Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 46

Автор: Рауль Керимбаев

46-01
Оқып шығуға кеңес беремін. Советую прочитать.
Сонша неге қарайсың маған? Что ты так смотришь на меня?
Ол саған бірдеңе айтты ғой, солай ма? Он тебе что-то сказал, не так ли?
Жоқ, ештеңе айтқан жоқ. Нет, ничего не сказал.
Оны қамқорлағыңа алшы. Позаботься о нём.
Мен сен туралы ойлап жүрмін. Я о тебе всё думаю.
Нәзігін қарашы! Какие мы нежные!
Уақыт өзінікін алады. Время берёт своё.
Мұғалім мамандығын неге таңдадыңыз? Почему Вы выбрали профессию учителя?
Ерте тұрған бай болады. Кто рано встаёт, тот богатым будет.
46-02
Сен өзіңді бекер кінәлайсың. Ты напрасно себя винишь.
Темір жол вокзалдамын. Я на железнодорожном вокзале.
Мен де асығып барамын. Я тоже опаздываю.
Бәрі өзімнен болды. Всё из-за меня.
Өйтіп, мені шошытпаңыз! Не пугайте меня так, пожалуйста!
Сен неге түймедейді түйедей етіп отырсың? Ты зачем из мухи слона делаешь?
Білмегендіктен сұрап едім. Я спросил потому, что не знаю.
Таң сәріден мазамды алмашы. Не доставай меня с утра пораньше.
Пессимист болмау керек. Не нужно быть оптимистом.
Ешкім тыйым салмайды ғой. Никто же не запрещает.
46-03
Қобалжыма, бәрі арта қалды. Не волнуйся, уже все позади.
Мен ешқайда жоғалмаймын. Я никуда же не исчезну.
Кешіріңіз, бір-екі күнге шегеруге болмай ма? Извините, можно на один-два дня отложить?
Енді сөйлесуімізге ештеңе кедергі жасай алмайды. Теперь ничто не помешает нам поговорить.
Әлбетте солай! Несомненно так!
Сен қаласаң да, қаламасаң да, солай болады. Хочешь ты или нет, но так будет.
Сен мені тергеу үшін хабарласып тұрсың ба?! Ты позвонил для того, чтобы меня допросить?
Қазір ақшаң болса, бәрін емдейді ғой. Сейчас всё лечат, если у тебя есть деньги.
Қалай қарай кеттік? В какую сторону едем (идём)?
Мұндай адамды ұмыту мүмкін емес. Такого человека забыть невозможно.
46-04
Ертең кездескенімізде жауабыңызды айтарсыз. Завтра, когда встретимся, Вы скажите свой ответ.
Қырқынан шығарғанға дейін ешкімге көрсетпеңдер. До сорока дней никому не показывайте.
Мұның бәрін неге айтып тұрсың? Зачем ты всё это говоришь?
Мен бәрібір өшімді аламын. Я всё равно отомщу.
Бәрі мені сатып кетті. Все меня предали.
Не істеп тұрсың? Есің дұрыс па? Что ты делаешь? Ты в своём уме?
Өзімді өзім әрең тежедім. Я еле сдержал себя.
Зәрем ұшып кетті. Я сильно испугался.
Мен Сізді ренжітпеймін. Я Вас не обижу.
Болған да емес, болмайды да! И не было, и не будет!
46-05
Сізді ренжітетін ештеңе істемеймін. Я ничего не сделаю, что может Вас обидеть.
Түріңді байсалды ет. Сделай серьёзный вид.
Мен естімей тұрмын. Я не слышу.
Жұмысым бітті деп қуанып тұрмын. Я радуюсь тому, что закончил дело.
Біз екеуіміз келісіп едік қой. Мы же с тобой договорились же.
Бірінші және соңғы рет болсын. Пусть будет в первый и в последний раз.
Отырайық, сөйлесейік. Талқылайтын мәселеміз бар. Давай посидим, поговорим. У нас есть что обсудить.
Мен жаман ештеңе істеп жүрген жоқпын. Я ничего плохого не делаю.
Оның бұған қатысы жоқ. Он тут ни причём.
Көзім тимесін! Не сглазить бы мне!
46-06
Бұл оңай екен ғой. Это, оказывается, так просто.
Ақталуымыз керек пе? Разве мы должны оправдываться?
Сен менің жүрегімді жаралап жатырсың. Ты разбиваешь мне сердце.
Егер сыртынан қарасаң, олар бір бірін түртіп жүргенді жақсы көреді ғой. Если посмотреть со стороны, они любят друг друга подкалывать.
Енді міне, осы жағдайға жеттің. Теперь вот, ты докатился до этого.
Мен құрдым. Мен банкротқа ұшырадым. Мне конец. Я банкрот.
Жарайды, мені ұмытайық. Ладно, забудем обо мне.
Тағы да өтірік айтуыма тура келер еді. Мне пришлось бы снова врать.
Мүмкін, ол саған ұсыныс жасар еді. Может, он сделал бы тебе предложение?
Бірақ мен бұдан жалыға бастадым. Но мне это начинает надоедать.
46-07
Оның неге жеткізгісі қол келетінін түсінбеймін. Не могу понять, чего он добивается.
Иә, онысы қызық екен. Да, это странно.
Бәрі солай болуы мүмкін емес пе? Разве не так всё должно быть?
Иә, әдетте, солай болады. Да, обычно, так бывает.
Үнемі сол туралы ғана ойлаймын. Постоянно о нём только думаю.
Бүгін кездесесіңдер ме? Сегодня встречаетесь?
Еркектер сондай. Мужчины такие.
Әрқайсысының өз ерекшелігі бар. Каждый со своими причудами.
Жарайды, барып, біраз жұмыс істеп істейін. Ладно, пойду, маленько поработаю.
Шаруаларыма қарауды мүлде қойдым. Совсем забросил дела.
46-08
Біз аяқтадық. Қашан көре аласың? Мы закончили. Когда можешь посмотреть?
Алып әкел, қазір көрейік. Неси, давай посмотрим сейчас.
Қалайша бұлай болды? Как так получилось?
Менен не қалайсың? Чего ты от меня хочешь?
Балам, жылы киініп жүр. Сынок, одевайся потеплее.
Оған не болған? Что с ним?
Біз бұл үлкен сенімді ақтауымыз керек. Мы должны оправдать это большое доверие.
Мен түзелемін! Уәде беремін. Я исправлюсь. Обещаю.
Әркімнің өз түсінігі бар. У каждого свои понятия.
Жүріңіздер, мен сіздерге бір қызық көрсетейін. Идёмте, я покажу вам кое-что интересное.
46-09
Жүр, екеуміз барайық. Пойдём, вдвоём сходим.
Ол әлі де үміттенеді. Он до сих пор надеется.
Тағы не болып қалды? Что опять случилось?
Түсінсеңші, біз саған тек қана жақсылық тілеп отырмыз. Ты пойми, мы желаем тебе только добра.
Қазір айтқанымды істемесең, сені жақсы көрмей кетемін. Если сейчас не сделаешь то, что я тебя сказал, я перестану тебя любить.
Сен маған дос едің ғой? Ты же мне друг?
Сен маған бірдеңе дедің бе? Ты мне что-то сказал?
Фотоаппаратқа қарап, күлімдеңіз. Глядя на фотоаппарат, улыбнитесь.
Келер алдында неге қоңырау шалмайсың? Ты почему перед приходом не позвонишь?
Бірдеңе істеуге болатынына сенімдімін. Я уверен, что можно что-то сделать.
46-10
Мен кешігіп келе жатырмын. Я опаздываю.
Өз-өзіңді алдама. Не обманывай сам себя.
Мен айтқанымды істейтін боласың. Будешь делать то, что я скажу.
Қыңқылдайтын болса, көңіл аудармай-ақ қойыңдар. Не обращайте внимание, если будет ныть.
Басқалар сияқты жұмыс істесін. Пусть работает, как все остальные.
Мұндай әрекетке қалай барғанымды түсіне алар емеспін. Не могу понять, как я могла пойти на такое.
Сол іспеттес тағы басқа сөздер. И всё в этом роде.
Мен тағы да қармағына іліндім. Я снова попала в его сеть.
Бүгін жұмысына барушы ма едің? Ты сегодня идёшь на работу?
Енді неғып жатырсың? Тұрмайсың ба? Тогда почему лежишь? Вставай!
46-11
Мойындай алмадым. Я не смог признаться.
Қайда өзі? Где он сам?
Мен бұдан былай шыдай жүріп алмаймын. Я не могу больше ходить и терпеть.
Бұлармен қалай күрессе болады? Как с ними бороться?
Неге сұрап тұрсыз? Почему Вы спрашиваете?
Шошытып жібердіңіздер ғой. Напугали же вы.
Оның қандай адам екенін білемін ғой. Я же знаю, что он за человек.
Қандай өтірікші екенін білемін. Я знаю, какой он лгун.
Маған да қолтаңба беріңізші. И мне дайте автограф, пожалуйста.
О, Алла, бізді не үшін жазалап жатырсың? О, Аллах, за что ты нас наказываешь?
46-12
Сен бар, ұйықта! Бар, жат. Ты иди спать! Иди, ложись.
Сендер бірге барасыңдар ма? Вы вместе поедете?
Сонда қобалжып тұрғаным. Я так волнуюсь.
Қобалжыма. Бастысы, қорықпа. Не волнуйся. Главное, не бойся.
Қайда жиналдың? Ты куда собрался?
Қане, таңғы асыңды тауыс та, мектебіңе бар. Давай, заканчивай свой завтрак, и иди в школу.
Сен кетпейсің ғой. Ты же не уедешь?
Жоқ. Мен бүгін осында боламын. Нет. Сегодня я буду здесь.
Сен немене, қанғыбас па едің? Әлде үйсіз итсің бе? Ты что, бомж что ли? Или собака бездомная?
Біз бір-бірімізсіз тұра алмаймыз. Мы не можем жить друг без друга.
46-13
Оны өзің де жақсы білесің. И ты об этом прекрасно знаешь.
Енді арамызда ешқашан ештеңе болмайды. Между нами больше никогда ничего не будет.
Бізді бір-бірімізге тартып тұратын бірдеңе бар. Есть что-то такое, что притягивает нас.
Ештеңе емес. Ничего подобного.
Бұл соңғы рет болды. Это было в последний раз.
Осымен бітті. На этом всё.
Сен жауап бересің. Отвечать будешь ты.
Мен сенің не айтқың келгенін білемін. Я знаю, что ты хочешь сказать.
Бейтаныс адамдарға сенбе. Не верь незнакомым людям.
Аузыңды жап, қазір сенің тіліңді жұлып аламын. Замолчи, я сейчас вырву твой язык.
46-14
Мен ештеңені айтпаймын. Я ничего не скажу.
Сіз де солай ойлайсыз ба? Вы тоже так думаете?
Қылжақтап отырған жоқсыз ба? Вы не насмехаетесь?
Егер менің айтқанымды істемесең, онда таяқ жейсің. Если не сделаешь, как я сказал, получишь.
Оқытушыларды мұқият тыңда. Внимательно слушай учителей.
Мен досыммен кездесемін. Я встречаюсь с другом.
Онда бірге шығайық. Тогда давай вместе выйдем.
Мен кейінірек шығамын. Қазір емес. Я выйду позже. Не сейчас.
Сен сұрадың ба? Ты спрашивал?
Егер ақылдырақ болсам, сені жібермес едім. Если бы я был умнее, я бы не упустил тебя.
46-15
Соныңды ұялмай айтып тұрмысың? Ещё и без стеснения говоришь об этом?
Егер жылдамдатсам, соңғы ұшаққа үлгеремін. Если я поспешу, то успею на последний самолёт.
Туған күні қалай атап өттің? Как отметил день рождения?
Неге көніл-күйің жоқ? Почему без настроения?
Ал енді маған өзіңіз жайлы айтып беріңіз. А теперь расскажите мне о себе.
Біз оны мүлдем білмейміз. Мы его совсем не знаем.
Бірдеңе айттың ба? Ты что-то сказал?
Ол жерге мені не үшін жібермексің? Зачем ты хочешь меня туда отправить?
Сен маған проблема туғызбаймын деп уәде беріп едің ғой. Ты же мне обещал, что не будешь создавать проблем.
Сен қандай мақсатты көздеп жүрсің? Чего ты добиваешься?
46-16
Бұл не деген есуастық? Это что за идиотизм?
Сен қалжыңбас болатынсың. Ты был шутником.
Қалғың келсе, қал. Мен кеттім. Если хочешь оставаться, оставайся. Я пошёл.
Мені жақсы көрсең, көнесің. Если ты меня любишь, то согласишься.
Мен бәрін орындап келдім. Я всё исполнил.
Ештеңені ойлама. Не думай ни о чём.
Жағдайым қалыпты емес. Дела мои не очень.
Мен бүгін кешке Астанаға ұшып кетемін. Я сегодня вечером вылетаю в Астану.
Дегеніңіз болсын. Как скажете.
Мен күндіз бір сағат ұйықтаймын. Я днём один час сплю.
46-17
Орысша нашар сөйлейтіндер бар, қазақша да нашар сөйлейтіндер бар. Есть плохо говорящие по-русски, и есть плохо говорящие по-казахски.
Өзіңізді қандай адаммын деп есептейсіз? Вы сами каким себя человеком считаете?
Саған жанкүйер боламыз. Будем твоими болельщиками.
Қолынан келсе, істесін. Пусть делает, если может.
Мені қойшы, олар бақытты болса болды. Да что я, главное, чтобы они были счастливы.
Асың дайын болды ма? Кушать у тебя готово?
Өзіміз бірдеңе қыламыз. Сами как-нибудь справимся.
Кешірім сұрайтын дәнемесі жоқ. Не за что просить прощения.
Тәрбиең қайда? Где твоё воспитание?
Енді менің кезегім. Теперь моя очередь.
46-18
Сіз онымен неге айтысасыз? Зачем Вы спорите с ним?
Бәріне ауа райы кінәлі. Во всём виновата погода.
Сендер әлі араласып тұрасыз ба? Вы до сих пор общаетесь?
Қалай шыдап жүрсің? Как ты терпишь?
Толып кеткенсің бе өзі? Ты поправился что ли?
Басыммен жауап беремін. Я отвечу своей головой.
Сары майға қуырылған жұмыртқа дайындап берші. Қолың келе ме? Приготовь мне яичницу, на сливочном масле, пожалуйста. Сможешь?
Менде басқа таңдау болған жоқ. У меня не было другого выбора.
Тиыш отырмасаң, қазір залдан шығарып жібереміз. Если не будешь вести себя тихо, мы выведем тебя из зала.
Емтихандарың қашан бітеді? Когда закончатся твои экзамены?
46-19
Мынадай қиын заманда бір стипендиямен күн көру мүмкін емес қой. В такие трудные времена на одну стипендию не проживёшь.
Тіл табатын екенбіз сияқты. Кажется, мы найдём общий язык.
Мен шөлден өлейін деп тұрмын. Я умираю от жажды.
Жетістіктерге жете беріңіз! Добивайтесь успеха!
Сені метро станциясына дейін жеткізіп саламын. Я довезу тебя до станции метро.
Мен жиі хабарласып тұрамын. Я буду часто звонить.
Сұлулығын сөзбен жеткізіп айта алмаймын. У меня нет слов, чтобы описать её красоту.
Маған неге шындықты айтпадың? Почему ты мне не сказал правду?
Оның қадірі кеміген жоқ. Он не стал менее уважаемым.
Дос болып қалғанымызды қалаймын. Я хочу, чтобы мы остались друзьями.
46-20
Зұлым болып барасың. Ты становишься деспотом.
Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Им оказана первая медицинская помощь.
Сен қай тілде сөйлейсің? Ты на каком языке говоришь?
Мен қазақ тілінде сөйлеймін. Я говорю на казахском языке.
Мен өз күшімді білемін. Я свои силы знаю.
Мен өз қателерімді мойындаймын. Я признаю свои ошибки.
Кешіресің бе мені? Ты простишь меня?
Саған осыны мен айтпасам кім айтады? Если я тебе этого не скажу, кто скажет?
Сұлу болып кетіпсің! Ты стала красавицей!
Жеке өмірім туралы сұрамайсың ба? Ты не хочешь спросить про мою личную жизнь?


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 45 Вернуться к началу Полезные фразы 47  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга