Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 27

Автор: Рауль Керимбаев

27-01
Болды, сөзді қойып малға көріп келейін. Всё, хватить болтать. Пойду посмотрю за скотиной.
Көлік базарда болдым. Я был на авторынке.
Бәрі айтып жүр. Автобуста да, дүкенде де. Все говорят. И в автобусе, и в магазине.
Аш жалаңаш жүрген жоқпыз ғой. Солай ғой? По крайней мере, мы не голодны и не раздеты? Так же?
Сен қоймайды екенсің. Ты всё не уймёшься.
Бұл жайлы кейін сөйлесеміз! Об этом потом поговорим!
Не деп күйсеп отырсың? Что ты там жуёшь?
Сен қайтып келесің. Ты вернёшься.
Айдан анық. Яснее ясного.
Жұмыстарым бар, әңгімелесіп отыратын уақыт жоқ. У меня дела, вести беседы нет времени.
27-02
Кіммен барасың? Ты с кем поедешь?
Ол қайда орналасқан? Он где устроился?
Неге жетпейді? Почему не хватает?
Ол - қабілетті жігіт. Он способный парень.
Енді не істейсің? Что теперь будешь делать?
Неге сонша айғайлайсың? Зачем так кричишь?
Айғайлап тұрған жоқпын. Я не кричу.
Ашуланшақты қарай ғөр өзі! Смотри, какая обидчивая!
Иә, сондаймын. Да, я такая.
Ұнамаса қарама. Не нравится, не смотри.
27-03
Қалай болып жатыр, бітті ма? Как идут дела, закончили?
Ол мүмкін бе? Разве это возможно?
Енді ол жағын әлі білмеймін. Соны анықтап жатырмын. Я этого не знаю. Пытаюсь вот выяснить.
Қызық екен. Интересно.
Бірақ, шынды айтсам, түк түсініп тұрған жоқпын. Но, честно говоря, я ничего не понимаю.
Ол әзірше белгісіз. Это пока неизвестно.
Ол бір затың алып бермей жүр ма? Он взял что-то и не возвращает?
Дәл таптыңыз. Вы угадали.
Бас қатырып қайтесің. Не забивай голову этим. (Зачем морочишь голову?)
Бағанадан бері солай демейсің бе? А что ты раньше так не сказал?
27-04
Қайырлы таң, құрметті бәйбіше! Доброе утро, уважаемая жена!
Бүгінгі кездесу неткен жағымды еді! Как приятна сегодняшняя наша встреча!
Таң атпастан бастап қалжыңдамасаң болмай ма, ә? Неужели надо шутить с раннего утра?
Енді қашан қалжыңдаймын? А когда ещё шутить?
Таң атпай қалжыңы бітпейтін осының. С раннего утра у него шутки не кончаются.
Бізді енді ештеңе қорқыта алмайды. Нас теперь ничто не испугает.
Дегенмен, соңғы кезде жағдай қиындықтап кеткен рас. Тем не менее, правда, в последнее время стало трудно.
Кешке дейін тұрамыз ба енді? Мы что, будем стоять до вечера?
Не болды соншама, ә? Осы сенде ұят бар ма? Что такое? У тебя стыд есть?
Заман өзгеріп жатыр. Не боларын кім білсін? Времена меняются. Кто знает, что дальше будет?
27-05
Мен өзім жөндеп беремін. Я сам починю.
Сөзімді бөлмей мені тыңдашы. Не перебивай меня, а слушай.
Әрі қарай не болған айтайын. Я расскажу, что было дальше.
Ерте келіп қалыпсың ғой. Что-то ты рано пришёл.
Әлде адам аз болды ма? Или людей было мало?
Адам деген жетіп жатыр, ал шеберлер жетпейді. Людей много, а вот мастеров не хватает.
Қайдан келдіңіз? Откуда Вы приехали?
Тоқтай тұрыңдар! Подождите!
Менің қасыма отырыңыз! Садитесь рядом со мной!
Келем әлбетте. Приду, разумеется.
27-06
Өзіңіз жүрек жұтқан екенсіз. А Вы, оказывается, смелая.
Ұзақ жолға жападан-жалғыз шыққаныңыз қалай? Как это Вы одна выехали на такое далёкое расстояние?
Мен сізге олай деген жоқпын. Я так не говорила Вам.
Ерте тұрған едім. Я рано встал.
Ұйықтауға рұқсат етіңіз. Разрешите поспать.
Өз бетіммен оқып үйрендім. Научился самостоятельно.
Қасыңызда біреу бар ма? Рядом с Вами кто-то есть? (по телефону)
Жүргізушілік құжатыңыз бар ма? У Вас есть водительские документы?
Тек ұмытып кетпеңіз. Только не забудьте.
Жүріңіз, алдымен тамақтанып алайық. Идёмте, сначала покушаем.
27-07
Сізді білмеймін. Менің әбден қарыным ашты. Про вас не знаю. А я совсем проголодался.
Қазір қай жер қауіпсіз? Сейчас где не опасно?
Сізді тіпті танымай қалдым. Я Вас совсем не узнал.
Біздің бала-шағамыз бар. У нас есть дети.
Саған не болған, шынымен қызғанып тұрмысың? Что с тобой, ты, и в правду, ревнуешь?
Мен енді кімге керекпін? Сенен басқа. Кому я теперь нужен? Кроме тебя.
Сондайларға бола жүйкеңді тоздыра берме. Из-за таких, как они, не трать свои нервы.
Маған ақыл үйрететін кімсің сен өзің? Ты кто такой, чтобы учить меня?
Осылай деді ме? Тура осылай деді ме? Так сказал что ли? Именно так сказал?
Енді ретімен айта беріңіз. Теперь говорите по порядку.
27-08
Біз бір күн үшін өмір сүрмейміз. Мы не живём одним днём.
Иә, келіп қалдыңыз ба? Приехали, значит?
Иә, келіп қалдым. Да, приехал.
Келетініңізді білгенбіз. Мы знали, что Вы приедете.
Сіз асығыс болсаңыз, мен де асығыспын. Если Вы торопитесь, и я тоже тороплюсь.
Мен қазір тез сиыр сауып, ыстық ас жасап беремін. Я сейчас быстро подою корову и приготовлю горячую еду.
Нанмен қосып ішіңдер. Ешьте с хлебом.
Айтқаныңызды орындаймын! Я сделаю то, что Вы сказали.
Сен болмасаң, мені кім бағалар еді? Если бы не ты, кто бы меня ценил?
Сен менен артықсың. Ты меня лучше.
27-09
Артымнан жабысып қалмады. Не отстаёт от меня.
Есепке шорқақпын. Я плохо считаю.
Еріккендердің ермегі. Забава для бездельников.
Ол неғып кетті? Почему он ушёл?
Бұл тек біздің арамызда сыр боп қала берсін. Пусть это будет секретом только между нами.
Мен оны лақтырып тастадым. Я её выбросила.
Жағымпаздықты қою керек. Нужно прекратить подхалимство.
Қарызға ақша алдың ба? Ты взяла деньги в долг?
Сіз ертең келесіз бе? Вы завтра приедете?
Білмеймін, бәлкім, ертең кешке келермін. Мен хабарласамын. Не знаю, возможно завтра вечером. Я позвоню.
27-10
Отыр. Не ішесің? Садись. Что будешь пить?
Сені немен сыйлаймын? Чем тебя угостить?
Кофе ішейік Кофе давай попьём.
Келгенің жақсы болды. Жиі келіп тұр. Хорошо, что ты приехала. Приезжай почаще.
Әлі де кеш емес. Көпшілікке шығуды баста. И ещё не поздно. Начни выходить в люди.
Қадалған қазықтай апамның қасынан шықпай отырғанды қой. Прекращай сидеть возле матери, как вонзенный кол.
Қазір кофе суып қалады. Сейчас кофе остынет.
Зығырданымды қайнатпа. Не приводи меня в ярость.
Сен еркексің. Саған болады. Ты мужчина. Тебе можно.
Бірақ әйелдерге рұқсат етілмейді. Но женщинам не разрешается.
27-11
Ондай заман кетті. Эти времена прошли.
Иә, заман өзгерді. Да, времена изменились.
Ешқандай шара қолданбайсың ба? Ты не примешь никаких мер?
Су әкел дедім саған. Я же сказал тебе, принеси воды.
Өзің барып ал. Иди сам возьми.
Дәлеліңіз бар ма? У вас есть доказательства?
Оларыңызды неге айтпайсыз? Почему их не говорите?
Дәлел? Дәлел бар! Доказательства? Доказательства есть!
Бар болса, сол дәлеліңізді айтыңыз! Если есть, то говорите эти доказательства!
Кәне, айтсын дәлелін! Ну-ка, пусть скажет доказательства!
27-12
Ешқандай менің досым емес. Никакой он мне не друг.
Маған сөз беріңізші! Дайте мне слово!
Әзірше ештеңе айта алмаймын. Пока ничего не могу сказать.
Уақыт келгенде білесіңдер. Узнаете, когда придёт время.
Сендер де мені қостамайсыңдар? И вы меня не поддерживаете.
Біз сізді қостай алмаймыз. Мы не можем Вас поддержать.
Естідіңдер ме? Вы слышали?
Өмірде ондай болады. В жизни такое бывает.
Сен бірдеңе көріп тұрсың ба? Ты что-нибудь видишь?
Мен өз пікірімде қаламын. Я остаюсь при своём мнении.
27-13
Басың жұмыс істей ме? У тебя голова работает?
Сондай адамды әлi кездестiргем жоқ. Такого человека я ещё не встречал. (кездестіргем жоқ=кездестірген жоқпын)
Екеуміз солай деп ұйғардық. Мы с ним так решили.
Сатушымен ұрсыспаңыз, ол кінәлі емес. Не ругайтесь с продавцом, он не виноват.
Маған мынаны бір келісін беріңіз. Взвесьте этого мне килограмм.
Әне қақандап тұр ғой! Вон она стоит кривляется!
Мен бәрінен хабардармын. Я в курсе всего.
Ойланып бір шешімге келдім. Подумав, я пришёл к решению.
Қиналып қалмайсың ба? Тебе не будет трудно?
Сенің шешіміңе қарсы емеспін. Я не против твоего решения.
27-14
Бір амалын табармын. Я найду выход.
Жан жақтан сері жігіт. Разносторонний, настоящий парень.
Енді ауылға баруға бетім жоқ. Теперь не посмею поехать в аул.
Енді мына жерде неге адасып жүрсің? Тогда что ты здесь потерял?
Сен бәрін тастап маған еріп кетер едің ба? Ты бы всё бросила и последовала бы за мной?
Мені іздесең менің телефоным міне. Если будешь меня искать, вот мой телефон (подаёт визитку).
Келісі жоспарға көшеміз. Переходим к следующему плану.
Бұл менің міндетіме жатпайды. Это не относится к моим обязанностям.
Әрине, бейбіт жолмен шешілуі керек бұл мәселе. Конечно, нужно мирным путём решить эту проблему.
Еріккендер мен зеріккендердің әңгімесі. Это разговоры скучающих и досужих людей.
27-15
Өмірде неше түрлі жағдайлар бола береді. В жизни всякое бывает.
Мен ешкiмдi мақтағым да, даттағым да келмейдi. Я никого не хочу хвалить и хулить.
Бұл мәселені көпке созбаймыз. Эту проблему надолго мы не будем затягивать.
Бала кезден есте қалған. С детства осталось в памяти.
Мен сізге мұнда келме деп едім ғой. Я же Вам сказала сюда не приходить.
Сен әлі жассың, әлі-ақ бақытыңды табарсың. Ты ещё молода, ты ещё найдешь своё счастье.
Әй, сенде ақша бар ма? Эй, у тебя деньги есть?
Мен кімді атамай кеттім? Кого я ещё не назвала?
Неге сіз өткен сабақта болмадыңыз? Почему Вы не были на прошлом уроке?
Мына жұмысқа он минут уақыт беріледі. У вас есть 10 минут на это.
27-16
Бұл мәселеге жалғыз мен емес, жұрттың бәрі наразы. В этом вопросе, не я только против, но и другие.
Мен беймаза жанмын, құр қол отыра алмаймын. Я беспокойный человек, не могу сидеть сложа руки.
Сонша не істеп қойдым саған? Что я сделал тебе такого?
Жаным жырлап жатыр. Душа моя поёт.
Шашымды қысқартайын деп едім. Я хотел бы подстричься.
Еркекпіз ғой. Мы же мужчины.
Еш ата-ана балам жаман болсын демейді. Никакие родители не пожелают, чтобы их ребёнок стал плохим.
Қонақ кеткен кейін шай бөлек қой. После ухода гостей пить чай - это же совсем другое.
Мен негізі кек алмайтын адаммын. Я, в основном, человек не мстительный.
Сондықтан бұл артық болады. Поэтому это лишнее.
27-17
Тағдырың өз қолыңда. Твоя судьба в твоих руках.
Бұл жерде сұрақ қоятын мен. Здесь вопросы задаю я.
Бәріне, бәріне, бәріне! Всем, всем, всем!
Бастамас бұрын мобильді телефондарыңызды сөндіріп қойыңыздар. Прежде чем мы начнём, выключите мобильные телефон.
Ертеден кешке дейін. С утра до вечера.
Біз онымен аттаспыз. Мы с ним тёзки.
Біз онымен жерлеспіз, ауылдаспыз. Мы с ним, земляки, односельчане.
Кеше келісіп едік қой? Вчера же договорились?
Құр кетпеңіз, алыңыз. Не уходите с пустыми руками, возьмите.
Мен дастарқан жасай берейін. Я пошла, буду накрывать стол.
27-18
Бұл өзің шығарған мақал ма? Это тобой придуманная пословица?
Жалақы алсам, саған ақша беремін. Если получу зарплату, дам тебе денег.
Сен қазақша оқи аласың ба? Ты умеешь читать по-казахски?
Жоқ, қазақша онша жақсы оқи алмаймын. Нет, особо хорошо читать по-казахски не умею.
Қазақша сөйлей аламын. Могу говорить по-казахски.
Мен əлі қазақша жақсы сөйлей алмаймын, сондықтан қазақша сөйлеуге ұяламын. Я ещё по-казахски не очень хорошо говорю, поэтому стесняюсь говорить.
Сіз сөйлеуге ұялмаңыз, тек сонда қазақша тез үйрене аласыз. Вы не стесняйтесь говорить, только так научитесь говорить по-казахски.
Сен айтып болсаң, енді мен айтайын. Если ты закончил говорить, то я скажу.
Ән айта аласың ба? Әлде билей аласың ба? Ты умеешь петь? Или танцевать умеешь?
Сонда сен не істей аласың? Тогда что ты умеешь делать?
27-19
Жастардан бәрін де күтуге болады. От молодых можно всё ожидать.
Бірақ алысқа кету үшін қаражат керек қой! Но, чтобы далеко уехать, нужны финансы.
Ол үйден ақша алып па еді? Он не взял деньги в доме?
Осы жағын тексеріп көрдіңдер ме? Вы это проверяли?
Көнбесе зорлап алып келіңдер! Если не поддается уговорам, приведите насильно!
Бұл ерте ме, кеш пе, әйтеуір, болатын жағдай еді. Это, рано или поздно, должно было случиться.
Әріптестер, телефондарыңызды: я сөндіріп, я дауысын басып қойыңыздар. Коллеги, или выключите телефоны, или убавьте звук.
Бізді есептеп салыңызшы. Рассчитайте нас.
Сізбен арнайы танысайын деп келдім. Я специально пришёл, чтобы познакомиться с Вами.
Өзің таңда. Выбери сам.
27-20
Өйтіп қағытпаңыз. Не задевайте так.
Соңымнан еріңіз. Идите за мной.
Дәлелің бар ма? У тебя есть доказательства?
Мен үй жұмысын орындап келдім. Я выполнил домашнее задание.
Ұшқалақтанбай тұра тұр. Подожди, не будь легкомысленным.
Кезінде әке-шешемді бекер тыңдамаппын. В своё время зря не слушался родителей.
Қазір соған өкініп жүрмін. Сейчас жалею об этом.
Әке-шешең не деп еді? А что говорили родители?
Отырыңыз, айтыңыз не керек? Садитесь, говорите, что нужно?
Күйеуім бөтен әйелмен билеп жүр. Мой муж танцует с чужой женщиной.

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 26 Вернуться к началу Полезные фразы 28  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга