Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын
 Қаз/Qaz 

Работа стр.2

Жұмыс 2-бет / Jūmys 2-bet
Краткий русско-казахский сборник


Автор: Рауль Керимбаев

Р-21
Жиналысты жабық деп жариялаймын. Собрание объявляю закрытым. Jinalysty jabyq dep jarialaimyn.
Бөлім бастығы ауырып қалды, енді оның міндетін уақытша орындайтын сен боласың. Начальник отдела заболел, теперь ты временно исполняешь его обязанности. Bölım bastyğy auyryp qaldy, endı onyñ mındetın uaqytşa oryndaityn sen bolasyñ.
Сен осы аптада іс-сапарға барасың ба? Ты на этой неделе едешь в командировку? Sen osy aptada ıs-saparğa barasyñ ba?
Жоқ, іс-сапарға келесі аптада ғана барамын. Осы аптада басқа жұмыспен айналысамын. Нет, в командировку поеду только на следующей неделе. На этой неделе буду заниматься другими делами. Joq, ıs-saparğa kelesı aptada ğana baramyn. Osy aptada basqa jūmyspen ainalysamyn.
Сәрсенбіге қарай осы жұмысты қолға алып аяқтауың керек. Это дело тебе надо закончить к среде. Särsenbıge qarai osy jūmysty qolğa alyp aiaqtau kerek.
Үлгересің бе? Көмек беруім керек пе? Успеешь? Нужна моя помощь? Ülgeresıñ be? Kömek beruım kerek pe?
Уайымдама, есепті уақытында тапсырамыз. Не беспокойся, отчёт сдадим в положенный срок. Uaiymdama, esep uaqytynda tapsyramyz.
Қай оқу орнын бітірдіңіз? Какое учебное заведение Вы закончили? Qai oqu ornyn bıtırñız?
Жұмыс орныңыз қай жерде? Где находится Ваша работа? Jūmys ornyñyz qai jerde?
Мекемеңіз қай көшеде орналасқан? На какой улице расположено Ваше учреждение? Mekemeñız qai köşede ornalasqan?
Р-22
Жұмыс тәртіптеріңіз қандай? Какой у вас график работы? Jūmys tärtıpterıñız qandai?
Бұл қай бөлім? Какой это отдел? Būl qai bölım?
Сізге қай бөлім қажет еді? Какой отдел Вам нужен? Sızge qai bölım qajet edı?
Кесте бойынша ілігесіздер ме? Успеете по графику? Keste boiynşa ılıgesızder me?
Ілігеміз. Успеем. Ilıgemız.
Сізден өтініп сұраймын. Убедительно прошу Вас. Sızden ötınıp sūraimyn.
Алдын ала рақмет айтамын. Заранее признателен. Aldyn ala raqmet aitamyn.
Құжаттарды мезгілімен жіберіңіз. Отправьте документы вовремя. Qūjattardy mezgılımen jıberıñız.
Мені екі ай бұрын қысқартып жіберген. Меня сократили 2 месяца назад. Menı ekı ai būryn qysqartyp jıbergen.
Енді мен үйде, балаларымды тәрбиелеумен айналысамын. Теперь я сижу дома и воспитываю детей. Endı men üide, balalarymdy tärbieleumen ainalysamyn.
Р-23
Дүйсенбіде бөлім мәжілісіне дайындаламын. В понедельник буду готовиться к собранию в отделе. Düisenbıde bölım mäjılısıne daiyndalamyn.
Жұмысыма асығып барамын. Я опаздываю на работу. Jūmysyma asyğyp baramyn.
Қайда жұмыс істейсің? Жұмыс орның алыс па? Ты где работаешь? Далеко ли до работы? Qaida jūmys ısteisıñ? Jūmys orn alys pa?
Онда қандай жұмыс атқарасың? Мамандығың қандай? Какую работу ты там выполняешь? Какая у тебя специальность? Onda qandai jūmys atqarasyñ? Mamandyğ qandai?
Мен есеп айырысу бөлімінде оператормын. Я работаю оператором в расчетном отделе. Men esep aiyrysu bölımınde operatormyn.
Шұғыл шаруаларды бүгін бітіріп алғаныңыз дұрыс. Лучше сегодня закончить все неотложные дела. Şūğyl şarualardy bügın bıtırıp alğanyñyz dūrys.
Жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз. Напишите заявление о приёме на работу. Jūmysqa qabyldau turaly ötınış jazyñyz.
Түйіндеме мен құжаттарыңызды әкелдіңіз бе? Вы принесли резюме и документы? Tüiındeme men qūjattaryñyzdy äkelñız be?
Қай тілде еркін сөйлейсіз? На каком языке Вы говорите свободно? Qai tılde erkın söileisız?
Жұмысым басынан асып жатыр. У меня много работы. Jūmysym basynan asyp jatyr.
Р-24
Тез жауап беруіңізді өтінемін. Прошу ответить немедленно. Tez jauap beruıñız ötınemın.
Мына хаттамаға қол қойып беріңізші. Подпишите, пожалуйста, этот протокол. Myna hattamağa qol qoiyp berıñızşı.
Бізге жұмыс орнынан еңбекақымызды төлемей жатыр. Нам на работе не платят заработную плату. Bızge jūmys ornynan eñbekaqymyzdy tölemei jatyr.
Сізде еңбек шартыңыз бар ма? У вас имеется трудовой договор? Sızde eñbek şartyñyz bar ma?
Жоқ, еңбек шарты бізге берілген жоқ. Нет, нам не давали трудовой договор. Joq, eñbek şarty bızge berılgen joq.
Оның қолынан келмейтіні жоқ. У него золотые руки. Onyñ qolynan kelmeitını joq.
Үйіңнен ерте шығып көрмедің бе? А ты не пробовал пораньше выйти из дома? Üiıñnen erte şyğyp körmeñ be?
Орындарыңызды ретке келтіріңіз. Приведите рабочее место в порядок. Oryndaryñyzdy retke keltırıñız.
Қандай жалақы алғыңыз келеді? Какую зарплату Вы хотели бы получать? Qandai jalaqy alğyñyz kele?
Біздің компания туралы не білесіз? Что Вы знаете о нашей компании? Bızdıñ kompania turaly ne bılesız?
Р-25
Неге бізде жұмыс істегіңіз келеді? Почему Вы хотите работать у нас? Nege bızde jūmys ısteñız kele?
Себебі, бұл - сенімді және дамытушы компания. Потому что, это надёжная и развивающая компания. Sebebı, būl - senımdı jäne damytuşy kompania.
Интернет жұмыс істемей тұр. Интернет не работает. İnternet jūmys ıstemei tūr.
Шұғыл тиісті шараларды қолданыңыз. Немедленно примите соответствующие меры. Şūğyl tiıstı şaralardy qoldanyñyz.
Мен бағдарламашымын. Я программист. Men bağdarlamaşymyn.
Иә, мен Павлодар мемлекеттік университетін бітіргенмін. Да, я закончил Павлодарский государственный университет. İä, men Pavlodar memlekettık universitetın bıtırgenmın.
Құжаттарыңызды қалдырыңыз. Оставьте документы. Qūjattaryñyzdy qaldyryñyz.
Алдымен мына құжаттарды шығарып беріңізші. Сначала распечатайте эти документы, пожалуйста. Aldymen myna qūjattardy şyğaryp berıñızşı.
Екі данасын басып шығарыңыз. Напечатайте два экземпляра. Ekı danasyn basyp şyğaryñyz.
Көшірмесін жасаңыз. Сделайте копию. Köşırmen jasañyz.
Р-26
Іскерлік кездесуге кешігуге болмайды. На деловую встречу опаздывать нельзя. Iskerlık kezdesuge keşıguge bolmaidy.
Газетте жарияланған хабарландыру бойынша келдім. Я пришёл по объявлению в газете. Gazette jarialanğan habarlandyru boiynşa kelm.
Керекті құжаттарыңыз бар ма? У Вас необходимые документы есть? Kerektı qūjattaryñyz bar ma?
Иә, резюме мен құжаттардың көшірмесін әкелдім. Да, я принёс резюме и копии документов. İä, rezüme men qūjattardyñ köşırmen äkelm.
Сіздің мамандығыңыз қандай? Какая у Вас специальность? Sızdıñ mamandyğyñyz qandai?
Сен қандай шетел тілдерін білесің? Какие иностранные языки ты знаешь? Sen qandai şetel tılderın bılesıñ?
Жоғары біліміңіз бар ма? У Вас есть высшее образование? Joğary bılımıñız bar ma?
Ал енді жұмысқа орала беріңдер. А теперь возвращайтесь к работе. Al endı jūmysqa orala berıñder.
Жұмыс күн қалай өтті? Как прошёл рабочий день Jūmys kün qalai öt?
Сізге әрқашан да қызмет етуге дайынбыз. Мы всегда к вашим услугам. Sızge ärqaşan da qyzmet etuge daiynbyz.
Р-27
Жақсы, мен кейін қол саламын. Хорошо, я потом подпишу. Jaqsy, men keiın qol salamyn.
Бастықпен кездеспекші едім. Я хотел бы встретиться с начальником. Bastyqpen kezdespekşı em.
Сенің көмегің қажет. Мне нужна твоя помощь. Senıñ kömegıñ qajet.
Неге кешігіп келдің? Ты почему опоздала? Nege keşıgıp kelñ?
Міне. Сізге жіберді жұмысқа. Вот. К вам направили на работу. Mıne. Sızge jıber jūmysqa.
Рақмет. Сіздер көп тер төктіңіздер. Спасибо. Вы много вложили труда. Raqmet. Sızder köp ter tökñızder.
Бұл біздің жұмысымыз. Это наша работа. Būl bızdıñ jūmysymyz.
Мені жұмысқа шақырып жатыр. Меня вызывают на работу. Menı jūmysqa şaqyryp jatyr.
Бұлай болмайды! Так не пойдёт! Būlai bolmaidy!
Қазір анықтаймыз. Сейчас разберёмся. Qazır anyqtaimyz.
Р-28
Бәрі жоспар бойынша болсын. Пусть всё будет по плану. Bärı jospar boiynşa bolsyn.
Мен айлық есепті әзірледім. Я подготовил месячный отчёт. Men ailyq esep äzırlem.
Бұны осылай қалдыруға болмайды. Это нельзя так оставлять. Būny osylai qaldyruğa bolmaidy.
Айтуыма рұқсат етіңізші. Разрешите мне сказать. Aituyma rūqsat etıñızşı.
Соны түсіндірші маған! Объясни мне это! Sony tüsındırşı mağan!
Олар ештеңе дәлелдей алмайды. Они ничего не докажут. Olar eşteñe däleldei almaidy.
Біз олардың үлгілерін көргіміз келеді. Мы хотим посмотреть их образцы. Bız olardyñ ülgılerın körmız kele.
Аяғына дейін жеткізу керек қой. Надо же довести до конца. Aiağyna deiın jetkızu kerek qoi.
Міне, тамаша. Бір мәселе болса да шешілді. Вот прекрасно. Хоть одна проблема, да решилась. Mıne, tamaşa. Bır mäsele bolsa da şeşıl.
Солай деп топшылаймын. Я так предполагаю. Solai dep topşylaimyn.
Р-29
Сіздердің қандай ұсыныстарыңыз бар? Какие у вас есть предложения? Sızderdıñ qandai ūsynystaryñyz bar?
Бірақ ақша жағы қиын. Но с деньгами туго. Bıraq aqşa jağy qiyn.
Менің жұмыс тәжірибем бар. У меня есть опыт работы. Menıñ jūmys täjıribem bar.
Біз бір бірімізді дұрыс түсінбеген екенбіз. Мы не поняли друг друга. Bız bır bırımız dūrys tüsınbegen ekenbız.
Біз бұл мәселені екеуара шешеміз. Этот вопрос мы решим между собой. Bız būl mäsele ekeuara şeşemız.
Бірақ әдеттегідей, бұдан ештеңе шықпады. Но, как всегда, из этого ничего не вышло. Bıraq ädettegıdei, būdan eşteñe şyqpady.
Жұмыстан соң. После работы. Jūmystan soñ.
Мен жұмыс бабымен Астанаға кетіп барамын. Я по работе уезжаю в Астану. Men jūmys babymen Astanağa ketıp baramyn.
Астанаға қандай мақсатпен барғалы жатырсыз? С какой целью Вы едете в Астану? Astanağa qandai maqsatpen barğaly jatyrsyz?
Іссапарыңыз қанша күнге созылады? Сколько дней продлится Ваша командировка? Issaparyñyz qanşa künge sozylady?
Р-30
Сіз неге бұны істеген жоқсыз? Почему Вы это не сделали? Sız nege būny ıstegen joqsyz?
Сен не бүлдіріп жүрсің? Ты что вытворяешь? Sen ne büldırıp jürsıñ?
Мен не бүлдіріппін? Что я вытворяю? Men ne büldırıppın?
Бұл - кездейсоқтық. Это случайность. Būl - kezdeisoqtyq.
Ол үнемі кешігіп келеді. Он постоянно опаздывает. Ol ünemı keşıgıp kele.
Олай бола қоймас. Этому не бывать. Olai bola qoimas.
Мекен-жайыңыз қандай? Какой у вас адрес? Meken-jaiyñyz qandai?
Онда бейсенбіде кездесеміз. Тогда встретимся в четверг. Onda beisenbıde kezdesemız.
Хабарлама жолда. Отправляй сообщение. Habarlama jolda.
Мен де солай ойлаймын. И я так думаю. Men de solai oilaimyn.
Р-31
Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Обратите внимание на свое здоровье. Densaulyğyñyzğa köñıl bölıñız.
Қаулы қабылдаймыз. Принимаем постановление. Qauly qabyldaimyz.
Ертең құжаттарыңды алып кел. Завтра принеси свои документы. Erteñ qūjattardy alyp kel.
Сақтандыруды рәсімдейік. Будем оформлять страховку. Saqtandyrudy räsımdeiık.
Сені жұмысқа қабылдады ма? Тебя приняли на работу? Senı jūmysqa qabyldady ma?
Қызметіңізді атқаруға қашан кірісе аласыз? Когда вы могли бы приступить к выполнению ваших обязанностей? Qyzmetıñız atqaruğa qaşan kırıse alasyz?
Бұл адам тәжірибелі маман ба? Этот человек опытный специалист? Būl adam täjıribelı maman ba?
Қазір қолыңыз бос па? Сейчас Вы не заняты? Qazır qolyñyz bos pa?
Жоқ, сондай мақсат алдымда қойылмаған. Нет, такой цели я не ставил. Joq, sondai maqsat aldymda qoiylmağan.
Бізге қатаң тәртіпте жұмыс істеуге келеді. Нам придётся работать в жёстком режиме. Bızge qatañ tärtıpte jūmys ısteuge kele.
Р-32
Кім саған рұқсат етті? Кто тебе разрешал? Kım sağan rūqsat et?
Менің әріптесім білімді, тәжірибелі, зиялы. Мой коллега образованный, опытный, интеллигентный. Menıñ ärıptesım bılımdı, täjıribelı, zialy.
Қазақ тілінде аздап сөйлейді. Он немного говорит на казахском языке. Qazaq tılınde azdap söilei.
Адамдармен оңай тіл табысады. Он коммуникабельный. Adamdarmen oñai tıl tabysady.
Біз олармен келісе алмай жатырмыз. Мы не можем с ними договориться. Bız olarmen kelıse almai jatyrmyz.
Барлық есепті осы аптада тапсыра аламыз ба? Мы успеем сдать все отчеты на этой неделе? Barlyq esep osy aptada tapsyra alamyz ba?
Білмеймін, бірақ жанымызды салып тырысуымыз керек. Не знаю, но нужно постараться изо всех сил. Bılmeimın, bıraq janymyzdy salyp tyrysuymyz kerek.
Онікі мүлде дұрыс. Он абсолютно прав. Onıkı mülde dūrys.
Қимылдаңдар! Шевелитесь! Qimyldañdar!
Әзірше осы. Пока всё. Äzırşe osy.
Р-33
Қазірге осы. На сейчас всё. Qazırge osy.
Ол біздің бастығымыз. Он наш начальник. Ol bızdıñ bastyğymyz.
Біз ең маңызды кенесті өткізіп отырғанда, сен жоқсың. Мы проводим очень важное совещание, а тебя нет. Bız eñ mañyzdy kenes ötkızıp otyrğanda, sen joqsyñ.
Мен кеттім. Әлі бірнеше кездесуім бар. Я поехал. У меня ещё несколько встреч. Men ketm. Älı bırneşe kezdesuım bar.
Екі аяғын қолына ұстап тез мұнда кел. Ноги в руки и быстро иди сюда. Ekı aiağyn qolyna ūstap tez mūnda kel.
Мен саған не істеу керек екенін айтамын. Я скажу тебе, что нужно делать. Men sağan ne ısteu kerek ekenın aitamyn.
Сіздің сөзіңізді бөлгеніме кешірім сұраймын. Извините, что я Вас перебил. Sızdıñ sözıñız bölgenıme keşırım sūraimyn.
Өзіңізге қалай ыңғайлы солай айта беріңіз. Как Вам удобно, так и говорите. Özıñızge qalai yñğaily solai aita berıñız.
Қай жаққа бара жатырсыз? Куда Вы едете? Qai jaqqa bara jatyrsyz?
«Сізге хабарласамыз» деген «Жұмысқа алмаймыз» деген сөз ғой. “Мы Вам позвоним” означает “На работу не возьмём”. «Sızge habarlasamyz» degen «Jūmysqa almaimyz» degen söz ğoi.
Р-34
Ақшаға толы конверт аласың. Получишь полный конверт денег. Aqşağa toly konvert alasyñ.
Бізде бір орын босады. У нас появилась одна вакансия. Bızde bır oryn bosady.
Онікі сөзсіз дұрыс. Он абсолютно прав. Onıkı sözsız dūrys.
Сен бізге аса қажетсің. Ты нам очень нужен. Sen bızge asa qajetsıñ.
Баяндама аяқталды. Доклад окончен. Baiandama aiaqtaldy.
Басқа жұмысқа ауысты. Ушёл на другую работу. Basqa jūmysqa auysty.
Ақылдасып кеп артынан айтайын. Я посоветуюсь и потом скажу. Aqyldasyp kep artynan aitaiyn.
Ал сен неғып тұрсың, жұмысыңды істе. А ты что стоишь, давай работай. Al sen neğyp tūrsyñ, jūmysdy ıste.
Қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сделаем всё возможное. Qoldan kelgennıñ bärın jasaimyz.
Сіздер кімсіздер? Кто вы такие? Sızder kımsızder?
Р-35
Табыс тілеймін. Желаю успеха. Tabys tıleimın.
Ештеңе жақпайды саған. Тебе ничем не угодишь. Eşteñe jaqpaidy sağan.
Қай нұсқа дұрыс? Какой вариант правильный? Qai nūsqa dūrys?
Жақсы онда. Жұмысты аяқтаған соң келерсіз. Ну, хорошо. Придёте, когда закончите работу. Jaqsy onda. Jūmysty aiaqtağan soñ kelersız.
Қандай шара қолдануға болады? Какие можно принять меры? Qandai şara qoldanuğa bolady?
Сен біздің үмітімізді ақтай алмадың. Ты не оправдал наших надежд. Sen bızdıñ ümıtımız aqtai almadyñ.
Сен де қоймайды екенсің. Ты все не уймешься. Sen de qoimaidy ekensıñ.
Маған оңай боп жүр дейсіз бе? (боп=болып) Вы думаете, мне легко? Mağan oñai bop jür deisız be? (bop=bolyp)
Маған да қиын боп жүр. (боп=болып) Мне тоже трудно. Mağan da qiyn bop jür. (bop=bolyp)
Сіз кездесуде болдыңыз ба? Вы были на встрече? Sız kezdesude boldyñyz ba?
Р-36
Кездесу қалай өтті? Как прошла встреча? Kezdesu qalai öt?
Кездесу өте қызықты өтті. Встреча прошла очень интересно. Kezdesu öte qyzyqty öt.
Келетініңді неге айтпадың? Почему ты не сказал, что приедешь? Keletınıñ nege aitpadyñ?
Неге хабар бермедің? Почему не известил? Nege habar bermeñ?
Келерде маған неге хабарласпадың? Почему не позвонил, когда приехал? Kelerde mağan nege habarlaspadyñ?
Хабарласуға ешқандай мүмкіндік болмады. Не было никакой возможности позвонить. Habarlasuğa eşqandai mümkındık bolmady.
Кідіре тұрсын. Пусть подождёт. Kıdıre tūrsyn.
Уақыттарыңызды алмай, мен келген шаруамды айтайын. Не буду занимать ваше время, скажу по какому делу пришёл. Uaqyttaryñyzdy almai, men kelgen şaruamdy aitaiyn.
Мені үйретіңізші. Научите меня. Menı üiretıñızşı.
Оның қандай қақысы бар? Какое она имеет право? Onyñ qandai qaqysy bar?
Р-37
Сіздің деніңіз сау ма? Здоровы ли вы? Sızdıñ denıñız sau ma?
Денім сау. Я здоров. Denım sau.
Тапсырманы қашан орындайсыз? Когда выполните поручение? Tapsyrmany qaşan oryndaisyz?
Тапсырманы келесі аптада орындаймын. Поручение выполню на следующей неделе. Tapsyrmany kelesı aptada oryndaimyn.
Сізге алғыс жариялаймын. Объявляю вам благодарность. Sızge alğys jarialaimyn.
Жұмыстың барысы қалай? Как идут дела? Jūmystyñ barysy qalai?
Жұмыстың барысы жаман. Дела идут плохо. Jūmystyñ barysy jaman.
Жоспарды орындап шығамыз. План выполним. Jospardy oryndap şyğamyz.

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Работа стр.1 Вернуться к началу На собрании  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга