Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Модальность
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
   Учим всей семьёй
 Видео
  Разговорник
Пословицы
  Книга для чтения
С казахским не шутят?
Сказки
Песни
Статьи
Словарь
Ссылки и др.
Автор сайта
Приветствие
Знакомство
Время
Просьба
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
На собрании
Резолюция/виза
Характеристика
 Полезные фразы
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
 06 
 07 
 08 
 09 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 01 
 02 
 03 
 04 
 05 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
"Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний"


Разговорник
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 48

Составитель: Рауль Керимбаев

48-01
Мен бұлай жүре алмаймын. – Я не могу так.
Шыдамым шегіне жетті. – Мое терпение на исходе.
Қабағыңды тұнжыратпай, телефон соқ. – Лучше позвони, чем хмуриться.
Қайда екенін сұра. – Спроси, где он.
Мазасыз болғым келмейді. – Я не хочу быть надоедливой.
Өз жағдайыңды өзің нашарлатасың. – Сама себе делаешь плохо.
Сонша неге ұзақ жүрдің? – Почему ты так долго?
Мен кеткелі жатыр едім. – Я как раз собирался уходить.
Екеуіңді оңаша қалдырайын. – Оставляю вас наедине.
Ол бұл ақшаны қайдан тапқан? – Где он нашёл эти деньги?
48-02
Неге бозарып кеттің? – Ты чего побледнел?
Сен біздің отбасы мүшесі емессің, сондықтан араласпа! – Ты не член нашей семьи, поэтому не вмешивайся!
Сонша ақшаны қайдан алдың? – Где ты взял столько денег?
Сенің қарызыңды жабу үшін үйімді саттым. – Я продал дом, чтобы закрыть твой долг.
Жақсылап тамақтанып ал. Өзің жүдеп қалдың. – Хорошо поешь. Ты что-то похудел.
Кешегіден кейін оны бұрынғыдан да артық құрметпен қарайтын болдым. – Я стал больше его уважать со вчерашнего вечера.
Бұл не сандырақ? – Это что за бред?
Түкке тұрмайтын нәрсеге керісеміз – Ссоримся по пустякам.
Шаңырақ шайқалып тұр. – Обстановка в доме напряженная.
Ол маған шабуыл жасады, мен тек қорғандым. – Он напал на меня, я лишь защищался.
48-03
Оған аздап ауыр тиіп жүр. – Ему немного тяжеловато.
Әлде ғашық болып қалдың ба? – Или может влюбилась?
Біз ол жастан кеткенбіз. – Мы уже не в этом возрасте.
Қайдан шығардың? – С чего ты это взяла?
Мұндай оқиғалар жиі болады. – Такие случаи часто встречаются.
Ал мен әбес ештеңе жасағаным жоқ қой. – А я ничего неприличного не делаю.
Жұмыстан әрең сұранып келдім. – Еле отпросился от работы.
Неге мені шұғыл шақырдың? – Что ты так срочно вызвал меня?
Басқа қалай болушы еді? – А как же могло быть иначе?
Ренжітесің. Мен ұсақ адамға ұқсаймын ба? – Обижаешь. Разве я похож на мелочного человека?
48-04
Басқа жоспарың бар ғой? – У тебя есть другой план?
Телефон қасымда. Бір жағдай болса хабарлас. – Телефон со мной. Звони, если что.
Сенің тырысуың керек. – Ты должен постараться.
Мұны жақсы мағынада айтып тұрсың ба, әлде жаман мағынада ма? – Ты это в хорошем смысле говоришь, или в плохом?
Екеуің бір біріңе ынтықсыңдар. – Вы одержимы друг другом.
Бір-біріңе сайсыңдар. – Вы стоите друг друга.
Мені жұбатуға тырыспа. – Не старайся меня утешить.
Бәрі онсыз да түсінікті, – Всё и без этого понятно.
Мәселенің неде екенін түсіне алмаймын? – Я не пойму, в чём проблема?
Мен сені үнсіз тыңдадым. Ал енді мені тыңдауда өтінемін. – Я молча выслушал тебя. А теперь послушай меня.
48-05
Көңілің түспесің. – Не расстраивайся.
Қиындық туындап жүрмесін... – Как бы не возникли проблемы...
Шаруаларымен жүрдім. – Ходил по делам.
Сені жазалай ма? – Накажут тебя?
Апам ешқашан кешірмейді. Өлтіру де ықтимал. – Мама ни за что не простит. Может даже убить.
Сен біздің үйдегілерді білмейсің. – Ты не знаешь наших.
Маған садақа беріп отырсың ба? – Ты мне милостыню даешь что ли?
Қайдағы садақа? Ол не дегенің? – Какая ещё милостыня?
Оның қайда екенін білсем, қол қцсырып отырмас едім. – Если бы я знал где он, то ни сидел бы сложа руки.
Күнде өзіңе есеп бер. Өзіңді тәрбиелей бер. – Ежедневно отчитывайся перед самим собой. Воспитывай себя.
48-06
Бірақ, енді одан не аласың? – Но что теперь с него взять?
Сізді күте тұрайын ба, әлде кете берейін бе? – Мне Вас ждать, или я могу идти?
Күтудің қажеті жоқ. – Ждать не нужно.
Бұл сенің мәселең. – Это твои проблемы.
Қалай сондай сенімдісің? Түсінбеймін. – Не понимаю, как ты можешь быть так уверен?
Олар ағылшын үйрене бастады. – Они начали учить английский.
Шыдамдылықтарыңызға рақмет. – Спасибо за ваше терпение.
Оған уақыт берейік, ойлансын. – Ему нужно дать время, пусть подумает.
Менімен сөйлескің келмей ме? – Ты не хочешь со мной говорить?
Бәрі жақсы деп айта алмаймын, бірақ жаманда деп айта алмаймын! – Не могу сказать, что у него всё хорошо, но сказать, что плохо, тоже не могу!
48-07
Бірақ, біздің дәлелді себебіміз бар. – Но у нас есть уважительная причина.
Көңіліңді түсіргім келмеген. – Я не хотел тебя расстраивать.
Бірақ мен саған тек қиындық тудыратын тәріздімін. – Но похоже, я только создаю тебе проблемы.
Қандай қиындық? – Какие проблемы?
Біз сөйлесуіміз қажет. – Нам нужно поговорить.
Маған осы да жеткілікті. – Мне и этого достаточно.
*Бұл еркіндік емес. Толық еркіндік емес. – Это несвобода. Это неполная свобода.
Мен осы үйге байлаулымын. – Я привязан к этому дому.
Өз өміріңді құруға көмектесемін. – Помогу тебе построить свою жизнь.
Бәрін ақшамен өлшеп үйренген екенсің. – Ты привык мерить всё деньгами.
48-08
Қалай өмір сүруді қаласаң, солай өмір сүресің. – Будешь жить так, как захочешь.
Бірақ, маған уақыт қажет. – Но мне нужно время.
Сен соны қаламайсың ба? – Разве ты этого не хочешь?
Саған бөгет боламын деп ойлама. – Не думай, что я буду мешать тебе.
Мен сені бақытсыз ететін ештеңе істемеймін. – Я не сделаю ничего, что сделает тебя несчастным.
Тағы не бүлдірдің? – Что ты ещё натворил?
Мен қолымда тұрған нәрсенің бәрін жасаймын. – Я сделаю всё от меня зависящее.
Бәлкім, полицияға хабарласамыз? – Может позвоним в полицию?
Бұған полицияны араластырудың қажеті жоқ. – Не стоит вмешивать сюда полицию.
Ол тағы бір қулық ойластырады деп ойлаймын. – Я думаю, что он снова что-то затевает.
48-09
Түрлі салт-дәстүрді ұстанады. – Он придерживается всяких обычаев.
Сондай әңгіме айтып отырсың. – Ты такие вещи рассказываешь.
Жаным мазасызданады. – Мне становится неспокойно на душе.
Мұны саған айтқаныма өкінуге мәжбүрлеме. – Не заставляй меня жалеть о том, что я сказала тебе.
Мен жатып, ұйықтаймын. – Я пойду спать.
Сендер де жатыңдар. – И вы ложитесь.
Не істеп қойдың? – Что ты наделал?
Үйден не үшін қашып кеттің? – Зачем ты убежал из дома?
Не істеп жүргенімді өзім де білмеймін. – Я и сам не знаю, что я делаю.
Ол жайлы жаман-жақсы ештеңе деп айта алмаймын. – Про него ничего плохого и хорошего сказать не могу.
48-10
Не істерімді білмедім. – Я не знал, что мне делать.
Бірақ, менің сен үшін маңызым жоқ. – Но я ничего не значу для тебя.
Сен сондай күдікшіл болып кетіпсің. – Ты стал таким подозрительным.
Мен өмірде көп нәрсені көрдім. – Я столько повидал в жизни.
Қазіргі кезде адамдар бір-бірін алдайды да жүреді. – Сейчас все люди обманывают друг друга.
Біз алдамайтын сияқты. – Будто мы не обманываем.
Жақсы болып қалдың ба? – Тебе лучше?
Өзіңді қолға ал, өтінемін сені. – Прошу тебя, возьми себя в руки.
Өзімді қалай қолға аламын? Қалай тыныш отырамын? – Как мне взять себя в руки? Как я могу сидеть спокойно?
Түріне қарасаң, момын адам сияқты. – Посмотришь на него, вроде тихоня.
48-11
Басыма түрлі ойлар келеді. – В голову лезут всякие мысли.
Әлде ол өзіне бірдеңе істеді ме? – Или она что-то сделала с собой?
Ол мұны бұлай қалдырмайды. – Он это так просто не оставит.
Неге тек жаман нәрсе ойлайсың? – Почему ты думаешь только о плохом?
Ол өз-өзіне істеп қайтеді? – Зачем ей что-то делать с собой?
Оның өз-өзіне қол жұмсағаны анык. – Она точно наложила на себя руки.
Басқа не амалы қалып еді? – Что ей оставалось делать?
Барлық ауруханаларға, полиция бөлімшелерге хабаласып шықтым. Ол еш жерде жоқ. – Я обзвонил все больницы, полицейские участки. Её нигде нет.
Олар не істеуші еді маған? – Что они мне сделают?
Оған мұның қажеті не? Көздегені не? – Зачем ему это? Чего он добивается?
48-12
Маған зиян тигізгісі келеді. Басқа не болушы еді? – Он хочет мне навредить. Что же ещё?
Ол сондай ақымақ емес. – Он не такой глупый.
Адам ғашық болғанда, ақылмен ойламайды. – Люди перестают мыслить здраво, когда влюбляются.
Әйтпесе, сен де ақымақтық жасамас едің. – Иначе, и ты тоже не делал бы глупости.
Айтып едім ғой. – Я же рассказывал.
Ол есікті тақылдатты. – Он постучал в дверь.
Қарыздың аты қарыз. – Долг есть долг.
Қашан екені белгісіз. – Когда неизвестно.
Сені қоспағанда. – За исключением тебя.
Мен сені түншықтырып өлтіремін. – Я задушу тебя.
48-13
Мен сені ақшаң үшін сүймеймін. – Я тебя не за деньги люблю.
Әдеттегі ақымақтық. – Обычная глупость.
Сені жұмыстан шығарып жіберді ме? – Тебя уволили с работы?
Агенттік күйреді. – Агентство прогорело.
Ол біздің түбімізге жетті. – Он нас погубил.
Махаббат мұндай болмауы тиіс. – Любовь не должна быть такой.
Мен өз-өзімді жек көремін. – Я ненавижу сам себя.
Сені қиын жағдайда қалдырдым. – Я поставил тебя в трудное положение.
Олар сені бұрын да алдаған. – Они и раньше тебя обманывали.
Білмеймін. Менің міндеттім - ескерту. – Незнаю. Мое дело - предупредить.
48-14
Мен саған мұқият бол деген жок па едім? – Я разве тебе не говорил быть внимательным.
Сен адамдар жайлы үнемі жақсы нәрсе ойлайсың. – Ты всегда думаешь о людях хорошо.
Бұлжытпай орында. – Выполняй, как велено.
Бұл болжам ғана. – Это только предположение.
Ол тіпті қашып кетуге тырыспаған. – Он даже не пытался бежать.
Оған қалай сенбес едім? – Как я мог не доверять ему?
Қандай ақымақпын! – Какой же я глупый!
Бәрін жазып алдың ба? – Ты всё записал?
Соңғыларын қоспағанда. – За исключением последних.
Бүгін сәл ертерек кетсем бола ма? – Можно мне сегодня уйти чуть пораньше?
48-15
Кете беруіңе болады. – Можешь идти.
Маған біраз уақыт беріңіз. – Дайте мне чуть-чуть времени.
Келесі аптада нақты жауабын беремін. – Я дам точный ответ на следующей неделе.
Қашан үлгердің? – Когда ты успел?
Неге тағы ескі әңгімені қозғап отырсың? – Ну что ты снова о старом?
Мен тырысып бақтым, бірақ болмады. – Я очень старался, но не вышло.
Солай болғаны жақсы. – Так даже лучше.
Демек, біздің адамдарды қуантуға болады екен ғой? – Значит, можно обрадовать наших людей?
Құдайға жалбарынамын. – Я молюсь Богу.
Тіл-көзім тасқа. – Как бы не сглазить.
48-16
Сонда жаным тыныш болады. – Тогда я буду спокоен.
Біз айрылыстық. – Мы расстались.
Менсіз бақыттырақ боласын деп үміттенемін. – Я надеюсь, без меня ты будешь счастливым.
Бұл тақырыпты қояйықшы. – Оставим эту тему.
Сен мені кешіре аласың ба? – Ты сможешь меня простить?
Сені кешірмейтіндей мен кіммін? Сен менің ағам. – Кто я такой, чтобы тебя не прощать? Ты мой дядя.
Мұның қатысы қанша? – При чём здесь это?
Неге сондай күйгелексің? – Ты почему такая нервная?
Бірқатар маңызды мәселе қарастырылды. – Рассмотрен ряд важных вопросов.
Бірқатар мәселе шешілді. – Решен ряд вопросов.
48-17
Мен себебін сұрап тұрмын. – Я спрашиваю причину.
Сен тас жүректік таныттың. – Ты поступила бессердечно.
«Сенің шаруаң емес» дейтін шығарсың, бірақ, мен бір нәрсе сұраймын. – Ты может скажешь, что не моё дело, но я спрошу кое-что.
Неге қарсы болады екенмін? – А почему я должен быть против?
Көргенді, лайықты, құрметті, жанұямызға сай адам кезіксе... – Если появится приличный, достойный, уважаемый мужчина под стать нашей семье...
Кезігеді, кезігеді... – Появится, появится...
Сен бірдеңе білесің бе? – Ты что-то знаешь?
Мен басқалардай емеспін. – Я не такой, как все.
Иә, сен басқалар сияқты емессің. – Да, ты не такой, как все.
Уәде бермеуге тырыс. Әйтпесе, сөзіңде тұр. – Старайся не обещать, или выполняй обещанное.
48-18
Бұл туралы бәрін білемін. – Я про это знаю всё.
Түнде дұрыс ұйықтай алмадым. – Я плохо спал ночью.
Оған қысым жасама. Ол әлі жас. – Не дави на него. Он ещё молод.
Сіз бірдеңе білесіз бе? – Вы что-то знаете?
Оның бір жөнді дос жоқ. Барлығы сандалбайдар, алаяқтар, оңбағандар. – У него нет толковых друзей. Все бездельники, проходимцы, мерзавцы.
Оған жалғыз қарай алмаймын. – Я не справлюсь с ним одна.
Мені айтты дерсің дедім. – Помяни моё слово.
Мен бір нәрсе айтуым керек. – Мне нужно кое-что сказать.
Мұны қайдан тауып алдың? – Где ты это нашёл?
Ол қазір орнында емес. – Его сейчас нет на месте.
48-19
Мен білмеймін дедім ғой Сізге. – Я же сказал Вам, что я не знаю.
Сен бәріміздің түбімізге жеттің. – Ты всех нас уничтожил.
Өзіңді аяуыңды доғар. – Прекрати жалеть себя.
Одан да не істейтінімізді ойлаң. – Лучше подумай, что нам теперь делать.
Менне істе аламын? Көпірден секіріп құлағаным дұрыс болар. – Что я могу поделать? Будет правильным мне прыгнуть с моста.
Қиындық туындаған жақ па? – Проблем не возникло?
Сен сондай әдемі сөйлесің. – Как красиво ты говоришь.
Сен - менің жалғызым. – Ты - моя единственная.
Сен сақ боламын деп уәде ет. – Ты пообещай, что будешь осторожным.
Не да болса, бұлай болғанына қуаныштымын. – Как бы ни было, я рад, что так получилось.
48-20
Сен заңға бағынасың. – Ты законопослушный.
Мен бәрінің жазасын тарттырамын. – Я всех призову к ответу.
Бірақ, өз мәселемізді өзіміз шешеміз. – Но мы свои проблемы решим сами.
Президент тапсырмасы орындалды. – Поручение президента выполнено.
Үй тапсырмасын орындадың ба? – Ты выполнил домашнее задание?
Ол менен бір нәрсе жасырып жүр. – Он что-то от меня скрывает.
Не жасырып жүр? – Что он скрывает?
Ертең айтып береді. – Он завтра расскажет.
Бұдан шаршап кеттім. – Я устал от этого.
Еш нәрсеге сенімді емеспін. – Я ни в чём не уверен.


©  Татьяна Валяева   2007–2019
http://kaz-tili.kz/
 <<  Полезные фразы 47 Вернуться к началу Цитаты, афоризмы и пр. 01  >> 


Присоединиться в Фейсбуке   ВКонтакте                  Цвета текста на сайте - значение                  E-mail: kaz-tili@yandex.ru                  Оставить отзыв