу выразить благодарность. Men alğysymdy bıldırgım keledı.
Сізге рақмет айтуға тиіспін. Я должен Вас поблагодарить. Sızge raqmet aituğa tiıspın.
Рақметімізді айтайық деп едік. Мы хотели бы поблагодарить. Raqmetımızdı aitaiyq dep edık.
Рақмет саған. Спасибо тебе. Raqmet sağan.
Рақмет сендерге. Спасибо вам. Raqmet senderge.
Рақмет сіздерге. Спасибо вам (ув.). Raqmet sızderge.
Көп рақмет! Большое спасибо. Köp raqmet!
Мың да бір рақмет! Тысяча и одно спасибо! Myñ da bır raqmet!
2
Өте ризамын. Очень благодарен. Öte rizamyn.
Сізге сондай ризамын! Я Вам так благодарен! Sızge ondai rizamyn!
Алғысымды білдіремін. Выражаю Вам свою благодарность. Alğysymdy bıldıremın.
Алғысымды білдірмекпін! Хочу выразить признательность! Alğysymdy bıldırmekpın!
Баршаңызға рақмет. Всем спасибо. Barşañyzğa raqmet.
Бәріне рақмет айтамын! Благодарю всех! Bärıne raqmet aitamyn!
Барлығы үшін рақмет. За всё спасибо. Barlyğy üşın raqmet.
Бәріміздің атымыздан рақмет. Спасибо от всех нас. Bärımızdıñ atymyzdan raqmet.
Рақметтен басқа айтарым жоқ. Кроме, как спасибо, мне сказать нечего. Raqmetten basqa aitarym joq.
Сізге де рақмет! И Вам спасибо! Sızge de raqmet!
3
Сізге шын жүректен алғыс айтамын. Искренне благодарю Вас. Sızge şyn jürekten alğys aitamyn.
Шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Выражаю искреннюю благодарность. Şyn jürekten rizaşylyğymdy bıldıremın.
Саған рақмет айтайын деп едім. Я хотел бы сказать тебе спасибо. Sağan raqmet aitaiyn dep em.
Сізге рақмет айтайын деп келдік. Мы пришли к Вам, чтобы поблагодарить. Sızge raqmet aitaiyn dep keldık.
Сіздің жақсылығыңызды қалай өтейін? Как мне Вас отблагодарить? Буквально: Как мне компенсировать Ваше добро? Sızdıñ jaqsylyğyñyzdy qalai öteiın?
Сізге қалай алғыс айтарымды білмеймін. Я не знаю, как выразить Вам свою благодарность. Sızge qalai alğys aitarymdy bılmeimın.
Сізге ризалығымды қалай жеткізерімді білмей отырмын. Я не знаю, как донести до Вас свою благодарность. Sızge rizalyğymdy qalai jetkızerım bılmei otyrmyn.
Қандай алғыс айтсам екен! Как же мне благодарить! Qandai alğys aitsam eken!
Айтпақшы, саған алғысымды білдіруді ұмытып кетіппін. Кстати, я забыл выразить благодарность. Aitpaqşy, sağan alğysymdy bıldırudı ūmytyp ketıppın.
4
Жанымдағы ең жақын адамдарға рақмет. Спасибо моим самым близким людям! Janymdağy eñ jaqyn adamdarğa raqmet.
Ең жақындарыма рақмет! Спасибо моим самым родным людям! Eñ jaqyndaryma raqmet!
Әкем мен анама сансыз рақмет. Бесчисленная благодарность отцу и матери моим. Äkem men anama sansyz raqmet.
Менің атымнан анаңызға алғыс айтыңызшы. Поблагодарите Вашу маму от моего имени. Menıñ atymnan anañyzğa alğys aityñyzşy.
Мен өзімнің ұстазы Нұрғиза Нұрахметқызына рақмет айтқым келеді. Мне хочется поблагодарить свою учительницу Нургизу Нурахметовну. Men özımnıñ ūstazy Nūrğiza Nūrahmetqyzyna raqmet aitqym kele.
Ұстаздарыма алғысым шексіз. Всем моим учителям безмерно благодарен. Ūstazdaryma alğysym şeksız.
Сіздерге көп-көп рақмет, құрметті ардагерлер! Спасибо вам большое-большое, уважаемые ветераны! Sızderge köp-köp raqmet, qūrmettı ardagerler!
Мені қолдаған барша жанкүйерлеріме рақмет! Всем болельщикам, поддержавшим меня, спасибо! Menı qoldağan barşa janküierlerıme raqmet!
Оларға рақмет айту керек. Им нужно сказать спасибо. Olarğa raqmet aitu kerek.
Осындай қыздарды тәрбиелеген ата-аналарына рақмет! Спасибо их родителям, что воспитали таких дочерей. Osyndai qyzdardy tärbielegen ata-analaryna raqmet!
Оған мың алғыс айтқым келеді. Премного благодарен ему. Oğan myñ alğys aitqym kele.
5
Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Выражаю благодарность организаторам. Ūiymdastyruşylarğa alğys bıldıremın.
Барлық қатысушыларға рақмет айтамыз! Благодарим всех участников! Barlyq qatysuşylarğa raqmet aitamyz!
Бəріңізге мың алғыс және көп көп рақмет! Всем тысяча благодарностей и большое-большое спасибо! Bärıñızge myñ alğys jäne köp köp raqmet!
Баршаңызға алғыс білдіріп, рақмет айтамын! Всем признателен и благодарен. Barşañyzğa alğys bıldırıp, raqmet aitamyn!
Ұжымға рақмет. Спасибо коллективу. Ūjymğa raqmet.
Барлық қызметкерлерге, басшыларға рақмет айтамын. Благодарю всех сотрудников, руководство. Barlyq qyzmetkerlerge, basşylarğa raqmet aitamyn.
Ел-жұртыма рақмет! Спасибо моему народу! El-jūrtyma raqmet!
Қазақ жеріне рақмет! Спасибо казахской земле! Qazaq jerıne raqmet!
Сізге рақмет айтамын дейді. Он хочет сказать Вам спасибо. Sızge raqmet aitamyn dei.
Сізге алғыс айтқысы келеді. Он хочет Вас поблагодарить. Sızge alğys aitqysy kele.
6
Алдын ала рақмет Сізге. Заранее Вам спасибо. Aldyn ala raqmet Sızge.
Алдын ала алғыс айтамын. Заранее признателен. Aldyn ala alğys aitamyn.
Мен Сізге борыштармын. Я Вам очень обязан. Men Sızge boryştarmyn.
Пейіліңізге рақмет! Спасибо за любезность! Peiılıñızge raqmet!
Көмегің үшін рақмет. Спасибо тебе за помощь. Kömegıñ üşın raqmet.
Көмегіңіз үшін рақмет! Спасибо за помощь! Kömegıñız üşın raqmet!
Сіздің көмегіңіз үшін ризамын. Я благодарен за Вашу помощь. Sızdıñ kömegıñız üşın rizamyn.
Қолдағандарыңыз үшін көп рақмет! Спасибо за поддержку! Qoldağandaryñyz üşın köp raqmet!
Қолдауың үшін рақмет. Спасибо тебе за поддержку. Qoldau üşın raqmet.
Сізге шексіз ризамын және қолдауыңызды өте жоғары бағалаймын. Я очень благодарен Вам и очень ценю Вашу поддержку. Sızge şeksız rizamyn jäne qoldauyñyzdy öte joğary bağalaimyn.
7
Менің шақыруымды қабыл алғаның үшін рақмет. Спасибо, что ты принял моё приглашение. Menıñ şaqyruymdy qabyl alğan üşın raqmet.
Шақырғаның үшін біз рақмет айтуымыз керек. Это мы должны сказать спасибо за приглашение. Şaqyrğan üşın bız raqmet aituymyz kerek.
Сіздер мені сыйлап шақырғандарыңыз үшін рақмет. Спасибо вам за то, что уважили меня и пригласили. Sızder menı syilap şaqyrğandaryñyz üşın raqmet.
Шақырғаның үшін алғысымды білдіремін! Міндетті түрде келемін. Благодарю за приглашение. Обязательно приду. Şaqyrğan üşın alğysymdy bıldıremın! Mındettı türde kelemın.
Мені кешке асқа шақырғаның үшін рақмет. Спасибо за приглашение на ужин. Menı keşke asqa şaqyrğan üşın raqmet.
Бізді елеп-ескергеніңіз үшін рақмет! Спасибо, что не обошли нас вниманием! Bız elep-eskergenıñız üşın raqmet!
Алтын уақытыңызды бөліп, бүгінгі қуанышымды бөліскендеріңіз үшін рақмет. Спасибо, что разделили со мной сегодняшнюю радость, уделив своё золотое время. Altyn uaqytyñyzdy bölıp, bügıngı quanyşymdy bölıskenderıñız üşın raqmet.
Қуанышымызды бөліскендеріңіз үшін бәріңізге рақмет! Спасибо всем за разделённую с нами радость! Quanyşymyzdy bölıskenderıñız üşın bärıñızge raqmet!
Келгеніңіз үшін рақмет. Спасибо Вам, что пришли. Kelgenıñız üşın raqmet.
Жылы қабылдағаныңыз үшін рақмет. Спасибо за тёплый приём. Jyly qabyldağanyñyz üşın raqmet.
8
Рақмет жылы лебізіңіз үшін. Спасибо Вам за теплые пожелания. Raqmet jyly lebızıñız üşın.
Бәріңізге жақсы тілектеріңіз үшін көп рақмет! Всем большое спасибо за хорошие пожелания! Bärıñızge jaqsy tılekterıñız üşın köp raqmet!
Тілек білдіргеніңіз үшін рақмет! Спасибо за сказанные пожелания! Tılek bıldırgenıñız üşın raqmet!
Жүректен айтылған жылы сөз үшін де көп рақмет! Спасибо и за тёплые, и искренние пожелания! Jürekten aitylğan jyly söz üşın de köp raqmet!
Құттықтағаныңыз үшін рақмет! Спасибо Вам за поздравление! Qūttyqtağanyñyz üşın raqmet!
Құттықтауларыңыз үшін рақмет! Спасибо за поздравления! Qūttyqtaularyñyz üşın raqmet!
Айтқаныңыз үшін рақмет! Спасибо за сказанное! Aitqanyñyz üşın raqmet!
Сыйлықтар үшін көп рақмет! Большое спасибо за подарки! Syilyqtar üşın köp raqmet!
Рақмет! Бұл - мен үшiн ең бағалы сыйлық. Спасибо! Это для меня - самый ценный подарок. Raqmet! Būl - men üşın eñ bağaly syilyq.
Сізге көп рақмет. Сіз болмасаңыз біз бұлай отырмас едік. Вам большое спасибо. Если бы не было Вас, мы бы вот так не сидели. Sızge köp raqmet. Sız bolmasañyz bız būlai otyrmas edık.
Бірге болғаның үшін рақмет. Спасибо тебе, что был с нами. Bırge bolğan üşın raqmet.
9
Рақмет сізге, сіз сондай мейірбансыз. Спасибо Вам, Вы так великодушны. Raqmet sızge, sız sondai meiırbansyz.
Сіздің бұл жақсылығыңызды ұмытпаймыз, рақмет. Мы не забудем Вашу доброту, спасибо. Sızdıñ būl jaqsylyğyñyzdy ūmytpaimyz, raqmet.
Рақмет саған, бұл жақсылығыңды ешқашан ұмытпаспын. Спасибо тебе, я никогда не забуду твоё добро. Raqmet sağan, būl jaqsylyğyñdy eşqaşan ūmytpaspyn.
Шыдамыңыз үшін рақмет. Спасибо за ваше терпение. Şydamyñyz üşın raqmet.
Рақмет ілтипат көрсеткеніңіз үшін. Спасибо за почтительное отношение. Raqmet ıltipat körsetkenıñız üşın.
Құрметіңіз үшін рақмет! Спасибо за оказанную честь. Qūrmetıñız üşın raqmet!
Қамқорлығыңыз үшін рақмет. Спасибо за заботу. Qamqorlyğyñyz üşın raqmet.
Сеніміңіз үшін рақмет! Спасибо за Ваше доверие! Senımıñız üşın raqmet!
Сол үшін Сізге рақмет. Спасибо Вам за это. Sol üşın Sızge raqmet.
Сол үшін сізге алғысымызды білдіреміз. Выражаем Вам благодарность за это. Sol üşın sızge alğysymyzdy bıldıremız.
10
Мені түсінгенің үшін көп рақмет! Большое спасибо, что понял меня! Menı tüsıngenıñ üşın köp raqmet!
Назар аударып тыңдағандарыңыз үшін рақмет! Спасибо, что обратили внимание и выслушали! Nazar audaryp tyñdağandaryñyz üşın raqmet!
Уақыт бөлгендеріңіз үшін рақмет. Спасибо, что уделили время. Uaqyt bölgenderıñız üşın raqmet.
Уақыттың тығыздығына қарамастан, бізді қабылдағаныңыз үшін рақмет айтамын. Выражаю благодарность за то, что приняли нас, несмотря на то, что у Вас нет времени. Uaqyttyñ tyğyzdyğyna qaramastan, bız qabyldağanyñyz üşın raqmet aitamyn.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңыз үшін рақмет. Спасибо, что уделили внимание и выслушали. Köñıl bölıp tyñdağandaryñyz üşın raqmet.
Көңіл бөлгеніңіз үшін рақмет! Спасибо за внимание! Köñıl bölgenıñız üşın raqmet!
Ықыласыңыз үшін ризамын. Благодарю Вас за внимание. Yqylasyñyz üşın rizamyn.
Түсіндіргеніңіз үшін рақмет. Спасибо Вам за объяснение. Tüsındırgenıñız üşın raqmet.
Сұраққа жауап бергеніңіз үшін рақмет. Спасибо за то, что ответили на вопрос. Sūraqqa jauap bergenıñız üşın raqmet.
Рақмет, сіз мені құтқарып қалдыңыз. Спасибо, Вы меня выручили. Raqmet, sız menı qutqaryp qaldyñyz.
Менің арманымды орындағаныңыз үшін көп рақмет! Спасибо Вам, что исполнили мою мечту! Menıñ armanymdy oryndağanyñyz üşın köp raqmet!
11
Берген ақылыңыз үшін рақмет! Спасибо Вам за совет! Bergen aqylyñyz üşın raqmet!
Кеңестеріңіз үшін рақмет. Спасибо вам за советы. Keñesterıñız üşın raqmet.
Кеңесіңіз үшін рақмет. Спасибо Вам за совет. Keñesıñız üşın raqmet.
Ойыңыз үшін рақмет. Сіздерге де рақмет. Спасибо за идею. Спасибо и вам. Oiyñyz üşın raqmet. Sızderge de raqmet.
Ескерткенің үшін рақмет. Спасибо, что предупредил. Eskertkenıñ üşın raqmet.
Рақмет саған мені құтқарғаның үшін. Спасибо тебе за то, что спас меня. Raqmet sağan menı qūtqarğanyñ üşın.
Түзеткеніңіз үшін рақмет. Спасибо за то, что поправили. Tüzetkenıñız üşın raqmet.
Әңгімеңіз үшін рақмет! Спасибо за беседу! Äñgımeñız üşın raqmet!
Жылы шырайыңыз үшін рақмет. Спасибо за комплимент. Jyly şyraiyñyz üşın raqmet.
Мақтап айтқаныңыз үшін рақмет! Спасибо, что похвалили! Maqtap aitqanyñyz üşın raqmet!
12
Қызметіңіз үшін рақмет. Спасибо за работу. Qyzmetıñız üşın raqmet.
Сіздің еңбектеріңіз үшін мың да бір рақмет! За ваш труд тысяча благодарностей! Sızdıñ eñbekterıñız üşın myñ da bır raqmet!
Бірге істеген жұмыс істегеніңіз үшін рақмет. Спасибо за совместную работу. Bırge ıstegen jūmys ıstegenıñız üşın raqmet.
Келіп, қатысқандарыңыз үшін көп рақмет. Большое спасибо, что пришли и участвовали! Kelıp, qatysqandaryñyz üşın köp raqmet.
Қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Большое спасибо за участие! Qatysqandaryñyz üşın köp raqmet!
Танытқан белсенділіктеріңіз үшін рақмет! Спасибо вам за проявленную активность! Tanytqan belsendılıkterıñız üşın raqmet!
Пікір білдіргендеріңіз үшін рақмет. Спасибо за высказанные мнения. Pıkır bıldırgenderıñız üşın raqmet.
Сұрағыңыз үшін рақмет! Спасибо за вопросы! Sūrağyñyz üşın raqmet!
Тапсырысыңыз үшін рақмет. Спасибо за заказ. Tapsyrysyñyz üşın raqmet.
Аударғаныңыз үшін рақмет. Спасибо за перевод. Audarğanyñyz üşın raqmet.
13
Сізге алғыс айтуға мүмкіндік болмады. У меня не было возможности поблагодарить Вас. Sızge alğys aituğa mümkındık bolmady.
Рақмет айтуға мүмкіндік бермеді. Они не дали возможность сказать спасибо. Raqmet aituğa mümkındık berme.
Маған алғыс айтудың қажеті жоқ. Нет необходимости меня благодарить. Mağan alğys aitudyñ qajetı joq.
Маған алғыс айтпай-ақ қойыңыз. Не надо меня благодарить. Mağan alğys aitpai-aq qoiyñyz.
Мен ешқандай да рақмет талап етпеймін. Я и не требую никакой благодарности. Men eşqandai da raqmet talap etpeimın.
Рақметіңді айтпай-ақ қой. Можешь не говорить мне спасибо. Raqmetıñ aitpai-aq qoi.
Наурыздың бірі - Алғыс айту күні. 1 марта - День благодарности. Nauryzdyñ bırı - Alğys aitu künı.
Алғыстың шегі жоқ. Благодарность не знает границ. Alğystyñ şegı joq.
«Рақмет» деп айтуды ұмытпаңыз. Не забывайте говорить «Спасибо». «Raqmet» dep aitudy ūmytpañyz.
Азғантай көмек көрсетсе де, алғыс айтуды ұмытпаңыз. Даже если помощь была незначительной, не забудьте поблагодарить. Azğantai kömek körsetse de, alğys aitudy ūmytpañyz.

Корректор: Анар Ануарбекқызы


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Пожелания Вернуться к началу Приятного аппетита  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга