|
|
Онлайн-Марафон 2: Казахский язык за год
Страница 3 (№ 41–60)
|
|
Автор: Андрей Якубин Телеграм-канал «Казахский язык за год»
📅 №41
📹 Разбор (youtube)
🤢 КҮЙІК КЕЗІНДЕ ХАЛЫҚ ЕМІ ШЫНЫМЕН КӨМЕКТЕСПЕЙ МЕ?
НАРОДНЫЕ МЕТОДЫ ОТ ОЖОГОВ ДЕЙСТВИТЕЛЬНО НЕ ПОМОГАЮТ?
📌 Глагол дня: күю – обжигаться, гореть
|
Бала кезімде мен жиі күйіп қалатынмын. Неге? |
В детстве я часто обжигался. Почему?
| |
Мен атам мен әжемнің ауылына жиі баратынмын. |
Я часто гостил у бабушки и дедушки в деревне.
| |
Онда пешті де, моншаны да үнемі отынмен жағу керек. |
А там и печку надо постоянно топить дровами, и баню.
| |
Көбіне отты далада не үйдің ауласында жағатынбыз. |
Костры часто жгли в поле или во дворе.
| |
Сондықтан отпен жиі бетпе-бет келетінбіз. |
Поэтому с огнем мы часто соприкасались.
| |
Оның үстіне, бала емеспіз бе. Қолға таяқ алып, оны отқа тығып, ұшы жанғанда суырып алып, ары-бері бұлғаңдатып жүру қызық көрінетін. |
А еще, знаете, дети же. Всегда хочется взять палку, положить ее в костер, а когда она загорится, достать ее и ходить везде, махая ею.
| |
Қаланың балаларында қалай болғанын білмеймін, бірақ ауылда мен жиі күйіп қалатынмын. |
Не знаю, как городские дети, но в деревне я часто обжигался.
| |
Сол кезде есіме түсті: күйіп қалғанда үлкендер күйген қолымды құлақтың сырғалығына тигізуге кеңес беретін. |
Так вот, я вспомнил, что при ожоге мне советовали прикладывать обожженную руку к мочке уха.
| |
Күйіп қалғанда әжем қолымды ұнға салуды айтатын, кейде күйген жерге өсімдік майын жағып қоятын. |
Также, когда я обжигался, бабушка говорила положить руку в муку или смазывала ее растительным маслом.
| |
Бірақ, шынын айтсам, оның аса бір көмегі бола қоймайтын. |
Но, вы знаете, не особо помогало.
| |
Кеше интернеттен оқып қалдым. Сөйтсем, мұның ешқайсысы көмектеспейді екен. Керісінше, күйген жердің жағдайын одан әрі ушықтыруы мүмкін екен. |
А вчера я прочитал в интернете, и оказалось, что все это не помогает, а наоборот, может ухудшить состояние.
| |
Ендеше, мамандар не дейді? Күйген жерді шамамен жиырма минут бойы салқын ағын судың астында ұстауға кеңес береді. |
Что советуют? Место, которое обожгли, подержать в прохладной воде двадцать минут.
| |
Жақпа майлардың ішінде вазелин қолдануға кеңес береді. |
Из мазей советуют вазелин.
| |
Ал сіздер күйіп қалғанда не істейсіздер? |
А вы как боретесь с ожогами?
|
📘 ГРАММАТИКА: «ДА/ДЕ (ТА/ТЕ)» — «И..., И...», «ТОЖЕ» 🔽
📑 Пример из текста:
Онда пешті де, моншаны да үнемі отынмен жағу керек.
А там и печку, и баню нужно постоянно топить дровами.
🔍 Разбираем конструкцию: пешті де, моншаны да
Эта конструкция переводится:
= и печку, и баню
= как печку, так и баню
= и то, и другое
📐 Как строится конструкция:
сөз + демеулік шылау (да/де/та/те)
или при перечислении:
A + да/де/та/те, B + да/де/та/те
📌 да/де/та/те — это демеулік шылау (выделительно-присоединительная частица).
Она показывает, что действие относится ко всем перечисленным предметам или лицам, а также может иметь значение «тоже», «также».
📌 Разбираем пример
пешті де
📌 пеш — печка
📌 пешті — печку (винительный падеж)
📌 де — частица «и», «тоже»
👉 пешті де — и печку
моншаны да
📌 монша — баня
📌 моншаны — баню
📌 да — частица «и», «тоже»
👉 моншаны да — и баню
📌 Что означает эта конструкция?
Если частица да/де/та/те стоит после нескольких слов, она объединяет их и подчёркивает, что действие относится ко всем перечисленным предметам.
Сравните:
Пешті жағу керек.
Нужно топить печку.
Пешті де, моншаны да жағу керек.
Нужно топить и печку, и баню.
📌 Очень часто переводится:
— и...
— тоже
— также
— как..., так и...
— и то, и другое
Точный перевод зависит от контекста.
🧩 Примеры предложений
Мен шайды да, кофені де ішемін.
Я пью и чай, и кофе.
Ол қазақша да, орысша да сөйлейді.
Он говорит и по-казахски, и по-русски.
Біз анамызды да, әкемізді де жақсы көреміз.
Мы любим и маму, и папу.
Сабақта тыңдауды да, сөйлеуді де үйренеміз.
На уроках мы учимся и слушать, и говорить.
Ол бүгін де жұмыс істейді.
Он и сегодня работает.
Мен де барамын.
Я тоже пойду.
Сен де кел.
Ты тоже приходи.
Бұл фильм балаларға да, үлкендерге де ұнайды.
Этот фильм нравится и детям, и взрослым.
Дүкеннен нанды да, сүтті де сатып алдым.
Я купил в магазине и хлеб, и молоко.
Олар жазда да, қыста да жүгіреді.
Они бегают и летом, и зимой.
💡 Важно запомнить
Когда перечисляются однородные члены предложения, частица да/де/та/те обычно повторяется после каждого из них.
Например:
Пешті де, моншаны да жағу керек.
Әкем де, анам да келеді.
Қазақша да, орысша да сөйлеймін.
Жазда да, қыста да жұмыс істейміз.
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
күйік кезінде — при ожоге
(күйік — ожог, кезінде — во время)
халық емі — народное лечение
шынымен — действительно
көмектеспей ме — не помогает?
(көмектесу — помогать, -пей ме — отрицательная вопросительная форма)
бала кезімде — в детстве
(бала кез — детство, -імде — местный падеж)
жиі — часто
күйіп қалатынмын — часто обжигался
(күю — обжигаться, -іп қалу — результат действия, -атынмын — я)
неге — почему
атам мен әжемнің — дедушки и бабушки
(ата — дедушка, әже — бабушка, -нің — род. падеж)
ауылына — в деревню
(ауыл — деревня, -ына — дат. падеж)
баратынмын — ездил
(бару — идти, ездить, -атынмын — я)
онда — там
пешті — печь
(пеш — печь, -ті — вин. падеж)
моншаны — баню
(монша — баня, -ны — вин. падеж)
үнемі — постоянно
отынмен — дровами
(отын — дрова, -мен — творительный падеж)
жағу керек — нужно топить, разводить огонь
(жағу — топить, разжигать)
көбіне — часто, чаще всего
отты — огонь
(от — огонь, -ты — вин. падеж)
далада — в поле
(дала — поле, -да — местный падеж)
үйдің ауласында — во дворе дома
(үй — дом, аула — двор, -сында — местный падеж)
жағатынбыз — разводили
(жағу — разжигать, -атынбыз — мы)
сондықтан — поэтому
отпен — с огнём
(от — огонь, -пен — творительный падеж)
бетпе-бет келетінбіз — сталкивались лицом к лицу
(бетпе-бет келу — сталкиваться напрямую)
оның үстіне — кроме того
бала емеспіз бе — мы же дети, разве мы не дети?
қолға — в руку
(қол — рука, -ға — дат. падеж)
таяқ алып — взяв палку
(таяқ — палка, алу — брать)
оны — её, его
(ол — он, она, -ны — вин. падеж)
отқа — в огонь
(от — огонь, -қа — дат. падеж)
тығып — засунув
(тығу — засовывать, -ып — деепричастие)
ұшы — кончик
(ұш — конец, кончик, -ы — притяжательная форма)
жанғанда — когда загорится
(жану — гореть, -ғанда — когда)
суырып алып — вытащив
(суыру — вытаскивать, -ып алу — завершённое действие)
ары-бері — туда-сюда
бұлғаңдатып — размахивая
(бұлғаңдату — размахивать, -ып — деепричастие)
жүру — ходить
қызық көрінетін — казалось интересным
(қызық — интересный, көріну — казаться, -етін — причастие)
қаланың балаларында — у городских детей
(қаланың балалары — городские дети, -нда — местный падеж)
қалай болғанын — как было
(болу — быть, -ғанын — что)
білмеймін — не знаю
(білу — знать, -меймін — отрицательная форма)
ауылда — в деревне
(ауыл — деревня, -да — местный падеж)
сол кезде — тогда
есіме түсті — вспомнил
(есіне түсу — вспомнить)
үлкендер — взрослые
(үлкен — взрослый, старший, -дер — мн. ч.)
күйген қолымды — мою обожжённую руку
(күю — обжигаться, қол — рука, -ымды — вин. падеж)
құлақтың сырғалығына — к мочке уха
(құлақ — ухо, сырғалық — мочка уха, -ына — дат. падеж)
тигізуге — приложить, прикоснуться
(тигізу — прикладывать, касаться, -ге — дат. падеж)
кеңес беретін — советовали
(кеңес беру — советовать, -етін — причастие)
қолымды — мою руку
(қол — рука, -ымды — вин. падеж)
ұнға — в муку
(ұн — мука, -ға — дат. падеж)
салуды — положить
(салу — класть, -ды — вин. падеж)
айтатын — говорила
(айту — говорить, -атын — причастие)
кейде — иногда
күйген жерге — на место ожога
(күйген жер — место ожога, -ге — дат. падеж)
өсімдік майын — растительное масло
(өсімдік майы — растительное масло, -н — вин. падеж)
жағып қоятын — наносила
(жағу — мазать, -ып қою — завершённое действие)
бірақ — но
шынын айтсам — честно говоря
аса — сверх, крайне, чересчур, слишком
бір - какой-то, некоторый, некий
көмегі — помощь
(көмек — помощь, -і — притяжательная форма)
бола қоймайтын — особо не было
(болу — быть, -а қоймау — практически не происходить)
кеше — вчера
интернеттен — в интернете
(интернет, -тен — исходный падеж)
оқып қалдым — случайно прочитал
(оқу — читать, -ып қалу — случайность)
сөйтсем — оказалось
мұның ешқайсысы — ничто из этого
(мұның — этого, ешқайсысы — ни один)
көмектеспейді екен — оказывается, не помогает
(көмектесу — помогать, -пейді екен — отрицательная форма)
керісінше — наоборот
күйген жердің — места ожога
(күйген жер — место ожога, -дің — род. падеж)
жағдайын — состояние
(жағдай — состояние, -ын — вин. падеж)
одан әрі — ещё больше
ушықтыруы мүмкін — может ухудшить
(ушықтыру — усугублять, осложнять, мүмкін — может)
ендеше — тогда, в таком случае
мамандар — специалисты
(маман — специалист, -дар — мн. ч.)
не дейді — что говорят
(деу — говорить, -йді — наст. вр.)
шамамен — примерно
жиырма минут — двадцать минут
бойы — в течение
салқын — прохладный
ағын судың астында — под проточной водой
(ағын су — проточная вода, астында — под)
ұстауға — держать
(ұстау — держать, -ға — дат. падеж)
кеңес береді — советуют
(кеңес беру — советовать)
жақпа майлардың ішінде — среди мазей
(жақпа май — мазь, ішінде — среди)
вазелин — вазелин
қолдануға — использовать
(қолдану — использовать, -ға — дат. падеж)
ал сіздер — а вы
не істейсіздер — что делаете
(істеу — делать, -сіздер — вы мн. ч.)
Скрыть словарь
📅 №42
📹 Разбор (youtube)
😴 БІЗДІҢ ҮЙІМІЗДЕ ТАҢЕРТЕҢ ӘР БӨЛМЕДЕ ӘРТҮРЛІ ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ
У НАС ДОМА ПО УТРАМ В РАЗНЫХ КОМНАТАХ ИГРАЮТ РАЗНЫЕ МЕЛОДИИ
📌 Глагол дня: шырылдау – звенеть, чирикать, пищать
|
Жалпы, оятқыш – шынында да, адамзаттың ең керемет өнертабыстарының бірі. |
Вообще будильник, конечно, гениальное изобретение.
| |
Бірақ соңғы кезде біздің үйде бұл өнертабыс неге екенін қайдам, жұмыс істемей қалды. |
Но в нашей семье это изобретение в последнее время почему-то не работает.
| |
Өйткені таңертең әртүрлі уақытта әр бөлмеден әртүрлі әуен естимін, бірақ неге екені белгісіз, ешкім орнынан тұрмайды. |
Потому что утром в разное время я слышу разные мелодии в разных комнатах, но никто почему-то не встаёт.
| |
Меніңше, мұның бір себебі бар. |
И у меня есть предположение, почему так.
| |
Біздің үйде әркім телефонына өзіне ұнайтын әуенді оятқыш етіп қояды. |
Потому что у нас дома все выбирают себе такие мелодии для будильника, которые им нравятся.
| |
Сондықтан таңертең оятқыш шырылдағанда, шын мәнінде, ол шырылдамайды, тек жағымды әуен ойнайды 😄. |
И когда будильник утром звенит, то на самом деле он не звенит, а проигрывает приятную мелодию.
| |
Ал бұрынғы оятқыштар мүлде басқа еді ғой. |
То ли дело, я понимаю, раньше были будильники.
| |
Кеңес заманында темірден жасалған, дөңгелек оятқыштар болатын. |
В советское время такие железные, круглые.
| |
Міне, сондай оятқыш шырылдағанда, орныңнан тұрмай қалу мүмкін емес еді. |
Вот когда такой будильник звенел, невозможно было не встать.
| |
Айтпақшы, дәл сол шырылдаған дыбысты қазір де кез келген телефоннан дерлік таңдауға болады. |
Кстати, этот звонок можно выбрать даже сегодня практически на любом телефоне.
| |
Бірақ біздің үйде оны неге екені белгісіз, ешкім таңдамайды. |
Но его почему-то у нас дома никто не выбирает.
| |
Өйткені, сірә, ерте тұрғылары келмейтін сияқты. |
Потому что, видимо, не хотят вставать.
|
📘 ГРАММАТИКА: «ДЕРЛІК» — «ПОЧТИ», «ПРАКТИЧЕСКИ» 🔽
📑 Пример из текста:
Айтпақшы, дәл сол шырылдаған дыбысты қазір де кез келген телефоннан дерлік таңдауға болады.
Кстати, этот звонок можно выбрать даже сегодня практически на любом телефоне.
🔍 Разбираем конструкцию: кез келген телефоннан дерлік
Эта конструкция переводится:
= почти с любого телефона
= практически с любого телефона
= почти на любом телефоне
= практически на любом телефоне
📐 Как строится конструкция: сөз / сөз тіркесі + дерлік
📌 дерлік — слово со значением «почти», «практически».
📌 В казахском языке дерлік обычно ставится после того слова или словосочетания, к которому относится.
📌 Разбираем пример
кез келген телефоннан дерлік
📌 кез келген — любой
📌 телефон — телефон
📌 телефоннан — с телефона, на телефоне
📌 дерлік — почти, практически
👉 кез келген телефоннан дерлік — практически с любого телефона / почти на любом телефоне
📌 Что означает эта конструкция?
Слово дерлік показывает, что речь идёт не обо всех предметах или случаях без исключения, а почти обо всех.
Сравните:
Кез келген телефоннан таңдауға болады.
Можно выбрать с любого телефона.
Кез келген телефоннан дерлік таңдауға болады.
Можно выбрать практически с любого телефона.
📌 В русском языке обычно говорят:
почти с любого телефона
А в казахском языке:
кез келген телефоннан дерлік
То есть дерлік ставится после слова или словосочетания, к которому относится.
🧩 Примеры предложений:
Барлығы дерлік келді.
Почти все пришли.
Мен барлық тапсырманы дерлік орындадым.
Я выполнил почти все задания.
Ол күн сайын дерлік жаттығады.
Он тренируется почти каждый день.
Біз әр сабақта дерлік сөйлейміз.
Мы говорим почти на каждом уроке.
Бұл сөзді бәрі дерлік біледі.
Это слово знают почти все.
Мен кітаптың бәрін дерлік оқып шықтым.
Я прочитал почти всю книгу.
Ол әр демалыста дерлік ауылға барады.
Он почти каждые выходные ездит в аул.
Қазір мұндай дыбысты кез келген телефоннан дерлік табуға болады.
Сейчас такой звук можно найти практически на любом телефоне.
Бұл әдісті оқушылардың бәрі дерлік қолданады.
Этим методом пользуются почти все ученики.
Мен бұл тақырыпты дерлік толық түсіндім.
Я почти полностью понял эту тему.
Фразы:
Барлығы дерлік — почти все
Бәрі дерлік — почти все
Күн сайын дерлік — почти каждый день
Әр сабақта дерлік — почти на каждом уроке
Кез келген телефоннан дерлік — практически с любого телефона
Толық дерлік — почти полностью (более употребительный вариант в роли обстоятельства)
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
біздің үйімізде — у нас дома
(үй — дом, -імізде — местный падеж)
таңертең — утром
әр бөлмеде — в каждой комнате
(әр — каждый, бөлме — комната, -де — местный падеж)
әртүрлі — разные
әуен — мелодия
ойнап тұрады — играет
(ойнау — играть, -п тұру — продолжительное действие)
жалпы — вообще
оятқыш — будильник
шынында да — действительно
адамзаттың — человечества
(адамзат — человечество, -тың — род. падеж)
ең керемет — самый замечательный
өнертабыстарының бірі — одно из изобретений
(өнертабыс — изобретение, -тарының бірі — одно из)
бірақ — но
соңғы кезде — в последнее время
бұл өнертабыс — это изобретение
неге екенін қайдам — не знаю почему
қайдам — не знаю, вряд-ли (Слово, выражающее сомнение и неуверенность)
жұмыс істемей қалды — перестало работать
(жұмыс істеу — работать, -мей қалу — перестать)
өйткені — потому что
әртүрлі уақытта — в разное время
(уақыт — время, -та — местный падеж)
әр бөлмеден — из каждой комнаты
(бөлме — комната, -ден — исходный падеж)
естимін — слышу
(есту — слышать, -мін — я)
неге екені белгісіз — неизвестно почему
ешкім — никто
орнынан — с места, с кровати
(орын — место, -нан — исходный падеж)
тұрмайды — не встаёт
(тұру — вставать, -майды — отрицательная форма)
меніңше — по-моему
мұның — этого
(бұл — это, -ның — род. падеж)
бір себебі — одна причина
(себеп — причина, -і — притяжательная форма)
бар — есть
әркім — каждый
телефонына — на телефон
(телефон — телефон, -ына — дат. падеж)
өзіне — себе
(өзі — сам, -не — дат. падеж)
ұнайтын — который нравится
(ұнау — нравиться, -йтын — причастие)
әуенді — мелодию
(әуен — мелодия, -ді — вин. падеж)
оятқыш етіп — в качестве будильника
қояды — ставит
(қою — ставить, -ады — наст. вр.)
сондықтан — поэтому
шырылдағанда — когда звенит
(шырылдау — звенеть, -ғанда — когда)
шын мәнінде — на самом деле
шырылдамайды — не звенит
(шырылдау — звенеть, -майды — отрицательная форма)
тек — только
жағымды — приятный
ойнайды — играет
(ойнау — играть, -йды — наст. вр.)
бұрынғы — прежние
мүлде басқа — совершенно другие
еді ғой — ведь были
Кеңес заманында — в советское время
(Кеңес заманы — советское время, -нда — местный падеж)
темірден жасалған — сделанные из железа
(темір — железо, жасау — делать, -лған — страдательное причастие)
дөңгелек — круглый
болатын — были
(болу — быть, -атын — прошедшее повторяющееся действие)
міне, сондай — вот такой
орныңнан — с места, с постели
(орын — место, -ыңнан — исходный падеж)
тұрмай қалу — не встать
(тұру — вставать, -май қалу — не совершить действие)
мүмкін емес еді — было невозможно
айтпақшы — кстати
дәл сол — именно тот
шырылдаған дыбысты — звук звонка
(шырылдаған дыбыс — звук звонка, -ты — вин. падеж)
қазір де — и сейчас
кез келген — любой
телефоннан — на телефоне, из телефона
(телефон — телефон, -нан — исходный падеж)
дерлік — практически
таңдауға болады — можно выбрать
(таңдау — выбирать, болады — можно)
оны — его
(ол — он, -ны — вин. падеж)
таңдамайды — не выбирает
(таңдау — выбирать, -майды — отрицательная форма)
сірә — видимо, наверное
ерте — рано
тұрғылары келмейтін сияқты — похоже, не хотят вставать
(тұрғысы келу — хотеть встать, -мейтін сияқты — похоже, не хотят)
Скрыть словарь
📅 №43
📹 Разбор (youtube)
🏃♂ ӨМІРЛЕРІҢІЗДЕ БІРЕУДЕН ҚАШЫП, АЛ АРТЫҢЫЗДАН БІРЕУ ҚУҒАН КЕЗ БОЛДЫ МА?
БЫВАЛО ЛИ У ВАС ТАКОЕ В ЖИЗНИ, ЧТО ВЫ ОТ КОГО-ТО УБЕГАЛИ, А ЗА ВАМИ КТО-ТО ГНАЛСЯ?
📌 Глагол дня: қуу – гнать, догонять, преследовать
|
Мен мектеп кезіндегі бір оқиғаны есіме түсірдім. |
Я вспомнил один случай из школы.
| |
Ол кезде шамамен тоғызыншы сыныпта оқитынмын. Сол уақытта бізде балалар аудандарға бөлінетін. |
Я учился примерно в 9 классе. Тогда у нас пацаны делились на районы.
| |
Бір ауданның балалары екінші ауданның балаларымен жиі төбелесетін. |
И пацаны с одного района дрались с пацанами с другого района.
| |
Кейде біз аулада отырғанда, жан-жағымызға қарап отыратынбыз. Бөтен ауданның бір баласы келе қалса болды, бірден оған тиісе бастайтынбыз. |
Иногда мы сидели с пацанами во дворе, выглядывали. И, как только чужой пацан заходил, мы сразу до него докапывались.
| |
Бір күні мен басқа ауданда тұратын сыныптасыма қонаққа келдім. Біз онымен компьютерде ойнадық. |
Один раз я пришёл в гости к однокласснику, который жил в другом районе. Мы с ним играли в компьютер.
| |
Содан кейін, уақытты жақсы өткізіп, үйге қайту үшін шықтым. |
Проведя весело время, я пошёл домой.
| |
Үйінен шыға салысымен, маған ысқырып, қолымен «бері кел» дегендей ишара жасап тұрған бір топ баланы көрдім. |
Как только я вышел из его дома, я увидел толпу пацанов, которые начали мне свистеть и пальцем показывать, чтобы я подошёл.
| |
Мен оларға назар аудармай, әрі қарай жүре бердім. |
Я не обратил внимания и пошёл дальше.
| |
Біраздан кейін артыма қарасам, бірнешеуі менің артымнан еріп келеді екен. |
Потом я обернулся и увидел, что несколько человек пошли за мной.
| |
Түрлеріне қарап, жақсылық ойлап тұрған адамдарға ұқсамады. Сол сәтте ішкі түйсігім маған олардың жанына бармау керек екенін айтты. |
Из-за того, что у них был недобрый вид, интуиция мне подсказала не возвращаться к ним.
| |
Сөйтіп мен жүгіре жөнелдім. Қалай ойлайсыздар, олар не істеді? |
И я побежал. Угадайте, что сделали они?
| |
Олар да менің артымнан өте жылдам қуа жөнелді. |
Они погнались за мной, причём очень быстро.
| |
Бұл өмірімдегі ең жылдам жүгірген кездерімнің бірі болды. Бақытыма қарай, мен олардан қашып құтылдым. |
Это был один из самых быстрых забегов в моей жизни. Я убежал от них.
| |
Бірақ содан кейін біраз уақыт сол сыныптасыма қонаққа бармай жүрдім. |
Но потом какое-то время я временно к тому однокласснику не приходил в гости.
|
📘 ГРАММАТИКА: -А/-Е/-Й САЛЫСЫМЕН — «КАК ТОЛЬКО», «СРАЗУ ПОСЛЕ ТОГО КАК» 🔽
📑 Пример из текста:
Үйінен шыға салысымен, маған ысқырып, қолымен «бері кел» дегендей ишара жасап тұрған бір топ баланы көрдім.
Как только я вышел из его дома, я увидел толпу пацанов, которые начали мне свистеть и показывать рукой, чтобы я подошёл.
🔍 Разбираем конструкцию: шыға салысымен
Эта конструкция переводится:
= как только вышел
= сразу после того как вышел
= едва вышел
📐 Как строится конструкция
Основа глагола + -а/-е/-й + салысымен
Например:
бар + а + салысымен → бара салысымен
кел + е + салысымен → келе салысымен
оқы + й + салысымен → оқи салысымен
шық + а + салысымен → шыға салысымен
📌 Исторически элемент салысымен образован от вспомогательного глагола салу. Однако в современной школьной грамматике эта форма изучается как единый показатель со значением «как только», «сразу после того как» и обычно не разбирается на отдельные морфемы.
📌 Что означает эта конструкция?
Конструкция -а/-е/-й салысымен показывает, что второе действие произошло сразу или почти сразу после первого.
По смыслу она близка к русским выражениям:
как только...
едва...
сразу после того как...
лишь только...
📌 Разбираем пример
шыға салысымен
📌 шығу — выходить
📌 шыға — деепричастная форма глагола шығу
📌 шыға салысымен — как только вышел
📌 Что означает эта конструкция?
Она подчёркивает, что второе действие произошло непосредственно после первого, практически без промежутка времени.
Сравните:
Үйінен шыққаннан кейін телефон соқты.
После того как он вышел из дома, зазвонил телефон.
Үйінен шыға салысымен телефон соқты.
Как только он вышел из дома, сразу зазвонил телефон.
Во втором предложении подчёркивается, что второе действие произошло практически сразу.
📌 Чем отличается от кейін?
кейін лишь показывает последовательность действий.
салысымен подчёркивает, что второе действие произошло сразу или почти сразу после первого.
Сравните:
Тамақтан кейін шықтым.
После еды я вышел.
Тамақтана салысымен шықтым.
Как только поел, сразу вышел.
📌 В русском языке обычно говорят
как только...
едва...
сразу после того как...
лишь только...
🧩 Примеры предложений:
Үйге келе салысымен, киімімді ауыстырдым.
Как только пришёл домой, переоделся.
Ояна салысымен, телефонды қолына алды.
Как только проснулся, сразу взял телефон.
Сабақ біте салысымен, бәрі сыртқа жүгіріп шықты.
Как только урок закончился, все выбежали на улицу.
Автобус келе салысымен, біз міндік.
Как только приехал автобус, мы сели.
Жаңбыр жауа салысымен, адамдар қолшатырларын ашты.
Как только начался дождь, люди открыли зонты.
Есікті аша салысымен, ит сыртқа жүгіріп кетті.
Как только открыли дверь, собака выбежала наружу.
Жұмыстан шыға салысымен, әйеліме хабарластым.
Как только вышел с работы, позвонил жене.
Ол мені көре салысымен күліп жіберді.
Как только он меня увидел, сразу рассмеялся.
Мұғалім кіре салысымен, бәрі тыныштала қалды.
Как только вошёл учитель, все сразу притихли.
Хабарды ести салысымен, оған телефон соқтым.
Как только услышал новость, сразу ему позвонил.
📝 Распространённые конструкции:
келе салысымен — как только пришёл
шыға салысымен — как только вышел
көре салысымен — как только увидел
ести салысымен — как только услышал
ояна салысымен — как только проснулся
жете салысымен — как только приехал, добрался
біте салысымен — как только закончилось
аша салысымен — как только открыл
бара салысымен — как только пришёл (туда)
айта салысымен — как только сказал
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
өмірлеріңізде — в вашей жизни
(өмір — жизнь, -леріңізде — местный падеж)
біреуден — от кого-то
(біреу — кто-то, -ден — исходный падеж)
қашып — убегая
(қашу — убегать, -ып — деепричастие)
артыңыздан — за вами
(арт — зад, позади, -ыңыздан — исходный падеж)
біреу — кто-то
қуған — гнался
(қуу — гнаться, -ған — причастие)
кез болды ма — бывало ли
мектеп кезіндегі — школьный
(мектеп кезі — школьное время, -ндегі — относящийся к)
оқиғаны — случай
(оқиға — случай, происшествие, -ны — вин. падеж)
есіме түсірдім — вспомнил
(есіне түсіру — вспомнить)
ол кезде — тогда
шамамен — примерно
тоғызыншы сыныпта — в девятом классе
(тоғызыншы сынып — девятый класс, -та — местный падеж)
оқитынмын — учился
(оқу — учиться, -йтынмын — я)
сол уақытта — в то время
бізде — у нас
(біз — мы, -де — местный падеж)
балалар — ребята
аудандарға — на районы
(аудан — район, -дарға — дат. падеж)
бөлінетін — делились
(бөліну — делиться, -етін — причастие)
бір ауданның — одного района
(аудан — район, -ның — род. падеж)
екінші ауданның — другого района
(екінші — второй, другой)
балаларымен — с ребятами
(бала — ребёнок, парень, -ларымен — творительный падеж)
жиі — часто
төбелесетін — дрались
(төбелесу — драться, -етін — причастие)
кейде — иногда
аулада — во дворе
(аула — двор, -да — местный падеж)
отырғанда — когда сидели
(отыру — сидеть, -ғанда — когда)
жан-жағымызға — по сторонам, вокруг нас
(жан-жақ — вокруг, кругом, -мызға — дат. падеж)
қарап отыратынбыз — смотрели
(қарау — смотреть, -п отыру — продолжительное действие)
бөтен ауданның — чужого района
келе қалса болды — стоило только прийти
(келу — приходить, -е қалу — неожиданность, болды — достаточно)
бірден — сразу
оған — к нему
(ол — он, -ған — дат. падеж)
тиісе бастайтынбыз — начинали приставать
(тиісу — приставать, придираться, -а бастау — начинать)
бір күні — однажды
басқа ауданда — в другом районе
(басқа — другой, аудан — район, -да — местный падеж)
тұратын — живущий
(тұру — жить, -атын — причастие)
сыныптасыма — к моему однокласснику
(сыныптас — одноклассник, -ыма — дат. падеж)
қонаққа келдім — пришёл в гости
(қонаққа келу — прийти в гости)
онымен — с ним
(ол — он, -мен — творительный падеж)
компьютерде — на компьютере
(компьютер, -де — местный падеж)
ойнадық — играли
(ойнау — играть, -дық — мы)
содан кейін — после этого
уақытты — время
жақсы өткізіп — хорошо проведя
үйге қайту үшін — чтобы вернуться домой
(үйге қайту — возвращаться домой, үшін — чтобы)
шықтым — вышел
(шығу — выходить, -тым — я)
үйінен — из дома
(үй — дом, -інен — исходный падеж)
шыға салысымен — как только вышел
(шығу — выходить, -а салысымен — сразу после)
ысқырып — свистя
(ысқыру — свистеть, -ып — деепричастие)
қолымен — рукой
(қол — рука, -ымен — творительный падеж)
бері кел — иди сюда
(бері — ближе, сюда, келу — идти)
дегендей — как будто говоря
ишара жасап — показывая жестом
(ишара жасау — делать жест, подать знак)
бір топ бала — группа ребят
көрдім — увидел
(көру — видеть, -дім — я)
назар аудармай — не обращая внимания
(назар аудару — обращать внимание, -май — отрицательное деепричастие)
әрі қарай — дальше
жүре бердім — продолжил идти
(жүру — идти, -е беру — продолжить действие)
біраздан кейін — спустя некоторое время
артыма қарасам — когда я оглянулся
(арт — позади, қарау — смотреть, -сам — если)
бірнешеуі — несколько из них
(бірнеше — несколько, -уі — из них)
менің артымнан — за мной
(арт — позади, -ымнан — исходный падеж)
еріп келеді екен — оказывается, идут следом
(еру — следовать, келу — идти)
түрлеріне қарап — судя по их виду
(түр — вид, -леріне — дат. падеж, қарап — судя)
жақсылық ойлап тұрған — замышляющие что-то хорошее
(жақсылық ойлау — думать о хорошем, -ып тұрған — процесс)
адамдарға ұқсамады — не были похожи на людей
(ұқсау — быть похожим, -мады — отрицательная форма)
сол сәтте — в тот момент
ішкі түйсігім — моя интуиция
(ішкі түйсік — внутреннее чувство, интуиция, -ім — моя)
жанына — к ним
(жан — рядом, -ына — дат. падеж)
бармау керек — не нужно идти
(бару — идти, -мау керек — не нужно)
айтты — сказала
(айту — говорить, -ты — прош. вр.)
сөйтіп — и тогда, таким образом, итак
жүгіре жөнелдім — побежал
(жүгіру — бежать, -е жөнелу — резко начать, отправиться, тронуться)
қалай ойлайсыздар — как думаете?
олар не істеді — что они сделали?
олар да — они тоже
өте жылдам — очень быстро
қуа жөнелді — бросились в погоню
(қуу — гнаться, -а жөнелу — резко начать)
өмірімдегі — в моей жизни
(өмір — жизнь, -імдегі — находящийся в моей жизни)
ең жылдам — самый быстрый
жүгірген кездерімнің бірі — один из случаев, когда я бежал
(жүгіру — бежать, -ген кез — случай, -імнің бірі — один из моих)
бақытыма қарай — к счастью
олардан — от них
(олар — они, -дан — исходный падеж)
қашып құтылдым — сумел убежать
(қашып құтылу — спастись бегством)
бірақ — но
біраз уақыт — некоторое время
қонаққа бармай жүрдім — не ходил в гости
(қонаққа бару — ходить в гости, -май жүру — некоторое время не делать)
Скрыть словарь
📅 №44
📹 Разбор (youtube)
🤔 АДАМДЫ ӨЛГЕННЕН КЕЙІН НЕ КҮТЕДІ?
ЧТО ЖДЁТ ЧЕЛОВЕКА ПОСЛЕ СМЕРТИ?
📌 Глагол дня: қайтыс болу – умереть, скончаться
|
Біздің жердегі өміріміз денеміздің өмір сүру мерзімімен шектелген. |
Наша жизнь на земле ограничена сроком жизни нашего тела.
| |
Дене өмір сүруге жарамсыз болған кезде, адам қайтыс болады. |
Когда тело становится неспособным к жизни, человек умирает.
| |
Орта есеппен адамдар алпыс пен сексен жас аралығында өмір сүреді. |
В среднем люди живут от 60 до 80 лет.
| |
Ал адам өлгеннен кейін не болатыны туралы әртүрлі көзқарастар бар. |
А вот что происходит после смерти — на этот счет существуют разные теории.
| |
Материалистер мен атеистердің пікірінше, адам өлгеннен кейін ештеңе жоқ. Өйткені біздің санамыз мидың жұмысына тәуелді. Ми жұмысын тоқтатқан кезде, сана да жойылады. |
Материалисты и атеисты считают, что после смерти ничего нет. Так как наше сознание зависит от работы мозга, после прекращения его работы исчезает и сознание.
| |
Индуизмде, буддизмде және басқа да осыған ұқсас діндерде адам қайтыс болғаннан кейін қайта туу, яғни реинкарнация болады деп сенеді. |
В индуизме, буддизме и других подобных религиях верят, что после того, как человек умирает, его ждет реинкарнация.
| |
Яғни адам басқа денеде қайта дүниеге келеді: адам, жануар немесе тіпті өсімдік болып. Оның үстіне келесі өмірдің қандай болатыны алдыңғы өміріңе байланысты. |
То есть ты рождаешься в другом теле — человеком, животным или даже растением. Причем качество следующей жизни зависит от предыдущей.
| |
Толық тазарғаннан кейін адам мәңгілік рухқа айналады. |
Полностью очистившись, ты становишься вечным духом.
| |
Агностиктердің пікірінше, өлгеннен кейін бір нәрсе бар, бірақ оның не екенін біз тек сонда барған кезде ғана біле аламыз. |
Агностики считают, что что-то есть, но узнать это мы сможем, только оказавшись там.
| |
Яһудилер, мұсылмандар және христиандар жұмақ пен тозаққа сенеді. Адамның өлгеннен кейін қайда баратыны оның жасаған жақсы немесе жаман істеріне байланысты. |
Иудеи, мусульмане и христиане верят в ад и рай. То, куда мы попадем после смерти, зависит от наших добрых или плохих дел.
| |
Кейбір адамдар біз қайтыс болғаннан кейін рухқа айналып, басқа әлемде өмір сүреміз деп есептейді. |
Некоторые считают, что после того, как мы умираем, мы становимся духами и живем в другом мире.
|
📘 ГРАММАТИКА: X ПЕН Y АРАЛЫҒЫНДА — «МЕЖДУ», «В ДИАПАЗОНЕ», «ОТ ... ДО ...» 🔽
📑 Пример из текста:
Орта есеппен адамдар алпыс пен сексен жас аралығында өмір сүреді.
В среднем люди живут от шестидесяти до восьмидесяти лет.
🔍 Разбираем конструкцию: алпыс пен сексен жас аралығында
Эта конструкция переводится:
= между...
= в промежутке между...
= в диапазоне...
= от ... до ...
📐 Как строится конструкция
X + мен/бен/пен + Y + аралығында
Например:
он мен жиырма аралығында — между десятью и двадцатью
екі мен бес күн аралығында — от двух до пяти дней
сағат үш пен төрттің аралығында — между тремя и четырьмя часами
алпыс пен сексен жас аралығында — в возрасте от шестидесяти до восьмидесяти лет
📌 Откуда появилось слово аралығында?
Слово образовано так:
аралық + -ы + -нда
где:
аралық — промежуток, интервал
-ы — аффикс принадлежности III лица (тәуелдік жалғауы)
-нда — местный падеж (жатыс септік)
📌 Что означает эта конструкция?
Конструкция X мен/бен/пен Y аралығында показывает, что что-либо находится между двумя границами.
По смыслу она близка к русским выражениям:
между...
в промежутке между...
в пределах...
от ... до ...
📌 Разбираем пример
алпыс пен сексен жас аралығында
📌 алпыс — шестьдесят
📌 пен — и (соединяет два числительных)
📌 сексен — восемьдесят
📌 жас — год (возраст)
📌 аралығында — в пределах промежутка, между
Получается:
от шестидесяти до восьмидесяти лет.
📌 Где употребляется?
Конструкция аралығында используется для обозначения диапазона:
возраста
времени
расстояния
температуры
количества
чисел
дат
📌 Чем отличается от арасында?
Обе конструкции могут переводиться как «между», но употребляются по-разному.
арасында — между людьми, предметами или объектами.
Сравните:
Үй екі ағаштың арасында тұр.
Дом стоит между двумя деревьями.
Ол балалардың арасында өсті.
Он вырос среди детей.
аралығында — между двумя границами, в определённом диапазоне.
Он мен жиырманың аралығында.
Между десятью и двадцатью.
Сағат екі мен үштің аралығында.
Между двумя и тремя часами.
📌 В русском языке обычно говорят
между...
в промежутке между...
в пределах...
от ... до ...
🧩 Примеры предложений:
Сабақ сағат тоғыз бен онның аралығында өтеді.
Занятие проходит между девятью и десятью часами.
Температура он бес пен жиырма градус аралығында болады.
Температура составляет от пятнадцати до двадцати градусов.
Бағасы бес мың мен он мың теңге аралығында.
Цена составляет от пяти до десяти тысяч тенге.
Балалардың жасы жеті мен он жас аралығында.
Возраст детей — от семи до десяти лет.
Жолдың ұзындығы елу мен алпыс шақырым аралығында.
Длина дороги — от пятидесяти до шестидесяти километров.
Кездесу сағат үш пен төрттің аралығында болады.
Встреча состоится между тремя и четырьмя часами.
Жаңбыр көбіне мамыр мен маусым айларының аралығында жауады.
Дожди чаще всего идут в период между маем и июнем.
Бұл кітаптың көлемі жүз бен жүз елу бет аралығында.
Объём этой книги — от ста до ста пятидесяти страниц.
Халық саны екі жүз мың мен үш жүз мыңның аралығында.
Численность населения составляет от двухсот до трёхсот тысяч человек.
Жарыс таңғы сегіз бен тоғыздың аралығында басталады.
Соревнование начнётся между восемью и девятью часами утра.
📝 Распространённые конструкции
X мен/бен/пен Y аралығында — между X и Y, от X до Y
сағат екі мен үштің аралығында — между двумя и тремя часами
он мен жиырманың аралығында — между десятью и двадцатью
алпыс пен сексен жас аралығында — в возрасте от шестидесяти до восьмидесяти лет
бес пен он килограмм аралығында — от пяти до десяти килограммов
екі қала аралығында — между двумя городами
екі мен бес күн аралығында — от двух до пяти дней
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
адамды — человека
(адам — человек, -ды — вин. падеж)
өлгеннен кейін — после смерти
(өлу — умирать, -геннен кейін — после того как)
не күтеді — что ждёт
(күту — ждать, -еді — наст. вр.)
жердегі — на земле, земной
(жер — земля, -дегі — находящийся на)
өміріміз — наша жизнь
(өмір — жизнь, -іміз — наша)
денеміздің — нашего тела
(дене — тело, -міздің — род. падеж)
өмір сүру — жить
мерзімімен — сроком
(мерзім — срок, -імен — творительный падеж)
шектелген — ограничена
(шектеу — ограничивать, -лген — страдательное причастие)
өмір сүруге — для жизни
(өмір сүру — жить, -ге — дат. падеж)
жарамсыз — непригодный
болған кезде — когда становится
(болу — быть, -ған кезде — когда)
қайтыс болады — умирает
(қайтыс болу — умирать)
орта есеппен — в среднем
алпыс пен сексен жас аралығында — в возрасте от шестидесяти до восьмидесяти лет
аралық — интервал, промежуток
әртүрлі — разные
көзқарастар — взгляды, теории
(көзқарас — взгляд, -тар — мн. ч.)
материалистер — материалисты
атеистердің — атеистов
(атеист — атеист, -дің — род. падеж)
пікірінше — по мнению
(пікір — мнение, -інше — по мнению)
ештеңе жоқ — ничего нет
санамыз — наше сознание
(сана — сознание, -мыз — наше)
мидың — мозга
(ми — мозг, -дың — род. падеж)
жұмысына — работе
(жұмыс — работа, -ына — дат. падеж)
тәуелді — зависит
жұмысын тоқтатқан кезде — когда прекращает работу
(тоқтату — прекращать, -қан кезде — когда)
сана — сознание
жойылады — уничтожается
(жойылу — уничтожаться, ликвидироваться, -ады — наст. вр.)
индуизмде — в индуизме
(индуизм, -де — местный падеж)
буддизмде — в буддизме
(буддизм, -де — местный падеж)
осыған ұқсас — подобный этому
діндерде — в религиях
(дін — религия, -дерде — местный падеж)
қайта туу — перерождение
яғни — то есть
реинкарнация — реинкарнация
болады деп сенеді — верят, что будет
(сену — верить)
басқа денеде — в другом теле
(басқа — другой, дене — тело, -де — местный падеж)
қайта дүниеге келеді — рождается заново
(дүниеге келу — рождаться)
жануар — животное
тіпті — даже
өсімдік — растение
болып — став
(болу — быть, -ып — деепричастие)
келесі өмірдің — следующей жизни
(келесі өмір — следующая жизнь, -дің — род. падеж)
қандай болатыны — какой будет
(болу — быть, -атыны — форма существительного)
алдыңғы өміріңе — предыдущей жизни
(алдыңғы өмір — предыдущая жизнь, -іңе — дат. падеж)
байланысты — зависит от
толық — полностью
тазарғаннан кейін — после очищения
(тазару — очищаться, -ғаннан кейін — после)
мәңгілік — вечный
рухқа — в духа, духом
(рух — дух, -қа — дат. падеж)
айналады — превращается
(айналу — становиться, превращаться)
агностиктердің — агностиков
(агностик — агностик, -тердің — род. падеж)
бір нәрсе — что-то
оның не екенін — что именно это такое
(не — что, екен — оказывается, -ін — вин. падеж)
сонда барған кезде ғана — только когда попадём туда
(сонда бару — идти туда, -ған кезде — когда, ғана — только)
біле аламыз — сможем узнать
(білу — знать, алу — мочь)
яһудилер — иудеи
мұсылмандар — мусульмане
христиандар — христиане
жұмақ — рай
тозақ — ад
сенеді — верят
(сену — верить, -еді — наст. вр.)
қайда баратыны — куда попадёт
(бару — идти, попадать, -атыны — форма существительного)
жасаған — совершённые, сделанные
(жасау — делать, -ған — причастие)
жақсы — хороший
жаман — плохой
істеріне — делам
(іс — дело, -теріне — дат. падеж)
кейбір адамдар — некоторые люди
рухқа айналып — превратившись в духа
(рухқа айналу — стать духом)
басқа әлемде — в другом мире
(әлем — мир, -де — местный падеж)
өмір сүреміз — живём
(өмір сүру — жить, -міз — мы)
деп есептейді — считают
(есептеу — считать, полагать)
Скрыть словарь
📅 №45
📹 Разбор (youtube)
👩🎓 МЕКТЕПТЕ МЕН БАСҚАЛАР ЖЫРТҚАН ЖЕРЛЕРДІ ЖАПСЫРАТЫНМЫН
В ШКОЛЕ Я ЗАКЛЕИВАЛ ТО, ЧТО РВАЛИ ДРУГИЕ
📌 Глагол дня: жырту – рвать, разрывать
|
Мен мектепте оқығанда, оқу жылының соңында кітаптарды кітапханаға өткізер алдында жыртылған беттерін желімдеп, ретке келтіретінбіз. |
Когда я учился в школе, в конце года у нас была практика заклеивания книг перед их сдачей.
|
Мұғалім бізге былай дейтін:
— Балалар, ертең соңғы оқу күніміз. Содан кейін бір апта ішінде барлық оқулықтарыңды тапсыруларың керек. Бірақ жыртылған оқулықтарды қабылдамаймын. Сондықтан барлық оқулықтарыңды тексеріп, жыртылған жерлерін жапсырып, жақсы күйінде тапсырыңдар. |
Учитель нам говорила так:
— Ребята, завтра у нас последний учебный день, и потом в течение недели вам нужно будет сдать все книги. Но порванные книги я принимать не буду, поэтому проверьте все свои книги, заклейте их и сдайте в нормальном состоянии.
| |
Есімде қалғаны, менің оқулықтарым ешқашан жыртылмайтын. |
Насколько я помню, у меня книги никогда не рвались.
| |
Әрине, себебі мен сабақты онша жақсы оқымайтынмын және оқулықтарды сирек ашатынмын. |
Наверное, потому что я плохо учился и редко открывал их.
| |
Соған қарамастан, жыртылған жерлерді желімдеу бәрібір маған жүктелетін. |
Но заклеивать порванные места мне всё равно приходилось.
|
Сонда мен былай ойлайтынмын:
— Егер жыртылған оқулықтарды қабылдамаса, онда неге маған кейбір оқулықтар сондай күйде беріледі? Демек, тапсырған кезде оларды онша тексермейтін сияқты. Бірақ жарайды, мұғалім айтты екен, демек, істеу керек. |
И я думал так:
— Если книги не принимают в порванном виде, тогда почему мне некоторые книги достаются такими? Видимо, всё-таки при приёме их не проверяют. Ну да ладно, раз учитель сказал, значит, надо сделать.
| |
Сөйтіп, кешке үйде үстелге отырып, барлық мектеп оқулықтарымды тексеретінмін. |
И вечером я садился дома за стол и проверял все школьные учебники.
| |
Жыртылған жерлерді тауып алып, бәрін мұқият желімдеп, содан кейін ғана оқулықтарды мұғалімге тапсыратынмын. |
Находил порванные места, всё заклеивал, а потом сдавал учебники учителю.
|
📘 ГРАММАТИКА: -АР/-ЕР/-Р + АЛДЫНДА — «ПЕРЕД ТЕМ КАК» 🔽
📑 Пример из текста:
Мен мектепте оқығанда, оқу жылының соңында кітаптарды кітапханаға өткізер алдында жыртылған беттерін желімдеп, ретке келтіретінбіз.
Перед сдачей книг в библиотеку мы подклеивали порванные страницы и приводили их в порядок.
🔍 Разбираем конструкцию: өткізер алдында
Эта конструкция переводится:
= перед тем как сдать
= до того как сдать
= перед сдачей
📐 Как строится конструкция
Основа глагола + -ар/-ер/-р + алдында
Если основа оканчивается на согласный:
бар + ар + алдында → барар алдында
кел + ер + алдында → келер алдында
айт + ар + алдында → айтар алдында
Если основа оканчивается на гласный:
оқы + р + алдында → оқыр алдында
сөйле + р + алдында → сөйлер алдында
⚠️ Важно: Суффикс присоединяется к основе глагола, а не к инфинитиву.
Например:
оқу — инфинитив
оқы- — основа
оқы + р → оқыр алдында
📌 Из чего состоит конструкция?
өткізер алдында
📌 өткізу — сдавать, передавать
📌 өткізер — форма есімше на -ар/-ер/-р, обозначающая действие, которое ещё предстоит выполнить.
📌 алдында — перед
Вместе:
өткізер алдында
= перед тем как сдать
📌 Что означает эта конструкция?
Конструкция -ар/-ер/-р алдында показывает, что одно действие происходит перед другим действием.
По смыслу она близка к русским выражениям:
перед тем как...
до того как...
перед...
📌 Разбираем пример
кітаптарды кітапханаға өткізер алдында
📌 өткізу — сдавать
📌 өткізер алдында — перед тем как сдать
Полностью:
кітаптарды кітапханаға өткізер алдында
— перед тем как сдавать книги в библиотеку
🧩 Примеры предложений:
Үйден шығар алдында жарықты өшір.
Перед тем как выйти из дома, выключи свет.
Ұйықтар алдында кітап оқимын.
Перед сном я читаю книгу.
Сабақ басталар алдында бәрі орындарына жайғасты.
Перед началом урока все заняли свои места.
Тамақ ішер алдында қолыңды жу.
Перед едой помой руки.
Емтихан тапсырар алдында қатты уайымдадым.
Перед сдачей экзамена я сильно волновался.
Жолға шығар алдында көлікті тексердік.
Перед тем как отправиться в дорогу, мы проверили машину.
Қонақтар келер алдында үйді жинап үлгердік.
Перед приходом гостей мы успели убрать дом.
Жұмысқа барар алдында кофе ішемін.
Перед тем как идти на работу, я пью кофе.
Фильм басталар алдында телефоныңызды сөндіріңіз немесе дыбыссыз режимге қойыңыз.
Перед началом фильма выключите телефон или переведите его в беззвучный режим.
Мектепке кірер алдында балалар аяқ киімдерін сүртті.
Перед тем как войти в школу, дети вытерли обувь.
📝 Распространённые словосочетания:
шығар алдында — перед тем как выйти
келер алдында — перед тем как прийти
барар алдында — перед тем как пойти
ұйықтар алдында — перед сном
ішер алдында — перед тем как поесть, перед едой
айтар алдында — перед тем как сказать
сөйлер алдында — перед тем как говорить
басталар алдында — перед началом
бітер алдында — перед окончанием
тапсырар алдында — перед тем как сдавать
оқыр алдында — перед тем как читать
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
мектепте — в школе
(мектеп — школа, -те — местный падеж)
мен — я
басқалар — другие
жыртқан — порвали
(жырту — рвать, -қан — причастие)
жерлерді — места
(жер — место, -лерді — вин. падеж)
жапсыратынмын — заклеивал
(жапсыру — заклеивать, -атынмын — я)
мектепте оқығанда — когда учился в школе
(оқу — учиться, -ғанда — когда)
оқу жылының соңында — в конце учебного года
(оқу жылы — учебный год, соңы — конец, -нда — местный падеж)
кітаптарды — книги
(кітап — книга, -тарды — вин. падеж)
кітапханаға — в библиотеку
(кітапхана — библиотека, -ға — дат. падеж)
өткізер алдында — перед сдачей
(өткізу — сдавать, передавать, -ер алдында — перед тем как)
жыртылған беттерін — порванные страницы
(бет — страница, -терін — вин. падеж)
желімдеп — заклеив
(желімдеу — заклеивать, -п — деепричастие)
ретке келтіретінбіз — приводили в порядок
(ретке келтіру — приводить в порядок)
мұғалім — учитель
бізге — нам
(біз — мы, -ге — дат. падеж)
былай дейтін — говорила так
(деу — говорить, -йтін — прошедшее повторяющееся действие)
балалар — ребята, дети
ертең — завтра
соңғы — последний
оқу күніміз — наш учебный день
(оқу күні — учебный день, -міз — наш)
бір апта ішінде — в течение одной недели
барлық — все
оқулықтарыңды — ваши учебники
(оқулық — учебник, -тарыңды — вин. падеж)
тапсыруларың керек — должны сдать
(тапсыру — сдавать, керек — нужно)
бірақ — но
жыртылған оқулықтарды — порванные учебники
(оқулық — учебник, -тарды — вин. падеж)
қабылдамаймын — не принимаю
(қабылдау — принимать, -маймын — отрицательная форма)
сондықтан — поэтому
тексеріп — проверив
(тексеру — проверять, -іп — деепричастие)
жақсы күйінде — в хорошем состоянии
(күй — состояние, -інде — местный падеж)
тапсырыңдар — сдайте
(тапсыру — сдавать, -ыңдар — повелительное наклонение)
есімде қалғаны — насколько я помню
(естественно: «то, что осталось в памяти»)
ешқашан — никогда
жыртылмайтын — не рвались
(жыртылу — рваться, -майтын — отрицательная форма)
әрине — конечно
себебі — потому что
сабақты — учёбу, уроки
(сабақ — урок, -ты — вин. падеж)
онша жақсы — не очень хорошо
оқымайтынмын — учился плохо, не учился
(оқу — учиться, -майтынмын — отрицательная форма)
оқулықтарды — учебники
(оқулық — учебник, -тарды — вин. падеж)
сирек — редко
ашатынмын — открывал
(ашу — открывать, -атынмын — я)
соған қарамастан — несмотря на это
желімдеу — заклеивание
(желімдеу — заклеивать)
бәрібір — всё равно
маған — мне
(мен — я, -ған — дат. падеж)
жүктелетін — возлагалось
(жүктелу — возлагаться, -етін — причастие)
сонда — тогда
ойлайтынмын — думал
(ойлау — думать, -йтынмын — я)
егер — если
қабылдамаса — если не принимают
(қабылдау — принимать, -маса — условное наклонение)
онда — тогда
неге — почему
кейбір — некоторые
сондай күйде — в таком состоянии
беріледі — выдаются
(берілу — выдаваться, -еді — наст. вр.)
демек — значит
тапсырған кезде — когда сдают
(тапсыру — сдавать, -ған кезде — когда)
онша — не очень
тексермейтін сияқты — похоже, не проверяют
(тексеру — проверять, -мейтін сияқты — похоже, не)
жарайды — ладно, хорошо
айтты екен — раз сказал
(айту — говорить, -ты екен — оказывается сказал)
істеу керек — нужно сделать
сөйтіп — таким образом
кешке — вечером
үйде — дома
(үй — дом, -де — местный падеж)
үстелге отырып — сев за стол
(үстел — стол, отыру — садиться)
мектеп оқулықтарымды — мои школьные учебники
(мектеп оқулығы — школьный учебник, -тарымды — вин. падеж)
тексеретінмін — проверял
(тексеру — проверять, -етінмін — я)
тауып алып — найдя
(тауып алу — найти)
бәрін — всё
(бәрі — всё, -н — вин. падеж)
мұқият — тщательно
желімдеп — заклеив
(желімдеу — заклеивать, -п — деепричастие)
содан кейін ғана — только после этого
мұғалімге — учителю
(мұғалім — учитель, -ге — дат. падеж)
тапсыратынмын — сдавал
(тапсыру — сдавать, -атынмын — я)
Скрыть словарь
📅 №46
📹 Разбор (youtube)
🚙 ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛАН-ҒАЙЫР ДАЛАСЫНДА АДАСЫП КЕТУГЕ БОЛАДЫ
В БЕСКРАЙНЕЙ КАЗАХСКОЙ СТЕПИ МОЖНО ЗАБЛУДИТЬСЯ
📌 Глагол дня: адасу – заблудиться, сбиться с пути
|
Қазіргі заманда адасып, бағыттан жаңылу қиын сияқты. |
Кажется, в современном мире уже трудно заблудиться и сбиться с маршрута.
| |
Себебі қазіргі әлемде кез келген жерде бағыт-бағдар алуға көмектесетін заманауи технологиялар жеткілікті. |
Ведь он буквально наполнен технологиями, которые помогают ориентироваться на местности.
| |
Мысалы, екі жыл бұрын мен өмірімде алғаш рет Алакөлге баруды шештім. |
Например, 2 года назад я решил поехать на Алаколь первый раз в жизни.
| |
Біздің үйден ол жерге дейін алты жүз алпыс шақырым. |
От нашего дома это 660 километров.
| |
Мен навигаторға біздің демалыс аймағымыздың атауын тердім де, бірден жолға шықтық. |
Я просто ввёл в навигатор название нашей зоны отдыха, и мы поехали.
| |
Сол сияқты еш қиындықсыз кері қайтып келдік. |
Точно так же мы приехали назад — никаких проблем.
| |
Бірақ әлі күнге дейін байланыс пен интернет нашар ұстайтын жерлер бар. |
Но есть ещё такие места, где связь и интернет пока плохо ловят.
| |
Соның бірі — менің атам мен әжем тұрған ауыл. |
Это деревня, где жили мои дедушка и бабушка.
| |
Үш жыл бұрын әкеммен бірге сол шалғай ауылға бардық. |
3 года назад мы с папой ездили в этот далёкий посёлок.
| |
Әкем бір мал базасының маңында қойшылармен балық аулауға алдын ала келісіп қойған еді. |
Он договорился порыбачить рядом с одной скотобазой с пастухами.
| |
Бірақ байланыс нашар болғандықтан, оларға телефон соға алмадық. |
Дозвониться до них мы не смогли из-за плохой связи.
| |
Содан кейін жарты күн бойы көлікпен жүріп, ұлан-ғайыр қазақ даласынан сол мал базасын іздедік. |
И полдня ездили на машине, искали по бескрайним степям Казахстана эту скотобазу.
| |
Ақыры мүлде адасып кетіп, оларды таба алмадық. |
Но в итоге окончательно заблудились и так и не нашли её.
| |
Қысқасы, бізге үйге апаратын жолды тауып, кері қайтуға тура келді. |
Короче нам пришлось найти дорогу домой и вернуться.
| |
Сол күні балық аулай алмадық. |
В тот день мы так и не порыбачили.
|
📘 ГРАММАТИКА: ДЕЙІН И КЕЙІН — «ДО» И «ПОСЛЕ» 🔽
📑 Примеры из текста:
Біздің үйден ол жерге дейін алты жүз алпыс шақырым.
От нашего дома до того места шестьсот шестьдесят километров.
Бірақ әлі күнге дейін байланыс пен интернет нашар ұстайтын жерлер бар.
Но до сих пор есть места, где связь и интернет плохо ловят.
Содан кейін жарты күн бойы көлікпен жүріп, ұлан-ғайыр қазақ даласынан сол мал базасын іздедік.
После этого мы полдня ездили на машине и искали ту скотобазу в бескрайней казахской степи.
🔍 Разбираем слова дейін и кейін
дейін и кейін — это септеулік шылаулар (послелоги).
Они обозначают временную или пространственную границу действия.
По смыслу они соответствуют русским словам:
дейін — до
кейін — после
📄 ДЕЙІН — «ДО»
Послелог дейін показывает:
• до какого места;
• до какого времени;
• до какого момента;
• до какого предела.
📐 Как строится конструкция
В современном литературном казахском языке дейін чаще всего употребляется после слова в форме Барыс септік (дательного-направительного падежа).
Существительное (или местоимение) + Барыс септік (-ға/-ге/-қа/-ке/-на/-не) + дейін
📌 Примеры:
ауылға дейін — до деревни
үйге дейін — до дома
беске дейін — до пяти
таңға дейін — до утра
маған дейін — до меня
оған дейін — до него, до того
📌 Из чего состоит конструкция?
ол жерге дейін
📌 ол — тот
📌 жер — место
📌 жерге — к месту (Барыс септік)
📌 дейін — до
Вместе:
ол жерге дейін
= до того места
Ещё один пример
әлі күнге дейін
📌 әлі — ещё
📌 күнге — к дню (Барыс септік)
📌 дейін — до
Буквально:
до этого дня
По смыслу:
до сих пор
по сей день
📌 Разбираем пример из текста
Біздің үйден ол жерге дейін алты жүз алпыс шақырым.
📌 үйден — от дома
📌 ол жерге дейін — до того места
Полностью:
От нашего дома до того места — шестьсот шестьдесят километров.
📄 КЕЙІН — «ПОСЛЕ»
Послелог кейін обозначает действие или момент, который происходит после чего-либо.
Кроме того, он может означать:
• после
• затем
• потом
• спустя, через (о времени)
Например:
Бес жылдан кейін кездестік.
Мы встретились через пять лет.
📐 Как строится конструкция
кейін обычно употребляется после слова в форме Шығыс септік (исходного падежа).
Существительное (или местоимение) + Шығыс септік (-дан/-ден/-тан/-тен/-нан/-нен) + кейін
📌 Из чего состоит конструкция?
сабақтан кейін
📌 сабақ — урок
📌 сабақтан — после урока (Шығыс септік)
📌 кейін — после
Вместе:
сабақтан кейін
= после урока
Ещё один пример
содан кейін
📌 содан — после этого
📌 кейін — после
Вместе:
содан кейін
= после этого
📌 Разбираем пример из текста
Содан кейін жарты күн бойы көлікпен жүріп...
📌 содан кейін — после этого
Полностью:
После этого мы полдня ездили по степи.
🧩 Примеры предложений:
Мен кешке дейін жұмыс істеймін.
Я работаю до вечера.
Автобус аялдамаға дейін барады.
Автобус едет до остановки.
Сағат беске дейін кел.
Приходи до пяти часов.
Жазға дейін қазақша еркін сөйлегім келеді.
До лета я хочу свободно говорить по-казахски.
Ол соңына дейін күтті.
Он ждал до конца.
Біз өзенге дейін жаяу бардық.
Мы дошли пешком до реки.
Балалар кешке дейін далада ойнады.
Дети играли на улице до вечера.
Жол ауылға дейін созылып жатыр.
Дорога тянется до деревни.
Сабақтан кейін дүкенге бардым.
После уроков я пошёл в магазин.
Түскі астан кейін демаламыз.
После обеда мы отдыхаем.
Жаңбырдан кейін ауа тазарды.
После дождя воздух очистился.
Жұмыстан кейін спортзалға барамын.
После работы я иду в спортзал.
Фильмнен кейін бәріміз үйге қайттық.
После фильма мы все поехали домой.
Оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналастым.
После окончания учёбы я устроился на работу.
Осыдан кейін бәрі өзгерді.
После этого всё изменилось.
Содан кейін жолымызды жалғастырдық.
После этого мы продолжили путь.
📝 Распространённые словосочетания:
• бүгінге дейін — до сегодняшнего дня, до сих пор
• әлі күнге дейін — до сих пор
• таңға дейін — до утра
• кешке дейін — до вечера
• соңына дейін — до конца
• ауылға дейін — до деревни
• қалаға дейін — до города
• үйге дейін — до дома
• жолдың соңына дейін — до конца дороги
• өмірінің соңына дейін — до конца жизни
• содан кейін — после этого
• осыдан кейін — после этого
• сабақтан кейін — после уроков
• жұмыстан кейін — после работы
• мектептен кейін — после школы
• түскі астан кейін — после обеда
• жаңбырдан кейін — после дождя
• кездесуден кейін — после встречи
• фильмнен кейін — после фильма
• қыстан кейін — после зимы
• бес жылдан кейін — через пять лет
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
қазақтың — казахский, казахов
(қазақ — казах, -тың — род. падеж)
ұлан-ғайыр — бескрайний, необъятный
даласында — в степи
(дала — степь, -сында — местный падеж)
адасып кетуге болады — можно заблудиться
(адасу — заблудиться, -ып кету — полностью, болады — можно)
қазіргі заманда — в современном мире
(қазіргі заман — современный мир, -да — местный падеж)
адасып — заблудившись
(адасу — заблудиться, -ып — деепричастие)
бағыттан жаңылу — сбиться с маршрута
(бағыт — направление, жаңылу — сбиться)
қиын сияқты — кажется трудным
себебі — потому что
қазіргі әлемде — в современном мире
(әлем — мир, -де — местный падеж)
кез келген жерде — где угодно
бағыт-бағдар алу — ориентироваться
көмектесетін — помогающие
(көмектесу — помогать, -етін — причастие)
заманауи — современный
технологиялар — технологии
жеткілікті — достаточно
мысалы — например
екі жыл бұрын — два года назад
өмірімде — в моей жизни
(өмір — жизнь, -імде — местный падеж)
алғаш рет — впервые
Алакөлге — на Алаколь
(Алакөл, -ге — дат. падеж)
баруды — поехать
(бару — идти, ехать, -ды — вин. падеж)
шештім — решил
(шешу — решать, -тім — я)
біздің үйден — от нашего дома
(үй — дом, -ден — исходный падеж)
ол жерге дейін — до того места
алты жүз алпыс шақырым — шестьсот шестьдесят километров
навигаторға — в навигатор
(навигатор, -ға — дат. падеж)
демалыс аймағымыздың — нашей зоны отдыха
(демалыс аймағы — зона отдыха, -мыздың — род. падеж)
атауын — название
(атау — название, -ын — вин. падеж)
тердім — ввёл, набрал
(теру — набирать, вводить, -дім — я)
бірден — сразу
жолға шықтық — отправились в путь
(жолға шығу — отправляться в путь)
сол сияқты — точно так же
еш қиындықсыз — без каких-либо трудностей
кері қайтып келдік — вернулись обратно
(кері қайту — возвращаться)
бірақ — но
әлі күнге дейін — до сих пор
байланыс — связь
интернет — интернет
нашар ұстайтын — плохо ловящий
(ұстау — ловить, -йтын — причастие)
жерлер — места
соның бірі — одно из них
атам мен әжем — дедушка и бабушка
тұрған ауыл — деревня, где жили
(тұру — жить, тұрған — причастие)
үш жыл бұрын — три года назад
әкем екеуміз — мы с отцом
шалғай ауылға — в далёкую деревню
(шалғай — далёкий, ауыл — деревня, -ға — дат. падеж)
бардық — поехали
(бару — ехать, -дық — мы)
мал базасының — скотобазы
(мал базасы — скотобаза, -ның — род. падеж)
маңында — возле
(маңы — окрестность, -нда — местный падеж)
қойшылармен — с пастухами
(қойшы — пастух, -лармен — творительный падеж)
балық аулауға — на рыбалку
(балық аулау — рыбачить, -ға — дат. падеж)
алдын ала — заранее
келісіп қойған еді — заранее договорился
(келісу — договариваться, -іп қою — завершённость действия, еді — прошедшее время)
байланыс нашар болғандықтан — из-за плохой связи
(болу — быть, -ғандықтан — потому что)
оларға — им
(олар — они, -ға — дат. падеж)
телефон соға алмадық — не смогли дозвониться
(телефон соғу — звонить, -а алмау — не смочь)
жарты күн бойы — полдня
көлікпен — на машине
(көлік — машина, -пен — творительный падеж)
жүріп — ездя
(жүру — ехать, ходить, -іп — деепричастие)
іздедік — искали
(іздеу — искать, -дік — мы)
ақыры — в конце концов
мүлде — совсем, окончательно
адасып кетіп — окончательно заблудившись
(адасу — заблудиться, -ып кету — полностью)
таба алмадық — не смогли найти
(табу — находить, -а алмау — не смочь)
қысқасы — короче
үйге апаратын жолды — дорогу домой
(үйге апаратын жол — дорога, ведущая домой, -ды — вин. падеж)
тауып — найдя
(табу — найти, -ып — деепричастие)
кері қайтуға — вернуться обратно
(кері қайту — возвращаться, -ға — дат. падеж)
тура келді — пришлось
сол күні — в тот день
балық аулай алмадық — не смогли порыбачить
(балық аулау — рыбачить, -й алмау — не смочь)
Скрыть словарь
📅 №47
📹 Разбор (youtube)
🌟 ҚЫСҚАТОЛҚЫНДЫ ПЕШТЕ ҚАЙТА ҚЫЗДЫРЫЛҒАН ТАҒАМНЫҢ ЗИЯНДЫ БОЛАТЫНЫ РАС ПА?
ПРАВДА ЛИ, ЧТО ЕДА, РАЗОГРЕТАЯ В МИКРОВОЛНОВКЕ, СТАНОВИТСЯ ВРЕДНОЙ?
📌 Глагол дня: қыздыру – разогревать
|
Түрлі мақалаларды оқып шыққаннан кейін, қысқатолқынды пеш тағамды радиоактивті етпейді және оның пайдалы қасиеттерін «жоймайды» деген қорытындыға келдім. |
Почитав разные статьи, я пришел к выводу, что микроволновка не делает пищу радиоактивной и не «убивает» её.
| |
Ол тек тағамды қыздырады, ал ақуыздардағы, майлардағы және дәрумендердегі өзгерістер қайнату, қуыру немесе пеште пісіру кезіндегідей болады. |
Она лишь нагревает продукт, а изменения в белках, жирах и витаминах происходят такие же, как при варке, жарке или запекании.
| |
Сонымен қатар, пісіру уақытының қысқалығы мен судың аз қолданылуының арқасында қысқатолқынды пеш тағамдағы дәрумендерді кәдімгі қайнатуға қарағанда көбірек сақтайды. |
Более того, благодаря более короткому времени приготовления и меньшему количеству воды микроволновка часто сохраняет больше витаминов, чем обычная варка.
| |
Ең бастысы — қарапайым ережелерді сақтау: шыны, керамика немесе Microwave Safe деген белгісі бар арнайы ыдысты пайдалану, тағамды жарамсыз пластик ыдыста қыздырмау, қою тағамдарды біркелкі қызуы үшін араластыру және бір тағамды қайта-қайта қыздырмау. |
Главное — соблюдать простые правила: использовать стеклянную, керамическую или специальную посуду с маркировкой Microwave Safe, не греть еду в неподходящем пластике, перемешивать густые блюда для равномерного прогрева и не разогревать одну и ту же пищу много раз.
| |
Шын мәнінде, микротолқынды пештің зияны туралы айтылатын қауіптің көбі тағамды дұрыс сақтамаудан немесе қысқатолқынды пешке жарамсыз ыдысты қолданудан туындайды. |
А вред, который приписывают микроволновке при нагревании, на самом деле может быть связан с неправильным хранением продуктов или использованием неподходящей посуды.
|
📘 ГРАММАТИКА: -ДАҒЫДАЙ / -ДЕГІДЕЙ — «ТАКОЙ ЖЕ, КАК В…» 🔽
📑 Пример из текста:
Ол тек тағамды қыздырады, ал ақуыздардағы, майлардағы және дәрумендердегі өзгерістер қайнату, қуыру немесе пеште пісіру кезіндегідей болады.
Она лишь нагревает продукт, а изменения в белках, жирах и витаминах происходят такие же, как при варке, жарке или запекании.
🔍 Разбираем конструкцию: кезіндегідей
Эта конструкция переводится:
= такой же, как во время...
= такой же, как при...
= так же, как в...
В нашем примере:
пеште пісіру кезіндегідей
= как при приготовлении в духовке.
📐 Как строится конструкция
Существительное + -дағы/-дегі + -дай/-дей
или
Существительное + кезіндегі + -дей
Если слово твёрдое:
кітап + тағы + дай → кітаптағыдай
ауыл + дағы + дай → ауылдағыдай
Если слово мягкое:
үй + дегі + дей → үйдегідей
мектеп + тегі + дей → мектептегідей
⚠️ Важно: -дағы/-дегі и -дай/-дей — это два разных суффикса, которые присоединяются последовательно.
📌 Из чего состоит конструкция?
Разберём слово кезіндегідей.
кез
— время, момент
↓
кезі
— его время
↓
кезінде
— во время
↓
кезіндегі
— относящийся к этому времени, происходящий в это время
↓
кезіндегідей
— такой же, как во время...
То есть:
кез + і + нде + гі + дей
📌 Что такое -дағы/-дегі?
Эта форма состоит из:
-да/-де — жатыс септік (местный падеж)
-ғы/-гі/-қы/-кі — суффикс, образующий производное прилагательное (туынды сын есім).
Он показывает, что предмет, лицо или явление относятся к определённому месту или времени.
Например:
үйде → үйдегі
дом → находящийся дома, домашний
мектепте → мектептегі
находящийся в школе
үстелде → үстелдегі
лежащий на столе
кезінде → кезіндегі
относящийся к тому времени, происходивший тогда
📌 Что означает -дай/-дей?
Суффикс -дай/-дей/-тай/-тей выражает значение сравнения или уподобления.
По смыслу он переводится как:
= как
= подобно
= такой же, как
Например:
баладай
как ребёнок
таудай
как гора
сендей
как ты
📌 Что означает вся конструкция?
Когда к форме -дағы/-дегі добавляется -дай/-дей, получается значение:
такой же, как находящийся в...
или
такой же, как относящийся к...
Например:
үйдегідей — как дома
кітаптағыдай — как в книге
мектептегідей — как в школе
кезіндегідей — как во время чего-либо
📌 Разбираем пример
пеште пісіру кезіндегідей
📌 пеште пісіру
приготовление в духовке
📌 кезіндегі
происходящий во время приготовления
📌 кезіндегідей
такой же, как при приготовлении
Полностью:
пеште пісіру кезіндегідей болады.
— Происходит так же, как при приготовлении в духовке.
🧩 Примеры предложений:
Бүгінгі ауа райы кешегідей емес.
Сегодняшняя погода не такая, как вчера.
Бөлме бұрынғыдай кең көрінеді.
Комната выглядит такой же просторной, как раньше.
Жоспардағыдай бәрі жақсы өтті.
Всё прошло так, как было запланировано.
Фильмдегідей оқиға өмірде сирек болады.
Такие события, как в фильме, в жизни бывают редко.
Балалық шағымдағыдай қалың қар жауып тұр.
Идёт такой же сильный снег, как в моём детстве.
Мейрамханадағыдай дәмді тамақ болды.
Еда была такой же вкусной, как в ресторане.
Бұл кітаптағыдай мысалды бұрын көрмеппін.
Я раньше не видел такого примера, как в этой книге.
Үйдегідей жайлы атмосфера болды.
Атмосфера была такой же уютной, как дома.
Өткен жолғыдай қателік жібермеңдер.
Не допускайте такой же ошибки, как в прошлый раз.
Сабақтағыдай тәртіп болды.
Была такая же дисциплина, как на уроке.
📝 Распространённые словосочетания
бұрынғыдай — как раньше
кешегідей — как вчера
бүгінгідей — как сегодня
үйдегідей — как дома
мектептегідей — как в школе
мейрамханадағыдай — как в ресторане
фильмдегідей — как в фильме
кітаптағыдай — как в книге
жоспардағыдай — как было запланировано
кезіндегідей — как во время чего-либо
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
қысқатолқынды пеште — в микроволновке
(қысқатолқынды пеш — микроволновая печь, -те — местный падеж)
қайта қыздырылған — повторно разогретый
(қайта қыздыру — разогревать повторно, -ылған — страдательное причастие)
тағамның — пищи, блюда
(тағам — пища, -ның — род. падеж)
зиянды — вредный
болатыны — что становится
(болу — быть, становиться, -атыны — отглагольная форма)
рас па — правда ли?
түрлі мақалаларды — различные статьи
(түрлі — различные, мақала — статья, -ларды — вин. падеж)
оқып шыққаннан кейін — после того как прочитал
(оқып шығу — прочитать полностью, -қаннан кейін — после)
қорытындыға келдім — пришёл к выводу
(қорытындыға келу — прийти к выводу)
тағамды — пищу
(тағам — пища, -ды — вин. падеж)
радиоактивті — радиоактивный
етпейді — не делает
(ету — делать, -пейді — отрицательная форма)
пайдалы қасиеттерін — полезные свойства
(пайдалы қасиет — полезное свойство, -терін — вин. падеж)
жоймайды — не уничтожает
(жою — уничтожать, -майды — отрицательная форма)
ол — она
тек — только
қыздырады — нагревает
(қыздыру — нагревать, -ады — наст. вр.)
ақуыздардағы — в белках
(ақуыз — белок, -дардағы — местный падеж)
майлардағы — в жирах
(май — жир, -лардағы — местный падеж)
дәрумендердегі — в витаминах
(дәрумен — витамин, -дердегі — местный падеж)
өзгерістер — изменения
қайнату — варка
қуыру — жарка
пеште пісіру — запекание в духовке
пісіру — варить, печь, готовить
кезіндегідей — такие же, как при, также, как и во время
кезінде — в нужный момент, в нужное время, во время
сонымен қатар — кроме того
пісіру уақытының — времени приготовления
(пісіру уақыты — время приготовления, -ның — род. падеж)
қысқалығы — краткость
(қысқалық — краткость, -ы — притяжательная форма)
судың — воды
(су — вода, -дың — род. падеж)
аз қолданылуының арқасында — благодаря меньшему использованию
(аз қолданылу — меньшее использование, арқасында — благодаря)
тағамдағы — в пище
(тағам — пища, -дағы — местный падеж)
дәрумендерді — витамины
(дәрумен — витамин, -дерді — вин. падеж)
кәдімгі қайнатуға қарағанда — по сравнению с обычной варкой
кәдімгі — обычный, обыкновеннный
көбірек сақтайды — сохраняет больше
(сақтау — сохранять, -ады — наст. вр.)
ең бастысы — самое главное
қарапайым ережелерді — простые правила
(қарапайым ереже — простое правило, -лерді — вин. падеж)
сақтау — соблюдать
шыны — стекло, стеклянный
керамика — керамика
белгісі бар — с маркировкой
(белгі — знак, маркировка)
арнайы ыдысты — специальную посуду
(арнайы ыдыс — специальная посуда, -ты — вин. падеж)
пайдалану — использовать
жарамсыз — неподходящий, непригодный
пластик ыдыста — в пластиковой посуде
(пластик ыдыс — пластиковая посуда, -та — местный падеж)
қыздырмау — не разогревать
(қыздыру — разогревать, -мау — отрицательная форма)
қою тағамдарды — густые блюда
(қою — густой, тағам — блюдо, -дарды — вин. падеж)
біркелкі — равномерно
қызуы үшін — чтобы прогрелось
(қызу — нагреваться, үшін — чтобы)
араластыру — перемешивать
бір тағамды — одно и то же блюдо
(бір — один, тағам — блюдо, -ды — вин. падеж)
қайта-қайта — снова и снова, многократно
шын мәнінде — на самом деле
микротолқынды пештің — микроволновой печи
(микротолқынды пеш, -тің — род. падеж)
зияны туралы — о вреде
(зиян — вред, туралы — о)
айтылатын — о котором говорят
(айту — говорить, -ылатын — страдательное причастие)
қауіптің көбі — большая часть опасений
(қауіп — опасность, -тің көбі — большая часть)
дұрыс сақтамаудан — из-за неправильного хранения
(дұрыс сақтамау — неправильное хранение, -дан — исходный падеж)
жарамсыз ыдысты — неподходящую посуду
(жарамсыз ыдыс — неподходящая посуда, -ты — вин. падеж)
қолданудан — из-за использования
(қолдану — использовать, -дан — исходный падеж)
туындайды — возникает
(туындау — возникать, -ады — наст. вр.)
Скрыть словарь
📅 №48
📹 Разбор (youtube)
👨👩👧👦 ОТБАСЫЛЫҚ МЕРЕКЕГЕ БАРА ЖАТЫП, ҮЛКЕН КЕПТЕЛІСКЕ ТАП БОЛДЫҚ
ЕХАЛИ НА СЕМЕЙНЫЙ ПРАЗДНИК И СТОЛКНУЛИСЬ С ПРОБКОЙ
📌 Глагол дня: тап болу – неожиданно встретиться, столкнуться
|
Үш күн бұрын жұбайым екеуміздің үйлену тойымыздың мерейтойы болды. |
Три дня назад у нас с супругой была годовщина свадьбы.
| |
Соған орай мен оны бірге бір жерге барып кешкі ас ішуге шақырдым. |
По этому случаю я пригласил её вместе где-нибудь поужинать.
| |
Отбасылық мерекемізді атап өту үшін балаларды да өзімізбен бірге алайық деп келістік. |
Мы договорились взять с собой и детей, чтобы отметить наш семейный праздник.
| |
Сол кезде ұлым енемнің үйінде қонақта жүрген еді. |
В это время сын был в гостях у тёщи.
| |
Сондықтан алдымен ұлымызды алып кету үшін қала сыртында тұратын енемнің үйіне бардық. |
Поэтому мы сначала направились за город, где живёт тёща, чтобы забрать сына.
| |
Әдетте кешкі сағат сегізде мен қала сыртына шықпаймын. Сөйтсем, дұрыс екен. |
Обычно в восемь часов вечера я за город не выезжаю. И правильно делаю.
| |
Өйткені біз үлкен кептеліске тап болдық. |
Потому что мы попали в огромную пробку.
| |
Себебі Алматыда сырттан келіп жұмыс істейтін адамдар өте көп. |
Дело в том, что в Алматы работает очень много приезжих.
| |
Таңертең олардың бәрі Алматыға қарай жүреді. |
И утром все машины направляются в Алматы.
| |
Сол уақытта бұл бағытқа шықпаған дұрыс. |
В это время в этом направлении лучше не ехать.
| |
Ал кешке бәрі кері бағытқа қайтады. |
А вечером все эти люди направляются в противоположную сторону.
| |
Біз дәл сол көлік ағынына тап болдық. |
И вот как раз в этот поток мы и попали.
| |
Әрине, ұлымызды кештеу алып кеттік. |
Конечно, за сыном мы приехали уже довольно поздно.
| |
Соған қарамастан кейін жайлы бір дәмхана тауып, отбасылық мерекемізді өте жақсы атап өттік. |
Но всё равно потом нашли очень уютное кафе и очень хорошо отметили наш семейный праздник.
| |
Жалпы, осы уақыттарды есте сақтап, кешке қаладан шықпауға, ал таңертең қалаға кірмеуге тырысқан дұрыс. 😎 |
А вообще нужно помнить про эти часы и стараться не выезжать из города вечером и не заезжать в него утром. 😎
|
📘 ГРАММАТИКА: -ЛАУ/-ЛЕУ/-ДАУ/-ДЕУ/-ТАУ/-ТЕУ — «НЕМНОГО...», «ДОВОЛЬНО...», «НЕСКОЛЬКО...» 🔽
📑 Пример из текста:
Әрине, ұлымызды кештеу алып кеттік.
Конечно, за сыном мы приехали уже позднее.
🔍 Разбираем форму: кештеу
Слово переводится:
= поздновато
= немного позже
= позднее
📐 Как строится форма:
сын есім + -лау/-леу/-дау/-деу/-тау/-теу
📌 кеш — поздний, поздно
📌 -теу — суффикс сравнительной степени
📌 кештеу — позднее, поздновато, немного позже
📄 Эта форма относится к салыстырмалы шырай (сравнительной степени прилагательных).
В разговорной речи она часто делает признак менее категоричным и может передавать оттенки:
немного...
чуть...
несколько...
еще больше, сильнее, слабее и тд, чем в обычном случае.
📌 Например:
кеш (поздний, поздно) → кештеу (позднее, поздновато)
үлкен (большой) → үлкендеу (немного больше, великоватый)
ұзын (длинный) → ұзындау (длиннее)
қымбат (дорогой) → қымбаттау (дороже, дороговатый)
тар (узкий) → тарлау (уже, узковатый)
тұзды (солёный) → тұздылау (соленее, солоноватый)
ащы (острый, горький) → ащылау (острее, горьче, островатый, горьковатый)
🧩 Примеры предложений:
Бұл бөлме кеңдеу екен.
Эта комната просторнее.
Сорпа тұздылау болып кетіпті.
Суп получился немного солоноватым.
Көже ащылау екен.
Суп оказывается острее.
Бұл сөмке үлкендеу сияқты.
Кажется, эта сумка больше.
Біз ертелеу келдік.
Мы приехали довольно раньше.
Біз ауылға кештеу жеттік.
Мы добрались до деревни довольно позже.
Бұл көйлек маған ұзындау екен.
Это платье мне длинновато.
Бұл телефон қымбаттау екен.
Этот телефон дороговат.
Бұл көше тарлау екен.
Эта улица узковата.
Маған шай сәл тәттілеу ұнайды.
Мне нравится чай немного послаще.
📌 Похожие конструкции
Кроме суффиксов -лау/-леу/-дау/-деу/-тау/-теу, в казахском языке есть ещё одна очень распространённая форма сравнительной степени:
-рақ/-рек/-ырақ/-ірек
Она обычно используется для более нейтрального сравнения.
🧩 Сравните:
үлкенірек — побольше чем
үлкендеу — немного больше, великоватый
қымбатырақ — дороже чем
қымбаттау — дороже, дороговатый
тереңірек — глубже чем
тереңдеу — глубоковатый, глубже
ертерек — раньше чем
ертелеу — довольно рано, еще раньше
кешірек — позже чем
кештеу — поздновато, позже
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
отбасылық мерекеге — на семейный праздник
(отбасылық мереке — семейный праздник, -ге — дат. падеж)
бара жатып — по дороге, направляясь
(бару — идти, ехать, -а жатып — во время движения)
үлкен кептеліске — в большую пробку
(үлкен — большой, кептеліс — пробка, -ке — дат. падеж)
тап болдық — столкнулись, попали
(тап болу — столкнуться, -дық — мы)
үш күн бұрын — три дня назад
жұбайым екеуміздің — у нас с супругой
(жұбайым — моя супруга, екеуміз — мы вдвоём, -дің — род. падеж)
үйлену тойымыздың — нашей свадьбы
(үйлену тойы — свадьба, -мыздың — род. падеж)
мерейтойы — годовщина
(мерейтой — юбилей, годовщина, -ы — притяжательная форма)
болды — была
соған орай — по этому случаю
бірге — вместе
бір жерге — куда-нибудь
кешкі ас ішуге — поужинать
(кешкі ас ішу — ужинать, -ге — дат. падеж)
шақырдым — пригласил
(шақыру — приглашать, -дым — я)
атап өту — отмечать
балаларды — детей
(бала — ребёнок, -ларды — вин. падеж)
өзімізбен бірге — вместе с нами
(өзіміз — мы сами, -бен — творительный падеж)
алайық деп — давайте возьмём
(алу — брать, -айық — давайте)
келістік — договорились
(келісу — договариваться, -тік — мы)
сол кезде — в то время
ұлым — мой сын
енемнің — моей тёщи
(ене — тёща, -мнің — род. падеж)
үйінде — у неё дома
(үй — дом, -інде — местный падеж)
қонақта — в гостях
жүрген еді — находился
(жүру — находиться, еді — прошедшее время)
сондықтан — поэтому
алдымен — сначала
ұлымызды — нашего сына
(ұлымыз — наш сын, -ды — вин. падеж)
алып кету үшін — чтобы забрать
(алып кету — забрать, үшін — чтобы)
қала сыртында — за городом
(қала сырты — окраина, загород, -нда — местный падеж)
тұратын — живущая
(тұру — жить, -атын — причастие)
үйіне — к дому
(үй — дом, -іне — дат. падеж)
бардық — поехали
(бару — ехать, идти, -дық — мы)
әдетте — обычно
кешкі сағат сегізде — в восемь часов вечера
қала сыртына — за город
(қала сырты — загород, -на — дат. падеж)
шықпаймын — не выезжаю
(шығу — выходить, выезжать, -паймын — отрицательная форма)
сөйтсем — оказывается
дұрыс екен — правильно оказывается
өйткені — потому что
үлкен кептеліске — в большую пробку
(кептеліс — пробка, -ке — дат. падеж)
тап болдық — попали, столкнулись
(тап болу — столкнуться)
Алматыда — в Алматы
(Алматы, -да — местный падеж)
сырттан келіп — приехав извне
(сырттан келу — приезжать извне)
жұмыс істейтін — работающие
(жұмыс істеу — работать, -йтін — причастие)
адамдар — люди
өте көп — очень много
таңертең — утром
олардың бәрі — все они
Алматыға қарай — в сторону Алматы
жүреді — едут, движутся
(жүру — ехать, идти, -еді — наст. вр.)
сол уақытта — в это время
бұл бағытқа — в этом направлении
(бағыт — направление, -қа — дат. падеж)
шықпаған дұрыс — лучше не выезжать
(шығу — выезжать, -паған дұрыс — лучше не)
кешке — вечером
кері бағытқа — в обратном направлении
қайтады — возвращаются
(қайту — возвращаться, -ады — наст. вр.)
дәл сол — именно тот
көлік ағынына — в поток машин
(көлік ағыны — поток транспорта, -на — дат. падеж)
кештеу — немного позднее, поздновато
алып кеттік — забрали
(алып кету — забрать, -тік — мы)
соған қарамастан — несмотря на это
кейін — потом
жайлы — уютный
дәмхана — кафе
тауып — найдя
(табу — найти, -ып — деепричастие)
өте жақсы — очень хорошо
атап өттік — отметили
(атап өту — отмечать, -тік — мы)
жалпы — вообще
осы уақыттарды — это время
(уақыт — время, -тарды — вин. падеж)
есте сақтау — помнить
қаладан шықпауға — не выезжать из города
(қаладан шығу — выезжать из города, -пауға — отрицательная форма)
қалаға кірмеуге — не въезжать в город
(қалаға кіру — въезжать в город, -меуге — отрицательная форма)
тырысқан дұрыс — лучше стараться
(тырысу — стараться, -қан дұрыс — лучше)
Скрыть словарь
📅 №49
📹 Разбор (youtube)
🥤 АСЫҚПАЙ ЖҰТ, ТАМАҒЫҢДЫ СУЫҚТАТЫП АЛАСЫҢ
БЫСТРО НЕ ГЛОТАЙ, ПРОСТУДИШЬ ГОРЛО
📌 Глагол дня: жұту – глотать, поглощать
|
Алматыға аптап ыстық жаз келді. |
В Алматы наступило жаркое лето.
| |
«Теректің мамығы, аптап ыстық, шілде» деген ән естеріңізде ме? |
Помните такую песню: «Тополиный пух, жара, июль»?
| |
Шынын айтсам, теректің мамығын көріп тұрған жоқпын, бірақ аптап ыстық та, шілде де бар. |
Правда, тополиного пуха я не наблюдаю, но жара и июль есть.
| |
Демалыс маусымы, шомылатын кез, саябақта серуендейтін шақ, балмұздақ жеп, әткеншек тебетін уақыт. Әрине, бұл – балалардың ең жақсы көретін мезгілі. |
Время отпусков, время купания, время прогулок по парку, время мороженого и каруселей, ну и, конечно, самое любимое время для детей.
| |
Өйткені сабақ жоқ, ештеңе істеудің қажеті жоқ, ал егер бірдеңемен айналыссаң, тек өзіңе ұнайтын іспен ғана айналысасың. |
Потому что нет никаких уроков, ничего не нужно делать, а если чем-то и заниматься, то только тем, что нравится.
| |
Алматыда жазда үнемі шөлдейсің. |
В Алматы летом постоянно хочется пить.
| |
Отбасыңмен серуендеп жүрсең, балалар үнемі салқын бірдеңе сатып әперуді сұрайды. |
Гуляешь с семьёй, и дети постоянно просят купить что-нибудь холодненькое.
| |
Оларға лимонад немесе салқын шай сатып әперіп: |
Покупаешь им лимонад или холодный чай и говоришь:
| |
— Аз-аздан ұрттап іш, тез жұтпа, тамағыңды суықтатып аласың, түсінікті ме? — дейсің. |
«Пей маленькими глотками, не глотай быстро, чтобы не простудить горло, понятно?»
| |
Олар бастарын изейді. |
Кивают головой.
| |
Асықпай ішіп тұрғандарын бақылап тұрасың. |
Смотришь, чтобы не торопились.
| |
Өздері де асықпай ішіп, саған: «Міне, осылай дұрыс па?» дегендей қарап тұрады. |
Пьют потихоньку и смотрят на тебя, как бы говоря: «Вот так нормально?»
| |
Мұның бәрі өте күлкілі көрінеді. |
Выглядит это забавно.
|
📘 ГРАММАТИКА: БҰЙРЫҚ РАЙ — ПОВЕЛИТЕЛЬНОЕ НАКЛОНЕНИЕ 🔽
📑 Пример из текста:
Аз-аздан ұрттап іш, тез жұтпа, тамағыңды суықтатып аласың.
Пей маленькими глотками, не глотай быстро, а то простудишь горло.
Здесь используются две формы повелительного наклонения:
іш — пей
жұтпа — не глотай
📖 Что такое бұйрық рай?
Бұйрық рай — форма глагола, которая выражает побуждение к действию. В зависимости от ситуации она может передавать:
🔹 приказ
🔹 просьбу
🔹 совет
🔹 пожелание
🔹 приглашение к совместному действию
Например:
Бар! — Иди!
Тыңда! — Слушай!
Күте тұр. — Подожди.
👤 2 ЛИЦО, ЕДИНСТВЕННОЕ ЧИСЛО (СЕН)
Это основная форма повелительного наклонения, которая чаще всего используется в разговорной речи.
✅ Утвердительная форма
Форма совпадает с основой глагола.
Іш! — Пей!
Жұт! — Глотай!
Кел! — Приходи!
Бар! — Иди!
Тыңда! — Слушай!
❌ Отрицательная форма:
основа + ма/ме/ба/бе/па/пе
Ішпе! — Не пей!
Жұтпа! — Не глотай!
Келме! — Не приходи!
Барма! — Не иди!
Тыңдама! — Не слушай!
Именно такая форма используется в тексте:
Тез жұтпа!
Не глотай быстро!
😊 Мягкая просьба
Форма:
глагол + шы/ші
Суффикс -шы/-ші делает побуждение более мягким, дружелюбным и менее категоричным.
Ішші. — Попей, пожалуйста.
Айтшы. — Ну скажи.
Күтші. — Подожди, пожалуйста.
Келші. — Ну иди сюда.
Тыңдашы. — Послушай-ка.
Сравните:
Жұт! — Глотай!
Жұтшы. — Ну проглоти.
👤 1 ЛИЦО, ЕДИНСТВЕННОЕ ЧИСЛО (МЕН)
Эта форма выражает намерение, готовность или решение самого говорящего выполнить действие. На русский язык её часто переводят словами «дай-ка я...», «пойду-ка...», «сейчас я...».
✅ Утвердительная форма:
–айын / –ейін / –йын / –йін
Барайын. — Пойду-ка я.
Келейін. — Зайду-ка я.
Айтайын. — Скажу-ка я.
Күтейін. — Подожду-ка я.
Ішейін. — Выпью-ка я.
❌ Отрицательная форма:
основа + ма/ме/ба/бе/па/пе + йын/йін
Бармайын. — Не пойду-ка я.
Келмейін. — Не буду заходить.
Айтпайын. — Не буду говорить.
Күтпейін. — Не буду ждать.
Ішпейін. — Не буду пить.
👥 2 ЛИЦО, МНОЖЕСТВЕННОЕ ЧИСЛО (СЕНДЕР)
✅ Утвердительная форма:
–ңдар / –ңдер
Ішіңдер! — Пейте!
Жұтыңдар! — Глотайте!
Келіңдер! — Приходите!
Тыңдаңдар! — Слушайте!
❌ Отрицательная форма
Ішпеңдер! — Не пейте!
Жұтпаңдар! — Не глотайте!
Келмеңдер! — Не приходите!
Тыңдамаңдар! — Не слушайте!
👤 ВЕЖЛИВАЯ ФОРМА (СІЗ)
✅ Утвердительная форма:
–ңыз / –ңіз
Ішіңіз! — Пейте!
Жұтыңыз! — Глотайте!
Келіңіз! — Приходите!
Тыңдаңыз! — Слушайте!
❌ Отрицательная форма
Ішпеңіз! — Не пейте!
Жұтпаңыз! — Не глотайте!
Келмеңіз! — Не приходите!
Тыңдамаңыз! — Не слушайте!
👥 ВЕЖЛИВОЕ МНОЖЕСТВЕННОЕ ЧИСЛО (СІЗДЕР)
✅ Утвердительная форма:
–ңыздар / –ңіздер
Ішіңіздер! — Пейте!
Жұтыңыздар! — Глотайте!
Келіңіздер! — Приходите!
❌ Отрицательная форма
Ішпеңіздер! — Не пейте!
Жұтпаңыздар! — Не глотайте!
Келмеңіздер! — Не приходите!
👥 1 ЛИЦО, МНОЖЕСТВЕННОЕ ЧИСЛО (БІЗ)
Эта форма выражает побуждение к совместному действию.
✅ Утвердительная форма:
–йық / –йік
Ішейік! — Давайте попьём!
Барайық! — Давайте пойдём!
Бастайық! — Давайте начнём!
Тыңдайық! — Давайте послушаем!
👤 3 ЛИЦО (ОЛ / ОЛАР)
Эта форма выражает пожелание, распоряжение, приказ через третье лицо или разрешение.
✅ Утвердительная форма:
–сын / –сін
Ішсін. — Пусть пьёт.
Жұтсын. — Пусть проглотит.
Келсін. — Пусть придёт.
Айтсын. — Пусть скажет.
Болсын. — Пусть будет.
📌 Повелительное наклонение выражает не только приказ
Очень часто оно используется для:
🔹 Просьбы
Көмектесші. — Помоги, пожалуйста.
🔹 Совета
Көбірек демал. — Побольше отдыхай.
🔹 Предупреждения
Асықпа. — Не торопись.
🔹 Инструкции
Алдымен оқы, сосын жауап бер. — Сначала прочитай, потом отвечай.
📌 Все формы повелительного наклонения
👤 1 лицо, ед. число (мен)
Барайын. — Пойду-ка я.
👥 1 лицо, мн. число (біз)
Барайық! — Давайте пойдём!
👤 2 лицо, ед. число (сен)
Бар! — Иди!
👥 2 лицо, мн. число (сендер)
Барыңдар! — Идите!
👤 2 лицо, вежливая форма (сіз)
Барыңыз! — Идите!
👥 2 лицо, вежливая форма, мн. число (сіздер)
Барыңыздар! — Идите!
👤 3 лицо (ол / олар)
Барсын. — Пусть идёт.
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
асықпай — не торопясь
(асықпау — не торопиться)
жұт — глотай
(жұту — глотать)
тамағыңды — горло
(тамақ — горло, -ыңды — притяж. + вин. падеж)
суықтатып аласың — простудишь
(суықтату — простудить)
Алматыға — в Алматы
(Алматы, -ға — дат. падеж)
аптап ыстық — сильная жара
(аптап — зной, жара, солнцепек, ыстық — жара)
жаз келді — пришло лето
(жаз — лето, келу — приходить)
теректің мамығы — тополиный пух
(терек — тополь, мамық — пух)
шілде — июль
деген ән — песня под названием
(деу — называться)
естеріңізде ме — помните?
(ес — память, -теріңізде — в вашей памяти)
шынын айтсам — честно говоря
көріп тұрған жоқпын — не вижу
(көру — видеть, -іп тұр — процесс, жоқпын — отрицание)
бірақ — но
бар — есть
демалыс маусымы — сезон отпусков
(демалыс — отдых, каникулы, отпуск: маусым — сезон, время)
шомылатын кез — время купания
(шомылу — купаться)
саябақта — в парке
(саябақ — парк, -та — местный падеж)
серуендейтін шақ — время прогулок
(серуендеу — гулять, -йтін — причастие)
балмұздақ — мороженое
әткеншек тебетін уақыт — время катания на качелях, каруселях
(әткеншек тебу — кататься на качелях, каруселях)
әрине — конечно
ең жақсы көретін — самый любимый
(жақсы көру — любить)
мезгілі — пора, время года
(мезгіл — период, время)
өйткені — потому что
сабақ жоқ — уроков нет
ештеңе істеудің қажеті жоқ — ничего не нужно делать
(қажет — нужно)
бірдеңемен — чем-нибудь
(бірдеңе — что-нибудь, -мен — творительный падеж)
айналыссаң — если занимаешься
(айналысу — заниматься, -саң — условное наклонение)
өзіңе — себе
(өзі — сам, -іңе — дат. падеж)
ұнайтын — который нравится
(ұнау — нравиться)
іспен — делом
(іс — дело, -пен — творительный падеж)
ғана — только
айналысасың — занимаешься
(айналысу — заниматься)
жазда — летом
(жаз — лето, -да — местный падеж)
үнемі — постоянно
шөлдейсің — испытываешь жажду
(шөлдеу — хотеть пить, жаждать)
отбасыңмен — с семьёй
(отбасы — семья, -ңмен — творительный падеж)
серуендеп жүрсең — если гуляешь
(серуендеп жүру — гулять)
салқын — холодный, прохладный
сатып әперуді — купить для кого-то
(сатып әперу — купить и дать)
сұрайды — просят
(сұрау — просить)
оларға — им
(олар — они, -ға — дат. падеж)
лимонад — лимонад
салқын шай — холодный чай
сатып әперіп — купив для них
(сатып әперу — купить для кого-то)
аз-аздан — понемногу, помаленьку
ұрттап іш — пей глотками
(ұрттау — глотать, хлебать, ұрттап ішу - пить глотками)
тез жұтпа — не глотай быстро
(жұту — глотать)
түсінікті ме — понятно?
дейсің — говоришь
(деу — говорить)
бастарын изейді — кивают головой
(бас изеу — кивать)
бақылап тұрасың — наблюдаешь
(бақылау — наблюдать, -п тұру — продолжительное действие)
өздері де — сами тоже
саған — тебе
(сен — ты, -ға — дат. падеж)
дегендей — как бы говоря
қарап тұрады — смотрят
(қарау — смотреть, -п тұру — продолжительное действие)
мұның бәрі — всё это
өте — очень
күлкілі — смешной, веселый
көрінеді — выглядит, кажется
(көріну — казаться, выглядеть)
Скрыть словарь
📅 №50
📹 Разбор (youtube)
🥔 БАЛА КЕЗІМДЕ КАРТОП АРШЫҒАНДЫ ҰНАТПАЙТЫНМЫН
В ДЕТСТВЕ Я НЕ ЛЮБИЛ ЧИСТИТЬ КАРТОШКУ
📌 Глагол дня: аршу – чистить, очищать
|
Ата-анама бала күнімнен мені түрлі еңбекке біртіндеп баулып, еңбекқорлыққа тәрбиелегені үшін алғысым шексіз. |
Я благодарен своим родителям, за то, что они постепенно приучали меня к разному труду в детстве, вырабатывая во мне трудолюбие.
| |
Мен жиі ыдыс жуатынмын, шаңсорғышпен үй тазалайтынмын, жиһаздың шаңын сүртетінмін, еден жуатынмын, қоқыс шығаратынмын, дүкенге барып азық-түлік алып келетінмін және тағы басқа жұмыстарды істейтінмін. |
Я часто мыл посуду, пылесосил, протирал мебель от пыли, мыл полы, выносил мусор, ходил за продуктами и т. д.
| |
Бірақ мен мүлде ұнатпайтын бір жұмыс болды. Ол — картоп аршу. |
Была одна работа, которую я вообще не любил делать, это чистить картошку.
| |
Неге екенін білмеймін. Мүмкін, картоп тазалаған кезде қабығын тым қалың етіп аршитын шығармын. Соның салдарынан картоптың жартысы қабығымен бірге қоқысқа кететін. |
Я не знаю почему, возможно, потому что, когда я чистил картошку, я срезал очень большой слой, и половина самой картошки оказывалась в мусорном ведре вместе с кожурой.
|
Сонда әкем қасыма келіп:
— Міне, қарашы, картопты осылай тазалау керек. Қабығын өте жұқа етіп аршу керек. Түсіндің бе? — дейтін. |
Папа подходил ко мне и говорил:
— «Вот смотри, как нужно чистить картошку, нужно очень тонким слоем срезать кожуру, ты понял?»
|
Мен:
— Иә, — деп жауап беретінмін де, күрсініп алып, қабығын жұқалап аршуға тырысатынмын. |
Я говорил:
— «Угу», вздыхал и пытался срезать тонкий слой.
| |
Тіпті пышақ тайып кетіп, қолымды аздап кесіп алған кезім де болды. |
Было даже такое, что ножик соскочил, и я немного порезался.
| |
Мүмкін, дәл сол оқиғадан кейін бұл жұмысты одан сайын жек көріп кеткен шығармын. |
Возможно, из-за этого случая я еще больше стал не любить это дело.
| |
Қазір бұл маған ешқандай қиындық туғызбайды, әрі бұл жұмысты қиын деп санамаймын. |
Сейчас я не вижу в этом никакой проблемы, и для меня эта работа не кажется трудной.
| |
Бірақ бала күнімде ол істі мүлде ұнатпайтынмын. |
Но в детстве я её не любил.
|
📘 ГРАММАТИКА: -ҒАНЫ ҮШІН — «ЗА ТО, ЧТО…» 🔽
🔽 Пример из текста:
Ата-анама бала күнімнен мені түрлі еңбекке біртіндеп баулып, еңбекқорлыққа тәрбиелегені үшін алғысым шексіз.
Я безмерно благодарен своим родителям за то, что они с детства постепенно приучали меня к разному труду и воспитывали во мне трудолюбие.
🔍 Что это за конструкция?
Конструкция -ғаны үшін используется, когда нужно назвать причину или основание какого-либо действия, чувства или оценки.
Чаще всего она встречается после слов и выражений со значением:
благодарить;
хвалить;
наказывать;
уважать;
любить;
винить;
извиняться;
сердиться и т. д.
По-русски эта конструкция обычно переводится как:
за то, что...
потому что...
из-за того, что...
Например:
Көмектескеніңіз үшін рақмет.
Спасибо за то, что помогли.
Кешіккені үшін жазалады.
Наказали за то, что опоздал.
Оны адал еңбектенгені үшін құрметтейді.
Его уважают за то, что он честно трудился.
📐 Как строится форма
етістік + -ған/-ген/-қан/-кен + тәуелдік жалғауы + үшін
Например:
келген + і + үшін → келгені үшін
за то, что пришёл
көмектескен + і + үшін → көмектескені үшін
за то, что помог
тәрбиелеген + і + үшін → тәрбиелегені үшін
за то, что воспитал
үйреткен + і + үшін → үйреткені үшін
за то, что научил
⭐️ Какие слова чаще всего употребляются с этой конструкцией?
Рақмет
Спасибо.
Көмектескеніңіз үшін рақмет.
Спасибо за то, что помогли.
Алғыс айту
Благодарить.
Бізге уақыт бөлгеніңіз үшін алғыс айтамыз.
Благодарим вас за то, что уделили нам время.
Кешірім сұрау
Просить прощения.
Қателік жібергені үшін кешірім сұрады.
Он извинился за то, что допустил ошибку.
Мақтау
Хвалить.
Мұғалім оны сабақты жақсы оқығаны үшін мақтады.
Учитель похвалил его за то, что он хорошо учится.
Жазалау
Наказывать.
Жүргізушіні жылдамдықты асырғаны үшін жазалады.
Водителя наказали за то, что он превысил скорость.
Сыйлау / құрметтеу
Уважать.
Халық оны адал еңбектенгені үшін құрметтейді.
Народ уважает его за то, что он честно трудился.
Кінәлау
Винить.
Оны болған жағдай үшін кінәламаңыз.
Не вините его за случившееся.
Ренжу
Обижаться.
Кешіккенім үшін анам ренжіді.
Мама обиделась из-за того, что я опоздал.
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
бала кезімде — в детстве
(бала кез — детство, -імде — местный падеж)
картоп аршығанды — чистить картошку
(картоп аршу — чистить картошку, -ғанды — отглагольная форма)
ұнатпайтынмын — не любил
(ұнатпау — не любить, -йтынмын — я)
ата-анама — моим родителям
(ата-ана — родители, -ма — дат. падеж)
бала күнімнен — с детства
(бала күнім — детские годы, -нен — исходный падеж)
мені — меня
(мен — я, -і — вин. падеж)
түрлі еңбекке — к различному труду
(түрлі — разный, еңбек — труд, -ке — дат. падеж)
біртіндеп — постепенно
баулып — приучая
(баулу — приучать, воспитывать)
еңбекқорлыққа — к трудолюбию
(еңбекқорлық — трудолюбие, -қа — дат. падеж)
тәрбиелегені үшін — за то, что воспитали
(тәрбиелеу — воспитывать, үшін — за, потому что)
алғысым шексіз — моя благодарность безгранична
жиі — часто
ыдыс жуатынмын — мыл посуду
(ыдыс жуу — мыть посуду)
шаңсорғышпен — пылесосом
(шаңсорғыш — пылесос, -пен — творительный падеж)
үй тазалайтынмын — убирался дома
(үй тазалау — убирать дом)
жиһаздың шаңын — пыль с мебели
(жиһаз — мебель, шаң — пыль)
сүртетінмін — протирал
(сүрту — вытирать)
еден жуатынмын — мыл пол
(еден жуу — мыть пол)
қоқыс шығаратынмын — выносил мусор
(қоқыс шығару — выносить мусор)
дүкенге — в магазин
(дүкен — магазин, -ге — дат. падеж)
азық-түлік — продукты
алып келетінмін — приносил
(алып келу — приносить)
тағы басқа — и другие
жұмыстарды — работы, дела
(жұмыс — работа, -тарды — вин. падеж)
істейтінмін — делал
(істеу — делать)
бірақ — но
мүлде — совершенно, вообще
бір жұмыс — одна работа
болды — была
картоп аршу — чистить картошку
неге екенін білмеймін — не знаю почему
мүмкін — возможно
картоп тазалаған кезде — когда чистил картошку
(тазалау — чистить, -ған кезде — когда)
қабығын — кожуру
(қабық — кожура, -ын — вин. падеж)
тым қалың — слишком толстый
етіп — сделав, таким образом
аршитын шығармын — наверное, чистил
(аршу — чистить, -атын шығармын — предположение)
соның салдарынан — из-за этого
жартысы — половина
қабығымен бірге — вместе с кожурой
(бірге — вместе)
қоқысқа кететін — отправлялась в мусор
(қоқысқа кету — уйти в мусор)
сонда — тогда
әкем — мой отец
қасыма келіп — подойдя ко мне
(қасына келу — подойти)
міне, қарашы — вот, смотри
осылай — вот так
тазалау керек — нужно чистить
өте жұқа — очень тонкий
аршу керек — нужно срезать, очищать
түсіндің бе — понял?
дейтін — говорил
(деу — говорить)
жауап беретінмін — отвечал
(жауап беру — отвечать)
күрсініп алып — вздохнув
(күрсіну — вздыхать, -ып алу — завершённость)
жұқалап — тонким слоем
тырысатынмын — пытался
(тырысу — стараться)
тіпті — даже
пышақ — нож
тайып кетіп — соскользнув
(таю — соскользнуть, ускользнуть, улизнуть, вывих)
қолымды — руку
(қол — рука, -ымды — вин. падеж)
аздап — немного
кесіп алған — порезал
(кесіп алу — порезаться, срезать, отрезать)
кезім де болды — был такой случай
дәл сол оқиғадан кейін — именно после того случая
одан сайын — ещё больше
жек көріп кеткен шығармын — наверное возненавидел
(жек көру — ненавидеть)
қазір — сейчас
ешқандай қиындық — никакой трудности
туғызбайды — не создаёт
(туғызу — создавать, вызывать, порождать)
әрі — и, кроме того
қиын деп санамаймын — не считаю трудным
(деп санау — считать)
ол істі — это дело
(іс — дело, -ті — вин. падеж)
Скрыть словарь
📅 №51
📹 Разбор (youtube)
📞 АЛ ЕГЕР ЕНДІ ШЕТ ТІЛДЕРІН ҮЙРЕНУДІҢ ҚАЖЕТІ БОЛМАСА ШЕ?
А ЧТО, ЕСЛИ УЧИТЬ ЯЗЫКИ БОЛЬШЕ НЕ ПРИДЁТСЯ?
📌 Глагол дня: әзірлеу – готовить, разрабатывать
|
Соңғы уақытта IT индустриясының, бағдарламалық жасақтама әзірлеу саласының және жасанды интеллектке қатысты өнімдердің қаншалықты жылдам дамып жатқаны мені қатты таңғалдырады. |
В последнее время меня очень удивляет, насколько быстро развивается IT-индустрия, сфера разработки программного обеспечения и продукты, связанные с искусственным интеллектом.
| |
Жақында ғана мессенджерлерде хабарламаларды қолмен термей-ақ, дауыспен теруге болатынына қуанған едім. |
Совсем недавно я радовался тому, что сообщения в мессенджерах можно не печатать, а надиктовывать голосом.
| |
Кейін нейрожелілер бізді тыңдап, сұрақтарымызға бірден дауыспен жауап беруді үйренді. |
Затем нейросети научились слышать нас и мгновенно отвечать голосом.
| |
Бір ай бұрын танысым Асқар екеуміз технологиялардың дамуы туралы сөйлескен едік. |
Месяц назад мы с моим знакомым Аскаром обсуждали развитие технологий.
| |
Сонда ол: «Бағдарламашылар әңгімелесушінің сөзін нақты уақыт режимінде аударатын технологияны немесе құрылғыны әзірлесе, қандай керемет болар еді», — деді. |
Тогда он сказал: «Было бы здорово, если бы программисты разработали такую технологию или устройство, которое переводило бы речь собеседника в реальном времени».
| |
Ал бір апта бұрын сондай құлаққаптардың қазірдің өзінде бар екенін білдім. |
А неделю назад я узнал, что такие наушники уже существуют.
| |
Екі адам әрқайсысы өз тілінде сөйлеседі, ал құрылғы олардың сөзін бірден екі жаққа да аударып береді. |
Два человека разговаривают каждый на своём языке, а устройство мгновенно переводит речь обоим.
| |
Біз бір күні шет тілдерін мүлде үйренудің қажеті болмайтын уақытқа жақындап келе жатқан сияқтымыз. |
Похоже, мы приближаемся к тому, что однажды иностранные языки, возможно, вообще не придётся изучать.
| |
Егер мұндай технология күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналса, сіз бәрібір қазақ тілін үйренуді жалғастырар ма едіңіз? |
А вы, продолжили бы вы учить казахский язык, если бы такая технология уже стала повседневной?
|
📘 ГРАММАТИКА: (ЕГЕР) ... -СА/-СЕ, ... -АР/-ЕР/-Р + ЕДІ — «ЕСЛИ БЫ..., ТО...» 🔽
🔽 Пример из текста:
Егер мұндай технология күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналса, сіз бәрібір қазақ тілін үйренуді жалғастырар ма едіңіз?
А вы продолжили бы учить казахский язык, если бы такая технология стала частью повседневной жизни?
🔍 Разбираем конструкцию
Эта конструкция используется, когда говорят о предполагаемой или гипотетической ситуации.
🧐 По смыслу она соответствует русским выражениям:
если бы...
допустим, что...
что бы вы сделали?
вы бы...?
📐 Как строится конструкция
Общая схема
(Егер) + глагол + -са/-се, глагол + -ар/-ер/-р + еді + личное окончание
📌 Из чего состоит конструкция?
Егер ... айналса
айналу — становиться, превращаться
айналса
=
если станет
жалғастырар ма едіңіз
жалғастыру
— продолжать
↓
жалғастырар
Это форма есімше на -ар/-ер/-р (ауыспалы келер шақ есімше).
↓
ма
вопросительная частица.
↓
едіңіз
вспомогательный глагол, который придаёт конструкции значение гипотетического действия («бы»).
Вместе:
жалғастырар ма едіңіз?
=
Вы бы продолжили?
📌 Разбираем пример целиком
Егер мұндай технология күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналса...
Если такая технология станет частью повседневной жизни...
↓
...сіз бәрібір қазақ тілін үйренуді жалғастырар ма едіңіз?
Вы всё равно продолжили бы изучать казахский язык?
⚠️ Важно
Форма -ар/-ер/-р сама по себе не означает «бы».
Это форма есімше (ауыспалы келер шақ есімше), которая обычно обозначает действие, относящееся к будущему.
Значение сослагательного наклонения («сделал бы», «пошёл бы», «сказал бы») появляется только в сочетании с еді.
Сравните:
Ол ертең келер.
Он, вероятно, придёт завтра.
Ол шақырса, мен келер едім.
Если бы он пригласил, я бы пришёл.
🧩 Примеры предложений:
Шетелге көшуге мүмкіндік туса, барар ма едіңіз?
Если бы появилась возможность переехать за границу, вы бы поехали?
Миллион теңге ұтып алсаңыз, оны бірден жұмсар ма едіңіз?
Если бы вы выиграли миллион тенге, вы бы сразу его потратили?
Бос уақытыңыз болса, тағы бір кітап оқыр ма едіңіз?
Если бы у вас было свободное время, вы бы прочитали ещё одну книгу?
Егер бәрі қарсы болса, өз пікіріңізді айтар ма едіңіз?
Если бы все были против, вы бы высказали своё мнение?
Егер ертең демалыс болса, түске дейін ұйықтар ма едіңіз?
Если бы завтра был выходной, вы бы спали до обеда?
Егер қателескеніңізді түсінсеңіз, кешірім сұрар ма едіңіз?
Если бы вы поняли, что ошиблись, вы бы извинились?
Егер сізге жаңа жұмыс ұсынса, келісер ма едіңіз?
Если бы вам предложили новую работу, вы бы согласились?
Егер сол адамнан тағы хат келсе, жауап берер ма едіңіз?
Если бы от того человека снова пришло письмо, вы бы ответили?
Егер бәрін қайта бастауға мүмкіндік болса, басқа мамандық таңдар ма едіңіз?
Если бы была возможность начать всё сначала, вы бы выбрали другую профессию?
Егер шетелде тұрсаңыз, туған еліңізге жиі келер ма едіңіз?
Если бы вы жили за границей, вы бы часто приезжали на родину?
📝 Распространённые словосочетания:
барар ма едіңіз? — вы бы пошли / поехали?
келер ме едіңіз? — вы бы пришли?
айтар ма едіңіз? — вы бы сказали?
сөйлер ме едіңіз? — вы бы поговорили?
сатып алар ма едіңіз? — вы бы купили?
таңдар ма едіңіз? — вы бы выбрали?
келісер ме едіңіз? — вы бы согласились?
жалғастырар ма едіңіз? — вы бы продолжили?
бастар ма едіңіз? — вы бы начали?
көмектесер ме едіңіз? — вы бы помогли?
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
ал егер — а если
енді — больше, теперь
шет тілдерін — иностранные языки
(шет тілі — иностранный язык, -дерін — вин. падеж)
үйренудің — изучения
(үйрену — изучать, -дің — род. падеж)
қажеті болмаса ше — если не будет необходимости?
соңғы уақытта — в последнее время
IT индустриясының — IT-индустрии
(индустрия — индустрия, -сының — род. падеж)
бағдарламалық жасақтама — программное обеспечение
әзірлеу саласының — сферы разработки
(әзірлеу — разрабатывать, сала — сфера, -сының — род. падеж)
жасанды интеллектке — к искусственному интеллекту
(жасанды интеллект, -ке — дат. падеж)
қатысты — связанный с
өнімдердің — продуктов
(өнім — продукт, -дердің — род. падеж)
қаншалықты — насколько
жылдам — быстро
дамып жатқаны — развивается
(даму — развиваться, -ып жатқаны — процесс)
мені — меня
(мен — я, -і — вин. падеж)
қатты таңғалдырады — очень удивляет
(таңғалдыру — удивлять)
жақында ғана — совсем недавно
мессенджерлерде — в мессенджерах
(мессенджер, -лерде — местный падеж)
хабарламаларды — сообщения
(хабарлама — сообщение, -ларды — вин. падеж)
қолмен — вручную
(қол — рука, -мен — творительный падеж)
термей-ақ — не печатая
(теру — набирать текст, -мей-ақ — не делая)
дауыспен — голосом
(дауыс — голос, -пен — творительный падеж)
теруге болады — можно надиктовывать
(теру — набирать текст, болады — можно)
қуанған едім — радовался
(қуану — радоваться)
кейін — затем, потом
нейрожелілер — нейросети
бізді — нас
(біз — мы, -ді — вин. падеж)
тыңдап — слушая
(тыңдау — слушать)
сұрақтарымызға — на наши вопросы
(сұрақ — вопрос, -тарымызға — дат. падеж)
бірден — сразу
жауап беруді — отвечать
(жауап беру — отвечать, -ді — вин. падеж)
үйренді — научились
(үйрену — научиться)
бір ай бұрын — месяц назад
танысым — мой знакомый
(таныс — знакомый, -ым — мой)
Асқар екеуміз — мы с Аскаром
технологиялардың дамуы — развитие технологий
(технология — технология, даму — развитие)
туралы — о
сөйлескен едік — разговаривали
(сөйлесу — разговаривать)
бағдарламашылар — программисты
әңгімелесушінің — собеседника
(әңгімелесуші — собеседник, -нің — род. падеж)
сөзін — речь, слова
(сөз — слово, речь, -ін — вин. падеж)
нақты уақыт режимінде — в режиме реального времени
аударатын — переводящий
(аудару — переводить, -атын — причастие)
технологияны — технологию
(технология, -ны — вин. падеж)
немесе — или
құрылғыны — устройство
(құрылғы — устройство, -ны — вин. падеж)
әзірлесе — если разработают
(әзірлеу — разрабатывать, -се — условное наклонение)
қандай керемет болар еді — как было бы здорово
деді — сказал
(деу — говорить)
бір апта бұрын — неделю назад
сондай — такой
құлаққаптардың — наушников
(құлаққап — наушники, -тардың — род. падеж)
қазірдің өзінде — уже
бар екенін — что существуют
(бар — есть, екен — оказывается, -ін — вин. падеж)
білдім — узнал
(білу — узнать)
екі адам — два человека
әрқайсысы — каждый из них
өз тілінде — на своём языке
(өз тілі — свой язык, -нде — местный падеж)
сөйлеседі — разговаривают
(сөйлесу — разговаривать)
олардың сөзін — их речь
(сөз — речь, -ін — вин. падеж)
екі жаққа да — обеим сторонам
аударып береді — переводит
(аударып беру — перевести для кого-то)
бір күні — однажды
мүлде — совсем, полностью
қажеті болмайтын — не будет необходимости
(қажет — необходимость, болмау — не быть)
уақытқа — ко времени
(уақыт — время, -қа — дат. падеж)
жақындап келе жатқан — приближающийся
(жақындау — приближаться, -п келе жатқан — процесс)
сияқтымыз — похоже, мы
ал сіз ше — а вы?
мұндай — такой
күнделікті өмірдің — повседневной жизни
(күнделікті өмір — повседневная жизнь, -дің — род. падеж)
бір бөлігіне — частью
(бөлік — часть, -іне — дат. падеж)
айналса — станет
(айналу — становиться, -са — условное наклонение)
бәрібір — всё равно
қазақ тілін — казахский язык
(қазақ тілі, -н — вин. падеж)
үйренуді — изучение
(үйрену — изучать, -ді — вин. падеж)
жалғастырар ма едіңіз — продолжили бы?
(жалғастыру — продолжать, -ар ма едіңіз — условно-вопросительная форма)
Скрыть словарь
📅 №52
📹 Разбор (youtube)
🤓 ДОСЫМНЫҢ ҚОНАҚҚА КЕЛІП, МАҒАН МАРАФОН ИДЕЯСЫН СЫЙЛАҒАНЫ ТУРАЛЫ
ПРО ТО, КАК ДРУГ ЗАШЕЛ В ГОСТИ И ПОДАРИЛ ИДЕЮ МАРАФОНА
📌 Глагол дня: кеңес беру – советовать, давать совет
|
Менің Виктор деген досым бар. |
У меня есть друг, его зовут Виктор.
| |
Кейде кездесіп, әңгімелесеміз, кафеде отырып сөйлесеміз, ал кейде телефон арқылы хабарласып тұрамыз. |
Иногда мы встречаемся, чтобы пообщаться, посидеть в кафе, а иногда можем пообщаться по телефону.
| |
Мен оның пікірін бағалаймын. Ол маған бір нәрсе туралы кеңес берсе, соған назар аударуға тырысамын. |
Я ценю его мнение, и когда он что-то советует мне, я стараюсь обращать на это внимание.
| |
Бұл бір жылдан астам уақыт бұрын болған еді. |
Это было больше года назад.
| |
Бір күні ол менің кеңсеме келіп, қазақ тілін оқып жүргенімді көрді. |
Он зашел ко мне в офис и увидел, что я занимаюсь казахским языком.
| |
— Тыңдашы, қазақ тілін үйреніп жүргенің өте дұрыс екен. Мен де бастауым керек. Алдымен ең жиі қолданылатын жүз етістікті жаттар едім. Сенде ең жиі қолданылатын жүз етістіктің тізімі бар ма? — деді. |
«Слушай, ты правильно делаешь, что учишь казахский язык. Мне тоже надо начать. Я для начала выучил бы 100 самых популярных глаголов. У тебя есть список из 100 самых популярных глаголов?»
| |
— Жоқ, бірақ саған жасап берейін, — дедім. |
«Нет, но давай я тебе его сделаю», — ответил я.
| |
Содан кейін нейрожеліге ең жиі қолданылатын жүз етістіктің тізімін жасаттым. |
Я попросил нейросеть сформировать этот список.
| |
Кейін оны қағазға шығарып, Викторға бердім. |
Потом распечатал его и дал Виктору.
| |
Оның айтқан кеңесі кейін «Қазақ тілін бір жылда» марафонының идеясына айналды. |
То, что он посоветовал, и стало потом идеей марафона «Казахский язык за год».
| |
Рас, мен ең көп қолданылатын 100 етістікті емес, бір жылға жететіндей етіп 400 етістік жинадым. |
Правда, я собрал не 100 самых популярных глаголов, а 400, чтобы хватило на год.
| |
Екі күннен кейін марафон басталды. |
Через пару дней марафон начался.
|
📘 ГРАММАТИКА: ӨЗГЕЛІК ЕТІС (КАУЗАТИВ) — «ПОПРОСИТЬ», «ПОРУЧИТЬ», «ЗАСТАВИТЬ» 🔽
📑 Пример из текста:
Содан кейін нейрожеліге ең жиі қолданылатын жүз етістіктің тізімін жасаттым.
Я попросил нейросеть сформировать этот список.
🔍 Разбираем форму: жасаттым
Слово переводится:
= попросил сделать
= поручил сделать
= организовал, чтобы сделали
= велел сделать
= заставил сделать (в зависимости от контекста)
В данном предложении:
нейрожеліге ... жасаттым
означает:
Я попросил нейросеть составить этот список.
📐 Как строится форма
етістік + суффикс өзгелік етіс (каузативный суффикс)
После этого глагол спрягается как обычный.
📌 жасау — делать
📌 жасату — поручить / попросить сделать
📌 жасаттым — я поручил сделать
📄 Что такое өзгелік етіс (каузатив)?
В современной лингвистике эта форма называется каузативом, а в школьной грамматике Казахстана — өзгелік етіс.
Өзгелік етіс показывает, что человек не выполняет действие самостоятельно, а становится причиной того, что его выполняет кто-то другой.
На русский язык эта форма может переводиться по-разному:
попросил сделать;
поручил сделать;
велел сделать;
заставил сделать;
заказал сделать;
организовал выполнение.
Конкретный перевод всегда зависит от ситуации.
📌 Сравните
Мен үй салдым.
Я сам построил дом.
↓
Мен үй салғыздым.
Я построил дом (его строили другие люди).
Мен көйлек тіктірдім.
Я заказала сшить платье.
📌 Основные суффиксы өзгелік етіс:
🔹 -т
жасау → жасату — поручить сделать
оқу → оқыту — обучать, учить
сөйлеу → сөйлету — заставить говорить
🔹 -дыр / -дір, -тыр / -тір
жазу → жаздыру — попросить написать
ашу → аштыру — заставить открыть
кесу → кестіру — велеть отрезать
🔹 -ғыз / -гіз, -қыз / -кіз
тұру → тұрғызу — поставить, построить
отыру → отырғызу — посадить
өту → өткізу — провести
ішу → ішкізу — напоить, заставить выпить
📌 Некоторые глаголы образованы древними каузативными суффиксами и сегодня воспринимаются как самостоятельные слова. Их лучше запоминать целиком.
Например:
шығу → шығару — вывести, выпустить
пісу → пісіру — приготовить
📌 Часто используемые каузативные глаголы:
📌 жасау → жасату — поручить сделать
📌 жазу → жаздыру — попросить написать
📌 оқу → оқыту — обучать, учить
📌 айту → айтқызу — заставить / попросить сказать
📌 көру → көрсету — показать
📌 тұру → тұрғызу — поставить, построить
📌 отыру → отырғызу — посадить
📌 кіру → кіргізу — впустить
📌 шығу → шығару — вывести, выпустить
📌 тігу → тіктіру — заказать сшить
📌 қию → қидыру — подстричь
📌 салу → салғызу — построить чужими руками
🧩 Примеры предложений:
Мен нейрожеліге жүз етістіктің тізімін жасаттым.
Я попросил нейросеть составить список из ста глаголов.
Мұғалім оқушыларға шығарма жаздырды.
Учитель попросил учеников написать сочинение.
Әкем үй салғызды.
Отец построил дом (нанял строителей).
Ол көлігін жөндетті.
Он отдал машину в ремонт.
Бастық есепті қайта жасатты.
Начальник поручил переделать отчёт.
Мен балаларға бөлмені жинаттым.
Я попросил детей убрать комнату.
Дәрігер маған талдау тапсыртты.
Врач велел мне сдать анализы.
Біз жаңа логотип жасаттық.
Мы заказали разработку нового логотипа.
📌 Обратите внимание
Өзгелік етіс не всегда означает «заставить».
Во многих случаях он означает:
попросить;
поручить;
заказать;
организовать выполнение действия.
Поэтому предложение
Мен нейрожеліге тізім жасаттым.
естественно переводится как
Я попросил нейросеть составить список, а не «Я заставил нейросеть составить список».
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
досымның — моего друга
(дос — друг, -ымның — род. падеж)
қонаққа келіп — придя в гости
(қонаққа келу — прийти в гости)
маған — мне
(мен — я, -ған — дат. падеж)
марафон идеясын — идею марафона
(идея — идея, -сын — вин. падеж)
сыйлағаны туралы — о том, что подарил
(сыйлау — дарить, -ғаны туралы — о том, что)
менің — мой
деген — по имени, по прозвищу
досым — мой друг
(дос — друг, -ым — мой)
бар — есть
кейде — иногда
кездесіп — встречаясь
(кездесу — встречаться)
әңгімелесеміз — разговариваем, общаемся
(әңгімелесу — беседовать)
кафеде — в кафе
(кафе, -де — местный падеж)
отырып — сидя
(отыру — сидеть)
сөйлесеміз — разговариваем
(сөйлесу — разговаривать)
телефон арқылы — по телефону
хабарласып тұрамыз — поддерживаем связь, созваниваемся
(хабарласу — связываться, -ып тұру — регулярно делать)
оның — его
(ол — он, -ның — род. падеж)
пікірін — мнение
(пікір — мнение, -ін — вин. падеж)
бағалаймын — ценю
(бағалау — ценить)
бір нәрсе туралы — о чём-то
кеңес берсе — если посоветует
(кеңес беру — советовать, -се — условное наклонение)
соған — на это, к этому
(сол — тот, -ған — дат. падеж)
назар аударуға — обращать внимание
(назар аудару — обращать внимание)
тырысамын — стараюсь
(тырысу — стараться)
бір жылдан астам уақыт бұрын — больше года назад
(астам — более, свыше, бұрын — раньше, прежде)
болған еді — было
бір күні — однажды
кеңсеме — в мой офис
(кеңсе — офис, -ме — дат. падеж)
келіп — придя
(келу — приходить)
қазақ тілін — казахский язык
(қазақ тілі — казахский язык, -н — вин. падеж)
оқып жүргенімді — что я изучаю
(оқып жүру — изучать, -генімді — отглагольная форма)
көрді — увидел
(көру — видеть)
тыңдашы — слушай
үйреніп жүргенің — то, что ты изучаешь
(үйреніп жүру — изучать)
өте дұрыс — очень правильно
мен де — я тоже
бастауым керек — мне нужно начать
(бастау — начинать, керек — нужно)
алдымен — сначала
ең жиі қолданылатын — самые часто употребляемые
(қолданылу — использоваться)
жүз етістік — сто глаголов
жаттар едім — выучил бы
(жаттау — учить наизусть)
тізімі — список
(тізім — список, -і — притяжательная форма)
бар ма — есть ли?
жоқ — нет
бірақ — но
саған — тебе
(сен — ты, -ға — дат. падеж)
жасап берейін — сделаю для тебя
(жасап беру — сделать для кого-то)
дедім — сказал
(деу — говорить)
содан кейін — после этого
нейрожеліге — нейросети
(нейрожелі — нейросеть, -ге — дат. падеж)
жасаттым — попросил сделать
(жасату — заставить/попросить сделать)
қағазға шығарып — распечатав
(қағазға шығару — распечатать)
бердім — дал
(беру — давать)
айтқан кеңесі — данный совет
(айту — говорить, кеңес — совет)
кейін — потом
марафонының — марафона
(марафон — марафон, -ының — род. падеж)
идеясына — в идею, идеей
(идея — идея, -сына — дат. падеж)
айналды — превратился, стал
(айналу — превращаться, стать)
рас — правда
ең көп қолданылатын — самые употребительные
емес — не
бір жылға жететіндей — чтобы хватило на год
(жету — хватать)
етіп — сделав
төрт жүз етістік — четыреста глаголов
жинадым — собрал
(жинау — собирать)
екі күннен кейін — через два дня
марафон басталды — марафон начался
(басталу — начинаться)
Скрыть словарь
📅 №53
📹 Разбор (youtube)
🤗 АЛАҢДАУДЫҢ ПАЙДАЛЫ ҚЫЗМЕТІ
ПОЛЕЗНАЯ ФУНКЦИЯ БЕСПОКОЙСТВА
📌 Глагол дня: алаңдау – беспокоиться, тревожиться
|
Адам өмірі көбіне уайым мен алаңдаушылыққа толы болады. |
Жизнь человека очень часто наполнена тревогами и волнениями.
| |
Бір қарағанда, бұл жаман нәрсе сияқты көрінуі мүмкін. |
На первый взгляд кажется, что это плохо.
| |
Бірақ орынды алаңдау адамның пайдасына қызмет ете алады. |
Но умеренное беспокойство может приносить пользу.
| |
Мысалы, ата-ана балаларының болашағы мен отбасының амандығына алаңдағанда, бұл оларды аянбай еңбек етуге, жақындарына қамқор болуға және алдағы өмірін жоспарлауға ынталандырады. |
Например, когда родители переживают о будущем детей и благополучии семьи, это побуждает их усердно работать, заботиться о близких и строить планы.
| |
Жақындарымыз үшін алаңдағанда, біз оларға жиірек хабарласып, жағдайларын сұрап, қол ұшын созуға және қолдау көрсетуге тырысамыз. |
Когда мы волнуемся за родных, мы чаще звоним им, интересуемся их делами, стараемся помочь и поддержать.
| |
Басқаша айтқанда, алаңдау бізді немқұрайлы болмауға және жауапкершілігімізді арттыруға көмектеседі. |
Другими словами, беспокойство помогает нам не оставаться равнодушными и быть ответственнее.
| |
Алайда барлық нәрсенің шегі болуы керек. |
Однако во всём нужна мера.
| |
Егер алаңдаушылық шамадан тыс көбейсе, ол пайдасын тигізудің орнына адамға зиянын тигізе бастайды. |
Если тревоги становится слишком много, она перестаёт помогать и начинает разрушать человека.
| |
Тіпті үздіксіз уайымдау ауыр ауруларға да алып келуі мүмкін. |
И постоянные переживания могут даже привести к серьезным заболеваниям.
| |
Сондықтан алаңдаушылықтың өмірімізді басқаруына жол бермей, оның тек пайдалы іс-әрекеттерге бағыттауына мән беру маңызды. |
Поэтому важно, чтобы волнение не управляло нашей жизнью, а лишь направляло к полезным действиям.
| |
Адамның негізгі күйі ішкі тыныштық, сенімділік және жан дүниесінің тепе-теңдігі болғаны жөн. |
Основным состоянием человека должны оставаться внутренний покой, уверенность и душевное равновесие.
| |
Дәл осы қасиеттер өмірден ләззат алуға және байыпты шешімдер қабылдауға көмектеседі. |
Они помогают наслаждаться жизнью и принимать взвешенные решения.
|
📘 ГРАММАТИКА: СПРЯЖЕНИЕ ГЛАГОЛА «АЛАҢДАУ» 🔽
(беспокоиться, тревожиться)
Спряжение глагола «алаңдау» во всех временах и наклонениях казахского языка.
🔹 1. АУЫСПАЛЫ ОСЫ / КЕЛЕР ШАҚ
(Настоящее обычное / уверенное будущее)
мен алаңдаймын — я беспокоюсь / буду беспокоиться
біз алаңдаймыз
сен алаңдайсың
сендер алаңдайсыңдар
Сіз алаңдайсыз
Сіздер алаңдайсыздар
ол алаңдайды
олар алаңдайды
🧠 Формула:
алаңдай + мын / сың / ды
🔹 2. НАҚ ОСЫ ШАҚ
(Действие происходит сейчас)
мен алаңдап жатырмын — я сейчас беспокоюсь
біз алаңдап жатырмыз
сен алаңдап жатырсың
сендер алаңдап жатырсыңдар
Сіз алаңдап жатырсыз
Сіздер алаңдап жатырсыздар
ол алаңдап жатыр
олар алаңдап жатыр
🧠 Формула:
алаңдап + жатыр + личное окончание
🔹 3. ЖЕДЕЛ ӨТКЕН ШАҚ
(Простое прошедшее время)
мен алаңдадым — я беспокоился(ась)
біз алаңдадық
сен алаңдадың
сендер алаңдадыңдар
Сіз алаңдадыңыз
Сіздер алаңдадыңыздар
ол алаңдады
олар алаңдады
🧠 Формула:
алаңда + ды + личное окончание
🔹 4. БҰРЫНҒЫ ӨТКЕН ШАҚ
(Давнопрошедшее — говорящий был свидетелем)
мен алаңдағанмын — я когда-то беспокоился(ась)
біз алаңдағанбыз
сен алаңдағансың
сендер алаңдағансыңдар
Сіз алаңдағансыз
Сіздер алаңдағансыздар
ол алаңдаған
олар алаңдаған
🧠 Формула:
алаңда + ған + личное окончание
🔹 5. КҮМӘНДІ ӨТКЕН ШАҚ
(Неочевидное прошедшее)
мен алаңдаппын — оказывается, я беспокоился(ась)
біз алаңдаппыз
сен алаңдапсың
сендер алаңдапсыңдар
Сіз алаңдапсыз
Сіздер алаңдапсыздар
ол алаңдапты
олар алаңдапты
🧠 Формула:
алаңдап + пын / ты
🔹 6. АУЫСПАЛЫ ӨТКЕН ШАҚ
(Повторяющееся действие в прошлом)
мен алаңдайтынмын — я обычно беспокоился(ась)
біз алаңдайтынбыз
сен алаңдайтынсың
сендер алаңдайтынсыңдар
Сіз алаңдайтынсыз
Сіздер алаңдайтынсыздар
ол алаңдайтын
олар алаңдайтын
🔹 7. БОЛЖАЛДЫ КЕЛЕР ШАҚ
(Предположительное будущее)
мен алаңдармын — наверное, буду беспокоиться
біз алаңдармыз
сен алаңдарсың
сендер алаңдарсыңдар
Сіз алаңдарсыз
Сіздер алаңдарсыздар
ол алаңдар
олар алаңдар
🔹 8. МАҚСАТТЫ КЕЛЕР ШАҚ
(Будущее намерения)
мен алаңдамақпын — я собираюсь беспокоиться
біз алаңдамақпыз
сен алаңдамақсың
сендер алаңдамақсыңдар
Сіз алаңдамақсыз
Сіздер алаңдамақсыздар
ол алаңдамақ
олар алаңдамақ
🔹 9. ШАРТТЫ РАЙ
(Условное наклонение)
мен алаңдасам — если я буду беспокоиться / если я забеспокоюсь
біз алаңдасақ
сен алаңдасаң
сендер алаңдасаңдар
Сіз алаңдасаңыз
Сіздер алаңдасаңыздар
ол алаңдаса
олар алаңдаса
🔹 10. БҰЙРЫҚ РАЙ
(Повелительное наклонение)
мен алаңдайын — дай-ка я побеспокоюсь
біз алаңдайық
сен алаңда
сендер алаңдаңдар
Сіз алаңдаңыз
Сіздер алаңдаңыздар
ол алаңдасын
олар алаңдасын
🔹 11. ҚАЛАУ РАЙ
(Желательное наклонение)
менің алаңдағым келеді — я хочу беспокоиться
біздің алаңдағымыз келеді
сенің алаңдағың келеді
сендердің алаңдағыларың келеді
Сіздің алаңдағыңыз келеді
Сіздердің алаңдағыларыңыз келеді
оның алаңдағысы келеді
олардың алаңдағылары келеді
🔹 12. ЕСІМШЕ
(Причастие)
алаңдаған — беспокоившийся, встревожившийся
алаңдайтын — который беспокоится / обычно беспокоится
алаңдар — который будет беспокоиться
🔹 13. КӨСЕМШЕ
(Деепричастие)
алаңдап — беспокоясь, побеспокоившись
алаңдай — беспокоясь
алаңдағалы — собираясь беспокоиться / с тех пор как собрался беспокоиться
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
алаңдаудың — беспокойства
(алаңдау — беспокоиться, тревожиться, -дың — род. падеж)
пайдалы — полезный
қызметі — функция, роль
(қызмет — функция, служба, -і — притяжательная форма)
адам өмірі — жизнь человека
көбіне — чаще всего, часто
уайым — переживание, беспокойство, забота, волнение
алаңдаушылыққа — к беспокойству
(алаңдаушылық — беспокойство, -қа — дат. падеж)
толы болады — бывает наполнена
(толу — наполняться)
бір қарағанда — на первый взгляд
жаман нәрсе — плохая вещь
сияқты — как будто, кажется
көрінуі мүмкін — может показаться
(көріну — казаться)
бірақ — но
орынды — уместный, целесообразный
алаңдау — беспокоиться
адамның пайдасына — на пользу человеку
(пайда — польза, -сына — дат. падеж)
қызмет ете алады — может служить
(қызмет ету — служить)
мысалы — например
ата-ана — родители
балаларының — своих детей
(бала — ребёнок, -ларының — род. падеж)
болашағы — будущее
(болашақ — будущее, -ы — притяжательная форма)
отбасының — семьи
(отбасы — семья, -ның — род. падеж)
амандығына — благополучию
(амандық — благополучие, -ына — дат. падеж)
алаңдағанда — когда беспокоятся
(алаңдау — беспокоиться, -ғанда — когда)
оларды — их
(олар — они, -ды — вин. падеж)
аянбай — не жалея сил, усердно, не щадя себя
еңбек етуге — трудиться
(еңбек ету — трудиться, -ге — дат. падеж)
жақындарына — о своих близких, к близким
(жақындары — близкие, -на — дат. падеж)
қамқор болуға — заботиться
(қамқор болу — заботиться)
алдағы өмірін — будущую жизнь
(алдағы өмір — будущая жизнь, -ін — вин. падеж)
жоспарлауға — планировать
(жоспарлау — планировать)
ынталандырады — побуждает
(ынталандыру — побуждать)
жақындарымыз — наши близкие
үшін — за, ради
жиірек — чаще
хабарласып — связываясь, созваниваясь
(хабарласу — связываться)
жағдайларын — их состояние, их дела
(жағдай — состояние, положение, -ларын — вин. падеж)
сұрап — спрашивая
(сұрау — спрашивать)
қол ұшын созуға — протянуть руку помощи
(қол ұшын созу — помочь)
қолдау көрсетуге — оказывать поддержку
(қолдау көрсету — поддерживать)
тырысамыз — стараемся
(тырысу — стараться)
басқаша айтқанда — другими словами
немқұрайлы — равнодушный
болмауға — не быть
(болу — быть, -мауға — отрицательная форма)
жауапкершілігімізді — нашу ответственность
(жауапкершілік — ответственность, -імізді — вин. падеж)
арттыруға — увеличивать, повышать
(арттыру — увеличивать)
көмектеседі — помогает
(көмектесу — помогать)
алайда — однако
барлық нәрсенің — всего, каждой вещи
шегі — предел
(шек — предел, граница, грань)
болуы керек — должен быть
егер — если
алаңдаушылық — тревожность, беспокойство
шамадан тыс — чрезмерно
(шама — мера, размер, объем)
көбейсе — увеличится
(көбею — увеличиваться, -се — условное наклонение)
пайдасын тигізудің орнына — вместо того чтобы приносить пользу
(пайдасын тигізу — приносить пользу, тигізу — коснуться, причинить)
зиянын тигізе бастайды — начинает причинять вред
(зиянын тигізу — причинять вред)
тіпті — даже
үздіксіз — непрерывный, постоянный
уайымдау — переживать
ауыр ауруларға — к тяжёлым болезням
(ауыр ауру — тяжёлая болезнь, -ларға — дат. падеж)
алып келуі мүмкін — может привести
(алып келу — приводить)
сондықтан — поэтому
өмірімізді — нашу жизнь
(өмір — жизнь, -імізді — вин. падеж)
басқаруына — управлению
(басқару — управлять, -ына — дат. падеж)
жол бермей — не позволяя
(жол беру — позволять)
пайдалы іс-әрекеттерге — к полезным действиям
(іс-әрекет — действие, -терге — дат. падеж)
бағыттауына — тому, чтобы направляло
(бағыттау — направлять)
мән беру — придавать значение, уделять внимание
маңызды — важно
негізгі күйі — основное состояние
ішкі тыныштық — внутренний покой
сенімділік — уверенность
жан дүниесінің — внутреннего мира, души
(жан дүниесі — внутренний мир, -нің — род. падеж)
тепе-теңдігі — равновесие
(тепе-теңдік — равновесие)
болғаны жөн — желательно, чтобы было
(жөн — верно, правильно)
дәл осы — именно эти
қасиеттер — качества
өмірден — от жизни
(өмір — жизнь, -ден — исходный падеж)
ләззат алуға — получать удовольствие
(ләззат алу — наслаждаться)
байыпты — взвешенный, серьёзный, уравновешенный, степенный, рассудительный
шешімдер — решения
қабылдауға — принимать
(қабылдау — принимать)
көмектеседі — помогают
(көмектесу — помогать)
Скрыть словарь
📅 №54
📹 Разбор (youtube)
😔 ӨКІНУ БІЗДІ ҚАЙДА АЛЫП БАРАДЫ?
КУДА НАС ПРИВОДИТ СОЖАЛЕНИЕ?
📌 Глагол дня: өкіну – сожалеть, раскаиваться
|
Адам — кемшіліксіз емес жаратылыс. |
Человек — несовершенное существо.
| |
Сондықтан бәріміз де ара-тұра сөзімізде, ісімізде немесе дұрыс пен бұрыстың арасынан таңдау жасағанда қателесіп жатамыз. |
Поэтому все мы время от времени совершаем ошибки: в словах, поступках и выборе между правильным и неправильным.
| |
Қателік жасағаннан кейін біз оған өкіне бастаймыз. |
Совершив ошибку, мы начинаем сожалеть о ней.
| |
Бірақ өкіну әртүрлі болады. |
Но сожаление бывает разным.
| |
Кейде ол қателігімізді мойындауға, қорытынды жасауға, өмірімізді өзгертіп, жақсырақ адам болуға көмектеседі. |
Иногда оно помогает признать ошибку, сделать выводы, изменить свою жизнь и стать лучше.
| |
Ал кейде, керісінше, өкініш адамның өзіне деген сенімін жоғалтып, айналасындағылардан оқшаулануға итермелейді. |
А иногда сожаление, наоборот, приводит к разочарованию в себе и желанию отгородиться от окружающих.
| |
Сонда қайсысын таңдайтынымыз неге байланысты? |
От чего это зависит то, что мы выберем?
| |
Егер біз мінсіз адамның болмайтынын және бүкіл өмірдің біртіндеп өзгеру мен дамудың жолы екенін түсінсек, онда қателік пен өкініш біз үшін жақсы сабаққа айналады. |
Если мы понимаем, что идеальных людей не существует и вся жизнь — это путь к постепенным изменениям, тогда ошибки и сожаление становятся для нас хорошим уроком.
| |
Ал егер өзімізден де, өзгелерден де мінсіздікті талап етсек, онда біз өз әрекеттерімізге жай ғана өкініп қоймай, өзімізді айыптай бастаймыз әрі өзімізді түзелуге лайық емес адам ретінде көріп, сөйтіп өзімізді тұйыққа тірейміз. |
Но если мы требуем от себя и других безупречности, то начинаем не просто сожалеть о своих поступках, а осуждать себя и лишать права на исправление, загоняя тем самым себя в тупик.
| |
Сондықтан әр адамға тағы бір мүмкіндік беруге лайық екенін есте сақтап, өзімізді де, өзгелерді де кешіре білуді үйрену маңызды. |
Поэтому важно уметь прощать и себя, и других, помня, что каждый человек заслуживает еще одного шанса.
|
📘 ГРАММАТИКА: -ЫП/-ІП ЖАТУ — ПОВТОРЯЮЩЕЕСЯ ИЛИ ТИПИЧНОЕ ДЕЙСТВИЕ 🔽
📑 Пример из текста:
Сондықтан бәріміз де ара-тұра сөзімізде, ісімізде немесе дұрыс пен бұрыстың арасынан таңдау жасағанда қателесіп жатамыз.
Поэтому все мы время от времени совершаем ошибки: в словах, поступках и выборе между правильным и неправильным.
🔍 Разбираем конструкцию: қателесіп жатамыз
На первый взгляд может показаться, что жатамыз — это то же самое, что жатырмыз, только в другой форме.
На самом деле это две разные грамматические конструкции, которые передают разный смысл.
📌 Қателесіп жатырмыз
Означает, что действие происходит прямо сейчас.
Біз қазір қателесіп жатырмыз.
Мы сейчас ошибаемся.
📌 Қателесіп жатамыз
Означает, что действие повторяется, время от времени происходит или является обычным явлением.
Біз бәріміз кейде қателесіп жатамыз.
Все мы иногда ошибаемся.
Именно это значение используется в нашем тексте.
Автор говорит не о текущем моменте, а об общей закономерности человеческой жизни.
📐 Как строится конструкция
Көсемше (-ып/-іп/-п) + вспомогательный глагол жату в форме ауыспалы осы шақ
Формула:
етістік + -ып/-іп/-п + жатамын / жатасың / жатады / жатамыз...
Например:
қателесіп + жатамыз
күліп + жатады
ұмытып + жатамын
болып + жатады
📌 Что означает форма жатыр?
Когда вспомогательный глагол жату употребляется в форме жатыр, конструкция обозначает действие, которое происходит в данный момент.
Например:
Мен кітап оқып жатырмын.
Я сейчас читаю книгу.
Ол жұмыс істеп жатыр.
Он сейчас работает.
Балалар ойнап жатыр.
Дети сейчас играют.
📌 Что означает форма жатамыз / жатады?
Когда вспомогательный глагол жату употребляется в форме ауыспалы осы шақ (жатамын, жатасың, жатады, жатамыз...), конструкция -ып/-іп жатады приобретает другое значение.
Она используется, когда говорящий описывает:
🔹 повторяющееся действие;
🔹 ситуацию, которая время от времени происходит;
🔹 типичное явление;
🔹 жизненную закономерность.
📌 Сравним несколько примеров:
Ауырып жатырмын
Я сейчас болею.
Ауырып жатамын
Я иногда болею.
Күліп жатырмыз
Мы сейчас смеёмся.
Күліп жатамыз
Мы часто смеёмся.
Ұмытып жатырмын
Я сейчас забываю.
Ұмытып жатамын
Я иногда забываю.
Күтіп жатырмыз
Мы сейчас ждём.
Күтіп жатамыз
Нам иногда приходится ждать.
🧩 Примеры предложений:
Адам кейде қателесіп жатады.
Человек иногда ошибается.
Ол кейбір адамдардың атын ұмытып жатады.
Он иногда забывает имена некоторых людей.
Қыста адамдар жиі ауырып жатады.
Зимой люди часто болеют.
Жас жүргізушілер кейде жол ережесін бұзып жатады.
Молодые водители иногда нарушают правила дорожного движения.
Ол маңызды кездесулерге кешігіп жатады.
Он иногда опаздывает на важные встречи.
Қыста жолдар тайғақ болып жатады.
Зимой дороги нередко бывают скользкими.
Кейбір адамдар кей сөздерді дұрыс айтпай жатады.
Некоторые люди иногда неправильно произносят отдельные слова.
Жұмыста осындай жағдайлар болып жатады.
На работе такие ситуации иногда случаются.
Өмірде күтпеген жағдайлар кездесіп жатады.
В жизни время от времени встречаются неожиданные ситуации.
Жақсы адамдар өмірде жиі кездесіп жатады.
В жизни нередко встречаются хорошие люди.
📝 Распространённые конструкции
қателесіп жатады — иногда ошибается
болып жатады — бывает, случается
кездесіп жатады — встречается, попадается
ұмытып жатады — иногда забывает
кешігіп жатады — иногда опаздывает
ауырып жатады — иногда болеет
бұзып жатады — иногда нарушает
қайталанып жатады — повторяется
өзгеріп жатады — меняется
айтылып жатады — нередко говорится / часто можно услышать
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
өкіну — сожалеть, раскаиваться
бізді — нас
(біз — мы, -ді — вин. падеж)
қайда — куда
алып барады — приводит
(алып бару — приводить, относить)
адам — человек
кемшіліксіз — без недостатков, идеальный
(кемшілік — недостаток, -сіз — без)
емес — не
жаратылыс — создание, существо, натура
сондықтан — поэтому
бәріміз де — все мы
ара-тұра — время от времени
сөзімізде — в наших словах
(сөз — слово, -імізде — местный падеж)
ісімізде — в наших поступках
(іс — дело, поступок, -імізде — местный падеж)
дұрыс пен бұрыстың арасынан — между правильным и неправильным
таңдау жасағанда — когда делаем выбор
(таңдау жасау — делать выбор)
қателесіп жатамыз — ошибаемся
(қателесу — ошибаться, -іп жату — процесс)
қателік — ошибка
жасағаннан кейін — после того как совершили
(жасау — делать, -ғаннан кейін — после)
оған — об этом, о ней
(ол — он/она/это, -ған — дат. падеж)
өкіне бастаймыз — начинаем сожалеть
(өкіну — сожалеть, -а бастау — начинать)
әртүрлі — разный
кейде — иногда
қателігімізді — нашу ошибку
(қателік — ошибка, -імізді — вин. падеж)
мойындауға — признать
(мойындау — признавать)
қорытынды жасауға — сделать вывод
(қорытынды жасау — делать вывод)
өмірімізді — нашу жизнь
(өмір — жизнь, -імізді — вин. падеж)
өзгертіп — изменив
(өзгерту — изменять)
жақсырақ — лучше
адам болуға — стать человеком
(адам болу — стать человеком)
көмектеседі — помогает
(көмектесу — помогать)
керісінше — наоборот
өкініш — сожаление
өзіне деген сенімін — уверенность в себе
(сенім — вера, уверенность, -ін — вин. падеж)
жоғалтып — потеряв
(жоғалту — терять)
айналасындағылардан — от окружающих
(айналасындағылар — окружающие, -дан — исходный падеж)
оқшаулануға — изолироваться, отгородиться
(оқшаулану — изолироваться)
итермелейді — подталкивает
(итермелеу — подталкивать)
сонда — тогда
қайсысын — какой из них
(қайсы — который, -сын — вин. падеж)
таңдайтынымыз — то, что мы выберем
(таңдау — выбирать)
неге байланысты — от чего зависит
егер — если
мінсіз — безупречный, идеальный
болмайтынын — что не существует, не бывает
(болу — быть, -майтынын — отрицательная форма)
бүкіл өмір — вся жизнь
біртіндеп — постепенно
өзгеру — изменяться
даму — развиваться
жолы — путь
(жол — путь, -ы — притяжательная форма)
түсінсек — если поймём
(түсіну — понимать, -сек — условное наклонение)
жақсы сабаққа — в хороший урок
(сабақ — урок, -қа — дат. падеж)
айналады — превращается
(айналу — превращаться)
өзімізден — от себя
(өзіміз — мы сами, -ден — исходный падеж)
өзгелерден — от других
(өзгелер — другие, -ден — исходный падеж)
мінсіздікті — безупречность
(мінсіздік — безупречность, -ті — вин. падеж)
талап етсек — если будем требовать
(талап ету — требовать)
әрекеттерімізге — к своим поступкам
(әрекет — действие, поступок, -імізге — дат. падеж)
жай ғана — просто
өкініп қоймай — не только сожалея
(өкіну — сожалеть, -п қоймай — не только)
өзімізді — себя
(өзіміз — мы сами, -ді — вин. падеж)
айыптай бастаймыз — начинаем осуждать
(айыптау — обвинять, осуждать)
түзелуге — исправиться
(түзелу — исправляться)
лайық емес — недостойный
ретінде — в качестве
көріп — считая, видя
(көру — видеть)
сөйтіп — тем самым
тұйыққа тірейміз — ставим в тупик
(тұйыққа тіреу — поставить в тупик, тіреу — подпирать, опираться)
әр адамға — каждому человеку
(әр адам — каждый человек, -ға — дат. падеж)
тағы бір мүмкіндік — ещё один шанс
(мүмкіндік — возможность, шанс)
беруге — дать
(беру — давать)
лайық — достоин, соответствующий, заслуживающий
есте сақтап — помня
(есте сақтау — помнить)
өзімізді де, өзгелерді де — и себя, и других
кешіре білуді — умение прощать
(кешіру — прощать, -е білу — уметь)
үйрену — учиться
маңызды — важно
Скрыть словарь
📅 №55
📹 Разбор (youtube)
🤳 ЗАМАНАУИ ҚОЛДАНБАЛАРДЫҢ ЕҢ ЖҮЙКЕНІ ЖҰҚАРТАТЫН ЕРЕКШЕЛІГІ
САМАЯ РАЗДРАЖАЮЩАЯ ОСОБЕННОСТЬ СОВРЕМЕННЫХ ПРИЛОЖЕНИЙ
📌 Глагол дня: жаңарту – обновлять
|
Қандай да бір бағдарлама немесе қолданбаны жаңарту туралы хабарлама келгенді ұнатпаймын. |
Я не люблю, когда приходит сообщение об обновлении какой-то программы или приложения.
| |
Неге? Өйткені ондай хабарлама көбіне ең қолайсыз сәтте шығады. |
Почему? Да потому что часто это происходит в самый неподходящий момент.
| |
Мысалы, маған біреуге шұғыл түрде ақша жіберу керек болады. |
Например, мне нужно срочно кому-то отправить деньги.
| |
Мен смартфонымдағы мобильді банк қосымшасын ашуға тырысамын, бірақ экранда: «Қосымшаның жаңа нұсқасы шықты. Жүйеге кіру үшін қосымшаны жаңартуыңыз қажет», — деген хабарлама пайда болады 😄. |
Я пытаюсь открыть приложение «Мобильный банк» на смартфоне и вижу сообщение: «Вышла новая версия приложения. Чтобы авторизоваться, вам нужно обновить приложение».
| |
Ал егер ол жерде интернеттің жылдамдығы төмен болса, мысалы, ғимараттың қалың қабырғаларының кесірінен, онда сыртқа шығып, жаңа нұсқасын жүктеуге тура келеді. |
А если в этом месте интернет не очень быстрый, например из-за толстых стен в здании, то приходится выходить на улицу, скачивать новое приложение.
| |
Содан кейін ғана бәрі жұмыс істейді. |
И только потом всё работает.
| |
Ал егер сол сәтте сенен ақша күтіп тұрған адам болса, бұл одан сайын ашуландырады. 🙂 |
А если в этот момент тебя ждет человек, которому ты должен деньги, это раздражает еще больше. 🙂
| |
Менің басымнан дәл осындай жағдай Magnum дүкенінде өткен. |
У меня так было в магазине Magnum.
| |
Ол жерде интернетім нашар ұстайды. |
Там у меня интернет плохо ловит.
| |
Далаға жүгіріп шығып, банк қосымшасын жаңартуға тура келді. |
Пришлось выбежать на улицу, обновить приложение банка.
| |
Содан кейін ғана оны іске қоса алдым. |
И только потом я смог его запустить.
|
📘 ГРАММАТИКА: «ТУРА КЕЛУ» — «ПРИХОДИТЬСЯ / БЫТЬ ВЫНУЖДЕННЫМ» 🔽
📑 Примеры из текста:
— жаңа нұсқасын жүктеуге тура келеді
приходится скачивать новую версию
— банк қосымшасын жаңартуға тура келді
пришлось обновить банковское приложение
🔍 Разбираем: тура келу
👉 Конструкция «етістік + -уға/-уге + тура келу» выражает необходимость, возникшую из-за обстоятельств.
Она означает:
— приходиться
— быть вынужденным
— быть необходимым в сложившейся ситуации
То есть человек делает что-то не обязательно по собственному желанию, а потому что этого требуют обстоятельства.
📐 Схема: тұйық етістік + барыс септігі + тура келу
👉 бару + ға + тура келу
👉 күту + ге + тура келу
👉 жаңарту + ға + тура келу
👉 жүктеу + ге + тура келу
Полная схема предложения:
маған / саған / оған + етістік + -уға/-уге + + тура келеді / келді / келетін / келер
👉 Маған баруға тура келеді.
Мне приходится идти.
👉 Саған күтуге тура келді.
Тебе пришлось ждать.
👉 Оған қосымшаны жаңартуға тура келеді.
Ему приходится обновлять приложение.
📌 Важно:
Перед «тура келу» используется тұйық етістік — глагол на -у — в барыс септігі.
✅ баруға тура келеді
✅ күтуге тура келді
✅ жаңартуға тура келеді
✅ жүктеуге тура келді
❌ бару тура келеді
❌ күту тура келді
📌 Человек, которому приходится выполнять действие, обычно обозначается словом в барыс септігі:
мен → маған
сен → саған
сіз → сізге
ол → оған
біз → бізге
сендер → сендерге
сіздер → сіздерге
олар → оларға
✅ Маған баруға тура келді.
Мне пришлось пойти.
❌ Мен баруға тура келді.
При этом лицо можно вообще не называть, если оно понятно из контекста:
Далаға шығуға тура келді.
Пришлось выйти на улицу.
📑 Разбираем первый пример полностью:
жаңа нұсқасын жүктеуге тура келеді
жаңа нұсқа — новая версия
жаңа нұсқасын — новую версию
жүктеу — скачивать
жүктеуге — форма тұйық етістік в барыс септігі
тура келеді — приходится
👉 Полный смысл:
жаңа нұсқасын жүктеуге тура келеді
приходится скачивать новую версию
📑 Разбираем второй пример полностью:
банк қосымшасын жаңартуға тура келді
банк қосымшасы — банковское приложение
банк қосымшасын — банковское приложение в табыс септігі
жаңарту — обновлять
жаңартуға — форма тұйық етістік в барыс септігі
тура келді — пришлось
👉 Полный смысл:
банк қосымшасын жаңартуға тура келді
пришлось обновить банковское приложение
🧩 Настоящее время — осы шақ:
📌 тура келеді — приходится
Маған күн сайын ерте тұруға тура келеді.
Мне каждый день приходится рано вставать.
Бізге көп жұмыс істеуге тура келеді.
Нам приходится много работать.
Саған ұзақ күтуге тура келе ме?
Тебе приходится долго ждать?
🧩 Прошедшее время — өткен шақ:
📌 тура келді — пришлось
Маған автобуспен баруға тура келді.
Мне пришлось поехать на автобусе.
Бізге ұзақ күтуге тура келді.
Нам пришлось долго ждать.
Маған банк қосымшасын жаңартуға тура келді.
Мне пришлось обновить банковское приложение.
Саған ақша төлеуге тура келді ме?
Тебе пришлось платить?
🧩 Будущее значение — келер шақ мағынасы:
📌 Форма «тура келеді» может обозначать будущее, если в предложении есть указание на будущее время:
ертең — завтра
кейін — потом
келесі аптада — на следующей неделе
жақында — скоро
Маған ертең ерте тұруға тура келеді.
Завтра мне придётся рано встать.
Саған қосымшаны қайта орнатуға тура келеді.
Тебе придётся заново установить приложение.
Келесі аптада бізге тағы кездесуге тура келеді.
На следующей неделе нам придётся встретиться ещё раз.
📌 Форма «тура келер» выражает предположение:
Бізге тағы келуге тура келер.
Нам, возможно, придётся прийти ещё раз.
Оған біраз күтуге тура келер.
Возможно, ему придётся немного подождать.
📌 Эта форма употребляется реже, чем обычное «тура келеді».
🧩 Регулярное действие в прошлом:
📌 тура келетін — обычно приходилось / бывало, что приходилось
Бала кезде маған таңертең ерте тұруға тура келетін.
В детстве мне приходилось рано вставать по утрам.
Оған күн сайын қалаға баруға тура келетін.
Ему приходилось каждый день ездить в город.
Бізге қазақша мәтіндерді көп оқуға тура келетін.
Нам приходилось много читать тексты на казахском языке.
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
заманауи — современный
қолданбалардың — приложений
(қолданба — приложение, -лардың — род. падеж)
ең — самый
жүйкені жұқартатын — раздражающий, действующий на нервы
(жүйкені жұқарту — действовать на нервы)
ерекшелігі — особенность
(ерекшелік — особенность, -і — притяжательная форма)
қандай да бір — какой-либо
бағдарлама — программа
қолданбаны — приложение
(қолданба — приложение, -ны — вин. падеж)
жаңарту туралы — об обновлении
(жаңарту — обновление, обновлять, туралы — о)
хабарлама — сообщение, уведомление
келгенді — когда приходит
(келу — приходить, -генді — отглагольная форма)
ұнатпаймын — не люблю
(ұнатпау — не любить)
неге — почему
өйткені — потому что
ондай — такой
көбіне — чаще всего
ең қолайсыз — самый неподходящий
сәтте — в момент
(сәт — момент, -те — местный падеж)
шығады — появляется
(шығу — выходить, появляться)
мысалы — например
маған — мне
(мен — я, -ған — дат. падеж)
біреуге — кому-то
(біреу — кто-то, -ге — дат. падеж)
шұғыл түрде — срочно
ақша жіберу — отправить деньги
керек болады — нужно
смартфонымдағы — в моём смартфоне
(смартфон — смартфон, -ымдағы — находящийся в)
мобильді банк қосымшасы — приложение мобильного банка
ашуға — открыть
(ашу — открывать, -ға — дат. падеж)
тырысамын — пытаюсь
(тырысу — стараться)
бірақ — но
экранда — на экране
(экран, -да — местный падеж)
жаңа нұсқасы — новая версия
(нұсқа — версия, -сы — притяжательная форма)
шықты — вышла
(шығу — выходить)
жүйеге кіру — войти в систему, авторизоваться
жаңартуыңыз қажет — вам необходимо обновить
(жаңарту — обновлять, қажет — необходимо)
деген хабарлама — сообщение с текстом
пайда болады — появляется
(пайда болу — появляться)
егер — если
интернеттің жылдамдығы — скорость интернета
(интернет — интернет, жылдамдық — скорость)
төмен болса — если низкая
(төмен — низкий, болса — если)
ғимараттың — здания
(ғимарат — здание, -тың — род. падеж)
қалың қабырғаларының кесірінен — из-за толстых стен
(қалың — толстый, қабырға — стена, кесірінен — из-за)
сыртқа шығып — выйдя на улицу
(сыртқа шығу — выйти наружу)
жаңа нұсқасын — новую версию
(жаңа нұсқа — новая версия, -сын — вин. падеж)
жүктеуге — скачать
(жүктеу — скачивать)
тура келеді — приходится
содан кейін ғана — только после этого
бәрі — всё
жұмыс істейді — работает
(жұмыс істеу — работать)
сол сәтте — в тот момент
сенен — от тебя
(сен — ты, -нен — исходный падеж)
ақша күтіп тұрған — ждущий деньги
(күту — ждать, -іп тұрған — процесс)
адам — человек
болса — если будет
одан сайын — ещё больше
ашуландырады — раздражает
(ашуландыру — раздражать, злить)
басымнан — со мной, в моей жизни
(басынан өту — происходить с кем-либо)
дәл осындай — именно такой
жағдай — ситуация
өткен — произошёл
(өту — происходить, проходить)
дүкенінде — в магазине
(дүкен — магазин, -інде — местный падеж)
интернетім — мой интернет
нашар ұстайды — плохо ловит
(ұстау — ловить)
далаға — на улицу
(дала — улица, наружу, -ға — дат. падеж)
жүгіріп шығып — выбежав
(жүгіріп шығу — выбежать)
банк қосымшасын — приложение банка
(банк қосымшасы — банковское приложение, -н — вин. падеж)
жаңартуға — обновить
(жаңарту — обновлять)
іске қоса алдым — смог запустить
(іске қосу — запускать, включать, -а алу — смочь)
Скрыть словарь
📅 №56
📹 Разбор (youtube)
🌧 ТАБИҒАТТАҒЫ СУ АЙНАЛЫМЫ
КРУГОВОРОТ ВОДЫ В ПРИРОДЕ
📌 Глагол дня: буға айналу, булану – испаряться
|
Бәрің де бала кезден бері судың осы ғажайып саяхаты туралы білесіңдер. Ол қалай жүреді? |
Все вы с детства знаете про это водное путешествие. Как оно работает?
| |
Күн сәулесі Жердің бетін, ондағы барлық тіршілік иелерін, сондай-ақ теңіздерді, өзендерді, көлдерді және ылғалды топырақты қыздырады. |
Солнечные лучи нагревают поверхность Земли со всеми её обитателями, а также моря, реки, озёра и влажную почву.
| |
Соның әсерінен су буланып, көзге көрінбейтін су буына айналып, жоғары көтеріледі. |
Под их воздействием вода испаряется, то есть превращается в невидимый водяной пар и поднимается высоко в небо.
| |
Жоғарыда ауа салқынырақ болғандықтан, су буы суып, өте ұсақ тамшыларға айналады. |
Там, вверху, воздух холоднее, поэтому пар охлаждается и превращается в маленькие капельки.
| |
Сол тамшылардан бұлттар түзіледі. |
Из них образуются облака.
| |
Тамшылар тым көбейгенде, олар бір-бірімен қосылып, жерге жаңбыр, қар немесе бұршақ түрінде жауады. |
Когда капелек становится слишком много, они сливаются друг с другом и выпадают на землю в виде дождя, снега или града.
| |
Су өзендерге, көлдерге, бұлақтар мен жылғаларға құйылып, қайтадан теңіздер мен мұхиттарға оралады. |
Вода попадает в реки, озёра, ручьи и снова возвращается в моря и океаны.
| |
Судың бір бөлігі жерге сіңіп, өсімдіктерді және жер асты су көздерін қоректендіреді. |
Часть воды впитывается в землю, питает растения и подземные источники.
| |
Содан кейін Күн жерді қайта қыздырып, су тағы да буға айналады. |
Затем солнце снова нагревает землю и вода опять испаряется.
| |
Су айналымының арқасында Жердегі тіршілік үшін қажетті ауа ылғалдылығы үнемі сақталады, тұщы су қоры жаңарып отырады, өсімдіктер өсіп, жануарлар мен адамдар тіршілік етеді. |
Благодаря круговороту воды на Земле постоянно поддерживается необходимая для комфортной жизни влажность воздуха, обновляются запасы пресной воды, растут растения, живут животные и люди.
|
📘 ГРАММАТИКА: БЕРІ — «С..., УЖЕ..., НА ПРОТЯЖЕНИИ...» 🔽
📑 Пример из текста:
Бәрің де бала кезден бері судың осы ғажайып саяхаты туралы білесіңдер.
Все вы с детства знаете про это удивительное путешествие воды.
🔍 Разбираем: бері
Бері — это послелог, который употребляется после слов в исходном падеже (шығыс септік) и показывает, что действие или состояние началось в прошлом и продолжается до настоящего времени.
По-русски эта конструкция чаще всего переводится как:
— с...
— уже...
— на протяжении...
— в течение...
После придаточных предложений конструкция -дан бері также может переводиться как «с тех пор как...».
Например:
Бала кезден бері қазақ тілін үйреніп жүрмін.
Я изучаю казахский язык с детства.
Кеше кештен бері жаңбыр жауып тұр.
Дождь идёт со вчерашнего вечера.
Таңертеңнен бері бос емеспін.
Я занят с самого утра.
📐 Как строится форма:
Слово, обозначающее время + шығыс септік (-дан/-ден/-тан/-тен/-нан/-нен) + бері
Падежное окончание всегда присоединяется к последнему слову словосочетания.
Например:
бала кез + ден + бері → бала кезден бері
с детства
кеше + ден + бері → кешеден бері
со вчерашнего дня
таңертең + нен + бері → таңертеңнен бері
с самого утра
бір апта + дан + бері → бір аптадан бері
уже неделю
екі жыл + дан + бері → екі жылдан бері
уже два года
---
🔎 Разберём пример
Бәрің де бала кезден бері судың осы ғажайып саяхаты туралы білесіңдер.
Бәрің де — все вы
бала кез — детство *(бала — ребёнок, кез — период, время)*
-ден — окончание исходного падежа («с», «от»)
бері — до настоящего момента, с тех пор
бала кезден бері → с детства (и до сих пор)
Именно конструкция -дан бері показывает, что действие или состояние началось раньше и продолжается сейчас.
⭐️ Какие слова чаще всего употребляются с этой конструкцией?
Бала кезден бері
С детства.
Бала кезден бері кітап оқуды жақсы көремін.
С детства люблю читать книги.
Кешеден бері
Со вчерашнего дня.
Кешеден бері одан хабар күтіп жүрмін.
Со вчерашнего дня жду от него вестей.
Таңертеңнен бері
С самого утра.
Таңертеңнен бері ештеңе жеген жоқпын.
С самого утра ничего не ел.
Бір аптадан бері
Уже неделю.
Бір аптадан бері ауырып жүрмін.
Я болею уже неделю.
Екі жылдан бері
Уже два года.
Ол осы қалада екі жылдан бері тұрады.
Он живёт в этом городе уже два года.
Көптен бері
Уже давно.
Көптен бері сені көрмедім.
Давно тебя не видел.
Біраз уақыттан бері
Уже некоторое время.
Біраз уақыттан бері бәрі тыныш.
Уже некоторое время всё спокойно.
💡 Важно помнить:
Конструкция -дан бері употребляется тогда, когда действие или состояние началось в прошлом и продолжается до настоящего времени.
Сравните:
Мен мұнда екі жылдан бері тұрамын.
Я живу здесь уже два года. (И до сих пор живу.)
Мен мұнда екі жыл тұрдым.
Я прожил здесь два года. (Действие уже закончилось, сейчас я там не живу.)
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
табиғаттағы — в природе
(табиғат — природа, -тағы — местный падеж)
су айналымы — круговорот воды
бәрің де — все вы
бала кезден бері — с детства
судың — воды
(су — вода, -дың — род. падеж)
ғажайып — удивительный
саяхаты — путешествие
(саяхат — путешествие, -ы — притяжательная форма)
туралы — о
білесіңдер — знаете
(білу — знать, -сіңдер — вы)
қалай жүреді — как происходит
(жүру — идти, происходить)
күн сәулесі — солнечные лучи
жердің бетін — поверхность Земли
(жердің беті — поверхность земли)
ондағы — находящийся там
барлық — все
тіршілік иелерін — живые существа
(тіршілік иесі — живое существо, -лерін — вин. падеж)
сондай-ақ — а также
теңіздерді — моря
(теңіз — море, -дерді — вин. падеж)
өзендерді — реки
(өзен — река, -дерді — вин. падеж)
көлдерді — озёра
(көл — озеро, -дерді — вин. падеж)
ылғалды — влажный
топырақты — почву
(топырақ — почва, -ты — вин. падеж)
қыздырады — нагревает
(қыздыру — нагревать)
соның әсерінен — под воздействием этого
буланып — испаряясь
(булану — испаряться)
көзге көрінбейтін — невидимый
(көзге көріну — быть видимым, -бейтін — отрицательная форма)
су буына — в водяной пар
(су буы — водяной пар, -на — дат. падеж)
айналып — превращаясь
(айналу — превращаться)
жоғары көтеріледі — поднимается вверх
(көтерілу — подниматься)
жоғарыда — наверху
ауа — воздух
салқынырақ — прохладнее
болғандықтан — потому что
суып — охлаждаясь
(суу — остывать)
өте ұсақ — очень маленький
тамшыларға — в капельки
(тамшы — капля, -ларға — дат. падеж)
сол тамшылардан — из этих капелек
бұлттар — облака
түзіледі — образуются
(түзілу — образовываться)
тым — слишком
көбейгенде — когда становится слишком много
(көбею — увеличиваться)
бір-бірімен — друг с другом
қосылып — соединяясь, сливаясь
(қосылу — соединяться)
жаңбыр — дождь
қар — снег
бұршақ — град
түрінде — в виде
жауады — выпадает
(жауу — идти (о дожде, снеге))
өзендерге — в реки
(өзен — река, -дерге — дат. падеж)
көлдерге — в озёра
(көл — озеро, -дерге — дат. падеж)
бұлақтар — родники
жылғалар — ручьи
құйылып — стекая, впадая
(құйылу — вливаться, впадать)
қайтадан — снова
мұхиттарға — в океаны
(мұхит — океан, -тарға — дат. падеж)
оралады — возвращается
(оралу — возвращаться)
судың бір бөлігі — часть воды
жерге сіңіп — впитываясь в землю
(сіңу — впитываться)
өсімдіктерді — растения
(өсімдік — растение, -терді — вин. падеж)
жер асты су көздерін — подземные источники воды
(жер асты су көзі — подземный источник воды)
қоректендіреді — питает
(қоректендіру — питать)
содан кейін — после этого
күн — солнце
қайта қыздырып — снова нагревая
(қайта қыздыру — снова нагревать)
тағы да — снова
буға айналады — превращается в пар
(буға айналу — превращаться в пар)
айналымының арқасында — благодаря круговороту
(айналым — круговорот, арқасында — благодаря)
жердегі — на Земле
тіршілік үшін — для жизни
қажетті — необходимый
ауа ылғалдылығы — влажность воздуха
үнемі сақталады — постоянно сохраняется
(сақталу — сохраняться)
тұщы су қоры — запас пресной воды
жаңарып отырады — постоянно обновляется
(жаңару — обновляться, -ып отыру — регулярность)
өсімдіктер өсіп — растения растут
(өсу — расти)
жануарлар — животные
тіршілік етеді — живут, существуют
(тіршілік ету — жить, существовать)
Скрыть словарь
📅 №57
📹 Разбор (youtube)
🍴 МҰЗДАТҚЫШ АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІ ҚАЛАЙ МҰЗДАТАДЫ?
КАК МОРОЗИЛКА ЗАМОРАЖИВАЕТ ПРОДУКТЫ?
📌 Глагол дня: мұздату – замораживать
|
Әрқайсымыздың үйімізде тоңазытқыш бар. |
У каждого из нас дома есть холодильник.
| |
Онда біз азық-түліктерді ұзақ уақыт бұзылмай, жаңа күйінде сақтау үшін сақтаймыз. |
Там мы храним продукты, чтобы они дольше оставались свежими.
| |
Тоңазытқышта екі бөлік бар: азық-түлікті күнделікті сақтауға арналған тоңазытқыш бөлімі және мұздатқыш бөлік. |
В холодильнике есть два отдела: обычное отделение для повседневного хранения продуктов и морозильная камера.
| |
Мұздатқыш азық-түліктерді мұздатып, ұзақ уақыт сақтауға арналған. |
Морозильная камера нужна для замораживания продуктов и их длительного хранения.
| |
Біз мұздатқышқа әдетте нені саламыз? |
Что мы обычно кладем в морозилку?
| |
Мұздатқышта ет, тартылған ет, балық, тауық еті, жидектер, тұшпара, қайнақша, балмұздақ және сусындарға арналған мұз сақталады. |
Мясо, фарш, рыбу, курицу, ягоды, пельмени, вареники, мороженое и лед для напитков.
| |
Көпшілік біле бермейді, бірақ мұздатқыш суықты өзі өндірмейді. |
Не все знают, но морозильная камера не создает холод.
| |
Ол тағамдардың ішіндегі жылуды сыртқа шығарады. |
Она удаляет тепло из продуктов.
| |
Бұл қалай жүзеге асады? |
Как это происходит?
| |
Мұздатқыш камераның қабырғаларының ішінде хладагент деп аталатын арнайы зат жүретін түтіктер орналасқан. |
Внутри стенок морозильной камеры проходят трубки с хладагентом — специальным веществом.
| |
Ол тағамдардан жылуды сіңіріп алады, қайнап, газға айналады. |
Он забирает у продуктов тепло, закипает и превращается в газ.
| |
Ал тағамдар біртіндеп салқындап, қатып қалады. |
А продукты постепенно остывают и замерзают.
| |
Содан кейін компрессор газды сығып, оны тоңазытқыштың артқы қабырғасына айдайды. |
Затем компрессор сжимает газ и перекачивает его к задней стенке холодильника.
| |
Сол жерде хладагент жылуын бөлме ауасына береді, қайтадан сұйық күйге айналып, мұздатқышқа оралады. |
Там хладагент отдает тепло воздуху, снова становится жидкостью и возвращается обратно.
| |
Осылайша жылу тоңазытқыштың ішінен сыртқа үздіксіз тасымалданып тұрады. |
Так тепло постоянно переносится изнутри холодильника наружу.
|
📘 ГРАММАТИКА: «БЕРУ» В ОТРИЦАТЕЛЬНОЙ ФОРМЕ — «БІЛЕ БЕРМЕУ» 🔽
📑 Пример из текста:
— Көпшілік біле бермейді.
Не все знают. / Это известно далеко не каждому.
🔍 Разбираем: біле бермейді
В отрицательной форме (-а/-е/-й + бермеу) с некоторыми глаголами, особенно обозначающими знание, понимание, восприятие или распространённость явления, эта конструкция показывает, что действие, знание или явление не является широко распространённым, постоянным или обычным.
Часто переводится как:
— не все...
— не каждый...
— далеко не все...
— не всегда...
— не так часто...
— не очень...
📐 Схема образования:
Глагол в форме көсемше (-а/-е/-й) + вспомогательный глагол беру
👉 білу → біле бермеу
👉 түсіну → түсіне бермеу
👉 көру → көре бермеу
👉 есту → ести бермеу
👉 кездесу → кездесе бермеу
👉 табылу → табыла бермеу
📑 Разбираем пример:
Көпшілік біле бермейді.
көпшілік — большинство людей, широкая публика
білу — знать
біле — форма көсемше
бермейді — не является широко распространённым
👉 Не все знают.
Это известно далеко не каждому.
Большинство людей обычно этого не знает.
📌 Сравните:
Көпшілік білмейді.
Большинство не знает.
Көпшілік біле бермейді.
Не все знают.
Это известно далеко не каждому.
➡️ Подчёркивается, что такое знание не является широко распространённым.
🧩 Настоящее-будущее время (Осы-келер шақ):
Мен бұл туралы көп біле бермеймін.
Я не очень хорошо об этом знаю.
Мен оның барлық егжей-тегжейін біле бермеймін.
Я знаю далеко не все подробности.
Сіз бұл мәселені біле бермейсіз.
Вы не очень хорошо знакомы с этим вопросом.
Көпшілік оның себебін біле бермейді.
Большинство не знает его причины.
💡 А как в утвердительной форме?
-а/-е/-й + береді чаще всего обозначает продолжение, повторение или свободное выполнение действия.
Ол сөйлей береді.
Он продолжает говорить.
Жаңбыр жауа береді.
Дождь продолжает идти.
Бала сұрай береді.
Ребёнок всё время спрашивает.
🧩 Прошедшее время (Өткен шақ):
Алғашында мен бұл жұмыстың қыр-сырын біле бермедім.
Поначалу я не очень хорошо знал все тонкости этой работы.
Біз оның жоспарын түсіне бермедік.
Мы не совсем понимали его план.
Ол кезде адамдар бұл туралы біле бермеді.
В то время люди знали об этом далеко не всё.
🧩 Регулярное действие в прошлом:
Бұрын адамдар оның пайдасын біле бермейтін.
Раньше люди обычно не знали о его пользе.
Оқушылар мұндай сөздерді түсіне бермейтін.
Ученики обычно не очень понимали такие слова.
Бұл жерде сирек кездесетін құстар бұрын кездесе бермейтін.
Раньше такие редкие птицы здесь почти не встречались.
📌 Три основных значения вспомогательного глагола «беру»
1️⃣ Продолжение или повторение действия
Ол сөйлей берді.
Он продолжал говорить.
Жаңбыр жауа берді.
Дождь продолжал идти.
2️⃣ Разрешение или побуждение
Кіре беріңіз.
Проходите.
Айта бер.
Говори.
3️⃣ Ограниченная распространённость, частотность или степень действия (в отрицательной форме)
Адамдар мұны түсіне бермейді.
Не все это понимают.
Бұл жерде мұндай құстар кездесе бермейді.
Здесь такие птицы встречаются нечасто.
Мұндай мүмкіндік әркімге беріле бермейді.
Такая возможность выпадает далеко не каждому.
📌 Запомните
Конструкция -а/-е/-й + бермеу не означает полное отрицание действия.
Она обычно подчёркивает, что действие, знание или явление не является широко распространённым, происходит не всегда, нечасто или касается не каждого.
Именно поэтому:
Көпшілік білмейді. — простое утверждение: большинство не знает.
Көпшілік біле бермейді. — более естественное и мягкое выражение: это известно далеко не каждому, такое знание не является широко распространённым.
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
мұздатқыш — морозильная камера
азық-түліктерді — продукты
(азық-түлік — продукты, -терді — вин. падеж)
қалай — как
мұздатады — замораживает
(мұздату — замораживать)
әрқайсымыздың — у каждого из нас
үйімізде — у нас дома
(үй — дом, -імізде — местный падеж)
тоңазытқыш — холодильник
онда — там
ұзақ уақыт — долгое время
бұзылмай — не портясь
(бұзылу — портиться)
жаңа күйінде — в свежем состоянии
(күй — состояние)
сақтау үшін — чтобы хранить
(сақтау — хранить)
сақтаймыз — храним
(сақтау — хранить)
екі бөлік — две части, два отделения
күнделікті — повседневный
сақтауға арналған — предназначенный для хранения
тоңазытқыш бөлімі — холодильное отделение
мұздатқыш бөлік — морозильное отделение
мұздатып — замораживая
(мұздату — замораживать)
әдетте — обычно
нені — что
(не — что, -ні — вин. падеж)
саламыз — кладём
(салу — класть)
ет — мясо
тартылған ет — фарш
(тарту — тянуть, пропускать)
балық — рыба
тауық еті — курица, куриное мясо
жидектер — ягоды
тұшпара — пельмени
қайнақша — вареники
балмұздақ — мороженое
сусындарға арналған мұз — лёд для напитков
сақталады — хранится
(сақталу — храниться)
көпшілік — большинство, многие
біле бермейді — не все знают
(білу — знать)
суықты — холод
(суық — холод, -ты — вин. падеж)
өзі — сам
өндірмейді — не производит
(өндіру — производить)
тағамдардың ішіндегі — находящееся внутри продуктов
жылуды — тепло
(жылу — тепло, -ды — вин. падеж)
сыртқа — наружу
шығарады — выводит, выводит наружу
(шығару — выводить)
қалай жүзеге асады — как происходит
(жүзеге асу — осуществляться, происходить)
камераның — камеры
қабырғаларының ішінде — внутри стенок
хладагент — хладагент
деп аталатын — называемый
арнайы зат — специальное вещество
жүретін — по которым движется
(жүру — двигаться)
түтіктер — трубки
орналасқан — расположены
(орналасу — располагаться)
сіңіріп алады — поглощает, забирает
(сіңіру — впитывать, поглощать)
қайнап — закипая
(қайнау — кипеть)
газға айналады — превращается в газ
(айналу — превращаться)
біртіндеп — постепенно
салқындап — остывая
(салқындау — остывать, охлаждаться)
қатып қалады — замерзают
(қату — замерзать)
содан кейін — затем
компрессор — компрессор
газды — газ
(газ — газ, -ды — вин. падеж)
сығып — сжимая
(сығу — сжимать)
айдайды — перекачивает, направляет
(айдау — гнать, перекачивать)
артқы қабырғасына — к задней стенке
(артқы қабырға — задняя стенка, -сына — дат. падеж)
сол жерде — там
жылуын береді — отдаёт тепло
(жылуын беру — отдавать тепло)
бөлме ауасына — воздуху помещения
(бөлме — комната, ауа — воздух)
қайтадан — снова
сұйық күйге — в жидкое состояние
оралады — возвращается
(оралу — возвращаться)
осылайша — таким образом
ішінен — изнутри
(іші — внутренняя часть, -нен — исходный падеж)
үздіксіз — непрерывно
тасымалданып тұрады — постоянно переносится
(тасымалдану — переноситься, перевозиться)
Скрыть словарь
📅 №58
📹 Разбор (youtube)
🏖 БІР КҮНІ БҰЛ КҮН ЖҮРЕККЕ ЖЫЛЫ ЕСТЕЛІККЕ АЙНАЛАДЫ
ОДНАЖДЫ ЭТОТ ДЕНЬ СТАНЕТ ТЁПЛЫМИ ВОСПОМИНАНИЯМИ
📌 Глагол дня: шомылу – купаться
|
Жақсылап шомылып алып, жағалауда отырған отбасыма қайта келсем, құмның бетіне осындай жазу жазылыпты. Маған қатты ұнады. |
Я хорошо искупался, вернулся на берег к семье и увидел на песке такую надпись. Она мне очень понравилась.
| |
Сөйтсем, оны ұлым жазыпты. |
Оказалось, что это сын написал.
| |
Өйткені, алдыңғы күні біз достарымызбен күні бойы шомылу үшін Қапшағай көліне барған едік. |
Дело в том, что позавчера мы с друзьями ездили на весь день купаться на озеро «Капчагай».
| |
Таңғы сағат тоғызда үйден шықтық. |
В 9 утра вышли из дома.
| |
Жол-жөнекей өзімізбен бірге жейтін бірдеңе алу үшін дүкенге соқтық та, екі көлікпен жағажайға тарттық. |
По пути заехали в магазин, чтобы купить с собой что-нибудь покушать, и на двух машинах рванули на пляж.
| |
Жағажайда адам онша көп емес екен. Біз көлеңкесі бар сәкі жалға алып, заттарымызды қойдық та, көп бөгелмей көлге шомылуға кірістік. |
Место было не очень людное. Мы взяли в аренду топчан с теньком на весь день, разложили вещи и сразу пошли в воду.
| |
Таңғаларлығы, таңертеңнен-ақ көлдің суы жылы екен. |
На удивление, с самого утра вода уже была тёплой.
| |
Жалпы, күні бойы күн өте ыстық болды, сондықтан ауа райы жағынан жолымыз болды. |
И вообще весь день было очень жарко, поэтому с погодой нам очень повезло.
| |
Көлдің суы сондай жылы еді, тіпті одан шыққым келмеді. |
Вода в озере была настолько тёплой, что из неё не хотелось выходить.
| |
Балалар күні бойы шомылып, сүңгіп, жағада асыр салып жүгіріп, бір-біріне су шашып ойнады. Жағалаудағы дымқыл құмнан мұнаралар тұрғызды. Кейде суда тапжылмай отырып, аяқтарына кішкентай балықтардың үйірі жүзіп келіп, қытықтағанын күтіп мәз болатын. |
Дети весь день купались, ныряли, бегали, брызгались, строили башни из мокрого песка на берегу, просто сидели в воде и ждали, когда приплывёт стая маленьких рыбок и начнёт щекотать ноги.
| |
Түнгі сағат он бірде үйге саяхаттан ерекше әсер алып, көтеріңкі көңілмен оралдық. |
Домой приехали в 11 ночи довольные поездкой.
|
📘 ГРАММАТИКА: ЖАҒЫНАН — «С ТОЧКИ ЗРЕНИЯ..., В ПЛАНЕ..., ПО ЧАСТИ...» 🔽
📑 Пример из текста:
Жалпы, күні бойы күн өте ыстық болды, сондықтан ауа райы жағынан жолымыз болды.
И вообще весь день было очень жарко, поэтому с погодой нам очень повезло.
🔍 Разбираем: жағынан
Жағынан — это послелог (септеулік шылау), который показывает, с какой точки зрения рассматривается предмет, человек или ситуация.
По-русски эта конструкция чаще всего переводится как:
— с точки зрения...
— в плане...
— по части...
— в отношении...
— что касается...
Это очень распространённая конструкция современного казахского языка.
📐 Как строится форма:
1️⃣ Существительное + жағынан
Так обычно употребляются абстрактные понятия.
Например:
ауа райы + жағынан → ауа райы жағынан
с точки зрения погоды
денсаулық + жағынан → денсаулық жағынан
в плане здоровья
уақыт + жағынан → уақыт жағынан
по времени
заң + жағынан → заң жағынан
с юридической точки зрения
2️⃣ Существительное + -ы/-і/-сы/-сі + жағынан
Так обычно говорят, когда оценивают конкретное свойство, качество или характеристику предмета.
Например:
баға + сы + жағынан → бағасы жағынан
по цене
сапа + сы + жағынан → сапасы жағынан
по качеству
дәм + і + жағынан → дәмі жағынан
по вкусу
орналасу + ы + жағынан → орналасуы жағынан
по расположению
🔎 Почему именно жағынан?
Слово жақ означает:
— сторона
— бок
— направление
Например:
оң жақ — правая сторона
сол жақ — левая сторона
Исторически слово жағынан связано со словом жақ («сторона»), поэтому его первоначальное значение можно понять как «со стороны чего-либо».
Именно поэтому в современном языке конструкция получила переносное значение:
с точки зрения...
в плане...
по части...
🔎 Разберём пример
Жалпы, күні бойы күн өте ыстық болды, сондықтан ауа райы жағынан жолымыз болды.
Жалпы — вообще
күні бойы — весь день
күн — солнце / день
өте ыстық болды — было очень жарко
сондықтан — поэтому
ауа райы — погода (буквально: «состояние воздуха»)
жағынан — с точки зрения, в плане
жолымыз болды — нам повезло
ауа райы жағынан жолымыз болды → С погодой нам повезло.
Буквально:
Со стороны погоды удача была на нашей стороне.
🧩 Примеры:
Бұл телефон бағасы жағынан өте тиімді.
Этот телефон очень выгоден по цене.
Бұл өнім сапасы жағынан өте жақсы.
Этот товар очень хороший по качеству.
Қазір денсаулық жағынан бәрі жақсы.
Сейчас со здоровьем всё хорошо.
Кездесу уақыт жағынан бізге өте ыңғайлы.
Встреча по времени нам очень удобна.
Бұл үй орналасқан орны жағынан өте қолайлы.
Этот дом очень удачно расположен.
Бұл қонақүй қызмет көрсетуі жағынан жоғары деңгейде.
Этот отель отличается высоким уровнем обслуживания.
Бұл шай дәмі жағынан маған қатты ұнады.
Этот чай мне очень понравился по вкусу.
Бұл көлік сыртқы түрі жағынан өте әдемі.
Эта машина очень красивая внешне.
Бұл кітап мазмұны жағынан өте қызықты.
Эта книга очень интересная по содержанию.
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
бір күні — однажды
бұл күн — этот день
жүрекке — сердцу, в сердце
(жүрек — сердце, -ке — дат. падеж)
жылы естелікке — в тёплое воспоминание
(естелік — воспоминание)
айналады — станет, превратится
(айналу — превращаться)
жақсылап — хорошенько
шомылып алып — искупавшись
(шомылып алу — искупаться)
жағалауда — на берегу
(жағалау — берег)
отырған — сидевший, находившийся
(отыру — сидеть)
отбасыма — к моей семье
(отбасы — семья)
қайта келсем — когда я вернулся
(қайта келу — вернуться)
құмның бетіне — на поверхности песка
осындай — такой
жазу — надпись
жазылыпты — было написано
(жазылу — быть написанным)
маған — мне
қатты ұнады — очень понравилось
(ұнау — нравиться)
сөйтсем — оказалось
оны — это, его
ұлым — мой сын
жазыпты — написал
(жазу — писать)
өйткені — потому что
алдыңғы күні — накануне, позавчера
достарымызбен — с друзьями
күні бойы — весь день
шомылу үшін — чтобы купаться
Қапшағай көліне — на озеро Капчагай
барған едік — ездили
(бару — идти, ехать)
таңғы сағат тоғызда — в девять утра
үйден шықтық — вышли из дома
жол-жөнекей — по дороге
өзімізбен бірге — с собой
жейтін — то, что можно поесть
(жеу — есть)
бірдеңе — что-нибудь
алу үшін — чтобы купить, взять
дүкенге соқтық — заехали в магазин
(соғу — заехать ненадолго)
екі көлікпен — на двух машинах
жағажайға тарттық — отправились на пляж
(тарту — направиться)
жағажайда — на пляже
адам онша көп емес — людей было не очень много
көлеңкесі бар — с тенью
сәкі — топчан, помост
жалға алып — взяв в аренду
(жалға алу — арендовать)
заттарымызды — наши вещи
қойдық — положили
көп бөгелмей — долго не задерживаясь
(бөгелу — задерживаться)
көлге — в озеро
шомылуға кірістік — пошли купаться, приступили к купанию
(кірісу — приступить)
таңғаларлығы — удивительно
таңертеңнен-ақ — уже с самого утра
көлдің суы — вода озера
жылы екен — оказывается, тёплая
жалпы — вообще
күн өте ыстық болды — день был очень жаркий
ауа райы жағынан — с точки зрения погоды
жолымыз болды — нам повезло
(жолы болу — повезти)
сондай жылы — настолько тёплая
тіпті — даже
одан — из неё, от неё
шыққың келмейді — не хочется выходить
(шыққысы келу — хотеть выйти)
балалар — дети
сүңгіп — ныряя
(сүңгу — нырять)
жағада — на берегу
асыр салып — резвясь, весело бегая
жүгіріп — бегая
бір-біріне — друг в друга, друг другу
су шашып — брызгая водой
(су шашу — брызгать водой)
ойнады — играли
жағалаудағы — находящийся на берегу
дымқыл құмнан — из мокрого песка
мұнаралар — башни
тұрғызды — построили
(тұрғызу — строить, возводить)
кейде — иногда
суда — в воде
тапжылмай отырып — сидя неподвижно
(тапжылмау — не шевелиться)
аяқтарына — к их ногам
кішкентай балықтардың — маленьких рыбок
үйірі — стая
жүзіп келіп — подплывая
(жүзіп келу — подплыть)
қытықтағанын — то, что щекочут
(қытықтау — щекотать)
күтіп — ожидая
мәз болатын — радовались, были в восторге
(мәз болу — получать удовольствие)
түнгі сағат он бірде — в одиннадцать часов ночи
үйге — домой
саяхаттан — из поездки, после путешествия
ерекше әсер алып — получив особые впечатления
көтеріңкі көңілмен — в приподнятом настроении
оралдық — вернулись
(оралу — возвращаться)
Скрыть словарь
📅 №59
📹 Разбор (youtube)
🚴♂️ ЕСКІ ВЕЛОСИПЕДІМНІҢ ШЫНЖЫРЫН МАЙЛАЙТЫН УАҚЫТ КЕЛГЕН СИЯҚТЫ ҒОЙ?
НУ ЧТО, НАСТАЛО ВРЕМЯ СМАЗАТЬ ЦЕПЬ СВОЕГО СТАРОГО ВЕЛОСИПЕДА?
📌 Глагол дня: майлау – смазывать
|
Менің велосипедім көптен бері жертөледе тұр. |
Мой велосипед уже долгое время стоит в подвале.
| |
Кейде жертөлеге бірдеңелерді апарғанда, оны көріп қаламын. |
Иногда я отношу туда какие-то вещи и вижу его там.
| |
Велосипедке көзім түскен сайын, бұрын онымен қалай жиі жүргенім есіме түседі. |
Взглянув на велосипед, я сразу начинаю вспоминать, как раньше активно на нём катался.
| |
Онымен тауға жиі шығатынмын. Медеуге де, Үлкен Алматы көліне де велосипедпен талай рет барғанмын. |
У меня были постоянные поездки в горы: я ездил на нём до Медеу, до Большого Алматинского озера.
| |
Кейін оны жертөлеге түсіріп қойдым да, ол сонда ұзақ жылдар бойы тұрды. |
А потом я отнёс его в подвал, и там он остался на долгие годы.
| |
Бірақ соңғы кезде велосипедтің пайдасы туралы жиі еститін болдым. |
Но в последнее время я всё чаще стал слышать о пользе велосипеда.
| |
Кейде велосипедке қайта мінсем ғой деген ойлар өздігінен келе береді. |
Иногда мысли о том, чтобы снова сесть на велосипед приходят сами собой.
| |
Әлде бұл менің ағзамның маған белгі бере бастағаны ма? |
А может, это мой организм уже начинает со мной разговаривать?
| |
Өйткені соңғы он жыл бойы компьютердің алдында жұмыс істедім, әрдайым көлікпен жүрдім. |
Ведь последние десять лет я работал за компьютером, везде ездил на машине.
| |
Өмірімде қозғалыс өте аз болды, сондықтан өзімді әбден әлсіреп кеткендей сезіне бастадым. 🙂 |
В моей жизни почти не было никакого движения, и я стал чувствовать себя какой-то развалюхой.
| |
Сірә, ескі досымды қайта еске түсіретін уақыт келген шығар. |
Наверное, всё-таки настал момент вспомнить о старом друге.
| |
Сондықтан жақын күндері оны жөндеу шеберханасына апарамын. |
Поэтому в ближайшие дни я отвезу его в сервис.
| |
Ол жақта велосипедті жақсылап майлап, ретке келтіреді. |
Там его хорошенько смажут, отрегулируют.
| |
Содан кейін бұрынғы күндерді еске түсіріп, қайтадан велосипед тебуді бастау керек. |
И нужно будет вспомнить былые времена.
|
📘 ГРАММАТИКА: «-ДАЙ / -ДЕЙ / -ТАЙ / -ТЕЙ» — «КАК БУДТО / СЛОВНО / КАК» 🔽
📑 Пример из текста:
— өзімді әбден әлсіреп кеткендей сезіне бастадым
я стал чувствовать себя так, будто совсем ослаб
🔍 Разбираем: -дай / -дей / -тай / -тей
Суффиксы -дай / -дей / -тай / -тей выражают сравнение, сходство или впечатление.
В зависимости от контекста они переводятся как:
— как
— словно
— будто
— как будто
— подобно
Эти суффиксы могут присоединяться к существительным, местоимениям и различным глагольным формам. В этом уроке мы рассмотрим употребление после есімше (причастия).
📐 Схема
1. Есімше на -ған/-ген/-қан/-кен + -дай/-дей
👉 кеткен + дей
👉 шаршаған + дай
👉 ауырған + дай
👉 өзгерген + дей
2. Есімше на -атын/-етін/-йтын/-йтін + -дай/-дей
👉 білетін + дей
👉 түсінбейтін + дей
👉 жылайтын + дай
👉 күлетін + дей
📌 Почему именно кеткендей?
Разберём по частям.
кету — уйти
↓
кеткен — форма есімше на -кен
↓
кеткендей — как будто ушёл
Но в казахском языке кету очень часто используется не только в прямом значении «уйти», но и как вспомогательный глагол, усиливающий результат действия.
Поэтому:
әлсіреп кету — совсем ослабеть, сильно ослабнуть
↓
әлсіреп кеткендей — словно совсем ослаб, как будто окончательно выбился из сил
Здесь кету уже почти не имеет значения «уйти», а выступает вспомогательным глаголом, усиливающим завершённость и степень изменения состояния.
📑 Разбираем пример полностью:
өзімді әбден әлсіреп кеткендей сезіне бастадым
өзім — я сам
өзімді — себя
әбден — совсем, полностью
әлсіреу — слабеть
әлсіреп кету — сильно ослабеть
кеткендей — как будто совсем ослаб
сезіне бастадым — начал чувствовать
👉 Полный смысл:
өзімді әбден әлсіреп кеткендей сезіне бастадым - Я начал чувствовать себя так, словно совсем ослаб.
📌 Говорящий не утверждает, что действительно полностью ослаб. Он лишь передаёт своё ощущение.
📌 Часто употребляется после глаголов восприятия
сезіну — чувствовать
Мен өзімді шаршағандай сезіндім.
Я чувствовал себя так, словно устал.
көріну — казаться, выглядеть
Ол қатты шаршағандай көрінді.
Он выглядел так, будто сильно устал.
естілу— звучать
Даусы ренжігендей естілді.
Его голос звучал так, будто он обиделся.
📌 Чем отличается от сияқты?
Обе конструкции могут переводиться как «как будто», но используются немного по-разному.
-дай/-дей
Обычно присоединяется непосредственно к слову и образует с ним одну форму.
Часто используется для передачи впечатления или сравнения.
Шаршағандаймын. — Я как будто устал.
сияқты
Это самостоятельное служебное слово.
Оно может выражать:
— сравнение («как»)
— сходство («похож на»)
— предположение («кажется», «будто»)
Шаршаған сияқты. — Кажется, он устал.
🧩 Есімше -ған/-ген/-қан/-кен + -дай/-дей
Обычно описывает впечатление от уже возникшего состояния или завершившегося действия.
Мен өзімді ауырып қалғандай сезіндім.
Мне показалось, что я заболел.
Ол бізді танымағандай қарады.
Он посмотрел на нас так, будто не узнал.
Балалар ештеңе болмағандай ойнай берді.
Дети продолжили играть так, словно ничего не произошло.
🧩 Есімше -атын/-етін/-йтын/-йтін + -дай/-дей
Часто описывает предполагаемое, характерное или ожидаемое действие.
Ол бәрін білетіндей сөйлейді.
Он говорит так, будто всё знает.
Ол мені түсінбейтіндей қарайды.
Он смотрит так, будто не понимает меня.
Бұлттарға қарасам, жаңбыр жауатындай.
Глядя на облака, кажется, что сейчас пойдёт дождь.
🧩 Часто употребляемые выражения:
ештеңе болмағандай
как будто ничего не произошло
Ол ештеңе болмағандай күліп жүр.
Он смеётся так, будто ничего не произошло.
ұйықтап қалғандай
как будто уснул
Ол ұйықтап қалғандай тыныш отыр.
Он сидит так тихо, словно уснул.
ұмытып кеткендей
как будто забыл
Ол мені ұмытып кеткен сияқты.
Кажется, он забыл обо мне.
танымайтын адамдай
словно незнакомый человек
Ол менімен танымайтын адамдай сөйлесті.
Он разговаривал со мной так, словно мы не знакомы.
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
ескі велосипедімнің — моего старого велосипеда
шынжырын — цепь
(шынжыр — цепь, -ын — вин. падеж)
майлайтын уақыт — время смазать
(майлау — смазывать)
келген сияқты ғой — кажется, пришло время
велосипедім — мой велосипед
көптен бері — уже давно
жертөледе — в подвале
(жертөле — подвал)
тұр — стоит
(тұру — стоять)
кейде — иногда
жертөлеге — в подвал
бірдеңелерді — какие-то вещи
апарғанда — когда отношу
(апару — относить)
көріп қаламын — случайно вижу
(көріп қалу — неожиданно увидеть)
велосипедке — на велосипед, на велосипеде
көзім түскен сайын — каждый раз, когда мой взгляд падает
(көзі түсу — обратить внимание, увидеть)
бұрын — раньше
онымен — на нём, с ним
қалай — как
жиі жүргенім — как часто я ездил
(жүру — ходить, ездить)
есіме түседі — вспоминается
(есіне түсу — вспоминаться)
тауға — в горы
шығатынмын — часто поднимался, ездил
(шығу — подниматься)
Медеуге — в Медеу
Үлкен Алматы көліне — на Большое Алматинское озеро
велосипедпен — на велосипеде
талай рет — много раз
барғанмын — ездил
(бару — идти, ехать)
кейін — потом
түсіріп қойдым — отнёс вниз, убрал
(түсіру — спускать, опускать)
сонда — там
ұзақ жылдар бойы — долгие годы
тұрды — стоял
(тұру — стоять)
соңғы кезде — в последнее время
пайдасы туралы — о пользе
жиі еститін болдым — стал часто слышать
(еститін болу — начать регулярно слышать)
қайта мінсем ғой — вот бы снова сесть
(қайта міну — снова сесть на транспорт)
деген ойлар — мысли о том, что...
өздігінен — сами собой
келе береді — продолжают приходить
(келе беру — постоянно приходить)
әлде — а может, или, либо
ағзамның — моего организма
маған — мне
белгі бере бастағаны — начал подавать знак
(белгі беру — подавать знак)
соңғы он жыл бойы — последние десять лет
компьютердің алдында — перед компьютером
жұмыс істедім — работал
(жұмыс істеу — работать)
әрдайым — всегда
көлікпен жүрдім — ездил на машине
(көлікпен жүру — ездить на транспорте)
өмірімде — в моей жизни
қозғалыс — движение
өте аз болды — было очень мало
сондықтан — поэтому
өзімді — себя
әбден — совсем, очень
әлсіреп кеткендей — словно совсем ослабевший
(әлсіреу — ослабевать)
сезіне бастадым — начал чувствовать
(сезіне бастау — начать чувствовать)
сірә — наверное, пожалуй, вероятно
ескі досымды — своего старого друга
қайта еске түсіретін — снова вспомнить
(еске түсіру — вспоминать)
уақыт келген шығар — наверное, время пришло
жақын күндері — в ближайшие дни
жөндеу шеберханасына — в ремонтную мастерскую
апарамын — отвезу
(апару — отвозить)
ол жақта — там
жақсылап — хорошенько
майлап — смазав
(майлау — смазывать)
ретке келтіреді — приведут в порядок, отрегулируют
(ретке келтіру — приводить в порядок)
содан кейін — после этого
бұрынғы күндерді — былые времена, прежние дни
еске түсіріп — вспоминая
(еске түсіру — вспоминать)
қайтадан — снова
велосипед тебуді — езду на велосипеде
(велосипед тебу — кататься на велосипеде)
бастау керек — нужно начать
Скрыть словарь
📅 №60
📹 Разбор (youtube)
💬 ПРУФТАРЫ БАР МА?
А ПРУФЫ ЕСТЬ?
📌 Глагол дня: дәлелдеу – доказывать
|
Қазіргі тілде бұл тіркес өте танымал. |
В современном языке это выражение очень популярно.
| |
Ол: «Мұны дәлелдей аласың ба?» дегенді білдіреді. |
Оно означает: «Ты можешь это доказать?»
| |
Бұл тіркес бүгінгі күні неге соншалықты танымал болды? Себебі — фейктердің кесірінен. |
Почему сегодня это выражение стало таким популярным? Из-за фейков.
| |
Интернетте біз «фейк» деп атап кеткен жалған ақпарат өте көп таралады. |
В интернете распространяется огромное количество ложной информации, которую мы привыкли называть фейками.
| |
Бір танысымыз бізге WhatsApp немесе Telegram арқылы өзімізге сенімсіз болып көрінетін қандай да бір таңғаларлық ақпарат жіберсе, біз оған: «Пруфтары бар ма?» деп жауап береміз. |
И вот когда кто-то из наших знакомых присылает какую-то невероятную, по нашему мнению, информацию, мы отвечаем ему в WhatsApp или Telegram: «А пруфы есть?»
| |
Сонда ол ақпараттың рас екенін дәлелдеу үшін оның шынайылығын растайтын сайттарға сілтемелерді, фотосуреттерді, бейнематериалдарды және басқа да дәлелдерді жібереді. |
И человек, чтобы доказать, что информация достоверная и правдивая, отправляет нам ссылки на сайты, которые подтверждают её достоверность, фотографии, видео и другие сведения.
| |
Ал кейде ештеңе жібермей, ештеңені дәлелдеуге тырыспай: «Білмеймін, біреу маған жіберді, мен саған жібере салдым» деп жауап беруі де мүмкін. )) |
А может ничего не отправить и ничего не доказывать, а просто ответить: «Я не знаю, кто-то мне это прислал, а я тебе прислал». ))
| |
Кейбір адамдар WhatsApp арқылы келгеннің бәріне немесе TikTok-та көргеннің бәріне сене береді. |
Есть люди, которые верят абсолютно всему, что им присылают в WhatsApp или показывают в TikTok.
| |
Мен ондай адамдарды жеке танимын. |
Лично я таких людей знаю.
| |
Ал менде кез келген ақпараттың шынайылығын тексеріп алу әдеті қалыптасып қойған. |
Но у меня уже выработалась привычка проверять любую информацию на достоверность.
|
📘 ГРАММАТИКА: СПРЯЖЕНИЕ ГЛАГОЛА «ДӘЛЕЛДЕУ» 🔽
(доказывать, аргументировать, мотивировать, приводить доказательства)
Спряжение глагола «дәлелдеу» во всех временах и наклонениях казахского языка.
🔹 1. АУЫСПАЛЫ ОСЫ / КЕЛЕР ШАҚ
(Настоящее обычное / уверенное будущее)
мен дәлелдеймін — я доказываю / буду доказывать
біз дәлелдейміз
сен дәлелдейсің
сендер дәлелдейсіңдер
Сіз дәлелдейсіз
Сіздер дәлелдейсіздер
ол дәлелдейді
олар дәлелдейді
🧠 Формула:
дәлелдей + мін / сің / ді
🔹 2. НАҚ ОСЫ ШАҚ
(Действие происходит сейчас)
мен дәлелдеп жатырмын — я сейчас доказываю
біз дәлелдеп жатырмыз
сен дәлелдеп жатырсың
сендер дәлелдеп жатырсыңдар
Сіз дәлелдеп жатырсыз
Сіздер дәлелдеп жатырсыздар
ол дәлелдеп жатыр
олар дәлелдеп жатыр
🧠 Формула:
дәлелдеп + жатыр + личное окончание
🔹 3. ЖЕДЕЛ ӨТКЕН ШАҚ
(Простое прошедшее время)
мен дәлелдедім — я доказал(а)
біз дәлелдедік
сен дәлелдедің
сендер дәлелдедіңдер
Сіз дәлелдедіңіз
Сіздер дәлелдедіңіздер
ол дәлелдеді
олар дәлелдеді
🧠 Формула:
дәлелде + ді + личное окончание
🔹 4. БҰРЫНҒЫ ӨТКЕН ШАҚ
(Давнопрошедшее — говорящий был свидетелем)
мен дәлелдегенмін — я когда-то доказал(а)
біз дәлелдегенбіз
сен дәлелдегенсің
сендер дәлелдегенсіңдер
Сіз дәлелдегенсіз
Сіздер дәлелдегенсіздер
ол дәлелдеген
олар дәлелдеген
🧠 Формула:
дәлелде + ген + личное окончание
🔹 5. КҮМӘНДІ ӨТКЕН ШАҚ
(Неочевидное прошедшее)
мен дәлелдеппін — оказывается, я доказал(а)
біз дәлелдеппіз
сен дәлелдепсің
сендер дәлелдепсіңдер
Сіз дәлелдепсіз
Сіздер дәлелдепсіздер
ол дәлелдепті
олар дәлелдепті
🧠 Формула:
дәлелдеп + пін / ті
🔹 6. АУЫСПАЛЫ ӨТКЕН ШАҚ
(Повторяющееся действие в прошлом)
мен дәлелдейтінмін — я обычно доказывал(а)
біз дәлелдейтінбіз
сен дәлелдейтінсің
сендер дәлелдейтінсіңдер
Сіз дәлелдейтінсіз
Сіздер дәлелдейтінсіздер
ол дәлелдейтін
олар дәлелдейтін
🧠 Формула:
дәлелдейтін + мін / сің / сіз
🔹 7. БОЛЖАЛДЫ КЕЛЕР ШАҚ
(Предположительное будущее)
мен дәлелдермін — наверное, буду доказывать
біз дәлелдерміз
сен дәлелдерсің
сендер дәлелдерсіңдер
Сіз дәлелдерсіз
Сіздер дәлелдерсіздер
ол дәлелдер
олар дәлелдер
🧠 Формула:
дәлелдер + мін / сің / сіз
🔹 8. МАҚСАТТЫ КЕЛЕР ШАҚ
(Будущее намерения)
мен дәлелдемекпін — я собираюсь доказывать
біз дәлелдемекпіз
сен дәлелдемексің
сендер дәлелдемексіңдер
Сіз дәлелдемексіз
Сіздер дәлелдемексіздер
ол дәлелдемек
олар дәлелдемек
🧠 Формула:
дәлелдемек + пін / сің / сіз
🔹 9. ШАРТТЫ РАЙ
(Условное наклонение)
мен дәлелдесем — если я буду доказывать / если я докажу
біз дәлелдесек
сен дәлелдесең
сендер дәлелдесеңдер
Сіз дәлелдесеңіз
Сіздер дәлелдесеңіздер
ол дәлелдесе
олар дәлелдесе
🧠 Формула:
дәлелде + се + личное окончание
🔹 10. БҰЙРЫҚ РАЙ
(Повелительное наклонение)
мен дәлелдейін — дай-ка я докажу
біз дәлелдейік
сен дәлелде
сендер дәлелдеңдер
Сіз дәлелдеңіз
Сіздер дәлелдеңіздер
ол дәлелдесін
олар дәлелдесін
🔹 11. ҚАЛАУ РАЙ
(Желательное наклонение)
менің дәлелдегім келеді — я хочу доказать
біздің дәлелдегіміз келеді
сенің дәлелдегің келеді
сендердің дәлелдегілерің келеді
Сіздің дәлелдегіңіз келеді
Сіздердің дәлелдегілеріңіз келеді
оның дәлелдегісі келеді
олардың дәлелдегілері келеді
🔹 12. ЕСІМШЕ
(Причастие)
дәлелдеген — доказавший, доказанный
дәлелдейтін — который доказывает / обычно доказывает
дәлелдер — который будет доказывать
🔹 13. КӨСЕМШЕ
(Деепричастие)
дәлелдеп — доказывая, доказав
дәлелдей — доказывая
дәлелдегелі — собираясь доказывать / с тех пор как собрался доказывать
Скрыть грамматику
📓 СӨЗДІК / СЛОВАРЬ
пруфтары бар ма? — а пруфы есть?
қазіргі тілде — в современном языке
тіркес — выражение, словосочетание
өте танымал — очень популярный
білдіреді — означает
(білдіру — означать)
мұны — это
(бұл — это, -ны — вин. падеж)
дәлелдей аласың ба? — можешь доказать?
(дәлелдеу — доказывать)
бүгінгі күні — сегодня, в наши дни
неге — почему
соншалықты — настолько
себебі — причина, потому что
фейктердің кесірінен — из-за фейков
(кесірінен — из-за)
интернетте — в интернете
фейк деп атап кеткен — привыкли называть фейком
(атап кету — назвать)
жалған ақпарат — ложная информация
көп таралады — широко распространяется
(таралу — распространяться)
бір танысымыз — один наш знакомый
(таныс — знакомый)
WhatsApp немесе Telegram арқылы — через WhatsApp или Telegram
өзімізге — нам самим
(өзіміз — мы сами)
сенімсіз болып көрінетін — кажущаяся сомнительной
(сенімсіз — ненадёжный, сомнительный)
қандай да бір — какой-либо
таңғаларлық ақпарат — удивительная, невероятная информация
жіберсе — если отправит
(жіберу — отправлять)
жауап береміз — отвечаем
(жауап беру — отвечать)
ақпараттың — информации
рас екенін — что она правдивая
(рас — правда)
дәлелдеу үшін — чтобы доказать
шынайылығын — достоверность, подлинность
(шынайылық — подлинность)
растайтын — подтверждающие
(растау — подтверждать)
сайттарға — на сайты
сілтемелерді — ссылки
(сілтеме — ссылка)
фотосуреттерді — фотографии
бейнематериалдарды — видеоматериалы
басқа да дәлелдерді — другие доказательства
жібереді — отправляет
(жіберу — отправлять)
ештеңе жібермей — ничего не отправляя
ештеңені дәлелдеуге тырыспай — не пытаясь ничего доказать
білмеймін — не знаю
біреу — кто-то
маған — мне
саған — тебе
жібере салдым — просто переслал
(жібере салу — взять и отправить, переслать без раздумий)
жауап беруі мүмкін — может ответить
кейбір адамдар — некоторые люди
келгеннің бәріне — всему, что приходит
көргеннің бәріне — всему, что видят
сене береді — продолжают верить, верят без раздумий
(сене беру — просто верить)
ондай адамдарды — таких людей
жеке танимын — лично знаю
(жеке — лично, тану — знать)
кез келген — любой
шынайылығын — достоверность
тексеріп алу — проверить для себя
(тексеріп алу — предварительно проверить)
әдеті — привычка
қалыптасып қойған — уже сформировалась, уже выработалась
(қалыптасу — формироваться)
Скрыть словарь
|