Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 12

Автор: Рауль Керимбаев

12-01
Солай боларын білгенмін! Я так и знал!
Бұған менің ешқандай қатынасым жоқ. Никакого отношения к этому я не имею.
Сіз кіммен сөйлесіп тұрсыз? С кем Вы разговариваете?
Мен Сізді мұқият тыңдап тұрмын. Я Вас внимательно слушаю.
Бір шартым бар. У меня одно условие.
Ешкiмнен кем емеспіз. Мы никого не хуже.
Армандапсың! Размечтался!
Ол енді мені қызықтырмайды. Он меня больше не интересует.
Сен мына іске бекер араластың. Ты зря в это дело вмешался.
Тырнақ астынан кір іздемесеңші. Не ищи грязь под ногтями.
12-02
Ол шұғыл шаруамен кеткен. Он ушёл по срочным делам.
Біздің қатарымыз толықты. Наши ряды пополнились.
Оны бекер қынжылттың. Ты зря его огорчил.
Сіздерді құшақ жая қарсы аламын! Встречу вас с распростертыми объятиями.
Мен саған кеңес бергiм келедi. Я хочу дать тебе совет.
Тағдырдан қашып құтылмайсың. От судьбы не убежишь.
Мен үйге қайтқалы тұрмын. Я собираюсь домой.
Біз кешке жолға шыққалы отырмыз. Собираемся сегодня вечером выехать.
Түсіне алмайсың оларды. Не поймешь их.
Ішімнен қуанып кеттім. Про себя обрадовался.
12-03
Сені көргенімде жүрегім дүрс-дүрс етіп соғады. Сердце мое начинает стучать, когда вижу тебя.
Сен секілді әйелді өмірімде кездестірмеппін. Такую женщину, как ты, я в своей жизни не встречал.
Ұялмай сөйлей бер, ақырындап үйреніп кетесің. Говори, не стесняясь, постепенно научишься.
Менің есім дұрыс. Уайымдама. Ал сенің дәрігерге көруің керек сияқты. Я в своём уме. Не переживай. А тебе надо обратиться к врачу.
Ол бізге жиі келіп тұрады. Он часто к нам заходит.
Бұл туралы ойламаңыз. Не думайте об этом.
Білгің келмесе айналып жүр. Если не хочешь знать, проходи мимо.
Аманатқа қиянат қылма. Не злоупотребляй доверенным тебе делом.
Біреуге күлкі, біреуге қайғы. Кому-то смешно, а кому-то горе.
Өз пікірімде қалдым. Я остался при своём мнении.
12-04
Сен қай сыныпта оқисың? Ты в каком классе учишься?
Ол неге қырсықтанады? Чего он вредничает?
Сене алмаймын, бұл түс сияқты. Не могу поверить, это как будто сон.
Сіз қандай түс көрдіңіз? Какой сон вы видели?
Түсімде бір қап алтын тауып алыппын. Во сне я нашёл один мешок золота.
Сен өзің бұған сенесің бе? Ты сам веришь в это?
Үнемі сенің айтқаныңмен жүреміз. Всегда делаем, как ты скажешь.
Сізден қайран болмаса, біздің қолдан келері жоқ. Без вашей помощи нам не справится.
Еш қайран қыла алмаймын. Ничем не могу помочь.
Олардың тірлігі лас. Они занимаются грязными делами.
12-05
Араласуға болмайды дегенсің. Ты говорила, что не надо общаться с ними.
Мені қорлады. Меня унижали.
Себебі мен бөтен едім оларға. Потому что для них я был чужой.
Шығар аузыңдағы сағызды. Вытащи жвачку изо рта.
Біздің қалай өмір сүріп жатқанымыз сені қызықтырмады. Тебя не интересовало как мы жили.
Сіз дана болып бара жатырсыз. Вы становитесь мудрецом.
Мен сені далада күте тұрамын. Я тебя пока подожду на улице.
Сен әзірше мына бөлмеде отыра тұр. Ты пока посиди в этой комнате.
Балалар біраз ойнай тұрсын. Пусть дети немножко поиграют.
Біз келесі аптаға дейін ойлана тұрамыз. Мы подумаем до следующей недели.
12-06
Сен қателесіп отырған сияқтысың. Кажется, ты ошибаешься.
Асығып тұр едім. Я тороплюсь.
Қалай мектептегі жағдайың? Как у тебя дела в школе?
Біліп жүріңіз, зияны болмас. Знайте, вреда не будет.
Мен сенi қадiрлеймiн. Я тебя ценю.
Мен үйреніп кеттім. Я привык.
Менің мақсаттарым басқаша. У меня другие цели.
Бұл жайлы әзірге ойламай тұра тұр. Пока не думай об этом.
Бүгін көңіл-күйім болмай тұр. Сегодня у меня нет настроения.
Ешкімді көргім де, естігім де келмейді. Я никого не хочу видеть и слышать.
12-07
Сен келмей мен ұйықтамаймын. Я не усну, пока ты не придёшь.
Мұны қайтесің? Зачем тебе это нужно?
Бұл сұрақтың жауабын өзің де білесің. На этот вопрос ты сам знаешь ответ.
Ол экономика саласының маманы. Он специалист в экономике.
Ал, балам тост айтып жібер. Ну, сынок, скажи тост.
Сізден кейін боламын. Я после Вас буду.
Көшеде көрсем, танымай қалатын шығармын. Если увидел бы на улице, не узнал бы, наверно.
Бұл екеуінің әңгімесі таусылмас. Разговор между ними никогда не закончится.
Мұны кім істеді? Кто это сделал?
Төрге шығыңыз! Проходите на тор! Милости просим!
12-08
Дәм ауыз тиіңіз. Отведайте пищи.
Жақсылық тілейтінімді түсінбегенің қалай. Как ты не можешь понять, что я желаю тебе только добра.
Қазір әкелемін. Сейчас принесу.
Олай ете алмаймын. Я не смогу так сделать.
Қарыз болам, жазып қой. Буду должен, запиши.
Мен саған қайталап айтамын. Я тебе повторяю.
Мен бұл қорытындыға баяғыда келгем. К такому выводу я пришёл давно.
Сен өзіңе ие бола алмай қалдың. Ты потерял контроль над собой.
Мен сені аяймын. Мне тебя жаль.
Қарашы, осылай істеуге бола ма екен? Ты посмотри, разве так можно делать?
12-09
Мені емес, сені аяу керек. Не меня, а тебя надо пожалеть.
Осы үйдің еркегі кім өзі – мен бе, сен бе? Кто в этом доме мужчина – я или ты?
Әрдайым бас тартады. Он всегда отказывается.
Саған ешкім қарсы келмейді ғой. Тебе же никто не будет возражать.
Ал енді, бәріңізді биге шақырамын! А теперь, всех приглашаю танцевать!
Көз алдыңа елестет. Представь себе.
Тоңазытқыштың ішінен ал. Возьми из холодильника.
Мен сенің көзіңе қалай қарарымды да білмеймін. Я даже не знаю, как смотреть в твои глаза.
Қандай жетістіктерің бар? Какие у тебя достижения?
Келген бойда сізге хабар береміз. Как появится, мы Вас оповестим.
12-10
Сен не істегеніңді білесің бе? Ты знаешь, что натворил?
Қалжыңдап отырмын, әрине. Я шучу, конечно.
Қаласаң да, қаламасаң да жаныңда боламын. Хочешь ты или не хочешь, а я буду рядом.
Әй, арт жақта тұрғандар, тынышталыңдар! Эй, там взади стоящие, успокойтесь!
Барам десең бар, бірақ бармағаның жөн болар еді деймін. Если тебе хочется, съезди, но я не советую.
Қайдан келесің? Откуда идёшь?
Ол саған сәлем айтты. Он передал тебе привет.
Оны көргім келеді. Я хочу его видеть.
Басқа үстелге отырыңыздаршы. Пересядьте, пожалуйста, за другой стол.
Не деген бос сөздерің көп? Как же вы так много болтаете?
12-11
Мен саған бір көргеннен ғашық болдым. Я в тебя влюбился с первого взгляда.
Мен осында жүрмін. Я здесь нахожусь.
Сенің қолыңнан у ішуге де дайынмын, жаным сол. Дорогая моя, я готов пить яд из твоих рук.
Мен сенен басқа ешкіммен бақытты бола алмаймын. Кроме тебя, я не с кем счастлив не буду.
Қабылдай ала ғой. Прими, пожалуйста.
Саған рақмет. Маған көмектесіп жүрсің. Сен болмағанда мен қайтер едім. Спасибо тебе. Ты помагаешь мне. Чтобы я делал, если не было бы тебя.
Мына кісіден сұра, осы кісі жақсы біледі. Спроси у него, он всё знает.
Сен оны қашан білдің? Ты это когда узнала?
Не деп тұрсың! Мен не істеп қойдым сонша? Что ты говоришь? Что я сделал такого?
Неге тілің байланып қалды? Тағы нені өтірік айтқың келіп тұр? Что ты замолчал? Что ты еще хочешь соврать?
12-12
Онда кет, жоғал! Енді бұл жерге аяқ басушы болма! Тогда уходи, прочь! Чтобы ноги твоей здесь не было!
Әрине кетем! Сенімен бірге болғанша, болмағаным жақсы екен. Конечно, уйду. Мне без тебя будет лучше, чем с тобой.
Сен мені жақсы көрмейсің ғой. Ты же меня не любишь.
Сені бір жерден көрген секілдімін. Я где-то видел тебя.
Ол бірнәрсе дәметіп отыр. Он что-то хочет.
Сіз қызық сөйлейді екенсіз. Вы странно говорите.
Ол сұраққа сұрақпен жауап береді. Он отвечает на вопрос вопросом.
Сіздің келгеніңізді көрмей қалдым. Я не заметил, как Вы пришли.
Осылардың басы істемей ма? У них голова не работает что ли?
Қай жерің жарасып тұр? В каком месте ему идёт?
12-13
Солай деп айтарсың. Так и скажешь.
Онымен түстен кейін жолығамыз. С ним мы встретимся после обеда.
Орындай алмады. Он выполнить не смог.
Дұрыс айтылған! Правильно сказано!
Жойылсын! Долой!
Сендер қызықсыңдар-ай! Вы такие интересные (странные)!
Ол келсін, сонда сөйлесерміз. Пусть он приедет, потом и поговорим.
Бәрі өздерінен байланысты. Всё зависит от вас.
Кішкене бөгеле тұр. Подожди немного.
Осындай да болады екен. И такое бывает тоже.
12-14
Құлақ салшы. Послушай.
Бәрі бақылауда. Всё под контролем.
Ойланып көру керек. Надо подумать.
Мойындасаңшы. Давай, признайся.
Кеше нешесі болды? Вчера какое число было?
Ерте келіпсің ғой. Что-то ты рано пришёл.
Қайтпаймыз ба? Пора уходить?
Қайда асығамыз? Куда нам торопиться?
Бүгін таң атқанша көңіл көтермейміз бе? Разве мы сегодня не будем веселится до утра?
Енді не істемекшісің? И что собираешься делать?
12-15
Қазір өзім барып тексеріп қайтам. Сейчас сам пойду, проверю.
Арызыңды жазып жұмыстан кете бер. Пиши заявление об увольнении и уходи.
Эй, сен не істеп жүрсің мұнда? Эй, что ты здесь делаешь?
Басты ауыртпашы. Не морочь голову.
Алдымен дұрыстап жазуды үйрен. Сначала научись правильно писать.
Сен айтсаң, онда ол бәрін жасайды. Если ты скажешь, тогда он всё сделает.
Жайлы екен сенде. Уютно у тебя тут.
Мінекиіңіз, бұл сіздің тапсырысыңыз. Пожалуйста, Ваш заказ.
Бәрін өзі істесін. Пусть всё делает сам.
Тиіспеңдер оған. Не трогайте его.
12-16
Олар ештеңе дәлелдей алмайды. Они ничего не докажут.
Бір жерге барайын деп едің ғой. Ты же хотел куда-то пойти.
Менен не керек саған? Что тебе нужно от меня?
Не естіп тұрмын? Өңім бе бұл, түсім бе? Что я слышу? Это наяву или во сне?
Өзіңізге қалай ыңғайлы солай айта беріңіз. Как Вам удобно, так и говорите.
Бұл столға кім қызмет көрсетеді? Кто этот стол обслуживает?
Таза ауада жиі қыдырыңыз. Чаще гуляйте на свежем воздухе.
Қызыл көйлекті қыз. Девушка в красном платье.
Сен бара бер, мен де қазір жетемін. Ты иди, и я сейчас подойду.
От берші. Дай огню (прикурить).
12-17
Үстелдерді рет-ретімен қойыңдар. Ставьте столы по порядку.
Соны да мен айтуым керек па?! И это я должен говорить?!
Адам сияқты түсіндірші. Объясни по-человечески.
Қазір тұра тұр. Сейчас подожди.
Неге айтқанды істемейсің, неге тілімді алмайсың? Ты почему не делаешь, что тебе говорят, почему не слушаешься меня?
Мен өз әлемімде өмір сүремін. Я живу в своём мире.
Мен соған жол береді деп ойлайсың ба? Думаешь, что я это допущу?
Ол ондай әрекетке бармайды. Она не пойдет на такое.
Қолымнан келсе, білуге тырысамын. Если смогу, я постараюсь узнать.
Олай болса бара бер. Тогда можешь идти.
12-18
Қиындық бар ма? Есть проблемы?
Мен саған мың рет айтқанмын және тағы қайталап айтамын: ол сенің шешең. Я тебе тысячу раз говорил и ещё раз скажу: она твоя мать.
Сен мені неге қуасың? Ты почему меня гонишь?
Менің балаларымның бәрі ғауһар тас секілді. Все мои дети, как бриллианты.
Не ертең, не бүрсігүні. Либо завтра, либо послезавтра.
Жақсы адамдармен ғана жақсымын. Жамандармен жақсы бола алмаймын. Я хороший только с хорошими людьит, с плохими я быть хорошим не могу.
Ол енді мені қасына жолатпас. Она теперь меня к себе не подпустит.
Ақ көйлегімді үтіктеп қойдың ба? Ты погладила мне белую рубашку?
Мен сені қызметшіңмін бе? Я что твоя служанка?
Қарашы мынаған! Ты только посмотри на неё.
12-19
Бізден сендерге тағы не керек? Что вам ещё нужно от нас?
Кешіріңіз, мен бекерге келген сияқтымын. Кетейін. Извините, я, наверное, зря пришла. Пойду.
Сен менің өткенімді білесің. Ты знаешь моё прошлое.
Оны қабылдауыңа тура келеді. Тебе придётся принять его.
Жүр менімен, саған бөлмеңді көрсетемін. Идём со мной. Я покажу твою комнату.
Сен оны шынымен де ұрып тастадың ба? Ты его, действительно, избил?
Мені ешкім тоқтата алмайды. Меня никто не может остановить.
Ол адамды қатысты бір шара қолдану қажет. Нам надо принимать меры касательно этого человека.
Бірақ, қазір кездесуге кетуім керек. Но сейчас мне надо идти на встречу.
Кейін талқылайық, жарай ма? Обговорим позже, хорошо?
12-20
Бар қанымызды сорып алғысы келеді. Он хочет выпить всю нашу кровь.
Ақшаны кейінірек алады деп ойлаймын. Думаю, что деньги он возьмёт потом.
Әрине, бұл әлемде бәрін ақша шешеді. Конечно, в этом мире всё решают деньги.
Әкелік сезімдерім оянды. Во мне проснулись отцовские чувства.
Онымен сөйлесу мүмкін емес. С ним невозможно говорить.
Сонымен достарым, егер сұрақтар болмаса, жұмысқа кірісе беруге болады. Шаруа көп. Друзья, если нет вопросов, можно приступать к работе. Дел много.
Бірақ, асығыстық жасағым келмейді. Но я не хочу торопить события.
Бұл туралы ләм демеу керек. Об этом надо молчать.
Менің орнымда болсаңыз, не істер едіңіз? Что бы Вы сделали на моём месте?
Көмек керек болса, ысқырып жібер. Если понадобится помощь - свистни.

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 11 Вернуться к началу Полезные фразы 13  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга