Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 26

Автор: Рауль Керимбаев

26-01
Апай, кешіріңізші, байқамай қалдым. Апай, простите меня, я не заметил.
Келсеңіз, қатты қуанамыз. Мы будем очень рады, если Вы придёте.
Ауылдарың қандай əдемі. Какое у вас село красивое.
Ал енді мен саған не деймін? Ну, что я тебе теперь скажу?
Ал ішетін бірдемелерің бар ма? Ну, есть у вас что выпить?
Ондай ештеме болмай тұр. Ничего такого нет.
Тінтіп болдыңыз ба? Вы закончили обыск?
Түнгі оқиға. Ночное происшествие.
Сен өзің, өз бақытың туралы ойлауға тиіссің. Ты должна подумать о себе, о своём счастье.
Қайда бара жатырсың? Тұрмыз ғой кезекте! Сен де тұр кезекке! Тұр бар кезекке! Ты куда идёшь? Мы же стоим в очереди! И ты вставай в очередь! Иди, вставай в очередь!
26-02
Мен осында жұмыс істеймін. Я здесь работаю.
Бір сағат болды ғой тұрғанымызға. Мы уже час ждём.
Ішінен ешкім шыққан жоқ па? Ішінде кім бар еді өзі? Никто не выходил оттуда? Кто-нибудь там есть вообще?
Өзің ақша тапқан кезде ғана өз пікіріңді айта аласың. Своё мнение будешь иметь тогда, когда начнёшь получать деньги.
Бүгін ертерек жат. Жұмыс деп отырып қалма. Ложись-ка сегодня пораньше. Не засиживайся за работой.
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Земля, где я родился и вырос - суверенный Казахстан.
Таңертең ерте кетесің, түнде бірақ келесің. Дауысыңды да ұмытып қалдым. Утром рано уходишь, вечером поздно приходишь. Я и голос твой забыл.
Бекер істегенсің! Напрасно сделал!
Не болды, неге таласып жатырсыздар? Что случилось, почему вы спорите?
Есімнен шығып кетіпті ғой өзі. Я совсем забыл.
26-03
Қазіргі жігіттердің түріне қарап сенуге болмайды. Глядя на современных парней, верить им нельзя.
Ал, қуанышың қайырлы болсын! Ну, пусть твоя радость будет доброй!
Сен ұмытып кетпейсің бе? Ты не забудешь?
Мен қашан ұмытушы едім, айтшы маған? Я когда забывал, скажи мне?
Мен балабақша тәрбиеленушісіне ұқсаймын ба? Я похожа на воспитанницу детского сада?
Есімде! Бәрі де есімде! Я помню! Всё помню!
Құдай оған ұзақ ғұмыр мен денсаулық берсін! Дай ему Бог здоровья и долгих лет!
Сен одан кешірім сұрауға тиіссің. Ты должна попросить у неё прощения.
Ол кино есіме түсіп кетті. Я вспомнила это кино.
Не мәселемен келдіңіз, соны айтсаңыз? С чем пожаловали?
26-04
Мен сізге дәрігер ретінде айтып тұрмын! Я Вам, как врач, говорю!
Бұл туралы ешкімге айтушы болма. Про это никому не говори.
Жап аузыңды! Мен саған бұйырамын. Замолчи! Я тебе приказываю!
Сіз мені танымадыңыз ба? Вы меня не узнали?
Кел, отыр. Әңгіме бар. Подойди, садись. Разговор есть.
Мен айтарымды айтып болдым. Я всё, что хотела сказать, сказала.
Оқуды жалғастырасың ба, әлде біржола тастадың ба? Ты будешь продолжать учебу, или бросил совсем уже?
Алдымен осының басын ашып алайықшы. Давайте в начале выясним это.
Мәссаған, тағы ұмытып бара жатыр екенмін... Ну, вот... опять забываю...
Оқымаған адамның күні құрысын. Өмірбақи қара жұмыс істеп өтесің. Проживёшь неучем. Всю жизнь будешь заниматься чёрной работой.
26-05
Құдайға шүкір, ешкімнен жаман тұрмайды. Слава Богу, они живут не хуже других.
Өрт болған жағдайда жүз бір нөміріне хабарласыңыз. При пожаре звоните по телефону 101.
Уақыт сені күтіп тұрмайды ғой. Время тебя ждать не будет же.
Сен қалай ойлайсың? Ты как думаешь?
Мен саған бөтен біреу емеспін ғой. Я ведь тебе не какой-то там чужой.
Еркекке сенім жоқ, қалтасына ақша түссе ұстап қояды. Мужчинам нет веры. Если деньги в карман попали, он их истратит.
Осылай істегенім дұрыс болды. Правильно, что я так сделала.
Ол жағын ойланып көрерміз. Про это мы ещё подумаем.
Әркім өз шамасын білу керек. Каждый должен знать свои возможности.
Сол ма бар айтқаны? Это всё, что было сказано?
26-06
Ал, сүйіншіңізді дайындай беріңіз! Ну, готовьте суюнши! *Суюнши - подарок за радостную весть.
Мен сізді үйіңізге дейін шығарып салайын. Я Вас провожу до дому.
Енді қайтер екен? И что он, интересно, будет делать?
Онда мен не бітірмекпін? Чего мне там делать?
Қарай гөр өзің! Ишь ты! Ты посмотри на него!
Неге ерте кетіп бара жатырсың? Почему так рано уходишь?
Сендер менің жағдайым жақсы білесіңдер ғой. Вы же хорошо знаете моё положение.
Қалай арықтаймын, а? Как бы мне похудеть?
Туу, сенің уайымды маған берсе ғой. У, мне бы твои проблемы.
Адамды қызықтырмай отыршы. Не дразни, пожалуйста.
26-07
Сен жаңа үйге кетіп бара жатыр едің ғой. Ты же домой собиралась?
Сен қылмыс жасап отырсың. Ты совершаешь преступление.
Сендерге ештеңе айтуға болмайды. Вам ничего нельзя говорить.
Шаруаң қанша? Есеп беруім керек пе? Какое твоё дело? Я должен давать тебе отчёт что ли?
Кеше кездескенімізде ұрсысып қалдық. Вчера, когда встретились, поругались.
Айғайлама, жұрттан ұят болады. Не кричи, перед людьми стыдно.
Арғы жағы есімде жоқ. Что было потом, не помню.
Ұмытып қалған жоқсың ба? Ты не забыла?
Масқара, мынау не? Ужас, что это?
Бірақ не таңдайтынымды білмеймін. Но не знаю, что выбрать.
26-08
Кешіріңіз, сөзімді қайтып аламын. Извините, забираю свои слова обратно.
Осы жолдан таймаңыз. Не сходите с этого пути.
Неге жалғыз болғың келеді? Почему хочешь быть одна?
Себебі осыдан бір жыл бұрын сүйген жігітімнен айрылдым. Потому что год назад рассталась с парнем, которого любила.
Енді ешбір жігітпен жүргім келмейді. Теперь не хочу дружить ни с одним парнем.
Өз жолымен бара бер. Иди своей дорогой.
Жоқ, сен қате түсіндің! Нет, ты неправильно поняла!
Неге ұрысып қалдыңдар осы? Вообще, почему поругались?
Ол өзі бірінші бастаған! Она сама первой начала!
Қалай оны көрмейсің? Как ты этого не видишь?
26-09
Қайда жиналып жатырсыңдар? Куда вы собрались?
Сенің əжеңе барамыз екі күнге. К твоей бабушке на 2 дня.
Жалғыз қаламын ба? Я что одна останусь?
Мен олай айтқаным жоқ. Я так не говорил.
Жүрегімді жаралап кеткің келе ме? Ты хочешь разбить моё сердце?
Өмір сүргің келмей жүр ме? Тебе что, жить надоело?
Жүрегім жыртылып кетейін деп отыр. Сердце моё разрывается.
Күйеуім осыны көрсе ғой! Менің қадірімді білер еді! Видел бы мой муж это! Он бы знал мою ценность!
«Мына саған кім қарайды?» деп жүреді ылғи... Постоянно говорит: «Ну, кто на тебя посмотрит...?»
Мес қарын, саған кім қарайды? Пузатый, кто на тебя посмотрит?
26-10
Сізді бір жерден көрген сияқтымын? Я, кажется, где-то Вас видел?
Бәрінде ұят жоқ! Ни у кого нет совести!
Заман бұзылды ма, адам бұзылды ма? Времена испортились, или люди испортились?
О, махаббат, осындайсың ба? О любовь, ты такая что ли?
Себебін түсіндірші. Объясни, пожалуйста, причину.
Неге түсінбейсіңдер? Оқымаймын деген соң оқымаймын! Почему вы не понимаете? Сказал не буду учиться, поэтому не буду учиться!
Мынаның айтып отырған сөзін естідің бе? Ты слышал, что этот говорит?
Сонда не істемексің? Білуге бола ма? И что ты тогда собрался делать? Можно узнать?
Не істеуші ем? Жұмыс істеймін. Что делать буду? Работать буду.
Үйленемін... Бала-шағам болады. Женюсь... Дети у меня будут.
26-11
Ұлыңыз үйленетін көрінеді! Ваш сын, похоже, женится!
Бірақ сонда бала-шағаңды қайтып бағасың? Но как ты будешь растить своих детей?
Не дипломың, не өнерің жоқ. У тебя что диплома нет, что своего мастерства нет.
Оқимын ба, әскерге барам ба, жоқ әлде жұмыс істеймін бе, өзім ғана шешуге тиіспін. Учиться ли мне, в армию ли мне идти, или буду работать - это я сам должен решить.
Маған енді қоятын сұрақтарын бар ма? Теперь есть у вас ко мне вопросы?
Жоқ болса, әңгіме осымен тамам... Мен кеттім. Если нет, разговор на этом закончен... Я пошёл.
Қандай ұятсызсың. Какой ты бессовестный.
Онда былай болсын... Тогда пусть будет так...
Балалар ұйықтайтын уақыт болыпты. Детское время кончилось.
Өскенде түсінесің. Когда подрастёшь - поймёшь.
26-12
Мені аямаған адамды мен неге аяуым керек. Зачем мне жалеть человека, который меня не пожалел.
Әйтпесе, барасың барар жеріне. Иначе, отправишься куда надо.
Қалай үйреніп алғансың?! Как ты научился?
Шын ба? Ұмытып кетпейсің бе бұл уәдеңді?! Правда? Ты не забудешь про это обещание?
Жарығым-ау, жүдеп кетіпсің ғой! Не болған сонша?! Светик мой, ты же похудел! Что случилось такого?
Өзі қайда екен? И где он сам?
Жатыр үйінде. Дома лежит.
Аман-сау бармысың, бауырым! Ты жив-здоров, брат!
Кездеспегелі неше жыл өтті екен?! Сколько же лет мы не виделись-то?
Кемінде жиырма бес жыл бар-ау! По меньшей мере, 25 лет прошло!
26-13
Мен сені қатты сағындым. Түсіме де жиі кіресің. Я сильно по тебе соскучился. И во сне ты часто приходишь.
Сен мұндай емес едің ғой. Ты же не был таким.
Бекер әурелендіңіз ғой! Вы зря беспокоились!
Маған не алып келдің? Ты что мне принёс?
Оның барлық қылықтарын айта беруге уақыт тар. Чтобы рассказать все его проделки времени мало.
Шыдамдылықтың да шегі бар ғой! И у терпения есть же предел!
Естідің бе, Астанаға көшетін болдық қой. Ты слышал, мы всё-таки переезжаем в Астану.
Сендер үйге бара беріңдер. Мен қазір келем. Вы идите домой. Я сейчас приду. (келем=келемін)
Сәлем құрбым! Привет, подруга!
Қазір бәрін түсінесің. Ты сейчас всё поймёшь.
26-14
Егжей-тегжейлерді нақтылауымыз қажет. Нам надо обговорить детали.
Сен неғып ұйықтамай отырсың? Ты почему не спишь?
Сен өзің қайда барайын деп едің? Ты куда это собралась идти?
Мені ұйықтатып тастап, сен өзің қайда барайын деп едің? Ты куда это собралась идти, меня усыпив?
Айғайлама. Балаларды шошытасың. Не кричи. Детей разбудишь (испугаешь).
Күні бойы мені жамандап балаларды маған қарсы қойғанбысың? Целый день говоришь про меня детям плохое, и настраиваешь против меня?
Өте әдемі шығыпты. Очень хорошо вышло.
Жауабыңызды тағатсыздана күтемін! С нетерпением жду ответа!
Шын пейілмен! С удовольствием!
Міндетті түрде керек болады. Обязательно будет нужно.
26-15
Біз не боп барамыз, өзі? Куда мы, вообще, катимся?
Мен кейінірек келемін. Я приду попозже.
Мұнда неғып отырсыз? Что Вы здесь делаете?
Демалып отырмын. Отдыхаю.
Енді асықпасақ та болады. Теперь можно и не торопиться.
«Қайдан алдың» десе не деймін? Что я скажу, если спросят: «Откуда ты взял?»
Шындықты айтасың. Правду скажешь.
Секеңдегеніңді қой! Түзу тұр! Прекрати подпрыгивать! Стой смирно!
Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Ты где этому научился?
Бұл немене тағы? Что это ещё?
26-16
Сен неге үлкендердің әңгімесіне жағаласасың? Ты почему пререкаешься со взрослыми?
Құлағыңды түріп алыпсың ғой, біреулердің әңгімесін тыңдауға ұялмайсың ба? Тез құлағыңды жап! Растопырил уши, подслушивать разговоры других не стыдно тебе? Быстро закрой уши!
Мен кімге айтып тұрмын. Жылама! Я кому говорю. Не плачь!
Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған? Ты чего плачешь? Ты чего плачешь, я тебе говорю?
Жылайтындай не болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой! Что случилось, чтобы плакать? Ты меня в краску загоняешь!
Неғып үндемей қалдың, мен сенімен сөйлесіп тұрмын ғой, керең не ме?! И что ты замолк, я же с тобой разговариваю, глухой ребёнок?!
Неге жан-жағыңа алақтай бересің? Жолға қара. Жан-жағыңа қарама! Ты что вертишься по сторонам? На дорогу смотри. Не смотри по сторонам!
Уақыт жоқ, аяғыңның астына қара, сүрінесің де жүресің! Времени нет, смотри под ноги, ходишь только спотыкаешься!
Қойшы! Не былшылдап кеттің, уақыт жоқ, онсыз да кешігіп келеміз. Прекрати! Что ты несёшь, нет времени, и без того опаздываем.
Осы сен үндемей жүре аласың ба? Тез аузыңды жап! Ты вот можешь молча идти? Быстро закрой рот!
26-17
Жолыңа қара, сүрінбей, соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы! Смотри на дорогу, не спотыкаясь, ты посмотри на него, как слепой идёт!
Бол тез! Әкел қолыңды! Давай быстрей! Дай руку!
Таста дедім мен саған. Тарт қолыңды! Брось, я сказала! Убери руку!
Сен бізді дұрыс түсін. Ты нас пойми правильно.
Сен ештеңе байқамадың ба? Ты ничего не заметил?
Жаным, қандай иіссу сеуіп алғансың? Иісі керемет! Дорогая, какими духами ты надушилась? Приятный запах!
Кешегі сен сыйлаған француз әтірі ғой. Это, подаренные тобой вчера, французские духи.
Мен Күлшеқызы сияқтымын, үйдегі бар шаруаңды атқарамын: жинаймын, жуамын, пісіремін. Я, как Золушка, всё выполняю по дому: убираюсь, стираю, варю.
Саған айтып едім ғой, маған тұрмысқа шықсаң, ертегідегідей өмір сүретін боласың деп. Я же говорил тебе, что ты будешь жить, как в сказке, если выйдешь за меня замуж.
Менің «балалық шағым» болған жоқ. У меня не было детства.
26-18
Кезекпен сөйлеңдер. Говорите по очереди.
Алла бәрін көріп тұр. Бог видит всё.
Сіздің есіңізде шығар.... Вы, наверное, помните...
Жаным, маған тұрмысқа шығасың ба? Дорогая, ты выйдешь за меня замуж?
Ол отбасылы болды ма? Он женился?
Иә, ол жақында отбасылы болды. Да, он недавно женился.
Тұз төгіліп қалды ма? Бұл - «ұрыс болады» деген белгі. Соль рассыпалась? Это знак, что поругаемся.
Жағаласпай, шықшы әрі асүйден! Выйди из кухни подальше, не пререкаясь!
Қателестіңіз. Вы ошиблись.
Біздің құндылықтарымыз. Наши ценности.
26-19
Босағада тұрма. Не стой у порога.
Сөздерді қысқарт. Кончай болтать.
Мен болмасам, сен осындай дәрежеге жетер ме едің? Если бы не я, ты разве добился бы того уровня?
Қанша ақша сұрасаң, сонша ақша тауып беріп жүрдім. Сколько денег тебе нужно было, столько я для тебя находила.
Қой, бұларға көмектеспесе болмайды. Нет, не помочь им нельзя.
Әлі бұл мәселеге оралармыз. Мы ещё вернёмся к этому вопросу.
Сені жалғыз жібермеймін. Я тебя одну не отпущу.
Бәрібір бірге барып келейікші. Давай вместе сходим.
Жоспарсыз жұмыс істейсіңдер. Вы без плана работаете.
Бастықтың ең сенімді серігі кім? Кто самый верный друг начальника?
26-20
Сіздің біздің өлкемізге келуіңіздің құрметіне мына бір шағын сыйлықты қабыл алыңыз. В честь Вашего приезда в наш край примите небольшой подарок.
Мен сыйлық алмаймын. Я подарки не беру.
Сыйлық болғанда кәдесый ғой әншейін. Это не подарок, а просто сувенир же.
Бұл - нағыз зиянкестік. Это настоящее вредительство.
Су бетіне шығарамын мен оны. Я выведу его на чистую воду.
Неменеге келгеніңді ұмытып қалдың ба? Ты что забыл, для чего ты пришёл?
Мұны менен артық ешкім білмейді. Лучше меня это никто не знает.
Сіз сияқты сауатты азаматтар көбірек болсын. Пусть таких, как Вы, грамотных людей, будет побольше.
Егер күшіміз жетпесе қайтеміз? Что мы будет делать, если наших сил не хватит?
Мен келісе салдым. Я согласилась.

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 25 Вернуться к началу Полезные фразы 27  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга