Казахский язык
Главная
Существительные
Послелоги
Прилагательные
Числительные
Местоимения
Наречия, Союзы
Личные окончания
Глаголы
Вспомогательные глаголы
Причастия
 Деепричастия
Конструкции
Предложения
  Проверь себя!
  Упражнения
   Грамматика детям
  Удивительный мир
Видеокурс
   Разговорник
Фразеологизмы
   Книга для чтения
С казахским не шутят?
Рассказы
Сказки
Песни
Полезное
Словарь
Ссылки
Автор
Приветствие
Знакомство
Просьба
Согласие
Время
Телефон
В магазине
Пожелания
Благодарность
Приятного аппетита
Медицина
Дорога
Работа стр.1, стр.2
 Полезные фразы
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
 6 
 7 
 8 
 9 
 10 
 11 
 12 
 13 
 14 
 15 
 16 
 17 
 18 
 19 
 20 
 21 
 22 
 23 
 24 
 25 
 26 
 27 
 28 
 29 
 30 
 31 
 32 
 33 
 34 
 35 
 36 
 37 
 38 
 39 
 40 
 41 
 42 
 43 
 44 
 45 
 46 
 47 
 48 
Цитаты
 1 
 2 
 3 
 4 
 5 
Р. Керимбаев А. Керимбаев
«Русско-казахский сборник
фраз и словосочетаний»
Диалоги  стр.1  стр.2
Жаңа толқын

Полезные фразы

Сборник 44

Автор: Рауль Керимбаев

44-01
Қуаныштан оның көзі жайнап кетті. От радости его глаза засияли.
Бәрі осыдан басталды. Всё с этого началось.
Алматыда оқуды армандап едім. Я мечтал учиться в Алматы.
Көрінгенге тиісіп жүр. Он ходит, ко всем пристает.
Ол екеуміз қимас дос болатынбыз. Мы с ним были неразлучными друзьями.
Айтуға сөз жоқ. Просто нет слов.
Жұмысқа қашан кірісе аласыз? Когда сможете приступить к работе?
Жақсымын деп айта алмаймын, жаман да емеспін. Я не могу сказать, что я хороший, но и не плохой.
Ескертіп қояйын, әлі ол бала бізге қиындық тудырады. Я предупреждаю, у нас ещё будут проблемы с этим парнем.
Сенсіз қиын болды. Без тебя было трудно.
44-02
Ол болған жайтты білмейтін болсын. Пусть он не узнает о случившемся.
Тым болмаса сен ақыл айтпашы. Хотя бы ты не давай советы.
Сен оны тым қатты еркелетіп жібердің. Ты его сильно избаловал.
Бұл әңгімені қайта қозғамайық. Больше не будем возвращаться к этому разговору.
Сенің тез арада үйге келгенің жөн. Тебе немедленно нужно приехать домой.
Жауап берме. Не отвечай.
Менің жауап беруім керек. Мне нужно ответить.
Жауап берсеңші енді. Ну, ответь же.
Сіздер ерте келдіңіздер ғой. Вы что-то рано приехали.
Ондай ештеңе істемеген жоқпын. Ничего такого я не делал.
44-03
Біз алғашында сенген жоқпыз. Мы вначале не поверили.
Мен соншалықты арсыз емеспін. Я не такой бессовестный.
Саған қараудан жалықпаймын. Никак не могу насмотреться на тебя.
Біз бір шешемін табамыз, тек асықпа. Мы найдём решение, только не спеши.
Ештеңе болмаған болар деп үміттенемін. Надеюсь, что ничего не случилось.
Бұл жолы кімнің жүрегін жаралайсың? На этот раз чьё сердце разобьёшь?
Бірдеңе білгің келе ме? Хочешь кое-что узнать?
Сенің орныңды ешкім толтыра алмады. Никто не смог занять твоё место.
Сөйлеп тұрғанда есінеме. Не зевай, когда говоришь.
Сені жібермес едім. Я бы не упустил тебя.
44-04
Бәрін кері қайтару мүмкін бе? Возможно ли всё вернуть назад?
Жүрегім тоқтап қалады. У меня сердце остановится.
Мен енді бұған төзе алмаймын. Я больше не выдержу этого.
Мен келе жатырмын. Я еду.
Жақсы, күтемін сені. Хорошо, я жду тебя.
Қалайша оның дәті барды? Как он мог?
Қырсықтанып шындықты айтқысы келмей тұр. Из-за упрямства не хочет говорить правду.
Қандай сақ едің! Какой же ты чуткий!
Сені қашан көре аламын? Когда я тебя смогу увидеть?
Мен кешке шыға алмаймын. Я не могу выходить по вечерам.
44-05
Жақсы, күндіз кездесейік. Хорошо, давай встретимся днём.
Неге мұңайып отырсың? Почему ты грустный?
Мені әлі де кешіре алмай жүрсің бе? Всё ещё не можешь простить меня?
Мен саған не дедім? Что я тебе говорил?
Сен оны тауып, орнына қоюың керек. Ты должен его найти и поставить на место.
Жақсылап жазасын беріңдер. Накажите его, как следует.
Шындықтың бетіне тура қарайық. Давай посмотрим правде в глаза.
Оны да дұшпаның еткің келе ме? Хочешь и его сделать врагом?
Мен ештеңеден секем алмастан, оған қанша жыл бойы сеніп келдім. Я сколько лет ему доверял, ничего не подозревая.
Адамдар қатты өзгерген. Люди сильно изменились.
44-06
Ақша адамға не істемейді дейсің. Ты посмотри, что деньги делают с людьми.
Оған бар шындықты айтуым керек. Я должен ему рассказать всю правду.
Мен мәжбүрледі демексің бе? Ты хочешь сказать, что это я заставил?
Бұл менің ісім деймін. Скажу, что это моих рук дело.
Бәрін теріске шығарасың. Ты будешь всё отрицать.
Біз дайынбыз, қазір шығамыз. Мы готовы, сейчас выходим.
Сабырым таусылды. Терпение моё кончилось.
Сізге сенуге болмайтынын білгенмін. Я знал, что Вам нельзя доверять.
Балалар үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Для детей мы сделаем всё, что в наших силах.
Жұрттың бәрінің қолында телефон бар. У всех людей есть телефон.
44-07
Сенің солай дейтініңді білгенмін. Я знал, что ты так скажешь.
Жақсы ұсыныс, ойланып көрейін. Хорошее предложение, я подумаю.
Біз бәрін орындаймыз. Мы всё исполним.
Мен сөзіңізді бөліп жіберген сияқтымын. Кешіріңіз. Я Вас перебил, кажется. Простите.
Сізбен сосын сөйлесеміз. С Вами мы потом поговорим.
Ол мұндайға ешқашан бармайды. Он никогда не пойдёт на такое.
Пікіріңді неге өзгерттің? Почему ты изменил своё мнение?
Бірнеше жыл бұрын. Несколько лет назад.
Мен ешкіммен бәсекелеспеймін. Я ни с кем не конкурирую.
Мен Сізді жібергім келмейді. Я не хочу Вас отпускать.
44-08
Менің шаруаларыма араласпа! Не вмешивайся в мои дела!
Үйде отыруды жалықтым. Мне надоело сидеть дома.
Сіздер ерлі-зайыпты болып па едіңіздер? Вы были женаты?
Таң қалып тұрсың ба? Ты удивлен?
Біз еркектер тұрақсыз жандармыз ғой. Мы же мужчины непостоянные создания.
Егер айтпасаңдар, атылып өлемін. Если вы не скажите, я застрелюсь.
Болды-болды, аржағын айтпай-ақ қой. Хватит, хватит, дальше можешь не говорить.
Бізге ешкім де, ештеңе де кедергі жасай алмайды. Нам никто и ничто не может помешать.
Сен өзің бәрін құрттың! Ты всё сам разрушил!
Сен “білмеймін”-ді қой. Прекращай говорить «не знаю».
44-09
Ешқандай әбестік көріп тұрған жоқпын. Я не вижу ничего неприличного.
Бәрі жақсы болады, бірақ біраз күте тұру керек. Всё будет хорошо, но нужно немного подождать.
Жайша сұрадыңыз ба? Вы просто спросили?
Ендеше неге ұялып тұрсың? Тогда почему стесняешься?
Өтірік айтатын адамға ұқсаймын ба? Я разве похож на человека, который обманывает?
Сонда не айтайын деп едің? И что ты хотел сказать?
Жаныңыз бос па? Рядом с Вами место свободно?
Қашан келіп қалдың? Ты когда приехал?
Сізден мұндайды күтпеп едім. Я этого от Вас не ожидал.
Сіз хабарласқанға дейін халім жақсы болған. До Вашего звонка у меня было всё хорошо.
44-10
Өтінемін, әлдеқандай болмаңызшы! Прошу, не важничайте, пожалуйста.
Сен күнде келіп жатқан жоқсың ғой. Ты же не каждый день приезжаешь.
Қорықпа. Менің бөтен ойым жоқ. Не бойся. У меня нет плохих намерений.
Қарашы, саған не әкелгенімді! Посмотри, что я тебе принёс!
Мен мұны баяғыдан білгенмін. Я это знал давно.
Біз неге ұрсысамыз? Почему мы ругаемся?
Қайда асығып бара жатырсың? Ты куда спешишь?
Үйге асығып тұрмын. Спешу домой.
Ол ештеңе дей алмады. Он ничего не смог сказать.
Мен ешкіммен жоспарымды бөліспеймін. Я со своими планами ни с кем не делюсь.
44-11
Сенің маған өкпелеп жүргеніңді білемін. Сенен кешірім сұраймын! Я знаю, что ты обижаешься на меня. Я прошу у тебя прощения!
Егер Сізді осы жағдай мазалап жүрсе айтайын: «Мен Сізді баяғыда кешіріп қойғанмын». Если Вас это беспокоит, то скажу: «Я Вас давно уже простил».
Егер басқа айтарыңыз жоқ болса, бұдан былай телефон соқпай-ақ қойыңыз. Если Вам другое сказать нечего, то больше не звоните.
Танымайтын адаммен неге сөйлесесің? Почему ты разговариваешь с незнакомыми людьми?
Бөтен адамның ойында не бар екенін сен қайдан білесің? Откуда ты знаешь, что на уме у чужого человека?
Біреу саған тиіссе, маған айт. Если кто-нибудь к тебе будет лезть, скажешь мне.
Сонда мен не істеуім керек? И что я должен буду делать?
Сенің талғамың білмеймін. Я не знаю твоего вкуса.
Талғамың жақсы екен. У тебя хороший вкус.
Сен оны қадірлемейсің. Ты его не уважаешь.
44-12
Сенің ұятың бар ма? У тебя совесть имеется?
Маған қатты ашулысың ба? Ты слишком злишься на меня?
Әрине, ашулымын. Конечно, злюсь.
Сен мені тастап кеттің де қалдың. Ты меня бросила.
Ол кіммен соншалықты ұзақ сөйлесіп жатыр? И с кем он так долго разговаривает?
Келетін болдың ба? Ты приедешь?
Ал сен ертеңге дейін күте алмайсың ба? А ты не можешь подождать до завтра?
Әрі-бері жүгірме. Терлейсің ғой. Не бегай туда-сюда. Вспотеешь.
Мен басқасын әкелейін. Бұл суып қалған шығар. Я принесу другое. Это уже остыло, наверное.
Бәрің орындарыңнан тапжылмаңдар. Қозғалмаңдар. Всем оставаться на своих местах. Не двигаться.
44-13
Қане, жігіттер, құжаттарыңызды көрсетіңдер! Так, парни, покажите документы!
Өтіңдер, жылдам. Проходите, быстро.
Ішпесе болмас. Нельзя не выпить.
Сен кәмелет жасыңа толмағансың ғой. Ты же не достиг совершеннолетия.
Сенің ата-анаң қай жерде қыдыратыныңды біле ме? Твои родители знают, где ты находишься?
Ал оған қалай кедергі жасамақсың? А как ты можешь помешать ему?
Ол бұған жол береді деп ойлайсың ба? Ты думаешь, что он допустит это?
Сен де осындасың ба? И ты здесь?
Сен осымен жүзінші рет сұрап жатырсың. Ты уже в сотый раз спрашиваешь.
Сенбесеңдер, өзінен сұраңдар. Если не верите, спросите у него сами.
44-14
Сен маған сыйлық алыпсың ғой. Ты же мне сделал подарок.
Бірақ, әуре болмай-ақ қоюың керек еді. Но не стоило беспокоиться.
Сен ода да зор құрметке лайықсың. Ты заслуживаешь большего.
Сен де айтасың-ау? Ну что ты?
Сен менің бүкіл өмірімді өзгерттің. Ты изменил всю мою жизнь.
Сен мені құтқарып қалдың. Ты спас меня.
Мен сен үшін бәріне де дайынмын. Я готова на всё ради тебя.
Не, жауап бермей ме? Что, не отвечает?
Бұл жолы басып тастады. На этот раз сбросил.
Мына қарқыныммен мен тұрмысқа шықпаймын. Такими темпами я замуж не выйду.
44-15
Мен қатал сабақ алдым. Я получила жестокий урок.
Енді біреу-міреуге сенім арта қоюым қиын. Теперь мне трудно кому-нибудь довериться.
Уақытты бекер жоғалтпайық. Не будем зря терять время.
Хабарласамын дейді. Говорит, что перезвонит.
Рөлде келе жатыр екен. Он за рулём.
Қандай шыдамсыз едің. Какая же ты нетерпеливая.
Маған кеше неге жауап бермедің? Почему ты вчера не ответил мне?
Ең болмағанда, демалыс күні үйде болсаңшы, балам. Побудь хотя бы в выходной дома, сынок.
Сені таңғы аста ғана көреміз. Мы видим тебя только во время завтрака.
Оның өзінде үзіп-жұлып бірдеңе жейсің де кетесің. И то поешь чего-нибудь немного и уходишь.
44-16
Біз жанымызға жыланды ұялатқан екенбіз. Мы, оказывается, пригрели змею на своей груди.
Адамға аяушылық танытсаң, осылай болады. Вот что бывает, когда жалеешь человека.
Тек сен енді маған шабуылдамашы. Только ты теперь не нападай на меня, пожалуйста.
Қателік жасағанымды өзім білмейді дейсің бе? Думаешь, будто я сам не знаю, что совершил ошибку?
Енді құтылып көр. Выкручивайся теперь.
Қателік жасасаң, сол қатеңді мойында. Если ты допустил ошибку, признай её.
Болды, мен тұтқаны қоямын. Всё, я кладу трубку.
Бірдеңе болып жатса, хабар бер. Сообщи мне, если что.
Ол білсе, маған тыныштық бермейді. Если он узнает, то не даст мне покоя.
Кімді кеңес етер едің? Кого бы ты посоветовал?
44-17
Аздап біртүрлі. Немного странно.
Ал сақтана бер. Ну, держись.
Достарыммен кездесемін. Встречаюсь с друзьями.
Ол не қылған достар? Что за друзья?
Сен көп қыдыратын болдың. Ты стал много гулять.
Бұл жерден кетейік. Пойдём отсюда.
Такси кіреберіс алдында күтіп тұр. Такси ждёт у подъезда.
Жиі жүздесе тұрамыз. Чаще будем видеться.
Мен жолдан біраз шаршадым. Я с дороги немного устал.
Баспалдақтан түсіп келе жатып, сүрініп кеткенім сол еді... Спускалась по лестнице, и видимо подскользнулась...
44-18
Қатты өкініп тұрмын. Мне очень жаль.
Мен тамақ алып келдім. Я принесла поесть.
Бұған қалай ақылым жетті екен? Как же я так умудрилась?
Өзіңді кінәлама. Не вини себя.
Не туралы ойладым екен? О чём я только думала?
Саған көмекші табуымыз керек. Нам надо найти тебе помощника.
Енді еш жерім ауырмайды, уайымдама. Больше нигде не болит, не волнуйся.
Басқа не деуім керек еді? А что мне нужно было сказать?
Біз солай келістік қой. Мы же так договорились.
Менің кесірімнен сен ыңғайсыз жағдайға қалдың ба? Ты из-за меня оказалась в неловком положении?
44-19
Маған қатты ренжіп қалған сияқты. Кажется, он сильно обиделся на меня.
Оған сәлем айтыңыздар. Передавайте ему привет.
Мен түні бойы кірпік ілмедім. Я за всю ночь глаз не сомкнула.
Сен бүгін бір жаққа барасың ба? Ты сегодня куда-нибудь поедешь?
Опасыздық жасамап па едің? А разве ты не совершал предательство?
Құжаттарды ұрлап алған сен емес пе едің? А разве не ты украл документы?
«Сүттен ақ, судан тазамын» деме. Не говори, что ты чист на руку.
Сені өз адамың сатып кетті. Тебя сдал твой человек.
Қуып жіберуім керек пе еді? Мне что их выгнать надо было?
Сен соны қалайсың ба? Ты этого хочешь?
44-20
Олар - біздің қонағымыз. Ал қонақтарды жақсы қарсы алу керек. Они наши гости. А гостей надо хорошо встречать.
Сеннен бірдеңе сұрайыншы? Можно спросить у тебя кое-что?
Төменге түсіп, ең болмағанда, амандас. Спустись вниз, поздоровайся хотя бы.
Қажетті емес. Ол міндетті емес. Не нужно. Он не обязан.
Бұрыс түсінбе. Не пойми неправильно.
Олар келетіндерін айтқан жоқ. Они не говорили, что приедут.
Оларды көргенде, өзім де таң қалдым. Я тоже была удивлена, когда их увидела.
Ол келісті ме? Он согласился?
Бірақ келіседі ғой. Әлде қалай? Но согласится же? Или как?
Олар бізді тығырыққа тіреді. Не істейміз? Они прижали нас. Что будем делать?

Корректор: Татьяна Валяева


© Татьяна Валяева,  2007–2024
 <<  Полезные фразы 43 Вернуться к началу Полезные фразы 45  >> 

Главная             Цвета текста на сайте             Телеграм-канал «Изучаем казахский...»             kaz-tili@yandex.kz             Гостевая книга